Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы ұзақ процесс болып табылады. Қоғамдық сананың түбегейлі өзгертілуі қажет. Ал мемлекеттік билік қоғамның қауіпсіздігін қатамасыз етуге, тұлғаның еркіндіктері мен құқықтарын қорғауға бет бұруы керек. Құқықтық мемлекет бүгінгі таңда жалпы адамдық құндылықтардың ең елеулілерінің бірі болып табылады. Құқықтық мемлекет дегеніміз адам құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз етудің тиімді әдістік институты, бюрократиямен, мемлекет озбырлығымен күрес, айқын халықтық билікті қамтамасыз ету құралы.
Мемлекет қоғамның ең жоғары ұйымдастырылған институты ретінде саналады. Тек мемлекет қана жалпы қоғамның ресми өкілі болып табылады, нормалар түрінде жалпыға ортақ міндетті қағидалар шығаруға және заңдастырылған түрде оған мәжбүрлеуге құқылы.
Мемлекет саяси биліктің негізгі бас түйіні ретінде, саяси күштің ошағы болғандықтан кепілді тұрақтылықты қамтамасыз етуі шарт. Осы мақсатта мемлекет бассыздықтарға мен өз еркімен кетуге – жүгенсіздіктерге жол бермеуі үшін басқа да мемлекеттік емес құрылымдарға қарағанда мемлекеттік басқарудың жоғарғы сатысын иеленуі керек. Бұл үстемдік егемендік деген ұғыммен іске асырылады. Егемендік дегеніміз мемлекеттік биліктің үстемдігі мен заңды түрде мәжбүрлей алу мүмкіндігі. Мемлекеттегі барлық әлеуметтік күштер «өктемдігін тек қана мемлекеттің уәкілдігі мен бақылауымен іске асырады...» [1, 162 б.].
Мемлекеттік билік мемлекеттің барлық аумағына тарайды және тек мемлекеттік аппарат, мемлекеттік органдармен іске асырылады. Осылайша мемлекеттік билік қоғамның тұтастығын, оның тұрақты әрекет етуін қамтамасыз етудің бірден бір тиімді құралы болып табылады. Қоғам мемлекеттік билік дұрыс әрекет ете алмады. Биліксіздік немесе анархия қоғамның әр тұстарының ыдырауына, ал ақыр аяғы оның өліміне немесе диктатураның орнауына әкеліп соғады.
Мемлекеттің, мемлекеттік биліктің қоғамдағы рөлі қазіргі таңда, адамзат өзгерісті кезең дәуірін басынан өткізіп жатқан шақта өте маңызды. Кейінгі уақытта қоғамның тұрақты дамуын нарықтық механизмдердің құдіреттілігімен емес, мемлекеттің тұтыну және өндіру, экологиялық, тағы басқа да адамзаттың ауқымды мәселелерін шешуде мемлекеттік бақылау функцияларын нығайтумен байланыстырып келеді.
Қоғам өміріндегі мемлекет рөлінің осынша маңыздылығына қарамастан, мемлекеттің қоғам өміріндегі рөлін шектеу туралы пікірлер әлі де бар, ал кейде тіпті мемлекетті құрту ойы (анархистер пікірі, коммунистік қоғам туралы). Осы сияқты пікірлер негізсіз еместігін ескеу қажет ақ, өйткені көне дәуірден буржуазиялық төңкерістерге дейін мемлекеттік билік зорлық-зомбылық құралы болып келді. Мемлекеттік билік заңдастырылған мәжбүрлеу мүмкіндігіне ие болғандықтан бір жағынан қоғам игілігін қамтамасыз етудің тиімді құралы бола тұра, екінші жағынан адам құқығы мен еркіндігіне үлкен қауіп болып табылады. Барлық мемлекеттік дағды буржуазиялық төңкерістерге шейін биліктегілердің қоғамдық мүддені жамылып, өз мүдделеріне мемлекеттік билікті пайдаланғандығына, мемлекеттік биліктің өктемдігіне айқын айғақ. Қалай дегенмен, жеке тұлғаның құқығы мен мүддесі туралы еске алынбады [2].
