Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мұстафа Өзтүріктің саяси-құқықтық көзқарастарындағы ұлтшылдық мәселесі

Әр мемлекеттің тарихи даму процесінде типінің, нысанының өзгеріске ұшырауы оның белгілі бір уақыт аралығында өтпелі кезеңді бастан өткеруіне ықпал етеді. Осы кезеңде мемлекет пен құқықтың ары қарай қалай бағытта дамуы, қандай өзгерістерге ұшырауы және жаңа құқықтық қатынастардың пайда болуы жайлы нақты бір тұлғалардың ойлары, көзқарастары, идеялары мен ұсыныстары ортаға салынып жатады. Қазақстан Республикасы да тәуелсіздік алған уақытта осы мәселелерге қатысты өзіндік идеялары мен көзқарастарын ортаға салып, еліміздің алға даму жолын айқындауға байланысты тек сөзімен емес, ісімен де көзге түскен азаматтар аз болған жоқ. Сондай мемлекет пен құқыққа қатысты өзіндік ерекше пікірі бар, саяси және құқықтық ойлар тудыра білген азаматтардың бірі Мұстафа Өзтүрік еді. Жалпы, саяси және құқықтық ой-пікірлерді қалыптастырып, олардың нақты мәселелерде негізгі идеяларға айналуы үшін оның авторының қандай мамандық иесі болуы маңызды емес. Ең бастысы, ол адамның өзі өмір сүрген кезеңдегі орын алып жатқан мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға байланысты өзіндік дербес пікірі мен көзқарасының болуы және қалыптасқан жағдайды өзгертуге қатысты ұсыныстар жасай алуы.

Таеквондодан қара белбеу 6-дан иегері, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман 1954 жылы 23-қарашада Түркияның Қайсері қаласында дүниеге келген болатын. Орта мектепті Ыстамбұлда бітіріп, 1975-80 жылдары Тайванның Тайпей қаласындағы Халықаралық саясат университетіннен халықаралық журналист мамандығын игереді. Осы елде жүріп корейдің көне спорт өнері таеквондоны үйренген ол кейін Германияның Кельн, Мюнхен және Түркияның Ыстамбұл қалаларында өзінің таэквонда мектептерін ашты [1, 1 бет]. 1990 жылы көктемде Мұстафа Өзтүрік Қазақстанның билік өкілдерінің шақыртуымен тарихи атажұртына алғаш келеді.Ал 1990 жылы күзде Өзтүрік қазақ жастарын таэквондоға баулу үшін Қазақстанға біржола орнығып, 1991 жылы Қазақстан таэквондо федерациясын құрады. 1992 жылы Қазақстан Халықаралық таэквондо федерациясының (WTA) мүшесі болады. Осы жылы Мұстафа Өзтүрік Қазақстан азаматтығын алады. Мұстафаның елге келуі Кеңес Одағының күйреп, елде экономикалық қиыншылықтармен қатар, халықтың рухани тоқырауға ұшырауымен тұспа-тұс келді. Бұл кезеңде бұрынғы идеалдар жойылып, олардың орнына жаңа идеалдар мен ұрпаққа үлгі боларлық жаңа тұлғалардың қажеттілігі айқын болған еді. Сондықтан Мұстафа Өзтүрік тек спортшы ғана емес елін сүйген  азамат  ретінде өзгелерге үлгі бола білді. Тұтастай сол кездегі бір ұрпақ өкілдері Мұстафаны өзіне үлгі тұтты. Оның айтқан сөздері, халықтың алдында өзін ұстауы, көрсеткен өнері халықтың арасында елге, Отанға, болашаққа деген жаңаша көзқарастардың өрбуіне негіз болды. Мұстафа Өзтүріктің елге оралғандағы ең басты мақсаты Қазақстандағы таеквондо өнерін дамыту болды. Бірақ, ол өзі де байқамастан Қазақстан мен Түркияның арасындағы саяси байланыстың орнығып, дамуына жанама болса да әсер еткен еді [2, 1 бет].

Мұстафа Өзтүріктің саяси және құқықтық көзқарастарын талдау үшін оның елге оралған соң журналистерге берген сұхбаттарын, ол турасында баспасөзде жарық көрген материалдарды көптеп қарастыруға тура келді. Сондай материалдардан оның Отанға деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін фразаларын жиі кездестіруге болады. Ол турасында жазылған естеліктердің бірінде журналистің сұрақтарына жауаптардың ішінде мынадай ой да кездеседі. «Көп сұрақтың ішінде «Елге келу ойда жоқ па?» деген «дежурный» сұрақ та жүр. Сауалдан жауап әсерлі шыққан. «Тырнақ еттен ажырамайды» дейді, енді мені туған елімнен ешкім де ажырата алмас!» [3, 1 бет].

