Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Халықаралық қылмыстық құқығындағы экстрадиция мәселесі

 Халықаралық қылмыстылықпен күресу халықаралық құқық және ішкі мемлекеттік қылмыстық құқық негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар көптеген жалпы қылмыстық құқық бұзушылар көбінесе халықаралық нысанға иеленеді. Соңғы уақытта Қазақстан Республикасында ТМД мемлекеттерінде сияқты шетел азаматтарымен, оларға қатысты жасалынған қылмыстардың саны өсті.

Халықаралық қылмыстық құқықта қылмыстылықпен күресу нені білдіреді? Біріншіден, дәстүрлі түрде халықаралық сипаттағы қылмыстарға жатқызылатын халықаралық қылмыстармен күресу туралы сөз айтылады. Алайда қазіргі таңда көптеген жалы қылмыстық қылмыстар (дәстүрлі түсінікте) жоғарыда аталғандардың сипатын иеленеді. Сондықтан да халықаралық қылмыстық құқықта  қылмыстылықты  алдын алу көбінесе әлемдік құқықтық тәртіпті қолдау контексінде бағалану қажет.

Дәл егер осылай «қылмыстылықпен күресудің» мақсатын түсінсек, неліктен халықаралық қылмыстық құқықтың тек халықаралық ғана емес, ішкі мемлекеттік дәрежеде қолданылатындығы түсінікті болады – себебі халықаралық қылмыстық құқық бойынша қылмыс деп танылған әрекет әрине тек «классикалық» халықаралық сипатқа ие болмауы мүмкін, сонымен қатар жалпы әлемдік құқықтық тәртіпке қауіп төндіруі мүмкін (біріншіден, оған бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігі кіреді).

Дүниежүзілік құқықтық тәртіпті қолдау мақсатымен ұлттық заңнамада имплементациясыз, соның ішінде мемлекет аумағында және белгілі бір себептермен халықаралық құқық нормалары күшіне енбеген мемлекеттердің азаматтарына қатысты халықаралық құқық нормаларын қолдану мүмкіндігімен уағдаласқан.

«Дүниежүзілік құқықтық тәртіп» – әлемдік түсінік. Ол жалпы адамзаттың қауіпсіздігі мен бейбітшілікті қамтамасыз ету мен мақсаттарынан, тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын әлемдік қорғау мақсаттарына, экологиялық қауіпсіздік мақсаттарынан және т.б. тұрады. Негізінен, дүниежүзілік тәртіп – құқықтың барлық салаларымен қорғауға алынған барлық мүдделерінің   жиынтығы.   Бірақ   халықаралық   құқық өзінің мақсаты ретінде қылмыс деп танылатын саламен қарастырылатын әрекеттерден дүниежүзілік құқықтық тәртіпті сақтау болып табылады.

Халықаралық қылмыстық құқықтың аталған мақсатын жалпы алдын алу ретінде анықтауға болады. Оның мәні – халықаралық қылмыстық құқықпен қарастырылған субъектілердің белгісіз тобымен қылмысты жасаудан бас тарту болып табылады [1].

Басқа жағынан, халықаралық қылмыстық құқық тағы да бір мақсатты шешуді көздейді – қылмысты жасаған тұлғаны барынша жазалау шарасы. Расында жасалынған қылмыс үшін жауапкершілікті орнатусыз хылықаралық қылмыстық құқық мәнін жоғалтады. Біздің ойымызша, халықаралық қылмыстық құқықтың жазалау мақсатына қылмысты жасаған тұлғаларға қатысты жеке алдын алуы жатады.

Сонымен қатар, халықаралық қылмыстық құқықтың екі мақсаты – жалпы алдын алу (дүниежүзілік құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету) және жазалау (қылмысты жасаған айыпты тұлғаны қылмыстық ізге түсуі).

Аталған мақсаттардың иерархиясы туралы мәселе пайда болуы мүмкін. Халықаралық қылмыстық құқықтың белгілі мақсатын басым ретінде түсіну дәлелдері жеткілікті. Алайда, заңи реттеудің тәсілдері мен пәнінің әмбебап сипатын түсіну күшіне орай қарастырылып жатқан құқық саласы үшін  аталған екі мақсатты «көбірек» немесе «аздау» маңызды деп бөлу мүмкін емес және мақсатты емес.

