Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Әбiлқайыр ханның Ресей бодандығын қабылдау жолындағы саяси-құқықтық іс-әрекеттері мен көзқарастары

  • ғасырда орталық шығыста халықаралық саясаттың негiзгi күшi Ресей империясының қолында едi. I Петр патша Үндiстан мен Қытай, сондай-ақ өзге де iрi-кiшi мемлекеттермен сауда жолдарын иемденудi жоспарлады. Осы жоспарын iске асыру жолында ол, барша Азия елдерi мен жерлерiнiң кiлтi мен қақпасы қазақ елi, осы халықтың жерi арқылы жүзеге асыра алатынын өз саясатына түйiндедi.

Ресей ерте ме, кеш пе көшпендi халықты өзiне бағындыратын едi. Себебi, көшпендi халықтың жерлерi арқылы Орта Азияға саяси ықпал ету мүмкiндiгi мен сауда жолы жатты.

I Петрдiң Ресейдi нығайтуға бағытталған реформалары  мемлекеттiң  беделi  мен қуатының өсуiне ықпал еттi. Бұл мезгiлде  Ресейдiң сыртқы саясатында Қазақстан айрықша орын алды. Өйткенi, I Петр қазақ даласын «шығысқа шығаратын қақпаның кiлтi» деп есептедi.

Сөйтіп, Қазақстан мен Ресей елiнiң саяси байланыстары I Петр патша тұсында нығайды. Қазақ даласының жерi арқылы Ресейден Орта Азия мен Сiбiрге сауда-саттық жолдары өттi. Бұл жолдарда ортаазиялық көпестер керуендерi жүрдi. Олар сауда байланысында Ресей мен Қазақстан арасында делдалдық қызмет атқарды. Жалпы, I Петр өзiнiң шығыс саясатында қазақ жерiне өте көп маңыз бердi.

Орыс патшасы, сондай-ақ қазақ хандары сауда мәселесiнiң дамуына мүдделi болды.   Мысалы, 1687 жылы Тәуке хан өз елшiлiгiн жiбере отырып, былай жазған: «Подданным людям надобно покой, и послы и торговые люди меж нами ездили, добрая слава меж нами хорошая будет».

Қазақстанның Ресей елiмен сауда қатынастары жылдан-жылға, дәуiрден-дәуiрге өрлей бердi. Тек, I Петр өлiмiнен кейiн қазақ хандарымен орыс елiнiң арасындағы келiссөздер тоқтап қалды. Бұлкелiссөздер XVIIIғасырдың 20-30-шы жылдарында қайта жаңғырды. Аталмыш дәуiрге лайық қазақ елi өте ауыр саяси хал-ахуалда болды. Сырттан әскери шапқыншылық, бұнымен қоса iшкi өзара алауыздық қақтығыстары қалыптасты. Моңғол мен Тарбағатай аймағында орналасқан күштi  әскери  одақ  жоңғарлар XVII ғасырдың бас кезеңдерiнде қазақ даласына әскери шабуылдарын көбейттi. Әсiресе, 1723-1727 жылдар аралығындағы қақтығыстар қазақ халқының тағдырында есте қалатын iз қалдырды.

Осы тарихи тұрғыдан, қазiргi кезде қазақ халқының хандарының бiрi Әбiлқайыр ханды Ресейге қосылуға итермелеген қандай себептер деген сауалдың төңiрегiнде бiрыңғай жауап кездеспейдi. Әртүрлі көзқарастар орын алады. Бiр зерттеушiлер, Әбiлқайырдың Ресейге қосылу себебiн, баққұмарлыққа негiздейдi.

