Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғау жүйесіндегі ұлттық және халықаралық нормалардың мәні

Радиациялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің маңызды элементі және ол қазіргі және болашақ ұрпақтарды радиациялық ластанудың зиянды әсерінен қорғау жағдайын білдіреді. Тарихи және саяси тұрғыда қалыптасқан себептерге байланысты Қазақстан үшін радиациялық қауіпсіздік мәселесі ерекше мәнге ие. Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан алғашқы мемлекеттердің бірі. Дегенмен, ядролық қаруды қолданудың салдары әлі де  орын  алуда.  «Айталық, тек Семей ядролық сынақ полигонында 40 жылдық жоспарлы ядролық қаруды сынақтан өткізу мерзімінде 500 ядролық және термоядролық жарылыстар орын алғаны жақында ғана белгілі болды. Жарылған зарядтардың жалпы қуаты тротил эквивалентінде 18 мегатоннаны құрайды. Бұл аймақтың тек экологиялық жүйесіне ғана зиян келтірілген жоқ, сонымен қатар Семей, Курчатов қалаларында, Знаменка, Қайнар, Саржал, Долан, Қарауыл, Шаған елді мекендерінде тұратын әртүрлі жастағы жарты миллионға жуық адам радиациялық ластанудың құрбанына айналды. Бұл жағдай радиациялық қалдықтардың аэрозольды және диффузды түрде тасымалдануы (мал жайылымдары, жем-шөп даярлау және т.б.), сондай-ақ жабайы аңдардың түрлі жолдармен тасымалдауы салдарынан орын алуда [1].

Радиоактивтіластанукөбінесеқоршағанортадарадиоактивті элементтер мен заттардың табиғи радиоактивті деңгейінің (бұл жағдайда радиоактивті ластану физикалық және химиялық ластану түрінде қарастырылуы мүмкін) жоғарылауымен тығыз байланысты [2].

Қазақстанда алты ірі және көптеген шағын  уран  кеніне бай аумақтар бар. Осы кен орындары табиғи радиоактивтілік деңгейін жоғарылатады. Қазақстан аумағының 30% радиоактивті радон газының жоғары деңгейде бөлінуі орын алған, ал бұл адам денсаулығына шынайы қауіп төндіруде. Сонымен қатар радио нуклидтермен ластанған суларды ішу немесе шаруашылық қажеттілігі үшін пайдалану да үлкен қауіп қатерге алып келеді. Қазақстан кәсіпорындарында 50 мыңнан астам ионды сәулеленудің қайнар көздері бар екендігі анықталды. Радиациялық зерттеу нәтижесінде 700 бақылаусыз қайнар   көздер   анықталып,   олардың   16   адам   өміріне  аса жоғары деңгейде зиян екендігі айқындалды. Радиоактивті орта қалыптастыру радиоактивті ластанудың нақты көрінісі, ал радиоактивті қалдықтардың жинақталуы, яғни радиацияның қайнар көзі қоршаған ортаның ластануына алып келеді.

Радиациялық, сондай-ақ өзге де кез келген қауіпсіздікті қамтамасыз етуде құқық, яғни объектілерді қорғау бойынша құқықтық шараларды қамтамасыз ету маңызды рөл атқарады. Айталық зерттеуші А.Н. Агибаловтың   ойынша «Атом энергиясы және халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқықтық реттеу қызметінің негізгі міндеті адамдардың денсаулығымен олардың өмір сүру ортасына техногенді және табиғи сипаттағы радиациялық ықпал ету саласының басқарылуын қамтамасыз ету. Бұл басқарылуға қол жеткізу үшін халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуші нормативтік құқықтық база келесі мәселелерді нақты анықтауы тиіс: субъектілік құрам және олардың өкілеттіліктері (құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі); қарым-қатынас объектісі ретіндегі ионды сәулелендіру қайнар көздері, олардың табиғаты бойынша және адам денсаулығына келтіретін кері әсерімен қоршаған табиғи ортаның сапасы бойынша жіктелуі; атом энергиясын қолдану салдарынан қауіпсіздіктің өзгеруі ментоқталуы; халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің формалары мен әдістері; қаржыландыру көздері мен көлемі; ионды сәулелендіру қайнар көздерінің барлық түрлеріне қойылатын нақты талаптар; атом энергиясын қолдануға және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты құқық бұзушылықтардың нақты құрамы [3].

