Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кеңестік Түркістан АССР-інің құрылу қарсаңындағы аймақтағы саяси-құқықтық жағдай

Сан ғасырлық тарихы бар Түркістан өлкесі көптеген ұлттар мен ұлыстардың құтты мекеніне айналғаны барша қауымға мәлім. Орта Азияны мекендеген түрлі ұлыстардың басын біріктіріп – Түркістан, яғни түркі халықтарының елі деп аталуы да тегін емес. Қазіргі таңда осы Түркістан аймағын мекендеген ұлттар мен ұлыстар жеке тәуелсіз мемлекет құрып, жылданжылға әлемдік өркениетте өз мемлекеттілігін бекемдеуде.

Ал, осы киелі Түркістан өлкесінің өткен тарихы, оның ішінде мемлекет және құқық тарихы қалай өрбігенін баршаның білгісі келері сөзсіз. Осы мақсатта, мақалада 1918-1924 жж. аралығында өмір сүрген, қазіргі Қазақстанның оңтүстік облыстары, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан мемлекеттерінің басын біріктірген Түркістан Автономиялық Советтік Социалистік Республикасы, оның құрылу қарсаңындағы өлкедегі саяси-құқықтық жағдай туралы кейбір маңызды мәліметтерді көпшілік қауымға жеткізгіміз келіп отыр.

Азия мен Еуропаның алтын көпіріне айналған Түркістан өлкесінің саяси, экономикалық маңызы аса жоғары болды. Сол себепті де, алып мемлекеттер тарапынан түрлі жаулап алу әрекеттері жүргізіліп отырды. Ресей Империясы тарапынан жүргізілген түрлі жаулап алу, колониялизациялау саясатының негізінде Түркістан өлкесі құрылды.

Бастапқыда Түркістан өлкесі тек Сыр-Дарья және Жетісу облыстарынан тұрады, ал кейіннен жаулап алу саясатының арқасында басқа да аймақтар кіре бастайды. «Вначале Туркестанский край состоял из Сыр-Дарьинской и Семиреченской областей. После окончательного упразднения Кокандского ханства в 1876 году его территория под наименованием Ферганской области была включена в состав Туркестанского края. В 1887 году в состав Туркестанского края была включена Самаркандская область, а в 1899 году – Закаспийская область. Главным городом Туркестанского края и местопребыванием генерал-губернатора был определен г. Ташкент. Областным центром Сыр-Дарьинской области был г. Ташкент, Семиреченской – г. Верный (Алматы), Ферганской – г. Новый Маргелан, переименованный в 1907 году в Скобелев (Фергана), Самаркандской – г. Самарканд и Закаспийской области г. Асхабад (Ашхабад)». [1, 13 б.].

Патшалық Ресейдің Түркістан өлкесінде өз билігін жүргізуінің астарында көптеген мәнжайларды байқауға болады. Біріншіден, Түркістан өңірі арқылы Иран, Ауғаныстан, одан әрі Үнді еліне сауда жолының ашылуы, сонымен қатар осы аймақ арқылы Қытай елімен экономикалық байланыс жасаудың тиімділігі жоғары болды. Екіншіден, Түркістан өлкесі аграрлық аймақ ретінде бағаланды. Яғни, ауылшаруашылық өнімдеріне деген сұранысты осы өңір арқылы шешуге ұмтылды. Үшіншіден, табиғи пайдалы қазбаларға бай өңірлердің қатарынан саналды. «Туркестан располагал богатейшими естественными богатствами для развития производительных сил. Природные условия края были благоприятными для развития хлопководства, садоводства, лесоводства, шелководства, пчеловодства и других отраслей сельского хозяйства. Недра края были богаты полезными ископаемыми. Однако богатейшие возможности развития экономики использовались совершенно незначительно из-за господства докапиталистических производственных отношений. Огромные массивы пригодной для возделывания земли оставались не засеянными. Так, к 1909 году засеваемая площадь составляла лишь 3,9 % всей территории края, а вместе с лесами эта культурная площадь достигла 23,3 %». [2, 6 б.]. Төртіншіден, патшалық Ресей өзінің оңтүстік өңірінің қауіпсіздігін қамтамассыз етуге талпынды. Бесіншіден, Түркістан өлкесін жаулап алу арқылы Орта Азияның басқа өңірлеріне өзінің саяси ықпал ету мақсатын көздеді. Алтыншыдан, патшалық Ресей өзінің демографиялық мәселесін шешуді көздеді. Артық халықты осы өңірлерге көшіріп  отырды.

