Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шет елдердегі заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігінің кейбір құқықтық мәселелері

Шет елдердегі заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі және Қазақстан Республикасының заңнамасындағы корпоративті жауапкершілікті енгізу Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алып демократиялық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет кұру үшін ескі тоталитарлық тәртіптен жеке адамдардың құқықтарын қорғауға бағытталған жаңа заңнамаларды құруды мақсат етіп қойды. 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық   кодексінде   азаматтардың   жеке   бостандықтары мен құқықтарын қорғауда көптеген мәселердің шешімі табылды. Қылмыстық-құқықтық заңнамасының нормаларына қатысты заңгер-ғалымдардың ойлары, Кеңес үкіметі кезеңіндегі саяси ахуалға байланысты айтылмай жүрген өз көрінісін тапты.

Қазіргі таңдағы Қылмыстық заңнаманың маңыздылығына қарамастан, кейбір қылмыс түрлері мысалы, экологиялық, экономикалық, сыбайлас жемқорлық секілді қылмыстардың жетілмеген тұстары көп. XX ғасырдың ғылыми-техникалық прогресінің жетістігі, жаңа биологиялық, ғаламдық, ядролық, радиациялық, химиялық, өндірістік және тағы да басқа технологияларды заңды тұлғалардың кеңінен пайдалануы – адам өмірі үшін экологиялық қауіпті болып отыр. Сондай-ақ, бұл үрдіс жыл сайын өршіп, дүниежүзілік қауымдастықты алаңдатып отыр.

Кейбір заңды тұлғалардың қызметі, жекелеген тұлға ретінде конституциялық құқықтар мен бостандықтарына, жалпы мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге қайшы келуі мүмкін. Қазақстан секілді басқа елдерде де әртүрлі саяси, діни,  экстримистік,   террористік,   қылмыстық ұйымдар бар. Олар коммерциялық және коммерциялық емес заңды ұйымдарды құру арқылы адамдарға, азаматтарға, мемлекеттің құқықтық тәртібіне және заңына үлкен зиян келтіріп отыр. Аталған қылмыспен  күресу үшін, заңгер-ғалымдардың алдында жаңа тиімді қылмыстық-құқықтық әдіс ойлап шығару немесе ескіні толықтыру мәселесі тұр. Заңды тұлғаларды пайдалану арқылы ұйымдасқан қылмыстық топтар саны өсіп келеді және ол мемлекет үшін күрделі зиян келтіріп отыр.

Жоғарыда аталған жайттар тұрғысында дүниежүзілік қауымдастықтағы әртүрлі елдерде және дүниежүзілік заңнама жүйелерінде заңды тұлғаларға байланысты қылмыстық жауапкершілікті тағайындау қажеттілігі жөнінде сөз қозғалып жүр.

Әкімшілік және азаматтық құқық нормаларының тиімсіздігі салдарынан заңды тұлғалардың заңға қайшы қызметіне байланысты басқа шараларды пайдалануды талап етіп отыр. Қылмыстық құқықта қылмыс субъектісі деп арнайы жасқа жеткен жеке тұлға бола алады делінген. Ал заңды тұлға тек қана азаматтыққұқықтық және әкімшілік-құқықтық жауапкершілікке тартыла алады. Осыған қарамастан, заңды тұлға экологиялық апатқа әкеп соқтыратын іс-әрекет жасаған жағдайда да қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Мысалы, Чернобыль АЭС-дағы апат мыңдаған адамдардың өлімі мен түрлі ауруларға шалдықтырды ал жауап бергендер саны бір екеу ғана. Шахталарда адам өліміне әкеліп соқтыратын жағдайлар көптеп кездесіп тұрады. Бірақ сонда да жауапкершілікке бір адам, шахтаның аумағының басшысы тартылады.

Заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы әрекетпен тығыз байланысты. Н.М. Абдировтың  ойынша,  қылмысты  ұйымдастыру– қоғам өмірінің маңызды факторлары мен экономикаға әсер етуге бағытталған сыртқы және ішкі әртүрлі сипаттағы байланыстар мен өзінің иерархиялық құрылымымен ерекшеленеді [1].

Көлеңкелі бизнес соңғы жылдары мемлекеттік билік жүйесінің кемшіліктерін пайдалану арқылы заңдастырылып, жеке комерциялық құрылымдар арқылы мемлекеттің экономикасына зиян келтіріп отыр [2].

Сот-сараптама тәжірибесін талдау нәтижесінде заңды тұлғалардың құрылымы, қылмыскерлердің қолында, қылмыстық жолмен табылған ақша қаражаттарын заңдастыруда кеңінен пайдаланатын аса тиімді құрал болып отыр. Экономика саласында қылмыстандыру үрдісі әрекет етіп отыр.

