Қоғамды жүйелік-құрылымдық жағынан қайта жасақтау жағдайында кезек күттірмейтін мәселе – азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру, сонымен қатар заң шығару қызметін жаңғырту мен жетілдіруде құқықтың жаңашыл рөлін айқындау. Осы ретте Қазақстандағы қайта жасақтау, жалпыға ортақ әрі тиімді заң шығару қызметімен қамтамасыз еткенде ғана алға жылжуы мүмкін. Заң шығарушының қоғам алдындағы рөлі құқықты жүзеге асырушы нақты актілердің қызметімен немесе заң шығару қызметімен шектелмейді, сонымен қатар ең жоғары деңгейдегі қоғамға ықпал ету арқылы танылады. Құқықтық мәдениет, ол да мәдениеттің басқа салалары секілді ұдайы бағаланып отырады. Соның есебінен орташа және төмен деңгейдегі мәдениеттіліктен хабардар болып, жоғары мәдениеттілікті қалыптастырудағы заңның алар орнын айқындауға мүмкіндік туады. Әрине, бағалау салыстырмалы түрде болады. Әртүрлі адамдар, түрлі адамдар қауымдастығы, саяси партиялар, биліктегі азаматтар және оппозиция өкілдері де мемлекеттік-құқықтық шеңберде мәдениет жетістіктерін бағалай алады. Субъективтік, не болмаса объективтік жағынан алсақ та, мәдени тұрғыда құқықтық құбылыстарды түсіндіруде бірізділікке қол жеткізейік десек те, айтарлықтай кедергілер кездесіп жатады. Дейтұрғанмен, олар бағындыруға болатындай қиындықтар. Қазірдің өзінде тарих мәдениеттілік деңгейін анықтауда жалпыөркениеттілік критерийлерін ойлап тапты, соның негізінде құқықтық мәдениеттің басым бағыттарын анықтауға мүмкіндік туды, нақтылай түссек заң арқылы. Олардың қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
- Құқық және мәдениет сезімдерінің қалыптасуы.
- Логикалық-құқықтық ойлаудың жетістіктерін меңгеру.
- Заң шығаруды жетілдіру.
- Көлемді ұлғайту және заңға бағынушы тәртіптің сапасын жетілдіру.
- Билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу.
- Құқық ескерткіштерін және құқық қолдану тәжірибесін меңгеруді заң білімінің негізі ретінде қабылдау.
Қабылданған заң құқықтық мәдениеттің барлық құбылыстарына өзінше тиімді ықпал ете алады. Ол кейбір жолдармен жү-зеге асады. Біріншіден, құқықтық идеологияның көрінісі бола отырып, заң – құқық идеяларын қамтамасыз етуде, құқықтық тұрақтандыру мәселелерін шешуде жаңашыл, прогрессивті әдістердің қалыптасуына өзінше ықпалдастық танытуға қабілетті. Екіншіден, заң негізінде заңға бағынушы нормативтік актілер таратылады және де құқықтық мәдениеттің жеткілікті деңгейге жеткендігін куәландыратын құқықтық институттар қалыптасады. Үшіншіден, заң көмегімен және соның негізінде қалыптасқан заңға негізделген актілер арқылы аталмыш қоғамның жалпылама мәдени талаптарына жауап беретін құқықтық қарым-қатынас деңгейі анықталады. Төртіншіден, заң көмегімен, заң мәдениетін халыққа жеткізуге қабілетті ғана мекемелер қалыптасады немесе толтырылады. Осылайша, кез келген құқықтық мәдениеттің жағдайы осы немесе өзге де заң дәрежесіне тәуелді болады және оның тарапынан тура, жанама әсерлерді сезінеді. Таным көкжиегі қалыптасқан заң шығарушының құқықтық мәдениеті идеалдық тұрғыда қоғамның құқықтық мәдениетін туғызады. Бұл жерде баса атап өтерлік жайт, заңдар егер жүйелі болса, құқықты да, құқықтық мәдениеттің бір көрінісі ретінде толықтай қалыптастыра алады. Сол мезетте өзге де құқықпен уағдаласылған заңи құндылықтар бекітіледі. Заң шығарушының мекеменің тиімділігі – қызмет етуші заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің жиынтығында, құқықтың адамға, социумға қаншалықты құнды екендігін нақты ашып көрсетуінде. Құқық шығармашылығы шындығының критериі – қоғамның және адамның, бір-біріне жауапты мемлекеттің және азаматтың қызығушылықтарын барынша пайдалы және мықты тұрақтандырушы тиімді заң шығарушы мекеме болып табылады.
