Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Іс-­әрекетті криминализациялаудың негіздері мен себептерінің кейбір сұрақтары туралы

Криминализация белгілі бір қоғамға қауіпті іс-әрекетті ол үшін қылмыстық жауаптылықты белгілей отырып, қылмыстық іс-әрекеттің қатарына жатқызуды көрсетеді.

Криминализация қылмыстық-құқықтық саясаттың әдісі ретінде, жаңа қылмыстық заңды қабылдау кезінде, қылмыстың жалпы белгілері, қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен шарттары, қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері мен шарттары жасалып шығарылғанда, олардың белгілерін нақты анықтай отырып, қылмыстардың жеткілікті тізбегі жасалғанда және т.б. жағдайларда кеңінен қолданылады. Осы кезде криминализацияның мақсаты болып, қылмыстық-құқықтық тыйымның біртұтас жүйесін құру табылады.

Сонымен қатар, криминализацияның бастапқы көлемі жаңа кодификация кезінде де онша  үлкен  емес  екендігін  атап  өтуіміз қажет.    Бұл    қоғамдағы   криминализацияның ауыспалылығымен түсіндіріледі: мысалы, адам өлтіру мен ұрлық кез келген қоғамдық-саяси құрылыс кезінде де қылмыс болып саналады. 1997 жылы кодификация жүргізу нәтижесінде Қазақстан Республикасында алғаш рет, мысалы жалған кәсіпкерлік (ҚР ҚК 191-бабы), заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру (ҚР ҚК 193-бабы), кредитті заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану (ҚР ҚК 194-бабы), тауар белгісін  заңсыз  пайдалану (ҚР ҚК 199-бабы) және т.б. қылмыс болып танылды. 2014 жылғы кодификация нәтижесінде Қазақстан Республикасында адамды клондау (ҚР ҚК 129-бабы), кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкеті (ҚР 143-бабы), қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету (ҚР ҚК 217-бабы) және т.б. қылмыс ретінде қарастырылды. Қазақстан Республикасы үшін криминализацияның бастапқы аясы мемлекет өмірінде орын алған жаңа экономикалық қатынастар саласында болды.

Криминализация, сонымен қатар қылмыстық-құқықтық нормалардың кодификациясының арасында да қолданылады. 1998 жылы Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі күшіне енгеннен кейін, кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту, кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, қинау, қызметкерлер өкілдерінің заңды қызметіне кедергі жасау, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының өміріне қол сұғушылық. Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, өткізу, сақтау, сондай-ақ олардың шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнай өңдеу, өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу, жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәміле (мәмілелер) жасасуы, облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны мақсатсыз пайдалану, бағалы қағаздар эмитенттi лауазымды адамының ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер беруi, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын құжаттар мен мәліметтерді жоғалту, төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізу, салық төлеушінің салық берешегі есебіне билік ету шектелген мүлікке қатысты заңсыз іс-әрекеттері, рейдерлік, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын, абоненттің сәйкестендіру құрылғысын  құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын  өзгерту үшін бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату, терроризмді не  экстремизмді  насихаттау немесе терроризм не экстремизм актісін жасауға жария түрде шақыру, террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу, террористік немесе экстремистік қызметті қаржыландыру және терроризмге не экстремизге өзге де жәрдемдесу, террористік не экстремистік қызметті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе дайындау не қаруландыру, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру және  оны  басқару, сол сияқты оған қатысу, бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында трансұлттық ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу, ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) не трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) қызметін қаржыландыру, сол сияқты мүліктіжинау, сақтау, бөлу, қаржыландыруарналарынәзірлеу, сапасызқұрылыс, ғарышқызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау және айналымға шығару не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту, адам мәйітінің органдары мен тінін заңсыз алу, құбыржолдарды абайсызда зақымдау немесе қирату, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғу, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының бейнесін бүлдіру, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына ешкімнің тиіспеушілігі кепілдіктерін бұзу, прокурордың қызметiне кедергi жасау және оның заңды талаптарын орындамау, елден шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану қағидаларын бірнеше рет бұзу,   қоғамдық   немесе   дiни   бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы сот шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру, билiктi немесе қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдалану, билiктiң әрекетсiздiгi сияқты қоғамға қауіпті ісәрекеттер криминализацияланды.

