Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қауіпсіздік санаттың құқықтық ғылымдағы тұжырымдамалық қағидалары

Қазіргі әлемде орын алып отырған жағдайлар мен ішкі мемлекеттік жағдайлар Қазақстанның қауіпсіздік мәселелеріне басқаша қарауға міндеттейді. Ұлттық қауіпсіздік мәселелері сыртқы саясат, қорғаныс, саяси тұрақтылық сұрақтары, әлеуметтік экономикалық дағдарысты құбылыстар, экологиялық және техногенді апаттар, мемлекет ішіндегі және жақын шетелдегі әлеуметтік, демографиялық, этносаралық мәселелер, қылмыс деңгейінің өсуі, есірткі саудасының ұлғаюы сияқты жаңаша қауіп қатерлермен қиындай түсті деуге болады.

Осының нәтижесінде 2012 жылы 6 қаңтарда жаңа «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңы қабылданды [1].

2012 жылы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңында былай анықтама беріледі: «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi – адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің серпінді дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерінiң нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жайкүйi».

Президентіміз Н.Ә. Назарбаев сөйлеген сөздерінде ұлттық қауіпсіздік тақырыбына аса назар аударатындығын аңғарамыз. Мәселен, ««Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында президент Н.Ә.Назарбаев: «Бүгін барша ғалам жаңа қауіп-қатерлерге соқтығысып отыр. Әлемдік экономика соңғы ауқымды қаржы дағдарысынан әлі айыға алмай отыр. Қайта қалпына келтірушаралары өте баяу және сенімсіз қарқында жүріп жатыр, ал кей жерлерде әлі де құлдырауда. Ірі державалардың геосаясаттық дағдарыс пен санкциялық саясаты әлемдік экономиканың қалпына келуіне қосымша тежеуші алғы шарттар тудырып отыр. Өз тәжірибемді ескере отырып, алдымыздағы жылдары ауқымды қиыншылықтардың болатынын алдын ала байқап тұрмын. Бүкіл жер жүзінің сәулеті өзгеріске ұшырайды. Осы ауыр кезеңнен мойымай өту әрбір мемлекеттің қолынан келе қоймасы хақ. Бұл кезеңнен тек мықты мемлекеттер, айрандай ұйыған біртұтас елдер ғана өте алады. Қазақстан – әлемдік экономиканың бір бөлшегі, геосаясаттық шиеленіс ошағына жақын орналасқан мемлекет ретінде осы болып жат-қан жағдайлардың кері әсерін өз басынан өткізіп отыр» деп баса айтқан еді [2].

Ұлттық қауіпсіздік жалпы қауіпсіздіктен туындайды. Сондықтан қауіпсіздік санаттың манызың және түсінігін қарастыру қажет көрдік.

Көне заманда қауіпсіздік түсінігі қауіп пен жамандықтың төнбеуі сияқты әдеттегі шеңбер ауқымында қарастырылатын. «Қауіпсіздік» ұғымы бұндай күнделікті мағынада, мысалы, Платонның «Мемлекет» (б.з.д. 4 ғ.) және Аристотельдің «Афиналық саясат» (б.з.д. 384-322 ж.) сияқты антикалық философия ескерткіштерінде, саяси-құқықтық ойларда қолданыл ған болатын. Олар мемлекеттегі жағдай мен қауіпсіздік мәселелері арасында тікелей тәуелділіктің бар екендігін анықтады: мықты мемлекет – сенімді қауіпсіздік, әлсіз мемлекет – әлсіз қауіпсіздік.

Қауіпсіздік – адамның жаратылыспен берілетін құқығын қамтамасыз ететін қағида, осы орайда қоғамның дамуы әрбір жеке тұлғаның дамуына байланысты. Мемлекет құқықтар (бостандық, теңдік, меншік) мен заңдардың (бейбітшілік пен қауіпсіздік) кепілі болу үшін құрылған және ол осы құқықтарға қол сұқпауы керек, жаңағы айтылған табиғи құқықтарға сенімді кепіл болуы қажет. Табиғи құқықтар мен заңдардың басты қаупі артықшылықтардан туындайды, әсіресе мемлекет билігіндегілердің құзырет артықшылықтарынан болады. Қауіпсіздік сол билікті құрудан негізделеді, ал билік құқықтар мен заңдарды заңсыздықтар мен озбырлықтан қалқалап, сенімді кепіл болуы керек.