Адам мемлекетке қарағанда үнемі тең емес жағдайда болады. Мемлекет өз ырқына адамдарды көндіруіне болады, бұл үшін ол мәжбүрлеу күшін пайдаланады. Былайша айтқанда, мемлекет адамдардың бастарының үстінен өз «қылышын» сермейді. Іс жүзінде бұл «қылыш» жекелеген мемлекеттік лауазымды тұлғаның қолында, олардың да қарапайым адамдар сияқты әлсіздіктері, құмартулары мен қызығушылықтары бар. Олар өзіне берілген билікті теріс падаланулары мүмкін. Адамдарға заңсыз серпілген «қылыштан» құтқарылу үшін «қалқан» қажет. Бұл «қалқан» адамдар мен мемлекет қарым-қатынасында қауіпсіздік сезімін қалыптастыратын адам құқығын құрастырады, ал құқық қорғау органдары осы «қалқанның» нығайуы мен әрекеттілігін «күзетуші иттері» болып табылады [3, 12-б].
Мемлекет озбырлыққа айналмас үшін оның билігін құқықтармен шектеу шарт. Құқықтық мемлекет – адам құқықығын бірінші кезекке қоятын билік, ол өз әрекеттеріне саналы түрде шектеулер қояды. Осы себептен құқықтық мемлекет идеясы барлық демократиялық күштермен идеал ретінде мойындалған.
Құқықтық мемлекет дегеніміз мемлекеттің әрекеттері конституция мен конституция негізінде шығарылған құқықтық заңдар шеңберімен шектелген мемлекет. Әділдіктің адамгершілдік идеясының шынайы құқығына және басқа да ізгілік құндылықтарына сай болуы тиіс заңдардың сапасы мен түрі құқықтық мемлекеттің маңызды сипаты болып табылады. Заңдардың осы сипаттарға сай болуын қамтамасыз ету – ол құқық мәнін іздеу процесі, ол тұрақты және тоқтаусыз процесс.
Құқықтық мемлекеттің мәндік сипаты үстемділік болып табылады; заң шығару процедурасын түгел ескере отырып шығарылған кезкелген заң емес, дәл құқықтық заңның үстемдік құруы. Құқықтық мемлекетте құқық пен заңның арасында айырмашылық болады. Құқық пен заңның айырмашылығының басты мәні құқықты адамгершілік, әділдік, теңдік идеалдарының кейпінде мойындау.
Мемлекеттің көпшілік саяси билігі құқықтық формаға енуі керек. Академик С.Сартаев құқықтық мемлекет дегеніңіз құқықтық тұрпаттағы көпшіліктің саяси билікті ұйымдастыру болып табылатынын баса айтады. Бұл түсінік бойынша мемлекет – адам өркениетін дамытуда басты роль алатын үлкен әлеуметтік және мәдени құндылық. Мемлекет өз тарапынан әлеуметтік тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді [4].
Құқықтық мемлекет барлық азаматтарға, олардың қауымдастықтары мен ұйымдарына теңдей және әділ, алаламай қарайды. Бұл формальды түрдегі теңдік принципі.
Бұнда құқық бостандық, әділдік, теңдік, гуманизм және ортақ игілік сияқты мәңгілік идеялар мен құндылықтарды іске асырушы институт ретінде түсіндіріледі. Бұнда идеологиялық плюрализм, жариялылық, көппартиялылық, еркін сайлаулар, билікті бөлісу, заңның үстемдігі, тұлғаның бостандығы мен құқығын қорғау, жоғары құқықтық мәдениет, жоғары мәртебелі және тәуелсіз соттың болуы, өркениетті азаматтық қоғамның көрсетікіші. Мұндай мемлекетте бәріне – азаматтарға да, мемлекеттік билік субъектілеріне де, конституциялық монархиядағы монархтарға да бірдей тең, әрі міндетті заң барлық қатынастардың негізі болып табылады. Құқықтық мемлекетті бекітуге жол беретін белгі – сот арқылы жай жолмен кез-келген мемлекеттік құрылымдарда, соттың өзін қоса алғанда, заңдылықты қалпына келтіре алу мүмкіндігінің бар болуы.
Қазіргі таңдағы отандық қоғамдық ой мен таяу шығыс елдерінде құқықтық мемлекетті қарастыруда мемлекеттік билікті бөлу принципіне сүйенеді.