Ең дұрысы, бiздiң пiкiрiмiз бойынша, Тәукенiң жолын қуған, халық мұрасын шашыратпауға   тырысқан   Әбiлқайыр    саясатының мәнi – қазақ халқының ұзақ соғыстан қалжырауы, жоңғар, едiл қалмақтары, башқұрт халықтарының қысым көрсету саясаты, дағдарысқа ұшыраған шаруашылық, жүз ру арасындағы таққа таласқан төре тұқымдары. Осы айтылғанның  бәрiнiң  таразыға  салынуы.   Мiне, Кiшi жүз ханы Әбiлқайыр кезiндегi iшкi және сыртқы саяси-әлеуметтiк жағдай  өрiсi осындай едi. Осындай күрделi мәселелердi шешуде солтүстiктегi қуатты көршi елi Ресеймен татутәттi қарым-қатынас орнату қазақ халқы үшiн, яғни оның iшiнде көршi елдердiң тынымсыз шабуылынан мазасы кеткен Кiшi жүз ханы Әбiлқайыр үшiн кең байтақ қазақ даласында тыныштық орнатудың кепiлi ретiнде көрiндi.

Тарих арнасының ақиқат шындығына кеңiрек тоқталсақ. XVII ғасырдың аяғы – XVIII ғасырдың бiрiншi жартысында қазақ қоғамының саяси жағдайы аса ауыр халде болатын. Қазақ қоғамының әлеуметтiк-саяси жағдайының  әлсiреуiне ықпал еткен мән-жайлар – көршiлес елдердiң қазақ халқының жерiне көз алартуы едi.

Ресей бодандығына кiру оған, жоңғар империясының әскери және саяси үстемдiгiн жеңудiң бiрден-бiр жолы болып көрiндi, әрi қазақ қоғамының бiрыңғай бiртұтас мемлекетiн құруға жол ашылады деп топшылайды. Осыларды жүзеге асыру мақсатында Әбiлқайыр хан тарихи ауыртпалықты және жауаптылықты өз мойнына алды. Ханның ой-пайымдары орыс патшаға жазған хаттарынан анық байқалады.

Дегенмен, Әбiлқайыр ханның бұл саяси жолы қазақ даласының сұлтандар әулетiнiң бекзаттарының ызалануы мен қарсыласуына қақтығысты.   Себебi,   Әбiлқайыр    хан   Ресей империясына арқа сүйеу арқылы өз ықпалын күшейтудi, қазақтың үш жүзiн түгел бағындырып, бiр орталықтан басқарылатын билiк жүйесiн орнатуды, сөйтiп сол билiгiн балаларына сайлау жолымен емес, мұрагерлiк жолымен қалдырып отыруды көксеп отырғанын олар сезген едi.

1730 жылы Кiшi жүз ханы Әбiлқайыр Ресей мемлекетiне қазақ елiн қамқорлыққа алу терминi ретiнде «бодандыққа» алу туралы өтiнiш бiлдiрдi [1, 47-48 бб.]. Қамқорлық – iрi мемлекеттiң кiшi халыққа көрсеткен ағалық мейiрiмдiлігi сияқты. Осыған сәйкес қазақ халқының дарынды тарихшысы Е.   Бекмаханов

«қазақ елiнiң Ресейге бағыныштылығын ағаның iнiге қамқорлығы iспеттес дей келе, Ресей патшасы Анна Иоанновнаның iрге тасында (подданство) бодан болу деген термин қолданылған. XVIII ғасырдың бiрiншi ширегiнде бұл сөздiң мағынасы қазiргiден бөлек. Ол кезде «подданство» деген сөздi қамқорлық деп түсiнген, яғни бұл сөздi өзiне қаратып алу немесе отарлау деп түсiнбеу керек», – деп жазған [2, 107 б., 122129 бб.]. Осыдан Әбiлқайырдың бодандықтың құлдықтан айыра бiлгендiгiнен қазақ халқын өзге мемлекетке басыбайлы құлы қылып бермеген. Хан орыс құжаттарында өзiн «құл» деп атауына қарсы тұрды.

Бодандық сөзi сол кездегi қалыптасқан ұғым бойынша, кез-келген екi елдiң арасындағы одақтастық шартта әлсiздеуi күштi мемлекетке кiруi. Бодандықты нақты бағыныштылық деп есептемеген.

Бодандықтың мәнiн Әбiлқайыр шығыс дәстүрiнде   түсiндi.   Ресейдi   бүгiн  «сюзерен» ретiнде танығанымен, күш жинап, ес жиып алғаннан кейiн одан бас тартуға болады деп ойлады [3, 82-83 бб.].