Адамның денсаулығы және оның ұрпақтарының саулығы ең бастысы қоршаған орта сапасына байланысты. Осы мағынада адамның қолайлы қоршаған ортаға құқығының конституциялық негізде бекітілуі барынша негізді әрі абсолютті шешім болып табылады.

Осы тұрғыда Конституция өзінің құқықтық қызметін қолданады. Оны белгілі конституциятанушы ғалым Д.М.  Баймаханова  былай деп түсіндіреді: «Конституция барлық құқық жүйесінің ядросы ретінде танылады, сондықтан түрлі құқық салалары үшін негізгі ереже болып табылатын маңызды құқық қағидаларын бекітеді де, осылайша оларды бірыңғай құқық жүйесіне  біріктіреді.  Конституция  жоғарғы заң күшіне ие. Барлық заңдармен мемлекеттік органдардың актілері Конституцияға сәйкес және соның негізінде жүзеге асырылады. Негізгі заң мемлекеттің нормативтік актілер жүйесін құрайды, олардың бағыныштылық ретін және оларды қолданыстан алып тастау тәртібін анықтайды [4].

Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабының 1-тармағында былай  делінген: «мемлекет адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» [5]. ҚР Экологиялық Кодексіне сәйкес қолайлы қоршаған орта дегеніміз – «экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халықтың денсаулығын сақтау, биоалуантүрлілікті сақтау, ластанудың алдын алу, экологиялық жүйелердің тұрақты қызмет етуі, табиғи  ресурстарды өндіру және рационалды түрде қолдану» [6]. Осы тұста ҚР ЭК қоршаған ортаның құрамдас бөліктерін табиғи және жасанды объектілердің бірлігі ретінде жекелей қарастырады. Оның ішіне атмосфералық ауа, Жердің озон қабаты, жерасты және жер үсті сулары, жер, топырақы, өсімдіктер және жануарлар әлемі, сондай-ақ осы аталғандармен өзара қатысты климат та кіреді.

Қазақстан   Республикасының   2012  жылғы6 қаңтардағы №527-IV Заңына сәйкес Қазақстанның ұлттық мүдделерінің негізгілерінің қатарына адамжәнеазаматтардыңқұқықтарымен бостандықтары жатады, олардың ішінде қолайлы қоршаған орта құқығы бастапқы позицияға ие, ал экологиялық  қауіпсіздік  еліміздің  ұлттық қауіпсіздігінің негізгі бөлігі болып табылады. Экологиялық қауіпсіздік адам және азаматтың, қоғамның және мемлекеттің ең маңызды өмірлік мүдделерінің қоршаған ортаға антропогенді және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қауіптер мен әсерлерден қорғалуын білдіреді [7]. Атом энергиясын, ядролық және радиациялық қауіпісіздікті қолдану және реттеу саласындағы ұлттық нормативтік  құқықтық  реттеу жүйесінің өзіндік иерархиялық құрылымы бар (кодификацияланған актілер, заңдар, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, арнайы өкілеттілік берілген  мемлекеттік органдардың бұйрықтары).

Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Орман кодексі, Су кодексі құқықтық акт  ретінде табиғатты пайдалану және қорғау бойынша маңызды объектілер болып табылатын жерді, суды, орманды және олардың жекелеген бөліктерін радиациялық ластанудан қорғауды қамтамасыз етуге қатысты бірқатар маңызды мәселелерді айқындайды.

Радиациялық қауіпсіздік – белгіленген нормаларға сәйкес қызметшілерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді  шектейтін шаралар кешенімен қамтамасыз етілген радиациялық жағдайының жай-күйі.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап оның заң қорының, соның ішінде экологиялық заңнамасы, яғни Конституцияда көрсетілген негізгі ережелерді жетілдіретін, нақтылайтын заңдылықтары қарқынды дамып қалыптасты. Осылардың ішінде, әсіресе қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғауды сауықтыруға қатысты мына заң актілерінің маңызы зор.

Қазақстан Республикасының Су кодексі (2003 ж. 9 шілде); Қазақстан Республикасының Жер кодексі  (2003  ж.);  Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы Заңы» (1996 ж. 6 шілде); Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің Заңдық күші  бар  «Мұнай  туралы  Жарлығы»  (1995 ж.18 шілде); Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Заңы» (2010 ж. 24 маусым); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Заңы»; Қазақстан Республикасының «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы Заңы» (1998 ж. 23 сәуір); Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақполигонындағыядролықсынақтардыңсалдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Заңы» (1992 ж. 18 желтоқсан); Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Заңы» (1997 ж 19 мамыр).