Заң шығарушымен қабылданатын актілердің сапасы және тиімділігі, бірінші кезекте, заң шығарушының кәсіптік құқықтық мәдениет деңгейімен және кәсіби санасымен анықталады. Егер заң шығарушының құқықтық мәдениет деңгейі төмен болса, Парламенттің статусын жетілдіруге бағытталған кез келген реформалар және өзге де институционалдық қайта құрулардың, тиімді заң шығармашылығы жағдайында ешқандай пайдасы болмай қалады. Осыны есепке ала отырып, кәсіптік сана – кәсіптік мәдениеттің элементі ретінде түсіндіріледі, ал оның мазмұнының негізін кәсіби-құқықтық, кәсіби-адамгершілік сана құрайды, ол бірлікте және өзара ықпалдастықта саяси, эстетикалық және өзге де қоғамдық сана салаларымен қызметті реттеп отырады.
Бірақ ашық айтатын бір нәрсе – қазақстандық заңдардың сапасы болашаққа үмітпен қарауға жетелейді. Жедел қабылданған заңдар болашақта түзетулерді қажет етуі мүмкін, ал өзгертулер мен толықтырулар, тәжірибенің өзі көрсетіп отырғандай, мемлекеттің заң шығару тетігіне келеңсіздіктер мен қолайсыздықтар әкеледі [1].
Академик С. Зимановтың пікірінше, «заң шығару қызметіндегі көптеген кедергілер, негізінен, заң жобаларының ашық қоғамдық талқылауға түспеуімен байланысты. Интеллектуалдардың қарым-қабілеті әлсіз. Негізгі тірегі жастар екендігін көрсеткісі келеді, ал ол жастардың не тәжірибесі, не жеткілікті білімі жоқ. Ал жекелегендерін есепке алмағанда өмірлік тәжірибесі мол ғалым-заңгерлер, экономистер, саясаттанушылар заң жобасан жасаудан шет қалып жатады [2].
Заң шығарушымен қабылданатын актілердің сапасы мен тиімділігі, бірінші кезекте заң шығарушының кәсіби санасының деңгейімен анықталады. Осыны есепке ала отырып, кәсіби сана– кәсіби мәдениеттің элементі ретінде түсіндіріледі, ал оның мазмұнының негізін кәсіби-құқықтық, кәсіби-адамгершілік сана құрайды, ол бірлікте және өзара ықпалдастықта саяси, эстетикалық және өзге де қоғамдық сана салаларымен қызметін реттеп отырады.
Заң шығарушының кәсіби-құқықтық санасының негізгі ерекшеліктері былайша көрініс табады: 1) оның құқықтық дайындығынан;
- тиімділігінен, ұйымдастырылу дәрежесінен, құбылыстардың өткірлігі мен тұрақты құқықтық қондырғылардан және өзге де арқаулы құндылықтардан; 3) кәсіби тұрғыда талқылауға болатындай заң шығарудың қажеттілігін танып-білуі қажеттілігінен, яғни құқықтық тұрақтандыруды жетілдіруге ұсыныстар енгізуінен.
Шындығына сайып келгенде, заң шығарушының кәсіби-құқықтық санасына, қарсы көзқарастар мен тұрақты бағамдауға болмайтын тенденциялар тән екендігін атап өткеніміз жөн. Заң шығарушының құқықтық мәдениетінің қоғамға әсерін екі аспектіде түсінгеніміз жөн. Алдымен, барша көпшіліктің назарында жүретін және барлық мемелекеттік органдар соған қарап бой түзейтіндей, заң шығарушы орган қызметінің процесі ретінде.