Башқұрт, қалмақ, Жайықорыс-казактарының қазақ жерiне шабуылдары тоқтамайтынын Әбiлқайыр хан ұқты. Сондай-ақ, патша бодандығын қабылдаған жағдайда хан құр қол қалмайтынын да ескердi.

Кiшi жүз ханының орыс бодандығына өту жөнiндегi шешiмiне Бөкенбай, Есет, Құдайназар аттыбелдiазаматтарқолдаукөрсеттi.Олардiнiде, тiлi де жат елдiң мәңгiлiк бодандығында болуға ұмтылушылықтан емес, халқым  аман болса, бiр мәнiсi болар деген қағидада болды [4].

Қалай десек те, Әбiлқайыр Ресеймен бейбiт қарым-қатынасты нығайтудың қажет екендiгiн бiлген әккi билеушi. Ол тек өзiнiң ғана қара басының  қамын  ойламаған,  оның  орыс патша бодандығына кiру себептерiн жоғарыда талқылаған едік. Яғни, еркiндiктi ту еткен ол ешқашан да өз еркiмен бодандыққа бармағаны айдан анық болды. Халқын сақтап қалудан туған шаралар мәжбүрлiк еттi.

Ресеймен қарым-қатынасты дамытудың тағы бiр негiзгi себебi – сауда мәселесi едi. Бұл екi жаққа да мүдделi болатын. Өйткенi, Ресей патшасы қазақ жерiне кiре отырып, орыс тауарларын өткiзетiн базар немесе сауда орталықтарын кеңейтсе, ал қазақ халқына осы арқылы күнделiктi тұрмыс-тiршiлiгiне тұтынатын орыс тауарларына, саудаға деген құштарлықтарын артта түсетiн едi.

Жан-жақтан қаумалаған жаулардың ортасында қалған Кiшi жүз ханы Әбiлқайыр бiр орталыққа бағынатын қазақ хандығын қалпына келтiрудi көздедi. Ол үшін әуелi орыс бодандары – башқұрт халқының, Едiл қалмақтарының, Жайық орыс-казактарының шапқыншылықтарын тоқтату мақсатында Ресейден әскери көмек алу. Сонда барып қазақ халқының басы бiрiгiп, орда тiгер деп үмiттендi [5].

Әрине, жоңғарлардың әскери күш-қуаттығы қазақ халқының әскерiнен әлдеқайда жоғары едi, себебi, олар Қытай халқымен шайқасқан шайқастарда көптеген тәжiрибе алды. Жоңғарлар көптеген қазақ жұртын қырды, қалғанын құлдыққа айналдырды. 1723 жылы жоңғар қонтайшысы Сыбан Раптанның басқаруымен жоңғар   әскерi   қазақ   халқының   жерiне  баса көктеп кiрдi. Бұл жыл «Ақтабан шұбырынды» жылының басталуы едi.  1725  жыл  шамасында жоңғарлар Сайрам, Түркiстан және Ташкент қалаларына жақындады. Бiрнеше уақыт кешiрек оңтүстiк-батыстан Орта Азияға  парсы шахы Нәдiрдiң әскерi келе жатты. Орта Азияның бiрнеше қалаларын жаулап алған парсылар Бұқараға жақындап қазақ халқының оңтүстiк аймақ қоныстарына қауiп төндiрдi. Батыс аймақтарында қазақ халқы қалмақтармен, сондай-ақ, башқұрттармен қан майданда күш сынасқан. Сонымен қатар, Орал мен Сiбiр казактарымен де әскери қақтығыстарда болған.

Қазақ халқының алдында үлкен мәселенi шешу – жоңғар шапқыншылығына қарсы тұру, қазақ халқын аман алып қалу. Осы арада бiзге мәлiм Әбiлқайыр күш-қуаты орыс империясына  көңiл  бөледі.  Ресейге  бодан  болу  саяси жолының инициаторы  болған Әбiлқайыр, бұл қадамды жасау барысында өзiнiң хандық билiк өкiлеттiлiгiн асыра қолданғаны тарихи құжаттарда дәлелденген. Тек қазiргi кезде ондай саяси факторларды дұрыс бағалап түсiну керек. Себебi, Әбiлқайырдың осындай данышпандық саяси шешiмiнiң нәтижесiнде Қазақ халқы өз ұлтын сақтап қалды. Өзiнiң елшiлiгiн Анна Иоанновнаға жiбере, ол өзiн Орта және Кiшi жүз ханы деп атайды. Әбiлқайырдың нұсқауларын орындай келе оның елшiлiгi өзге хандарды таныстыра «все оные ханы, кочевые и городовые, послушны главному Абулхаир хану» – деп Сыртқы iстер алқасына баян еттi.

