Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Құқықтық сауаттылық

Құқықтық мемлекеттің теориясы заңның үстемдігі мен оның әлеуметтік өмірді реттеуші ретінде тануға негізделеді. Бұл рөл заңға жай ғана құрметтен гөрі маңыздырақ және жанжақты. Адамдардың заңға қатысты қатынасы қандай болса да, соңғысы олар үшін кез келген істің бастауы болып табылады. Бұл заңның түрлі құқықтық қатынастардың барлығына түрлі жағдайлар мен реттеу ережелерін қоятындықтан ғана емес, ол рұқсат береді және бермейді, осы арқылы «жалпы ойынның ережелерін» жасақтайды.

Әлеуметтену феноменін зерттеудің мақсаты индивид қоғамда қалай тұлға болып қалыптасатындығын зерттеу болып табылады. Әлеуметтену индивидтің қоғамға кіру қабілеті мен мүмкіндігін ғана анықтап қоймайды, сондай-ақ қоғамның тұтастығын, жаңару потенциалын, дамуын, сәйкесінше, күн көруін де қамтиды.

Психология, антропология және әлеуметтану – әлеуметтенуді зерттейтін үш пән болып табылады. Психологтар тұлға құрылымына немесе субъект идентификациясына баса назар аударады [1].

Антропологтар әлеуметтену феноменіне белгілі бір мәдениет қарайды, соңғысын бірдей құндылықтар жүйесін, «ойлау, сезіну, әрекет ету әдістерін», әрекет нормаларын қабылдайтын адамдар шоғыры деп біледі. Жаңа қоғамға берілген осы жалпы нормалар қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығын қамтамасыз етеді [2].

Әлеуметтанушылар да антропологтар сияқты әлеуметтенуге қоғам тұрғысынан қарайды. Әсіресе, әлеуметтендірудің агенттері ретінде рөл ойнайтын тұлғалар немесе институттардың нормалар транмиссиясы, әрекет моделі терминдерінде жақсырақ анықтайды. Олар да әлеуметтенуді субъекттерді әлеуметтік рөлдерге үйрететін немесе әлеуметтік дағдыларды қабылдауға қатысты терминдермен қарастырады [3].

Құқықтық әлеуметтену – күрделі процесс. Нормалар мен құқықтық жүйе институтын зерттеумен айналысатын кейбір заңгерлер, антропологтар оларды... Құқық қызмет пен әрекетті талап етілген қағидалармен бейбіттендірудің бір әдісі болып табылады [4].

Басқа заңгерлер құқық әрекеті билік тарапынан барлығына қаратылған бұйрық, талаппен анықталады дейді. Ешкімге заңға білместік желеуімен бағынбауға рұқсат берілмеген. Бірақ заңды білу әрбір адамға өз құқығын қорғауға мүмкіндік береді [5].

Императивті және диспозитивті құқықтық норманың екі аспекті қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптастыруда түрлі әсер етеді. Бірақ құқықтың түрлілігі сондай, бұл аспекттердің әсерімен өзгеріп кетпейді. Құқықтық мәдениетті зерттеу қылмыстық құқықтың репрессивті шараларына және әділет үлгісіне ғана қатысты емес, азаматтық құқық, міндеттер мен мүмкіндіктерге де қатысты болуы шарт.

Құқықтық мәдениеттің негізгі көрсеткіші құқықты білу болып табылады. Түрлі мемлекеттерде адамдардың құқыққа қатынасын зерттейтін түрлі зерттеулер жүргізіліп отырады. Осылайша, жетпісінші жылдары Кеңес одағы мен еуропа мемлекеттерінде құқықты білуге қатысты зерттеулер жүргізілді. Сонда поляк зерттеулері құқықты түсінуге қатысты [6], венгер зерттеулері [7] құқықты білу мен жеке тұлғалардың сотқа шағымдары туралы болған. Ал кеңестік ғалымдар өз сараптамасын индивидтің социалистік құқыққа құрметін арттыратын факторларын назарға алған.