Осы себепті бүгінгі таңда тек мемлекеттік билікті бөлу принципіне ғана ден қою дұрыс емес деп есептейміз. Өйткені құқықтық мемлекет жан-жақты постулат болып табылады. Құқықтық мемлекеттің маңызды тармақтарында мемлекеттік билікті бөлумен қатар келесілер бар.
Мемлекетке қатысты адам құқықтары мен бостандығына кепілдік беру принципі. Бұл принцип адамның негізгі құқықтарында нақтыланып, өзінің логикалық жалғасын табады.
Құқықтық теңдік принципі. Бұл адамның мемлекет алдындағы мемлекеттің адам алдындағы өзара жауапкершілігін білдіреді. Заңдар барлығына бірдей әсер ету күшіне ие және барлық азаматтар заң алдында тең болуы тиіс.
Құқықтық қауіпсіздік принципі. Бұл мемлекеттік әрекеттің заң және адам мүддесімен өлшемдесуін білдіреді [5, с. 14].
Құқықтық қауіпсіздік принципінің мемлекеттік әрекетпен өлшемдесуі белгілі дәрежеде мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілік принципімен қамтылады. Десек те бұл екі принципті ажырата білу керек.
Құқықтық қауіпсіздік принципі, мемлекеттік әрекетттің өлшемдесуі мемлекет және оның органдарын, билік тармақтарын құқықпен, құқықтық заңмен тежеуге бағытталған.
Өзара жауапкершілік принципі мемлекеттің келісімдік түсінігіне негізделген. Мемлекет одақ ретінде, адамдарды олардың амандығы мен қорғалуын қамтамасыз ету үшін біріктіруі, категориялық императив көмегімен мемлекеттік құрылымның адам бостандықтары жалпы шараларымен біріктіру құқықтық принциптермен келісімде болуын білдіреді. Мемлекетті осылай түсіну, мемлекет пен тұлғаға бір-бірінің алдында нақты жауапкершілікті жүктейді. Азамат Конституцияны ұстануы, заңға бағынуы, қоғам және мемлекет алдында міндетін абыроймен өтеуі тиіс. Мемлекет болса, билік негізінде бостандыққа, қауіпсіздікке кепілдік беруі, қоғамның тұтастығы мен оның тиісті қызмет етуін жалпы адамдық құндылықтарды жүзеге асыру жолымен экономикалық және рухани факторлар күшімен қол жеткізуге жағдай жасауы тиіс.
Адамдардың сенімін нығайту мақсатында мемлекет өз тарапынан келтірген шығындарды өтеуге міндетті.
Құқықтық қауіпсіздік принципі, мемлекеттік әрекеттің өлшемдігін мойындау құқықтық қамтамсыз етуде көрініс табады:
Мемлекет өзіне деген сенімді қамтамасыз ету үшіну, адамға келтірілген шығындарды өтеуі;
Заңның кері күшін қолдануға тыйым салу; Заңдардың айқындығы мен нақтылығын талап ету;
Артықшылдыққа шек қою, яғни мемлекет адам бостандықтарына тек мақсатты жағ дайда ғана араласа алады;
Мемлекеттік қызметтің айқын және бол жамды болуы.
Аталған принциптер неміс мемлекеттанушылары мен құқықтанушы лардың еңбектерінде түбегейлі қарастырылғандығын, сондай-ақ Германия заңнамаларына байыппен ендірілгендігін атап өту қажет. Бұл ереже Германия Конституциясында бекітілген. Негізгі заңның 34 бабында мемлекеттің өз органдарының іс-әрекетіне жауаптылығы белгіленген [6, c. 14].
14 бабта мемлекеттің араласуына байланысты тұлғаға ерекше шығын келтірілген жағдайда өтемақы төлеу қарастырылған. Осымен Германия Конституциясы құқықтық формада билік тарапынан келтірілген шығынды мемлекеттің өтеу қажеттігін бекіткен.
Қазақстан Республикасы конституциялық нормаларында мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалармен азаматтарға, оның мүлкіне және өзге мүдделеріне шығын келтірілген жағдайда, шығынды мемлекеттің өтейтіндігін бекіту қажет деп санаймыз.