Сәйкесінше, ҚР ҚК 138-1, 141-1, 150-1, 166-1,183-1,184-1, 192-1, 194-1, 202-1, 205-1,   216-1,222-1, 226-1, 227-1, 233-1, 233-2, 233-3, 233-4,235-1, 235-2, 235-3, 235-4, 245-1, 246-1, 269-1,273-1, 275-1, 304-1, 310-1, 317-1, 317-2, 321-1,330-1, 330-2, 330-3, 337-1, 380-1, 380-2   баптармен толықтырылды.

Қарастырылғандардың негізінде, В.С. Комиссаровтың: Қылмыстық кодекстегі айтарлықтай барлық заманауи өзгерістер «криминализациямен және пенализациямен  байланысты болған. Бұл жалпы нормадан ауытқыған үрдіс және оларды өзгерту үшін заңды шаралар қажет» деп айтқаны дұрыс [1, 14-б].

Криминализацияның шеңбері мен көлемінің өзгеруінің себептеріне келесілер жатады:

  • Адамдардың бұрын болмаған қоғамға қауіпті іс-әрекетінің жаңа түрлерінің пайда болуы. Ол 2014 жылғы ҚР ҚК-де қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету, облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны мақсатсыз пайдалану, археологиялық жұмыстарды заңсыз жүргізу және т.б арналған тараулардың пайда болуына себеп болды.
  • Кезінде әкімшілік заңнамамен реттелген немесе мүлдем құқықбұзушылық ретінде танылмаған адамзат мінез-құлқының жеке түрлерінің жағымсыз динамикасы. Осыған байланысты 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде, мысалы ұрып-соғу, денсаулыққа қаса-қана жеңіл зиян келтіру, ұсақ-түйек жымқыру және тағы басқа құрамдар пайда болды.
  • Адам үшін қауіпті ғылым мен техника саласын дамытатын ғылыми-техникалық үдеріс. Бұл себеп, мысалы, 2014 жылғы ҚР Қылмыстық кодексінде ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқықбұзушылықтар тарауының дербес   қарастырылуына;   адамды клондаумен байланысты іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылықты белгілеуге негіз болды.
  • Жеке тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтудің қажеттілігі (азаптаулар, кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу және тағы басқаларын криминализациялау).
  • Қылмыстық іс-әрекеттің бұрындары жүргізілген декриминализациясының қателіктері.

Соңғы көрсетілген криминализацияның шеңбері мен көлемінің өзгеруінің себебіне толығырақ тоқталып өтуіміз қажет. Қате декриминализацияға 1959 жылғы ҚазКСР Қылмыстық кодексінен 1991 жылы діни рәсімдерді орындау сипатымен азаматтардың жеке тұлғасына және құқықтарына қол сұғушылық құрамын алып тастауды жатқызуға болады. Бұл қателіктің салдарынан әртүрлі ағымдағы діни бірлестіктердің қызметі жандана түсті. Осының нәтижесінде ұқсас бірлестіктерге тартылған адамдардыңсаны, сондай-ақолардыңфизикалық және психикалық денсаулығына келтірілген залал мөлшері бірнеше есеге өсті. Сондықтан да, іс-әрекет Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық кодексінде  қылмыс  болып 337-бабында көрсетілген, ал 2014 жылғы Қылмыстық кодексте 404-бапта бейнеленген.

Криминализация – қылмыстық-құқықтық саясаттың аса маңызды элементі. Ғылымда криминализацияның негізі мен қағидалары туралы айту қалыптасқан. «Криминализацияның негізі» атты термин ең алғаш рет Г.А. Злобинмен ұсынылған [2, 74 б]. В.Н. Кудрявцев әрекеттің белгілі бір түрін заңнамамен тыйым салу қажеттілігінің туындау негіздері туралы айтқан, бұл жерде (негіз ретінде) ол қоғамдық зияндарды (атап айтқанда, залалдың мөлшерін), көп таралғандықты, басқа тәсілдермен жол бермеудің    мүмкін    еместігін    түсінген   [3, 48 б.]. Қазіргі кезде негіз криминализацияны туғызатыны, ол жаңа қылмыстық-құқықтық норма немесе нормалар жүйесінің әлеуметтік қажеттілігін көрсететіні сөзсіз.

