Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық іс жүргізудегі жеке басқа қол сұғылмаушылық қағидасының жүзеге асырылу кепілдіктері

Жеке бастың бостандығы адамзат прогресінің өлшеміндей қызмет ететін ең жоғары әлеуметтік құндылық пен принцип ретінде қарастырылуы тиіс» [1, 72].

Жеке адамның бостандығын шектеудің мәселесі ол қылмыстық сот өндірісінің қатысушысы болғанда және процессуалдық мәжбүрлеудің нормативтік ережелерімен көрсетілген шектеулердің әрекетіне душар болғанда көңіл аудартатын мәселеге айналады. Сондықтан дәл осы жерде заң шығарушы қылмыстық сот өндірісінің аясына түскен жеке адамға оның мәртебесі процессуалдық құқық нормаларымен шектелгеніне қарамастан «қажетті» және «мызғымайтын» бостандықтың берілуіне әсер ететін бірнеше нық кепілдіктерді қалыптастырады. Осылайша, мысалы ҚР-ның Конституциясында адамның жеке басына қол сұғылмаушылық, қамауды және ұстауды қолдану барысында, құқықтық кепілдіктермен қорғалады.

Осылайша, қылмыстық іс жүргізуде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында тұлғаның бостандығына қол сұқпаушылықтың 16-бапқа сәйкес конституциялық кепілдіктері болып:

  • заңда көрсетілген реттерде ғана және тек соттың санкциясымен (тұтқындауға және қамауда ұстауға) (16-бап 2-бөлік);
  • шағымдануға құқық (16-бап 2-бөлік);
  • 72 сағаттан аспайтын мерзімге ұстау (прокурордың санкциясынсыз) (16-бап 2-бөлік);
  • қорғаушыға құқық (ұсталған, қамауға алынған кезден бастап) (16-бап 3-бөлік) табылады [2].

Бұл кепілдіктер ҚР-ның ҚІЖК-нің 14-бабына сәйкес өзге де кепілдіктермен толықтырылады [3].

Бүгінгі күнде қылмыстық процесте тұлғаны, оның конституциялық және процессуалдық бостандықтарына қол сұқпаушылықты қорғау Қазақстан Республикасында конституциялық заңдылықты сақтау дәрежесіне көтерілген мемлекеттік қажеттілік мәселесі болып табылады.

Осыған байланысты Р.Т. Шуменованың «...қылмыстықпроцессуалдық құқықтың барлық жүйесі процессуалдық кепілдіктер ретінде жүреді...» [4, 119] деген пікірін келтіруге болады. Осы айтылғанға қатысты бұл жалпыланған категория деп айта кеткенді жөн көрдік, өйткені дағдылы процессуалдық әрекеттердің тәртібін анықтаушы нормалар да бар.

ҚР-ның Қылмыстық істер жүргізу кодексі жеке басына қол сұғылмаушылық принципке көтереді, негізгі бастамалардың әртүрлі жағын нақтылаушы және талдаушы ҚІЖК-нің басқа нормалары және басқа да нормативтік құқықтық актілер арқылы бұл принцип жүзеге асырылуы тиіс. ҚІЖК-де жеке басына қол сұғылмаушылықпринципінің жүзеге асырылуы, осылайша, ҚР-ның Конституциясымен кепілденеді.

Өз еңбегінде Р.Т. Шуменова қылмыстық процесс принциптерінің кепілдіктеріне екпін жасап, олардың құрылымын анықтайды:

  1. Принциптердің жүзеге асырылуының құқықтық базасын орналастырушы негізгі ережелердің ҚР-ның Конституциясында бекітілуі;
  2. Қылмыстық сот өндірісінің барлық стадияларында принциптердің жүзеге асырылуының процедурасын анықтаушы ережелердің қылмыстық-процессуалдық заңда талдануы;
  3. Процессуалдық қылмыстық-құқықтық институттар;
  4. Қылмыстық-процессуалдық нормалар [4, 119 б.].

Принциптердің жүзеге асырылуының процессуалдық кепілдігі болып, осы автордың тұжырымы бойынша, қылмыстық-процессуалдық әсер етудің типті қасиеті, қылмыстық сот өндірісінің міндеттеріне қылмыстық процестің қатысушыларының тәртібін сәйкестендіруді қамтамасыз етуші қылмыстық істі қозғаудың, тергеудің және шешудің ерекше процессуалдық процедурасы табылады» [4, 114 б.].

