Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мұрагерлікпен байланысты туындайтын келісімшарттардың негізгі тетігінің бірі – ата мұрасының табиғаты

 Қазақ әдет құқығы жүйесінде мұрагерлікпен байланысты туындайтын келісімшарттардың да өзіндік түрлері бар. Олардың қатарына, қазақ қоғамында кеңінен дамыған енші, ата мұрасы және т.б. жатқызуға болады. Осы жерде тағы бір ескеретін жағдай, дәстүрлі қазақ қоғамындағы келісімшарт қатынастары негізінен ауызша бекітіліп және орындалып отыратын болған.

Мұрагерлікпен байланысты туындайтын келісімшарттар ауызша жазылып белгіленбесе де, қоғамдық санада мойындалып, өзімен-өзі орындалатын механизм деңгейіне жеткен құқықтық құбылыстың бірі болып табылады. Қазақ әдет құқығы жүйесінде мұрагерлікпен байланысты туындайтын негізгі келісімшарттардың нысандарына енші, ата мұрасы т.б. жатады.

Мұрагерлік шарты жалпы дәстүрлі қазақ қоғамындағы келісімшарттың тағы да бір негізгі нысандарының қатарына жатады. Мұрагерлік шарты арқылы көбінесе, мұрагер қалдыратын материалдық игіліктер өзінің кезекті иесін табады. Кейбір зерттеушілер мұрагерлікті меншік иеленудің бір көзі ретінде қарастыратын жағдайлар да бар. Әрине бұл өте орынды. Бізге мұрагерлік шартының келісімшарттық тұрпаты, оның жүйесіндегі келісімшарт нысанын қамтамасыз ететін тетіктері маңызды болып табылады. Бұл жерде бір ескеретін жағдай, дәстүрлі қазақ қоғамында мұрагерлік шарты деген нақты ауызша жасалатын шарттың формасы болған жоқ. Бұл дәстүрлі қазақ құқығының, еуропалық меншік құқығынан бір айырмашылығы  болып табылады. Біз шартты түрде ғана, мұрегерлік шарты деп қолданамыз. Жалпы мұрагерлік, дәстүрлі қазақ қоғамында өте жүйелі реттелген, тәртіптелген басты институттардың бірі болып табылады. Мұрагерлікке байланысты қазақтар өзара келісімге отырмаса да, қазақы құқықтық санада, оның орындалуының келісімшарт түріндегі ерекшеліктері көрініс тапқан болатын. Сондықтан да, біз мұрагерлікті келісімшарт институтының аясына кіргізіп, қарастырып отырмыз. Мұрагерлікпен байланысты меншік қатынастары туындап отырады. Меншіктің Жеті жарғыдағы көріністерінің біріне, Ж.О. Артықбаев мынандай жағдайларды жатқызады: «Әр адам меншігіндегі мал-мүлікті өз туысынан басқа адамға қалдыруға хақы жоқ.

Кейбір жағдайда қимас досына мұра есебінде бергісі келген малын, затын өз мұрагерлеріне тапсырып кетуге ерікті.

Өлген адамның артында мұра есебінде мал, жер-су. Үй-жай, мүлік, ақша қалады, оған жесірімен бірге құлдары мен күңдері кіреді.

Өлген адамның соңында жас балалары қалса әрі олардың туған шешесі болса, онда өлген әкесінен қалған мал-мүлікті мирасқа бөлшектеуге ешкімнің хақы жоқ.

Егер өлген кісінің енші алып кеткен ұлдары мен ұзатылып кеткен қыздарынан басқа қолында бала болса немесе бірге тұрған кіші әйелінен бала тумаған болса, онда өлген кісінің жылы толғаннан кейін асын береді де, ағайын-туғандары жиналып, қалған мал-мүлікті енші алып кеткен ұлдары мен қыздарына, оң жақта  қалған олардың өгей шешесіне бөледі. Ол мынандай мөлшерде: туған ұлдарына екі еседен, есігіндегі көршілес болып жүрген құлы мен күңі болса, оларға ширек еседен сый тиісті.

Егер тіршілігінде көп әйел алып, олардың еншісін әуелден бөлек ұстаған болса, әр әйелдің бөлінбеген кенже баласы иемденеді.

