Эвтаназия мәселесі бүгінгі таңда әлі де шешімін таппаған медициналық-деонтологиялық, діни-этикалық және заң жағынан даулы мәселелердің бірі болып отыр. Осыған байланысты заңгерлер, философтар, әлеуметтанушылар, дәрігерлер, саясаттанушылар және дінтанушылар арасында дау мәселесі ұлғаюда. Біреулері өмір қадірлі және оған қол сұғылмауы тиіс дейді. Өмір мәнсіз, мағынасыз дүниеге айналмауы тиіс деп өзгелері қарсылық білдіруде. Бұл даудың негізгі себебі құқықтық тыйым салу мен рұқсат ету.
Эвтаназия мәселесі қоғамдық ғылым торабында тұр. Сондықтан да оны зерттеу кезінде жүйелік әдіс қажет. Эвтаназияны зерттеу мен ұғынудың мәні, осы құбылыстағы, қарама-қайшылықтарды шешу тәсілі ретінде ғана емес ең алдымен адамгершілік қатынастың ортақ жүйесінің бағынышты бөлігі болып табылатын дербес жүйелі құбылыс ретінде қарастыруымен қорытындыланады. Алайда жүйелі көзқарас өздігінен мәселенің тікелей шешімін таппайды, бірақ жаңа мәселені туындататын тәсіл бола алады.
«Эвтаназия» термині құрамдас, яғни грек тілінің екі сөзінен құралғандығы белгілі: сын есім «ev» – яғни «мейірімді, әдемі, айбынды, мәртебелі» және «thanatos» сөзі – «өлім» деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді ғылыми айналымға XVI ғасырда ағылшын философы Ф. Бэкон «Ғылымның көбейтілуі және құндылығы туралы» шығармасында енгізген болатын.
Демек, эвтаназия деп қылмыстық-құқықтық мағынада жазылмайтынауруғашалдыққаннауқастыңөзөтінішібойыншанемесе науқастың қасіретіне шыдай алмаған жақын туыстарының өтініші бойынша медицина қызметкерінің қасақана өлтіруі деп түсіндіріледі.
Эвтаназия мәселесін қарастыра келе, біз екі қарама-қарсы үдеріске соқтығудамыз. Эвтаназияға тыйым салу немесе рұқсат беру туралы толықтай қорытынды жасауға болмайды. Мәселен Британдық философ Ф. Бэкон өз еңбегінде, «дәрігердің міндеті емдеу ғана емес сондай-ақ науқасты шыдай алмас тән азабынан арылту үшін оны өлтіру» деп көрсеткен [1]. Жан азабында өлуді ешкім қалай қоймас. Яғни, кейбір жағдайларда бәсең эвтаназия қарастырылуы мүмкін. Өмір сүру құқығы – әрбір адамның басты құқығы, ешкім де науқасты бұл құқықтан мәжбүрлеп айыра алмайды.
Осыған орай мынадай мысал келтіре кетсек. науқас адамға қамқорлық жасағысы келмеген туыстары науқасқа эвтаназия жасауды қалайды. Заң тұрғысынан алғанда, науқас шешім қабылдауғақабілетсізболсатуыстарыныңэвтаназиятуралы өтініш беруге құқығы бар. Алайда, адамды өмірден айырған үшін дәрігердің жауапкершілігі туралы мәселе ешкімді қызықтырмайды.
Эвтаназияның құлмыстық-құқықтық белгілері жүйесін бөліп шығаруда, жәбірленушінің өтініші бойынша жасалған қылмыстың – жаңа дербес қылмыс құрамын белгілеу туралы мәселе қоюда, ұсынылып отырған құрам мен басқа да аралас қылмыс құрамы арасын соның ішінде, Қазақстан Республикасы ҚК 99-бабында жауапкершілігі қарастырылған кісі өлтіруді ажыратуына ыңғай жасайтын, эвтаназияның осы ұғымында өз артықшылықтары бар.
Эвтаназия түрлерін жіктеу үшін негізгі критерийлер ретінде науқасты қасақана өлтіруге бағытталған әрекеттердің сипатын есепке алу қажет. Осыған байланысты, эвтаназия белсенді және бәсең түрде жүзеге асырылуы мүмкін.
