Әлеуметтік-экономикалық жүйенің трансформациясы қай кезде де, белгілі-бір дағдарыстың туындауына негіз болады. Ал ол өз кезегінде белгілі бір жағдаяттардың себебімен бұл жүйенің мүлдем жойылып кету қауіпін төндіреді. Сондықтан да, оның қауіпсіздігі туралы мәселе туындады. Бұл экономикалық қақауіпсіздікті мемлекеттік және құқықтық қамтамасыз ету және де қамтамасыз етудің мемлекеттік концепцияларын өңдеп жетілдіруге негіз болады. Экономикалық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі.
Экономикалық қауіпсіздік – бұл тұлғаның, қоғам және мемлекеттің өмір сүруінің маңызды мүдделерінің сондай-ақ, әлемдік қауымдастықтың экономиканың әлеуметтік бағытты дамуын қамтамасыз ететін көлемде тауарлар мен қызмет көрсетудің ауқымын кеңейтудегі өндірістік және өзге қызметін жүзеге асырудың нысандары мен сипатын өздігінше анықтауға мүмкіндікке ие болу үшін ішкі және сыртқы қауіптен жанжақты қорғалу жағдайын қамтитындығы белгілі [1, 32 б.].
Қазақстан әлемнің анағұрлым дамыған 30 елдің қатарына енудің стратегиялық бағыттары ұлттық экономиканың әлемдік шаруашылықтың даму жағдайына ыңғайлануды, елдің экономикалық өндіріс жүесінің кемшіліктерін жоюды және соның негізінде елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді.
Қазіргі әлемде болып жатқан жағдайларға орай Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі саяси тұлғалардың, заңгерлер мен экономистердің назарын аударып отырған өзекті мәселелердің біріне айналғандығы белгілі. Әлемдік экономиканың жаһандану жағдайында еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету елдің тәуелсіздігінің кепілі, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды компоненті болып табылады. Қай кезде де, тиімсіз және әлсіз экономика жағдайында ішкі және сыртқы қауіптерге тосқауыл қоюды, елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті әрі ұялы әскерді ұстауды қиынға соқтырады. Елбасы Қазақстанның дамуының «Қазақстан-2050» стратегиясында «...Дәйекті және болжамды сыртқы сая сат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайтудың негізгі бағыттарын атап көрсеткен болатын. олар:
Сыртқысаясаттыжаңғыртубасымдықтары.
- Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту.
- Өңірлік қауіпсіздікті нығайту.
- Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу.
- Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери доктринаны нығайту бағыттары түрінде анықтады.
Бұл бағыттардың барлығы ұлттық мүддені қамтиды.
Елбасының бұл Жолдауының ең басты және бастапқы басымшылығы елдің экономикалық дамуының сапалы жұлқынысының негізі ретінде Қазақстанның халықаралық экономикаға сәтті интеграциялануы жариялауында. Кеден органдары қызметінің басты міндеттерінің төңірегінде негізгі функциялары елдің сауда-экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында жүзеге асырылатын құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралардан тұрады [2].
Қазақстан Республикасының «Ұлттық қауіпсіздік туралы» 2012 ж. 6 қаңтардағы заңының 1-бабы 6-тармақшасына сай, Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерi – іске асырылуынан мемлекеттің адам мен азаматтың құқықтарын, қазақстандық қоғамның құндылықтарын және конституциялық құрылыс негіздерін қорғауды қамтамасыз ету қабілеті байланысты болатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық тұрғыдан танылған саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да қажеттіліктерінің жиынтығын қамтитындығы атап көрсетіледі [3].
Бұл турасында, елде жүргізілетін басқарудың ұйымдастырушылық-әкімшілік әдістен экономикалық әдіске өтуін көздейтін экономикалық реформаның негізгі элементтерінің бірі ретінде сыртқы сауданы мемлекеттік реттеудің рөлін жетілдіру болып табылады. Осы тұста тиімді сыртқы экономиканы реттеудің тарифті және тарифтен тыс механизмі Қазақстан Республикасының тиімді және біртұтас кедендік саясатын жүргізуге және де, кеден органдарының елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерін шешуге және оның экономикалық мүддесін қорғауға жағдай жасайды.
Сондықтан да Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету кеден органдарының басым міндеттерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар кеден қызметін елдің басқа да қауіпсіздік түрлерінің: шекаралық, экологиялық, қаржылық, радиациялық, әскери және т.б. қамтамасыз ету процесінде өз құзіретін жүзеге асыратын мемлекеттік биліктің бір элементі ретінде қарастырылады. Бұл кедендік бақылау аясымен анықталады.
