Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Райымжан Марсековтың саяси-­құқықтық көзқарастары

XX ғасырдың басы қазақ үшін өте ауыр кезең болды. Себебі қазақтың мемлекеттілігі, елдігі таразы басына түскен қилы заман XX ғасырдың басында саяси-құқықтық өмірде шынайы сезілгенін баршамыз жақсы білеміз. Елдік таразыға түскен осы бір заманда ел үшін жанын шүберекке түйіп, саяси аренаға шыққан талай ұлтжанды тұлғалар болған еді. Солардың қатарына Қазақстанның саяси-құқықтық тарихында ерекше орын алған Алаш партиясының қайраткерлері жатады. Алаш қайраткерлерінің ішіндегі шоқтығы биік тұлғаның бірі – Райымжан Марсеков десек, артық айтқандық емес. Осы уақытқа дейін Р. Марсековтың қоғамдық-саяси қызметі қазақ тарихындағы орны мен рөлі әлі де болса өзінің толыққанды бағасын алмай, ақтаңдық беттердің бірін құрап отырғандығы өкінішті. Біздің мақсатымыз – Р. Марсековтың саяси-құқықтық ойларының кейбір қырларын ашып көрсету.

Осы уақытқа дейін Р. Марсековтың туған және өмірден қайтқан жылы да ғылымда талас тудырып, әлі бір шешімін таппай отыр. Қазақстандық белгілі заңгер ғалым Н. Дулатбеков былай дейді: «Мұрағат деректеріне қарағанда, ол 1879 жылдың 7 тамызында Семей облысы Өскемен уезінің Айырбастау болысында дүниеге келген. Өскемен қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінде алғашқы білім алып, 1897 ж. Омбы классикалық гимназиясын сәтті аяқтап, 1897-1902 жылдары Санк-Петербург университетінің заң факультетінде жоғарғы білім алып, заңгер мамандығына ие болды» [1, 48 б.]. Ал кейінгі Райымжан Марсеков туралы жинақтардың бірінде оның өмірге келген уақыты туралы мынандай ой айтылады: «Райымжан Марсеков 1877 жылы бұрынғы Семей облысы Өскемен уезінің Айыртау болысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында) дәулетті отбасында дүниеге келді. Арғы атасы Сасықбай Терістаңбалы Найманның ішіндегі Семей, Өскемен өңіріне танымал шешен, ұшқыр ойлы, даналығымен белгілі болған адамдардың бірі екен» [2, 8 б.]. Сонымен қатар Р. Марсековтың қай жылдары, қай жерде қайтыс болғаны да әлі белгісіз. Кейбіреулердің айтуы бойынша, Р. Марсеков Қытай жерінде 1930-жылдардың аяғында қайтыс болған деп есептеледі. Бұл мәселе тарихшылар тарапынан арнайы зерттеуді қажет ететін жағдай болғандықтан біз Р. Марсековтың кейбір саяси-құқықтық ойларына көңіл бөліп кетсек дейміз.

Райымжан Марсеков сол кезеңдегі қазақтың саяси-құқықтық жанайқайы болған «Айқап»,«Шолпан» журналында көптеген өзінің ойларын жариялаған болатын. Р. Марсековтың саяси-құқықтық ойлары «Сайлаухан оның ақырғы залалы», «Қазақ билерінің тексерулері», «Қазақ қайтсе жерге ие болады», «Бас қосудың керектігі», «Мемлекеттік құрылыс туралы», «Мемлекет аралық заңдар туралы», «Жер мәселесі», «Қазақ қайда бара жатыр», «Ата қонысынан айырылған қазақ жайлы», «Керектің керегі – ғылым», «Заң жобасын дайындайтын комиссия», «Көпшілдер кесірі – шет мемлекеттердегі қозғалыс», т.б. еңбектерінде көрініс тапты.

Қазақ даласы Ресей құрамына өткен кезеңнен бастап, сайлау өткізуде әртүрлі қитұрқылықтар пайда бола бастады. Сайлауға қазаққа жаны ашитын білікті тұлғалар өтпей, патшаұлықтардың қамын жеген атқамінерлер өтіп отырған. Өзінің еңбегінде Р. Марсеков сайлаудың қитұрқы саясаттың құралы екендігін былай деп сипаттайды: «Қазақтың тұрмыс халдері мен араларындағы тәртіп адабары маған мағұлым болғаннан көбін мен ойлап байқадым – қазақтарға һешбір нәрселерден залал онша көп болмайды дәл сайлаудан болғандай» [2, 59 б.].