Іс-әрекетті пассивті эвтаназияға жатқызатын критерийлер:
- медицина қызметкерінің немесе басқа тұлғаның әрекетсіздігі;
- науқасты қазаға ұшыратуы мүмкін, ем қонбайтын аурудың болуы;
- емдеу тәсілі мен шараларының жалғасуы;
- арнайы медициналық аспапсыз қалыпты өмір кешудің мүмкін болмауы;
- науқаста адам төзгісіз жан азабының болуы;
- міндетті түрде эвтаназия туралы науқастың ерікті өтінішінің болуы.
Эвтаназияны қолдайтындардың пікірінше, эвтаназия жасау ережеге сәйкес науқас тарапынан ерікті түрде болып және дәрігердің тарапынан пассивті түрде болуы тиіс.
Ми ажалының қайтымсыз болуы жағдайында реанимацияны тоқтату эвтаназия болып табылмайды. Бұл жағдайда аспап адамның сыртқы өмірін ғана, яғни қан айналымы мен тыныс алуын ғана жүргізіп тұрады, ал шын мәнінде адам қаза болған, ол ауруды сезбейді, себебі оның өмір сүру көзі – миы өлген. Бұл «жеңіл өлім» түрі адам өлтіруге де, эвтаназияға да жатпайды.
Егер науқас аздаған уақытта өлімге соқтыратын ем қонбайтын аурумен ауырса, оған жасалған барлық терапия оның өмірін адам төзгісіз жағдайда тек аз уақытқа ғана соза алатын болса, оған эвтаназия қарастырылмайды,«қиналмай өлуіне жол береді».
Осылайша эвтаназия ұғымында осындай қарама-қайшы сипаттары бар. Алға қойылған мәселені шешу үшін заң шығарушы органдар эвтаназиямен байланысты даулы мәселелерді заң және ережелерге сай, регламентеуге міндетті. Биоэтика бойынша халықаралық конгрестер мен конференцияларда бұл тақырыптың өзекті болуы бекер емес.
Ажал үстіндегі науқасқа аяушылық таныту және адамның азап шегуі жағдайына байланысты жауаптылық пен жазаны жеңілдетуі бойынша едәуір маңыздылықты иеленеді. Осыған орай өлтірудің айрықша түрлерінің тізіміне аяушылық танытып өлтірудің құрамдас бөлігі болатын эвтаназия күйінде өлтіруді қосу негізді болады. Белгілі Ресейлік ғалым-криминолог С.В. Бородин осындай көзқарасты қолдаған [2].
Кінәлінің әрекетін қылмыстық-құқықтық саралау кезінде белсенді және бәсең (активті және пассивті) эвтаназия ерекшеліктерін есепке алу қажет. Белсенді эвтаназияны жүзеге асыру әрқашан қылмыс болып сараланады; ал бәсең эвтаназияға қатысты екі нұсқа болуы мүмкін:
- кінәлі тұлға науқастың өтініші бойынша өмірін демеп тұрған аспапты өшіруі нәтижесінде науқастың өліміне әкеп соқтырады;
- науқастың өзі өмірін демеп тұрған дәрілік заттарды қабылдаудан бас тартып, нәтижесінде өлімге әкеп соқтырады.
Бірінші нұсқа есі түзу кезде аппаратты өшіруді талап еткен толықтай сал болған (паралич) науқастарға қатысты (бұл міндетті шарт, кінәліге қатысты аяушылық жасап өлтіру туралы басқаша айтуға болмайды).
Біздің заңнамада науқастың не оның заңды өкілінің өтініші бар болуы міндетті емес, арнайы аспапты өшірген тұлға қылмыстық жазаға тартылады, тіпті олардың әрекеті белсенді эвтаназия болсада адам өлтіру болып танылады.
Бәсең эвтаназияның екінші нұсқасы науқас өмірін қуаттап тұрған аспаптарды қабылдау не қабылдамау туралы сұрақты өз бетінше шеше алатын жағдайға байланысты туындайды. Бәсең эвтаназияның бұл түрінде біреуді жауаптылыққа тарту жөнінде айтылмауы тиіс, науқастың өлімі медицина қызметкерінің әрекетінен емес, науқастың өз әрекетінен туындап отыр.
Қазақстанда эвтаназия төңірегінде заң шығарушылық жағдайы бұрынғы КСРО-ның басқа елдеріне ұқсас, себебі біздің еліміз «ең аз қарсыласу» жолын таңдауды жөн көрген. Бұл медицина қызметкерлері тарапынан бірқатар қиянат жасауын, мүдделі тұлғалардың медицина қызметкерлеріне пара беру немесе қысым жасау және басқада заңсыз әрекеттердің жүзеге асу мүмкіндігін болдырмауымен байланысты [3].