Қылмыстық-процессуалдық қарым-қатынастарға талдау жасай отырып, Л.Д. Кокорев пен В.Д. Лукашевичтің «қылмыстық сот өндірісінде тұлғаның кейбір субъективтік құқықтары – ол басқа субъективтік құқықтардың кепілдігі» [5, 74 б.] дегені және тұлғаның құқықтарының кепілдіктері туралы мәселелердің зерттелуі тек айыпталушыға ғана қатысты емес ол өзінің құқықтары мен мүдделерін қылмыстық сот өндірісінде қорғаушы, істің барысына жеке мүдделі қылмыстық процестің барлық қатысушыларына қатысты деп көрсеткені [5, 109 б.] орынды. Мысалы, анықтаушының анықтау органының бастығының әрекетіне шағымдану құқығы сезіктінің, айыпталушының қол сұқпаушылыққа құқығының жүзеге асырылуының кепілдігі болады.

Бұл авторлар процессуалдық кепілдіктерге қылмыстық сот өндірісінің принциптерін де жатқызады. Осы мәселені ашып алу қажет, өйткені Р.Т. Шуменова принциптер мен кепілдіктер әр түрлі мағынада деп көрсеткен. Принциптержәнекепілдіктер–оларшындығында әртүрлі құқықтық категориялар. Кепілдіктер

  • қамтамасыз ету құралдары; ал принциптернегізін қалаушы, бастама болушы құқықтық негіздер. Десе де, кейбір жағдайларда, принциптер шын мәнінде гаранттардың рөлінде жүреді. Мысалы, заңдылық принципі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуының және жүзеге асырылуының гаранты рөлінде.

Қылмыстық процестің принциптерінің кепілдіктері аталып, әр түрлі авторлармен әр түрлі тізімдері беріледі. И.Л. Петрухин үш аспектіні көрсетеді:

  • ұстау және қамау заңдылығын соттың бақылауы;
  • тұлғаның негізгі құқықтарын қорғаудың әдісі ретінде дәлелдемелердің іске жіберілу институты;
  • тұлғаның негізгі құқықтары мен бостандықтарының шектелуінің рұқсат етілген шегі [6, 60 б.].

Процессуалдық кепілдіктер нақты қылмыстық-процессуалдық заңдар да және халықаралық құжаттарда да аталмаған, сондықтан бұл ғылым термині болғандықтан ол туралы ғалымдар әртүрлі интерпретация (түсіндірме) береді. Көптеген процессуалист ғалымдар кепілдіктерді процестің қатысушыларының құқықтарын және қылмыстық сот өндірісінің міндеттерін қамтамасыз етуші амалдар деп санайды. Солардың ішінде М.С. Строгович процессуалдық кепілдіктер деп қылмыстық процеске қатысушы азаматтар солар арқылы өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын заңмен бекітілген амалдарды көрсетеді [7, 56 б.]; П.А. Лупинская процессуалдық-құқықтық кепілдіктер – ол қылмыстық-процессуалдық қызметтің барлық субъектілерінің міндеттерін орындауын және берілген құқықтарын қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етуші құқықтың нормаларында бекітілген құқықтық амалдар деген [8, 64 б.]; К.Ф. Гуценко қылмыстық сот өндірісінің міндеттерін жүзеге асыру, және ең бірінші орында қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін қылмыстық-процессуалдық нормалармен бекітілген амалдар деп көрсеткен [9, 22 б.];

Мұндай анықтама қазақстандық процессуалистердің арасында да қолдау тапқан. Осылайша, Е.Е. Ерешев «процессуалдық кепілдіктер –қылмыстық іс жүргізудің міндеттерін және іске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің заңмен белгіленген құқықтық амалдары» деп көрсетеді [10, 17-18 бб.];

Кейбір ғалымдар бұл анықтамалармен келісе отырып, қылмыстық қудалауды жүргізуші адамдардың қызметтерін, міндеттерін қосады, солардың ішінде Е.Г. Мартынчик құқықтық нормаларда бекітілген, солардың көмегімен сот өндірісінің барлық стадияларында айыпталушы өзіне берілген субъективтік құқықтарды жүзеге асыратын және заңды мүдделерін қорғайтын, өзінің құқықтарына қысым келтіруші және құқықтардың кепілдіктерінің жүзеге асырылуына кедергі келтіруші актілердің жойылуына заңмен бекітілген шараларды қабылдайтын амалдар, сондай-ақ заңға негізделген айыпталушының құқықтарын қамтамасыз ету бойынша соттың, прокурордың, тергеушінің және қорғаушының қызметі деген [11, 69 б.]. В.З. Лукашевич процессуалдық кепілдіктер деп

1) айыпталушының заңды мүдделерін қорғауға, өздерінің құқықтарын әрекетті жүзеге асыруын қамтамасыз етуге және түсіндіруге бағытталған заңда бекітілген анықтау, тергеу, прокуратура органдарының міндетін; 2) оған бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтірудің, лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы мәселені қоюдың фактілі мүмкіндігін беретін заңда бекітілген амалдарын;қорғаушының қызметін көрсетеді [12, 3 б.].