Жоғарыда айтылғандай құқықтық қауіпсіздік принципі нақты бір деңгейде мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілік принципімен қамтылады. Сондықтан мемлекеттің тұлғаның бостандығына араласа алуы жағдайын жалпы қарастыру қажет деп санаймыз. Мысалы, ешқандай батыс мемлекеттерінің жаңа конституцияларында жекеменшікке қол сұғушылыққа жол бермеу туралы айтылмайды, керісінше жеке меншіктің баршаның мүддесіне қызмет етуін міндеттейді, тіпті мемлекет меншігіне айналдыруға жол беріледі, бірақ ол үш шарт: қоғам мүддесі үшін (жеке топтардың емес), парламентпен қабылданған заңды негізде (декрет жолымен емес) тең дәрежеде, кей жағдайда дау туындағанда сотпен бекітілген (лауазымды тұлғамен емес) шығынды өтеу қадағаланған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Осы секілді арнайы түзету 1995 жылы Швейцария Конфедерациясы Конституциясына енгізілген. Мұнда жеке меншік тиісті сотқа жүгіну арқылы азаматтық құқық ретінде қарастырылады, бірақ оны реттеу көпшілік мүддесін ескере отырып мемлекетпен жүзеге асырылады [7, с. 138-139].
Мемлекет монополияға қарсы заңдарды қабылдау арқылы бәсекелестік еркіндігін қамтамасыз етеді, рынокты басып алу мен монополиялық бағалардың бекітілуіне тойтарыс береді. Енді мемлекет тарапынан экономикалық дамуды жоспарлау (болжау) да қолданылады. Бес жылдық және өзге де жоспарлар Ұлыбритания, Франция, Үндістанда, Жапония және көптеген өзге мемлекеттерде қабылданған. Бірақ бұл жоспарлар әдетте өнімнің номенклатурасына сай (жеке кәсіпкерліктерге қатысты бұл мүмкін де емес, бірақ нақ соңғылары экономикада басым) қандай да бір тапсырыстарды бекітпейді, ол экономикалық жетілуді (нақты салаларға инвестиция тарту, салық жеңілдіктері және т.б.) қамтамасыз ететін қаржылық құрал жүйесін құрайды. Жалпы бұл әлеуметтік беталыстағы рынок экономикасының белгілері.
Соңғы жылдары ГФР кейбір заңнамалық новелла мен сот тәжірибесінде құқықтық мемлекет принциптерін шектеу, атап айтқанда іске қатысушы тараптардың әділ сот төрелігін шектеу үрдісі байқалады [8, с. 22].
Қылмыстық-процессуалдық кодекстегі өзгертулерге сәйкес, сот тәжірбиесінде айыпталушылармен қатар нақты іске қатысы бар тұлғалардың да негізгі құқықтары мен бостандықтары кең көлемде шектеледі.
Қазақстан заңнамасында, яғни ҚР Конституциясында құқық қауіпсіздігі принципі заңнамада анық көрініс таба алмай отыр. Өкінішке орай, Конституцияның ешбір бабында мемлекет органдарының өз ісіне деген жауапкершілігі бекітілмеген. Сондықтан да мемлекет органдарының өз ісіне деген жауапкершілігі бекітіліп және мемлекеттік қорды құруды ұсынамын. Азаматтардың мүдделеріне залал келтірген жағдайда сол қордан өтеледі.
Соның бір көрінісі Конституцияның 31 бабында дәлел бола алады. Мұнда келесілер көрсетілген: «Мемлекет адамның өмiр сүруi мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етiп қояды. Адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соғады».
Біздің пікірімізше, бұл бап мемлекет тарапынан қолайлы қоршаған ортада адам құқығын қорғауды қамтамасыз етуді тікелей міндеттей және жүктей алмайды. Ұсынылып отырған конституциялық норма адамның экологиялық құқығын бұзуда мемлекеттік міндет пен жауапкершілікті жүктеудің тікелей бағытын бере алады. Соған сәйкес, ҚР Конституцияның 31 бабына келесі редакцияны ұсынамыз :
ҚР-ның азаматтарының денсаулығы мен өмір сүруіне қолайлы қоршаған ортада тұруға құқылы.
