Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға деген құқығын жүзеге асырудағы қоғамдық экологиялық сараптаманың құқықтық негізі

Қазіргі таңда қоғамды, экономиканы экологияландыру қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Қоғамды экологияландыру деп – адамның табиғатпен үйлесімділігіне қол жеткізуге бағытталған қоғам көзқарасының жүйесін қалыптастыру процесі, ал экономиканы экологияландыру өндірістің табиғатты қажетсінуін төмендету және зат пен энергия алмасу биосфералық процестеріне экономиканың әсер етуін азайту арқылы тұрақты экологиялық қауіпсіз табиғат пайдалануды және ресурстық экологиялық  тепе-теңдікті  қамтамасыз ету, құқықты экологияландыру қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудегі экожүйе қағидатын ескеру болып табылады  және  заңнамасын  жетілдіру,  жүйеге  келтіру  жолымен жүзеге асырылады. Қоғамдық қатынастардың жалпы демократиялық негіздері Конституцияда жазылған, оған: заң, бостандық, жауапкершілік бірлігі, қоғамдық пікірді ескеру, азшылықтың өзіндік көзқарасқа  құқығы,  жариялылық  болып табылады. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясының 23-бабында, Қазақстан Республикасының азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар және ондай қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттелінеді делінген. Сондай-ақ, мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды [2].

Қоғамдық экологиялық сараптаманың құқықтық негізгі қызметі ретінде келесі заңды актілер қолданылады: Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыздағы; Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 2007 жылғы 9 қаңтардағы, Қазақстан Республикасының «қоғамдық бiр­ лестiктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы Заңы.

Экологиялық кодексте қоғамдық бiрлестiктердiң қор­ шаған ортаны қорғау саласында  өз  қызметiн  жүзеге  асыру кезiнде: 1) экологиялық бағдарламаларды әзiрлеуге және насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға, оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсендi қызметке ерiктi негiзде тартуға; 2) қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыру жөнiндегi жұмыстарды орындауға, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды  қоршаған  орта  объектiлерiн  қорғауға,  ерекше  қорғалатын табиғи аумақтардың қызметiне қатысуға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардың қоршаған ортаға  қатысты  мәселелер  бойынша   шешiмдер   қабылдау   процесiне  қатысуға;

4)экологиялықбiлiмберуменағартужұмыстарын орындауға, қоршаған ортаны қорғау  саласында ғылыми зерттеулер жүргiзуге; 5) қоғамдық экологиялық сараптамаға және қоғамдық тыңдаулар өткiзуге бастамашылық жасауға және олардыұйымдастыруға;6)қоғамдықэкологиялық бақылауды жүзеге асыруға; 7) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан уақтылы, толық және дұрыс экологиялық ақпарат алуға; 8) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға және өзара iс-қимыл жасауға, олармен келiсiмдер жасауға, олар үшiн шарттар бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген белгiлi бiр жұмыстарды орындауға; 9) қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын әзiрлеу кезеңiнде оларды талқылауға қатысуға және әзiрлеушiлерге өз ескертпелерiн ұсынуға;10) қоршаған ортаға байланысты жоспарлар мен бағдарламаларды дайындау процесiне қатысуға;11) жеке және (немесе) заңды тұлғаларды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының бұзылуы салдарынан азаматтардың денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянның өтелуi туралы сотқа талап-арыз беруге; 12) кәсiпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан қауiптi өзге де объектiлердi орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру туралы шешiмдердiң әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюды, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге де қызметiн шектеу, тоқтата тұру және тоқтату  туралы  шешiм  шығаруды  талап етуге;

13) қоршаған ортаны қорғау қорларын құруға құқығы бар.

Қоғамдық бiрлестiктер қоршаған ортаны қорғау саласындағы өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде: 1) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған шараларды iске асыруға жәрдемдесуге; 2) өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi, 3) Қоғамдық бiрлестiктердiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де құқықтары мен мiндеттерi болады [2].

Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздіктіқамтамасызетушеңберіндежалпыға ортақ нормалардың сақталуын, қоршаған ортаға келтірілетін кері әсерді азайту, келтірілуі мүмкін зиянды болжап, келтірілген зардапты бағалауды жүзеге асыратын салалардың бірі экологиялық сараптама.

Қоғамдық экологиялық сараптама кез келген шаруашылық және өзге де қызметтi азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны сақтау жөнiндегi қоғамдық мүдделердiң сақталуы тұрғысынан қарайды.

Қоғамдықэкологиялық сараптама– қоғамдық бiрлестiктер құратын сараптама комиссиялары ерiктi негiзде жүзеге асыратын қызмет түрi [2].

Экологиялық кодекстің 15­тарауы қоғам­ дық экологиялық бақылауға арналған. Қоғамдық экологиялық бақылау жұртшылықты мемлекеттiң экологиялық мәселелеріне тарту мақсатында жүргiзiледi.

Қоғамдық экологиялық бақылау жүргiзу тәртiбiн қоғамдық бiрлестiктер өз жарғыларына сәйкес айқындайды. Жеке және заңды тұлғалар қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың жұмысы және оның нәтижелерi туралы ақпаратқа қол жеткiзуге тиiс. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар жекелеген тексерулер нәтижелерiнiң және жылдық есептiлiктiң жариялануын қамтамасыз етедi. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган ынтымақтасу және өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асыру үшiн жарғыларында қоғамдық экологиялық бақылау функциясы көзделген қоғамдық бiрлестiктердiң тiзбесiн жасайды. Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды анықтау жөнiндегi жұмысқа жеке және заңды тұлғаларды ерiктi негiзде тартуы мүмкiн.

ТМД елдері арасында Қазақстан Республикасы қоғамдық экологиялық сараптаманы заңнама негізінде алғашқы болып қарастырған [5].

Мемлекеттік экологиялық сараптама барлық ауылшаруашылық қызметінің түрлеріне міндетті болып саналады, ал қоғамдық сараптама болса мемлекеттің дамуында атсалысудың бір нысаны болып есептеледі.

Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізетін комиссия қоғамдық бірлестіктермен құрылады. Қазақстан Республикасының Қоғамдық  бiрлестiктер туралы 1996 жылғы 31 мамырдағы Заңына    сәйкес,    қоғамдық    бірлестіктер  деп – Қазақстан Республикасында саяси  партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi танылады. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Мемлекет қоғамдық бiрлестiктердiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi. Қоғамдық және мемлекеттiк институттардың қосылуына, мемлекеттiң қоғамдық бiрлестiктер iстерiне және қоғамдық бiрлестiктердiң мемлекет iстерiне заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың мiндеттерiн жүктеуге және қоғамдық бiрлестiктердi мемлекеттiң қаржыландыруына жол берiлмейдi. Қоғамдық бiрлестiктер мемлекеттiк органдармен ынтымақтасуы және өзара iс-қимыл етуi, олармен келiсiмдер жасасуы мүмкiн, мемлекеттiк органдармен шарттар бойынша олар үшiн заңдарда көзделген белгiлi бiр жұмыстар орындауы мүмкiн [4].

Қазақстанда мұндай экологиялық бірлестіктері мен ұйымдар жеткілікті, олардың қызметі экологиялық қауіпсіздікті қаматамасыз етудегі шараларға атсалысу, бақылау, яғни қоғам мүддесін қорғау болып табылады. Мысалға, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жанындағы қоғамдық экологиялық кеңесі қызмет атқарады.

Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың құқықтары мен мүддесін қорғаудағы өкіл ретінде болғандықтан бейресми түрде эколог-мамандар мен ғалымдардың, жеке мемлекет қайраткерлерінің қолдауын табуда. Қоғамдық экологиялық сараптама объектiсi iске асырылған жағдайда мүдделерi қозғалатын жеке тұлғалар немесе қоғамдық бiрлестiктер қоғамдық экологиялық сараптаманың бастамашысы болуы мүмкiн.  Қоғамдық  экологиялық   сараптаманы ұйымдастырушы – қоғамдық бiрлестiктер, олардың атынан экологиялық сараптама жүргiзу туралы өтiнiш берiледi және сараптама комиссиясының қызметiн ұйымдастыру жөнiнде шаралар қолданылады. Яғни, заңда көрсетілген талаптарға сәйкес қоғамдық сараптаманы ұйымдастыру, қоғамдық экологиялық сараптаманың барысы мен нәтижелерi туралы жұртшылықтың хабардар етiлуiн және қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысын әзiрлеуде қоғамдық пiкiрдiң есепке алынуын қамтамасыз етуге, қоғамдық экологиялық сараптама қорытындысының барлық мүдделi   тараптар үшiн ашық болуын қамтамасыз  етуге  мiндеттi. Және тапсырыс берушiден қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзуге қажеттi құжаттар мен материалдар сұратуға, сараптама жүргiзу үшiн сарапшылық комиссия құруға, қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысын жергiлiктi атқарушы органдарға және қаржы ұйымдарына табыс етуге құқығы бар.

Қоғамдық экологиялық сараптама сараптаманы ұйымдастырушының оны жүргiзу туралы өтiнiш тiркелген жағдайда жүзеге асырылады. Қоғамдық экологиялық сараптаманы тiркеу туралы өтiнiштi оның ұйымдастырушысы аумағында сараптама объектiсiнiң қызметi жоспарланып отырған жергiлiктi атқарушы органдарға бередi, өз кезегінде бұл орган өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде оны тiркеуге немесе тiркеуден бас тартуға мiндеттi.

Өтiнiште:

  • қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының атауы, заңды мекенжайы;
  • қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының жарғыда көзделген қызметiнiң сипаты;
  • қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылық комиссиясының құрамы туралы мәлiметтер;
  • қоғамдық экологиялық сараптама объектiсi туралы мәлiметтер, қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргiзу мерзiмдерi көрсетiлуге тиiс.

Қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшысы қаралатын мәселе бойынша ғылыми және практикалық бiлiмi бар және сараптаманы ұйымдастырушы қоғамдық сараптама жүргiзуге тартқан жеке тұлғаны айтамыз [4].

Көбіне қоғамдық экологиялық сараптама формальді бекітілген экологиялық сараптама түрі ретінде  қарастырылды,  себебі  келесідей бекітілген: қоғамдық экологиялық сараптаманың нәтижелерi ұсынымдық сипатта болатын қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы түрiнде ресiмделедi.

Қоғамдық экологиялық сараптама тұжырымдарында:

қоғамдықэкологиялықсараптамаобъектiсiнiң Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкестiгi туралы қорытынды;тапсырыс берушiнiң қоршаған ортаға әсерге жүргiзгенбағалауының толымдылығы, сапасы мен дұрыстығы жөнiндегi сипаттама;

жұртшылықтың әртүрлi топтарының белгiленiп отырған қызметке көзқарасының сипаттамасы, жұртшылықтың ұсыныстары мен ескертпелерiне жасалған шолу;сарапшылардың қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiн iске асыруға экологиялық және әлеуметтiк тұрғыдан жол беруге болатыны жөнiндегi пiкiрi;мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органға, тапсырыс берушiге, сараптама объектiсiн iске асыруға байланысты шешiмдер қабылдайтын мемлекеттiк органдарға және заңды тұлғаларға берiлетiн ұсыныстар мен ұсынымдар қамтылуға тиiс [4].

Қоғамдық экологиялық сараптама өткізілгенен кейін, сараптама қорытындысы міндеттелген органдар мен ұйымдарға жіберіледі. Оған, қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзуге берiлген өтiнiштi тiркеген жергiлiктi атқарушы органға, осы объектiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын жүзеге асыратын органға, жоспарланып отырған қызметтiң тапсырыс берушiсiне, қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiн iске қосуға байланысты шешiмдер қабылдайтын органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына жатады.

