Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ қоғамындағы әдет- ғұрып заңдарының әлеуметтік маңызы

Қазіргі айтылып та, жазылып та жүрген құқықтық мемлекет тек әділеттіліктің белгісі болып қана қоймай, сонымен бірге жеке тұлғаның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократиялық үлгідегі жаңаша мемлекет қалыптастыру. Міне, қоғамның алдында тұрған осы мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Сонымен құқықтық мемлекет туралы ойларды қорыта келіп, оның негізгі мазмұны – халықтың, адамдардың егемендігі, олардың табиғи бостандығы мен құқықтары үстемдік етуі керек. Ондай мемлекетті қалыптастырудың негізгі күші адам, қалың бұқара. Сондықтан құқықтық мемлекетке толығымен жету үшін, халықты қоғамның барлық саласын басқаруға қатыстыруы қажет. Ежелгі заманның тарихи деректері бүгінгі қазақ ұлтының арғы тегі сақ, үйсін, ғұн және қаңлы тайпалары екенін көрсетеді.

Жүргізілген ғылыми зерттеулер Қазақстандағы номадизм тарихы біздің дәуірімізге дейінгі VІІІ ғасырдан бастау алатынын дәлелдейді, осы кезеңде алғашқы этно-мәдени қауымдастықтар қалыптасып, олардың күн көрісі шаруашылық жүргізудің жаңа тәсілі көшпелі мал шаруашылығымен байланысты болды. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың: «Қазақ халқының тарихы, кейбіреулер айтып жүргендей, кешегі қазақ хандығы шаңырақ көтерген ХV ғасырдан басталмайды. Хандықтың құрылуы бір басқа, бүгінгі қазақ халқы – сонау есте жоқ ескі замандардан-ақ тұлпарларының тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түріктердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын ата жұртта сақтаған халық», – деуі орынды [1]. Бүгінгі археологиялық қазба жұмыстарының жәдігерлері, түрлі зерттеулер мен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының қол жеткізген жетістіктері қазақ халқының тарихы үш мың жылдық тұңғиықтан бастау алатынын дәлелдеді,бұлардан шығатын қорытынды заң мен демократия құндылықтары тек батыстық үлгіде ғана болады деген жаңсақ пікірден арылатын кез келді. Ежелгі қазақ даласында ру-тайпалар кезеңінен бастау алған әдет-ғұрып салт-дәстүрлері, Қазақ хандығының құрылуымен халықтың саяси мінез-құлқының, ұлттық психологиясының қалыптасу жолдарын уақыттың талай сындарынан өткерді. Қазақтардың тұтас ұлт, өзіндік ел халқы ретінде пайда болуы Шығыс Дешті Қыпшақтың кең-байтақ аумағындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық процестердің даму қорытындысы болды. Аралас экономика – көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшылық қалыптасқан өлкелердің табиғи интеграциясы негізінде XІV-XV ғасырларда тұтас экономикалық аудандардың құрылуы аймақтың бүкіл жерінің бір саяси құрылымға бірігуіне қолайлы жағдай туындатты. Аймақтың көшпелі және отырықшы халқының экономикалық, мәдени, қоғамдық-саяси байланыстарының нығаюы қазақ рулары мен тайпаларының этникалық жағынан бірігуіне, халықтың ұзаққа созылған қалыптасу процесінің іс жүзінде аяқталуына себепші болды. Өз кезеңінде Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы шеңберінде жергілікті этникалық негізде мемлекеттің даму тәжірибесі қалыптасып жатқан біртұтас халықтың саяси жағынан бірігуі қажет екенін түсінуіне жәрдемдесті [2].

Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары осы жағдайлар болды. Тарихшылардың деректеріне сүйенсек, қазақ мемлекеттілігі Ақ Орданың өзінде-ақ қалыптасқан. Ақ Орда мемлекетінде, Әбілқайыр хандығында, Ноғай Ордасы мен Моғолстанда мемлекеттік даму, шаруашылық, мәдениет саласында монғолдар жаулап алуының теріс саяси зардаптарын біртіндеп жоюмен қатар, XІV-XV ғасырларда қазақ халқының одан әрі бірігу, топтасу процесі жүріп жатты. Нәтижесінде, Әбілқайыр хандығынан көптеген көшпенділер, соның ішінде 200 мың адамнан тұратын қазақ руларының өкілдері Жәнібек пен Керей маңына жинала бастады. Сондықтан да, жалпы танылған және тарих ғылымындағы дәлелді деректерге сәйкес, қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектелуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары – Жәнібек пен Керейдің үлесіне тиді [3]. Жәнібек пен Керей ханнан кейін хандықта аса ықпалды екі саяси тұлға пайда болады: біріншісі – Керей ханның ұлы Бұрындық хан, екіншісі – Жәнібек ханның ұлы – Қасым хан. Осы екі саясаткердің бақталастығы нәтижесінде жігерлі Қасым сұлтан жеңіске жетіп, беделінен айырылған Бұрындық хан 1511 жылы маңайындағы бір топ адаммен Мәуераннахрға кетеді. Осылайша, XVІ ғасырдың екінші онжылдығында Қасым хан қазақтың кең-байтақ далалық жеріне өзінің билігін нығайтты. Хан билігі оның кезіндегідей ешбір хандықта берік болмаған, қазақ хандарының ешқайсысы Қасым хан сияқты өз билігіне халықты тұтас біріктір-меген, халқы бір миллионнан асқан. «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен белгілі заңдар жүйесінің жасалуы Қасым ханның есімімен байланысты. Қасым хан тұсында қолданыста болған құқықтық жүйе өзінің бастауын тарих тұңғиығынан алып, ауыз әдебиетінің көмегімен есте сақталған нақыл сөздер түрінде ұрпақтан ұрпаққа жеткен, дәстүр сабақтастығының жарқын көрінісі болып табылатын әдет-ғұрыпқа негізделді. Зерттеушілердің жалпы танылған пікірі бойынша «Қасым ханның қасқа жолы» туындауына алғышарт болған жағдайлар:

  1. Қасым ханның билігі тұсында Керей, Жәнібек және Бұрындық хандар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді.
  2. Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді.
  3. Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты.
  4. Ел халқының саны бірнеше есе өсті.
  5. Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып заңы толықтай жауап бере алмайтын еді.

Яғни қазақ халқын құрайтын түрлі ру-тайпалардың сан ғасырлық тұрмыс-тіршілігін реттеп келген әдет-ғұрып нормаларының «Қасым ханның қасқа жолы сияқты» бір жүйеге келтірілуі өз кезегінде бір орталыққа біріккен мемлекеттілік орнауының жемісі, нағыз саяси билік қызметінің нәтижесі деп айтуымызға толық негіз бар. Осылайша, қазақтардың әдет-ғұрып құқығының нормалары «жол» деген атпен тарихта мәңгі сақталып қалды.

З.Ж. Кенжалиевтің пайымдауынша, «жолдар» – көшпелі қоғамдағы орталық мемлекеттік биліктің жеке дара дербестенуінің бір көрінісі, оның қалыптасқан құқықтық мәдениеті жаугершілік, әскери заманға сай бейімдеп пайдалануға талпыныс жасаудың нышаны. «Жолдардың» пайда болуы мемлекеттік билікті, елді басқару ісін, қоғамдық қатынастарды реттеу мәселесін жаңа негізде –құқықтық-мәдени арнада және сатыда құруға батыл қадам жасағандығының айғағы [4].

Қазақтың әдет-ғұрып заңдары орта ғасырлардағы ислам дінін ұстанатын Араб, Шығыс және Орта Азияның елдеріндегі жаппай қолданыста болған шариғат заңдарынан мүлдем бөлек болды. Басқаша айтсақ, қазақ халқының әдетғұрыптық жолдары мен құқықтық жарғылары ерекше тарихи кезеңнің, әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістердің туындысы еді.