В.Н. Кудрявцев және В.В. Лунеевтің айтуынша, криминализацияныңнегізі– бұлайтарлықтай әртүрлі бола алатын оның әлеуметтік себептері. Мұндай себептердің қатарына олар, мысалы, қоғамдық қатынастардың жаңа топтарының пайда болуын немесе елеулі дамуын, бұрындары аз кездескен белгілі бір іс-әрекет түрінің таралуын, мемлекеттегі әлеуметтік-саяси ахуалдың елеулі түрде өзгеруін жатқызады [3, 111 б.].

Криминализацияның негіздері бойынша мұндай көзқарасты Г.А. Злобин ұстана отырып, криминализацияның негіздері өзінің сипаты бойынша «айтарлықтай әркелкі. Мұндай сипатта ең бастысы қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің белгілі бір түрінің жағымсыз  динамикасы бола алады. Криминализацияның  негізі  болып экономикалық немесе техникалық үдеріс негізінде болатын қоғамдық қатынастардың жаңа тобының пайда болуы немесе елеулі дамуы бола алады», – деп көрсетеді. Автор сонымен  қатар,  криминализацияның  негізі  ретінде «адамдардың шаруашылық немесе басқа да қызметінің зиянды зардаптарын табуды», «соғыстың, дүлей апаттың, құрғақшылықтың немесе басқа да жағдайлардың нәтижесінде әлеуметтік, экономикалық немесе саяси жағдайдың кенеттен өзгеруін», «бұрындары көнуге тура келген төзбестікті, кейбір іс-әрекеттердің ерекше қауіптілігін анықтайтын, толық  немесе әлеуметтік ақиқаттың бөлек аясындағы қоғамның дамуын», «халықаралық келісімдер бойынша міндеттемелерді орындаудың қажеттілігін» бөліп көрсетеді. Бұл ретте Г.А.   Злобин «криминализацияның негізі – бұл қылмыстыққұқықтық норманың пайда болуының немесе өзгеруінің нақты алғы шарттары, әлеуметтік себептері» деп арнайы атап өткен [2, 105 б.].

Криминализацияның себептері мен оның негіздерін теңестіруге болмайды. Соңғысы объективті сипатқа ие; ал криминализацияның себептеріне келетін болсақ, олар әрқашан да объективті бола бермейді. Сөйтіп, В.Н. Кудрявцев және В.В. Лунеев: «Тәжірибеде көбінесе әлеуметтік ақиқат өзгеруін ғылыми зерттеу емес, мүлдем кездейсоқ жағдайлар (мүмкін, қоғамдық резонансты туғызған) криминализацияның себебі болып танылады. Бұл жерде криминализацияның негізі емес, ол үшін себеп орын алып отыр» деп көрсетеді.

Криминализация үшін тек бір  ғана  негіз бар деп  саналады  және  ол  А.И.  Коробеевпен берілген криминализацияның жоғарыда көрсетілген түсінігінде нақты көрініс  тапқан. Ол негіз болып қылмыстық-құқықтық тыйымды қажет ететін қоғамға қауіпті іс-әрекеттің болуы танылады. Криминализацияның негізі бойынша мұндай көзқарасты А.В. Наумов та ұстанады. Оның айтуынша: «Белгілі бір іс-әрекеттерді криминализациялаудың жалпы негізі (декриминализация сияқты) болып олардың қоғамдық қауіптілік дәрежесінің қайта бағалануы танылады» [4, 46 б.]. Алайда, бұл ереже нақты емес; бұл жерде қауіптің қайта бағалануы емес, оның бар болуы маңызды.

А.И. Коробеевтың өзі, осы кезде криминализация негізінің мәселесіне басқаша қарайды. Ол үш әртүрлі, алайда бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді негіздердің топтарын қосатын, криминализация   негізінің   толықтай   жүйесін ұсынған.    Олар:  

  1) заңи-криминологиялық; 2) әлеуметтік-экономикалық 3) әлеуметтік-психологиялық [5, 69  б.].  Оның  айтқандарын А.Д. Антонов та қайталап, криминализацияның негіздері ретінде (дәл осылай, көпше мағынада) белгілі бір құндылықтардың қылмыстық-құқықтық қорғалуының объективті қажеттілігін туғызатын жағдайларды түсіну қажет екендігін айтып көрсетеді [6, 15 б.].