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңы» (1997 ж 16 шілде); Қазақстан Республикасының «Экологиялық сараптама туралы Заңы» (1997 ж 18 наурыз); Қазақстан Республикасының «Атмосфералық ауаны қорғау туралы Заңы»   (2002 ж 11 наурыз) заңды күшін жойып, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 2007 жылғы 9 қаңтарда № 212 қабылданды.

Радиациялық қауіпсіздік экологиялық қауіпсіздіктің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Осыған байланысты біздің мемлекетімізде адамның және қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігі деп аталатын арнайы нормативтік актілер блогы қалыптасқан. Мысалы  радиациялық  және  атомдық    қауіпсіздік

«Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Заңымен (1998 ж. 23 сәуір) және «Атом энергиясын қолдану туралы» (1997 ж. 14 сәуір,  №93-1) Заңымен қамтамасыз етіледі. Осылардың қатарында «Атомэнергиясын қолдану туралы» заң   алдымен   қабылданды.   Бұл   нормативтікакті атомэнергиясын бейбітшілікті қамтамасыз ету және қорғаныс мақсатында қолдануда туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. Зерттеуші А. Сәтпаеваның пайымдауынша «Бұл актінің қабылдануы Қазақстан Республикасында атом энергиясын ғана емес, сондай-ақ атом энергетикасының барлық  басқа да бағыттарында қауіпсіз дамуына қарай жасалған шынайы қадам болды. Бұл Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы атом энергиясы, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау салаларындағы барлық халықаралық шарт нормаларын бұлжытпай орындауды қамтамасыз етеді» [8].

«Атомэнергиясын қолдану туралы» [9]. Қазақстан Республикасының заңы атом энергиясын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудiң құқықтық негiзi мен принциптерiн белгiлейдi және адамдардың денсаулығы мен өмiрiн сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға ядролық қаруды тараптау режимiн, атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл заңға сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында заңды және жеке тұлғалардың атом қаруын әзiрлеу, жасау, өндiру, сынау, сақтау және тарату мақсатында атом энергиясын пайдалану жөніндегі кез келген қызметiне үзiлдi-кесiлдi тыйым салынған.

Атом энергиясын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылаумен қадағалау түріндегі шаралары заңмен көзделген. Сонымен қатар атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметтiң барлық түрлерi мемлекет тарапынан үнемi бақылау арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда мұндай тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Сонымен қатар бұл Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы атом энергиясын қолдану, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық шарт нормаларының орындалуын қадағалайды. Бұл заңның негізгі ережелері ұлттық атомдық заңнаманы Атомэнергиясы бойынша Халықаралық Агенттік талаптарына (МАГАТЭ – АЭХА) және радиациядан қорғау бойынша Халықаралық комиссия (МКРК-РҚХҚ) және Қазақстан Республикасы  қатысушы  субъект  болып  табылатын өзге де халықаралық ұйымдардың талаптарына сәйкестендіруге негіздеме болды.

Қазақстан Республикасында атомды пайдаланудың логикалық жалғасы ретінде 1998 жылы қабылданған «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» [10] Заңы қабылданды. Бұл нормативтік акті деградиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі принциптері, иондаушы сәулелендiру көздерiнің салдарынан Қазақстан Республикасы аумағының сәулелену шектері, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша негізгі шаралар анықталып бекітілген.

Талданып отырған заң радиациялық қауіпсіздік деңгейін бағалаудың жалпыталаптарын, иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдаланушылардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін, табиғи радионуклидтердің гамма сәулеленуі мен радон әсер етуіндегі радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын, тамақ өнімдерін өндірумен ауызсуды қолдану ерекшеліктерін, медициналық сәулелену ерекшеліктерін, радиоактивті қалдықтардың түсінігін, радиациялық апат түсінігін қамтиды.

Осыған орай бұл нормативтік акті халықтың денсаулығын иондаушы сәулелендiрудiң зиянды әсерiнен қорғау мақсатында оның радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi. Өз кезегінде бұл нормативтік акт қоршаған ортаны радиоактивтік ластанудан қорғайтын кейбір қатынастарды реттейді.

Жоғарыда аталып өткен жалпықұқықтық заңдар қатарында «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы заңы ерекше орынға ие. Әрине, бұл заңмен осы санаттағы заңнамалық актілер қатары шектелеуі тиіс деген түсінік қалыптаспауы тиіс.