Екінші аспект заң шығарушының құқықтық мәдениетінің, құқық қолданушылық тәжірибеге, өздері арқылы қабылданатын заңдармен жанама әсер ету арқылы сипатталады [3].
Заң шығарушының құқықтық мәдениетін – құқықтық құндылықтарды игеру мен пайдалану-дың шарасы ретінде, деңгей және мінез арқылы танылатын құқықтық білім, бағалау, орнатулар, құнды ориентациялар, сонымен бірге құқықтық шеңбердегі әлеуметтік-белсенді тәртіп арқылы анықтауға болады.
Заң шығарушының құқықтық белсенділігі үш деңгейде танылады:
Бірінші деңгей – эвристикалық. Бұл жерде заң шығарушыны жаңа, барынша ішкі жетілген формадағы заңдарды жасауға әкелетіндей, объективті құқықтық көрсеткіштер негізінде өз қызметінің анализі жүреді.
Екінші деңгей – шығармашылық. Белсенді өте жоғары интеллектуалдық деңгеймен сипатталады. Бұнда табылған проблема эвристикалық– формальды болмайды, өзіндік жеке проблема болады. Сырттай ынталандырылмаған, мәселені өзінше қарастыру – интеллектуалдық белсенділіктің осы деңгейіне иелік етуші тұлғалардың сапалық ерекшеліктері. Интеллектуалдық белсенділік – құқықтық аяда ойлы және мотивациялық шеңберді біріктіреді және тұлғаның интегративті мінездемесі болып табылады.
Үшінші деңгей – бағалаушы (аксиологиялық) өз құрамына құқықтық құбылыстарды бағалауды, заңдарды, нормаларды және осы бағалаумен байланысты заң шығарушының құқықтық сезімдерін қосады.
Заң шығаруды жаңарту тек жаңа заңнамалық актілерді қабылдаумен шектелмейді, себебі олардың санының артуы, қоғамдық қатынастардың құқықтық тұрақтылық деңгейінің артқандығын білдірмейді. Бүгінгі таңда жаңа құқықтық концепцияда негізі қаланатын, заң шығаруды дамытатын мүлдем басқа концепция қажет. Жаңа құқық конценциясы өтпелі кезеңнің міндеттерін, рыноктық қатынастардың құрылуын қөрсете білуі тиіс. Сондықтан да заң шығарушының негізгі рөлі қажетті жағдайларды елеп-ескеріп, заман талабына сай өткір көзқарастар ұсынудан тұрады. Азаматтар әрқашан заңды және осы өзге де нормативтік құқықтық актілердің қоғамдық маңыздылығын түсіне бермейді, неге десеңіз соңғысы адамдардың имманентті құқық күтуіне сәйкес келмеуі мүмкін. Қоғам санасының заңдық ділі абсолютті дәл арифметикалық бағалауға оңайлықпен берілмейді. Құқықтанудың психолгиялық құрылымы идеологияға қарағанда аморфты. Сондықтан да заң шығарушы өз құқық шығармашылық ісінің қоғамдық-құқықтық зардаптарын толық көре алмайды. Ол шығарылған заңға әрқашан адамдардың қалай жауап қататынын біле бермейді: әлеуметтік өмір тым қиын, құқықтық шындық әртараптандырылған.
Бірақ бұл мемлекет шығарылған заңдар әлеуетінен келетін зардаптарды болжап білуге тиісті емес немесе болжап біле алмайды деген сөз емес. Құқық шығармашылық органының заң мәдениеті – оның заңды біліп, түсінуінен, интуитивті тануынан, құқықтық-ділдік, құқықтықпсихологиялық берік қоғамдық құқықтық сана түрлерінен тұрады. Аталмыш жағдаяттар құқық шығарушы үшін шартты түрде маңызды және оның заң шығарушылыққа қауқарлы немесе қауқарлы еместігін сипаттайды.