Әке жастай өліп,  артында  жас балалары мен жас әйелі қалса, әмеңгерлік бойынша өлген адамның бірге туған ағасы не інісі, ондай туысы болмаса немере, шөбере туысқандары, қала берді аталас жақындарының бірі жесірге үйленіп, балаларын өз қамқорлығына алып, мал-мүлікке заңды түрде иелік етеді» [1, 83-84 бб]. Осы жерде мұрагерлікпен байланысты туындайтын мұрагерліктің негізінде туындайтын шартты қарастыру барысында оның орындалуының ерекшелігіне ден қоятын болсақ, жалпы мұрагерлік шартының орындалу механизмі, негізінен қазақ әдет құқығының болмысымен астасып, соның жалпы қағидаларын басшылыққа алады.

Арғынбаевтың ойы бойынша, жалпы мұрагерлік мәселесіндегі  мынандай  жағдайларға көңіл бөлінуі қажет: «Сонымен қазақ халқы әдеттік құқық негізіне сүйене отырып, әке мұрасына иелік етіп, оны мұрагерлер арасында дұрыс көп мән берген. Әкеден қалған мал мен мүлікті орын-орнымен бөлісу үстінде адамгершілікке жатпайтын дүниеқорлық, озбырлық қылықтарды істеп, алауыздықтың тууына, көбінесе жол берілмейді. Мұны жоғарыда баяндалған мұрагерлік құқының сан алуан түрлері қазақтың әдеттік ережелерінде өте орынды ескертілгендігінен де байқауға болады. Марқұмның өлердегі өсиеті, артында қалған жас балаларының, жесірінің, қара шаңырағының, тіпті енші алып бөлек кеткен балалары мен ұзатылмаған қыздарының мүддесі және өліктің жетісін, қырқын, жүзін және асын беру шығындары түгелдей ескеріледі. Кейде мұндай дәстүрді бұзушылар да табылатын. Ондай озбырларда есесі кеткен мұрегерлер билер алдына барса да теңдік алатын. Мұндай жағдайда сирек кездесетіндіктен, оны бүкіл халық болмысына тән деп қарауға болмайды. Мұра бөлісу дәстүрінің әдеттік ережесінде соншалықты мұқият қаралуының өзі оған біреудің озбырлық жасап, қиянат жасауына жол бермеудің ежелден бергі кепілі тәрізді» [2, 83 б.]. Мұрагерлік шартында жалпы осы жағдайлар ескеріледі. Сонымен қатар, қазақ әдет құқығының өзіндік сипатына да көңіл бөлу қажет. Қазақ әдет құқығының ерекшеліктері мынада: «Әдет-ғұрып заңдары қашанда болмасын, қоғамның өзі жаратып, өзі қалыптастырғандықтан ерекше күшке ие болады, сөзсіз орындалуға жатады. Адамдардың мінез-құлқына, дініне, санасына сіңісіп, күнделікті міндетіне айналады. Мұндай заңдарды сыртқы күш оңайлықпен өшіре де, құрта алмайды. Қайта, саяси билеуші өз органдары арқылы бұл қағида-ережелерді қуаттап, күш беріп отыруға дейін алып келеді. Өйткені, бұл әдет-ғұрып заңдарын қоғам мүшелері өздері ұнатып қабылдаған, ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тек тиімді жақтарымен ғана көрінген.

Сондықтан да, халық оны ата-баба салты, ескі әдет, әдет-ғұрып деп оны лақтырып тастамай, қайта қастерлей түседі. Ата-баба жолы деп сол жолмен жүруді ұнатады. Тек сол қағида-ережелерге ғана бейімделген. Кез келген қазаққа еуропалық салт-дәстүрді ұстан дегеніңізбен ұстанбайды, өлгендерді христиандарша жерлеңдер дегенмен жерлемейді, руға бөлінуді тоқтат дегенмен тоқтатпайды» [3, 27-28 бб.]. Міне, мұрагерлікте осындай негіздерде қалыптасып жүзеге асады. Мұрагерлік шартының талап-тілектері ерекше, оның өзіндік сипаты және жүзеге асу механизмі, тәртіптері бар. Қазақ әдет құқығының жинақтарының бірінде, мұрагерлік шартын, оның жасалу сипатын жүзеге асуын былай көрсетеді: «Наследниками по обычаю являются не выделенные сыновья все вообще живущие при отце, дочери, вдовы, отец, родная мать и мачехи наследователя.