Айталық атомэнергетикасымен өндірісін дамытудың кейбір мәселелері «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңда, «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы», сондай-ақ өзге де жалпықұқықтық сипаттағы нормативтік актілерде көрініс тапқан. Осыған қарамастан іс жүзінде атомөнеркәсібін реттейтін заңнамалық актілер жеткіліксіздігі орын алған.

Қолданыстағы заңдарды дамыту мақсатында бірқатар Заң күші бар Президент Жарлықтары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, республикалық мақсатты бағдарламалармен концепциялар қабылданды. Мысалы, Қазақстан Республикасының 2002-2030 жылдарға арналған уран өнеркәсібі және атом энергетикасын  дамыту Тұжырымдамасы. Әрине, уақыт өте келе, кез келген бағдарлама немесе заң өзектілігі артпаған жағдайда өзінің күшін жояды. Сол сияқты бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі Аталып өткен заңнамалық актілер адам өмірі мен денсаулығын сақтау және қоршаған табиғи ортаны қорғауға бағытталған заңға бағынышты бірқатар жүйенің негізін қалады. Бүгінгі таңда радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 50-ден астам Қаулылары қабылданды. Көп жағдайларда бұл актілер радиоактивті элементтерді қолдануда заңнамалық жүйеде маңызды орын алатын нормативтер  мен талаптар болып табылады. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы №202 «Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын санитариялықэпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын   бекіту   туралы   туралы    Қаулысы, «Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа және олардың қауіпсіздігіне, қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы №168 Қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жерлерді консервациялау туралы Ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 29 қыркүйектегі №993 Қаулысы, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаның гигиенасы жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 маусымдағы 878 Қаулысы.

«Ядролық және радиациялық қауіпсіздік» техникалық регламентін [11] бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 шілдедегі №768 Қаулысын ерекше атап өткен жөн. Бұл Регламенттің қабылдануы  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанда атомдық электростанция салу туралы шешіміне байланысты жүзеге асырылды. Аталмыш Регламент ядролық, радиациялық және электрлік-физикалық қондырғыларды қанағаттандыруға тиіс ядролық және радиациалық қауіпсіздікке қойылатын талаптарды белгілейді

Бұл регламенттің қабылдануы «2020 жылға дейінгі даму перспективасы мен Қазақстан Республикасында атом саласын дамытудың 2011-2014  жылдарға  арналған бағдарламасын» [12] жүзеге асырудың бір тармағы болып табылады. Бұл бағдарламаның мақсаты елдің жедел индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету үшін атом өнеркәсібін дамыту және атом энергетикасын құруды көздейді.

Ресей Федерациясының табиғатқорғау заңнамасында келесідей актілерді ерекше атап өткен жөн: «Қоршаған ортаны қорғау туралы» 2002  жылғы  10  қаңтардағы  Федералдық   Заң, 1995 жылғы 23 қарашадағы «Экологиялық сараптама  туралы»  Федералдық заң,  1995 жылғы 14 наурыздағы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Федералдық заң, «Чернобыль АЭС апатының салдарынан радиациялық әсер етуге душар болған азаматтарды әлеуметтік қолдау  туралы»,  1995  жылғы  21    қарашадағы «Атомэнергиясын пайдалану туралы» Федералдық заңы, 1997 жылғы 2 мамырдағы «Химиялық қаруды жою туралы» Федералдық заңы.

Ядролық қауіпсіздіктің жекелеген аспектілері Ресей Федерациясының келесі Федералдық заңдарымен реттеледі: 1992 жылғы 21 ақпандағы «Жер қойнауы туралы», 1999 жылғы 4 мамырдағы «Атмосфералық ауаны қорғау туралы», 2002 жылғы 27 желтоқсандағы «Техникалық реттеу туралы», 2001 жылғы 8 тамыздағы «Жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау туралы», 1994 жылғы 21 желтоқсандағы «Халықты және аумақты табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау туралы», 1999 жылғы 30 наурыздағы «Халықтың санитарлық эпидемиологиялық қолайлы жағдайы туралы».

Егер Ресей Федерациясының радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заңнамасын сараптайтын болсақ, онда  1998  жылғы 23 сәуірдегі «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» [13] заңын ерекше атап өткен жөн. Аталған нормативтік актімен Ресей Федерациясы аумағындағы радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қағидалармен шаралар, гигиеналық  нормативтер  (сәулеленудің  белгіленген шектеулері) мен радиациялық қауіпсіздік талаптары бұзылған немесе орындалмаған кездегі жауапкершілік ерекшеліктері айқындалған.

