Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасында интеллектуалдық меншікті реттеуді құқықтық қамтамасыз ету

Елбасшымен алға қойылған Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болу міндеті біз үшін ұлттық идея ретінде қарастырылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында келесідей көрсетеді: «Жаңа технологиялық толқын жалына жармасып, теңдессіз инновациялар жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Біз осыны жете түсінуге тиіспіз.

Сондықтан біз өте шынайы, барынша прагматикалық стратегия құрғанымыз жөн». Сонымен қатар, «Авторлық құқықтар мен  патенттер мәселелерін реттейтін заңнаманы қайта қарау. Үкімет 2014 жылдың соңына  дейін бұған дейін берілген барлық патенттер мен тіркелген авторлық құқықтарды олардың коммерциялануының ықтималдығы жөнінен талдаудан өткізуі қажет» – деген алға тапсырма қояды [1].

Қазақстан Республикасының алдағы Дүниежүзілік сауда ұйымына ену жағдайында және Бірыңғай экономикалық кеңістік құру барысында маңызды мәселелердің бірі болып интеллектуалдық меншік құқығын қорғаудың тиімді жүйесін құру танылады.

Құқық иемденушілердің құқықтары мен мүдделерін тиімді қамтамасыз ету бірыңғай экономикалық кеңістік мемлекет-мүшелерінің басты міндеті болып танылады.

Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясат шығармашылықты, өзге де интеллектуалдық қызмет нәтижелерін құруда және оларды жаңа техника мен технологияларда пайдалануда байланыстырушы негіз болып танылады. Оған қоса, осы құқықтарды қорғау келесілерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

  • республиканың ғылыми-техникалық әлеуетін нығайту, шығармашылық қызметті ынталандыру;
  • жаңа технологияларды әзірлеу мен пайдалану, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығару;
  • инновациялық қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау;
  • жаңа техника мен технологиялармен ішкі және халықаралық алмасулар жасау мақсатында жағдай тудыру, ғылыми-техникалық өнім нарығын құру;
  • адал бәсекелестікті қолдаушы жағдайлар құру;
  • ішкі нарықты контрафактілі тауарлардан қорғау, отандық тауар және қызмет өндірушілерін қолдау;
  • оң инвестициялық жағдай жасау және ғылымды қажет ететін және жоғары технологиялы өндірістерге инвестиция тарту.

Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік    құқығы ҚР Азаматтық  Кодекспен, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңымен,«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі Заңы, «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999   жылғы   13   шілдедегі   Заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Патент Заңы және өзге де зияткерлік меншік саласындағы заң және заңға негізделген актілермен реттеледі.

Интеллектуалдық меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етудің маңызды кезеңі болып интеллектуалдық меншік құқығымен байланысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті көздейтін Қылмыстық Кодекс және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ҚР Кодексін қабылдау танылады.

Сонымен қатар, Қазақстан бірқатар зияткерлік меншікті қорғауға байланысты халықаралық шарттарға  да  қол  қойған,   тиісінше Женевада 1996 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған Дүниежүзiлiк зияткерлiк меншiк ұйымының авторлық  құқық  жөнiндегi  шарты,   Женевада 1996 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының орындаушылықтар мен фонограммалар жөніндегі шарты, 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеуде жасалған Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы бірыңғай реттеу қағидаттары туралы келісім, 2000 жылғы 1 маусымда Женевада қабылданған Патент құқығы туралы шарт, т.б.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 961-бабынасәйкес, Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерiне:

  • интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi;
  • азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары жатады.

Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiне:

  • ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
  • эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары;
  • өнертабыс, пайдалы үлгiлер, өндiрiстiк үлгiлер;
  • селекциялық жетiстiктер;
  • интегралдық микросызба топологиялары;
  • ашылмаған ақпарат, оның iшiнде өндiрiс құпиялары (ноу-хау);
  • ҚР Азаматтық Кодексінде немесе өзге де заң актілерінде көзделген реттерде интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң басқа да нәтижелерi жатады.

Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдарына:

  • фирмалық атаулар;
  • тауарлық белгiлер (қызмет көрсету белгiлерi);
  • тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары (шығатын жерін көрсету);
  • ҚР Азаматтық Кодексінде және заң актілерінде көзделген реттерде азаматтық айналымға қатысушылардың, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң басқа да дараландыру құралдары жатады [2].

Интеллектуалдық меншік екі ірі бөлімдерден тұрады:

  • өндірістік меншік;
  • көркем шығармашылық өндірісі.

Осы әрбір интеллектуалдық меншік тараулары «салалық» заңдармен регламенттеледі және қорғалады – өндірістік меншік патент заңнамасымен қорғалса, көркем шығармашылық меншігі авторлық құқық туралы заңмен реттеледі.

Авторлық құқық туралы Заң санаткерлiк меншiк саласында ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық), қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқықтар) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастары реттейдi.

Авторлық құқық туралы Заңның 7 бабының 1 тармағына сәйкес, авторлық құқық объектілері болып келесілер танылады:

  • әдеби туындылар;
  • драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
  • сценарий туындылары;
  • хореография және пантомима туындылары;
  • мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындылар;
  • дыбыс-бейнежазу туындылары;
  • кескiндеме, мүсiндеме, графика және бейнелеу өнерiнiң басқа да туындылары;
  • қолданбалы өнер туындылары;
  • сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары;
  • суретке түсiру туындылары және суретке түсiруге орайлас әдiстермен жасалған туындылар;
  • карталар, жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемдi туындылар;
  • ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
  • өзге де туындылар [3].

