Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Құқықтық мәңгілік мемлекетке білімді заңгер мамандар қажет

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаетың «Назарбаев университетіндегі Қазақстан білім қоғамы жолында» атты 2012 жылғы интерактивті дәрісін барлық жастар, студенттер, ұстаздар қауымы зор ықыласпен тыңдады. Бұл дәріс тыңдаушылардың барлығына  да үлкен серпін беріп, келешекке деген зор сенімді ұялатты, жастардың болашағына жол ашты. Дүниенің кілті, жетістіктің негізі білім, ғылым екендігін айғақтай отырып, ел Президенті жастарға, алдағы уақытта олардың атқаратын міндеттерін де саралап берді.

Қазақстанның өсіп-өркендеуінің кілті жастарда. Ел дамуының жаңа кезеңі мен тәуелсіздігіміздің үшінші он жылдығында білімді, тәрбиелі, өнегелі жастарды қалыптастыру тәуелсіз мемлекетіміздің өркен жаюының негізі екендігін де Елбасы баса айтты. Президент дәрісінде елімізде құқықтық білімді, құқықтық сана мен тәрбиені, одан әрі өмір талабына сай жетілдіру қажеттілігі баса айтылды.

Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет.

Құқықтық мемлекеттің негізгі атқаратын қызметі қоғамдық өмірдің барлық салаларын заң, әділетті құқық нормасымен ретке келтіру, басқару, қызмет көрсету салаларында заң талаптарын басты басшылыққа ала отырып, адам, қоғам, мемлекет мүддесіне адал қызмет ету болып табылады.

Өйткені, құқықтық норма – әділет жолы, адам, қоғам, мемлекет мүддесінің үйлестірушісі, заңдылық пен демократияның даму негізі. Осыған орай, Президент дәрісінде Қазақстанның өркендеуі, гүлденуі, дүниежүзінде алдыңғы қатарлы мемлекет санатында көріну үшін құқықтық   сауаттылықты,    тәрбиені,    сананы жетілдіру қажеттілігіне басты назар аударылғаны баршаға аян. Еліміздің әрбір азаматы өз құқығын, бостандықтарын, міндеттерін білуі тиіс, әрбір азамат құқық нормаларын, заңдылық талаптарын берік ұстануы керек. Сонда ғана мемлекетіміз саяси, экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан дамып, тәртіп нығаяды.

Құқықтық сана, құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие әрбір азаматтың қалыптасуының, өсіп-жетілуінің басты қағидасына айналуы тиіс.

Құқықтық сана дегеніміз тұлғаның қолданыстағы емес қабылданатын құқық нормаларына деген көзқарастары мен сезімдері, оларға тиісінше, баға беру мүмкіндіктерінің жиынтығы болып табылады.

Бұдан құқықтық сананың негізінен құқықтық психология және идея жиынтығынан құралатынын көреміз. Құқықтық психология қолданыстағы құқық нормаларын жетілдіруге, жаңа құқықтық нормаларды қабылдау қажеттілігінің деңгейін, сезімін білдірсе, құқықтық идея құқықтық сананың өз дәрежесіне көтерілуінің нәтижесінде адам, қоғам, мемлекет мүддесі үшін қажетті құқық нормаларының қабылдану қажеттілігін білдіреді.

Құқықтық сана-сезімнің басты мақсаты адам, азамат, қоғам мүддесіне сәйкес келетін, олардың мүдделерін қанағаттандыратын құқықтық нормаларды ортақ игілік үшін қабылдау қажеттілігінің негізгі бастамашысы болып табылатындығында. Құқықтық мәдениет болса, құқық нормаларын білу, толық түсіну, оларды басшылыққа ала отырып, адамзаттың ортақ мүддесіне қызмет істеуді білдіреді.

Құқықтық мәдениет құқықтық сана-сезіммен тығыз байланысты және содан негіз алып дамиды, жетіледі. Субъектінің өзінің іс-әрекетінде құқық нормаларын басшылыққа алуы оның құқықтық мәдениетінің ерекшелігін, дәрежесін білдіреді.