Заң тұрғысынан эвтаназия саналы түрде қазаға ұшырату деп танылады. Демек, қылмыстық заң бойынша эвтаназия адам өлтіру ретінде қарастырылады. Елімізде осы іс әрекетті жүзеге асыруға заң бойынша тиым салынған. Яғни, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы Кодекстің 141-бабы бойынша «Эвтаназияны жүзеге асыруға тыйым салынады» [4].
Жақын шет елдердің қылмыстық заңнамасын зерттеу келесідей айырмашылықтарды көруге мүмкіндік береді, қазіргі кезде он екі елдің тек екеуінің Қылмыстық кодексінде жәбірленушінің өтініші бойынша кісі өлтіруді жай қылмыстарға қарағанда жеңіл жаза қолданылатын өзіндік нормалары бар.
Тек қана Әзірбайжан Республикасы ҚК-де (135-бап) және Грузияның ҚК-де (110-бап) эвтаназия жасағаны үшін қылмыстық жазаға тартылу енгізілген. Қалған елдердің барлығында бұл әрекет не кісі өлтірушілік, не медициналық қызмет көрсетпеу болып қарастырылған. Эвтаназия туралы толығырақ атақты ресей криминологы О. Капинустың еңбегінде айтылған [5].
Г.Р. Рустемова диссертациялық жұмысында эвтаназия туралы өз пікірін көрсеткен: «адамның ақырғы еркін қалауы оның «қиналмай» өлуі болуы мүмкін «бәсең эвтаназияны» мойындау қажеттілігі дәлелденуде. Эвтаназияға кезкелген қабілетті адамның құқығы бар, бірақ ол оның міндеті емес. Эвтаназия – бұл дәрігердің, туыстарының, қандай да бір үшінші тұлғаның, мекеме мен ұйымның құқығы емес» [6].
«Комкон-2 Евразия» зерттеу бірлестігі осы мәселе бойынша қоғамдық пікір сауалнамасын жүргізген.
Респонденттердің көпшілігі (64,6%) эвтаназия қайғы-қасіретке ұшыраған ауру адамдардың соңғы үмітпен байланысты екенін көрсетті, сондай-ақ – 22,9%, бұл рұқсат етілген кісі өлтіру деген пікірді ұстанады. 12,6% жауап беруге қиналды. Респонденттердің жартысынан көбі (58,3%) эвтаназия өмірімен қоштасудың заңды жолы болуы тиіс деп есептейді. Сондайақ эвтаназия жөнінде шешім қабылдау мен жауапкершілікті науқас өзіне алу тиіс деп ой білдірді [7].
Бұл жерде басты мәселе, өмір сүруден бастарту туралы өздігінше шешім қабылдауға қабілетті емес, (комада жатқан, ақылесі толық емес, сондай-ақ қартайып алжыған және нәресте күйіндегі) науқастарға қатысты туындайды.
Олар үшін таңдауды біреу жасау керек. Осы жерде таңдауды кім жасайды деген сұрақ туындайды. Жақын туыстары ма, құзырлы органдар немесе медицина қызметкерлері ме? Алайда олардың шешімі дұрыс болуына кім кепіл. Бүгінгі таңда медицина қарқынды даму үстінде, жақында ғана емдік шарасы жоқ сырқаттардың емі табылуда. Осылайша науқастың өмір сүру жүйелерін ажырату арқылы біз оның ауруына қарсы дәрілердің шығуын күтуі мүмкіндігінен айырамыз.
Эвтаназияны қолдану жөніндегі түпкiлiктi шешiмді қабылдау үшiн, дәрігер науқастың жазылуы үмітсіз екенін анықтау қажат. Бірақ бұл жағдайларда дәрігерлер де қателесуі мүмкін.
Осы қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі болып науқас адамның өмірі танылады. Бұл қолсұғушылықтың салдары қайтымсыз сипатты иеленеді, яғни, науқас адам өмір сүруін тоқтатады.
Объективтікжағыәрекеттүріндекөрсетіледі. Алайда, жазылмайтын ауруға шалдыққан адамды өлтіру, науқастың өмірін ұзартуға бағытталған медициналық көмекті көрсетпей әрекетсіздік арқылы да жүзеге асуы мүмкін. Бұл қылмыс құрамы материалдық болып табылады, қатерлі ауруға шалдыққан науқастың қайтыс болуы, аяқталған қылмыстың міндетті белгісін құрайды.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі болып 16 жасқа толған есі дұрыс адам танылады. Ал арнайы субъектісі ретінде медицина қызметкерлері көрсетіледі.