Қазіргі кезде қауіпсіздік мағынасы құқықтық ғылымда қалай түсіндірілгенін қарап көрейік.

«Мемлекеттік қауіпсіздік» термині ғылыми әдебиетте алғаш рет ХІХ ғасырда ескеріледі. Халықаралық қатынастар тарихында бейбітшілік пен соғыс мәселелерін шешуде 1899 жылы өткен І Гаага бейбітшілік конференциясы ерекше мәнге ие болды. Оның ерекшелігі сол – ол қарулану сайысын тыю жөніндегі халықаралық конференция ретінде саналды. Конференция бағдарламасының бірінші тармағында «белгілі мерзімге дейін бейбіт жағдайда құрлықтағы әскер мен теңіз әскери күштерінің санын қазіргі жағдайдан ары өсірмеу туралы халықаралық келісімді бекіту» қарастырылды. Осы мерзім шеңберінде әскери қаржы көлемін де осы деңгейде сақтап тұру жобаланған еді. Болашақта әскери күштер мен әскери бюджетті қысқарту мүмкіндігін талдау ұсынылды [3, 34].

Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция, Италия, Скандинавия мемлекеттері, Жапония және т.б. сияқты әлемнің 27 мемлекеті қатысқан 1899 жылғы Гаага әлемдік конференциясы көпжақты дипломатия негізінде өткен қарусыздандырудың алғашқы тәжірибесі болды. Конференцияға қатысушы елдердің соғысты тоқтатудың заңдық және материалдық кепілділігін құруда саяси еркіндіктің жетіспеушілігін танытқандығынан бұл шара өзінің ең бастапқы мақсатына жетпеді. Бұл кезеңде «қауіпсіздік» ұғымы өзінің мәні жағынан «империя қауіпсіздігі», «мемлекет қауіпсіздігі» деген ұғымдармен сай келді.

Қауіпсіздіктің жаңа тұжырымын қалыптастыруда Рим клубының алға тартқан, сондай-ақ Пальме, Брандт, Брундтланд комиссияларымен ұсынылған жаһандық даму концепциясы маңызды үлес болды. Швецияның бұрынғы премьер-министрі У. Пальменің бастамасымен құрылған қарусыздандыру мен қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тәуелсіз комиссия БҰҰ Жарғысымен бекітілген коллективтік қауіпсіздік жүйесінің тиісті дәрежеде тиімділігінің болмағандығын ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін Шығыс пен Батыстың әлеуметтіксаяси конфронтациясы БҰҰ Жарғысының БҰҰның ықпалды қарулы күштерін құру мен коллективтік қауіпсіздік органдарын (ең алдымен БҰҰ қауіпсіздік кеңесін) жекелеген мемлекеттер мен әлемдік қауымдастыққа әсер ете алатын нақты мүмкіндіктерді бергізетін шараларды қолдану қарастырылған 39-51-баптарын іске асыруға нақты тосқауыл болғандығымен деп түсіндірді. Осыған орай БҰҰ шеңберінде жекелеген мемлекеттер немесе мемлекеттер одақтастығының мүдделерінен ғана туындайтын халықаралық принциптер мен нормаларға жол бермеу туралы келісімге қол жеткізу қажеттілігі туындайды. Әр жеке мемлекеттің қауіпсіздігінің кепілі әлемдік жалпы қауіпсіздікті бекітуде жатыр.

Сонымен бірге барлық мемлекеттің бірдей заңи мүдделерін ескеру қажет: өзгенің қауіпсіздігі есебінен өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болмайды. Жалпыға бірдей қауіпсіздікті тудыру үшін әр мемлекет өзінің жеке бас қамынан аттап, жауапкершілік дәрежесін көтеруі қажет.

Қауіпсіздікті іске асырудың жаңа жолдарындағы халықаралық құқықтың рөлі:

а) халықаралық құқық бейбітшілікті сақтап қалуда пайдаланып келе жатқан механизмнің әрекет етуінің тиімділігін қамтамасыз ету, оның әлеуетін барынша пайдалану, халықаралық тәртіпті нығайту;

б) жаңа халықаралық-құқықтық нормаларды ойлап табу.

