Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Азаматтардың экологиялық ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері

Жылдар өткен сайын адамзат баласы алдын алу барған сайын қиындап бара жатқан жаңа экологиялық мәселелермен кездесуде. Біртіндеп қоғамда кез-келген экологиялық міндет ол әлемдік міндет екендігі және оны шешу әлемнің көптеген елдерінің бірігіп әрекет етуін қажет ететіндігін түсініп келеді, бірақ мұның өзі жеткіліксіз. Экологиялық апатпен күресу мүмкіндігі, егер қоғамның экологиялық ақпаратқа қолжетімділігі және экологиялық шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігі ашық болмаса ешқандай нәтижеге әкелмесі сөзсіз.

Экологиялық ақпараттың ашықтығы экологиялық бағыттағы шешімдерді қабылдау үшін маңызды шарт болып табылады,  сонымен қатар әкімшілік-құқықтық сипаттағы шараларды қолданудың тиімділігін арттыруға септігін тигізетін факторлардың бірі. Экологиялық ақпарат пен оған қолжетімділік – шешім қабылдау кезіндегі алқалы түрде әрекет етудің маңызды сегменті болып табылады [1].

Экологиялық ақпаратқа қол жеткізу табиғи ресурстарды және қоршаған ортаны тиімді пайдалану міндетін жүйелі және тиімді шешуді қамтамасыз ету үшін маңызды орынға ие болып табылады [2].

Азаматтарға экологиялық ақпарат өздерінің экологиялық құқықтарын қорғау үшін заңнама жүктеген міндеттерін орындамған кезде, мемлекеттік органдардың табиғат қорғау қызметіне, кәсіпкерлік құрылымдарға араласу үшін қажет.

Төтенше жағдайлар кезіндегі көптеген адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін жағдайда қоршаған ортаның жай-күйі туралы   ақпараттың   маңыздылығы   айтпаса да түсінікті. Дер кезіндегі ақпараттың болуы мүмкін қауіпті азайтатыны сөзсіз.

Азаматтар мен қоғамның азаматтық институттарының табиғат қорғау қызметіне белсенді қатысуы Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін және қазіргі заманғы әлемдік қауымдастықтың тұрақты дамуы үшін қажет болып табылады. Халық экологиялық мәселелердітекқоршағанортаменадамденсаулығына келетін қауіп туралы толық ақпараттанған кезде ғана экологиялық мәселелерді шешуге тиімді қатыса алады. Қызметі экологиялық жағдайға әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін ұйымдар мен кәсіпорындар, мемлекеттік органдардан сұрату арқылы ақпарат алу мүмкіндігін қалыптастыру маңызды болып табылады.

Халықтың экологиялық ақпаратқа қол жетімділігі мәселесі алғаш рет 1995 жылы Софияда Европа елдері Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің Конференциясында талқыланған болатын. Бұл кездесуде экологиялық ақпаратқа қол жеткізу мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы шешімдерге халықтың қатысуының негізгі қағидадары бекітілді. 1998 жылы Данияның Орхус қаласындағы кезекті кездесуде тиісті Конвенцияға қол қойылды.

Экологиялық ақпаратқа халықтың қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету мәселелері Қазақстан Республикасы ратификациялаған бірқатар халықаралық конвенцияларда көрініс тапқан. Олардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі – Ақпаратқа қол жеткізу, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға  қатысты  мәселелер  бойынша сот әділдігіне қол жеткізу» туралы БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (Орхус Конвенциясы). Қазақстан аталған халықаралық-құқықтық құжатты 2000 жылы ратификациялады және онда халықтың сұрауы бойынша экологиялық ақпаратқа қол жеткізу мәселелеріне қатысты жоғары талаптар қойылған. Дегенмен Конвенцияның барлық ережелері мен нормалары отандық заңнамада көрініс тапқан жоқ. Бірақ ҚР Конституциясының 4-бабына сәйкес ратификацияланған халықаралық шарттардың ережелері ұлттық заңнамадан басымдыққа ие екендігін ескерсек, аталған конфенцияның ережелері мемлекетіміз үшін міндетті болып табылатындығы сөзсіз.

Орхус конвенциясының ережелерін жүзеге асыру үшін 2007 жылы қабылданған Экологиялық Кодексте экологиялық ақпарат деп аталатын арнайы тарау қосылды.