Экологиялық кодекстің 67­бабының 3­та­ рмағы бойынша, қоғамдық экологиялық сарап­ таманың қорытындысы жергiлiктi атқарушы органдар, қаржы ұйымдары және белгiленiп отырған қызметтiң тапсырыс берушiсi ше­ шiмдер қабылдаған кезде де ескерiлуi мүмкiн. Заңда тек шешім қабылдау кезінде ескерілуі мүмкін деп анықталған. Бұдан туындайтын сұрақ, қоғамдық бірлестіктердің өткізген қым­ бат сараптама керек болып қалмауы да мүмкін. Сондай­ақ, егер сараптама қорытындысы өзге тұлғалардың мүддесіне және жүзеге асырмақ жоспарына қарсы келіп жатса сараптама нәтижесі орындалуы екі талай.

Қоғамдық бірлестіктердің қызметінің ба­ сты элементтерің бірі болғандықтан қоғамдық сараптама мүддесін тек экологиялық ұйымдар қорғамау керек.

Қоғамдық экологиялық сараптама мемлекеттік экологиялық сараптаманың сол объектілері бойынша жүргізілуіне қарамастан жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл дегеніміз өз кезегінде салынайын деп жатқан өндіріс аймақтарына, пайдалы қазбалардың кен орындарын ашуылуы қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалай отырып, тұрғындардың немесе сол аумақтағы халықтың, жекеленген топтардың, ұйымдар мен бірлестіктердің бастамасымен жүргізілетін іс шара.

Аумағында шаруашылық қызметті жоспарланып отырған облыс әкімдері өкілеттік берген жергілікті бюджеттен  қаржыландырылатын

атқарушы органдардың жүзеге асыратын қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізуді ұйымдастырудың және мемлекеттік тіркеудің тәртібін белгілейді.

Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысының ақпараттық және кепілдемелік сипаты бар.

Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру қоғамдық экологиялық бірлестіктердің және қорлардың өзіндік қаражаты есебінен немесе қоғамдық бастамамен жүзеге асырылады.  Қоғамдық  экологиялық  сараптаманы жүргізудің мемлекеттік тіркеудің тәртібі Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізу туралы өтінім түскен кезде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган 10 күн ішінде мемлекеттік тіркеу журналында осы өтінішті мемлекеттік тіркеуді жүргізеді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органға оның тіркелгені туралы хабарлайды. Өтінімде қоғамдық экологиялық сараптамалық комиссия құрамы, экологиялық сараптамасы, оны жүргізудің мерзімдері белгіленген объектінің атауы туралы мәліметтер болуы тиіс.

Қоғамдық экологиялық сараптаманы мемлекеттік тіркеу журналын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган жүргізеді және өзге де ережелерге қосымшаға сәйкес онда экологиялық сараптама объектісінің атауы, қоғамдық сараптамалық комиссияның атауы, қоғамдық экологиялық-сараптамалық комиссияның құрамы (қоғамдық сарапшылардың біліктілік құрамы), сондай-ақ бұрын орындалған сараптамалық жұмыстар туралы (қосымша) мәліметтер болуы тиіс.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган өтінімді қарау аяқталған соң Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен өтінім берушіге тіркеу нөмірімен және күнімен мемлекеттік тіркеу туралы қорытындыны береді [3].

Қоғам қоғамдық  экологиялық  сараптаманы жүргізу барысына қатысуға, сараптама жүргізілгеннен кейін қорытындыға байланысты оның нәтижесіз қалмауын қадағалау керек. Осы тұрғыда азаматтардың экологиялық құқықтары қолданып, ол жүзеге асырылады. Мемлекеттік экологиялық сараптама қоғамдық экологиялық сараптаманың негізін қамтитын сұрақтарға барынша көңіл бөлмейді. Қоғамдық экологиялық сараптаманы қарастырғанда, мемлекеттік экологиялық сараптама қамтитын  шекара  шегінен асып, яғни азаматтардың экологиялық құқығына   қатысты ауылшаруашылық пен  өзге шаруашылықты қарастыратын сұрақтарды терең қарастыру керек. Көбіне кішігірім аймақты қамтыған халықты мұндай сұрақ мемелекетке қарағанда көбірек қобалжытады. Немесе  кейде, керісінше жағдай туындауы мүмкін, яғни мемлекет көңіл бөлерліктей жағдай деп таныса ал қоғамды онша қобалжытпауы мүмкін. Бұдан басқа, Қазақстанда жаңа нарықтық жағдайларда табиғат пайдалануды реттеу процесiне жұртшылықты тартуға мүмкiндiк беретiн пәрмендi тетiк болуға тиiс қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргiзу заңдық тұрғыдан бекiтiлген. Бұл үшiн экологиялық сараптамаға байланысты Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет.