Бірінші мәселенің орындалуы құқықты қолданумен, екіншісі – халықаралық заң шығару процесімен байланысты. Себебі жалпыға ортақ қауіпсіздік тұжырымдамасы БҰҰ-ның Жарғысынан туындап отыр және соның қағидаларына негізделген, бұл тұжырымдаманың іске асуы ұйымның және оның институттарының (бірінші кезекте БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі мен Бас ассамблеясы) қаншалықты нәтижелі жұмыс істеп тұрғандығына байланысты болады [4-5].

Қазіргі таңда қауіпсіздікті тек мемлекеттің өмір сүруіне төнген қауіп-қатердің сыртқы көздерінен сақтаудың табиғи және моральдықсаяси мүмкіндігі деп тану жеткіліксіз, өйткені жалпы әлемдегі бейбітшілікті қолдай және нығайта отырып қана өз қауіпсіздігіне кепіл бола аласың.

Қауіпсіздік категориясы – ауқымды, ол барлық ғылымдардың қатыстырылуын талап етеді. В.И. Даль «Түсіндірме сөздігінде» қауіпсіздік дегеніміз – «қауіп-қатердің жоқтығы; сақталушылық, сенімділік» деп береді [6].

Қауіпсіздік идеясы үнемі төнетін қауіп-қатерлерге табиғи тойтарыс беруден қалыптасқан, ол тыныштықты көрсетеді: бұндай жағдайларда өмір сүру үшін күресу міндет немесе сол қатерді бейтараптандыру керек – жеңісті ұстап қалу немесе қарсы соққы беруге қабілетті болу немесе шынайы әлде ықтимал қарсыластың қандай да бір зиянкестік жасауға ықыласы да болмайтындай өте қуатты болу керек. Әрине бұл істің негізгі шешімі – жеткілікті дәрежеде күшті болу.

«Әдетте қауіпсіздік қоғамның ішкі жүйелерінің ажырамастығын білдірген жоқ, болашақта құрбан болудан сақтану, ең алдымен зорлық-зомбылықтың қанды формасының құрбаны болудың алдын алу шарасы дегенді білдірді. Осындай зомбылықтан туатын үрей оған қарсы қандай жолмен болса да, тіпті өз тарапынан алдын-ала зомбылық танытуға да баруы, тағы рухынан: санасынан, адамгершілігі мен парасатынан келген шектеулерге қарамастан, тойтарыс беруге дайындықты туындатады» [7].

Осылай, қауіпсіздік бүкіл адамзат қоғамының дамуында «қауіптің жоқтығы негізгі құндылық, субъект түрінде – қорқыныш қаупі, құндылыққа шынымен қауіп төндіруде» деген мағынаны білдірген [8].

Соңғы кездерде қауіпсіздік түсінігі кең көлемде қоғамды қорғау және жеке басы, мемлекетке қауіптен және қауіп төнуі деген анықтамаға ие болған. Бұл анықтама қауіпсіздік мағынасын «қорғалған» терминімен тарылтады, яғни шабуыл жасау іс-әрекеті фактісінен алшақтатады. Қорғау – біреуді қорғап қалу, бүркеп қалу, бір нәрсені жауып тұру немесе тағы сол сияқты. Сонымен бірге , қауіпсіздік функциясының басты  қасиеттері алдын-ала іс-әрекетті қауіпсіздікпен қамтамасыз ету: төмендету, әлсіздету және қауіпқатерлерді ескерту мен аластату жоғалып немесе түсіп қалады. Негізі қауіпсіздік – қорғану ғана емес, бұл қоғам, жеке тұлға, мемлекетте қауіптің жоқтығы.