Құқықтық тәрбие қоғам мүшелерінің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың  іс-әрекетінің  көрінісі  болып табылады. Мемлекет неғұрлым құқықтық тәрбиеге ерекше мән берсе, құқықтық сана, құқықтық мәдениет, құқықтық білім биік дәрежеден көрініс табады. Өйткені құқықтық сана, мәдениет, құқықтық ғылым – тәртіптің қайнар көзі, бастауы.

Тәртіп – барлық жетістіктердің қайнар көзі, негізі, Президент дәрісіндегі осы айтылған идеяларды жүзеге асыру үшін не істеуіміз керек деген сұрақ туындайды. Ол үшін отбасында, балабақшада, орта мектепте, жоғары оқу орындарында құқықтық тәрбие, білім беруді заман талабына сай жетілдіру қажет. Әрбір отбасы бала тәрбиесінде дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының тиімді   жақтарын   ұрпақтар   санасына  сіңіріп,оларды заңды құрметтеуге, әділеттілікке, турашылдық жолға түсетіндей етіп тәрбиелеуі қажет. Балабақшаларда – еліміздің Ата Заңы Конституцияда            көрсетілген    адамның,        азаматтың басты құндылықтары – құқықтары мен бостандықтары туралы айқындалған түсініктердің мазмұнын,мемлекеттің,мемлекетіміздіңрәміздерінің    маңызын,        мемлекеттік   құрылысының негізгі ұғымдарын түсіндіру қажет. Орта мектепте оқылатын құқық негіздері пәнін қайта сапалы түрде дайындап, Қазақстанның негізгі заңы Конституциясына негіздеп шығару  керек, осы пәнге бөлінген сағат санын көбейтіп, бір жүктемеге толтырып, дәріс беретін пән мұғалімінің арнаулы заң білімі болуына талап қойған жөн. Өйткені білім сапасы ұстаздың мамандығына, білгірлігіне тікелей байланысты. Жоғары   оқу   орындарында   қазіргі   кезде

«Мемлекет және құқық негіздері пәні балама пән ретінде оқытылады. Яғни, студенттердің қалауы бойынша оқу жоспарына енгізіледі. Бұл дұрыс емес. «Мемлекет және құқық негіздері» пәні барлық жоғары оқу орындарының оқу бағдарламасында міндетті түрде оқытылатын пән болуы қажет. Президент дәрісінде, сондайақ, Президенттің «Жалпыға бірдей еңбек қоғамының 20 қағидасы» атты мақаласында да құқық негіздері оқу құралын даярлау, жоғары білімді оқу орындарын бітірген жастардың құқықтық білімді меңгеру қажеттілігі нақты көрсетілген. Осыған орай, осы аталған пән бойынша жаңа оқу құралын дайындау қажеттілігі өзінен-өзі туындап отыр. Құқықтық білімді жетілдіру саласында бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы да ерекше. Елімізде құқықтық сауаттылықты насихаттайтын арнаулы телехабар арнасы да қажет.

Құқықтық білімді, сананы, тәрбиені жетілдіру – кең байтақ Қазақстанның барлық жерінде үздіксіз, біркелкі, биік дәрежеде жүзеге асырылуы керек.