Кодестің 159-бабында экологиялық ақпараттың құрамы айқындалған болатын, оған сәйкес, экологиялық ақпарат: 1) қоршаған ортаның және оның объектiлерiнiң жай-күйi; 2) қоршаған ортаға әсер ету факторлары, оның iшiнде оның ластануы туралы; 3) қоршаған ортаға әсер ететiн немесе әсер ете алатын бағдарламалық, әкiмшiлiк және өзге де шаралар; 4) экологиялық нормативтер мен шаруашылық және өзге де қызметке   қойылатын   экологиялық   талаптар;5) қоршаған ортаны қорғау жөнiнде жоспарланатын және iске асырылатын iс-шаралар және оларды қаржыландыру; 6) қоршаған ортаға әсер ететiн немесе әсер ете алатын қызмет, ол бойынша шешiм қабылдау процесi және инспекторлық экологиялық тексерулер нәтижелерi, оның iшiнде бұл ретте қаралған қоршаған ортаға қатысты есептер, талдаулар мен өзге де мәлiметтер; 7) қоршаған орта жай-күйiнiң халықтың денсаулығына, қауiпсiздiгiне және тiршiлiк жағдайларына, мәдениет объектiлерiне, ғимараттар мен құрылыстарға әсер етуi туралы мәлiметтер мен деректердi қамтиды[3].

Көріп отырғанымыздай, заңнамада экологиялық ақпарат түсінігі құқықтық тұрғыдан нақты анықталмаған. Бұл мәселенің түсініктеме беру кезінде қиындықтар тудыруы мүмкіндігі туралы Шығыс Қазақстан Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы М.Т.Кадырова атап өткен болатын. Сонымен қатар, толық және толық емес ақпарат критерилерін де анықтап алған дұрыс болады. Себебі, мүдделі тұлғалардың сұраулары бойынша мемлекеттік органдар экологиялық ақпаратпен толық түрде қамтамасыз етуге міндетті болып табылады.

Сондай-ақ, Экологиялық кодексте экологиялық ақпарат жазбаша, электрондық, дыбыс бейнелi немесе өзге де нысанда көрсетiлуi мүмкiндігі көрсетілген.

Елімізде демократиялық бастауларға негізделген құқықтық мемлекет қалыптастыруға экономикалық және әлеуметтік реформалармен қатар, экологиялық саясат та байланысты болып отыр. Шешім қабылдауға халықтың қатысуы, ақпараттың ашықтығы, құқық қорғау органдарына өз құқықтарын қорғау  үшін  жүгіну  мүмкіндігі  және   сапалы заң көмегін алу мүмкіндігі – кез-келген құқықтық мемлекеттің міндетті компонеттері. Сыртқы әлемнен толықтай тұйықталған ұзақ жылдарғы тоталитарлық режим құрсауынан кейін, халық үшін өздерін азаматтардың пікірі мен конституциялық құқықтарын құрметтейтін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезіну маңызды болып табылады.

Азаматтардың сұрауларын мемлекеттік органдардың қарауының жалпы тәртібі қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында айтарлықтай толық бекітілген. Экологиялық ақпарат жалпыға бiрдей қолжетiмдi  болып табылады. Жалпыға бiрдей қолжетiмдi экологиялық ақпаратты құрайтын жекелеген мәлiметтер мен деректерге қол жеткiзу оларды жеке және заңды тұлғалардың сұратуы бойынша беру, бұқаралық ақпарат құралдарында, арнайы басылымдарда тарату, Интернетте орналастыру арқылы, сондай-ақ өзге де жалпыға бiрдей қолжетiмдi ақпараттық-коммуникациялық құралдар қолданыла отырып жүзеге асырылады.

Экологиялық ақпарат бергенi үшiн ақпаратты көшiруге, iздестiруге және дайындауға жұмсалған нақты шығыннан аспайтындай төлемақы алынады. Мемлекеттiк органның экологиялық ақпаратты жалпыға бiрдей қолжетiмдi мемлекеттiк электронды тiркелiм мен экологиялық ақпарат кадастры арқылы беруi өтеусiз жүзеге асырылады.

