Шетелдердегі заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі және Қазақстан Республикасының заңнамасындағы корпоративті жауапкершіліктің енгізу Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алып демократиялық, зайырлы, әлеуметтік және зайырлы мемлекет кұру үшін ескі тоталитарлық тәртіптен, жеке адамдардың құқықтарын қорғауға бағытталған жаңа заңнамаларды құруды мақсат етіп қойды. 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде азаматтардың жеке бостандықтары мен құқықтарын қорғауда көптеген мәселердің шешімі табылды. Қылмыстық-құқықтық заңнамасының нормаларына қатысты заңгер-ғалымдардың ойлары, кеңес үкіметі кезеңіндегі саяси ахуалға байланысты айтылмай жүрген өз көрінісін тапты. Қазіргі таңдағы Қылмыстық заңнаманың маңыздылығына қарамастан, кейбір қылмыс түрлері мысалы,экологиялық, экономикалық, сыбайлас жемқорлық секілді қылмыстардың жетілмеген тұстары көп. XX ғасырдың ғылыми-техникалық прогресінің жетістігі, жаңа биологиялық, космостық, ядролы, радиациялық, химиялық, өңдірістік және тағы да басқа технологияларды заңды тұлғалардын кеңінен пайдалануы адам өмірі үшін экологиялық қауіпті болып отыр. Сондай-ақ бұл үрдіс жыл сайын өршіп, дүниежүзілік қауымдастықты алаңдатып отыр.
Кейбір заңды тұлғалардың қызметі, жекелеген тұлға ретінде конституциялық құқықтар мен бостандықтарына, жалпы мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге қайшы келуі мүмкін. Қазақстан секілді басқа елдерде де әртүрлі саяси, діни, экстримистік, террористік, қылмыстық ұйымдар бар олар коммерциялық және коммерциялық емес заңды ұйымдарды құру арқылы адамдарға,азаматтарға,мемлекеттің құқықтық тәртібіне және заңына үлкен зиян келтіріп отыр. Аталған қылмыспен күресу үшін, заңгер-ғалымдардың алдында, жаңа тиімді қылмыстық-құқықтық әдіс ойлап шығару немесе ескіні толықтыру мәселесі тұр. Заңды тұлғаларды пайдалану арқылы ұйымдасқан қылмыстық топтар саны өсіп келеді, ол мемлекет үшін күрделі зиян келтіріп отыр. Жоғарыда аталған мән жайлар тұрғысында дүниежүзілік қауымдастықтағы әртүрлі елдерде және дүниежүзілік заңнама жүйелерінде, заңды тұлғаларға байланысты қылмыстық жауапкершілікті тағайындау қажеттілігі жөнінде сөз қозғалып жүр.
Әкімшілік және азаматтық құқық нормаларының тиімсіздігі салдарынан заңды тұлғалардың заңға қайшы қызметіне байланысты басқа шараларды пайдалануды талап етіп отыр.
Қылмыстық құқықта қылмыс субъектісі деп арнайы жасқа жеткен жеке тұлға бола алады делінген. Ал заңды тұлға текқана азаматтық – құқықтық және әкімшілік-құқықтық жауапкершілікке тартыла алады. Осыған қарамастан заңды тұлға экологиялық апатқа акеп соқтыратын ісәрекет жасаған жағдайда да қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Мысалы Чернобыль АЭС-дегі апат мыңдаған адамдардың өлімімен ауруларға шалдықтырды, ал жауап бергендер саны бір екеу ғана. Шахталарда адам өліміне әкеліп соқтыратын жағдайлар көптеп кездесіп тұрады. Бірақ сонда да жауапкершілікке бір адам, шахтаның аумағының басшысы тартылады.
Заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы әрекетпен тығыз байланысты.Абдиров Н.М. ойынша, қылмысты ұйымдастыру, қоғам өмірінің маңызды факторлары мен экономикаға әсер етуге бағытталған, сыртқы және ішкі әртүрлі сипаттағы байланыстар мен, өзінің иерархиялық құрылымымен ерекшеленеді [1].
Көлеңкелі бизнес соңғы жылдары мемлекеттік билік жүйесінің кемшіліктерін пайдалану арқылы заңдастырылып, жеке коммерциялық құрылымдар арқылы, мемлекеттің экономикасына зиян келтіріп отыр [2].
Сот-сараптама тәжірибесін талдау нәтижесінде заңды тұлғалардың құрылымы, қылмыскерлердің қолында, қылмыстық жолмен табылған ақша қаражаттарын заңдастыруда кеңінен пайдаланатын аса тиімді құрал болып отыр. Экономика саласында қылмыстандыру үрдісі әрекет етіп отыр.
