Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Алаяқтық жолмен мүлікті ұрлау мәселелері

Алаяқтық дегеніміз – бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену немесе өз мүлкіндей пайдалану құқына заңсыз  иемдену  болып табылады. Ол үшін қылмыскер алдау-арбау амалдарын қолданады немесе басқаның сеніміне кіріп алып, қастық жасайды. Бұл арада мынаны еске алу керек, алдау және сенімге кіру жолымен басқа қылмыстар да жасалуы мүмкін, бірақ олар басқа қылмыстық-құқықтық нормалар бойынша қарастырылады. Алаяқтық әрекеттерінің әрбір жағдайында істің мәнісін жанжақты қарастырып, оған ұқсас қылмыстардан ажырата білу қажет. қылмыстық  жауапқа  тарту  және  айыпты  деп тану үшін сол әрекеттерде қылмыс құрамының болған-болмағанын анықтап алу қажет. Мұның өзі қылмыстық заңда қылмыстық жауапкершілікке тартуға бірден-бір негіз болып табылады. қылмыстың әрбір құрамы нақты қылмыстың объективтік және субъективтік белгілерінің сипаттамасынан құралады. Олай болса, бұл мәселелерді алаяқтық құрамына қатысты қарастыратын болсақ, мұндай қылмыстардың сырын түбегейлі білуге болады.

Құқыққа қайшылық ұрлықтың нышандары ретінде заң әдебиеттерінде де әртүрлі анықталған. Бірінші типті анықтамаларға сәйкес – «құқыққа қайшылық нышаны – ұрлық заң жүзінде тыйым салынған әдіспен ғана емес («объективті құқыққа қайшылық»), сонымен қатар айыптының мүлікке құқығының жоқ («субъективті құқыққа қайшылық») жағдайларында жүзеге асырылуын білдіреді», басқасында – «құқыққа қайшылық деп заңды негіздемесіз және меншік иесінің немесе басқа да заңды иемденушілердің келісімінсіз мүлікті айыптының иемденуін айтады». қылмыстық кодексте ескерілген амалдармен ғана ұрлыққа жататын әрекеттерді шектеуге мүмкіндік беретіндіктен бірінші анықтама толық әрі анық деп саналады.

Ақырында, салдарымен сипатталатын кез келген ұрлықтың қылмыстық құрамының объективті жағынан міндетті  нышаны – ұрланған мүліктің иесіне немесе басқа иемденушіге зиян  келтіруі.  қылмыстық-құқықтық  әдебиетте  дәл айтылған «осындай залал деп айыптының немесе басқа тұлғалардың алып алған және(немесе) айналымға жіберген мүліктің құнына сай жағымды материалды залал». «Жағымды материалды залал» ұғымына қолдан кеткен пайда, яғни  шығындар, алынбай  қалған  түсім,  ұрлық  салдарынан  меншік  иесінің  және де басқа иемденушілердің пайдасы, сонымен қатар ұрланған мүліктің орнын толтыруға кеткен шығындар кірмейді.

Егер әрекет, алаяқтықтың бірінші түріне жатса – өзгенің мүлкін ұрлау – қылмыстық құқықтық теориясында толық сипатталған болса, екінші түрінде – өзгенің  мүлкінің  құқықтарын иемдену – салыстырмалы түрде аз зерттелген.

Соңғысының мағынасын Д.В. Качурин ашып көрген. Демек, алдап немесе сенімге қиянат етіп өзге мүлкінің құқығын меншіктенудің үш түрін атап көрсету керек: 1) Кейінірек мүлікті иемдену мақсатымен өзгенің мүлік құқығын меншіктену, мысалы: заңды тұлғадан, ұрлау мақсатында банктен ақша алуға алдау я сенімге қиямет ету арқылы сенім хат алу. 2) Айыптының қолындағы мүлікті заңды қолданатын сыңай білдіретін құқықтарды меншіктену, мысалы: заңсыз қолданған  мүліктің  құжаттарын  айыпты  алдау я сенімге қиямет ету арқылы меншіктенуі. 3) өзге мүлкін ұрламай-ақ басқа заңды басқаруға мүмкіндік беретін құқықтар түрінде мүлік құқығын алу. Мысалы: саябақты иелік етуге сенім хат алу» [1].

