Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қызметіндегі жаппай тәртіпсіздіктерге қарсы тұрудың кейбір мәселелері туралы

Әдетте экономикадағы, әлеуметтік саладағы келіссіз құбылыстарға қылмыстық жағдайлардың күрт өсуі ұштасып жатады. Сондай заңдылық бар. Оны жоққа шығара алмаймыз. Қазақстан басқа елдердей, өз тарихындағы ең бір қиын кезеңін басынан өткеріп отыр. Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіреміз десек, алдымен әлем елдерінің сан-саласын етене білу қажеттігін сезінген ләзім. Бұдан құқық қорғау органдары да шет қалмақ емес. Басқа елдердің құқықты күйттейтін органдарының ұйымдастырылуы мен қызметін, құқықтық негіздерін жан-жақты түбегейлі талдауға салып, ол арқылы еліміздің ішкі істер органдары қызметін жетілдіру қажеттілігі көкірегі ояу, көзі ашық әрбір азаматты толғандыруы тиіс. Құқықтық қоғам құрамыз десек, құқықты басты орынға қойған абзал. Бүгінгі күннің талабы да сол. Қазіргі құқық қорғау органдары қызметінің мазмұн-мәні, ұстаным-қағидаттары түбегейлі өзгерген. Бұл орайда шет елдегі полицияға деген халықтың көзқарасын қаперге алған жөн. Осыған орай, шетелдік полиция қызметінің ұйымдастырылуын, тәжірибесін зерделеп, өзіміздегі бармен салыстырсақ дейміз.

Білгенге бұл да қоғамдық тәртіпті сақтау механизмінің ең бір маңызды бөлігі. Салыстыру-салғастыру қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы таным-түсінігіміздің кеңеюіне ықпал етіп қана қоймай, құқық бұзушылықпен күрестің әдіс-түрлеріне соны сапалық рең те береді; отандық институттарды жетілдіру жұмыстары бойынша нақты шешімдерді (теориялық және практикалық) қабылдауға түрткі болады. Өйткені дүниежүзiлiк қауымдастықтың толыққанды мүшесi болған Қазақстан әр азаматының өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауына кепiлдiк берiп, құзырлы органдарға қылмыстық жайттардың алдын алу, соттық, құқықтық қорғау әлеуетін арттыруды жүктеп отыр. Жасыратыны жоқ, әлемде жаппай тәртіп бұзушылық, бағынбаушылық кеңінен етек алуда. Осының бәрі де қару-жарақ, арнаулы көлік және байланыс құралдарымен жабдықталатын ерекше жағдайларда жедел араласу үшін қызметі айқын байқалатын отандық жедел жасақ секілді ерекше маңыздағы бөлімдеріміздің орны мен құқықтық негіздерін қайта қалыптау қажеттілігін айқындап берді.

Тақырыпты тарқатпақ үшін алдымен бірді-екілі шетелдік құқық қорғау органдарының ерекше жағдайларда қызмет артқаратын ерекше бөлімдерден аз-кем мағлұмат бере кетсек дейміз. Мәселен, Италияның жедел араласу қызметінде «челере» және «мобиле» мотоотряды мен аттылы эскадрондары бар. Бұл отрядтар оқ өтпейтін, жылдам жүретін автокөліктермен қамтамасыз етілген. Ондағылар қару, резинка таяқшалары, көзден жас ағызатын, жарық беретін және дабыл қағатын қол гранаталары, оқ өтпейтін кеуде киімдері, сол сияқты арнайы қалқан, каскалармен қаруланған. «Мобиленің» 13 отряды елдің барлық аумағына тең бөлінген. Осы бөлімшелердің қызметін тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында әр қаланың аумағы жеке секторларға бөлінген, ал әрбір секторға тұрақты моторлы топтар бекітіліп берілген. Нақты әкімшілік аймақта қызмет ететін «мобиле» отрядтарына қосымша, елдің барлық аумағында жұмыс істеуге арналған үш провинцияаралық отряд құрылған. «Мобиле» негізінен «орташа қауіпті» операцияларды өткізуге арналса, «челере» жаппай тәртіп бұзушылық орын алған уақытта қолданылады. «Челере» құрамына танкілермен қоса, броноавтомобиль роталары, сол сияқты іріктелген мамандардан құралған мотоатқыштар бөлімдері енеді. Солтүстік Италияның ірі өндірістік орталықтарында үш «челере» отряды тұрақты орныққан, алайда олардың жекелеген взводтары қажет болғанда, басқа аудандарға жіберіледі.