АҚШ, Франция, Англия және т.б. елдердің тәжірибесі қылмысқа қатысты, жаңа тиімді механизмдерді қылмыстық заңнамаға еңгізудің қажеттілігін көрсетеді және Қазақстанның әрі қарай дамуы үшін заңды тұлғаларға байланысты қылмыстық жауапкершілікті тағайындауының маңызын аса зор екенін атап өтті. Қазақстанда заңды тұлғалар санының көбейіп, жекеменшікке ие болып, ел экономикасында, қоғамда беделінің артуы, сол беделін заңға қайшы қылмыстар істеуге пайдалануы, заңды тұлғалардың қызметіне аса үлкен қадағалаумен қарау қажеттілігін арттырады. Заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелерінің алдында бірталай қиыншылықтар тұр, себебі Қазақстан қоғамының бір бөлігі бұл жағдайдың қажеттілігін толық түсіне қойған жоқ. Қолданыстағы заңнамаға корпоративті қылмыстық жауапкершілікті енгізудің қажеттілігіне байланысты, ғалымдадың арасында жақтаушылар да қарсы келушілер де табылып отыр. Одан бөлек, айтылып отырған институтты іске асыру барысында,қылмыс құрамының қай бөлігі өзгеретінін анықтап алу қажет. Осыған байланысты, магистерлік диссертацияда заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі институтының даму мүмкіншілігі мен теориялық негізделуі анықталған.
Магистерлік диссертацияның мақсаты заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартумен байланысты теориялық мәселелерді зерттеуге сонымен қатар, экономикалық және сыбайлас жемқорлықтық қылмыстарды жасағаны үшін, қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын, Қазақстанның қылмыстық заңнамасын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды талдауға арналған. Қойылған мақсаттар шегінде келесідей мәселелер қойылған:
- Заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту институтының белгілеу қажеттілігін дәлелдеу.
- Қазіргі таңда заңды тұлғалардың жауапкершілігіне байланысты мәселелерді шешу жолдарын белгілеу үшін, шетелдердің қылмыстық заңнамаларын оқып үйрену.
- Қазақстанда заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту институтының даму перспективасын анықтау.
- Заңды тұлғаның қылмыстық-құқықтық анықтамасын жасап шығару.
- Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының нормаларын жетілдірудегі ұсыныстарды жасап шығару.
- Заңды тұлғаның қандай экономикалық және сыбайлас жемқорлықтық қылмысты жасағаны үшін, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын анықтау.
- Қылмыс жасағаны үшін, заңды тұлғаға салынатын қылмыстық-құқықтық санкцияларды анықтау.
Осылайша, диссертациялық жұмыстың объектісі, қылмыстық-құқықтық қатынастардың субъектісі секілді заңды тұлға табылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 14 бап 1 бөлімін келесідей түрде мазмұндау қажет деп ойлаймын:
Қылмыстық жауапқа тартылуға тиiстi адамдар: а) Есi дұрыс, осы Кодексте белгiленген жас-
қа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.
ә) заңды тұлға
Заңды тұлғаның қылмыс субъектісі ретіндегі белгілеріне, Қазақстан Республикасы юстиция мекемелерінде тіркелген, заңды тұлға деген құқыққа ие ұйым жатады. Заңды тұлғаның келесідей экономикалық қылмыстары үшін жауапқа тарту дұрыс деп санаймын: 190-бап (Заңсыз кәсiпкерлiк); 193-бап (Қылмыстық жолмен алынға ақша қаражаттарын заңдастыру); 194бап (Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану); 196-бап (Монополистік қызмет); 202-бап (Эмиссиялық бағалы қағаз шығару тәртібін бұзу); 214-бап (Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару); 218-бап (Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзу); 222-бап (Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару); 209-бап (Экономикалық контрабанда); Қазіргі таңда қылмыстың алдын алу мен оны тоқтатуда Қылмыстық Кодекстің маңызы зор. Бірақ соған қарамастан, соңғы жылдары кейбір қылмыстарға байланысты (экономикалық, экологиялық, сыбайлас жемқорлық) күрес мәселелерінің айтарлықтай қиындықтары туындап отыр. Ғылыми техникалық үрдісі жаңа биологиялық, ядролы, химиялық, өңдірістік және басқа да технологияларды шығарды, ал ол технологияларды өз қызметінде заңды тұлғалардың пайдалануы, адамдар үшін қауіпті экологиялық ахуал туғызуда. Бұл мәселе соңғы жылдары қарқынды өсіп келетіндіктен әлемдік қауымдастықты алаңдатуда.
Халықаралық валюталық қордың мамандарының есептеулеріне сәйкес, әлемдік ЖІӨ заңсыз жолмен ақша ағымы 2-5% құрайды, 2007 жылы бұл көрсеткіш 72,5трлн.долларды құрады. Осылайша, 2007 жылы бүкіл әлем бойынша 1,45-3,62 трлн. доллардың ағымы болды.
Заңды тұлғалардың қылмыстары экономикалық факторларды тұрақсыздандырады, бұл тұрақсыздық негізгі экономикалық көрсеткіштердің құлдырауы инфляцияның өсуі, өндірістің төмендеуі, экономиканың көленкелі секторына капиталдың құнылуы секілді құбылыстарға әкеп соқтырады. Тұтынылатын тауарлардың бағасының жоғарлауы, тек экономикалық факторлар мен, халықаралық баға коньюктурасы мен ғана байланысты емес, сондай-ақ, нарықтағы арамза бәсеке, монополиялық сөзбайласулар, нарықпен айла шарғы жасаумен де тығыз байланысты. Бұл жағдайлар мемлекеттің негізгі экономикалық тұрақтылығына кері әсерін тигізеді.