«Царское правительстьво, осуществляя колонизаторскую политику в Туркестане, переселяло в край «избыточное» население России. Лучшие земли в Туркестане были заняты переселенцами, а местное население было оттеснено в худшие районы. Царизм культировал национальную вражду и недоверие между народами, осуществляляя на деле лозунг «разделяй и властуй». [1, 14 б.].

Алып аймақты басқару мақсатында патшалық Ресей өкіметі өлкеде түрлі әкімшілік, экономикалық реформаларды жүргізіп отырды. Ресей патшалығы Орта Азияның көптеген қалаларын басып алуының негізінде 1867 жылы Жетісу және Сыр-Дария облыстарының аумағында Түркістан генерал-губернаторлығы құрылды. Сол жылы Түркістанның алғашқы генерал-губернаторы ретінде генерал К.П. Кауфман тағайындалды. К.П.  Кауфманның  тағайындалуы  тегін  еместі.

Себебі ол нағыз ұлтшыл, патшаның жүктеген міндеттерін бұлжытпай орындайтын офицер болатын: «Первым генерал-губернатором Туркестанского края был К.П. Кауфман. Выбор царя пал на него не случайно. В начале 60-х годов Кауфман был директором канцелярии военного министерства в Петербурге. Потом его назначили виленским генерал-губернатором. Будучи в Вильно, он категорически запретил печатать литовские (жмудские) книги латинским шрифтом.

«Навсегда прекратить употребление латинских букв в жмудьском языке», приказал он, будучи убежденным русификатором. Иными словами, целый народ лишался возможности читать книги на своем родном языке».[3, 28 б.].

Ендігі жерде К.П. Кауфман Ресей патшалығының Орта Азиядағы ең сенімді нөкерлерінің біріне айналды. Түркістан генерал-губернаторы шексіз әскери және азаматтық билікке ие болды. Түркістан өлкесі 1918 жылға дейін, яғни Кеңес өкіметі орнағанға дейінгі аралықта әскери жағдайда болып, ерекше әскери тәртіппен басқарылып отырды.

Патшалық өкімет Орта Азия халықтарын жаулап алғаннан кейін, өлкеде өз билігін орната бастады. Бұл орайда Ресей Империясы өлкені басқару барысында жергілікті ақсүйектердің көмегіне жүгінді. Әрине олардың Патшаға деген адал қызметтері жоғары деңгейде бағаланып отырды: «Уже в ходе присоеденения Средней Азии к России выявились классовые союзники царских властей. Это были многие ханы, беки, купцы и прочие узбекские, таджикские, казахские и другие эксплуататоры, сдавшие царским генералам города и крепости за поддержку в борьбе против своего народа, за сохранение власти, за титулы, награды, прибыли». [3, 30 б.]. Патшалық Ресей өлкедегі өз жақтастарына сүйене отырып маңызды әкімшілік реформаларды жүзеге асыра бастады. Бастапқыда Түркістан өлкесі 1867 жылы дайындалған «Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже» жобасының негізінде басқарылды. Ереженің 6-шы бабына сәйкес Түркістан өлкесінде басқару жүйесі келесідей нысанда өрбіді: «Управление Туркестанского края составляют: 1) главное управление; 2) управлени отдельными частями разных ведомоств; 3) местные административные управления: а) областные, б) уездные, в) городские, г) сельские; 4)установление судебные». [4, 11 б.].