Сонымен қатар қауіпсіздіктің ұлттық, халықаралық және жеке нысандағы үш түрін алып қарасақ, кеден органдары үш деңгейдің барлығында да туындайтын қауіпті төмендету процесіне қатысады.
Қазақстан Республикасының кеден кодексі (2003 жылғы 5 сәуірдегі №401II) Қазақстан Республикасындағы кеден ісінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді және Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қорғауға, Қазақстан экономикасының дүниежүзілік экономикалық қатынастар жүйесіндегі байланыстарын жандандыруға және сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасының 2010 жылы 30 маусымда Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы жаңа кодексі қабылданды. Бұл қадам жайдан – жай жасалынбады. Ең алдымен, 2009 жылғы 27 қарашада Минскiде Кеден Одағының тараптары деп аталатын – Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы арасында 2007 жылғы 6 қазандағы Бiрыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартты негiзге ала отырып жасалған Кеден одағының Кеден кодексi туралы шартты ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 293-IV Заңының қабылдануына негіз болды [4].
Кеден Одағының кедендік кодексі туралы шарттың 2010 жылғы 1 маусымынан күшіне енуі ортақ кедендік аймақтың қалыптасуын анықтап, үш елдің Кедендік одағының қалыптасуының бастапқы сатысына негіз салды.
Кеден одағын құрумен байланысты кедендік реттеудің сыртқы сауда қызметін мемелекеттік реттеу элементі ретінде одаққа мүше елдердің экономикасын халықаралық экономикалық кеңістікке халықаралық интеграциялау процестеріне әсері күшейе түседі [5, 77 б.].
Ал енді ҚР Президентінің 1991 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кеден комитеті туралы» жарлығына сай, елдің экономикалық қауіпсіздігі мен экономикасының дамуын, кедендік төлемдермен салықтардың төленуін, контробанда және валюталық бақылаудың кедендік ережелерін бұзумен күресуді қамтамасыз ету мақсатында кеден органдары құрылды. Әрине ол уақыттан бері кеден қызметі бірқатар жетілдіру реформаларынан өтті.
Кеден қызметінің қазіргі заманғы даму кезеңі «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыруға бағытталған. Бұлай дейтін себебіміз, кеден органдары жүйесінде құқыққорғау профиліндегі бөлімшелерді құру контробандамен, экономикалық қылмыстармен және коммерциялық құқықбұзушылықтармен күрестің белсене түсуіне мүмкіндік туғызды. Кеден органдары жедел іздестіру қызметінің субъектісі болды. Жұмыс мәніне қарай құқыққорғаушылық сипаттағы кеден органдары сыртқы экономикалық қызмет аясындағы құқыбұзушылықтар, Қазақстан Республикасы территориясына қару-жарақ, есірткі, валюта мен мәдени құндылықтардың заңсыз әкелініп-әкетілуімен күресуде өзге органдармен өзара байланыста әрекет етеді.
Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде кеден органдары үлкен рөл атқарады. Кеден органдары сыртқы сауда айналымын реттеуге қатыса отырып, сонымен қатар фискалдық функцияны жүзеге асыра отырып, ол мемлекет бюджетін толықтырады және сол арқылы мемлекеттің экономикалық проблемаларын шешуге көмектеседі.
Кеден органдары протекционистік шаралар арқылы мемлекеттің өндірісін қорғайды. Қазіргі кезде ҚР-ның экономикасы ашық болғалы бері бұрынғыға қарағанда ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігі күрделі мәселеге айналады.
ҚР кеден ісі туралы кодекстің 7-бабына сай, кеден органдары қызметінің басты қағидаларының бірі – сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың және кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету.