Міндетті түрде шешімін табуға тиіс кейбір мәселелерді атап өтейік. Бүгіндері актуальды саналатын, өз құрамына халықаралық құқықтың және халықаралық келісімшарттың жалпыға ортақ принциптерін қосқан, жаңа құқықтық жүйені құрылымдайтын процесті жаңғырту міндеті тұр. Заң шығару қызметін дамыту Конституцияның талаптарын жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. Көптеген уақыт бойы басты проблема ретінде Конститяция мен заң шығару шығару қызметінің арасындағы арақатынас танылып келді, соның есебінен Конституцияның нормалары заң шығару қызметінде кең көрініс таба алмады. Коституция талаптарының жүзеге асуы да, тура және жанама қызметтерімен қоса маңызды мәселе саналады және де заң шығару саласындағы конституциялық талаптардың басымдығы да өзекті болып табылады. Бірақ бүгіндері көбінесе құқықтық принциптер Конституцияның жоғарылығын, адам мен қоғам құқықтарының артықшылықтарын, көпшілік таныған халықаралық құқық нормаларын аталмыш заңнамада тұтастай, жүйелі, жеткілікті мөлшерде жүзеге асырып жатқан жоқ. Бұл заң шығарушылардың өздері Конституцияның жоғарылығын бұзып жатыр деген сөз. Заң шығару қызметінің концепциясы – қабылданған нормативтік құқықтық актілер мен оларды жүзеге асырудағы жүйесіздікті бағындыруға қабілетті болуы тиіс. Заң шығару қызметінің әрбір ішкі саласында, заң шығару қызметінің басқа салаларында, заңға және заңға бағынушы актілерде жүйелік байланыстарды бекіту бұрынғысынша актуальді саналады. Заңның жоғарылылығын формальдық тұрғыдан мойындау керек және оның шынайы әрекетсіздігі бағындырылуы тиіс.
Заң шығарушыға қойылатын ерекше талаптарға жоғары жалпы интеллектуалдық деңгей де, заң шығару қызметін жай ғана біліп қою емес және де басқа салалардағы жан-жақты білім де жатады.
Дамыған елдердің тәжірибесінде құқық шығармашылық процесінің құқықтық сараптама сияқты элементі қолданылады. Біздің тәжірибемізде ол өте сирек қездеседі. Заң жобасының және өзге де маңызды нормативтік құқықтық актілердің сараптамасын қамтамасыз ету үшін, бүгіндері заңның ғылыми-құқықтық жақтарына батыл қадамдар жасау қажет деген ойда қаламыз. Осы орайда ғылым және білім беру ісімен айналысатын заңгерлердің белсенді қызығушылығын туындатуымыз керек.
Заң шығарушының құқықтық мәдениет деңгейінің жоғары болуының тағы да бір маңызды талабы тиімділігі, сөйлеу қабілетінің жоғары болуы, құбылыстардың өткірлігі және құқықтық құрылымдары мен бағалы құндылықтарының тұрақты негізде бағытталуы болып табылады. Заң шығарушы максимальды деңгейде құқықтың тұрақты мүмкіндіктерін ескеру қажет, яғни өзі, қауқарсыз және басқа әлеуметтік нормалармен салыстырғанда тиімсіздеу болатын құқық саласының әрекеті мен шекараларын нақты көре білуі қажет. Заң – өміріміздің қай саласын болмасын қамтымасын тез айтыла салатын шешімдердің ордасы болмауы тиіс, бірақ өмірді терең зерделеудің, барлық бірбеткейлігімен және сыңаржақтығымен қоса алғанда қоғамдық пікірлердің нәтижесі ретінде танылуы қажет
Заң шығарушы күнделікті қоғамдық қатынастарды тек танып, біліп, ой елегінен өткізіп қоймай, оларды құқықтық нормаларда бекітуі тиіс, сонымен қатар тәртіп ережелері жүйесінің шындыққа сәйкестігін көре білуі қажет, құқық арнасына қимылдар мен адамдардың әрекеттерін енгізе отырып, өзіне тән қоғамдық қатынастарды бекітуге, нығайтуға, дамыту мен жетілдіруге сай болуы шарт.