Содан Качурин былай дейді: «өзгенің мүлкін ұрлауға дайындықтан немесе заңды қолдану сыңайын көрсетуден тұратын алдау я сенімге қиянат ету арқылы өзге мүлкіне құқықты меншіктенуді ұрлыққа жатқызуға болады. Бірінші жағдайда айыптының мақсаты – өзгенің мүлкін ұрлау, ал мүліктің құқықтарын меншіктену ойлағанға жету жолындағы бір саты ғана. Екінші жағдайда, мүлік айыптының қолында және мүлік құқығын меншіктену өзгенің мүлкін өз еркімен қолданды легализациялау үшін қажет. Мүлікті алу мен айыптының  немесе  басқа тұлғалардың өз пайдасында қолдану жоқ болғандықтан, өзгенің мүлкін басқаруға заңды құқықтарды кейінге иеленусіз меншіктену ұрлық болып саналмайды. Мүлік жәбірленуші меншігінде қалады, ал мүлікті қолдану құқықтарының біреуі ғана айыптыға өтеді».

Бірінші келтірілген үзінділерде мүлік құқығын меншіктену, атап айтқанда, әртүрлі құжаттарды ұрлауда көрсетіледі. Бұл жайт кемінде толық емес, себебі мүліктің құқығын меншіктенуден тұратын алаяқтық, мүліктің қылмыстық-құқықтық мағынасына сай емес, құжат түрінде бекітілген, осындай құқықты ұрлап кету мүмкін емес, я сол құқықты меншіктену ресми рәсімдеуді қажет етеуі кез келген ұрлыққа тән құқыққа қайшылық нышанын жояды.

өзгенің мүлкін иемдену дайындығынан тұратын,  алдау  я  сенімге  қиянат  ету арқылы өзгенің мүлкін меншіктенуді ұрлыққа жатқызған екінші үзінді де, біздің ойымызша, толық емес. Мұндай әрекет – өзге мүлік құқығын меншіктену болып келетін түбегейлі алаяқтық. әдетте, қылмыстық мағынада, жоғарыда айтылған әрекет, шынымен, өзге мүлкін ұрлау жолындағы бір саты болып табылады. Алайда, 1997 жылғы қК 1-бөлімінің 177-бабындағы тұжырымдамада, заң шығарушы бұл сатыны түбегейлі алаяқ деп мойындады. Мән-жайды суреттегенде өзге мүлік құқығын меншіктенудің қылмыстық құрамы қысқа.

өзгенің мүлкін меншіктенуге бағытталған әрекеттер әрқашан өз еркімен болып байқалғанымен, айыптыға айтылған құқықты меншік иесінің я заңды құқығы бар тұлғаның айыпталғанға айтылған құқықтарды беруі алдаумен я сенімге қиянат етумен түсіндіріледі.

Алаяқтықты сипаттайтын әрбір әрекет альтернативті 2 түрлі әдіспен жасалуы мүмкін, жоғарыда айтылғандай, олар: 1) алдау; 2) сенімге қиянат ету.

Айтып өткендей, алаяқтық қол сұғулардың басым көпшілігі – алдау.

Алдау – заң әдебиетінде түрлі пайымдаулары бар өте күрделі категория. Алаяқтық қылмыстың құрамының нышан ретінде алдаудың сипаттамасы, бірінші – алдау ұғымын, екінші – оның мағынасын, үшіншіден – оның формасын анықтаумен байланысты.

Алаяқтық алдау ұғымы орыс тіліндегі «алдау» анықтамасына негізделген: «Саналы түрде біреуді ойынан адастыру; шындыққа сай емес, өтірік, жалған әрекеттер, сөздер», «әдейі ойынан адастыратын әрекеттер, сөздер, т.т.», «шындық деп  көрсетілген  өтірік»,  «1.  өтірікпен пара-пар.

  1. Бір нәрсе жайлы жалған түсінік, ойынан адасу»[2].

Алаяқтық алдау ұстанымдары қарама-қайшы кем дегенде екі адам барында жүзеге асырылады: бірі – өтірікші (алаяқ), екіншісі – алданған (жәбірленуші). Біріншінің әрекеті – екіншіні ойынан адастыру мақсатында өтірікті шындық деп қабылдатып, алдау-арбау, яғни жалғандыққа салыну, шындықты бұрмалау.

Алдау – объективті-субъективті категориясы болып табылатын шындықты, субъективті категориясы болып табылатын, өтірікпен бұрмаланатын объективті-субъективті категория.

«әдейі бұрмаланған шындық, жалған, алдау» өтірікті анықтайды.

Ресейлік қылмыстық заңнамаларда алдау анықтамасы 1922 жылғы РФСКР қК 187-бабының қосымшасында ғана кездеседі. Сол нормада былай делінген: «өтірік мәлімет берумен қатар, айтылуға міндетті ақпараттарды саналы түрде жасырып қалу алдау деп саналады».