Наследством, подлежащим распределению между наследниками по обычаю, считается та часть имущества наследователя, которая остается за вычетом всех долгов и родового имущества. Наследники  по  обычаю  получают  из  наследственного имущества следующие доли:

а) одна восьмая наследства идет в пользу вдов наследователя;

б) одна двенадцатая получается отцом наследователя;

в) остальная часть наследства делится между сыновьями и дочерьми наследователя; причем сын получает вдвое больше дочери.

Если отца нет в живых, а дед жив, то доля отца наследователя переходит к деду. Также точно, если отсутствует мать и мачехи, наследственная доля их переходит к женам деда наследователя по мужской линии.

Отцу, матери и мачехам наследователя обычай предоставляет законные наследственные доли, отдельно отцу и отдельно всем женам его в совокупности жен, отец наследователя не имеет права не женину долю и наоборот.

Если сына наследователя уже нет в живых, но от него остались дети мужского пола, то ни пользуются правом представления, т.е. получают ту часть наследства, которую получил бы их отец, если в момент открытия наследства был бы в живых. Правом представления не пользуются дети замужней дочери; живущей с мужем в доме отца. При отсутствии в живых невыделенных сыновей или их мужского потомства, место их заступает выделенные сыновья, при чем чужое потомство их пользуется правом представления. Если нет в живых наследователя и мужского потомства их, то часть имущества делится поровну между дочерьми, живущими в жоме отца. Если при открытии наследства имеется в живых лишь замужняя дочь, проживающая с мужем в доме отца, то она получает ½ наследственного имущества. Право наследования другой половины, а при отсутствии такой дочери, всем наследством переходит к отцу наследователя, деду, родным братьям, их сыновьям, родным дядям, родным племянникам и т.д. причем ближайшая степень родства исключает дальнейшую.

При переходе права наследования к братьям, дядям наследователя и т.д. их мужское потомство приобретает  право  представлении лишь в том случае, когда нет в живых ни одного из братьев, дядей и т.д.

Наследство, доставшееся лицам, находящимся в той же степени родства с наследователем, делится между ними поровну.

Из лиц женского пола правом наследования пользуются исключительно лишь перечисленные в ст 119, причем и они, за исключением дочери, живущей в доме отца, приобретают только право пользования наследственными долями до замужества или до смерти.

При выходе их замуж или по смерти их, полученные ими наследственные доли поступают к сонаследникам мужского пола.

От наследования устраняется всякий отпавший от магометанства.

Родовое имущество сверх установленной обычаем наследственной доли, переходит к младшему сыну старшей жены наследователя, а в случае его смерти, к его сыну. Если же и такого не существует – к старшему его брату, к сыновьям его в порядке старшинства; затем к следующему брату, к сыновьям последнего в таком же порядке и т.д. при отсутствии братьев. К отцу, деду, дядям, добровольным братьям и т.д.

Составление описи наследственного имущества не требуется.

Раздел имущества не может быть произведен до совершения поминок.

Если в момент смерти наследователя одна или несколько из его вдов окажутся беременными, то раздел имущества и по совершении поминок откладывается до разрешения всех их от бремени.

Если между наследниками не состоится полюбовного раздела, наследство распределяется народным судом.

По приятии наследства, наследники отвечают перед кредиторами наследователя лишь в размере полученной доли, или если требование не превышает всего наследственного имущества, пропорционально полученным долям» [4, 405-407 бб.]. Жалпы мұрагерлік шартының негіздерін осылай қарастыра отыра, мұрагерліктің келісімшарт ретіндегі сипатын ашатын болсақ, мұрагерлікке бірнеше тараптар қатысады, мұрагерліктің негізгі объектісі мұра болып табылады. Сонымен қатар, мұрагерлік екі тарапқа да құқықтар мен міндеттер жүктейді. Осы жағдайлардың барлығы жалпы мұрагерлікті дәстүрлі қазақ қоғамының өзі тудырған, келісімшарт институтының бір түрі ретінде бағалауға мүмкіндік береді. Мұрагерлік шарты, мұрагерліктің жүзеге асуының дәстүрлі құқықтық нысанының бірі болып табылады. Мұрагерліктің негізгі қабаты да осы мұрагерлік шарты.