Демек, халықаралық қылмыстық құқықта әрекеттің қылмыстылығы мен оны жасағандығы үшін жауапкершілікті бекіту халықаралық қылмыстық құқықтың өзінің мақсаттарына жетудің негізгі құралдары болып табылады.

Экстрадиция орны, яғни  халықаралық құқық жүйесінде қылмыскерлерді ұстап беру институты бір мағыналы түсіндірілмейді [2]. Кейде оны екінші кезектегі институт ретінде санайды. Дегенмен, қылмыстылық шектерін танымай қиындатылады; әртүрлі мемлекеттердің ұйымдасқан қылмыстылығы тығыз байланысты орнатады; бір мемлекетте қылмыс жасаған қылмыскерлер басқа мемлекет аумағында жасырылады, «бауырластары» жағынан қолдау тауып, жиі мекенін ауыстырады. Мұның бәрі экстрадиция мәселесін өзекті жасайды. Осы уақытта, көптеген мемлекеттердің шетелде қылмыс жасаған азаматтарын, олар дипломаттық иммунитетпен пайдаланбаса да алып бермеуге талпынысы байқалады. Басқа мемлекеттер ынталана «өзінің» қылмыскерлерін береді.

Әртүрлі мемлекеттердің заңнамасы экстрадицияның табиғаты туралы мәселені әртүрлі шешеді. Мысалы, Италияда қылмыскерлерді алып беру туралы нормалар Қылмыстық Кодекске (1984 ж.) енгізілді. Ресейдің жаңа Қылмыстық Кодексінде алып беру туралы бап бар. Қылмыскерлерді алып беру туралы Ресейдің, Францияның, Германияның, Ирландияның, Италияның, Португалияның, Испанияның конституцияларында айтылады. Еуропалық мемлекеттерде экстрадиция мәселелерін сот органдары, соның ішінде жай қылмыстық соттар шешеді. Сол кезде көптеген мемлекеттер қылмыскерлерді алып беру мәселелерін шешу үшін ерекше соттар немесе ad hoc соттарын құру мүмкіндігін қарастырады.

Бұл туралы Австрия, Дания, Франция, Португалия, Швейцария және Испанияның заңнамалық актілерінде және заң әдебиеттерінде айтылады. Исландия, Финляндия және Швеция экстрадиция мәселесін шешу үшін арнайы соттардың құрылуын қарастырады [3].

Тарихи анықтама ретінде қылмыскерлерді беру туралы мәселе ең бірінші басқа мемлекеттерде жағымсыз әрекеттерді немесе қылмыстарды жасаған дипломаттарды жөнелтуге байланысты пайда болды. «Дипломатиялық иммунитет» туылды – жаңа институт, содан осы иммунитет таралатын субъектілер дөңгелегі ұлғайды. Осыдай кейін «ұстап бермеу құқығы» өзі қашып кеткен мемлекет заңдары бойынша жазаланатын қылмыстарды жасаған, басқа мемлекетте саяси тұрақ сұрағандар иелене бастады. Соңында саяси тұрақ түрлерінің астында «ұстап бермеу құқығын» жай қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағандар пайдаланды. Ең мәлім факт бұл Түркия мен АҚШ мемлекеттерінің кеңестік самолеттің бортпроводницасын өлтірген литвалық террористер Бразинскасовтарды бермеу болды.

Көптеген ғалымдар қарастырылып жатқан институтты сынай отырып, қолданыстағы мемлекеттер    арасындағы    экстрадиция туралы келісімдер әрқашан да Адамның құқықтары туралы Пактіге сай келеді. Осындай сәйкессіздіктің ең тиімді сипатына сай мысалдары – жиі бірнеше жыл жалғасып жатқан ұстап беру туралы мемлекеттерде келісімдер жүргізілетін жағдайлар, ал кінәсі әлі сотпен дәлелденбеген азамат осы жылдар бойы қамауда ұсталынады. Бұл жағдайларда жалпы танылған және халықаралық құқықтың ақыл-есті ережелері ұлттық құқық қоғау органдарының қызметін қиындатады, ішкі заңнама мен адамның құқықтары туралы пактілерге қарамақайшы келеді. Сондықтан да экстрадиция туралы келісімдер міндетті түрде мемлекеттің ұлттық заңнамасын құрметтеу кезінде адамның құқықтары туралы пактілерде баяндалатын жалпы танылған нормалар мен қағидаларда енгізілу қажет [4, 20 б.].