қылмыстық құқық теориясында алаяқтық алдау анықтамасы біркелкі емес. Атап айтқанда, оны анықтағанда барлық назар «ақиқат дәлелді бұрмалауға»  шоғырланған,  осындай  алдау деп «қылмыс субъектісінің ойынша жәбірленушіні өз мүлкін беруге итермелейтін кез келген дәлелдерді бұрмалау» қабылданған. Анықтамаларда көрсетілген дәлелдерді бұрмалау анық емес, себебі алдау кезінде дәлелдерің өзі объективті және бұрмаланған болуы мүмкін емес, сонымен қатар бұрмалану алданушының түсінігінен ғана болады.

Алаяқтық алдау анықтамаларының негізінде шындықтың теріс үрдісі жатыр. Осындай анықтама бойынша алдау – «кез келген ақиқатты бұрмалау немесе шындықты жасыру».

«Жалған ақпарат»  ұғымы  салыстырмалы түрде жиі кездесетін алаяқтық алдаудың анықтамалары таралған. 1922 жылғы РФСКР қК 187-бабының қосымшасынан келтірілген үзіндідегі алдаудың анықтамасына  сай келеді бұл анықтамалар. Осылайша алдау – «айтылуға міндетті болған ақпаратты басқа тұлғалардың ойынан жаңылдыру  үшін  жалған  ақпарат беру я жасыру, айтпай қалу», «айтылуға міндетті болған ақпаратты жалған айту я жасыру».

Алдау – шындықты бұрмалау болғандықтан, келтрілген соңғы екі анықтама бір бірімен өте ұқсас. Ақиқатты бұрмалағанда өтірік белсенді, шындықты жасырып қалғанда – енжар. Этимология тұрғысынан енжар өтірікті сипаттау қиын болғандықтан, кез  келген  шындықты бұрмалау я шындықты айтпай қалу болып саналатын алдаудың анықтамасы жағымдырақ. Шындықты бұрмалау – белсенді алдау, шындықты айтпай қалу – енжар алдау болып табылады.

Келтірілген анықтамалардың авторлары алдаудышындықтыбұрмалауменшындықжайлыайтпай қалумен байланыстырады да, алдау ұғымына кіретін оның нәтижесі – алданған адамның ойының шатасуын қоспағанына көңіл  бөлу қажет. Атап айтқанда, «шындықты бұрмалаған я шындықты айтпай қалған өтірік жәбірленушінің ойын шатастырмауы да мүмкін. Мұнда, өтіріктің ептілігіне ғана тәуелді емес, сонымен қатар жәбірленушінің дербес қасиеттеріне, жалпы ақыл-ойына, алдауға қатысты жағдайларды білуіне, алаяқтыққа көзқарасына, т.т. байланысты, сондықтан ойынан адасуды алдау ұғымына кіргізу – қате. Алдау – айыптының әрекеті. Ойынан адасу – алдаудан кейінгі механикалық қатерден   құтылмаушылықпен   пайда  болатын жәбірленушінің күйі». Бұл авторлар алдауға негіз ретінде, жәбірленушінің ойы шатастырылғаншатастырылмағанына мән бермей, шындықты бұрмалау я шындықты айтпай қалу жеткілікті дейді. Осы тұрғыға сәйкес алаяқтық алдаудан жәбірленген – алданған, бірақ алданушы емес.

қылмыстық-құқықтық әдебиеттердегі келесі бір көзқараста былай делінген «шындықты бұрмалау я шындықты айтпай қалу алданған адамның,  онсыз  мәні  кететін  (алаяқтық  алдау тұрғысынан) – ойын шатастыруға әдейі бағытталған. Олар өз-өзіне бағалы емес және ойдан шатасу мен тіпті жәбірленушінің жанамалық әрекеттерінен кейінгі қылмыстық нәтижелерге жету ғана болып табылады. Алдаудың мағынасы жалған ақпарат беру емес, алданушының санасындағы ақиқатты бұрмалау. Алаяқтық кезіндегі алдаудың мазмұны – алданушының психикалық күйіне әсер ете отырып алдаушыға қажет ісәрекеттер тудыратын шындықты бұрмалау». Соңғы көзқарасты келесі жайттан байқауға болады: «Алаяқтық алдау – тұлғаның ойын адастыратын я бұрынғы айтылған өтірікті қосымша өтірікпен   қошталатын    немесе  алданушының я үшінші тұлғаның мүлікті қолдануға итермелейтін (мүлік  құқығы)  ақпараттарды  айтпай қалатын, адам психикасына әсер ететін ақпараттық ықпалдың ерекше түрі».