Осы ғылыми түсініктерден қауіпсіздік формаларын (жүйелерін) табиғи, әлеуметтік, техникалық мінездегі процестер мен күшке қатынасы арқылы ажыратуға болады. Оларды геобиофизикалық, әлеуметтік және қоғамдық техникалық қауіпсіздік жүйесі сияқты анықтауға болады. Анықтаманы саралауда, оның әрбіреуі құбылыстың табиғи ұстанымын ашуға, қауіпсіздіктің біршама маңызды, негізгі элементтерін ажыратып көрсетіп беруге мүмкіндік береді:

  • қауіпсіздік әлеуеттік құрбандар, қауіпті нысанның жағдайы деп түсіндіріледі;
  • қауіпсіздік көбінде нысанның, құбылыстың жоюға мақсатталған әсерлердің нысанның сыртында немесе өзінде, құбылыс, процесте өз негізгі болмысы мен мінездемесін сақтап қалуда қарастырылады;
  • төзімділік, өзін-өзі басқару, тұтастық принципіне сүйене құрылған жүйенің құрылымы әрбір құрылымды қорғауы тиіс; себебі кез келген құрылымды талқандап жіберу жүйенің толығымен жойылуына әкеліп соқтырады;
  • қазіргі кезде жүйе үшін тікелей және толығымен айқын қауіп ретінде;
  • жүйенің қауіптен қорғану күйі, оның қауіпсіздік субъектісінің қабілетіне байланысты болуы; бір жағынан әлеуеттік және нақты қауіпті болжау, алдын алу іс-шараларын жүргізу;
  • қауіпсіздік жеке бастың өмір тіршілігінде, қоғам, мемлекеттің шешуші жағдайында кепілдік ретінде қарастырылады, олардың материалдық және рухани құндылықтарын сақтауға және көбеюіне мүмкіндік туғызады, қауіпті бастапқыда анықтау және оның нақты қауіпке айналмауына, бүлдіргі әрекеттерге қарсы күштердің болу қабілет мүмкіндіктері және оны нақты шеттету;
  • қауіпсіздік мүлдем қауіптің болмауы, материалдық пен рухани салада қауіптің болмауы. Барлық элементтер түсінігінде қауіп нақты қатердің белгілері болып табылады. Қауіп бұл мәнде мінездемелік мағынаға ие бола бастайды. Қауіпсіздіктің мазмұнын ашу мен тәсілдерді саралай келе, қауіп және күрес қауіпсіздіктің мәні болып келеді [9].

Қазақстандық оқымысты М. Лаумулиннің пікірінше, қауіпсіздік – жүйені бүлдіргі әрекеттерден шеттету, болдырмау, аластату, қауіпті барынша азайтуды білдіреді. Жүйенің ерекшелігіне сай динамикалық біртұтастық, тұрақтылық немесе динамикалық тепе-теңдік процесі болдыртпау, әлсірету, бүлдіргі әсерлердің алдын алу сияқты жолдармен іске асырылады [10].

Қауіпсіздік, сондай-ақ, кеңістікте әртүрлі алдымен геосаяси, нақты және қарсы шығу мен қауіпте қорғаныс жүйелерінің дамуы – әскери, сыртқы саяси, экономикалық, ақпараттық, экологиялық және басқа жүйелерде қорғаныс стратегиясын қолдану болып табылады.

Бұл «қабілет» түсінігі, бұл жағдайда, сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесіндегі жиынтық өлшемдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі стратегияны қамтиды.

Сөзсіз, қауіпсіздік бұл компоненттерінің арасындағы қарым-қатынас қауіпсіздігі күрделі жүйелердің қарым-қатынасы мен ішінара өзара әрекеттесуін қалыптастырады. Басқа да кез келген жүйелер сияқты, ол өзінің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету қабілетімен сипатталады және үздіксіз дамуымен, бірақ элементтер мен ішкі жүйелер өзгерісі бақыланады, яғни кейбір тұрақтылықтардың бұзылуынан жүйе дұрыс жұмыс істемейді. Бұл қабілет кез келген жүйелердің «тұрақтылық» түсінігімен сипатталады-яғни қарым-қатынас жауап әрекетін басқару сияқты, сол сияқты басқарылмалы жүйенің алдын ала біліп отырылады». Дәл осы жүйенің құрамын профессор О.А. Бельковтың қауіпсіздікті тұспалайды [11].

Содан кейін О. Бельков қауіпсіздікті былай тұжырымдайды «жағдай, даму тенденциясы және тіршілік әрекетінің социумдық жағдайы, оның құрылымы институттар мен белгілері, сонымен бірге анық дұрыс келісілген инновациямен қамтамасыз ететін объектілі түрде олардың сапалы сақталуы, инновация мен бостандықта, өзінің табиғилығына сай және оның қызмет еуімен анықталады» [11].