Бұл жерде «криминализацияның негізі», «криминализацияның қағидалары», «криминализацияның шарттары» деген түсініктердің араласуы болып отыр. Шынында да, А.И. Коробеевпен бөлініп көрсетілген «қылмыстық юстиция  жүйесінің  мүмкіншіліктерін»  немесе

«қылмыстық-құқықтық тыйымдардың мүмкін болатын қосалқы зардаптарының жоқ болуын», «тарихи дәстүрлерді» криминализацияның негіздері ретінде қарастыруға бола ма. Барлық көрсетілген жағдайларда да криминализацияны қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің болуы туғызады. Криминализацияның өзі криминализацияның қағидалары (негізгі идеялары) немесе шарттары ретінде көрініс табатын, аталған факторларды ескере отырып жүргізілуі қажет.

А.И. Коробеевпен бөлініп көрсетілген барлық ережелерді криминализациялауды жүргізу барысында заң шығарушы үшін міндетті болып табылатын талаптар ретінде немесе оның ғылыми алғышарты ретінде түсінуге болады. Олар жөнінде алдында В.Н. Кудрявцев оларды келесі жүйеге келтіре отырып көрсетеді:

  • іс-әрекетке тыйым салудың қажеттілігі (залалдың мөлшері, таралуы, басқа тәсілдермен жоюдың мүмкін болмауы);
  • тыйымға жол берілу (саяси, адамгершілік, құқықтық (ішкі), халықаралық);
  • тыйымды жүзеге асырудың тәжірибелік мүмкіндігі (заңи-қисындық, тергеушілік, соттық, түзетушілік-еңбектік);
  • тыйым мақсаттылығының жалпы бағалануы (қосалқы зардаптар, тұрғындардың психологиялық кертартпалығы, экономикалық бағалау, болашақ үміттері) [3, 49 б.].

Бұл талаптардың кейбіреулері қағидаларға жақын болып келеді.

Ғылымда сонымен қатар криминализацияның себептері мен шарттарын қосатын, криминализацияның факторлары бөлініп көрсетіледі. Н.И. Хавронюк криминализацияның себептеріне келесілерді жатқызады:

  • Парламентпен ратификацияланған халықаралық шарттар бойынша міндеттемелерді орындаудың қажеттілігі;
  • адамдардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің басты міндеті ретінде бекіту мен қамтамасыз етудің құқықтық тетіктерін құрудың қажеттілігі;
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы мен өзге де заңдарының ережелерін жүзеге асыруды қамтамасыз етудің қажеттілігі;
  • Қандай да болсын әрекеттердің кең таралу динамикасын зерттеудің криминологиялық нәтижелері;
  • Қоғамның ой-пікірі [7, 448 б.].

Сонымен, жоғарыда баяндалғандарды қорыта келе, іс-әрекетті криминализациялаудың әр уақытта бірдей жағымды бола бермейтіндігін байқаймыз. Криминализациялау қоғамның жауыздықтан өзін қорғаудың мәжбүрлі шарасы болып табылады. Яғни, бұндай көзқарасты ұстануға криминализациялаудың жағымсыз салдары ғана емес, қандай да болмасын іс-әрекетті жасағаны үшін қылмыстық-құқықтық тыйымды енгізу туралы шешімді қабылдау барысында туындайтын күрделі сұрақтар негіз болды.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Комиссаров В.С. Оценка состояния Уголовного кодекса Российской Федерации и перспективная характеристика законодательной деятельности // Пять лет действия УК РФ: итоги и перспективы: сб. науч. трудов. – М., – С. 1421.
  2. Злобин Г.А. Основания уголовно-правового запрета: криминализация и декрими-нализация. – М., 1997. – 135 с.
  3. Кудрявцев В.Н. Научные предпосылки криминализации. Криминология и уголов-ная политика. – М., 1985. – 185 с.
  4. Наумов А.В. Российское уголовное право. Курс лекций // В 2 т. Общая часть. – М., 2004. – Т.1. – 687 с.
  5. Коробеев А.И. Советская уголовно-правовая политика: проблемы криминализа-ции и пенализации. – М., – 128 с.
  6. Антонов А.Д. Теоретические основы криминализации и декриминализации: авто-реф. … канд. юрид. наук. – М., 2001. – 17 с.
  7. Хавронюк Н.И. Поводы, причины и способы криминализации общественно опасных деяний. Уголовное право: стратегия развития в XXi веке // Материалы Международной научно-практической конференции. – М., 2004, январь 29-30. – С. 448-453.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.