Қазақстанда соңғы уақытта құқықтық сананың түрлі аспектілерін зерттеуге байланысты, құқықтық және адамгершілік сананың өзара әрекетін түсінуге қатысты көптеген еңбектер жариялануда [8].

Белгілі бір әлеуметтің құқықтық мәдениетін зерттеу үшін индивидтің құқықты, оның мотивтерін, мақсат, қалыптарын қабылдауын қарастыру керек. Мұнда маңызды рөл құқықтық білімге беріледі. Ақпараттану құқықтық жетілдіруді қамтамасыз ететін негізгі каналдардың бірі болып отыр. Жинақталған ақпаратты және құқықтық білімді құқықтық сенім мен ұстанымға айналдыру, құқыққа сай әрекет ету әдеттері, құқықтық білімге сай әрекет етуге дайындық, яки заңға сәйкес әрекет етудің негізі болып табылады. Өз құқығын қолдану, міндеттерін орындау, құқығы бұзылып жатқан жағдайда оны қорғай білу қабілеттеріне алғышарт болып табылады.

Қоғамдық қатынастардағы терең өзгерістер қоғам санасындағы, жекелей алғанда құқықтық санадағы өзгерістерге себеп болды.

Сауалнамаға қатысқандардың көп бөлігі үшін, олар үшін бүгінгі таңда негізгі құқықтар болып қауіпсіз өмір, денсаулықты сақтау және тегін медициналық көмек құқығы, адам ар-ож-данын сақтау құқығы, аналық пен дұрыс өмір үшін кіріс құқығы саналған. Жалпы алғанда, өмір сүрудің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін экономикалық құқықтар алға шыққан, ал қоғамды демократияландыруды қамтамасыз ететін құқықтарға аса мән берілмеген. Бұл құқықтар игілікті өмірдің физикалық тұсын қамтиды, алайда рухани тұсына да қатысы бар, дәл осы құқықтар бұзылып жатыр және бұзылудың қаупі төнуде.

Бүгінгі таңда қылмыс өсуде, Қазақстан халқының көп бөлігінің өмір сүру деңгейі төмен, құқық бұзушылық жиі орын алады, еңбекпен қамту мен дұрыс төлемақы кепілдігі жоқ. Өкінішке орай, әлі күнге дейін Қазақстанда заң адамдардың әрекетін қадағалайтын, олардың әрекеттерінің шегін анықтайтын, олардың заңды мүдделерін қорғайтын нақты қызмет етіп отырған құқықтық кеңістік орнаған жоқ. Қазір ақша, биліктік орын, туыстық қатынас және т.б. күші басымдырақ болып отыр. Адамның жоғарғы шені немесе жеке байланыстары заңның алдында көлбегейлеп жүруге мүмкіндік беретін жағдайлар қаншама. Шенеуніктердің заңсыздық пен парақорлықпен күресі аса нәтижелі емес. Осының барлығы адам құқығы мен бостандығының құнын көк тиын етеді. Құқықтық қорғау жүйесін бекіте түсу қажет. Құқықты қамтамасыз ету жүйесін біртіндеп халықаралық стандарттарға сәйкес ету қажет.

Қазақстандағы құқықтық жүйенің тиімсіз екендігін сауалнама сандары айтуда. Азаматтар өздерін заңмен қорғалған деп есептемейді. Сауалнамаға қатысқан әрбір 4-адам біздің елде құқықтар мүлдем сақталынбайды деп есептейді. 70% олар қашанда жүзеге асады деп есептемейді. Тек аз ғана бөлігі (4%) өздерін толықтай заңмен қорғалған деп есептейді. Тәуелсіздік жылдарында елдің өркениетті қызмет етуі үшін көптеген заңдар қабылданды, алайда оларды жүзеге асыру механизмі кешігуде, заңның алдында барлығы бірдей қағидасы сақталмауда.