Осы барлық қиындықтар мен қарамақайшылықтарға қарамастан халықаралық қылмыстылықпен күресу экстрадиция институтынсыз мүмкін емес. Қалай мемлекет қылмыскерлерді беру мәселелерін шешеді? Ең бастысы – екі жақты немесе аумақтық келісімдер арқылы.

Экстрадиция туралы екіжақты келісімдердің көп саны бар. Бұл мысалы Германия мен Югославия арасындағы (1970 ж.), Германия мен Австралия (1987 ж.), Италия мен Австралия (1973 ж.), Испания мен Мексика (1978 ж.), Бельгия мен Австралия (1985 ж.), Бельгия мен Норвегия (1981 ж.), Ирландия мен АҚШ (1983 ж.), сондайақ Латын Америка, Еуропа және  т.б.  арасында. Аумақтық келісімдер санынан 1966 жылы Британдық Ұлттар Достығының мүшелерімен қабылданған қылмыскерлерді беру туралы келісімді атап өтуге болады [5, 254 б.].

Бұрынға КСРО-мен құқықтық көмек туралы бірқатар келісімдер жасалынды: ҚҰДР (1957), Польшамен  (1958),  Румыниямен  (1959), Албаниямен (1958), Венгриямен (1958),  Югославиямен (1962), Монголиямен (1988), Финляндиямен (1978) және т.б. Алайда, кейбір келісімдерде экстрадиция  туралы  тараулар  жалпы  нысанда қалыптасқан, қажетті нақтылаусыз бұл қылмыскерлерді беру тәжірибесін қиындатады. Принципті түрде құқықтық көмек туралы келісімдер беру туралы келісімдерде кең. Оларда экономикалық, мемлекетаралық және басқа да қатынастар реттелінетін мемлекеттік, азаматтық және құқықтың басқа да салалардан тұрады. Жиі бұл келісімдерде кез келген мәселе, соның ішінде экстрадиция мәселелері жеке реттелуіне ұсыныстар бар.

Дүниежүзінде экстрадиция мәселелері бойынша көбінесе жалпы сипаттағы келісімдердің барын көрсетеді. 1957 жылы Парижде Экстрадиция туралы Еуропалық Конвенция қабылданды. 1975 жылы Страсбургте осы Конвенцияға Қосымша протокол қабылданды, ол бірқатар мәселелерді анықтады. 1978 жылы тағы да Страсбургта осы Конвенцияға Екінші Қосымша протокол қабылданды. Еуропалық Кеңес еуропалық мемлекеттер арасында экстрадиция мәселелерін түсінуді жақындатуға тырысады.

Экстрадиция мәселелерін шешетін тағы да бірқатар конвенцияларды атауға болады, сыпалы, 1983 жылғы қылмыстарды жасаған тұлғаларды айырбастау туралы Конвенция (Страсбург).

Еуропалық Қоғамдастықтың мүшелері арасында бірқатар келісімдер бар, оларда қылмыскерлерді беру реттелінетін ережелер бар. Мысалы, Еуропалық қоғамдастықтың мүшелерінің арасындағы «aut dedere aut judicare» қағидасын талқылау туралы келісім (Брюссель, 1987 жыл) және қылмыстарды жасаған тұлғаларды ұстап беру туралы Келісімдер (Брюссель, 1987 жыл), сондай-ақ халықаралық қылмыстармен күресуде серіктестік туралы Конвенция (Брюссель, 1991).

19 ғасырда «реформаторлық» ағартушылық ойдың өкілі Ч. Беккариа өзінің «Қылмыстар мен жазалар туралы» кітабында ұстап   беруге   жеке тарау «Қылмыскерді беру үшін сыйақы төлеу туралы»  арнады, ол нақты деңгейде сол уақыттың құқықтық ойын  көрсетеді.  Солай  аталған  автор   жазды:«қылмыскер өзінің мемлекетінің шектерінің ішінде немесе тыс болады. Бірінші жағдайда азаматтарды қылмыстарды жасауға итермелейді, бұл оларды жазалауға әкеледі. Нәтижесінде ол қорлауға әкеледі және билікті тартып алады, сонымен басқа мемлекеттер оған қатысты ұқсас жағдайларды қолдануға құқылы».