Ұлттық қауіпсіздік мәселесін зерттеуші профессор Д.К. Нұрпейісов мынадай шешімге келді: қауіпсіздік ішкі және сыртқы қауіптен қорғалу деңгейімен сипатталмайды, жүйенің тіршілік етуі дұрыс қызмет ету мен сол жүйенің қарқынды дамуымен (қоғам, мемлекетте тұратындар адамдар) сипатталады [12].

Мұндай тәсіл ғылыми және қазіргі заманауи принциптерге сәйкес ең дұрыс болып табылады. Қауіпсіздік пен тұрақтылық бір-бірімен ты-ғыз байланыста екенін жете айту кету керек. Қауіпсіздікті айқындайтын жүйе жағдайы оның субъектілерін қанағаттандыратын берілген параметрлерді ұстап тұру қабілетіне байланысты болады. Егер оларда мұндай мүмкіндіктер болмаса, онда қауіпсіздік туралы айтудың да қажеті жоқ. Қауіптің мына түрлері болуы мүмкін, мысалы, астероидтық, яғни белгілі бір орыны бар және адамзат баласы оған әлі қарсы әрекет ете алмайды, фантастардан басқа ғылыми мағынасын жоғалтпаған өлшемі бар сценарий мен ғажайыпты жасаушылар болуы мүмкін.

Әлеуметтік аясының өзгешелігін есепке ала отырып, жоғарыда көрсеткендей, экономикалық, саяси және тағы басқа тұрақтылықты қамтамасыз ететін мемлекет, ел, аймақ, континент, бүкіл әлем масштабын айыра білетінін айта кеткен жөн.

ХХ ғасыр экономикалық теңсіздік және нарық салаларынан жеке басының қауіпсіздігі түсінігі тарапына проблемалар алып келді. Қауіпсіздік басты идеялары ретінде байлықты бөлу кезіндегі ең жоғарғы әділдік, нарықта және т.б. жағдайларда бостандықта теріс қолданған мәселелеріндегі мемлекеттік бақылау деп қарастырылды [13].

Ресей қауіпсіздік проблемасын түсіну қызықты болып табылады. Ресей мемлекеттік қауіпсіздігі батыс еуропалық түсініктен айырмашылығы, тұлға мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды және мағыналы болып есептелген. Тек XIX ғасырда саяси және құқықтық идеясына «барлық қамауда, бүкіл қадағалау, барлық қамқорлық...» негізінде енді адам қауіпсіздігі және қоғам мемлекеттің қол астында болуы мүмкін емес екенін түсініп келеді [14].

Бұл идея либерализм теориясы шеңберінде, соның ішінде жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне жаңа тұжырымдамалық көзқарастарды қалыптастыру көрініс тапты. Либералдық доктринаның постулаттарының бірі, құқық және мемлекет, адам еркіндігінің принциптері, олардың құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалана алатын жағдайлар ауқымын қамтамасыз ету үшін жасалған бекіту болып табылады. Мемлекет және құқықтық іс-шаралар құқық пен байланыс тәуелділігін,оның табиғатын анықтау үшін басым құқығы бар. Мемлекет жеке тұлғаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге объективті белсенді рөлі танылғаны үшін, яғни мемлекеттік жеке тұлғаға оның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қатысты міндеттемелерді бүкіл диапазонына алды. Жеке тұлға мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасы жеке және қоғамның бір-біріне қатысты өз құқықтары мен міндеттерінің бірлігіне негізделген.Тек осыдан кейін ғана, тұрақтылыққа қол жеткізуге, проб-лемалар мен жанжалдарды жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің тепе-теңдігін сақтауға болады [15].

Жеке қауіпсіздік және қоғамның «қызығушылық» санаты бойынша XIX-XX ғ. барлық негізгі доктриналары қаралды. Еллинеканың ойынша, жеке адамның қызығушылығы мемлекетті әртүрлі жағдайға қояды: 1) енжар, жеке тұлғаның өзін танытудағы оның бастамасы мен шығармашылығын шектеу; 2) жағымсыз, мемлекеттің ісіне араласпау; 3) жағымды, мемлекеттің іс-әрекеті адамдардың қызығушылықтарына бағытталса, ал адамдар, өз кезегінде мемлекет ісінің өркендеуіне өз үлесін қосуы тиіс; 4) белсенді іс-әрекетжеке тұлғаның мемлекет атынан әрекет ету құқығының болуы [16].