Берілген зерттеулердің негізінде мына мәселені түсінуге болады, адамдардың құқықтық сауаттылығы мен олардың заңдарды білу қажеттілігі арасындағы белгілі бір тәуелділік. Күнделікті өмірде жиі тоғысқандықтан мазмұны көпшілікке жақсы белгілі заңдар бар және де мазмұны көпшілікке белгісіз заңдар да жоқ емес. Адамдар заңды неғұрлым нашар білсе, өздеріне кепіл етілген құқықтар мен мүмкіндіктер көлемін қолдана алмағандықтан қиын жағдайларда көмексіз қалады. Құқықтық сауаттылық деңгейі көтерілген сайын билік емес, заң қоғамды реттеуші күшке айналады.

Халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құқықтық ағарту қоғамның құқықтық мәдениеті мен санасын дамытуға мүмкіндік береді. Заңдар Конституциядағы мәселелерді түр-лі құқықтық реттеу салаларына қатысты нақтылайтын болғандықтан, бұл заңды құбылыс болып табылады. Конституция мен басқа да заңдардың адам құқығының кепілі ретіндегі эксперттік бағаның төмен болуы, құқыққа деген сенімнің жоқтығын көрсетеді. Конституция тиімділігін «орташа» деп тек әрбір төртінші адам, ал заңдарды мамандардың үштен бірі ғана бағалаған. Егер «төмен» және «ешқандай» бағаларын қосатын болсақ, екі жағдайда да 50% эксперт заңнаманың адам құқықтарын бұзуға байланысты күресті теріс бағалағандығын көреміз. Алынған мәліметтер қазақстандық қоғамда құқықтық еркіндік дәрежесінің төмендігін көрсетеді.

Құқық бұзушылықтың жоғарғы көрсеткіші құқықтық ригоризмнің жайылғандығын, көпшілік тұрғындардың қылмыспен күрес шараларының қаталдана түскендігін және өлім жазасының сақталғандығын қалайтындығын көрсеткен. Көптеген адамдар өз ортасындағы адамдардың құқықбұзушылық әрекеттерге немқұрайды қарайтындығы, жеке бастарының құқық талаптарына селқос қатынасы құқықтық бағыттардың тұрмыстық деңгейдегі сәйкессіздіктерін көрсетеді.

Алайда барлық жайтты тек құқықтық сананың төмендігімен түсіндіріп қана қоюға болмайды. Өйткені құқықтық сана психологиялық интеллектуалдық құбылыс ретінде нақты қолданыстағы заңнамалық норма мен категориялар негізінде қалыптасады. Егер бүгінгі таңда көптеген қазақстандықтар салық төлуден жалтарып отырса, оған заңнаманың үйлесімсіздігі, Салықтық кодекстің керағарлығы, салықтық салымның жоғарылығы себеп. Бұл мәліметтер симптомдық болып келеді, өйткені олар республикалық фискалдық және қаржылық жүйенің тиімсіздігін көрсетеді. Бұл мемлекет экономика саласында «ойын ережесін» қайта қарастыруы қажет екендігін көрсететін белгі болып табылады. Сондай-ақ салық салу мен несие беру заңнамалық негізін жетілдіру қажеттігіне нұсқауда. Халықтың құқықтық сана деңгейін көтеру үшін заңнамаларды жетілдіру қажет, көптеген әлеуметтік-экономикалық және моральдік-психологиялық сипаттағы кемшіліктерге нұсқау қажет.

Бүгінгі таңда биліктің барлық тармақтарын жергіліктіден жоғарғы құрылымдарын «ашық» ететін уақыт жетті. Ашықтық тек қоғамдық бақылау мен тәуелсіз баспаны қалыптастыру арқылы ғана жүзеге асады. Либералды, адам құ-қықтарын құрметтейтін саяси жүйе іскерлік сын практикасын, ақпаратпен еркін аламасуды кеңейтіп, бекітуі тиіс.