Заң шығарушының құқықтық мәдениеті заңға ұқыпты қарауы арқылы танылады, соның ішінде конституциялық бағыттағы нормаларға. М.Т. Баймахановтың пікірінше, заң шығарушының рөлі қоғамдық қатынастардың жүйесіне ең басынан салынып қойылған іздеп табу, тану, дайындау және нормаларды қолданысқа енгізумен шектелмеуі тиіс. Бұндай пайымдаулар заң шығарушының тапсырмаларын жеңілдетілген түрде көрсетеді және негізінен гносеологиялық операцияларға міндеттейді. Әлеуметтік шындықтың көрінісі мен сипаты, соңғысының міндеттері тіптен есептен шығарылмайтын құқық білімінің алғашқы сатысы болып табылады. Оның артынша міндетті түрде мазмұны құқық нормаларының түрлерін қабылдайтын, қалыптасқан жағдайдағы әрекет әдістерін жасау болып табылатын келесі саты жүзеге асады [4].
Құқықтық нормалар – біз қарастырып отырған субъектінің интеллектуалдық қызметінің азығы болып табылатын ойлау түзілісі. Құқық әлеуметтік шындықтың көшірмесі немесе нормативті образы емес. Олардың ұқсастығы туралы, бір-бірін функционалдық, құрылымдық, кеңістік және уақыт жағынан толықтырып тұрғанда, үйлесімділігі табиғи, жасанда емес сипатта болғанда, олар өзара жеткілікті деңгейде байланысқанда ғана айтуға болады. Бірақ құқықтың әлеуметтік шындық болуы күманмен қарайтын жағдай. Соңғысының мінсіз жүзеге асуы құқық білімі процесінің алғашқы сатысында ғана орын алады [5].
М.Т. Баймахановтың әділ пайымдауынша, егер құқық шығармашылық субъектілерінде бірінші сатыда әлеуметтік шындық туралы дұрыс объективті көзқарас қалыптасса, соның негізінде тұрақтандырудың, басқарудың, әсер етудің міндеттерін тиімді шешуге жағдай жасайтын, адамдар тәртібінің оптимальді моделін қайта жасақтауға болады.
Құқық және қоғамдық қатынастардың механизмі қиын әрі әрқилы. Әлеуметтік субъектінің шығармашылық қызметінің сәті – барлық белгілерін қамтитын осы байланыстың маңызды компоненті [6].
Осылайша, құқықтық нормалар заңдарда жиынтықталған заң шығарушының құқық шығармашылығының қортындысы, қоғамдық өмірдің ішкі үйлесімділіксіз дамудың салдары да осындай, ал нәтижесі қоғамдық, таптық, топтық және жеке танымның қызметі болады. Қорыта келгенде, құқықтық нормалар – объективті құндылықтарды танудың негізінде өрістеген, әжептәуір жетілген және адамдардың тәртіп ережелерінің бірізді жүйесін қалыптастырған заң шығарушы санасының құқық шығармашылық ісінің үлкен жемісі [7].
Құқық шығармашылық саласында, заң шығару қызметінде құқыққа құрметпен қарау валюнтаризмді шектейтін, тиімді құқық нормаларын шығарудағы талаптардың бірі саналады. Құқық шығармашылық саласында құқыққа құрметпен қарау құқық нормаларының байланысын және қоғам өмірінің нақты нормаларын болжайды және де заң шығарушының заңды жеке адамның қызығушылықтарына, құқықтары мен бостандықтарына сәйкестендіруді, сонымен қатар әртүрлі таптар мен қоғамдық әлеуметтік топтардың қызығушылықтары тұрғысынан бағалауды болжайды. Ежелгі Римдіктердің өзі айтып кеткендей, заң – заң аясына тұжырымдалған қоғамдық қатынастардың көпшілік таныған нормалары. Құқыққа деген құрмет – отандық заң шығарушылардың шетелдіктермен тәжірибе алмасу кезінде танылуы тиіс. Аталмыш процес-ке шығармашылық тұрғыдан қарау арқылы, қазақтың қоғамын, ділін, салт-дәстүрін есепке ала отырып шетелдік тәжірибенің кейбір элементтерін қосуымыз қажет.