Келесі процессуалистердің тобы құқық ретінде, солардың ішінде Э.Ф. Куцова айыпталушының құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктері болып соттың, прокурордың, тергеушінің, анықтаушының тиісті міндеттері, сондайақ қорғаушының құқықтары мен міндеттері; қылмыстық істегі қоғамдық өкілдердің тиісті құқықтары деп қарастырған [13, 127-128 бб.]. Кепілдіктерді құқық ретінде қарастыру, біздің ойымызша, осы салаға түскен адамдарға еш көмек бере алмайды, өйткені бізге қажеті, осы құқықтардың жүзеге асырылуы.

Б.Х. Төлеубекова «кепілдіктер сақталуы іске қатысушы адамдардың заңмен бекітілген құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін ерекше құқықтық шарттар ретінде жүреді» [14, 193 б.] деген;

Қылмыстық кодекстің қылмыстық-құқықтық нормалары; азаматтық-құқықтық; тәртіптік – прокурордың тәртіптік өндіріснің нұсқаулары, соттың жеке қаулылары; қылмыстық-процессуалдық – қылмыстық істерді қайта тергеуге жіберу, процессуалдық мәжбүрлеу шараларымен және т.б. байланысты заңсыз және негізсіз шешімдерді жою немесе өзгерту [15, 15 б.].

К.Ж. Капсалямовқылмыстық-процессуалдық кепілдіктер қылмыстық-процессуалдық заң нормаларымен көрсетілген қылмыстық сот өндірісінде адамның құықықтарын күзету, сондайақ оның міндеттері мен мақсаттарына тиімді жету амалдарының жүйесі деген анықтамамен [16, 3-6 бб.] келісіп, процессуалдық кепілдіктер жүйесіне мыналарды жатқызады:

  1. қылмыстық сот өндірісінің принциптері;
  2. қылмыстық-процессуалдық нысан және процессуалдық шешімдерді негіздеу;
  3. норманы қолданудың процессуалдық тәртібі;
  4. сотқа шағымдану құқығы;
  5. прокурорлық қадағалау;
  6. сот бақылауы;
  7. қылмыстық-процессуалдық қызметті жүзеге асырушы лауазымды адамдардың заңсыз және негізсіз шешімдерімен азаматқа келтірілген зиянның орнын толтыру және ақтау [16, 39 б.]. Д.Қ.   

Канафин өзінің монографиясында «амалдар» терминінің қолданылуы кепілдіктер қатарына қылмыстық-процессуалдық элементтердің дәлелсіз кең тізімін кіргізуге мүмкіндік береді, ең ақырында бұл осы заң категориясының ақиқатты мазмұнын жояды және процессуалдық кепілдіктердің құқықтарды қамтамасыз ету немесе мақсаттарға жету амалдары ретінде дефинициялануы осы амалдардың мәнінің нақтылануын және түсіндірілуін қажет етеді, өйткені бұл кепілдіктердің пайда болуы және оның кепілдеуші әрекеті қалайша жүзеге асырылатыны кейде белгісіз деп көрсеткен.

Д.Қ. Канафин процессуалдық кепілдіктерді арнайы құқықтық шарттар ретінде қарастыру бұл анықтаманың әртүрлі түсінілуіне әкеп соғады деп тоқталған. Дефиницияда көрсетілген шарттар деп заң талаптарын түсінсек, онда ол процессуалдық кепілдіктерді құқық нормалары ретінде қарастырушы көзқарастармен үндес, ал егер бұл шарттар іс бойынша өндіріс барысында ескерілетін және ең соңында тұлғаның құқықтарын сақтауды қамтамасыз етеін объективті мән-жайлар болып саналса, оның анығырақ түсіндірілуі қажет деп келісуге болады дейді.

Сондай-ақ осы автор А.Н. Ахпанов пен К.Ж. Капсалямовтың берген процессуалдық кепілдіктерініңмәніасакеңболуысебептіолардың ақиқатты мазмұны мен әрекетінің принциптерін жеткілікті нақты көрсетпейді деп тоқталған.

Осылайша, процессуалдық кепілдіктерді ол құқықтардың фактілі қолданылуын және тиісті міндеттердің атқарылуын қамтамасыз етудің ерекше түрде жүзеге асырылатын әдістері мен тәсілдерінің, құралдары мен амалдарының жиынтығы, құқықтар мен міндеттердің өзі емес деп қарастырған [17, 14-23 бб.].