Қазақстанда құқықтық мемлекеттің орнауы мен азаматтық қоғамға кедергі көптеген факторлар бар, олардың ішінде ең маңыздысы оның азаматтарының консервативті санасы болып келеді. Көптеген сауалнамалық зерттеулер көрсеткендей, Қазақстанның аға буынының өкілдері азаматтық қоғам құндылықтары мен құқықтық мемлекет құру және сәйкесінше жоғарғы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға оң көзқараста еместігін көрсетіп отыр.

Адамдардың санасының деңгейі әрекет белсенділігі, жеке меншік, азаматтық қоғам, кәсіпкерлік, таңдау еркіндігі секілді нарықтық жүйе атрибуттары, өмірге қанағаттанушылық, бүгінгіні бағалау, ертеңге үміт секілді әлеуметтік көңіл күй көріністері арқылы анықталды.

Практика барлық мемлекеттер үшін шиеленістерді шешетін әдісті таба алған жоқ, сірә таба да алмас. Бірақ қалай болғанда да теңдік, еркіндік, әділеттілік, адамгершілік қағидаларына негізделетін жалпы адамзаттық құндылық нормаларын басшылыққа алатын механизм ең маңыздысы болуы қажет.

Адамдардың менталитеті экономика секілді тез өзгеріске түсе алмайды. Көптеген тұрғындар нарықтық қатынастарға дайын емес, өйткені бұған дейін олар қатаң деңгейдегі бақылау астында болған. Нарыққа өтіп, азамат мемлекет қарамағынан босанып еркіндікке шықты, бірақ оның бойы өзіне ғана арқа сүйеуі тиіс бұл еркіндікке әлі үйренбеген еді. Нарықтық жүйе индивидуализм, жаңа ой, кәсіпке жақын болуды талап етеді әрі әлеуметтік және меншіктік таптық бөлініске әкеледі. Ол жалпы санада әділетсіздік ретінде қабылданады.

Бүгінгі таңда адам еркін, бірақ заңсыз жолдармен табыс табуға кірісу арқылы қоғам үшін қауіпті болуы да мүмкін. Жалпы алғанда халық нарықтық өзгерістерге қарсы емес, алайда оның жемісін аз бір топ қана көріп отырғандығы қынжылтады. Мысалы, жекешелендіру, жерге жеке меншік орнату, барлық өндірістік жеке тұлғалардың қолына, шетелдіктерге өткізу, акциялаудың жабық формасы, банктік жеңілдікті несиелер беру мәселелері бойынша біркелкі пікір жоқ. Шенеуніктердің парақорлығы мен қылмыстың өсуі де халықтың наразылығын арттыруда. Көпшіліктің пікірі бойынша мемлекет қылмыстық топтарға қарсы қауқарсыз болып отыр.

Өкінішке орай, заңда көрініс алған еркіндік идеясы қаншама онжылдықтар өтсе де, көпте-ген қазақстандықтар үшін қорқытушы фактор болып отыр. Тоталитарлық күшті жүйенің астында өмір сүріп үйреніп қалған адамдар үшін, еркіндік далада қалған адамның күйімен бірдей болып отыр. Еркіндіктің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатын өзіндік дербес шешім қабылдау мәселесі олар үшін қорқынышты факт болып отыр. Сондықтан да олар үшін экономика мен сауданы бақылау олар үшін қалыпты жағдай болып табылады.