Көріп отырғанымыздай, заңнамаға сәйкес кез-келген азаматтың экологиялық ақпарат алуға мүмкіншілігі бар. Шектеулі жайдайларда ғана экологиялық ақпарат беруден бас тартылуы мүмкін, атап айтқанда:

  • сауал жалпылама түрде тұжырымдалған және өтiнiш берушi сұратқан мәлiметтер мен деректердi анықтауға мүмкiндiк бермейтiн болса;
  • сұратылатын ақпарат жоқ болса;
  • сауал Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қол жеткiзiлуi шектелген мәлiметтер мен деректерге жататын болса.

Дегенмен, заң шығарушы азаматтардың экологиялық  ақпарат  беруден  бас  тартуға, оны бермеуге, толық емес немесе дұрыс емес ақпарат беруге, сондай-ақ жалпыға қолжетiмдi экологиялық ақпаратты қол жеткiзiлуi шектеулi ақпаратқа заңсыз жатқызуға жоғары тұрған мемлекеттiк органға және (немесе) лауазымды адамға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiндігін бекітіп қойған.

Айта кететін жайт, тәжірибеде мемлекеттік және коммерциялық құпия түсінігіне сілтеме жасау – ақпарат беруден бас тартудың жиі кездесетін дәлелдердің бірі болып табылады.

Мемлекеттік құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы ҚР Заңының 17 бабында құпияландыруға жатпайтын мәліметтер тізімі бекітілген, онда:

  • азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар мен апаттар және олардың зардаптары туралы, сондай-ақ табиғи зілзалалар, олардың ресми болжамдары мен зардаптары туралы;
  • экологияның, денсаулық сақтаудың, санитарияның, демографияның, білім берудің, мәдениеттің, ауыл шаруашылығының жай-күйі туралы, сондай-ақ қылмыстылықтың жай-күйі туралы;
  • мемлекет азаматтарға, лауазымды адамдарға және ұйымдарға беретін артықшылықтар, өтемақылар және жеңілдіктер туралы;
  • азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылу фактілері туралы;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі алтын-валюта активтерінің және бағалы металдар мен асыл тастардың үкіметтік (бюджеттік) резервінің мөлшері туралы;
  • мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының заңдарды бұзу фактілері туралы;
  • саяси, әлеуметтік және басқа себептер бойынша жаппай қуғын-сүргіндер туралы, соның ішінде мұрағаттарда жатқан мәліметтер құпияландырылмауға тиіс деп көрсетілген [4].

Ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін шектейтін заңнаманың негізгі ережелерінен экологияның жай-күйі туралы мәліметтер мемлекеттік құпияға  жатқызыла  алмайтындығы  белгілі болды. Кейбір мәселелер қызметтік не коммерциялық құпия ұғымына байланысты туындап жатады. Бұл ұғымдарды айқындайтын азаматтық кодекстің жалғыз бабы аталған ұғымдарды ерікті түрде түсіндірме беруден құтылуға жеткіліксіз: Үшiншi жаққа белгiсiз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе потенциалды коммерциялық құны болып, онымен заңды негiзде еркiн танысуға болмайтын және ақпаратты иеленушi оның құпиялылығын сақтауға шара қолданатын ретте, қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат азаматтық заңдармен қорғалады[5].

Дегенмен, бұл бапта коммерциялық құпияны «онымен заңды негiзде еркiн танысуға болмайтын» ақпарат құрайды деген маңызды ереже көрініс тапқан. Яғни, егер мәліметтерге қандай да бір заңның негізінде қолжетімділік ашық болса, онда мұндай мәліметтер коммерциялық құпияға жатқызылмайды.

Заңнамалық  анықтамадан  шығатын  тағы да бір екі ұшты мәселе – қандай ақпаратты экологиялық ақпаратқа жататындығы, ал қандай ақпарат оған жатпайтыны туралы мәселе. Екіұштылық, әсіресе, заңмен қорғалатын коммерциялық және мемлекеттік құпияға қатысты  мәселелерде  жиі   туындап  отырады.  Әртүрлі  заңдарда  берілген анықтамаларға екіұшты түсіндірме беру мүмкіндігі қақтығыстар тудырады.

Бұл айтылғандар экологиялық ахуал туралы барлық ақпарат халыққа таратылуы керек деген сөз емес, себебі ол экономикалық сипатта болуы мүмкін немесе мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Сол себепті экологиялық ақпаратты беру барысында тек экологиялық ұйымдар ғана емес, сонымен қатар еліміздің қауіпсіздігіне жауап беретін құрылымдар да қатысуы тиіс.