Заңды тұлғалардың қылмыстылығы жалпы қоғамда криминогендік деңгейдің жоғарлауына әсер етеді. Әсіресе сыбайлас жемқорлық (сыбайлас жемқорлықтың ерекше түрі – корпоративті сыбайлас жемқорлық) экологиялық қылмыс, терроризімді қаржыландыру және ұйымдасқан қылмыс секілді аса қауіпті әлеуметтік құбылыстардың пайда болуы мен, дамуына жағдай жасайды. Соңғы жылдары елде, қалыптасқан қоғамдық-саяси және экономикалық ахуал, мақсаты, шаралар жинағын қабылдау, құқық қорғау ор-гандарының қызметін жандандыра түсті.
Сонымен қатар, қылмыс оның ішінде сыбайлас жемқорлықтық, қысқару беталысына қарамастан, Қазақстанның ішкі қауіпсіздігіне теріс әсерін тигізеді. Сыбайлас жемқорлық, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне төнген қатердің негізгілерінің бірі сондай-ақ экономикалық заңдардың еркін әрекет етуін шектеп, шетел инвестицияларын тартудағы басты бөгеттің бірі болып отыр. Әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлықтық қылмыстар,құқықтық заң нормамен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қауіпті жағдайды тудырады.
Кейбір заңды тұлғалардың қызметі, мемлекеттің, қоғамның және жеке адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қайшы келуі мүмкін. Басқа елдерде де Қазақстандағыдай, әртүрлі саяси, қоғамдық, экстремистік, террористік, қылмыстық топтар, партиялар мен қозғалыстар коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғаларды құрумен жамылып, мемлекетке, қоғамға, азаматтық қоғам мен азаматтарға үлкен зиян келтіріп отыр.
Корпоративті қылмыстық жауапкершілікті енгізу қажеттілігіне байланысты шешімді жақтауда, келесідей жағдайлар келтірілген:
- Азаматтық және қылмыстық құқық әрекеттің ұқсас критерийлерін анықтайды.
- Корпорация өзінің белгілі құқығынан сот шешімімен айырыла алады.
- Заңды тұлғаға байланысты, жою, айыппұл секілді жаза түрлерін қолдану мүмкіншілігі.
- Заңды тұлға өз қызметкерлерімен сәйкес келмейтін ерік-жігері, (ол қылмыстық бола алады).
- Заңды тұлға жасалынған қылмыстар көлемінің кеңдігіне байланысты, заңды тұлғаға байланысты тура карательды санкция салу қажеттілігі бұл жазаның тиімді әдісі болып табылады.
- Корпорация мүддесі үшін, өз қызметі шегінде әрекет еткен жеке тұлғаны қылмыстық жауапқа тарту әділетсіз, сондай-ақ бұл жағдай көзделген мақсатқа жетуге көмектеспейді, себебі, ұйымның жұмысындағы құрылымдық қателіктері, ұйымның бір қызметкерінің сот алдында жауап берген кезінде жойылмайды. Одан бөлек, соңғы жылдары Қазақстанда заңды тұлғаның мұндай құрылымы, басқа мақсатта жұмыс істейтін, қылмыскерлермен атын жамылу үшін құрылған ұйымдар көбейіп кетті.
- Заңды тұлғаның жауапкершілігі альтернативті модельдері: әкімшілік, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктер қылмыстық процестегідей процессуалды кепіл бере алмайды.
- Халықаралық деңгейде мемлекеттер өзара қылмыстық істер бойынша қылмыскерлерді іздеуде құқықтық көмек көрсетеді. Ал заңды тұлға, яғни корпорацияның қылмыстық қызметі осындай сипатта болады. Қазіргі кезде, қылмыскерлер шетел компаниялары мен банктерін пайдалану арқылы қылмыстық әрекеттерін жүзеге асырып отыр.
Сондықтан, заңды тұлғаға қатысты қылмыстық жауапкершілікті енгізу қажеттілігінің өзектілігі соңғы жылдары артып келеді. Заңды тұлғаны қылмыстық жауапқа тарту, бұл қылмыс үшін жеке тұлғаны да қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды, себебі ол қылмысты ұйымдастырушы, қылмыстық әрекетке итермелеуші болып табылады. Сондай-ақ жеке тұлғаның жауапқа тартылуы, заңды тұлғаны да жауапкершіліктен босатпайды. Заңды тұлғаларды ұжымдық жауапқа тартуда, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын заңды тұлғаның қай категорияға жататынын анықтап алу кажет. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы немесе шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес, құрылған ұйымды, заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма т.б.
Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді
Әдебиеттер
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл.
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 16 шілде 1997 жыл.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 27 желтоқсан 1994 жыл; ерекше бөлім.
- Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. – Алматы: Жеті жарғы.