Енді біз мұрагерлік шартының жалпы сипатын екшей келе, мұрагерлікпен байланысты оның негізгі тетіктерінің бірі – ата мұрасы мен меншік мәселесіне тоқталып кетсек дейміз.

Ата мұра – қазақ қоғамында әрқашан да үйдің кенжесіне қалдырылатын үлкен үлестің бірі. Ата мұра – үйдің иесі қайтыс болғанда, сол қара шаңыраққа қалдырылатын негізгі материалдық игіліктерден құралады. Негізінен, ата мұрасы бөлінбейтін мүліктен тұрады. Тек қара шаңыраққа ие болатын кенже ұлға қалдырылады. Ата мұрасының құрамдас бөліктерін түгел беру міндетті саналған. Ата мұрасы толық берілмеген ұл, отбасылық міндеттемелерден босатылған. Ата мұрасы дағдылы қалыптасқан келісімшарттық жүйенің көрінісі.

Осы жерде ата мұрасының берілу сипаты туралы оқулықтардағы мына бір пікірге көңіл қояйық: «Міне, осы тұста қазақтың әдет-ғұрып салтындағы мұрагерлік құқық қолданады. Қазақ отбасындағы мүлік пен малдары оның балалары, ағайындары немесе ең жақын туыстары, сондайақ әйелінің туысқандары мұрагер ретінде алып қала алатын. Жесір мұрагер ретінде мұраның 1/8бөлігін, күйеуге шықпаған қызы ұлға бөлінген үлестің жартысын алатын. Сондай-ақ, мұраның бір түрі ата мұрасы деп аталады. Бұл қазақ үшін ең тиімді жол еді» [5, 93 б.]. Әрине, бұл жерде автор мұрагерліктің пайда болуын әмеңгерлік жүйесімен байланыстырып отырғандығы белгілі. Жалпы ата мұрасы дәстүрлі қазақ құқығында, қазақы дүниетанымда киелі құбылыс ретінде бағаланған. Ата мұрасы оны алушыға тек қана мүліктік сипаттағы дүниелерге иелікті заңдастырумен қатар, сол әулеттің бүкіл рухани болмысын да табыс етеді. Сондықтан да, қазақ ата мұрасына ерекше ілтипатпен, сақтықпен де қарай білген. Ата мұрасы ежелгі дәуірлерден келе жатқан дүние болып табылады. Ата мұрасының бастаулары да, ежелгі ғұн, үйсін, түркі дәуірлеріне барып тіреледі. Дәстүрлі қазақ қоғамында біз қабылдап жүрген ата мұрасы, біз оның шыңырау шегі, яғни классикалық деңгейдегі үлгісі еді. Ата мұрасының тағы да бір қыры, ата мұрасын қалдыратын әке мен кенже ұлдың ортасында жазбаша шарттық келісімдер болмаса да, бұл дәстүрлі тұрғыда қалыптасқан, өзінен-өзі орындалатын тек қана адамға құқықтық міндет жүктеп қоймайды. Сонымен қатар, моральдық та, алдами міндет жүктейтін құқықтық институттың бірі. Ата мұрасын қазіргі біздің түсінігіміздегі келісімшарттық нысандарға жатқыза алуымыз мүмкін емес. Бұл құқықтық институт өзінің ауқымы жөнінен келісм-шарттың деңгейінен де асып жығылады. Сондықтан да, біз диссертациялық жұмысымызда ата мұрасын жазбаша жасалмайтын, дәстүрлі тұрғыда қалыптасқан қазақтың санасы қабылдаған келісімшарттық негіздердің бірі деп айқындаймыз. Өйткені, ата мұрасын кенже баласына қалдырмайтын болса, сол кенже баласы, әкесімен дауласуына мүмкіндігі бар. Әрине, бұл жағдай қазақ ішінде көптеп кездеспейді. Қазақтың аңыз, әпсаналарында еліне, яғни отбасына ата мұрасын бермегені үшін өкпелеп кеткен жағдайларды да кездестіреміз. Ата мұрасын алмаған ұл әке-шешесін бағу міндетінен босатылады. Көп жағдайда ата мұрасын қалдырып отыратын болған. Жоғарыдағы айтылған жағдайларды ескере келе, ата мұрасын дәстүрлі қазақ қоғамындағы келісімшарттық қатынастың  бір  түрі  деп  айқындап   отырмыз.