Ч. Беккарианың көзқарасында  бір мемлекет аумағында қылмысты жасаған және одан кейін одан қашып кеткен тұлғалармен өзінің әрекеттерінің негативті салдары қарастырылады. Бір   жағынан,   қылмыс   жасалған  мемлекетте тұлғаның жауапкершіліктен жалтаруы осы мемлекеттің азаматтарына теріс  ықпал етеді, бұл жазалаудан жалтару тәсілінің бірі болып табылады. Бұл жағдайда оларда қылмыстық ниеттің жоғарылауы мүмкіндігі ескерілмейді. Басқа жағынан, қылмысты жасаған тұлға кез келген қоғамда бейәлеуметтік тұлға деп танылады; аталған автордың сөздерімен айтқанда, тұлға «қорлау көрсетеді және басқа иеленудегі билікке  қол  сұғады».  Бұл  жағдай  мемлекетке басқа мемлекетте қылмыс жасаған тұлғаға қатысты сәйкесінше қарау құқығын береді, яғни өзінің заңы бойынша жазалауға немесе қылмыс жасалған мемлекетке беру.

Беру мәселелері 1864 жылы Ресей Империясының қылмыстық сот өндірісінің Жарғысында көрініс тапты. Аталған Жарғының 12 тарауы «Шетел мемлекеттердің талаптары бойынша қылмыскерлерді беру туралы» шетел мемлекеттеріне  тұлғаларды  беруді   реттейтін бірқатар нормалардан тұрады, олар қазіргі күні де өзектілігін жоғалтпаған ережелерден тұрады. Соның ішінде келесі нормаларды атап өтуге болады: 852.1.б. «қылмыстық заңдар бойынша Ресейде және беруді талап ететін мемлекеттердің жазасы түрмеде ұстаудан төмен емес» қылмыстар үшін жазаны қарастыратын; 852.3.б. «ресейлік құзырындағы азаматты» беруден бас тартуды қарастырған, егер орыс подданствосы қылмысты жасағаннан кейін, бірақ беру туралы талапты алғанға дейін болса; 852.9 және 852.10 бб. беру туралы мәселелерді қою кезінде пайда болуы мүмкін колллизиялардың мысал тізбегі берілді.

19 ғасырдың құқықтық актілерінде бекітілген нормалар қазіргі таңда  орнықты беру туралы мәселелер бойынша принципиалды ережелерді көрсетеді. Мұндай ережелер көптеген мемлекеттердің конституцияларында бекітілген.

Қылмыстық істер бойынша қарастырылып жатқан халықаралық құқықтық көмек түрінің ерекшелігі – беру туралы өтініш берген мемлекет өзіне қылмыстық істі шеше мен қарастыру, бекіту мен жазаны орындау ерекше құқығын иеленеді. Сонымен қатар нақты қылмыстық істер бойынша тұлғаны беру туралы өтінішті қарастыратын мемлекеттердің саяси және басқа мүдделері үлкен мағынаға ие. Ол осы өтініштен бас тартуға құқылы, егер оны қанағаттандыру аталған мүдделерге қарама-қайшылық тудырса.

ҚР ҚІК 531-бабына сәйкес, Қылмыс жасады деп айыпталушы немесе шетел мемлекетiнiң аумағында сотталған шетел мемлекетiнiң азаматын ұстап беру туралы талапты Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе уәкiлеттi прокурор қарайды, оның нұсқаулары ұстап берудi орындау үшiн негiз болып табылады. Адамды ұстап беру туралы бiрнеше мемлекеттiң талаптары болған ретте адамның қандай мемлекетке ұстап берiлуге жататындығы туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қабылдайды.

