Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шет мемлекеттердің қылмыстық заңнамасындағы меншік ұғымын салыстырмалы түрде талдау

Қазіргі нарықтық қоғамда жағдай күрт өзгерді. Әйелдердің ерлермен бірдей мүмкіндіктері бар (кейде тіпті ерлерден де оңтайлы пайдаланады). Сондықтан отбасылық құқық үшін ҚР Конституциясында бекітілген жекеменшікке деген саяси-құқықтық жолды түбегейлі өзгеруін елемей өту мүмкін емес. Біздің пікірімізше, қазіргі кезде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке бөтен мүлік сияқты қарауының (әсіресе неке келісімшарттарын жасасу кезінде) мәні бар және қылмыстық құқық шеңберінде қарастырылуы керек.

Басқа мемлекеттердің де қылмыстық құқығында бұл мәселені шешуге қатысты ортақ пікір жоқ. Испанияның ҚК-тің 268-бабының 1-бөлігіне сәйкес, заң бойынша іс жүзінде немесе ерлізайыптылардың бөлек тұруы, ажырасуы немесе некенің заңсыз екендігі туралы сот процесінің нәтижесінде ажыраспаған ерлі-зайыптылар, сондай-ақ өрлеме және төменгі туыстар, жақын туысқандар, туған немесе асыранды ағайындылар, бірінші буындағы туыстар күштеу немесе қорқыту әрекеттерін қолданбай өзара жасаған мүліктік қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылады және тек қана азаматтық-құқықтық жауапкершілік субъектілері болып табылады. Бұл ереже қылмыс жасауға қатысқан бөтен адамдарға қатысты қолданылмайды [1, 268-б., 2-б.]. Бұл ұстанымды ҚР заңнамасының стандартымен теңестірсек, онда ол отбасылық жағдайына қарамастан... заң мен сот алдында барлығы тең деп айтылған азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдік принципіне қарама-қайшы болады.

Францияның қылмыстық заңнамасында да қарастырылып жатқан мәселенің шешімі ұқсас. Мысалы, Франция ҚК 311-12 б. сәйкес, қандай да бір тұлғаның өзінің өрлеме немесе төменгі буын туысқандарына, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың соттың үкімі немесе рұқсат бойынша бөлек тұрған жағдайларды қоспағанда, жұбайына зиян келтіретін ұрлық жасауы қылмыстық қудалауға негіз бола алмайды [1].

Ағылшын заңнамасы бойынша, ерлі-зайыптылардың біреуінің екіншісіне қастандық жасауы «олар ерлі-зайыпты болмаған жағдайда да қолданатын» қылмыс ретінде жазаланады [ 2].

Голландия ҚК-нің 316 бабы бойынша, ұрлаған және тонаған адам немесе оған қатысушы қылмыс қарсы жасалған адамның жұбайы болып табылса және ол жұбайы немесе меншіктен сот тәртібімен алшақтамаған болса қылмыстық қудалау тоқтатылады.

Германия, Швейцария, Польшаның қылмыстық заңдары қарастырылып жатқан қастандықтар үшін ерекше тәртіппен қылмыстық жауапкершілікті қолдану үлгісін ұстанады. Мысалы, Германияның ҚК §247 «Отбасыдан ұрлау» деп аталады және былай белгіленген: «Егер ұрлық өз туысынан немесе асыраушысынан я болмаса айыптымен бірге тұратын адамнан жасалған болса, бұл іс-әрекет жәбірленушінің шағымы бойынша ғана қылмыстық тәртіппен қудаланады» [3 ]. Бұл ереже отбасыда жасалған алаяқтық (§263), алдап-арбау арқылы пайда табу (§265 а),сенімді қылмыстық мақсатпен теріс пайдалану (§266) сияқты қылмыстарға қолданылады. ФРГ ҚК бойынша күштеу арқылы ұрлық және күштеп алу үшін айыптылар жәбірленушінің шағымының бар-жоғына қарамастан заңмен қудаланады.

Швейцария ҚК 137-139, 143, 146 және 147 баптарына сәйкес, туысына немесе отбасы мүшесіне зиян келтірген заңсыз иелену, ысырап қылу, ұрлық, мәліметтерді заңсыз алу, алаяқтық және деректерді өңдеуге арналған құрылғысы бар алаяқтық қиянат етушілік тек жәбірленушінің шағымы бойынша ғана қудаланады [4].