Білім берудің негізгі көзі – білікті ұстаз екені ақиқат және осыған орай заң оқу орындарында ұстаздыққызметкеалғанда, еңалдымен, олардың өзі оқытатын пәннің шын мәніндегі білгірі екендігі сот, тергеу, құқық қорғау қызметіндегі тәжірибесі, болашақ заңгерлерді әділеттілікке тәрбиелейтін өзіндік адами қасиеттері, дәріс берудегі шешендік ерекшеліктері басты назарға алынуы керек. Оқытушыларды конкурстық қызметке   алғанда   оларды,   ең   алдымен, студенттерге дәріс оқытып, білім деңгейі туралы студенттердің де пікірі басшылыққа алынғаны жөн.  Өйткені,  қазір  ғылыми  дәрежесі  барлар көп, ал студенттерге дәріс беру, шынайы ұстаз болу өте жауапты іс. Жоғары білімді заңгерлердің білім саласы тиісті дәрежеде болса, мемлекетімізде заңдылық пен құқық тәртібі де биік деңгейде болады. Сонда ғана біз алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарынан орын аламыз.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының өркендеуіне, дамуына, дүниежүзіне танылуына тікелей әсер етіп жатқан құнды құндылықтардың бірегейі елімізде жүзеге асырылып жатқан құқықтық реформа болып табылады. Құқықтық реформаны жетілдіру – елімізде мемлекеттілікті нығайтуға, әрбір қоғам мүшесінің құқықтық сана-сезімін жетілдіруге, Қазақстан Республикасын құқықтық мемлекет ретінде әлемге танытуға жол ашатын бірден-бір жасалған алғышарт.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы әлемге өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет екендігін әлі де танытуға тиіс. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қағидасы» атты құнды мақаласында өте көкейкесті болып  табылатын. «Қазақстан құқығы»  пәнін  жетілдіруге аса мән беру қажеттігін атап өтті, оның болмауы, жастардың құқықтық нигилизмі мен сауатсыздығына соқтырады деп Президент ескерту жасады.

Қазіргі уақытта еліміз бойынша өскелең ұрпаққа, тұрғындарға құқықтық білім беруді жетілдіру, осыған орай, оқулықтар мен оқу құралдарын өмір талабына сай дайындалған заңдарға негіз деп қайта дайындау міндеті алға қойылып отыр. Өйткені мемлекет, қоғам, жеке адам іс-әрекеттерінің барлығы дерлік құқық нормалары арқылы реттеліп  жүзеге асырылды. Демек, қоғамның әрбір мүшесі өз құқығын, міндетін заң нормалары негізінде жүзеге асыруы керек. Өйткені құқық нормалары адамның туған сәтінен бастап өмірінің соңғы сәтіне дейінгі қолданылатын заңдылық құралы. Қазіргі кезде кез-келген адам, қоғам, мемлекет арасындағы қарым-қатынас құқықтық нормалар арқылы реттеліп, жүзеге асырылды. Қоғам мүшелері, әсіресе жастар конституциялық, әкімшілік, азаматтық,    қылмыстық, жер, су, экология, салық, қаржы, еңбек, отбасылық құқық салаларын білуі қажет.

Қазақстан Республикасы Президентінің биылғы – 2014 жылғы Қазақстан халқына жолдауында елімізде білімді мамандар даярлаудың аса маңызды мемлекеттік шара екендігі ерекше аталып кетті. Өйткені сан ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздігімізді мәңгілік етудің басты құралының бірі – өскелең ұрпаққа берілетін білім беру сапасына тікелей байланысты. Білім беру жүйесінің басты мақсаты – тұлғаның ұлттық және жаңа адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы, оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау, жеке тұлғаны тәрбиелеу, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, құрметтеу, денсаулығын нығайту сияқты басты қағидаттарды іске асыру болып табылады. Көрсетілген құндылықтарды білім алушылардың бойында қалыптастыру мен дамыту мемлекетіміздің білім беру жүйесінің басты міндеті ретінде қарастырылады. Осы көзделген міндеттерді жүзеге асыру үшін және білім сапасын көтеру үшін әлем елдерінің білім беру салаларының озық үлгілі тәжірибелерін зерттеп, терең талдап, сұранысқа ыңғайлысын пайдалану сондай-ақ, елімізде білім беру жүйесін жетілдіруге кедергі келтіретін жағдайлардың орын алмауына қажетті ұсыныстарды да жанжақты ескеруіміз қажет.

Тәуелсіздік алған 22 жылдың ішінде Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін жетілдіруде бірнеше реформалар  іске  асырылды. Өйткені білімді адам өз бойындағы жеке қабілеттерін дамытып, өзі таңдаған мамандығының кәсіби иегері болуға, сөз жоқ өз елінің лайықты азаматы болуға ұмтылады. Білімді азамат үлкендерге құрметпен қарауға, өз ортасында қарым-қатынас кезінде әдептілік танытып, дөрекілік көрсетпейді және кемтар адамдарға жанашырлық көрсетіп, мүмкіндігінше қамқорлық жасайды. Білімділік – парасаттылықтың, мәдениет пен адамгершіліктің үлгісі, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеудің негізі. Білімді адам салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әрекеттерден аулақ болады.