Бұл мақсатта, үкiметтiк емес ұйымдарды (YЕҰ) табиғат қорғау қызметiне неғұрлым белсендiрек тарту, олардың ғылыми және шығармашылық әлеуетiн, үкiметтiк емес ұйымдардың мүмкiндiктерi мен ресурстарын қоғамдық экологиялық  сараптама  жүргiзуге, оның iшiнде заңнамалық актiлердi әзiрлегенде, экологиялық жобаларды қалыптастырғанда, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен экологиялық ахуалдың мониторингiн өткiзгенде кеңiрек пайдалану қажет. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 наурыздағы N 253 қаулысымен бекiтiлген Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасының қабылдануын ескере  отырып,  мемлекеттiк  әлеуметтiк  тапсырыс арқылы YEҰ-ны экологиялық жобаларды iске асыруға, қоғамдық экологиялық сараптама өткiзуге қатысуға тартуға нақты мүмкiндiк ашылды.

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 36-бабы 3, 4 тармақтарына сәйкес қоршаған ортаға баға беру әсері жобаланатын объектінің болашақ қызметіне жатады. Жобаларды әзірлеуші және тапсырыс беруші қоршаған ортаға баға беру әсерін жүргізудегі нәтижесін ескеруге міндетті және қоршаған ортаға аз зиян келтіретін, осындай нұсқаларды қабылдауды қамтамасыз етеді [3].

Мұндай жағдайдың болмауы үшін, мысалы, Ресей Федерациясының 1995 жылы 23 қараша  қабылданған  «Экологиялық  сараптама  туралы»  Федералды  заңының   20-бабында

«Қоғамдық экологиялық сараптаманың бастамашылары азаматтар, қоғамдық бірлестіктер (ұйымдар), сондай-ақ, жарғысында қызметінің басты бағыты қоршаған табиғи ортаны қорғау болып табылатын және экологиялық сараптаманы ұйымдастыратын, жүргізетін, РФ заңдарына сәйкес тіркеу тәрібін өткен өзін-өзі басқару органдары бола алады» делінген.

Осыған сәйкес құқық теориясында бұдан көп бұрын жасалып, зерттеліп қойған практикалық қызметтің   түрі   «норма   шығарушы»    немесе

«құқық шығарушы» формасы деп атауға болады. Біздің пікірімізше, аталған қызмет формасының міндеті және қоғамдық экологиялық сараптаманың құқықтық және заңнамалық базасын әзірлеу, бекіту мен жетілдіру қажеттігінде жатыр. Норма шығарушылыққа ғылыми сипат тән болуы тиіс, яғни ол ғылыми негізделген, жаңа нормативтік шешімді қажетсінетін мәселелердің теориялық және практикалық әзірленуіне сүйенуі тиіс. Біздің ойымызша, норма шығару саласындағы қызметке ғылымның тиісті саласының теорияшыл, заңгер ғалымдарын және жекелеген өкілдерін тартқан жөн. Құқықтың теориялық қырлары мен практикалық қызметіне талдау жасау барысында «норма шығарушылық» − қоршаған ортаны қорғау саласында арнайы өкілеттілік берілген мемлекеттік экологиялықсараптамалық органдардың экологиялық сараптама саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жобалау, әзірлеу, өзгерту мен толықтыру, қабылдау және жетілдіру бойынша тәжірибелік қызметінің түрі деген қорытындыға келдік.