Және де оны қамтамасыз ету үшін кеден органдарының құзіреттерінің ішінде еліміздің бірден-бір экономикалық мүдделерін сақтауға бағытталған келесілерін атауға болады:
- ҚР кеден саясатын құруда оны жүзеге асыруға қатысу;
- ҚР экономикалық негізі болып табылатын ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігін өзінің құзіреттілігі шегінде қамтамасыз ету;
- 3 ҚР экономикалық мүдделерін қорғау; 4.Сауда-экономикалық қатынастарды реттеуде кедендік реттеудің құралдарын пайдалану;
- Кеден салықтарын, баждарын және т.б. кеден төлемдерін алу;
- ҚР-ның кеден территориясынан өткізілетін тауарлардың өткізу тәртібін қамтамасыз ету;
- Контрабандамен, салық заңдылықтарын және кеден тәртібін бұзушылықпен, кеден шекарасы арқылы наркотикалық заттардың, қарулардың, ҚР және шетел мемлекеттерінің халық жинаған археологиялық, тарихи, көркем заттардың, жоғалып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер және т.б. тауарлардың заңсыз айналысымен күрес жүргізеді, сонымен қатар халықаралық терроризммен күресуде жәрдемдесу;
- Кедендік сыртқы сауда стратегиясын және арнайы статистиканы жүргізу;
- Мемлекет қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті, адам денсаулығы мен өмірін, жануарлар мен өсімдіктерді, сырттан келетін тауарлардан қазақстандық тұтынушылар мүдделерін қорғаудағы шараларды жүзеге асыруға көмектесу;
- Өз құзіреттілігі шегінде валюталық бақылауда жүзеге асыру;
- ҚР-ның халықаралық міндеттерін орындауды қамтамасыз ету, ҚР-ның халықаралық келісімшарттарын жасауға қатысты, шетел мемлекеттерінің кеден және т.б. компоненттері органдарымен, халықаралық Ұйымдармен кеден ісі сұрақтары мен айналысатын, ынтымақтастықты жүзеге асыру [4].
Қазақстан Республикасының кеден аясы – сыртқы сауданы реттеу мен ел бюджетінің кіріс бөлігін толықтырудың тиімді механизмінің бірі екендігін атап кету керек. Көпфункционалды кеден қызметі іскер және өндірістік құрылымдардың шетелдік әріптестері арасындағы сауда-экономикалық қатынастарының қалыптасып, дамуына ықпал ете отырып, Қазақстан Республикасының экономикалық өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.
Егемен еліміздің өткен жиырма жылдығына қарасақ, тарихи жағынан осындай қысқа мерзімде Қазақстанның кеден органдары өзінің қалыптасуында дамыған, озатты елдердің деңгейімен қатар үлкен қадам жасады. Нағыз қазақстандық кеден қазіргі заманғы техникалық құралдармен жабдықталған, ең жаңа кеден технологиясын игерген кеденді білдіреді.
Соңғы жылдарда кеденнің әрі қарай да тиімді қызмет етуіне жағдай жасауға бағытталған бірқатар реформалар жүргізілді. Еліміздің сыртқы сауда айналымын арттыруы, инвестициялық жағдайды жақсартуы, Кеден заңнамасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіруі еліміздің кеден қызметінің қарқынды дамып келе жатқандығына дәлел болады [6, 18-20б.]. Солардың бірі,Қазақстан Республикасы кеден органдарының нақты жоспарын қалыптастыру мақсатында дамудың нақты бағытын анықтау және оның алдында тұрған тапсырмаларға қол жеткізу бойынша Қазақстан Республикасының кеден қызметін дамытудың 2020 жылғы дейінгі осы Стратегиясын әзірледі. Осы Стратегия Қазақстан Республикасының кеден қызметін дамытудың 2020 жылға дейінгі негізгі бағыттарын, осы мақсатқа қол жеткізу бойынша іс-шаралар кешені және белгілі бір бағыттар шеңберінде стратегиялы мақсаттары, сондай-ақ Стратегияны іске асырудан болжанған нәтижелерін айқындайды. Стратегия Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2013 жылғы «30» 01 №33 бұйрығымен бекітілген.
Бұл жерде, Сыртқы экономикалық қызметте халықаралық саудаға жәрдемдесу және ҚР қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты миссия болғандықтан, негізігі салаларды анықтау мақсатында болашақта кеден өзінің қорлары мен күштерін шоғырлау шеңберінде Кедендік бақылау комитетімен мынадай стратегиялық бағыттардың тізбесін анықталған болатын:
Фискалды функцияларды тиімді орындау; Сыртқы сауда айналымын ынталандыру; Қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Кедендік ынтымақтастықтың дамыту; Институционалды платформаны дамыту; Стратегиялық бағыттар Қазақстан Республикасы кеден органдарының дамуында негізгі саланы қамтиды, оның шеңберінде Стратегияның қолданылу кезеңінде нақты стратегиялық мақсаттарды орнату жүзеге асырылатын болады [7]. ҚазақстанРеспубликасыкеденоргандарының фискалды функциясын іске асыру шеңберінде кедендік төлемдермен салықтарды, сондай-ақ арнайы, демпингіге қарсы және өтемақы баждарын өндіріп алуды, уақытында және төленуін олардың дұрыс есептелуін бақылауды, оларды мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша шараларды қолдану жүзеге асырылуда.