Білімді азамат ұлттық, мемлекеттік дәстүрлерді құрметтейді, басқаның мүлкіне қол сұқпайды, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Білімді адам өз елінің патриоты, қорғаушысы болады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның 131 жоғары оқу орындарында жарты миллионнан  астам жас түлектері білім алуда. Көптеген  жоғары оқу орындары заңгер мамандарды дайындауда. Оның көпшілігінде, әсіресе аграрлық, техникалық,  медициналық  оқу   орындарында, жеке меншіктегі жоғары  оқу  орындарында заңгерлік мамандыққа даярлау дәстүрге айналған. Бұлардан басқа ішкі істер мемлекеттік қауіпсіздік, қаржы полициясы, қылмыстық атқару жүйесі органдарында да салалық заңгерлер мамандары даярланады. Сот органдары үшін Басқару Академиясында магистрлер даярлайтын арнайы институт көп жылдан бері қызмет атқарып келеді. Өйткені Конституцияға сәйкес Қазақстан – демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет. Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде заң білімін білуге құштарлық күшейді, құқықтық мемлекеттің барлық қызметі заңнамалар арқылы іске асырылады.Тиісінше құқық қорғау, сот  органдары қызметкерлерінің басым көпшілігі заңгер мамандарынан құралады. Бұлардан басқа мемлекеттік билік органдары мен мекемелерде, мемлекеттік емес ұйымдарда, қоғамдық бірлестіктерде де заңгер лауазымы баршылық. Ел Конституциясына сәйкес құқықтық мемлекет болып саналатындығымызға сәйкес адам, қоғам, мемлекет арасындағы әртүрлі қоғамдық қатынастардың нақты іске асырылуы заңгерлік білімі бар мамандардың атқаратын қызметіне тығыз байланысты. Осы заңгерлік қызмет атқаратын мамандардың кәсіби біліктілігі өз дәрежесіне сәйкес болса, олардың қызметіне мінсіз болары ақиқат. Әрбір азаматтың заңгер қызметіне қабілеттілігі өз мінез-құлқының табиғи ерекшелігіне, жастайынан алған тәлімтәрбиесі мен үлгі-өнегесіне, өскен ортасына, қоғамның мемлекеттің осы салаға тиісті назар аударуына байланысты бағдарламаларға байланысты болады.

Осыған орай, осы мақаламда қалыптасқан тәуелсіз мемлекетіміздің болашақ заңгерлерді даярлау, олардың білім деңгейін қалай арттыруға назар аударған жөн болар еді деген ой-пікірімді оқырмандарға ұсынғым келеді.

Біріншіден, қазір Қазақстанда заңгер мамандығын даярлайтын оқу орындары тым көп. Мемлекеттік,  жеке  меншік  оқу мекемелерінде  заңгер мамандығы бойынша маман даярлау жарысқа түскендей болып кетті.

Мемлекет мүддесі үшін қанша заңгер кадрлар керек. Мемлекеттің қай саласында заңгерлер жетіспейді деген мәселемен ешкім айналыспайды, оның үстіне заңгерлер мемлекеттік, мемлекеттік емес оқу орындарында даярланғанымен олардың алатын дипломы – бір үлгідегі мемлекеттік болып саналады.  Ал  мемлекет осы заңгер мамандығын алғандардың білім дәрежесінің белгіленген талапқа сай келетінін қалай анықтайды. Әзірге бұл сауалдың жауабы жоқ. Осыған байланысты кәсіби білікті заңгер маманын даярлау үшін оқуға түсетіндерге талап күшейтілуі қажет. Ол үшін заңгер мамандығын таңдайтындардың денсаулығына, осы мамандықты шын ұнатып қалайтынына, болашақ мамандықтың адам, қоғам, мемлекет мүддесі үшін айрықша қызметтік жағдайына түсіністікпен, жауаптылықпен қарайтындығына назар аударған жөн.