Сонымен қатар, Авторлық құқық туралы Заңға сәйкес, келесі объектілер де авторлық құқыққа жатады:

  • туынды шығармалар (аудармалар, өңделген дүниелер, аннотациялар, рефераттар, түйiндер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық өңдеулер және басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын өңдеулер);
  • жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және материалдарының iрiктелуi және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын басқа да құрама туындылар.

Қазақстан Республикасының Авторлық құқық туралы Заңы мен ҚР Азаматтық кодексі арасында кейбір сәйкессіздік орын алған.

Оған сәйкес, айрықша құқық – жеке тұлға ретінде авторға бастапқыдан тиесілі мүліктік құқықтар кешені.

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңының 2-бабының 7) тармақшасына сәйкес, айрықша құқық – автордың немесе өзге құқық иеленушінің туындыны, орындаушылықты, қойылымды, фонограмманы, эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарын осы Заңда белгіленген мерзім  ішінде  өз  қалауы  бойынша  кез-келген әдіспен пайдалануға мүліктік құқығы, яғни мұнда          құқық  иеленушісінің                        тек       бір       ғана мүмкіндігі    көрсетілген    –    шығармашылық нәтижені жеке пайдалану. Оған қоса,  мұнда өзге екі маңызды мүмкіндіктер орын алмаған – өзге тұлғаларға шығармашылықты пайдалануға рұқсат беру немесе тыйым салу (Авторлық құқық туралы Заңның 16-бабы 2 тармағы, ҚР Азаматтық кодексінің 978-бабының 2 тармағы). Өнеркәсіптік  меншік  объектілерін пайдалану мен құқықтық қорғаумен байланысты туындайтын мүліктік, жеке мүліктік емес қатынастар ҚР Азаматтық кодекс және Патент Заңымен реттеледі. Бұл Заң ережелерi қорғау құжаттарын уәкiлеттi орган берген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттар негiзiнде патенттер берiлген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне қолданылады [4].

Өнеркәсiптiк меншiк oбъектiлерiне келесілер жатады:

  • өнертабыстар;
  • пайдалы модельдер;
  • өнеркәсiптiк үлгiлер.

Патент Заңының 7-бабының 1 тармақшасына сәйкес, өндiрiс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын, сондай-ақ олардың құрамдас бөлiктерiн (құрылғысын) конструкциялық орындау пайдалы модельдерге жатады.

Егер жаңа және өнеркәсiпте қолдануға болса, пайдалы модельге құқықтық қорғау берiледi. Егер елеулi белгiлерiнiң жиынтығы техника деңгейi  туралы  мәлiметтерден  белгiсiз  болса,

пайдалы модель жаңа болып табылады.

Қазақстанның жаңа даму кезеңінде, отандық өндіріс пен тұтыну саласында жаңа техникалық шешімдерді                       сандық                     арттыру          қажеттілігін ескерсек, шығармашылық қызметті ынталандыру мақсатында пайдалы модель объектілері ауқымын кеңейту мақсатты болып танылады, яғни тек өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын емес, оған өнертабыстарды да жатқызу. Пайдалы            модель                   объектілері                  ретінде құрылғыларды, тәсілдерді, заттарды  жатқызуға да болады.

Сонымен, интеллектуалдық меншік құқығы туралы  заңнамаларды  жетілдіру  азаматтық айналымда интеллектуалдық меншік объектілерін әрі қарай тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, ғылыми-техникалық зерттеулерді дамытуға септігін тигізеді.

Интеллектуалдық меншік құқық бұзушылықтарыүшін азаматтық-құқықтық, қылмыстық, әкімшілік жауапкершіліктер көзделген.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік келесі даулар бойынша туындайды: шығармашылыққа авторлық (бірлескен авторлық) туралы, шығармашылыққа жеке мүліктік емес құқықтарды бұзу туралы, авторлық шарттар бойынша даулар, патентке айрықша (мүліктік) құқықты бұзу, селекциялық жетістіктерге құқықтарды бұзу және т.б.

Қылмыстық жауапкершілік келесі қылмыстар үшін туындайды: авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу (184 б.), өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық жетiстiктерге немесе интегралдық  микросхемалар  топологияларына құқықтарды бұзу (184-1 б.), тауар таңбасын заңсыз пайдалану (199 б.).

Әкімшілік құқық бұзушылықтар келесі негіздер бойынша туындайды: өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық жетiстiктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына  құқықтарды бұзу (128 б.), авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу (129 б.), бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауар шығарылған жердiң атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану (145 б.).

Сонымен, интеллектуалдық меншік құқығы жүйесінің тиімді әрекет етуі мемлекеттік органдар қызметінің басым бағытының бірі болуы тиіс және осы салада анық құрылған мемлекеттің ұлттық саясаты негізінде жүзеге асуы қажет.

Интеллектуалдық меншікті қорғау ұлттық қауіпсіздік мәселелері санатына еніп отыр, себебі мұнда мемлекеттің дүниежүзілік қауымдастықта түрткіленуі жайында, елімізде бөтеннің ойына, интеллектіне, тұлғасына құрметпен қарауға негізделген өркениетті азаматтық қоғам құру жайында сөз болып отыр. Осыған сәйкес еліміздің бәсекеге қабілеттігі негізделеді.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2012 жылғы 14 желтоқсан.
  2. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше бөлім). Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 Кодексі.
  3. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I Заңы.
  4. Қазақстан Республикасының Патент Заңы. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 Заңы.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.