Бүгінде мемлекеттік бюджет кірістерінің елеулі үлесі кедендік төлемдер түсімі есебінен құралып отыр. Сол себепті түсімдердің толық төленуін қамтамасыз ету аясында мемлекет стратегиялық тұрғыда кеден органдарының фискалды қызметінің мынадай басты мақсаттарын анықтап отыр:
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өз еркімен төленетін кедендік төлемдердің үлесін арттыруға мүмкіндік туғызатын жағдай жасау, мына жолмен:
Төлеуден жалтарудың негізгі себебін анықтау жолы бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар, кедендік баждардың салықтармен алымдардың қолданыстағы ставкасы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың құқығы мен міндеттері, кеден органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының өкілеттіктері, сондай-ақ кеден органдар қызметінің контрабандаға қарсы күрес және кедендік төлемдерді төлеуден жалтару бойынша нақты нәтижелер туралы СЭҚҚ ақпараттандыруды арттыру;
Сыртқы Экономикалық қызметке қатысушылардың өз еркімен төлейтін кедендік кірістер түсімінің толығын және кедендік төлемдердің үлесін одан әрі көбейтуді қамтамасыз ету мақсатында, кедендік төлемдерді төлеуден жалтару фактілерінің жолын кесу бойынша жұмыстарды жетілдіру [7].
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде дамудың негізгі бағыттары құқық қорғау қызметініңжәнекедендікбақылаудыңтиімділігін арттыру болып табылады. Бұл турасын кеден қызметі құзіретінің анализі кеден органдарының жылдан жылға ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысуы жарқын көрініс табады. Бұған негіз кеден органдарының халықаралық контрабанда қылмыстарымен күресудегі атқарып отырған қызметі. Бұл кеден органдарының фискалды функциясына қарағанда бақылаушылық-ықпал ету функциясына басымдылықтың ауысатындығын білдіреді.
Кеден Одағына кіргелі бері еліміздің қауіпсіздігі ел шекарасынан тысқары көлемді қамтитын болды. Кеден Одағы талабына сай, кедендік бақылауды жүзеге асырудағы негізгі қағида – таңдау қағидасы болғандықтан, кеден органдарының құқыққорғаушылық қызметінің тиімділігіне талап күшейе түсті. Кеден органдарының құқықорғаушылық қызметінің құқықбұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау, ескерту, тергеу және ашуғамен байланысты негізігі бағыттарымен қатар, кеден асындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатына басымдылық беріледі [8,78б.].
Кеден органдарының елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамсыз етудегі қызмет тиімділігі оның қолданатын әдістері мен құралдарының үйлесімділігімен байланысты. ҚР кеден органдарының елдің экономикалық мүддесін қорғауды қамтамасыз ететін әдіс-құралдарын негізгі екі тобқа бөліп қарастырылады:
- Құқықтық реттеу құралдары және құқыққорғаушылық қызметтің әдістері. Бұл жағдайда кеден органдары заң бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік беретін өктем құзіреттерін пайдалана отырып, құқықтық мәжбірлеу, санкциялар, қорғау шараларын қолданады. Бұл топ кеден органдарының құқыққорғаушылық қызметінің негізін құрайды.
- Сыртқы экономикалық қатынастарды реттеудің әдіс-құралдарына мемлекеттік тарифтік және тарифсіз реттеуді жатқызады. Бұл жердегі тарифтік реттеу әдістері: кедендік төлемдерді, салықтарды, кедендік құнды анықтау әдістерін, валюталық реттеуді және де, тауарлардың шығу елін анықтау әдістерін т.б. қамтиды. Ал тарифсіз реттеу: тауарларды кіргізу не шығаруға тыйым салу, тауарларды кіргізі мен шығаруға шектеу қою, яғни, лицензиялау, сертификаттау, квоталар белгілеу және эмбарго (латын тілінен – сыртқы экономикалық қатынастарда экономикалық санкция қолдану) және т.б. [9, 3б.]. Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу жүйесін жетілдірудің заманауи жаңғырту процесінің ерекшелігі ретінде даму моделінің инновациялық жолдары мен алдыңғы қатарлы шетелдер кеден органдарының қолданып жүрген модельдерімен үйлесімділігі көрініс табады. Бұл, елдің бәсекелестікке қабілеттілігін көтеру мен экономикалық дамуына ықпал ете алатындай тұрақты және тиімді қызмет ететін кедендік жүйені құруға мүкіндік береді.