Біздің ойымызша, қоғамдық экологиялық сараптаманың құқықтық мәртебесін  қайта қарап толықтырып, қоғамдық экологиялық сараптаманың жүзеге асырылу тетігін құқықтық реттеу қажет. Себебі, қоғамдық экологиялық сараптама көбіне ақпараттық, ұсынбалы сипаттамада және заңи жауапкершілік көзделмеген. Сондай-ақ, экологиялық сараптаманы жүргізу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнайы мамандандырылған органдардан рұқсат алып, қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізу үшін мемлекттік тіркеуден өту қажет. Қоғамға өзінің экологиялық құқықтары мен мүдделерін қорғауға барынша жағдай жасай отырып, қоршаған ортаға қауіпті қызметпен айналысатын субъектілерге нақты және демократиялық тетіктер арқылы әсер ету қажет. Сонымен қатар, қоғамды экологияландыру мен қоғамның құқыққа деген, мәдениетке, қоршаған ортаға деген көзқарасы өзгерер еді.

Қоғамдық экологиялық сараптаманың қоршаған ортаға келтірілген зиянды болжау арқылы алдын алады және оны бағалай отырып зиянның зардабын жою  жолдарын  ұсынады.  Сондайақ, мемлекет пен тұрғындардың, ұйымдар мен бірлестіктердің арасындағы қарымқатынас және жалпы адамзаттың ортақ үйінің жағдайына деген алаңдаушылық пен аялаушылықты көрсетеді.

Қоғамдық ұйымдар демократиялық және экономикалық демеу, құқық қорғау, этникалық азшылық және т.б. сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау қызметіне жүзеге асырады.

Қазақстанда көптеген қоғамдық экологиялық ұймдар мен бірлестіктер бар, бірақ осы ұйымдардың қызметі біршама кенжелеп қалуда. Мұның себебі болып, экологиялық сараптаманың ақпараттық, ұсынбалық болуында. Қоғамдық сараптаманың құқықтық мәртебесін қайта қарап толықтыру керек, яғни мемлекеттік сараптамаментеңестіруқажет. Қазақстаншикізатөндіруден алдыңғы қатардағы елдерге жатады. Бүгінгі өндіріп алған қазба байлықтар қоршаған ортаға әсерін тигізбей қоймайды, экологиялық зардап пен зиянның мөлшерін өлшеу және бағалау даулы мәселе болып келеді. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жер  қойнауының  ластануын  болғызбауды, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендетуді қамтамасыз ету жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады. Жер қойнауының пайдалы қазбаларын іздеу мен барлау жұмыстарын болжаудың стратегиясы мен тактикасын қайта қарау қажет. Тек уақыттан оза дамыған геология ғылымы ғана жаңа кеніштерді ашудың сенімді болжамды қорын негіздеп, сарқылып бара жатқан минералды шикізат қорларының орнын толтыруға, оларды қоршаған ортаны қорғау нормаларын сақтай отырып тиімді пайдалануға мүмкіндік туғыза алады.

Сонымен қатар, қоғамдық ұйымдардың құқықтық жағдайын оңалту үшін түрлі семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу қажет, оған экологиялық институт өкілдерін, қоршаған ортанықорғауМинистрлігініңөкілдерін,экологиялық қоғамдық ұйымдарды, басқа да министрліктер мен мекемелерді, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау қызметінің жоспары бойынша координатациялық жұмысшы топтары мен Парламент депутаттарын тарту қажет.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30 тамыз 1995 ж. – Алматы: Юрист. –
  2. Қазақстан Республикасының ЭкологиялықКодексі, 9 қаңтар 2007 ж., N – Алмты: Юрист. – 2014.
  3. Баимбетов Н.С.Канд дис. на соиск. уч.степени кандидата наук. «Проблемы правовогорегулированияэкологической экспертизы в РК». – Алматы, – С. 83
  4. Бренчук М.М. Экологическая права. – М., 1998 г. – С.
  5. Букс И.И., Фомин С.А. «Экологическая экспертиза и оценка воздействия наокружаищую среду (ОВОС)» . – М., –19 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.