Мемлекет адамдардың денсаулығы мен өмір сүруіне жағдай жасалған қоршаған ортаны қорғауға бағытталуы тиіс.
Лауазымды тұлғалар тарапынан адам денсаулығы мен өмір сүруіне қауіп тудыратын жағдайлар мен дәлелдерді жасырып қалу заң тарапынан жауапкершілікке тартылады.
Соған байланысты қазақ ғалым-заңгерлері С.Ф. Ударцев және Г.С. Қыдырханованың Қазақстан өзін экологиялық мемлекет ретінде жариялауына ұсыныс білдіргенін айтпай кетуімізге болмайды, оған қоса ҚР Конституциясының 1-ші бабында көрсетілгендей «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк және экологиялық мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» [9,61 бет] мысал бола алады.
Құқық қауіпсіздігі принципі мемлекет ісінің өлшемдестігі құқық шығармашылығы мен құқықты қолдану қырларының нақтылығын, заңның және нормативтік-құқықтық актілердің дұрыстығын анықтауды қатаң реттейді.
Сөйтіп мемлекеттік өркениет пен мәдениеттің көрінісі тек қана құқықпен тығыз әрекеттесу арқасында ғана толық ашылуына мүмкіндік береді. Құқықтық мемлекет идеясы адамның жалпы мүддесі мен бостандықтарының сәйкес келуі мәселесінің мәнін түсінудегі нәтиже көрсеткіші болып табылады. Мемлекеттегі формалды тепетеңдік принципі қоғамдық мүдде мен жеке адам мүдделерінің сәйкес келуіне, заң, құқық, соттың бәріне және әрбіреуіне , сонымен бірге мемлекетке де, оның органдары мен лауазымды адамдарына әділ қарауын жүзеге асырады.
Барлық субъектілер, сонымен бірге мемлекет және оның органдары заң және сот алдында тепе-тең. Бұл жағдайда мемлекет ұйымдастырудың құқықтық формалары мен саяси билік жариялылығына қызмет етеді, ал мемлекеттік билік заң шеңберінен шықпайды. Нәтижесінде жеке тұлға бостандығы билікке шектеу болса, ал құқық – жеке адам мен қоғам мүддесі бостандығының сәйкестікті орнатуда әділ құрал болып табылады.
Қазіргі таңдағы мемлекетадам бостандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жариялы институт, ол нақты және заңдық тепе-теңдік принциптермені толықтырылып тұрады. Заң алдындағы теңдікке сүйеніп, мемлекет адами белсенділіктің дамуына, кәсіпкерлік бастамаға ынталандырады, адамдарды бәсекелестікке, жетекшілікке жетелеп, қоғамның толық дамуына негіз болады. Бұл жоспарда заң алдындағы теңдік адамның әрі қарай дамуына септігін тигізеді. Айта кету керек, адам бостандығы мен құқық қауіпсіздігі шектеулі болуы мүмкін.
Мемлекеттік бостандықты шектеу заңды және әділ болуы үшін шектеусіз барлық субъектілер бостандық шараларын мойындауда теңдікті сақтауы тиіс. Сонымен бірге, тепе-теңдік екі түрлі: заңды түрінде және дәлел түрінде қарастырылады. Бұл мемлекет , құқық, заң, сот алдында да, нақты өмірлік игіліктерде де барлық субъектілер тең. Мемлекет жалпыға бірдей ортақ проблеманы шешуге бағытталған, теңдіктің тәртібіне кепіл беретін әлеуметтік институт.
Қазақстандық заңнамада, ҚР Конституциясында құқық қауіпсіздігі принципі анық көрініс таба алмай отыр. Өкінішке орай, Конституцияның бірде бір бабында мемлекеттік органдардың ісіне деген жауапкершілік мүлдем бекітілмеген. Сондықтан да Конституцияда мемлекет органдарының өз ісіне деген жауапкершілігі бекітіліп және мемлекеттік қоруды құруды ұсынамын. Азаматтардың мүдделеріне залал келтірген жағдайда сол қордан өтеледі. ҚР
–ның конституциялық нормасында мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар тарапынан жауапкершіліктің бекітілуі залалдарды өтеу және басқа да азаматтардың мүдделерін қорғауда кепіл бола алады.