Шындықты бұрмалау я шындықты айтпай қалу ғана емес, шындық жайлы жәбірленушінің ойын шатастыру да қосылған алдау анықтамасы барлығынан дұрысырақ деп санаймыз. Шындығында да, алдау кезінде міндетті түрде  екі жақ болады, бірі – екінші жақтың бұрмаланған шындықты я айтылмай қалғандарды шындық деп қабылданады деп үміттеніп шындықты бұрмалап я айтпай қалатындар, ал екіншілері бұрмаланған шындықты я айтылмағана шындықты ақиқат деп қабылдайды, яғни шындықтан адасады. Алдаушылардың  шындықты   бұрмалауы   да, ол туралы айтпай қалуы да анық байқалғанда және алданған адам белсенді я енжар ақиқатты шындық деп қабылдағанда алдауды толық аяқталған деп есептеуге болады.

Сөйтіп, алаяқтық алдау деп өзге тұлғаның шындыққа қатысты ойының шатасуына алып келген ақиқатты  бұрмалауды  я  шындық жайлы  айтпай  қалуды  түсіну керек. Өзге тұлғаның шындыққа қатысты ойының шатасуына алып келмеген ақиқатты бұрмалау я шындық жайлы айтпай қалу – алдауға қастандық болып саналады, яғни аяғына дейін жеткізілмеген, толық емес. Алаяқтық кезіндегі алдау мазмұны алаяқтық жасамақ   тұлғаның   әртүрлі   жағдайларға    байланысты шындықты бұрмалауы я оны айтпай қалуы.

Алаяқтық кезіндегі алдаудың мазмұнын әртүрлі, жәбірленушінің ойын шатастыра отырып алаяқтың шындықты бұрмалауына я айтпай қалуына қатысты, жағдайлар құрайды. Алдаудың мазмұны қылмысты талдауға, атап айтқанда алаяқтықты, еш әсері жоқ, алайда алаяқтық алдауды тіркеуге маңызды болуы мүмкін, атап айтқанда алдауға жатпайтын әрекеттерден бөле қарау үшін, сонымен қатар алдаудың басталған уақытын және сәйкесінше алдауға дайындықты, алдауға қастандықты және алдау соңын бөліп қарастыру үшін. Сонымен қатар, уақытылы алдау мазмұны жайлы хабардар болған алдаудың бастапқы кезеңінде анықтап, алдаумен байланысты қылмыстың алдын алуға мүмкіндік береді.

Алдау мазмұнының қиындықтары қылмыстық-құқықта толық әрі түбегейлі қарастырылған. қомақты болып «мүлікті алаяқты иемдену айла-тәсілдері кез келген, қандай жағдайларға қатысты болмасын, алдау бола алады» дейтін қорытынды  болып  табылады.  Сонымен   қатар – «алдау заттарға, тұлғаларға, әрекеттерге, жағдайларға және солардың  нақты  немесе заңды ерекшеліктеріне қатысты болуы мүмкін. Алдаудың мазмұнына объективті сипаттағы жағдайлармен қатар, субъективті (мысалы, субъект ниеті) сипаттағылар да жатады. Ойды шатастыратын оқиғалар осы шақта, өткен шақта немесе келер шақта болуы мүмкін». Мазмұнына қарай келесідей алаяқтық алдау түрлерінің бәрін қамтитын топтарға бөлуге болады: «1) Тұлғаға қатысты алдаулар (тіршілігі, тепе-теңдік, тұлғаның жеке қасиеттері, т.т.). 2) әртүрлі заттарға қатысты алдаулар (олардың тіршілігі, тепетеңдігі, өлшемдері, қасиеттері, бағасы, т.т). 3) әртүрлі әрекеттер мен оқиғаларға қатысты алдаулар. 4) Ниетті алдаулар (жалған уәделер)» [3].