Әрине елімізде мемлекеттік басқару саласындаәлідекүрделіреформалаушараларыжалғасуда. Соның ішінде фискалды қызмет пен кедендік бақылау қызметіне де тікелей қатысты. Атап айтқанда Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы жарлығымен ҚР Қаржы министрлігі құрамындағы «Салық комитеті» мен «Кедендік бақылау комитеті» қызметтерінің басты міндеттеріне сай біріктіріліп, Мемлекеттік кірістер комитеті ретінде қайта құрылды [10].
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 417 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы инистрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережесіне сай:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) орталық атқару органының өз құзыретi шегiнде кеден ісі саласындағы реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын, салықтардың кеден және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң толық және уақтылы түсуiн, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеуді, ұстауды, аударуды, әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді қамтамасыз ету, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің, темекі өнімдерінің өндірісін, айналымын, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның айналымын мемлекеттік реттеу, оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттікреттеужәнебақылау, салықсаясатын және кеден ісі саласындағы саясатты іске асыруға қатысу, Қазақстан Республикасында Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізумен, оларды Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен, кедендік төлемдерді және салықтарды төлеумен байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және мемлекеттік кірістер органдары мен билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын кедендік реттеуді әзірлеуге және іске асыруға қатысу, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу функцияларын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң ведомствосы болып табылады [11].
Және де, басты міндеттерінің қатарында елдің сыртқы экономикалық қызметін реттеу және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған келесілері орын алады:
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды анықтау және тергеу, сондай-ақ «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегия мен бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
Қазақстан Республикасының салық, кеден және бюджет саясатын іске асыруға қатысу;
Комитеттің құзыретіне кіретін халықаралық ынтымақтастыққа қатысу;
өз құзыреті шегінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін, адам өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес Кеден одағына мүше мемлекеттердің валюталарын, бағалы қағаздарды және (немесе) валюталық құндылықтарды, жол чектерін Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге бақылауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
Кеден одағының бірыңғай сауда саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
Сонымен, жоғарыда атап өткеніміздей, кеден органдарының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолданатын кедендік реттеу мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, сауда-экономикалық қатынастардың тиімділігін қамтамасыз ету және оның даму процесін жеделдету сондай-ақ, отандық экономиканың дамуын ынталандыра отырып, оны сырттай бұзғыш күштердің әсерінен қорғайтын құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық шаралардың жиынтығы.
Әдебиеттер
- Социально-экономические приоритеты в системе финансовых координат. Под общей редакцией А.А. Рогачева. – Алматы: Ғылым –
- Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 14 желтоқсан 2012 ж.
- Қазақстан Республикасының «Ұлттық қауіпсіздік туралы» 2012 ж. 6 қаңтардағы заңы.
- Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV Кодексі
- Лазуткин А. Таможенный Союз России, Белоруссии, Казахстана и проблема вступления России в ВТО // Проблемы правового регулирования международных экономических отношений на современном этапе: Материалы науч.-практ. конф. Международно-правового факультета ВАВТ (Москва, апр.2010 г.). – М., 2011. – Вып.45. – С.76-81.
- Момышева Д. С. Значение деятельности таможенных органов в реализации таможенной политики Республики Казахстан // Юридические науки: проблемы и перспективы: материалы II междунар. науч. конф. (г. Пермь, январь 2014 г.).— Пермь: Меркурий, 2014. — С. 18-20.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2013 жылғы « 30 » 01 № 33 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының кеден қызметін дамытудың 2020 жылғы дейінгі стратегиясы.
- Лазуткин А. Таможенный Союз России, Белоруссии, Казахстана и проблема вступления России в ВТО // Проблемы правового регулирования международных экономических отношений на современном этапе: Материалы науч.-практ. конф. Международно-правового факультета ВАВТ (Москва, апр.2010 г.). – М., 2011. – Вып.45. – С.76-81.
- Бишимбаев К.В., к.э.н., Механизм таможенного регулирования обеспечении экономической безопасности страны// Rusnauka.com. 2010г. 6стр.
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығы.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 417 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 3 қазанда № 9777 тіркелді.