Екіншіден, заңгерлік мамандыққа түсудің бірыңғай ұлттық тестілеуден алған бағасы кемінде 70 балдан асқан жағдайда ғана оқуға қабылданса, білім сапасы арта түсер еді. Заң мамандығы бойынша оқитын студенттер оқу жоспарына сәйкес курстық, дипломдық жұмыс жазып, қорғауға міндетті. Енді осы міндет қалай жүзеге асырылуда? “Егемен Қазақстан” газетінде    Парламент    депутаты    М. Тінікеев: «таяқ лақтырсаң экономист және заңгерлерге тиеді», – деп  тұжырымдама  жасапты  (Егемен Қазақстан. – №255. – 16.11.2013 ж.). Осы мақаласында депутат М.Тінікеев студенттердің көбінің курстық, дипломдық жұмыстарды интернеттен көшіріп алатынын айтып, мұндай құбылыспен күрес жүргізу үшін жоғары оқу орындарына «Антиплагиат» бағдарламасын енгізуді ұсынады. Егер бұл бағдарламаны шындап қолға алсақ, елімізде тек білімді мамандар даярлау іске асырылады деп түйіндейді өз ойын мәжіліс депутаты.

Менің пікірімше, мәжіліс депутатының тұжырымы дұрыс сияқты. Курстық, диплом жұмыстарын қорғау жоғары оқу орындарының көбінде формальды түрде жүзеге асырылады. Бұрын жазылған жұмыстарды пайдалану сияқты жат құбылыстар көп. Сондықтан курстық, дипломдық жұмысты жазуға өте дарынды өз білімінен ғылыми-теориялық конференцияларда баяндамалар жасап көрсете білген талантты студенттерге ғана рұқсат еткен дұрыс. Басқалары болса, курс, диплом жұмысын жазудың орнына арнайы пәндер бойынша дәріс тыңдап, емтихан тапсырғаны жөн болар еді. Тағы бір айта кететін мәселе – диплом жұмысына пікір жазатын рецензенттердің тізімін кафедраның ұсынысы бойынша  ректордың  бұйрығымен  бекітілді. Ал рецензенттердің диплом жұмысына берген қорытындысы дұрыс болмаса, онда олардың жауапкершілігі қалай болады, ол жағы заңды көрініс таппаған.

Мемлекеттік емтихан қабылдайтын, олардың қорғаған жұмысына баға беретін мемлекеттік аттестаттау комиссиясының Төрағасын оқу орнының ректорының ұсынуымен министрлік бекітеді. Мемлекетте жоғары білім алатындардың  білім  сапасына  мемлекеттік   талапты күшейту үшін мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасын әрбір оқу орнына Білім және ғылым министрлігі өздері тікелей бұйрықпен бекітіп жіберуі қажет. Осы ретте ғана білім  беру  саласына  мемлекет тарапынан әділ баға беріледі, мемлекеттік аттестаттау комиссиясының қорытындысы оқу мекемесінде кадр даярлаудың объективті көрсеткішін айғақтайды. Осы қорытындыға байланысты министрлік оқу орнының маман даярлау құзыретіне әділ баға берер еді. Бұл іске жеке оқу органдарының араласпауы қажет. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының құқықтары мен міндеттері заңды түрде белгіленіп, жауапкершілігі күшейтілуі қажет. Сонда ғана мемлекеттік үлгідегі диплом алатындардың білім сапасына мемлекеттік бақылау тиісінше іске асырылады.

Студенттерге сапалы білім берудің негізгі кілті білімді ұстаздар құрамына байланысты. Білімді ұстаздарды жұмысқа тарту, олардың адал еңбегін көтермелеу, ғылым, білім саласында аянбай тер төгіп еңбек етуін қамтамасыз ету – әрбір жоғары оқу орнының басты міндеті. Бізде қазір біреу ректор, декан, кафедра меңгерушісі болса өз кадрларын жұмысқа тарту, білімді ұстаздарды қызметтен шеттету сияқты жат құбылыстар да көрініс тауып қалады. Мұндай іс-әрекет мемлекеттік қызмет жүйесіне жат құбылыс екендігі қатаң ескерілуі қажет.