Тергеу мен сот тәжірибесінде кездесетін мазмұны бойынша талданған алдаудың нақты түр-түрін тізіп атамай және қарастырмай-ақ, себебі бұл тәжірибе түрінде де, теория түрінде де жүзеге асыру мүмкін емес, алдаудың мазмұнына тән, біздің елде, нарықтық экономика ұғымына біріктірілетін, жаңа экономикалық қарымқатынастардың пайда болу шағында байқалатын, тенденция шоғырымен шектелейік, осы тенденциялар алаяқтықты топтау мәселесінің ше-шіміне, сонымен қатар  сатыларын  шектеп, азаматтық құқықтық келісімдерден, соның ішінде деликтерден, ажыратуына қалай әсер етсе, тура солай әсер етеді. Басты тенденция болып  мазмұнына  қарай  топталатын  алдаудың айла-тәсіл түр-түрінің ұлғаюы саналады. Бұл тенденция екі дербес тенденцияға бөлінген. Мысалы: 1) Алдау мазмұнының айлақорлығының дәрежесі көтерілді. 2) Мазмұнына қарай алдаудың нақты түрлерінің пайда болуы. 3) Мазмұндары нақты алдаулардың араласып қолданылуы.

4) Алдаулардың мазмұнын ой өрісі  кең  және жаңа экономикалық жағдайларға әлеуметті икемденген жәбірленушілерге бағыттау. 5) Мазмұны елеулі көлемде өзгенің мүлкін ұрлауға немесе мөлшерлес мүлік құқығын меншіктенуге бағытталған алдаулар. 6) Алаяқтық алдау мазмұнының көп элементтілігі мен көп эпизодтылығы. 7) құжатпен расталған алаяқтық алдаудың мазмұнын қолдану.

Мазмұны жағынан жаңа алдау түрлері пайда болатын тенденция мәні – алаяқтық кезінде бұрындары белгісіз болған алдау түрін қолданылуында. Жоғарыдаайтылғаналдаудыңайлақор түрлерімен қатар басқа да жаңа әлеуметтікэкономикалық жағдайлармен анықталатын түрлері де жатады. Жұмыссыздықты заңдан-дыруға және жұмыссыздарды тіркеп, оларға жәрдемақы алу құқығын беретін  жұмыспен  қамтамасыз ету орталықтарының құрылуымен байланысты, мазмұны жұмыссыз ретінде тір-келіп, жәрдемақы алып жүрген тұлғалар кәсіпкер екенін немесе мемлекеттік емес мекемелерде жұмыста екенін жасыруы болып табылатын алдау етек алған.

Келтірілген тенденциялар заманға сай алаяқтық алдаудың мазмұнын көрсете отырып, құқыққабылдаушы органдарға алдаудың және алаяқтықты нақты топтауға септігін тигізетін оның басы мен аяғын анық анықтамасын табуға тапсырма береді.

Бұрмаланған шындық (белсенді алдау) немесе әрекетсіздікте тұру – шындықты айтпай қалу (енжар алдау) орын алғанда алдау әрекеттер арқылы жүзеге асуы мүмкін.

Алдау формаларынан алдау айлаларын ажырата білу керек. Заң әдебиеттерінде формалар мен айлаларды тепе-тең қойған. Атап айтқанда, алаяқтық  алдаудың  айласы  ретінде   сөз немесе оның ауыстырушы, алайда ауыстырушылар деп жалған құжаттарды, фирмалық белгілерді қолдану сияқты әртүрлі әрекеттер. Алайда қылмыстық құқық теориясында қылмыс жасау құралдары ретінде әрекеттерді емес, қылмыс жасалғанда қолданған материалды заттарды түсінеді. Сондықтан, мысалы, қолданылған жалған  құжаттар,   фирмалық   белгілер   алдау формасын болып келеді, ал жалған құжат пен фирмалық белгілердің өздері – алдау айлалары.

Атап айтып өту керек, қазірге отандық қылмыстық құқыққа шындықты айтпай қалу жазаланатын алаяқтық алдау деп саналу тән. Еліміз тәуелсіздік алғанға дейін қылмыстық құқық теориясында  шындықты  айтпай  қалу,  яғни енжар алдау, жазаланбайтын қылмыс болып саналған. қорытындылай келе алдаудың шекарасын және сенімге қиянат етуді, сонымен қатар жалпы объективті жағынан белгіленген алаяқтықты топтастыру мәселесі  әлі де шешімін таппай келеді.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Качурин Д.В. Уголовная ответственность за обман и злоупотребление доверием (мошенничество) в отношении предприятий, организаций и коммерческих структур с различными формами собственности в период рыночных отношений //Дисс.канд.юрид.наук. – М.: Юридический институт МВД РФ, 1996. – С. 41-42.
  2. Ожегов С.И., Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка: 80000 слов и фразеологических выражений // Российская АН; Российский фонд культуры. – 3-е изд., стереотипное. – М.: АЗЪ, 1996. – С. 422.
  3. Борзенков Г.Н. Ответственность за мошенничество (вопросы квалификации). – М.: Юридическаялитература, – С. 58.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.