Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыс жасау себептері мен оларды жасауға әсер ететін факторлар

Өркениетті елдің болашағын сомдайтын бүгінгі жасөспірімдер екені белгілі. Келешек өмірдің тізгінін ұстайтын олардың алдағы атқарар іс-әрекеттерінің бастауы бүгінгі күнмен тығыз байланысты. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер еліміздегі тұрғындардың он бесінші бөлігін құраса да, бүкіл қылмыстық әрекеттердің бестен бірін жасайды [1, 35 б.]. Жасөспірімдердің қауіпті жолға түсуі барып тұрған қасіретті құбылыс. Жасөспірімдер қылмыс жасай отырып өз басына ғана емес, қоғамға, өз отандастарының мүддесіне, өзінің туған-туысқандарына үлкен зиян келтіреді. Жасөспірім қылмыскер ең бірінші кезекте өзінің отбасына қасірет болып табылады.

Бүгінде қай жерде болсын теледидар экранынан, баспасөз беттерінен жасөспірімдер колониясындағы балалар өмірін суреттейтін материалдар көп беріліп жүр. Жас қылмыскер өмірі жайлы шындықты оқыған, көрген сайын жағаңды ұстайсың, таңданасың, бүгініміз бен болашағымызды ойлап қорқасың. Өмірге келген сәбиді ертең қылмыскер, қанішер болып өседі деп кім ойлар?

Мемлекет кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алуда, жасөспірімдерді қадағалаусыз қалдырумен қатар ересектердің құқық бұзушылық әрекеттерінің жасөспірімдерге кері әсер беруі сияқты жәйттермен күресуде. М.Н. Гернет айтқандай «Жас ерекшелікте белгілі бір күштердің даму деңгейі келісілген, интеллект, әуестік сияқты, сол себептен «физикалық» жағдайына байланысты белгілі бір қылмыстар жасауы мүмкін» [2, 30 б.]. Мемлекетіміздің болашағы, тірегі жасөспірімдер дейтін болсақ, не алатын сапалы білімі, не тиянақты тәлім-тәрбиесі болмаса, олардан не қайыр, не үміт? Осындай себептермен соңғы кездері жасөспірімдердің қылмысқа ұрынулары күрт көбейіп кетті.

Кәмелетке жасы толмаған адам деп қылмыс жасаған кезге қарай он төрт жасқа толған, бірақ он сегізге толмаған адамды айтамыз [3, 23 б.]. Бүгінгі таңда жастар арасында криминалды белсенділік өте жоғары деңгейде. Әсіресе кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылықтың өсуі алаңдатады, өйткені олар ересектерге қарағанда тәжірибесі мен білімінің жеткіліксіздігінен көптеген проблемаларды шеше алмайды.

Кәмелетке толмаған сотталушының ақылойдан кеміс екендігін куәландыратын деректер болса, сот қылмыстық іс жүргізу заңдарына сәйкес кәмелетке толмаған адамның ақыл-есі қаншалықты толық емес екендігін анықтауға міндетті, оның әрекеттерінің мағынасын сезіне алып, басшылық жасауының шегін белгілеуі керек. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, кәмелетке толмағандар қылмысының деңгейі уақыт өткен сайын өсіп барады. Мәселен, қарақшылық шабуылдардың 74,3% суық қару түрлері қолданылған. Оқты қару-жарақ мұндай шабуылдардың 7%-да пайдаланылған. Қарулы қарақшылық шабуылдардың 44,8%-ы көшеде, 41,3%-ы тұрғын жайға басып кіру арқылы алынады екен. Қорқытып алушылық 2013 жылы 75 рет жасалған болса, сол қылмыс саны 2014 жылы 221-ге, қарақшылық 268-ден 327-ге, адам тонау қылмысы 618-ден 961-ге, ал ұрлық 3330-дан 4562-ге жеткен.

Жасы кәмелетке толмағандардың 90-95%ы – ер балалар. Жасөспірімдердің қылмыс жасауына не себеп дегенге келсек, бұлардың көпшілігі оқуға, адал еңбекке ынта қоймайды, бос уақыттарын көбінесе қаңғыбастықпен, құмар ойындарға, ішімдікке, нашақорлық және басқа да есеңгіртетін заттарды пайдалануға, ойынханаларда жат музыка тыңдауға, жыныстық немесе нәпсіқұмарлық іс-әрекеттермен айналасуға арнайды.

Қылмыс жасаған жасөспірімдердің бір бөлігі ақыл ойының кемістігі барлар, жүйке ауруымен ауыратындар болып отыр. Бұлардың көпшілігі тәрбиенің, бақылаудың жоқтығынан ерте бастан ішімдікке, есірткілік заттарды тұтынуға үйренген, қаңғыбастықпен, үйден қашып, кездейсоқ қылмыстық элементтермен байланыс жасағандар.