Кiшi   жүз   өлкелiк   жағынан    да   Ресейге жақын  орналасқандықтан  кейбiр  сауда және шаруашылық байланыстары  болған. Орыс өкiметi бiрiншi орынға қазақ халқының Жайық казактарымен, башқұрттарымен, Едiл бойы қалмақтарымен тату-тәттi өмiр сүруiн қамтамасыз етудi қойды. Яғни, олардың арасындағы әскери қақтығыстарды тоқтатуға тырысты. Қазақ хандарына сауда-саттық керуендерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талабы қойылды. Қазақ феодалдарының саудасаттық керуендерiне араласуы оларға көп мөлшерде пайда алып келдi. Олар өздерiнiң қоныстары арқылы өткен керуендерден баж (пошлина) алуымен қоса, орыс өкiметi оларға керуендердi алып жүргенi үшін ақы төледi.

Сонымен, тарих арнасынан байқағанымыздай,  Қазақстан  –  Ресей  халық арасындағы саяси дипломатиялық қарым-қатынастарының тамыры терең, олар қарқындылық сипатқа ие және оның мемлекетаралық қатынастарының шарттық-құқықтық базасы бар. Ол – Кіші жүз ханы Әбілқайырдың 1731 жылы Ресей империясымен жасасқан тарихи-құқықтық маңызды құжат. Бұл Қазақстан мен Ресей әріптестігінің қарқынды өрбеуінің бұлақ көзіне айналды.

Қазақхалқыұзақғұмырбойыкөршiелдермен көз жұмбай қан майдан алаңында шайқасқаны мәлiм. Әсiресе жоңғар, башқұрт халықтарымен шайқаста қазақ халқы маужырап қалды. Қытайлықтардан талқандалған жоңғарлардың шабуылдары кейiннен  барып  тоқтатылды. Олай болса, 1731 жылғы Актiнiң құқықтық маңыздылығы мынада – жоңғарлармен қоса, Едiл бойы қалмақтарға, Жайық казактарға, башқұрттарға орыс  өкiметiнiң тарапымен арнайы   елшiлiктер   арқылы   қазақ   халқына шапқыншылық жасауға тиым салынды.

Еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап-ақ ежелгі көршіміз Ресей елімен тығыз дипломатиялық қарым-қатынасты үзбей жалғастыру жолындамыз. Бір айта кетерлігі, сол тарих арнасында мәңгі ізін қалдырған құқықтық құжатқа қол қойылғалы бері саясиэкономикалық бағыттағы жобаларды жүзеге асыруда Қазақстан мен Ресей тонның ішкі бауындай бір-бірімен тығыз саяси-дипломатиялық байланыста жұмыс істеп келеді.

Қазіргі таңда көптеген ғылыми еңбектерде Ресей халқы Қазақстанды өзінің басты одақтасы әрі іскер әріптесі ретінде бағалайтынын байқаймыз. Әрине, бұл тұста «Әбілқайыр ханның саяси дипломатиялық кемеңгерлігінің нәтижесі» – деп айтуға да болатын шығар?!

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Шойынбаев Т.Ж. Добровольное вхождение казахских земель в состав России. – Алма-Ата: Қазақстан, 1982. – 279 с.
  2. Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. – М.: Ан СССР, – 341 с.
  3. Есмағамбетов К.Л. Қазақтар шетел әдебиетiнде. – Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1994. – 240 б.
  4. Хасенов Ә. «Қазақ тарихының 5000 жылдық баяны» – күллi түркi әлемiнiң де шежiресi // Қазақ әдебиетi. – 1998. – 21 тамыз.
  5. Есмағамбетұлы К. Бопай ханым // Ана тiлi. – 1999. – 18 қараша, 2 желтоқсан.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.