Польшаның қылмыстық заңнамасында аталған проблеманы шешуде дәл осындай тәсіл қолданылады. Егер ұрлық, иелену, алдап-арбау ең жақын адамға зиян келтірген болса, онда қудалау жәбірленушінің арызы бойынша қозғалады (Польша Республикасы ҚК 278, 279, 284-287 бб.). Күштеу ұрлықтары үшін жауапкершілік аталған заң бойынша жалпы негіздермен жүктеледі [5 ].

Швеция ҚК бойынша, зайыбына немесе күйеуіне, жоғарғы және төменгі буын қандас туысына, неке жағынан туысына, туған бауырына, күйеу баласына немесе келініне немесе айыптының кез келген осыған ұқсас туысқанына қатысты мүлік ұрлау, алаяқтық және басқа да арам әрекет, бөтен мүлікті иелену және  сенімді теріс пайдаланудың басқа да жағдайларында қылмыстық іс жәбірленуші тарапынан қылмыстық қудалау мақсатымен қылмыс туралы хабарлама келіп түскен, талап еткен немесе қылмыстық қудалау қоғам мүдделерін қорғау үшін қажет болған жағдайда қозғалады (8-тараудың 13-б., 9-тараудың 12-б., 10-тараудың 10-б.). Швеция ҚК сәйкес, ауыр ұрлық, тонау немесе ауыр тонау, ауыр алаяқтық, ауыр бөтен мүлікті иелену және сенім білдірушінің ауыр салдарға алып келген сенімін теріс пайдалану сияқты мүліктік қылмыстарға ерекше қудалау тәртібі қолданылмайды.

Қазіргі ҚР қылмыстық заңы «отбасылық бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсулер» ұғымын қарастырмаған. ТМД елдеріне арналған 1996 ж. 25 ақпанындағы Модельдік Қылмыстық кодекстің 244-бабының ескертпесінде отбасы мүшелерінің және айыптының басқа да жақын туыстарының меншігі болып табылатын мүлікке қатысты ұрлық, иелену, ысырап ету немесе алаяқтық жасалған кезде қылмыстық қудалауды жәбірленушінің арызы бойынша жүзеге асыру ұсынылған.

Сол сияқты ҚР қылмыстық-іс жүргізу заңнамасы да отбасы мүшелерін мүліктік қастандық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартудың ерекше тәртібін қарастырмаған. ҚР 2001 жылғы ҚІЖК 20-бабы қылмыстық қудалауы жеке немесе жеке-жария түрде жүзеге асырылатын қылмыстарға жатқызбайды. Бұл мәселе ерекше реттеу тәртібін қарастырады, себебі отбасындағы қарым-қатынастар жеке-сенімді сипатта болады, өзгеше жақындықпен ерекшеленеді, аса сырлас қатынаста болады.

Қазіргі уақытта отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік қатынастар отбасылық және азаматтық заңнамамен реттеледі. Бұл жағдайда отбасындағы мүліктік қатынастардың екі мүліктік режимі болады: 1) жалпы мүлік режимі (жалпы бірлескен және жалпы үлестік меншік). 2) бөлек мүлік режимі.

Жалпы режим деп мүлікті тек өзара келісім арқылы иеленуді және пайдалануды айтады. Отбасындағы мүлікті ерлі-зайыптылардың қайсысы мүлікті билік ету мәмілесін жасағанына қарамастан, олар өзара келісу арқылы жұмсайды (ҚР Неке және отбасы заңы). Бөлек режим өзара келісуді талап етпейді және оттұлғаның әрбір мүшесі өзіне ғана тиесілі мүлікті өз бетінше иеленуге, пайдалануға және билік етуге құқылы екендігін білдіреді.

Біздің пікірімізше, отбасы мүшелерінің бірінің тарапынан заңсыз иелену (бөліп алу) заты болуы мүмкін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін қылмыстық жауапкершілік туралы мәселелерді шешу кезінде «бөтен» деп тапқан жөн. Өзімізге мәлім болғандай, меншік құқығы – бұл тұлғаның өз бетінше, өз қалауы бойынша өзіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығы болып табылады (бұл ҚР АК 209-б. 2-б. бекітілген). Бұл тұжырымдама ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне жатпайды, себебі ерлі-зайыптылардың біреуінің өз бетінше, яғни екіншісінің келісімісіз және тек өз еркі бойынша ортақ мүлікке қатысты барлық құзіреттіліктерді жүзеге асыруға құқығы жоқ. Бәлкім, аталған жағдайда ерлі-зайыптылардың бірінің екіншісіне сеніп тапсырылған мүлкі туралы сөз қозғауға болатын шығар (неке қиылған немесе неке келісім шарты жасалған  жағдайда). Сондықтан ерлі-зайыптылардың бірінің ортақ мүлікті екіншісінің рұқсатынсыз алуы және билік етуі қылмыстық құқықпен қорғалып, иелену (ажырасқаннан кейін бірлесіп тапқан мүлікті алу) немесе ысырап ету (ұрлық некеде болған кезде жасалған) деп бағалану керек. Бұл жағдайда сеніп тапсырылған мүлік ұғымын анықтаған кезде ескеру қажет.