Заң шығарушының құқықтық мәдениеті жеке тұлғалардың, әртүрлі таптар мен қоғамдық әлеуметтік топтардың мүддесіне сәйкестігі тұрғысынан қабылданып жатқан заңдарды бағалауға негіз болады, ал бұл өз кезегінде сапалы құқықтық заңға жетуге мүмкіндік береді. Аталмыш қызығушылықтардың объективті есебі құқық шығармашылық ісінің кейбір мақсаттарын қанағаттандыруға бағытталған:
Біріншіден, жүзеге асыру механизмінің өзі көрсетіп отырғандай, заң қызметінің дерекнамасына мағыналық жағынан дұрыс қадам жасауға. Әрине, егер доминанттың қызығушылығы қалың көпшілік пен жекелеген тұлғалардың тәртібі болса, онда тұрақтандырылып отырған қатынастардың қатысушыларының қызығушылықтарын білдіретін заң ғана шынайы құқықтық мағынада қызмет етуші болып табылады. Ал бұл жағдаяттарға тыйым салу – жүзеге аспайтын заңдарды қабылдауға әкеп соқтырады;
Екіншіден, заңды құқықпен салыстыруға мүмкіндік туып келеді. Өзіне тән қызығушы-лықтардың жүйелі тепе-теңдігін білдіргенде ғана, заң құқықтық бола алады;
Үшіншіден, заң мен тұлғаның артықшылықтары, құндылылықтарын қоса алғанда арақатынасын анықтауға мүмкіндік туындауда. Сол арқылы заң шығаруға формальды-догматикалық жолмен баруға тыйым саланып отыр;
Төртіншіден, заң қызметінің зардаптарын ғылыми болжам арқылы дәлелдеуге жол ашылып, соның негізінде жоғарыда айтқандай өзіне тән қызығушылықтар дұрыс көрініс таппаған заң нормаларының теріс әсерінен қорғауға қабілетті тәжірибелік шаралар ұсынады;
Бесіншіден, заңның әлеуметтік белсенділігін бағалай отырып, қандай әлеуметтік топтар мен таптардың мүддесіне мемлекеттік биліктің қызмет ететіндігі, дәлме-дәл және қоғамның қалыптасқан құрылымына байланысты әртүрлі мүдделердің заңдарда қалайша көрініс табатындығы туралы хабардар болуға мүмкіндік аламыз [8].
Заңның тұлғалар мен әлеуметтік-этностық топтардың мүддесіне сәйкестігі туралы мәселені шешкенде, құрылымды, әлеуметтік құндылықтардың шындығын және осымен байланысты заң шығарудағы іріктеу, тиянақтау, механизмі негізінің қалануын анықтау маңызды.
Әдебиеттер
- Араб-Оглы Э.А. Единство в многообразии – принцип живого мира // Вопр. философии. – 1990. – № 8. – С. 17–18.
- Шпенглер О. Закат Европы. – М.,
- Хантингтон С. Столкновение цивилизаций? // Полис. – 1994. – № 1. – С.
- Григорьян Б.Т. Философия о сущности человека. – М., 1973. – С.
- Рейснер Л.И. «Цивилизация» и «формация» в обществах Восто-ка и Запада // Азия и Африка сегодня. – – №6.– С. 22-25.
- Барг М.Я. Цивилизационный подход к истории: дань коньюктуре или требование науки? // Цивилизации. – М.,– С.9.
- Алексеев С.С. Теория права. ─ М., 1996; Лившиц Р.З. Современная теория права. – М.,
- Алексеев С.С. Право: время новых подходов // Советское государство и право. – 1994. – № 2.