Қазіргі кезде магистрлік дипломы бар оқытушылардың саны көбейді. Олар аға оқытушы деген атақ алып дәріс оқиды, курстық,дипломдық жұмыстарға өндірістіктәжірибелік істерге жетекшілік етеді. Бірақ олардың көбінің педагогикалық тәжірибесінің аздығынан сапалы білім беру дәрежесіне сәйкес келмейтіні көрініс табуда. Жалпы кез-келген оқытушылық қызметке қабылдау конкурстық негізде, әділеттілік қағидасын басшылыққа ала отырып, жүзеге асырылса, білімді ұстаздар сапасы артар еді,мұндайреттетамыр-таныстық,жерлестікпен, сыбайластықпен қызметке келетіндердің жолы да кесілер еді. Заң оқу орындарында оқитын студенттер  мемлекеттік  тілдегі   оқулықтар, оқу құралдарына, заң түсіндірмелеріне зәру. Көптеген  заң   мамандықтарын   даярлайтын оқу мекемелерінің басшылары, ұстаздары мемлекеттік тілде дәріс бере алмаса да, басшылық жасай отырып, мемлекеттік тілдегі оқулықтар мен бағдарламалардың дайындалуына селқос қарайды. Міне, осындай немқұрайлылық орын алған жағдайда мемлекеттік тілдің өркендеуіне, сапалы құқықтық білімнің өз дәрежесінде көтерілуі оңай шаруа емес.

Оқу орындары кафедраларында бос оқытушылық қызметіне кейбір реттерде ғылыми атақ, дәрежесі бола тұра өз ісіне сәйкес келмейтіндер де қабылданып қызметке тұратындар да бар. Заңгерлерді оқытатын білімді ұстаз ғалымдардың біліктілік көрсеткіштеріне аса мән берген жөн. Қазіргі кезде шетел асып, жолын таңдап ғылым кандидаты, ғылым докторы атағын алып келушілер де баршылық.   Мұндай реттерде жұмысқа қабылдау үшін оларға, алдымен, студенттерге дәріс оқытып содан кейін тек қана конкурстық негізде  жүзеге  асырылса, білікті, білімді ұстаздар саны көбейер еді. Заңгерлік білім беруді өндірістік тәжірибемен тығыз ұштастыру қажет. Сот, құқық қорғау органдарының тәжірибесі қызметкерлерді болашақ заңгерлерге тәрбие беріп,  олардың теориялық білімінің жетілуіне үлес қосқанының пайдалы жақтары көп. Осыған байланысты оқу жоспарын жандандырып, білім беру жүйесін оқу тәжірибелік істермен тығыз байланыста болуын қарастыратын сағат кестесін енгізу қажет. Жалпы, ұстаздық қызметке студентке беріліп, бірге жұмыс істейтін, оларға тиянақты, сапалы білім беретін, өз ісімен, ғылыми еңбегімен үлгі беретін ұстаздар алынуы керек. Жалпы, жоғары оқу орындары оқытушыларының сапасын жақсарту үшін, қазіргі елімізде құқық қорғау органдарында жүргізіліп жатқан кезектен тыс мемлекеттік аттестаттауды үлгіге алып құқық пәндерінен дәріс беретін оқытушылардың министрлік, ректорат құрған тәуелсіз комиссия арқылы кезексіз аттестаттаудан өткізу   шаралары пайдалы болады деп ойлаймын.

Жалпы, еліміз бойынша білімді, білікті, әділеттің ақ жолын аттамайтын заңгер мамандарын даярлау өте керек. Бұл істе тиісінше мемлекеттік бағдарламада жасалып, заңгер мамандарды даярлаудың тиімді жолдары айқындалса өте дұрыс болар еді.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.