Францияда бұл қызмет әрқайсысы тактикалық бірлік болып табылатын «республикалық қауіпсіздік ротасынан» тұрады. Рота елдің екі әскери округіне орналасқан отрядтарға біріккен. Жапонияда да осындай жағдайды көруге болады. Онда 1952 жылдан бері «арнайы бағыттағы жұмылдырылған бөлімдер» («кидотай») қызмет істейді. Қазіргі уақытта олар екі негізгі бағытқа бөлінген: 1) тұрақты «кидотай» – тәртіп бұзушылықтарды басуға арналған арнаулы полиция бөлімдері, олардың жалпы саны 10 мыңға жуық, 6 мыңы Токио және басқа ірі қалаларда орналасқан; 2) аймақтық «кидотай» (1969 жылы құрылған) – оның құрамында да бірнеше әкімшілік-аймақтық бірліктерді (префектур) біріктіретін округтерде орналасқан 10 мыңға жуық адам бар. «Кидотайдың» негізгі буыны – «жұмылдырылған отряд» аталады.

АҚШ-та жаппай тәртіпсіздікпен күресті полиция күштерімен қатар әрбір штатта қызмет ететін Ұлттық гвардия бөлімдері атқарады. Ұлттық гвардия 1636 жылы құрылған ерікті әскери құрылым. ХVІІ ғасырдың бірінші жартысынан бастап Вьетнам соғысына дейін Құрама Штаттар жүргізген барлық соғыстардағы әскери қимылдарға қатысты, ал бүгінде елдің әскери күштерінің ең маңызды бөлімдерінің бірі. Бейбіт уақытта гвардиялықтар орналасқан жерлеріндегі штат билігіне бағынышты болады. Ұлттық гвардияға жалпы басқаруды арнаулы Бюро жүзеге асырады, оның бастығын Парламент Конгресімен келіскеннен кейін 4 жыл мерзімге ел президенті тағайындайды. Бұл құрылымның қызметін қаржыландырудың 95%-ын Қорғаныс министрлігі жүзеге асырады. Әйтсе де АҚШ-та мемлекеттік деңгейдегі арнаулы міндеттер жүктелетін жеке меншіктегі жалдамалы әскер бөлімдері де жоқ емес. Баспасөз деректеріне жүгінсек, Ауғаныстан, Ирақ, Таяу Шғыстағы соғыстарды, кешегі Украинада арандату істерін солар жүргізгенмыс.

Әділін айтсақ, жаппай тәртіпсіздікте полицияның күш қолдануы халыққа кері әсерін тудыруы мүмкін деген ой шет елдерде баяғыда-ақ шешімін тауып, жоққа шығарылған. Өйткені қашан да күшті құрылымдар халық пен мемлекет мүддесін қорғау үшін жаралады. Полицияның әрекеті әрбір азамат үшін ашық әрі әділ болуы қажет.