Аталған Заңның 4 бабында халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамсыз етудің құқықтық, ұйымдастырушылық, инженерлік-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, медициналық алдыналушылық, тәрбиелік және білім беру сипатындағы кешенді шаралар декларацияланған. Егер «атомэнергиясын қолдану саласындағы қауіпсіздік» және «халықтың радиациялық қауіпсіздігі» ұғымдарын салыстырмалы түрде қарастыратын болсақ, онда олардың қорғау объектілерімен өмірлік маңызы  бар қауіп қайнар көздерінің әртүрлі екендігіне көз жеткізуге болады.

1994 жылғы 21 желтоқсандағы «Халықты және аумақты табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау туралы» Федералдық заң апат қаупі бар өндіріс орындарында алдын ала төтенше жағдайларды туындатпау мақсатында жүргізілетін, ал төтенше жағдай орын алған болса, онда адамдардың денсаулығын қорғау, қоршаған ортаға келетін материалдық зиянды барынша азайту мақсатындағы шаралар кешенін айқындайды [14].

Ал 1997 жылғы 21 шілдедегі «Қауіпті өндіріс объектілерінің өндірістік қауіпсіздігі туралы» [15] Федералдық заң қауіпті өндіріс объектілеріндегі апаттардың алдын алуға ба-ғытталған. Заңғасәйкес,өндірістікқауіпсіздікталаптарыэкологиялық қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуі тиіс. Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасындағы радиоактивті салаларда, сондай-ақ қоршаған ортаны радиоактивті ластанудан қорғау салаларында қолданылатын нормативтер мен стандарттар халықаралық нормативтік актілерге негізделген, сондықтан олар көбінесе Ресей Федерациясымен Америка Құрама Штаттарында қабылданған осы тәріздес заңнамалық актілерге өте ұқсас болып келеді.

 

 

 

әдебиеттер

  1. Воронина Н. Профилактика последствий Семипалатинского полигона // http:www.todikamp.kz/ novosti.
  2. Абдраимов Б. Жарылкасын Е. Возмещение экологического вреда по законодательству Республики Казахстан. – Алматы: Юрист, – 80 с.
  3. Агибалов А.Н. Правовое регулирование радиационной безопасности населения при использовании атомной энергии: автореф.кан. юрид.наук: 12.00.06 – Саратов, 2001. – 25 с.
  4. Баймаханова Д.М. Проблемы прав человека в системе конституционализма в Республике Казахстан: дис. докт.юрид. наук:12.00.02.-Алматы, 2009. – 298 с.
  5. Республика Казахстан. Конституция РК от 30 августа 1995 г. // Информационно-правовая система «Әділет».
  6. Республика Казахстан. Экологический Кодекс РК от 9 января 2007 г. // Информационно-правовая система «Әділет».
  7. Республика Казахстан. Закон РК «О национальной безопасности» от 6 января 2012 года №527-IY // Информационноправовая система «Әділет».
  8. Сатпаева А.М. Правовое регулирование атомной промышленности Республики Казахстан // Вестник КазНУ. Серия юридическая. – 2009. – №1. – С.25-31.
  9. Республика Казахстан. Закон РК «Об использовании атомной энергии» от 14 апреля 1997 г. №93// Информационноправовая система «Әділет».
  10. Республика Казахстан. Закон РК «О радиационной безопасности населения» от 23 апреля 1998 года №219 // Информационно-правовая система «Әділет».
  11. Постановление Правительства РК. Об утверждении технического Регламента «Ядерная и радиационная безопасность» от 30 июля 2010 г. №768 // Информационно-правовая система «Әділет».
  12. Постановление Правительства РК. Об утверждении Программы развития атомной отрасли в Республике Казахстан на 2011-2014 годы с перспективой развития до 2020 года от 29 июня 2011 года №728 // Информационно-правовая система
  13. «Әділет».
  14. Российская Федерация. Закон РФ «О радиоактивной безопасности населения» от 23 апреля 1998 года, №219-І// Информационно-правовая система «Әділет».
  15. Российская Федерация. Закон РФ « О защите населения и территорий от чрезвычайных ситуаций техногенного характера» от 21.12.1994 №68-ФЗ // Информационно-правовая система «Әділет».
  16. Российская Федерация. Закон РФ «О промышленной безопасности опасных производственных объектов» от 21.07.1997 г. №116-ФЗ І// Информационно-правовая система «Әділет».

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.