Жоғарыда Түркістан өлкесі әскери жағдайда басқарылғанын атап өткен болатынбыз. Ол механизм Ереженің 8 бабында көрініс тапқан: «Управление Туркестанского края, за  исключением установлений и лиц, принадлежащих к судебному, финансовому, контрольному, учебному и почтово-телеграфному ведомоствам, находятся в ведении Военного Министерства».

Түркістан өлкесін Ресей патшасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын генерал-губернатор басқарды. Генерал-губернаторға өлкенің ішкі және сыртқы саясатына қатысты көптеген өкілеттіктер берілді. Ол өлкеде кең экономикалық билікке ие болды. Тиісті тәртіппен орталықтан бөлінген ақша қаражаттарын өзі дұрыс деп таныған құрылыс жұмыстары мен жобаларға бөліп отырды.

Генерал-губернатор сот саласында да жоғары билікке ие болды. Ол заң нормаларын бұзғандарға, қажет болғанда сот тәртібінсіз жазалап отырды. Ол Ішкі Істер министрлігінің келісімімен саяси жағымсыз деп танылған жергілікті тұрғындарды өлкеден 5 жылға дейінгі мерзімге қуып жіберуге өкілетті болды. Сонымен бірге, шетел азаматтарын да өлкеден аластатуға құқылы болды.

Ереженің 17 бабына сәйкес генерал-губернатордың жанында Кеңес, көмекшілер, ерекше тапсырмалар жөніндегі шенеуніктер, аудармашылар мен канцелярия қызметкерлері болды.

Генерал-губернатордың жанынан  құрылған Кеңестің құқықтық мәртебесі төмен болды. Ол тек қана кеңесу орталығына айналды: «Совет при генерал-губернаторе был совещательным органом и состоял из военного губернатора Сыр-Дарьинской области, прокурора Ташкентской судебной палаты, управляющих казенной и контрольной палатами, начальника штаба Туркестанского военного округа и управляющего канцелярией генерал-губернатора. В работе совета при генерал-губернаторе по усмотрению последнего могли участвовать и другие чиновники.

Мнение совета и должностных лиц края было необязательным для генерал-губернатора». [1, 16 б.].

Түркістан өлкесінің жергілікті билік органдары Ереженің үшінші бөлімімен реттелініп отырды. Ереженің 43 бабына сәйкес облыстық басқарма әскери губернатор мен облыстық басқармадан құрылды. Әскери губернатор Ішкі Істер министрлігі мен Түркістан генерал-губернаторының алдын-ала келісіміне сәйкес Әскери министрдің ұсынуымен жалпы тәртіпке негізделген Сенаттың жарлығымен анықталып отырды.

Ал, уездердің әкімшілік-полициялық басқармасын уезд бастығы басқарды. Уезд бастығын облыстық  губернатордың  ұсынуымен генерал-губернатор қызметке тағайындап және одан босатып отырды. Уезд бастығының өкілеттігі жергілікті жерде тәртіпті сақтауға толық мүмкіндік берді. Себебі, уезд бастығына тек қана полиция органдары ғана емес, сонымен бірге тиісті әскери бөлімдер де бағынышты болды.

Түркістан өлкесіне қарасты қалаларды басқару жүйесі уездерді басқаруға ұқсас құрылды. Қалаларды уезд бастықтары басқарды, ал ол болмаған жағдайда участкелік приставтарға берілді. Олар облыстық басқарма мен әскери губернатордың, сонымен қатар қалалық қоғамдардың депутаттардың тарапынан бақылауда болды. Түркістан өлкесіне қарасты қалалардың арасында тек Ташкент қаласының мәртебесі ерекше болды. Ташкент қаласын қала бастығы басқарды және оған кеңінен өкілеттіктер берілді.