Жоғарыдағы анықтамалардан әр ғалым қылмыстық процесс аясына түскен адамдардың құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуінің жолдарын іздегенін көреміз.

Қазақстандық қылмыстық процестің негізгі буыны ретінде кепілдіктердің жүйесін, олардың қылмыстық сот өндірісі аясына түскен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің жүзеге асырылуындағы рөлін анықтай отырып, біз құқықтық кепілдіктер деп

– құқықтың нормалары мен принциптерінің жүзеге асырылуының негізгі құқықтық құралын айта аламыз. Қылмыстық өндірістің институттарының ерекшеліктеріне байланысты, көрсетілген кепілдіктер өзгеріп және толықтырылып отырылуы мүмкін. Мысалы, ұстау және қамау барысында қосымша кепілдік ретінде осыны жүргізген органдардың ұсталған адамның туыстарына хабарлау міндеті жүреді.

Негізгі кепілдіктер ҚР-ның Конституциясында бекітілген. Осындай құқықтық кепілдіктердің болмауы заңға декларативті сипат береді, жүзеге асырылуы аянышты нәтижелерге әкелуі мүмкін. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін аяққа басушы тоталитарлық режимнің көп жылдары жүзеге асырылуының кепілдігімен бекітілмеген норма – өмірде жүзеге асырылу нақты мүмкіндігі жоқ бос декларация екенін көрсетті және дәлелдеді.

Сонымен қатар, құқықтық реформалардың орамдары да құқық қолданудың практикасы мен құқықтың формалдылығы аса тығыз түрде өзара әрекеттесуі және байланысуы қажет деп дәлелдеген. Жүзеге асырылуының кепілдігімен тіршілік әрекетінің негізгі себебімен нығайтылғанда ғана, құқық нормалары аяқталған және логикалық дұрыс түрге ие болады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. ҚР-ның Конституциясы. Түсініктеме. Ред. басқарған Ғ. Сапарғалиев.Аударған С. Бақтыгерейұлы. – Алматы: Жеті Жарғы, 1999. – 424 б.
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды //Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 жылғы N 4, 217-құжат
  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ // Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-І, 15-ІІ, 88-құжат
  4. Шуменова Р.Т. Система процессуальных гарантий и обеспечение принципов в уголовном судопроизводстве. Диссер. на соискание ученой степени кандидата юр. наук. – Алматы, 2001. – 186 с.
  5. Кокорев Л.Д., Лукашевич В.З. Процессуальные гарантии прав и законных интересов личности в уголовном судопроизводстве // Вестник ЛГУ. Серия 11. Экономика. Философия. Право. – Вып. 2, 1977. – №11. – С. 109-116.
  6. Петрухин И.Л. Судебные гарантии прав личности. Актуальные вопросы борьбы с преступностью в России и за рубежом. Вып.8. – М., 1992. – 94 с.
  7. Строгович М.С. Курс советского уголовного процесса. – Том 1: Основные положения науки советского уголовного процесса. – М.: Изд-во Наука, 1968. – Т. 1. – 467 с.
  8. Уголовно-процессуальное право Российской Федерации: Учебник / Отв. ред. П.А. Лупинская. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: Юристъ, 1999. – 696 с.
  9. Уголовный процесс. Учебник для студентов юридических вузов и факультетов (с источниками нормативных материалов, образцами процессуальных документов, схемами и ...) / под ред. К.Ф. Гуценко. – М.: Зерцало, 1999. – 586 с.
  10. Ерешев Е.Е. Қылмыстық іс жүргізу. Жалпы бөлім: Оқулық. – Алматы: Өлке баспасы, 2006. – 216 б.
  11. Мартынчик Е.Г. Гарантии прав обвиняемого в суде первой инстанции. – Кишинев: Штиинца, 1975. – 198 с.
  12. Лукашевич В.З. Гарантии прав обвиняемого в стадиях предварительного расследования и предания суду. Автореф. дисс. канд. юр. наук. – Л., 1967. – 19 с.
  13. Куцова Э.Ф. Гарантии прав личности в советском уголовном процессе – М.: Юр.лит, 1973. – 151 с.
  14. Төлеубекова Б.Қ Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім: Оқулық. – Алматы: Жеті Жарғы, 2000. – 416 б.
  15. Ахпанов А.Н. Проблемы уголовно-процессуального принуждения в стадии предварительного расследования. – Алматы: Жеті-Жарғы, 1997. – 176 с.
  16. Капсалямов К.Ж. Уголовно-процессуальное принуждение: гарантии, принципы, реализация. – Астана: Фолиант, 2001. – 160 с.
  17. Канафин Д.К. Гарантии прав личности в уголовном судопроизводстве. – Алматы, 2005. – 120 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.