Қоғамдық санада орын алып жатқан құбылыстарды теориялық тұрғыда ой елегінен өткізу, қоғамның құқықтық мәдениеті мен оған әсер етуші факторлардың динамикасын анықтауға мүмкіндік береді. А.В. Оболонский деген орыс ғалымы ресейліктерге тән сана сипаттарын анықтап, консервативтік сананың мынадай түрлерін көрсеткен [9]:

  • түрлі көрініс тапқан антитұлғалық әлеуметтік қалып: әлеуметтік әділдік желеуіндегі «теңестіру», адамның жеке пікірі есепке алынбайтын, өз еркінен тыс бір ортақ іске тартылатын «ұжымдық сияқты» сана. Ортадан бөлінгендерге тәрк ету орын алады;
  • әлеуметтік-мемлекеттік кешеннің толық қанды болмауы, өзгерістерден қорқу. Ол сананың түрлі деңгейінде, түрлі әлеуметтік ортада пайда болып, екі фактордың қиылысу нүктесінде пайда болады: мемлекеттік жүйенің кесірлігін, нашарлығын, перпективсіздігін түсіну және өзінің осы жүйеге байлаулы екендігін білу, сәйкесінше, оны өзгертуге деген құлшыныс мінсіз болмаса да, қалыптасқан үйреншікті тұрмыс жүйесін қирату, яғни өзіне қауіп туғызу дегенге саяды. Бұл кешен тек игілікті жағдайдағы ортада ғана емес, өзгеріс оң нәтиже беретін ортада да қалыптасқан, алайда оған тәуекел жетіспеуде. Бай-қуатты болмаса да, артық тер төкпестен өмір сүруге мүмкіндік беретін мемлекеттік қамқорлық әлі күнге дейін көптеген тұрғындар үшін тартымды болып табылуда;
  • тұлға әрекетінің реттегіш тетігі болып табылатын адамгершілік құндылықтарының жетіспеуі. Посттоталитарлық жүйеде бұрынғы дәстүрлі құндылықтардың маңызы жоқ;
  • биліктің квазиэтатизмі және фетишизмі. Ондағы ой барлық қоғамдық құрылысты ұстап тұрған күш саяси мемлекеттік билік дегенге саяды. Заңның адам құқықтыры мен оның заңды мүдделерін қорғайтынына сенбеу, билік иелерінен шыққан әрбір нұсқауға кіршіксіз сезім басты атрибуттары болып келеді;
  • моральдық қақпан мен өзін өзі ақтау. Тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымы, әлеумет-тік жауапкершілігінің дамығандығы, ұсынысты әрекеті осының барлығы өзгерістерді жеңіске жеткізетін алғышарттар. Жауапкершіліктен қашу, «кішкентай адам» психологиясы, сана мен әрекет конформизмі өзгерістердің ең маңызды тежеуіштері болып келеді. Алайда көбінесе ол сананың қорғанғыш механизмдері арқылы көрініс табады: ол биліктен шыққанның барлыға сенімнің болуы; екілік және үштік мораль; өзінің игілігіне қатыссыз барлық нәрсеге немқұрайдылық; «қалтадан құлақ көрсету», бұл А.В. Оболонскидің пікірінше, арды «анестезиялап», өзінің игілігін қауіп астына қоймайды.

Біздің пікірімізше, қоғамдық санадағы бұл сипаттамалар Қазақстан азаматтары үшін қатысты болып келеді, сондай-ақ азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет және құқықтық мәдениеттің дамуына кедергі болуда.

Аталған негативті факторлардың қауіптілігі олардың жеке дара емес, біріге көрініс беруінде болып отыр. Ол құқықтық мәденитеке кесірін тигізіп, тіпті қоғамның жаңаруына, шынайы адам құқығы мен еркіндігінің көрініс табуына мүмкіндік бермей отыр.

Қоғамда әлеуметтік кернеудің қалыптасуына әсер етіп отырған негізгі әлеуметтік психологиялық фактор, эканомиканың дамуы бойынша жарияланған курс, азаматтық қоғамның қалыптасуы және құқықтық мемлекетті құру мен берілген курсты жүзеге асыру болып отыр. Ресми мемлекеттік идеологияның бірден өзгертілуі әлеуметтік «шокқа» себеп болды. Аға және ортаңғы буын үшін бұл «өмірдің мәнін» жоғалту, құндылықтардың бағытын өзгертумен көрініс тапты. Қоғам өзіне берілген құқық пен еркіндікті дұрыс бағалауға дайын болмай шықты.