Ә. Марғұлан Қасым ханның ел басқару ісінде қолданған әдет-ғұрып заңдарының ерекшелікте-рін төмендегідей ашып көрсетеді. Біріншіден, өзінің мазмұны бойынша бұл заңның түбегейлі идеясы ежелгі әскери диктатура арнасына барып тіреледі. Екіншіден, мал шаруашылығымен айналысатын қазақ бұқарасына исламдық шариғат қағидаларын толық ұстану қиынға соғып, оған селсоқ қарап, ойыса қоймайды. Сондықтан шариғатты кіргіземін деген хандарға халық бұқарасы қатты наразылық білдіріп, кейде ол көтеріліске ұласып отырған. Бұл ерекшеліктерді жақсы білген Қасым хан, саяси жағдайдың шиеленіскен кезінде, халық бұқарасының, билер тобының, көптен бергі ойына қарсы тұрмай, қайта олармен бірігіп, шариғат заңын үгіттеген Бұхар ишан-қазыларының тіміскілеуін тойтарды. Сөйтіп, халықтың тілегіне жақын, әрі ерте заманнан оларға түсінікті ежелгі «Жарғы» заңын жаңадан күшейтті. Қазақ хандығының заңдары «жарғы» деп аталды. «Негізі орта ғасырларда қыпшақ, шағатай ұлыстарында қолданған ярғұ заңынан алынған. Қазақша «жарғы» әділдік деген ұғымды білдіреді. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудырмай, дәл, әділ айырудан шыққан [5]. Халық Қасым ханның шариғатты алмай, ежелден қалыптасқан билер заңы – Жарғыны жаңадан көтергенін қатты ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кетті. Бұл заңға енген ережелер:

  • мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері);
  • қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза); 3) әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, ердің құны);
  • елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынасында сыпайылық, әдептілік);
  • жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіңдегі ережелер, жасауыл, бөкеуіл, тұтқауылдардың міндеті).

Ереже заңдары өзгеріссіз XVІІ ғасырға жетіп, Есімнің кезінде (1598-1645) «Есім салған ескі жол» («Есім ханның ескі жолы») деп аталды [6].

Әрине, қазақы далалық демократияның құқықтық негізіне айналған «Жеті жарғы» дәл қазіргі кездегі Конституция сияқты жалпы мемлекеттік кешенді сипатта болған жоқ, ол өзінің дәуіріндегі көшпелі қоғамның жалпы және ерекше құрылысына толық сәйкес келетін құқықтық норма еді.

Әсіресе, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» қазақ хандығының саяси, әлеуметтік-экономикалық, идеологиялық қағидаларының конституциялық негізіне айналып, өзінің тәжірибелік икемділігі мен қолданыстағы өміршеңдігін көрсетті. Басқаларын айтпағанның өзінде, «Жеті жарғы» қазақтарда демократияның далалық үлгісі болды деген тұжырымды нақты дәлелдейді.

«Жеті жарғы» бір жағынан Қасым ханның «Қасқа жолы» мен Есім ханның «Ескі жолы» заңдарының замана талабына сай қайта толықтырылған, елеулі өзгерістер енгізіліп, дамытылған туындысы іспетті. Ал жаңадан қосылған екі тарау жесір дауы мен құн дауына қатысты болды. Бұл кезде Қазақ хандығының шығыс жағындағы жайылымдарды ойрат-жоңғар феодалдарының басып алуына байланысты жердің тарылуы, мал жайлылымдарына таласқан жанжалдардан адам өлімінің жиі болуы себепті жер дауын мүлік заңынан, құн дауын жалпы қылмыс заңынан бөліп алып, жеке-жеке тарау енгізуге тура келді [7]. Жаңа мемлекеттің құқықтық негізіне айналған

«Жеті жарғы» далалық демократияның рухына сай Ата заң болды. Бұл қазақ халқына тән дәстүр сабақтастығын басшылыққа алған, елдің саяси өмірі мен бұқара халықтың тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктеріне сай бейімделген салиқалы заңнама ғана емес, ел ынтымағы мен бірлігін көздейтін саяси идеологияның құқықтық негізі еді. Қазақ хандығы үшін зор маңызы бар осы тарихи құжаттың астына ұлттың барлық игі жақсылары топтасты, барша халық мойындап, бірауыздан басшылыққа алынды. Бұл тұрғыда «Жеті жарғыны» бүкіл ел болып мойындап, күнделікті өмірде кеңінен қолдануын демократияның алтын заңына айналған легитимділіктің жарқын көрінісі десек те болады.