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ұзақ жылдар бойы отарлық саясат теперішін көрген қазақ халқының ұлттық жаңару, ұлттық өзін-өзі тану мәселелері алдыңғы орынға орнықты. Бұрынғы интернационализм идеясының орнына ұлтшылдық идеясы алдыңғы қатарға шықты. Кеңестік идеология ұлтшылдықты тек теріс сипаттап, оған өз халқын өзгелерден жоғары көріп, басқаларға жек көрінішпен қарау деген сипатта анықтама бергендіктен, алғашқы уақыттарда жалпы қоғам үшін ұлтшылдықты қабылдау қиын соқты. Осы тұста Мұстафа Өзтүрік те өзінің ұлтшылдыққа қатысты идеяларын халыққа тарата білді. Ол ұлтшылдықтың өз ұлтын құлай сүю екендігін және ұлтшылдық өзге ұлттарға теріс көзқараста болу еместігін өзгелерге түсіндіруге барын салды. Оның ұлтшылдыққа қатысты ойлары мен көзқарастары тек сөзбен ғана емес, ол өзі түскен фильмдермен де елге таралды. Қазақ тілінен бөлек ағылшын, қытай, жапон, корей, неміс тілдерін меңгерген Мұстафа Өзтүрік Түркияда   алты фильмге  түскен.  Айбынды  азаматтың   осылай

«қазақ» дегенде өзегін суырып беруге бар екенін айғақтайтын деректер жеткілікті. Соның бірін Мұстафа өзі Түркияда жүргенде түскен «Алатай» көркем фильмінің кезінде күлтілсіз көрсетеді. Картинада мынадай бір эпизод бар. Өзімен прототип іспеттес Мұстафа деген таэквондошы жігіттің образын сомдаған ол бір топ қарақшымен шайқас кезінде жалғыз өзінің көпке төтеп бере алмасын сезгесін, құр босқа шейіт болып кетпеуді ойлап, қараңғы бір қуысқа тығылып қалады. Оны әрі-бері іздеп таппаған жендеттер басшысы сосын: «Шын Мұстафа болсаң, шық!», – дейді. Мұстафа селт етпейді. Жендеттер тағы:

«Жігіт болсаң, шық бері!», – деп айқайлайды. Мұстафада үн жоқ. Бір кезде төзімі түгесілген бандит: «Ей, Мұстафа, қазақ болсаң, шық бермен!»,  –  деп  қайыра  дауыс  қосады.  Сол кезде «қазақ» деген нәсілді бәрінен жоғары қоятын Мұстафа бір өзі жасанған жауға қарсы атып шығады. Лентаның сценарий нұсқасына тап осы көріністерді өз қолымен кіргіздірген Мұстафа осылай өзінің қазақ үшін нендей ерлік пен қорлыққа да баруға сақадай сай екенін айғақтап береді [4, 1 бет].

Ұлтшылдық арқылы адам бойында өз ұлтына деген мақтаныш сезімінің орнығып, өзінің қай ұлттың өкілі екендігін өзгелерге қымсынбай жариялап, өзін өзгелерден кем көрмеуге бейімделетіндігінің ұзақ жылдар бойы отарлық саясат шеңберінде өмір сүрген адамдар үшін маңызды екендігін Мұстафа Өзтүрік дәл сезіне білді. Ол өзінің әр сөзінде қазақ болып туғандығын мақтан етумен болды және өзгелердің де бойында ұлттық мақтаныш сезімін тудыруға тырысты. мұстафаның белгілі шәкірттерінің бірі иса­ тай қабеков: Біз одан Брюс Ли туралы сұраймыз. Сонда Мұстафа: «Брюс Лиді мен танимын. Асып-тасып жатқан өнері жоқ. Тек оның бет пішіні киноға түсуге лайықты болды. Әйтпесе, оны екі орайтын жігіттер де бар еді. Мен оны бір қасиеті үшін ғана сыйлаймын. Ол жүрген-тұрған жерінде «Мен Қытайдың ұлымын!» деп мақтанып жүретін», дейді. Бізге де Қазақ елінің намысын абыроймен қорғауды, туған жерді қадір тұту керектігін санамызға үнемі сіңіріп отыратын [5, 1 бет].