Дегенмен, қолданыстағы заңнамада азаматтардың конституциялық құқықтарының нақты кепілдіктері жоқ. Азаматтар мемлекеттік органдарға өз ескертулерін беруге құқылы болғанымен, лауазымды тұлғалар ол ескертулерді міндеті түрде ескеруге міндетті емес.

Тәжірибеде, лауазымды тұлғалардың құқықтық нигилизмі, азаматтардың экологиялық құқықтарының  бұзылуы,  заңнама  талаптарын белден басу фактілері қоршаған ортаға және адам денсаулығы мен өміріне орны толмас зиянға ұшырауға әкеп соғу мүмкіндігін жоғарылатады. Сондықтан осы мәселелерге қатысты жауапкершілікті күшейту керек деп санаймыз.

Кейбір мемлекеттік емес ұйымдар экологиялық ақпараттың құрамына тек табиғи ресурстардың, атмосфералық ауаның жай-күйі туралы емес, сонымен қатар стратосфера туралы да ақпарат енуі тиіс деген ойлар айтуда. Бұл космостық аппараттардың сынықтарының стротасфераны ластауына байланысты және жерге құлауы салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруімен байланысты айтылған ой болып табылады. Қазіргі таңда экологиялық ақпараттың тізімі шектелген болуы керек пе деген сұрақтар қазіргі кезде қызу талас тудырып келеді.

Экологиялық апаттар мен зілзалалар туралы және өзге де төтенше жағдайлар туралы мемлекеттік органдарға халыққа ақпарат беру міндеті жүктелуі тиіс. Чернобыль трагедиясы барлығымыздың есімізде, КСРО үкіметі орын алған апат туралы кеш ақпарат беру арқылы өзінің халық алдындағы міндетін орындамаған болатын.

Қазақстанныңазаматтардыңқоршағанортаға әсер еткен әкімшілік және өзге де шаралар туралы уақытылы, шындыққа сай және толық ақпарат ала   алмауының қайғылы салдарын ескерсек, онда Конституциядағы экологиялық ақпаратқа еркін қол жеткізу туралы норманың көрініс табуы және Орхус Конвенциясын ратификациялау алған сабақтарымызға қатысты логикалық реакциясы болды деп айтсақ болады. Қазіргі таңда елімімізде кез-келген адамға экологиялық ақпарат беру механизмі қалыптаспаған және нақты экологиялық ақпаратты беру мәселелеріне арналған заңнамалық акт жоқ. Кейбір ғалымдардың арасында «Экологиялық ақпарат туралы» заң қабылдау туралы мәселе көтеріліп те жүргендігі ақиқат. Бірақ ондай заңның қаншалықты қажет екендігі туралы сұрақ туындайды. Дубаеваның айтуынша ҚР-да азаматтар мен ұйымдардың ақпаратқа қол жеткізуін бекітетін және реттейтін жеткілікті нормативтік құқықтық актілер қабылданған және тағы да нормалары бірін-бірі қайталайтын заңнаманың біз үшін қажеті болмас [6].

Жоғарыда келтірген мәліметтер көрсетіп отырғандай, азаматтардың экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету бүгінгі таңда өте өзекті болып табылады. Қолданыстағы заңнамада аталған мәселе айтарлықтай деңгейде қарастырылған. Азаматтардың сұрауларын мемлекеттік органдардың қарауының жалпы тәртібі қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында толық бекітілген. Бірақ, заңнамада экологиялық ақпарат түсінігінің, толық ақпарат критериінің болмауы заңнаманы түсінуде екіұштылыққа жол беретіндігін де айта кеткен жөн.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Волков К.В. Правовое регулирование доступа к экологической информации: автореферат: – М., 2009.
  2. Бринчук М.М.. Экологическое право: учебник. – М.: Юристъ, 1999. – С. 126.
  3. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексі.
  4. Мемлекеттік құпиялар туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңы.
  5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1994 жылғы 27 желтоқсан.
  6. Раймбекова Ж.Е. Научные статьи Казахстана. Экологическая информация: проблемы и перспективы. – Алматы.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.