Бұрынғы құндылықтар жоғалып, жаңа баламалары орнына келіп жатқанда өтпелі кезең дағдарыс орын алды. Ал ол кезең аномия мен бейберкеттілікпен ұштасты. Ол әлеуметтік және басқа да сипаттамаларға байланысты «бейберекет тұлғаның» активті не пассивті қалыбын қалыптастырды. Біріншісі әлеуметтік өзін өзі жоюдың түрлі формалары (өз-өзіне ену, әлеуметтік тереңге шому, т.б.); екіншісі ашуланшақтық, агрессивтілік, әлеуметтік, адамгершілік, заңдық құндылықтарды аяқасты етсе де, мақсатқа жету. Бұл да болса елдегі қылмыстың артуының бір себебі болып келеді.

Адамдардың құқыққа қатынасын қарастырып көрелік. Бұл жерде заңға қатысты екіліктің бар екендігін атап өтелік. Жүргізіліп отырған реформаларға қарамастан заңның беделі өте төмен. Алайда сыртқы көріністе кеңестік заманнан қалған заңды алдауға болмайтын қалып сақталған. Бүгінде мұндай қатынас жергілікті басқару органдары тарапынан күшеюде. Жекешелендіру жемісін қолында билігі барлар көруде, ал мемлекет зейнетақы, әлеуметтік көмектер, айлықты уақытылы төлей алмауда.

Көпшілік жағдайларда көпшілік заңды бұзу әбестік емес деп санайды. Тіпті заңды сақтауға қатысты жағымсыз жағдай қалыптасқан. Тіпті, ақылды адам заң оған кедергі етіп жатса, оны айналып өтудің жолын қашан да табады. Көпшілік жағдайда көпшілік заңды бұзбай өмір сүру мүмкін еместігін айтады. Көпшілік заңның қалыптасқан жағдай талаптарына жауап бере алмайтындығын, сондықтан да оған жүгінудің қажеті жоқ екендігін айтады. Заң басқа да жазылмаған заңдар бар ортада үлкен маңызға ие емес. Заңды бұзбастан өз құқығың мен мүддеңді қорғай алмайсың деген пікірлер де бар.

Көп жағдайда адамдар мемлекеттік құрылымдармен байланысқысы келмейді, құқық қорғау органдарына сенбейді. Көпшілік құқығы бұзылып жатса да құқық қорғау органдарына жүгінбейді, себебі олардың шын мәнінде, қайтарымсыз көмек көрсететіндігіне, құқығын қорғайтындығына нанбайды. Сенімсіз мемлекеттік биліктен аластауға әкеледі. Осыдан көптеген адамдар полицияға барудың, салықты төлеудің қажеттілігін сезінбейді.

Қазақстандық қоғамның азаматтық қоғамға жетуіне әлі біраз бар секілді, себебі оның негізгі сипаты мемлекеттің барлына және жекелей заң негізінде қызмет көрсетуі болып табылады.

Нарықтық экономика, демократиялық қоғам, құқықтық мемлекетке өту барысында кез келген заңдық акция, мейлі ол заңнамалық ұсыныс, мейлі үкіметтік қаулы, түрлі әлеуметтік бірлестіктер мен институттар гуманистік экспертизадан өтуі тиіс. Ол бүгінгі және келешек ұрпақтың, адам мен адамзаттың игілігіне қай-шы келмейтіндігіне көз жеткізілу қажет. Ол ішкі дүниенің жаршысы, рухани норматив секілді болып келгені абзал.