Мұстафа Өзтүрік өзі оралған Қазақстаннның сол кезде қалыптасқан жазылмаған заңдарына бағынған жоқ, кез-келген мәселеде өзіндік көзқарасы, ұстанымы болды. Оған мысал ретінде бір журналистің «Сізді Алматыға түскенде Қонаев ақсақалға барып шықты деп жүр ғой. Бұл оқиғаға таң қалғандар аз емес», деген сұрағына берген мына жауабы дәлел бола алады. «Барғаным рас. Оған таңданатын несі бар. Кейбір қателігі болды дегеннің өзінде, ол атамыз халқымыздың маңдайына біткен біртоға ұлдарымыздың бірі. Сол кезде заман сондай кері жүрді. Қателесуден тыс қалған қайраткер сирек. Бірақ, Қазақстан республика ретінде, қазақ ұлт ретінде, Қонаевтың еңбегі сіңбеді деп айта алмас. Сіздердегі бір теріс әдет, жоғары жақ айтса болды, ақ қарасын айырмай, сыпырып тастауға даярсыздар. Қонаев атаға айып тағылды екен деп, сырт айналу жараспайды. Кейін жылдар өткен соң ақтаған болып, өкінудің маңдайға тиетін кезі болған жоқ па?! Сондықтан да айтулы азаматтарымыздың адал бағасын көзі тірісінде беруден жаңылмау қажет. Менің ол кісіге батыл барып жүргенім сонау туған жерден жырақта жүрген бір шоқ қазақтың тілегі, солардың тапсырмасы. Сіздерді қайдам, біз Қонаевқа басқаша баға береміз. Бас кесек болса да тіл кеспек жоқ шығар» [6, 9 бет]. Бұл сөздер арқылы Мұстафа Өзтүрік әр адамның өзіндік саяси ұстанымы, саяси идеалдары болуы қажеттігін, сөз бостандығына шек қойылмау қажеттігін, елдегі билікке оппозициялық көзқарастағы адамдарға қоғамның теріс көзқараста болмау қажеттігін ортаға салады. Кеңестік идеология аясында қалыптасқан адамдардың санасының өзгеруі қажеттігін, қоғамда әртүрлі бағытта көзқарастар болуының демократиялық бағытқа бет бұрған мемлекет үшін қалыпты жағдай екендігін өзгелерге түсіндіруге тырысады.

Мұстафа Өзтүрік өзі өмір сүрген қоғамда орын алып жатқан келеңсіздіктерге қатысты өзіндік ойларын ғана ортаға салып қойған жоқ, олардың болашақтағы салдарына да мән бере білді. Сол кездері елімізде ашық түрде жаппай насихат жүргізуші түрлі секталар мен діни ағымдар жетегінде кеткен жастарды дұрыс жолға салмаудың салдарының ауыр боларын ескертті. «Шет елден келген миссионерлер көбейіп барады. Олардың бәрінің ниеті адал, таза дей алмаймын. Ол аз болғандай сол үшін елден ақша жинайды. Ал, оның бір бөлігі шет елдерге кетіп жатыр. Ол өз кезегінде бізге қарсы жұмысқа жұмсалады. Біздің жастарымыз болса, ондай ықпалға тез көне салады. Арасындағы белсенділеріне ақша да беріп қоятын көрінеді. Қысқасы, Қазақстан олар үшін бос кеңістік сияқты. Егер біз жастарымызға ие бола алмасақ, ертең мемлекетімізге де ие бола алмаймыз» [7, 11 бет]. Осы уақытқа дейін мемлекеттен дербес дамыған әртүрлі діни ағымдардың қоғамды үлкен қиыншылықтарға душар еткендігін ескерсек, Мұстафа Өзтүріктің діннің мәнін түсінетін азамат ретінде еліміздегі дін мәселесіне мемлекеттік биліктің уақыт өткізбей баса назар аударуы қажеттігін айтуы, оның көрегендігінен хабар бергендей.

Елімізде демократиялық қоғам орнауынан үміт күтіп және соған сенгендіктен Мұстафа Өзтүрік тікелей саясатпен айналысып, өз ұлтына қолынан келгенше қызмет етуге бел шешеді. Сөйтіп, 1994 жылы Мұстафа Өзтүрік Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі депутаттығына өз кандидатурасын ұсынады [8, 1 бет]. 1995 жылдың 22 қаңтарында өтетін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі депутатын сайлау күніне орай шығарылған «Еңбекшіқазақ» газетінде депутаттыққа кандидаттардың тізімі мен олардың сайлау алды бағдарламалары да қоса берілген екен. Газетте өзге кандидаттармен қатар Мұстафаның сайлау алды бағдарламасының орнына оның сенімді адамдарының (Қ.Нұрбеков, Ю.Галяшин, Б.Бейсекенов, Н.Жүнісбаев) «Мұстафаға дауыс беріңіздер!» деген тақырыппен үндеуі жарияланыпты. Онда Мұстафаның кейбір сөздері де цитатамен   берілген.