1886 жылғы жаңартылған және ресми бекітілген «Түркістан өлкесін басқару жөніндегі Ережеге» сәйкес өлкедегі ауылды елді мекендерді басқару жүйесі үшке бөлінді: 1) отырықшы елді мекендер; 2) Көшпелі елді мекендер; 3) Жергілікті халыққа жатпайтын орыс немесе басқа да ұлттардың елді мекені.

Отырықшы елді мекендерді басқару жүйесі келесідей негізде жүзеге асырылды: отырықшы халық мекендеген әр бір уездер болыстыққа бөлінді, ал болыстық ауылдық қоғамдарға (ақсақалдық) бөлінді. Болыстықты – болыс басқарушысы, ал ауылдық қоғамды – ауылдық ақсақалдар басқарды. Олар үш жылға дейінгі мерзімге сайланып отырды.

Көшпелі халық мекендеген елді мекендерді басқару жүйесі отырықшы елді мекендерді басқаруға ұқсас болды. Тек кейбір ерекшеліктер болды. Уезд болыстыққа, ал болыстық ауылдық қоғамдарға бөлінді. Болыстық және ауылдық қоғамның құрамына кіретін түтіндер санын облыстық басқарма анықтап отырды, бірақ бұл сан: болыстыққа – екі мыңнан, ал ауылдық   қоғамда – екі жүз түтіннен аспауы тиіс болды.

Ереже бойынша түтінге жеке тұрған құрылыстар саналды. Оларға киіз үй, жер төлелер, сонымен қатар үйлер жатты. Болыстық жергілікті халықтың тұрмыс тіршілігіне ыңғайлы жерлерге орналасты. Олар жаздық және қыстақтарға бөлінді.

Үшінші топтағы елді мекендерге, яғни жергілікті халыққа жатпайтын орыс  немесе басқа да ұлттар қоныстанған елді  мекендерді басқару жүйесі Ресейдің өзінде қалыптасқан басқару жүйесіне ұқсас болды. Бұл жүйе Ереженің 116 бабында көрініс тапқан: «Каждое селение, заселенное русскими и лицами, не   принадлежащими туземному населению, образует отдельное сельское общество; а с развитием   колонизации – образуются постепенно волости из селений, имеющих взаимную между собой связь.  Права и обязанности сельского старосты, состав, предметы ведения и порядок действий сельского схода определяются правилами, установленными для общественного управления сельских обывателей в Империи. До образования волостей сельская администрации подчиняется Уезднему Начальнику». [4, 245 б.].

Өлкеде жүргізілген әкімшілік реформалар кейіннен сот реформаларына  ұласты. Ғасырлар бойы қалыптасқан сот жүйесі Ресейдің империялық пиғылына сай күрделі өзгерістерге ұшырады. «Түркістан өлкесін басқару жөніндегі Ережеге» сәйкес өлкеде мировой соттар мен облыстық соттар құрылды. Ал, 1898 жылғы өзгерістерге сәйкес облыстық соттардың орнына округтік соттар құрылды. Жаңадан құрылған соттардың қарауына көптеген маңызды сұрақтар жатқызылды және олардың өкілеттігі өте жоғары болды. Ереженің 141 және 142 баптарына сәйкес олардың қарауына келесідей істер жатқызылды: 1) Христиан дініне қарсы; 2) мемлекеттік істер; 3) басқару тәртібіне қарсы; 4) мемлекеттік және қоғамдық қызмет бойынша; 5) мемлекеттік және земстволық қаулыларға қарсы; 6) қазына мүліктері мен кірістеріне қарсы; 7) қоғамдық тазалыққа қарсы; 8) қоғамдық тыныштық пен тәртіпке қарсы; 9) қалыптағы заңдарға қарсы; 10) өмірге, денсаулыққа, бостандық пен абыройға қарсы; 11) меншікке қарсы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар.