Біздің пікірімізше, ҚР конституциясының 31 бабы мемлекет тарапынан қолайлы ортада адам құқығын қорғауды қамтамасыз етуді тікелей міндеттей алмайды. Ұсынылып отырған конституциялық нормаға өзгеріс енгізу адамның экологиялық құқығын бұзуда мемлекетке міндеттеме мен жауапкершілік жүктейді. ҚР-ның Конституциясының 31 бабын келесі түрде өзгертуді ұсынамыз. « ҚР-ның азаматтарының денсаулығы мен өмір сүруіне қолайлы қоршаған ортада тұруға құқылы. Мемлекет адамдардың денсаулығы мен өмір сүруіне жағдай жасалған қоршаған ортаны қорғауға бағытталуы тиіс. Лауазымды тұлғалар тарапынан адам денсаулығы мен өмір сүруіне қауіп тудыратын жағдайлар мен дәлелдерді жасырып қалу заң тарапынан жауапкершілікке тартылады».
Мемлекет – жалпы әлеуметтік сұрақтарды шешуде, қоғамда туындайтын проблемаларды бейбіт жолмен шешуге жағдай жасайтын жалпыға бірдей институт. Кез келген адами қоғамда үнемі қарама-қайшылық туындап тұрады, ал ол жалпы әлеуметтік проблемаға айналуы мүмкін, мұндай жағдайда мемлекет қоғамды мәмілеге келтіру құралы болып табылады. Бұндай жағдайда мемлекет тек құқықтық тәртіпты қорғау функциясымен, «мемлекет – түнгі күзет» функциясымен ғана шектеліп қана қоймай, қоғамдағы туындаған әлеуметтік қарама-қайшылықтарды, проблемаларды жоюда белсенді позицияны ұстану керек.
Мемлекет, ең алдымен, саяси билік болып табылады. Мемлекет барлық әлеуметтік топтар, кластар арасындағы қарым-қатынастарды реттейді. Ол барлық қоғамда ресми өкіл ретінде көрсетуі тиіс. Қоғам әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастар жиынтығы; саясат-әлеуметтік топтардың түрлі мүдделерін реттейтін билікпен байланысқан қарым-қатынас айналысы. Мемлекет саяси биліктің басты жинағы, саяси күштің эпицентрі бола отырып, тәртіпті қамтамасыз ететін кепілдік беруге міндетті.
Тәртіп кепілдігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік билік басқа мемлекеттен тыс құрылымдардың бассыздық пен жүгенсіздіктеріне жол бермеуде үстемдік ете алады. Суверенитет елдің ішіндегі мемлекеттік биліктің үстемдігі, өз территорияда немесе территориядан тыс тәуелсіздік пен өз еркінің дербестігін білдіреді. Мемлекет өз территориясында барлық әлеуметтік биліктерден жоғары тұрады және әлеуметтік топтар, кластар, адамдардың іс-әрекетіне бағыт-бағдар беріп отырады. Мемлекеттегі барлық әлеуметтік күштер тек мемлекеттің басқару және бақылау билігімен іске асырылып отырады [10,162 б.].
Қоғамда түрлі қоғамдық ұйымдар өмір сүреді. Қалайда сол немесе басқа да әлеуметтік күштертердің (саяси партия немесе т.с.с) қаншалықты әсері болса да, мемлекеттік билік басымдылық танытады. Мемлекет егеменділігі тәуелсіздік пен дербестікпен қатар өз билігі мен еркіндігін қамтамасыз еткенде көрініс табады. Мемлекеттің егеменділігі мынаны білдіреді, мемлекет өз еркін білдіре отырып, өз мүдделерінің орындалуына мүмкіндік алады. Сонымен бірге, бірде бір мемлекет шексіз егеменділікке ие бола алмайды. Осы және басқа да шешімдерді қабылдарда өзге елдер мен әлем қауымдастықтарының мүддесі ескерілуі тиіс.