Жаппай тәртіп бұзушылық туралы американдық зерттеуші Х. Купердің пайымдауынша:

«Ұйымдаспаған топ – заң бұзушылыққа баруға дайын тобыр, алайда оларда өзара бірлік пен қуат жоқ. Оларды шартты түрде үшке бөлуге болады: 1) жеке лидерлер; 2) белсенді мүшелер және 3) сағым-сәттік құштарлық салдарынан қарсыласудың куәсі болып шыға келетін көлденең бақылаушылар. Үгіт оларды ілезде ұйымдасқан қылмыстық топқа айналдырады. Сенімсіздіктен – бірлікке, шашыраңқылықтан – ұйымдасқан әрекетке көшу санаулы минуттарда-ақ бола қалатын жайт. Тобырдың тарапынан кішкентай ғана табыс немесе керісінше, нашар әзірленген полиция тарапынан жасалған аз-кем қателіктің өзі жүректерде от тұтатып, қирату мен тәртіпсіздік жасауға әкеп соқтырады. Осындай трансформацияның алдын алу және тобырды дер кезінде тарату полицияның ең басты міндеттерінің бірі» [1].

Шет елдерде кең ауқымды операциялар жүргізу жағдайы көбіне парламент отырысында қаралады, онда тиісті шешімнің қабылдануының тиімділігі бағаланады. Қажет болған жағдайда жауапты лауазымды адамдар, сарапшылар, оқиғаға қатысушылар және куәлер тыңдалады. Бұл бір жағынан ішкі істер органдарының өз тарапынан күш қолдануын болдырмаудың кепілі. Жалпы тәртіпсіздікпен күрес жөніндегі жұмыс нәтижелері әдетте тұрғындар мен полиция қызметкерлері арасында оң бағаланады. Мысалы, Германияда сауалнама жүргізілген тұрғындардың 78 пайызы жаппай тәртіп бұзушылық кезінде заңдылықтарды сақтау жөнінде полиция өз міндеттерін адал орындай алады деп бағалаған.

Қазақстан ІІМ-нің «Арланы» мен «Бүркіті», ұлттық ішкі әскердің «Сұңқары» мен қауіпсідік комитетінің «Арыстаны» шет елдердегі жедел араласу қызметінің нақты айқын көшірме-көрінісі. Шет елдік әріптестері сияқты, олардың негізгі мұраты – күш қолдану арқылы қарулы қылмыскерлердің қарсылығын басып, жаппай тәртіп бұзушылықты жою. Жалпы алғанда, оны шешудің стратегиясы мен тактикасы бірдей. Көп жағдайларда басқару жүйесі де ұқсас келеді. Біздің пікірімізше, халық жедел араласу қызметінің жұмысы туралы жеткілікті толық ақпарат алғаны жөн. Жаңаөзендегі орын алған келеңсіз құбылыстар осы саладағы кемшін тұстарымызды барынша әйгілеп берді. Жаппай тәртіпсіздікте арнаулы жедел араласу қызметі дер кезінде қатыстырылмады, су атқыш техникалық құралдары қолданылмады, соның кесірінен жазықсыз қан төгілді. Бар ауыртпалық мақсаты мен міндеті бөлек қалалық ішкі істер бөлімдерінің қызметкерлеріне жүктелді [2].

Еліміздің «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 387 қабылданған заңында төтенше жағдайдың құқықтық негізі, оны енгізудің мақсаты, шарттары, негіздері, тәртібімен қоса, төтенше жағдайды қамтамасыз етуге арналған күштер мен құралдар жөнінде төгілдіріп беріледі [3]. Ерекше жағдай төтенше жағдайға тікелей байланысты. Міне, осы жайттар жедел жасақтың қимылдауына негіз болар еді. Әр салада шынайы кәсібилік болуы керек деп білеміз.

 

  

Әдебиеттер

 

  1. Мейер Г.Г. Государственные и административные учреждения Англии, Франции, Германии и Австрии. – Одесса, 1979. – 48 б.
  2. Серімов Е.Е. Жедел жасаққа жүктелген міндет салмақты./ «Сақшы» газеті. – №25, 2014 ж. 04.
  3. Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8-ақпандағы. – № 387 Заңы // «Егемен Қазақстан» 2003 жылғы 15 ақпан №37.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.