Ұстап берудiң шарты мен тәртiбi осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының шетел мемлекетiмен жасасқан халықаралық шартымен айқындалады. Қазақстан Республикасының аумағында басқа қылмысы үшiн жазасын өтеп жүрген шетел мемлекетiнiң азаматына қатысты ұстап беру туралы өтiнiш келiп түскен жағдайда ұстап беру мерзiм жазасын өтегенге дейiн немесе кез келген заңды негiз бойынша жазасынан босатылғанға дейiн ұзартылуы мүмкiн. Шетел  мемлекетiнiң  азаматы  қылмыстық жауапқа тартылған жағдайда, оны ұстап беру мерзiмi үкiм шығарылғанға дейiн, жазасын өткерген немесе кез келген негiз бойынша қылмыстық жауаптылықтан  босатылғанға  немесе  жазадан босатылғанға дейiн  ұзартылуы  мүмкiн. Егер ұстап берудiң мерзiмiн ұзарту қылмыстық iзге түсу мерзiмi өтуiне алып баратын немесе қылмысты тексеруге залал келтiруi мүмкiн болса, ұстап беру өтiнiшi бойынша талап етiлетiн адам тараптардың келiсiмiмен айқындалатын белгiлi бiр уақытқа берiлуi мүмкiн [5].

Уақытқа берілген тұлға ол берілген қылмыстық іс бойынша іс жүргізу әрекеттерін жүргізгеннен кейін, бірақ тұлғаны берген күннен үш айдан кешіктірілмей қайтарылу тиіс. Өзара келісушілік бойынша осы мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ Қазақстан Республикасының аумағында жасалынған қылмыстық заң бойынша немесе сотталуы мүмкін жазалау мерзімінен ұзақ емес.

Қамау астында ұстау орнының әкімшілігі Қазақстан Республикасының Бас прокурорының немесе құзыретті прокурордың беруі туралы қаулысын алғаннан кейін отыз тәулік ішінде деңгеулеуді ұйымдастыру және ол берілген мемлекеттік тиісті органына тұлғаның берілуін, оның орындалуы туралы Қазақстан Республикасының Бас прокурорына немесе құзыретті прокурорына мәлімдеуі тиіс.

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры немесе құзыретті органымен шетел мемлекеттің азаматын беру туралы талапты қарастырудың нәтижелері туралы да беру туралы өтініш түскен тұлға мәлімдейді, оған тағы да сотқа қабылданған шешімді шағым беру құқығы түсіндіріледі.

Беру туралы қаулы заңды күшіне оған қатысты қабылданған  тұлғаға  хабарлама  берген сәтінен кейін он тәулік өткеннен кейін заң күшіне енеді. Қаулыға шағымдану жағдайында соттың шешімі заңи күшіне енгенге дейін беру жүргізілмейді.

Мемлекетпен сұралымды тұлғаны беру – осы мемлекеттің суверенді  құқығы  [6,  254 б.], оның міндеті емес. Осы мәселе бойынша ғылыми әдебиеттерде әртүрлі көзқарастар бар, соның ішінде қарама-қайшы көзқарастар [7, 40-43 бб.]. Екі құрамдас бөліктерден тұратын мемлекеттердің суверенді теңдігі қағидасына сәйкес: барлық мемлекеттердің тәуелсіздігін құрметтеу мен олардың халықаралық қатынастардағы теңдігі, әрбір мемлекет басқа мемлекетпен сұранып жатқан, оның аумағындағы тұлғаны экстрадициялау туралы мәселені өзі шешуге  құқылы.  Тұлғаны  беру  туралы    мемЛекетпен оң шешімді шығару үлкен дәрежеде осы мемлекеттің ұлттық заңнамасына, сонымен саяси және басқа да мүдделерін (мысалы, мемлекеттің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне) байланысты болады. Беру міндеттілігін орнататын мемлекетаралық келісімнің болуы ұлттық заңнамамамен, соның ішінде конституциямен орнататын шектеулермен халықаралық құқық нормаларын қолдануды ескермейді.

1969 жылдың 23 мамырынан халықаралық келісімдер құқығы туралы Вена Конвенциясының 21-бабына сәйкес, басқа қатысушыға қатысты жасалынған ескерту тудырады: 1) ескерту жататын келісімнің ережелерін өзгерту, ескерту жасаған мемлекеттің оған қатысты басқа қатысушымен осы ережелердің деңгейінде басқа  қатысушы үшін ескерту жасау. Л.М. Гусейнов заманауи ескертулердің халықаралық-құқықтық режимі дегеніміз мемлекет өзіне қатысты келісімнің ережелерін өзгертуге немесе қосуға ынтасы болса оған ескерту енгізе алады, солай ол өзін толық немесе бөлшектеп міндеттен босатады. Аталған автор сонымен қатар келісімге қатысушы-басқа мемлекеттер осы ережені ескерту жасаған мемлекетке қатысты қолданбайды [8, 99 б.].