Мемлекет еріксіз көндіруді ресмилендіруге монополиялы құқыққа ие. Бірақ ресми еріксіз көндіру заңдастырылуы тиіс. Антик дәуірінде де мемлекет туралы ұғымды тек заң негізінде бостандықты қамтамасыз ететін ұйым ретінде қарастырған болатын. Мемлекет туралы түсінікті билік пен бостандық сәйкестігінің әділ болуын іздестіруде. Қазіргі заң ғылымында сол дәстүр біршама шоғырланған түрде өз күшін либерталды тәсілден тапты. Ресей ірі ғалымы В.С.
Несесянцтың пікірінше, құқықтық мемлекет ұйымдардың құқықтық формасымен жаппай саяси билікке қызмет етуі дпе тұжырымдаған [11]. Біздің ойымызша мемлекет және құқықты қоғам мен тұлғаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары деп санауға болады. Мемлекетті бұл тұрғыдан қарастыру қазіргі дағдарыс заманында өзекті, актуалды. Мемлекет және құқық жоғары ұйымдасқандығынан қоғамның аса нәтижелі институттары сондықтан адамзат әлеуетін, әр жеке адамның мүмкіндіктерін аша түсуге, оның адамгершілігін өрістетуге қажетті жағдайлар жасауға бағытталған. Бұл жалпы қоғамның жедел, прогрессивті дамуының негізі болады, адамзат әлеуеті соғыстар жүргізу, өшпенділік тағы осы сияқты жаман әрекеттер үшін емес, барлық адамзатқа пайдасы бар әрекеттер (адамның материалдық жағдайын жақсартуға, адам мен табиғаттың үндестігіне, мәдениетті дамытуға, т.с.с.) жасауға жұмсалады. Мемлекет адамның ішкі жан дүниесін мейлінше тарылтпауы, оның рухани дамуы үшін қажетті еркіндікті беруі тиіс, сонымен бірге «адамдардың толыққанды өмір сүруіне және өрістеуіне» сыртқы жағдайларды мүмкіндігінше кеңірек қамтамасыз етуі керек.
Қоғамның мемлекеттік-құқықтық ұйымының мақсаты – араласпай, күш басымдығын көрсетпей, азғындық қылыққа итермелемей адамға ешкімге зиянын тигізбей әрекет етуге белгілі бір еркіндік кеңістігін кепіл ету, қоғамда рухани бастамаларды асқақтатуға сыртқы жағдайларды жасау және қауіпсіз өмір сүруді қамтамасыз ету. Мемлекеттік-құқықтық ықпал көмегімен қоғамды адамгершілік тұрғыда «сауықтыруға» болады.
Әдебиеттер
- Руссо Ж.Ж. Қоғамдық келісім туралы//Трактаттар. – М.: Канон-Пресс-Ц, «Кучково поле», 1998-416 б.
- Сартаев С.С. Біз конституциялық кеңістікте өмір сүреміз – Алматы,2010.
- Жовтис Е. Адам құқықтары мен құқық қорғау ұйымдары: Әдістемелік құрал. – Алматы: Адам құқтары мен заңдылықтардың сақталуы жөніндегі Қазақстандық Халықаралық Бюросы, «ХІІ ғасыр» қоры, 2002. – 12-15б.
- Сартаев С.С. Құқықтық мемлекеттің кілті кімде ?// Парасат. – 1990. №7. 4-5 бет
- Баймаханов М.Т. Құқықтық мемлекет // Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық негіздері оқу құралы – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – С. 7-20.
- Конституция 16 стран мира: Сб. стран-членов СНГ, Балтии и ряда др. государств мира / Құрастырушы. Ж. Баишева, К. Шакирова – Алматы: Жеті жарғы, 1995. – 576 с.
- Hottelier La garantie constitutionnel de la propriete en droit federal suisse: fondements, contenu et fonction // Revue Internationale de droit compare. – 1997. – № 1. – P. 138–139.
- Арнольд Й. Органичения правового государства в германском уголовно-процессуаальном праве ∕∕ Констиционное право: Восточноевропейское обозрение. -1999. № (28). – С.22-30.
- Кадырханова Г.К. Вопросы экологии в правосознании и правовой политике (теоретические и исторические аспекты): Дис. ... канд.юрид.наук. – Алматы, 2004, -149с.
- Сапаргалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. –Алматы,
- Нерсесянц В.С. Философия права. – М., 2010.