Демек, жеке адам өзінің мемлекетке қатысты міндеттерін орындайды, не мемлекет ісіне араласпауға ерікті, не мемлекетке өз талаптарын қояды немесе мемлекет үшін қолдан келгенін істейді. Мемлекет жеке тұлға мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету кепілі болып саналады. Мемлекет әлеуметтік және өзге де функцияларды жүзеге асыру арқылы жеке адам мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мемлекет жеке тұлға қауіпсіздігін қамтамасыз ету субъектісі функциясын орындауда таптан тыс сипатта болды, ал заңның көмегімен қоғамның барлық таптарының мүдделерінің бірдей деңгейде сақталып қорғалды. Әлеуметтік және экономикалық саладағы мемлекет қызметін кеңейту басылмайды, керісінше, жеке адамның қауіпсіздік шекарасының кеңеюіне жағдай жасайды. Мемлекеттік билік ажыратылмаған, ежелгі адам құқықтарына араласуына шектеу қойылады және құқығы жоқ. Адамның табиғи құқықтары саясатқа дейінгі, адамға тән тіршілік иелері ретінде, әлеуметтік-саяси жүйе мүшелеріне емес деп қарастырады.

Қызығушылық (interest) – қажеттіліктер деген мағынаны білдіреді [17].

Азаматтық қоғам мен мемлекеттің мүдделері әрқашан және барлық жағдайда сәйкес келе бермейді: қоғам мемлекетке үнемі аса жоғары талап тар қоя бермейді, керісінше, мемлекет қоғамдық мүдделерді сақтау мен қорғауды кейде орындай алмайды. Бұл жағдайдың шиеленісіне, тіпті қоғам мен ұлттық қауіпсіздікті әлсіретіп мемлекет арасындағы қарсыластық, белгілі бір қарамақайшылықтарға әкеп соғуы мүмкін. Жеке тұлға және қоғам,тұлға және мемлекет, сондай-ақ, белгілі бір жағдайларда сол және басқа да деңгейдегі мүдделердің сәйкес келмеуі ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі әбден мүмкін. Сондықтан ұлттық қауіпсіздік деңгейін көтеру мәселелерінің бірі, барынша үйлесуі, жеке адам, мемлекет пен қоғамның мүдделерін толық үйлестіру үшін жағдай жасау болып табылады [18].

Сонымен қатар ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасы аясында жалпы мүдделер туралы емес, тек тіршілік ету социумын толық қамтамасыз ететін, нақтыланған қоғамдық мүдделерді қамту керек және оған қарсылық білдірмеуі тиіс.

Осылайша қауіпсіздік идеясы мемлекеттіліктің эволюциясында түрлі кезеңдерінде түрлі түсініктерге ие болды, оның әрбіреуі жеке тұлғаның қауіпсіздігі, қоғам қауіпсіздігі мен мемлекет қауіпсіздігімен ажыратылды.

Сонымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі дүние жүзінің ажырамас бір бөлігі болып, адамзат болмысы, қоғам, жеке тұлға, мемлекеттің эволюциялық дамуына лайық болып табылады. Мемлекеттегі дәстүрлі емес, қоғам және жеке тұлғаларда кездесетін ертеде және жаңа көптеген түрлі қауіптердің болуына байланысты ҚР-да қазіргі уақытта жағдайларға сай біршама өзекті.

Әлеуметтік-саяси қауіпсіздікті белгіленген тарихи кезеңдердегі қоғам, мемлекет, жеке тұлғаның мүдделерін ішкі және сыртқы қауіпқатерден қорғау сияқты деп түсінген дұрыс. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету облысы деңгейлік қызметінде ұлттық, өңірлік және жаһандық (жалпы, тегіс қамти алатын) қауіпсіздік деп ажыратылады. Олардың құрылымдық элементтері саяси, экономикалық, әлеуметтік, әскери, экологиялық, гуманитарлық, ақпараттық және басқа да қауіпсіздік түрлері болып табылады.