Сонымен мемлекеттің басқа мемлекетке тұлғаны беру туралы мәселесін өздігінен шешу құқығы болып табылатын талаптың жалпы қағидасынан «тәуелсіз мемлекеттің аумағынан басқа мемлекеттің аумағына мемлекеттің құзыретті орталықтандырылған органының ресми рұқсатынсыз қылмысқа күдікті тұлғаларды беру немесе халықаралық құқық пен ұлттық заңнаманың нормаларымен бекітілген беру процедурасын бұзуды болдырмау қажеттігі шығады».

Оқшауланғантұлғаныберужазаболыптабылмайды, келесіде жазаны потенциалды қолдануға әкелетін шара ғана болып табылады. Көптеген отандық және ресейлік ғалымдардың белгілі дәрежеде ұстап беру мәселесін зерттегендердің ұстанымы осы мәселеде ұқсайды.

Экстрадицияның үш түрі байқалады:

  • тікелей экстрадиция (сұрап жатқан мемлекетпен ұстап беру үшін талап етілген тұлға сұрап жатқан мемлекетпен аталған тұлғаны тікелей жолмен осы мемлекеттердің шекараларын бұлтартпау арқылы береді);
  • транзиттік экстрадиция (беріліп жатқан тұлғаны үшін мемлекеттердің аумағынан өту арқылы жүзеге асады);
  • «реэкстрадиция» (сұранып жатқан мемлекет сұрап жатқан мемлекетке үшінші тұлға орналасқан мемлекеттен талап етіп ұстап береді). Экстрадициялық істердің көбісі халықаралық келісімдер (көпжақты және екіжақты) негізінде, яғни келісім негізде шешіледі.

Мемлекетаралық іздестіру мен тұлғаны ұстап беру бойынша ТМД қатысушы-мемлекеттердің құқық қорғау органдарының өзара әрекеттесуінің нәтижелігін жоғарылату келешегін анықтау үшін қылмыстық істер бойынша, соның ішінде Еуропалық Кеңесте құқықтық көмекті көрсету саласында «алыс» шетел мемлекеттерінің ынтымақтастығының тәжірибесін ескеру мен зерттеу қажет.

Қылмыстылықпен күресуде ТМД мемлекеттерінің құзыретті органдарының өзара әрекетінің сапасын жақсарту келешегі ынтымақтастықтың дәстүрлі механизмдерін жетілдіру мен дамуында байқалады.

Сол кезде экстрадицияны қылмыстық іс жүргізу құқығының элементі ретінде қарастыруға болады, өйткені көз алдында қылмысты жасаған адамады алып беру тәртібі басқа мемлекетке белгілі іс жүргізу кепілдіктерін сақтайды. Экстрадицияны қылмыстық құқықтың бөлігі, соның ішінде жазаны орындау институты деп санауға болады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Халықаралық құқық теориясы. Тункин Г.И. – М., 1970. – 177 б.
  2. Галенская Л.Н., Козлов В. А. К вопросу о принципах международного права // Вестник ЛГУ. Вып.3. Экономика, философия право. 1976. – №17. – С.95.
  3. Murphy F. Punishing international terrorists. N.Y. – 1985. – P. 37.
  4. Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан. Кодекс Республики Казахстан от 13 декабря 1997 года. –№206.
  5. Murphy F. Punishing international terrorists. N.Y. – 1985. – P. 37.
  6. Михайлов В.А. Уголовно-процессуальная деятельность федеральных органов налоговой полиции России. – М., 1994. – С. 254.
  7. Бастрыкин А.. Указ.раб. С. 40-43; Мартенс Ф.Ф. Современное международное право цивилизованных народов. В 2-х т. Т. – М., 1996. С. 213-230; Волженкина В.М. Выдача в российском уголовном процессе. – М., 2002. – С. 16-17.
  8. Гусейнов Л.Г. Оговорки: необходимость установления особого режима для международных договоров о правах человека. // Московский журнал международного права. – №4. – С. 99.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.