С. Созақбаевтың зерттеуіне сүйенсек, «Жеті Жарғы» өзінің баптарында «қылмыс» деген ұғымды ешқандай мазмұнда түсіндіріп, мәнін ашып көрсетпейді. Негізінде «Жеті Жарғыда» мынандай қылмыстардың құрамдары беріледі: кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бүлік шығару, әйелдің ерінің көзіне шөп салуы, денеге, мүшеге зақым келтіру, әйелді зорлау, әйелді алып қашу, тәңірге тіл тигізу, христиан дініне өту, сияқты әрекеттерді жауапқа тартуды көздейді. «Жеті Жарғының» негізгі талаптарының бірі – жасаған қылмыстық әрекетіне сай жаза тарту, яғни талион принципі (қанға қан, жанға жан). Бірақ талион принципі «Жеті Жарғыда» бекітілгенімен, онша дамыған жоқ, керісінше жаза қолданудың негізгі формасы ретінде мүліктік композиция – құн төлеу қалыптасты [8].

Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы терең және оның өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Онда туындаған әдет-ғұрып нормалары ұлттық сана-сезімнің көрінісі әрі құқықтық мәдениеттің іргетасы. Қазақтарға ар-ождан қашанда қымбат, «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген сөзге бас иген. Қазақтың әдет-ғұрып нормалары адамгершілік қасиеттерге тұнып тұруы да сондықтан.

Сан ғасырлар бойына қазақ халқының қоғамдық өмірінде әділеттілікті сақтау мен құқықтық қатынастарды дамытуда, әдет-ғұрып нормаларының тағы бір артықшылығы, қолданылатын жазалардың тым қатал емес, яғни ізгіленгенінен айқын көрінеді. Сондықтан да болар, қазақ даласында түрме, абақты, бас бостандығынан айыру деген жазалау шаралары болмаған. Оның есесіне «қанға қан» ұстанымының орнына билердің ықпалымен құн төлеу институты кеңінен қолданылған. Құн төлеу негізінде кісі өлтіргені үшін немесе адамның дене мүшесіне жарақат түсірге-ні үшін белгілі бір мөлшерде моральдық-материалдық төлем ақы төлеу ұстанымы жатыр [9].

«Жеті Жарғыға» сай қазақ билері құқық бұзушыларға жаза белгілеуді жасаған қылмыстың ауырлығы мен қауіптілігіне байланысты жан жазасы, мал жазасы, ар жазасы деп белгілеген. Даулы істің қаралуы екі сатыға бөлінген: біріншісі, екі дауласқан жақ билердің істі қарауына дейін, өзара келісім дауды шешуге іс-әрекет жасайды.

Қазақ халқы үшін әділдіктің тең таразысы бола білген билер қоғам өмірінің саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әскери-дипломатиялық салаларына тығыз араласып, ел бірлігі мен ынтымағын нығайтуға үлестерін қосты. Бүгінгідей ғаламдану мен батыстық сарындағы арзанқол бұқаралық мәдениетке еліктеу заманында өзіміздің осындай асыл мұраларымызды жас ұрпаққа жеткізу, түсіндіру мен насихаттау күн тәртібінен түспейтін мәселе болып қала бермек.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Назарбаев Н. Бауырларымызға құшағымыз ашық (Дүние жүзі қазақтары құрылтайының 1992 жылы 1 қазандағы салтанатты мәжілісіндегі сөзі). Тәуелсіздігіміздің бес жылдығына арналған. – Алматы: Қазақстан, 1996. – 5 б.
  2. Жоламан Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы, ҚазМЗУ баспасы полиграфия орталығы, 1999. – 15 б.
  3. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2004. – 12 б.
  4. Кенжалиев Ж. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы көшпелі құқықтық мәдениеті. – Алматы: Жеті жарғы, 1998. – 76-82-б.
  5. Марғұлан Ә. Қасым ханның қасқа жолы. – Қазақ совет энциклопедиясы. 6 томдық. – Алматы: Мектеп, – 42 б.
  6. Қазақтың көне тарихы (Дайындаған М. Қани). – Алматы: Жалын, 1993. – 319 б.
  7. Қуандықов Б.Ж. Қасымның қасқа жолынан «Есімге дейін». Қазақтың ата заңдары. Т.4. – Алматы: Жеті жарғы,– 139 б.
  8. Созақбаев С. Тәуке хан. Жеті жарғы. – Алматы: Санат. – 125 б.
  9. Сапарғалиев Ғ. Мемлекет және құқық теориясы: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 55 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.