Мемлекеттің қауіпсіздігі өзгеріссіз басты негізгі және әлем дамуының алға жылжуында кез келген өзгерістерде сақталады. Сонымен бірге қауіпсіздіктің өзі қоғамдық қатынастар дамуына сәйкес жағдайында күрделі жүйе болып табылады және мемлекет, адам, қоғамның өмірлік маңызды мүдделерін ішкі және сыртқы қауіптен сақтау жағдайын анықтайды.

Адам болмысы қауіпсіздігі әрбір жеке адам және қоғам,мемлекет пен ұжым қауіпсіздігінің күші ақыл, тәжірбие, түйсік, материалдық құндылықтар іс әрекеттің мақсатталғанын талап етеді. Адамзат баласы өзінің қателіктері мен байқап көру арқылы тәжірибе жинақтау барысында дамиды. Оның жинақталу барысы өлшеміне сай жинақтау және жүйелеу қажеттілігі артады.

Әлеуметтік салада жеке тұлға, қоғам, мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етуде арнайы күш пен құралын жасау, ұйым мен ұжым, министр-ліктер мен ведомствалар қажетті деңгейдегі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тәсілдердің қызмет етуін талап етеді. Олардың қатарында қарулы күштер, ішкі әскери жасақ, басқа да әскери құрылымдар, полиция, салық және қаржы қызметкерлері, ТЖМ және басқа да органдар олардың әзірлеушілер мен пайдаланушылар ре-тінде әрекет етіп, барлық қауіпсіздік жүйесін мақсатталған басқарумен жүзеге асырады.

Құқық ғылымында қауіпсіздік санаты жүйенің (қоғам, мемлекетте тұрып жатқан адамдар) өзіндік дұрыс қызмет етуі мен алға жылжуының дамуына жағдай жасау деңгейі ретінде қарастырылады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. 2012 жылы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңы.
  2. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Казахстанская правда. 201411 қараша.
  3. Федосеев С.Г. Қазақстан Республикасындағы әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі саяси-құқықтың қырлары. Оқу құралы. – Көкшетау, 2007.
  4. Возжеников А.В. Основные концептуальные положение национальной безопасности России в ХХІ веке. – М.,
  5. Сарсенбаев М.А. Международное право. – Алматы, 2002.
  6. Даль В.И. Толковый словарь живого великорусского языка: в 4-х т. – М., 1978. – Т.1. – С. 67.
  7. Косолапов Н.А. Сила, насилие, безопасность: современная диалектика взаимосвязей ∕∕ Богатуров А.Д., Косолапов Н.А., Хрусталев М.А. Очерки теории и политического анализа междунородных отношений. – М., 2002. – С.
  8. Нижник Н.С. Национальная безопасность: концептуальние основания и феноменологическая характеристика // Междунородное сообщество и глобализация угроз безопасности: Материалы конференции. Ч.1. – Великий Новгород,
  9. Джунусов М.С. Суверенитет как социональный феномен. – М., 1994. – 120 с.
  10. Лаумулин М. Казахстан в современных международных отношениях: безопасность, геополитика, политология. – Алматы: КИСИ, 2000. – 480 с.
  11. Бельков О. Понятийно-категориальный аппарат концепции национальный безопасности // Безопасность. – 1994. –№3. – С. 91.
  12. Нурпеисов Д.К. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне сыртқы қатерлер // Ученые Записки Академии экономики и права. – 2003. – №5. – С. 40-46.
  13. Байкенжеев А.С. Конституционно-правовые основы обеспечения национальной безопасности в Республике Казахстан: автореф. дис… канд. юрид. наук. – Алматы, 2009. – 30 с.
  14. Проблемы законодательного обеспечения национальной безопасности Российской Федерации. – М., 2003. – С. 31.
  15. Васильев С. Новые подходы к понятию безопасности России // http: www.nasled.ru\pressa\obozrev
  16. Еллинек Г. Общее учение о государстве. – СПб., 2004. – Гл.12: Система публичного права. – С. 373-383.
  17. Философский энциклопедический словарь. – М., 1983. – С. 213.
  18. Жатқанбаева А.Е. Ақпараттық қауіпсіздік. – Алматы.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.