Субъективтік жағы жазылмайтын сырқаты бар адамды қаза етуге бағытталған медицина немесе басқа тұлғалардың тiкелей ниетімен сипатталады.
Ниет пен мақсат субъективтік жағының міндетті белгілері болып табылады. Жазылмайтын аурумен ауырған науқасқа жанашырлық таныту сезімі ниетті құрайды. Ал мақсаты болып науқастың жан-азабын тоқтату танылады.
Қорытындылай айтқанда, заң шығарушыларға істейтін жұмыс көп. Біз эвтаназияны жүзеге асырудың қылмыстық жауапкершіліктері туралы арнайы мәселенің тек жартысын ғана қарастырдық. Хирургиялық және терапевтік жолмен аурудың алдын-алу және емдеу кейде медициналық қауіп төндіруі мүмкін, сондықтан өз ағза тіршілігін қамтамасыз ету үшін араласуына, жәбірленушінің келісімі қажет.
Мәселен, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы Кодекстің 141-бабында «Эвтана-зияны жүзеге асыруға тыйым салынады», ал Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде эвтаназияға қатысты мәселе қарастырылмаған.
Жазаланатын жауаптылықты белсенді эвтаназия ғана көздеуі тиіс, бәсен эвтаназия яғни, дәрігер ауыр халдегі науқастың өтініші бойынша оған көмектеспегені үшін жауаптылық қарастырылмайды.
Мемлекетімізге белгілі бір шамадағы жауапкершілікті көздеп, белсенді және бәсең эвтаназияны ажырататын, анық және жан-жақты заңнамалық реттеу қажет. Белсенді эвтаназияны заңдастырудың қажеті жоқ, бұл барлық халықта және мамандықтарда түрлі келіспеушіліктерге соқтырады, сондай-ақ «азапсыз өлім» деп аталатын бәсаң эвтаназияны заңдастырған жөн дейік, бұл жағдайда сырқат азабынан қиналған науқастың өтініші болуы тиіс. Мәселен, өзі өтініш беруге дәрменсіз науқас атынан туыстары өтініш берсе, алайда ауыр хал үстіндегі науқастын мүлкін алу мақсатында тіріс ниетті туыстарының болмауына кім кепіл. Осындай жағдайларға байланысты эвтаназия мәселесінің шешімін табу оңай болмауда.
Жағдайды өзгерту үшін мынадай ұсыныстар жасаймыз: біріншіден, Қазақстан Республикасының ҚК-не қазіргі кезде кең етек алған «Аяушылық жағдайында кісі өлтіру (эвтаназия)» бабын енгізу қажет, оның мәтіні шамамен мынадай болады:
«1. Аяушылық жағдайында адамды қазаға ұшыратуы, яғни, адам төзгісіз азап шегіп жатқан науқастың өтініші бойынша кісі өлтіру, – .... жазаланады.
- Нақ сол әрекетті медицина қызметкері жасаса, – ... жазаланады.
- Бірінші және екінші бөлімде көрсетілген әрекет екі немесе одан көп жәбірленушіге қатысты болса, – ... жазаланады».
Әдебиеттер
- Интернет журнал: История эвтаназии – Эвтаназия. Глава-ІІ. Этико-философскии дискурс: от Античности к Современности. Раздел – 4. Новое время и современный период. 2010.10.06.
- Бородин С.В. Уголовно-правовые проблемы эвтаназии // Современная юстиция. – – №9-10. – С.34; Он же. Преступления против жизни. – М., 2000. – С.52.
- Уголовное право РК / под ред. И.Ш. Борчашвили, С.М. Рахметова. – Алматы: Данекер, 2000. – 234с.
- Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы Кодексі 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV (10.07.2012 ж. өзгерістер және толықтырулармен) – Астана, 2012. – 141-бап.
- Капинус О.С. Эвтаназия как социально-правовое явление: монография /О.С. Капинус. – М.: Буквовед, – 400 c.
- Рустемова Г.Р. Проблемы совершенствования борьбы с преступлениями в сфере МОН. Дисс. д.ю.н. – Алматы, 2003. – С.148.
- Эвтаназия – зло или благо? /Социология/ Интернет-газета ЗОНАКЗ...https//zonakz. Net/articles/1064