Мемлекеттің тиімділігі және адамның оған деген сенімі өзара байланысты тамырлар секілді. Олардың негізінде нақты құндылық ретінде өзара сыйластық жатыр. Оны қалыптастыруда жетекші рөл мемлекетке тиесілі. Мемлекет тиімді болған сайын, оның шенеуніктердің адалдығы мен тәртіптілігін ынталандыруға мүмкіндігі де көп. Шенеунік өз атына кір келмеуін ойлаған сайын, оның мемлекетке деген қатынысы мына қалыпқа сай келеді: мемлекет мүддесі бірінші орында, өз мүддесі екінші орында.

ҚР бастан кешіріп жатқан бұл кезең тарихи тұрғыдан оның дамуының бір бөлігі ғана болып келеді. Сондықтан егемен елдің көтерер жауапкершілігі әлі көп. Өз азаматтарының әрекеттеу ережелерін жасақтайтын немесе өзгертетін жария билік азаматтарды олардың өздері құрып, қуаттандырып отырған мемлекетке белгілі бір тәуелділігін орнатады. Билікке деген сенім қоғамдық пікірді есепке ала отырып анықталу керек. Тұрақты түрде қаладағы, ауыл, аудандағы тұрғындардан билік өкілдерінен кімді әділ және жауапкершілігі мол деп санайтындығы туралы анкеталар алынуы қажет. Осы сауалнамалар мемлекеттік жүйеде белгілі бір шенді алуда негізгі баға бола алады.

Сондай-ақ адамдардан кімнің заңды жиі белден басатынын да бағалауға беруге болады. Егер шенеунік осы тізімге ондаған мәрте түсіп жатса, оны жұмыстан шығару қажет. Бұл әдістердің барлығы ашық түрде жүруі тиіс.

Бүгінгі таңдағы Қазақстанның құқықтық жағдайы құқықтық сананың деңгейін көтеруге, азаматтардың құқықтық нигилизмін жоюға, қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптастыруға үндейді. Заң мен құқыққа деген құрмет әр адамның жеке ұстанымына айналуын талап етеді.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. О структуре личности Malrieu P. et al. La formation de ia personnalite in Traite de psychologie de lenfant, sous ia direction de H. Gratiot-Alphaandery et R. Zazzo. – : Presser Universitaaires de France, 1973. – V. 5; Об идентичности субъекта см.: Erikson E. Enfance et societe. – Neuchatel-Paris: Deiachaux Niestle, 1982.
  2. Курильски-Ожеван Ш., Арутюнян М.Ю., Здравомыслова О.М. Образы права в России и Франции. – М.: Аспект Пресс, 1996. ─ С. 6.
  3. Goslin D. (Ed) Handbook of socialization theory and research. – Chicago: Rand Mc Nally,
  4. Kantorowicz H. The Definition of – N.Y.: Octagon Books, 1980.
  5. Terre Sayag A. Connaissance et conscience du droit in Travaux du collogue de sociologie juridigue franco – sovietigue.
  6. , 1975, oct., Paris: Editions du Centre National de la Recherche Scientifigue, 1977.
  7. Podgorecki A. Legal Consciousness as a Research Problem, European Yearbook in Law and Sociology, 1977. KurczewskiPrawo w spoleczenstwie. – Warszawa. 1976.
  8. Kulcsar K. La connaissance du droit en Hongrie. Annee sociologique.
  9. Взаимодействие правового сознания с моралью и нравственностью в обществе переходного периода / М.Т. Баймаханов, Л.М. Вайсберг, А.У. Бейсенова, М.А. Ибрагимов, А.К. Котов. ─ Алматы: Жеты жаргы, 1995. – 85-128-бб.
  10. Айталиев А. Общегражданское общество: общие и региональные проблемы // Мысль. – 1999. – № 4. – С.
  11. Оболонский А.В. Права человека на пороге гражданского общества и консервативный синдром как главное препятствие их реализации // В кн. Права человека и политическое реформирование. – М., 1997. – С.
  12. Смирнов В.П. Указ. раб. – С. 229–230.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.