«Мен әлемдік даму мен өз республикамның, халқымның  өркендеуі  арасындағы өзгешелікті көзбен көріп жүрмін, мені Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің депутаты болуға итермелеген де сол. Батыста, әсіресе Түркия мен Германияда халқымыздың мыңдаған ұлдары өмір сүріп жатыр. Мен солардың жүрегіндегі арман-мүдделерін сіздерге жеткізуші елші болсам деймін. Ал, парламентке мүше бола қалған жағдайда ең әуелі, қарапайым халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдаймын. Өйткені мен сол бір аласапыран жылдары адасып кеткен қазақтың бір жапырақ ұлымын. Енді, кіндігімді туған жеріме байладым!» [9, 3 бет].

Осы жағдай турасында Несіп Жүнісбайұлының естелігі келесі жайды баяндайды: «бір жарым екі ай мен негізгі сенімді өкіл болып Алматы облысының Қапшағай, Еңбекшіқазақ, Шелек аудандарын араладық. Жасыратыны жоқ, ел қоғадай жапырылып қарсы алды. Дастархан жайды, жүз пайыз дауыс береміз десті. Күндердің күнінде сайлау өтті. Депутаттықты 85 пайыз дауыспен Зәуре Қадырова деген әпкеміз жеңіп алды. Мұстафа 15 пайыз ғана дауыс жинады. Еңсеміз түсіп екеуміз бір-бір бөлмеде жатып алдық. Бір аптадан кейін ол үйіне, Мюнхенге кетті. Бір жарым айдай сонда жүріп, қайтып келген соң ұзамай қайтыс болды» [10, 22 бет].

Мұстафаның саясатқа араласып, ел алдындағы беделіне жүгініп Жоғарғы Кеңес депутаттығына сайлауға түсуі, халықты демократиялық құндылықтарды  басшылыққа  алуға  үндеуі сол кездегі ел билігіне ұнамағаны анық, тіпті тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының өзінде бұрынғы коммунистік партиялық жүйе негізінде қайта құрылған атқару билігі заңдылық қағидасын ысырып қойып, командалық бағытта жұмыс істей бастағанын мына естелік арқылы көруге болады.

«Кандидат кезінде Мұстафа Алматының іргесіндегі аудандардың біріне кездесуге барады. Сонда оны аудан әкімі ме, орынбасары ма, әйтеуір бір атқамінер қабылдайды. Мұстафамен сөйлеседі. Мақтанатындарын, құрметтейтіндерін айтады. Бірақ, оны депутат ете алмайды. Өйткені тапсырма жоғарыдан. Облыстан. Басқа кандидатқа. Бізге жоғары жақ «отыр» десе отырамыз,«жат»десе жатамыз, деп ағынан жарылады әлгі әкім-сымақ. – «Тоңқай» десе, тоңқаямыз. Мұндай намыссыздықты естігенде Мұстафаның тілі байланып қалса керек» [11, 7 бет].

Мұстафаның сайлауда жеңілуін көпшілік көзі ашық адамдар оған жасалған қысастық деп ұқты және ол турасында ашық пікір білдіріп те жүр. «Мұстафаны әйтеуір бір себептермен оны шеттетіп, депутаттыққа өткізбеді. Мұстафаның сағының сынғаны осыдан деп жорамалдаймын. Қазақстанда орын алып жатқан кертартпа нәрселерді, сыбайлас жемқорлықты, түрлі қиындықтарды көрді. Шетелде таза, демократиялық жолмен өмір сүрген азамат бұған төзе    алмады.

«Елім» деп келіп, кереғар жағдайға тап болғаннан кейін онымен күресе алмады. Қолдау таба алмады» [12, 36 бет].

Өзінің ұлт мүддесін мемлекет мүддесімен ұштастыра қызмет жасауға ұмтылысын, алдына қойған мақсатының өз елінің мақсатымен үндестігін, өзінің сол елі үшін қызмет етуге даяр екендігін ол ешқашан жасырған емес. Мұстафа Өзтүрік тіпті сайлауда жеңіліске ұшыраған соң да  өзінің  саясатпен  айналысатындығын  ашық мәлімдеген болатын, ол «Егер мен жақсы өмірді қимасам, Германияда қалар едім. Ал, мен саналы түрде өз халқыммен бірге болып, бар қиыншылықтарды бірге көруге бел будым. Адам өмірінде мақсат болуы керек. Ал ол мемлекет, халық мүддесіне сай келгенде ғана мағыналы. Мен қазір спортты қойдым. Есесіне қоғамдық қызметке кірістім. Жақында Еңбекшіқазақ ауданында өзімді депутаттыққа ұсынып көрдім. Өкінішке орай өте алмадым. Ол үшін халқыма өкпем жоқ. әйтеуір қолымнан келгеннің бәрін істеймін. Егер біз қазір егемендіктен айырылып, экономиканы қиратып алсақ, келер ұрпақ бізді түсінбейді де, кешірмейді» [7, 11 бет], деп болашақта да саясатпен айналысуға бел шешкендігі жайлы өз ойын ортаға салған еді.