Дәстүрлі қазақ құқығы, оның институттарының нормалары, қазіргі англо-саксондық құқықтық жүйеде қалыптасқан және романо-германдық құқықтық жүйеде орныққан институттардан бөлек болып келеді. Сондықтан мұндай мәселеге, майдан қыл суырғандай қырағылық керек. Ата мұрасы екі тарапқа міндет жүктейді. Ал, біз білеміз, келісімшарттық қатынастар негізінен міндеттемеден бастау алады немесе сол міндеттемеден туады.

Кейбір ғалымдар ата мұрасының сақталып отырмайтындығын тілге тиек етеді. Мәселен, қазақ әдет құқығымен айналысып жүрген ғалым, Ж.С. Әлдибеков былай дейді: «Осы тұрғыдан атап өтетін жайт, бөлінбеген әке үлесінің кенже баласына берілуі (минорат) қазақ арасында кең тараған көрініс болғанмен, бұл дәстүр барлық кезде сақталып отырмайды. Өйткені, бұл құбылыс нақты қалыптасқан жағдайлармен, әсіресе, қарт ата-аналарының келіндерімен өзара қарым-қатынастарына да байланысты болды. Дегенмен, қазақтың әдет-ғұрып құқығының қағидалары бойынша әкесінің тірі кезінде мұрагерлік жолмен өз үлестерін бөліп алған ұлдары әкесінен қалған үлес-мүлікті бөліп алу үшін үміттенуге қақылары жоқ. Сондай-ақ, минорат тек қана әке мүлкіне қатысты таратылады, мұндағы басымдылық негізінен отбасындағы үлкен баласына беріледі. Егер «отағасының» полигамиялық отбасы болған жағдайда (бірнеше әйелі болса) өзінің тірі  кезінде  мүліктік  ауқатын,  байлығын екі-үші немесе одан да көп үлестерге бөледі» [6, 119 б.].

Осылайша қазақ қоғамында ата мұрасын иемдену шарттары жалпы негізде қатаң сақталған және оны даулау немесе оның сақталмауы қазақ әдет-ғұрып нормаларына сай жауапкершіліктің туындауына негіз болатындығын көптеген қайнар көздерден көруге болады.

Оның үстіне, ата мұрасы, яғни мұрагерлік бойынша алынған мүлік қалыңмал, барымта жолымен алынған меншікке қарағанда меншіктің сенімді формаларының бірі болып есептелді.

Қорыта келгенде айтарымыз, мұрагерлікпен байланысты туындайтын келісімшарттар ауызша жазылып белгіленбесе де, қоғамдық санада, оның барлығы мойындалып, өзімен-өзі орындалатын механизм деңгейіне жеткен құбылыстың бірі болып табылады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Артықбаев Ж.О. Жеті Жарғы – мемлекет және құқық ескерткіші (зерттелуі, деректер, тарихы, мәтіні). – Алматы: Заң әдебиеті, 2003. – 150 б.
  2. Арғынбаев Х. Әке мұрасы және мұрагерлік құқы // Қазақтың ата заңдары: Құжаттар, деректер және зерттеулер. 10 томдық, 2-басылым. – Алматы: Жеті Жарғы, 2005. – 2-т. – 8083 бб.
  3. Өмірзақов Ө. Ресейге қосылғаннан не ұттық? – Алматы: Санат, 1999. – 195 б.
  4. Сборник киргизского обычного права // Материалы по казахскому обычному праву. – Алматы: Жалын, – С. 391-418.
  5. Исабеков А.Қ. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 223 б.
  6. Әлдибеков Ж.С. Қазақ мемлекетінің даму тарихының құқықтық-теориялық мәселелері: ХvІІ ғасырдың соңғы ширегі-ХvІІІ ғасырдың алғашқы жартысы. – Алматы. – 2007. – 416 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.