Біздің пікірімізше, ерлі-зайыптылардың мүлік ұрлауы ерлі-зайыптылардың бірінің екіншісінің еркіне қарсы бөлек немесе ортақ меншіктерін тек қана айыптының мүдделерін қанағаттандыру мақсатымен бөліп алуын білдіреді. Егер мұндай билік ету белгілі бір ортақ қажеттіліктерді орындауға бағытталған болса, онда бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу белгілері жоқ деген сөз.

Сот тәжірибесінде неке қиылғанға дейін әрқайсысының өз меншігінде болған, сондай-ақ олардың біреуі бірге тұрған кезде сыйлық немесе мұра ретінде алған және соның ғана меншігі болып табылатын мүлікті ерлі-зайыптылардың ұрлауын ұрлық немесе тонау деп бағалануы мүмкін. Бөлек неке келісім шартында қарастырылған мүлікті де осылай сипаттауға болады. Алайда, нарықтық жағдайларда мұндай дәстүрлі тәсіл қайта қарастыруды талап етеді. Аталған жағдайда меншікті ерлі-зайыптылардың бірі екіншісіне сеніп тапсыруы мүмкін. Айыптының іс жүзінде мүлікті бірлесіп иеленуге құқығы бар– ол ортақ пәтерде, үйде немесе басқа да ортақ ғимаратта тұр. Бұл фактіні заттың иеленушісі болып табылмайтын ерлі-зайыптылардың бірінің іс жүзінде оны пайдалана алатынын растайды (акциялар пакетімен, облигациялармен танысу, оларды сақтау, жұбайының жеке автокөлігін пайдалану және т.б.). Біздің ойымызша, бұл жағдайды ерлі-зайыптылардың бірінің жекеменшігін екіншісіне сеніп тапсырылған (бөтен) мүлікке жатқызып, оның заңсыз алыну фактісін ысырап ету деп бағалау деп табу қажет. Бұған ерлі-зайыптылардың біріне ғана меншік құқығы негізінде тиесілі мүлік оны екіншісі иелене және пайдалана алмайтын жерге қойылатын жағдай жатқызылмауы мүмкін. Мысалы, жабық сейфте, кілтті тек қана иеленуші жұбайында сақталатын басқа да сақтау орнында сақталуы. Мұндай заттарды ішімдікке салынған, есірткі пайдаланатын және т.б. жұбайы ұрлаған жағдайда, иеленуші емес жұбайдың әрекеттерін бөтен мүлікті жасырын бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу – ұрлық немесе нақты жағдайларға қарай басқаша бағалау қажет.

Шынында да, ерлі-зайыптылардың немесе олардың бірінің иелігінде кез келген көлемдегі және кез келген бағадағы өндірістік, тұтынушылық, әлеуметтік, мәдени және басқа да мақсаттағы мүлік болуы мүмкін. Олардың меншігінде тек күнделікті жеке пайдалану заттары (тумбочка, шаңсорғыш және т.б.) ғана емес, сондай-ақ экономикалық құндылығы өте жоғары мүлік те (кәсіпорындар, акциялар және басқа да құнды қағаздар және т.с.с.) бола алады. Не болғанда да, құқық ерлі-зайыптылардың әрқайсысына бір-бірінің қиянаттарынан белгілі бір, оның ішінде қылмыстық-құқықтық қорғану құралдары болуы керек.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Уголовный кодекс Испании // под ред. Кузнецовой Н.Ф., Решетникова Ф.М. – М., 1998. – 87 с.
  2. Уголовное законодательство зарубежных стран. – М., 2001. ж 236 с.
  3. Уголовное право зарубежных государств. Особенная часть. – М., 2002. – 345 с.
  4. Уголовный кодекс ФРГ.Пер.А.В. Серебренниковой. – М., 1996. – 143 с.
  5. Уголовный кодекс Швейцарии.Пер.А.В. Серебренниковой. – М., 2000. – 56 с.
  6. Уголовный кодекс Республики Польша // Под.ред. Н.Ф.Кузнецовой. – Минск, 1998. – 76 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.