Мұстафа Өзтүрік 1995 жылы 15-наурызда Алматыда әлі де жұмбағы ашылмаған жағдайда көз жұмып, денесі Ыстамбұлдағы әкесі жатқан бейітке жерленді. Мұстафаның өмірден қастандықпен қош айтысуының да басты себебі оның ұлтқа қатысты ашық ойлары болуы мүмкін екендігін режиссер Қалила Омаров та қолдайды. Ол өз естелігінде Мұстафаның уланып өлтірілуінің екі себебін атап көрсетеді: біріншіден, Мұстафа талай отырыстарда «қазақ байлығын тек өзіміз пайдалануға болады ғой» деп айтып жүрген еді. Ал бұл байлықтың артында қандай алпауыттар тұрғанын елестетіп көріңіз; Екіншіден, кеңес үкіметі тараған соң, қазақ жеріндегі зауыт фабрикалар талан таражға түсіп жатты. Кейбіреулер Мұстафа осыған араласады деп қорқуы ғажап емес. Себебі, өзі тәрбиелеген жігіттер артында ер жетіп, белгілі бір күшке ие болып тұр еді [13, 50 бет].

Біздің, пікірімізше, Мұстафа Өзтүріктің өлімінің басты себебі, оның саясатқа ашық араласып, ұлтшылдық идеяларын ешкімнен жасқанбай ашық жариялауы болуы да мүмкін.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Топлы Ф., Мұстафа Өзтүрікті Қазақ елі ұлттық қаһарманға айналдырды.// қазақ әлемі сайты: 04.2014 – URL:www. qazaq-alemi.kz/news?id=653, Accessed: 25.02.2015.
  2. Нұрахметов Б., Мұстафа Өзтүрік: «Атажұртты сағынып тағы келдім...» // Лениншіл жас газеті, №113, 14 маусым, 1991 ж.
  3. Балажан А., Мұстафа Өзтүрік: «Тырнақ еттен ажырамайды» //Қасым сайты: 12.2014 – URL:www.qasym.kz›index. php, Accessed: 25.02.2015.
  4. Пірназар С., Марғасқа Мұстафа // Егемен Қазақстан газетінің сайты: 10.04.2014 – URL: http://www.egemen.kz, Accessed: 25.02.2015.
  5. Әміре Ф., Мінезді ер еді Мұстафа // baq.kz сайты: 18.12.2013 – URL:www.kz›blog/article/5689, Accessed: 25.02.2015.
  6. Өзтүрік М., Халқыма қарлығаш болып, қанатыммен су сепкім келеді. // Аңыз адам. №16, 2014 ж. – 6-9 беттер
  7. Өзтүрік М., Елімді тастап кете алмадым. 23 ақпан 1995 жылы «Дәуір» газетіне берген сұхбаты. // Аңыз адам. №16, 2014 ж. – 10-11 беттер
  8. Меделбек Р., Мұстафа Өзтүрік алпысқа толар еді // org сайты: 10 ақпан 2015. // URL:www.azattyq.org›content/ kazakhstan_mustafa_ozturk, Accessed: 25.02.2015.
  9.  Нұрбеков Қ., Галяшин Ю., Бейсекенов Б., Жүнісбаев Н. «Мұстафаға дауыс беріңіздер!» // Еңбекшіқазақ газеті. №3 (5539), 14 қаңтар 1995 ж.
  10. Жүнісбайұлы Н., Мұстафаны өлтірген – сол кездегі қазақ қоғамының дерті. // Аңыз адам. №16, 2014 ж. – 22-25 беттер
  11. Олжай Қ., Ақбоз ат мінген ақжолтай. // Нұр Астана газеті. 23 мамыр 2007 ж.
  12. Сәбден О., Шетелден «елім» деп келген спортшыны аман алып қала алмадық. // Аңыз адам. №16, 2014 ж. – 36 бет.
  13. Омаров Қ., Фильмді «Барып қайт, балам, ауылға» деп атағаныма өкінемін. // Аңыз адам. №16, 2014 ж. – 49-50 беттер

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.