Көптеген жасөспірім қылмыскерлердің күнделікті іс-әрекеттеріне отбасы, оқу орындары, еңбек ұжымдары ешқандай бақылау болмағандықтан, соңы қылмыстық әрекетте ұласатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстардың арасында пайдакүнемдік және пайдакүнемдік-зорлық пиғылмен жасалатын ауыр қылмыстардың үлесі өте жоғары. Ондай қылмыстарға көбіне аса қатыгездік пен тағылықтың (вандализм) сипаттары тән болып келеді [4, 76 б.]. Жасөспірімдер жасайтын қылмыстың келесі түрі–ұрлық олардың үлесіндегі қылмыстың 53 %-ын, тонау 10 %-ын, қарақшылық шабуыл 15%-ын құрап отыр. Бұл тұста да бала санасының мейірімінен жұрдай бола бастағанын байқауға болады. Қылмысқа баруы ықтимал балалардың тағы бір тобы кезбелікпен күн кешуде. Кейбір деректерге сүйінсек, мектепке бармай, отбасынан алшақ қалған қараусыз жасөспірімдердің саны жүз мыңнан асады.

Бұлардың көпшілігі түзеу мекемелері мен балалар үйінің бұрынға түлектері.Социологиялық зерттеудің бір қыры – «Жасөспірімдердің теріс жолына не ықпал етеді?» деген сауалға төмендегідей жауаптар алынған: Олардың 7,5%-ы теріс жолға түсуіне туыстарының жасаған қылмысы әсер еткенін айтса, ал 14,1%-ы отбасы мүшелерінің ішімдікке салынуын тілге тиек етеді. Үйдегі жанжал, көзге шөп салуға байланысты бұзылдым деушілердің көрсеткіші – 2,3%; көшенің ықпалы тиді деушілердің саны саны – 73,6% болып отыр. Отбасындағы қолайсыз жағдай үшін республикада жыл сайын 25 мың бала үйінен кетіп қалады, 10 мың бала мектеп-интернаттарын тастап кетеді [5].

Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыс жасауына әсер ететін факторларды негізгі бес факторға бөліп қарастыруға болады. Оларды жекеше қарастыратын болсақ:

  1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер.
  2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы және т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін.
  3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:
  4. оқудағы декомпенсация – баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;
  5. мектептік бейімсіздік (дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;
  6. әлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;
  7. криминалдылық – кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттермен айналыса бастайды.

Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы – ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стильдері бар:

  • дисгармонды стиль – бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликтті жағдайларға баланы итермелейді;
  • тұрақсыз, конфликтті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден туындайды;
  • асоциалды стиль – ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды ісәрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қатыгездік, зорлаушылық жатады.

Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді. Баланың қатыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне байланысты.

  1. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т.б.
  2. Моральді-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы [6, 33-34 бб.].

Қорыта келгенде бала тәрбиесіндегі басты нәрсе – оның бойында жоғары өнегелік қасиеттерді қалыптастыру, оларды нақты нанымға, өзін саналы түрде ұстаудың үлгісіне айналдыру болып табылады. Олай болса, кәмелетке толмағандар қылмыстылығының алдын алу жолдарының бірінежас ұрпақтың бойында құқықтық мәдениет, құқықтық сана қалыптастыру саналады. Сондықтан біздің елімізде кәмелет жасқа толмағандардың қылмысын азайту мақсатында келесідей іс–шаралар жүзеге асырылуы керек:

  • Кәмелетке толмағандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында белгілі бір жеңілдіктермен мәдени, спорттық кешендер салу;
  • Ата-аналардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында арнайы құқықтық білім беру орталықтарын ұйымдастыру;
  • Көше тәртібін қадағалауға сол кәмелетке толмағандардың өзін «Жас сақшылар» деген құқықтық ұйымдар ұйымдастыру арқылы тарту;
  • Ішкі істер органдары мен мектептердің, ата-аналардың байланысын одан әрі нығайту;
  • Оқушыларға, жалпы жасөспірімдерге арналған құқықтық басылымдар шығару;
  • Еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, осы бастан мемлекеттің болашағы жастарды түзу жолға салып, өркениетке бағыттауымыз қажет.

Қазіргі уақытта жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас, әсіресе құқық бұзушылықтың алдын алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі тиіс. Өйткені, қылмыс дегеніміз – әлеуметтік дерт, ал жасөспірімдердің қылмыстылығы – өте үлкен дерт, жасөспірімдер қылмыс жасап отырған кезде мұндай құбылысқа төзуге болмайды.

 

 

Әдебиеттер

 

  • Антонян Ю.М. Причины преступного поведения. – М., 1992. – 207 б.
  • Наумов А.В. Қылмыстық құқық. – Астана, 2001. – 664 б.
  • Аванесов Г.А. Криминология и социальная профилактика. – М., 1980. – 526 б
  • Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық (жалпы бөлім). – Алматы: Жеті Жарғы. – 2010. – 807 б.
  • http://pravstat.prokuror.kz/rus
  • Ветров Н.И. Профилактика правонарушений среди молодежи. – М., 1980. – 182 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.