Райымжан Марсеков қазақ билерінің де патшалық Ресей тұсында әділдік жолынан айырылып, өзінің тек қана бас пайдасын ойлайтын «пышағы май үстінде қылпыңдаған» чиновник билерге айналғандарына қайран қалады. «Қазақ билерінің тексерулері» деген мақаласында былай дейді: «Қашан, кіммен билердің үйлеріне келіп кірген соң билер отырғызды, қарасам он би, жазушысы бар екен, отырған үйде ең төр төбесінде төбе би екен, оған жалғас құрметті билер, шет жайларында кейінгі әз құрметті билері отырысқан екен, баршаларының мойындарында би знактары бар. Шақыруына тұрдылар дауласқандар мен куәлары қайудардан жауап ала бастады. Бірақ мен қайран қалдым, топ басы би ісжөндерін көрсетпейінше жайына жатыр, қолына бір кітап ұстап, аударып тұрып би книгасы ма деп ойладым һәм жанындағы бір бимен сөйлесе түсіп бірнәрсе жөнінен, ғайри бір билері қымыз, қайбіреулері шәй ішісіп жатыр. Қайбіреулері қорылдап ұйықтап жатыр, топ басы бидің хакіміне жанында отырған бір би кірісті. Міне, осы билер билік қылса керек, әлбетте білмек мақыл-дүр, бұлар қалай не нәрсені себеп қылып бітім қылады, әлден кейін бұлардың көбісі тексеруге бітімге кіріспейді» [2, 75 б.].

Р. Марсековтың саяси-құқықтық ұстанымдар жүйесінде қазақ даласындағы жер дауы ерекше орын алды. Осы кезеңдегі қазақ даласына орыс мұжықтарының қоныс аударылуы және қазақтардың еркінен тыс жерлерінің тартып алынуы, қазақтарды шөлейт жерлерге, таулы аймақтарға күштеп ығыстыруы тек қана Р. Марсековты қана емес, бүкіл Алаш қайраткерлерін толғандырған болатын. «Қазақ қайтсе жерге ие болады» деген мақаласында қазақтар жерді алып қалу үшін мынандай шараларды жүзеге асыру жөн деп санады: «1. Бізге 30-40 үйге қала салуға рұқсат берілетұғын болсын. Біз мал өсіріп өскен халық бір күннің ішінде сол ата-бабамыздан күйлі жатқан шаруамызды тастауға мүмкіндік жоқ. 30-40 үйден қала салатын болса, бір жағынан мал шаруа, бір жағынан диқаншылық еткенді тастамай кәсіп қылуымызға болады.

  1. Бізге жер кесіліп, белгіленіп бергенде егіндікке, шабындыққа лайық жер де берілсін. Оның үстіне мал бағуға лайық жерден тағы берілсін. Мужикке лайықтаған өлшеу бізге лайық емес.
  2. Қазақ халқы, мүмкін, қазір бірыңғай болсын. Мұны айтатынымыз: мужиктан (хохол) қазақ жұртының момындығынан көрген қорлықтары көп, ол зорлықтарды маңайына хохолдар келіп орныққан ел айтпай-ақ біледі.
  3. Қала болған уақытта қазақты орыс волостарына қоспай, өз алдына қазаққа қандай низам шықса да бөлек болатұғын болсын, бір қала болса да» [2, 109 б.]. Шын мәнінде қазақ жерінің шұрайлы бөліктерінің барлығын орыстардың алып жатуы болашақта қазақ мемлекеттілігінің тұтастығына нұқсан келтіреді деп санады.