Жергілікті халықтың наразылығын тудырмау мақсатында жоғарыда аталған әкімшілік соттардан басқа, халық соттары құрылды. Халық соттары жергілікті тұрғындардың ертеден қалыптасқан әдет-ғұрып және шариғат нормалары бойынша әрекет етуге мүмкіндік алды. Дегенмен де, халық соттарының қарауына жатқызылған сұрақтар тым шектелген болатын. Олардың қарауына Ереженің 211 бабына сәйкес келесі істер жатқызылды: «1) все дела о преступлениях и проступках совершенных туземцами, за исключением в статьях 141 и 142, и 2) все дела гражданские,  возникабщие  между  туземцами, под ведомственными одному и тому же народному суду, если дела сии не основаны на документах, совершенных или засвидетельствованных при участии русских властей».

Ресей империясы тарапынан жүргізілген түрлі реформалар мен өлкеде қалыптасқан басқару жүйесі жергілікті халықтың ашу ызасын тудыра бастады. Оның үстіне Ресейде 1905-1907 жж. қалыптасқан революциялық бас көтерулер Түркістан  өлкесін  айналып   өтпеді. Жергілікті тұрғындардың өлкеде қалыптасқан жағдайға наразылық бас көтерулері жиілей бастады. «С осени 1905 г. в Ташкенте, Самарканде и других городах Туркестана рабочие бастовали, проводили стачки, устраивали митинги... В Ташкенте 15 октября 1905 г. был проведен митинг, закончившийся демонстрацией  русских рабочих, к которой присоединились трудящиеся других национальностей, городская беднота, представители мелкой буржуазии и дехкане пригородных кишлаков». [3, 76 б.].

Осы тұста Ресей үкіметінде өлкеде азаматтық билікті толық жойып, оның орнына күшті әскери билікті орнатуды жақтаушылар саны күрт көбейді. Оның бір дәлелі ретінде Түркістанның соңғы генерал-губернаторы Куропаткиннің айтқан сөзін келтірсек: «Надо добиваться, чтобы нас боялись и уважали. Полюбят после». [5, 42 б]. Бұл пікірді көптеген патша шенеуніктері де қолдады: «Большинство царских чиновников склонялось к тому, чтобы усилить военное управление краем. «Русская военная власть, писал один из них, понятнее и внушительнее для притихшей туземной толпы, чем гражданская»». [6, 86 б.].

Ресейдің бірінші дүниежүзілік соғысқа тартылуы және Орта Азия халықтарының қара жұмысқа тартылуы Түркістан өлкесінде тұратын халықтың ашуын тудырғаны рас. Ресей империясының басқару жүйесінің құлдырауы өлкеде революциялық жағдайдың туындауына алып келді.

Қорыта келгенде, Түркістан өңірінде Кеңес өкіметінің орнап, одан әрі қалыптасуы мен дамуы өлкеде қалыптасқан саяси-құқықтық жағдай мен Ресейде орын алған революциялық толқулар мен жаңарулардың туындысы болатын.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Уразаев Ш.З. Туркестанская АССР и ее государственно-правовые особенности. – Ташкент., Госиздат УзССР,– 325 c.
  2. Адрес-справочник Туркестанского края. Ташкент, Изд. Сыр-Дарьинского областного статистического комитета, 1910. – 274 c. Кастельская З.Д. Из истории Туркестанского Края (1865-1917). – М,: Наука, – 298 c.
  3. Абрамов И.Ф. Положение об управлении Туркестанского края. – Ташкент, – 182 c.
  4. Ковалев П.А. Кризис колониального режима и реформы Куропаткина в 1916 году. – Труды САГУ. Вып. LVII, Кн. 7, 1954. – 257 c.
  5. Аминов А.М. Экономическое развитие Средней Азии (колониальный период). – Ташкент., Госиздат УзССР,– 375 c.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.