Р. Марсеков мемлекеттілік, мемлекеттік құрылым туралы да және заң жобасын әзірлеу мәселесі туралы да көптеген пікірлерін «Айқап» журналында жариялап отырды. Р. Марсеков сол кезеңде қазақ даласында жұмыс жасаған Ресей үкіметінің ережелерінің ел өміріне сәйкес келмейтіндігін, далалық низамдарды жетілдірудің жолдары туралы мынандай ұсыныстарын айтты:

«Бұл күнгі низамнамалардың хәммәсі – Петерборда қазақ жайынан һеш нәрсе білмейтіндердің заң қылып шығарған заңы. Низам сонда түзік болады: қай уақытта халықтың жайын білгендер шығарса, лайықсыз низам жайсыз жабық сияқты жұртқа түзулік тауып бермек былай тұрсын, машаһатқа қалдыратын болады. Бұл сахара низамнамасы дегеніміздің өзі неше тарауға тарайды:

Сайлау реті қалайша өзгерілуге керек, қалай айтса жақсы, жұртқа жайлы адамдар сайланар еді?

Билер қайтсе ғаділ билік айтатын болады. Бұл уақытта билер бірінші – хүкімет хақы алмайды. Қалайша күн көрмек керек, олай болған соң пұлға қызықпайтын адам табыла ма? Сондықтан билерге белгілі жалование қоюға лайық болмас па екен. Екінші – билерге жасаған жол, жоба жоқ. Ол болмаған соң биге де көп нәрсе қараңғы, даугерлерге де белгісіз бір құйрықсыз «қазақ ғұрпы» дегеніміз бар. Би не айтса да «қазақ ғұрпы» деп айтады. Ол ғұрып қайда? Оның барлығын-жоқтығын бидің өзі қайдан біледі, неден біледі? Ешбір халықта билер жазылған заңмен болмаса билік айтпайды. Біздің қазақ халқында белгілі жол низам керек бола ма, керек болса оны кім жасау керек, қалайша жасау керек?

Ол билердің өзі қандай кісіден сайлану керек? Өзіне артылған істерді өзі басқара алатын, оқыған кісілерден бола ма? Бұл билерді кім бекітіп, кім үстінен қарап, кім түсіретін болсын?

Медресе ашу һәм науқасханалар ашу, егін, мал шаруасы сияқтыларды ұлғайтып, халыққа жол бастап көмек беру кімде болу керек? Яки земство керек пе?

Өз арамыздағы болған мекемелерде би болсын, земство болсын жазылған сөз яки берілген арыздар қай тілде болу керек? [2, 117-118 бб.]. Р. Марсековтың саяси-құқықтық ойында мемлекеттік басқару нысаны да тыс қалған жоқ. Мемлекеттік құрылыс туралы еңбегінде Р. Марсеков қазіргі тілмен айтатын болсақ, монархиялық басқаруды, республикалық басқаруды және бас-қарудың демократиялық жолы туралы да пікірін былай деп қорытады: «Патшалықтардың кейбіреулерінде барлық әмір бір кісінің қолында болғаны бар, патша менен халыққа ортақ болғандары да бар; Енді бір тағфасында әмір барлығынша халықтың өз қолында болады» [2, 125 б.]. Р. Марсеков он тоғызыншы ғасырдың басында республиканың құқықтық табиғаты туралы терең ой толғай білді. Бұл дегеніміз Р. Марсековтың құқықтық білімінің жоғарылығын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар оның білікті заңгер ғалым екендігін де танытады.

Республика туралы былай дейді: «Бұрын (44-нөмірде) айтып едік: Мемлекеттердің арасында республика дейтіндері болады деп, оларда һәрбір төрт яки, жеті жылда сайлау болады. Бұл сайлауда мемлекет басы «президентті» сайлайды, ол хан дәрежесінде болады. Бұл респуликаларда бар жұмыс, бар билік мәжілісте (парламент) болады: министрлердің баршасы депутаттардың ішінен көп жағынан сайланып қойылады, «президент» пен бас министрдің ұйғарғандарынан. Министрлер сөздерін мәжілістің көп жағы жақтап тұрғанша ғана орында тұрады, қай сағатта сөзі алынбайтынға айналып, депутаттың көбі бұларға қарсы келсе, сол сағатта бұлар дәрежесінен тайып, орындарына басқалар қойылады» [2, 127-128 бб.].

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Дулатбеков Н. Алаш ардақтылары: Санк-Петербург іздері. – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2013. – 240 б.
  2. Марсеков Р. Қазақ қайда бара жатыр? – Алматы: Издательство «Центр Азии», 2014. – 368 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.