АҚШ, Франция, Англия және т.б елдердің тәжірибесі қылмысқа қатысты жаңа тиімді механизмдерді қылмыстық заңнамаға енгізудің қажеттілігін көрсетеді және Қазақстанның әрі қарай дамуы үшін заңды тұлғаларға байланысты қылмыстық жауапкершілікті тағайындаудың маңызын аса зор екенін атап өтті. Қазақстанда заңды тұлғалар санының көбейіп жеке меншікке ие болып, ел экономикасында, қоғамда беделінің артуы – беделін заңға қайшы қылмыстар істеуге пайдалануы,  заңды  тұлғалардың  қызметіне аса улкен қадағалаумен қарау қажеттілігін арттырады. Заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселелерінің алдында бірталай қиыншылықтар тұр. Себебі, Қазақстан қоғамыныңбірбөлігібұлжағдайдыңқажеттілігін толық түсіне қойған жоқ. Қолданыстағы заңнамаға корпоративті қылмыстық жауапкершілікті енгізудің қажеттілігіне байланысты, ғалымдардың арасында жақтаушылар да қарсы келушілер де табылып отыр. Одан бөлек, айтылып отырған институтты іске  асыру  барысында қылмыс құрамының қай бөлігі өзгеретінін анықтап алу қажет. Осыған байланысты,  магистрлік диссертацияда заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі институтының даму мүмкіншілігі мен теориялық негізделуі анықталған.

Магистрлік диссертацияның мақсаты заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартумен байланысты теориялық мәселелерді зерттеуге сонымен қатар, экономикалық және  сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін, қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын Қазақстанның қылмыстық заңнамасын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды талдауға арналған. Қойылған мақсаттар шегінде келесідей мәселелер қойылған:

  1. Заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту институтының белгілеу қажеттілігін дәлелдеу.
  2. Қазіргі таңда заңды тұлғалардың жауапкершілігіне байланысты мәселелерді шешу жолдарын белгілеу үшін, шет елдердің қылмыстық заңнамаларын оқып үйрену.
  3. Қазақстанда заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту институтының даму перспективасын анықтау.
  4. Заңды тұлғаның қылмыстық-құқықтық анықтамасын жасап шығару.
  5. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының нормаларын жетілдірудегі ұсыныстарды жасап шығару.
  6. Заңды тұлғаның қаңдай экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысты жасағаны үшін, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын анықтау.
  7. Қылмыс жасағаны үшін заңды тұлғаға салынатын қылмыстық-құқықтық санкцияларды анықтау.

Осылайша, диссертациялық жұмыстың объектісі, қылмыстық-құқықтық қатынастардың субъектісі секілді заңды тұлға табылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 14 бап 1-бөлімін келесідей түрде мазмұндау қажет деп ойлаймын:

Қылмыстық жауапқа тартылуға тиiстi адамдар:

а) Есi дұрыс, осы Кодексте белгiленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс;

б) заңды тұлға.

Заңды тұлғаның қылмыс субъектісі ретіндегі белгілеріне Қазақстан  Республикасы  юстиция мекемелерінде тіркілген, заңды тұлға деген құқыққа ие ұйым жатады. Заңды тұлғаның келесідей экономикалық қылмыстары үшін жауапқа тарту дұрыс деп санаймын: 190 бап (Заңсыз кәсiпкерлiк); 193 бап (Қылмыстық жолмен  алынған  ақша  қаражаттарын заңдастыру); 194 бап (Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану);  196  бап  (Монополистік   қызмет); 202 бап (Эмиссиялық бағалы қағаз шығару тәртібін  бұзу);  214   бап   (Кеден  төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару); 218 бап (Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзу); 222 бап (Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару); 209 бап (Экономикалық контрабанда); Қазіргі таңда қылмыстың  алдын алу мен оны тоқтатуда Қылмыстық Кодекстің маңызы зор. Бірақ соған қарамастан, соңғы жылдары кейбір қылмыстарға байланысты (экономикалық, экологиялық, сыбайлас жемқорлық) күрес мәселелерінің айтарлықтай қиындықтары туындап отыр. Ғылымитехникалық үрдісі жаңа  биологиялық,  ядролы, химиялық, өңдірістік және басқа да технологияларды шығарды. Ал ол технологияларды өз қызметінде заңды тұлғалардың пайдалануы, адамдар үшін қауіпті экологиялық ахуал туғызуда. Бұл мәселе соңғы жылдары қарқынды өсіп келетіндіктен әлемдік қауымдастықты алаңдатуда.

Халықаралық валюталық қор мамандарының есептеулеріне сәйкес, әлемдік ЖІӨ заңсыз жолмен ақша ағымы – 2-5% құрайды, 2007 жылы бұл көрсеткіш – 72,5 трлн.долларды құрады. Осылайша, 2007 жылы бүкіл әлем бойынша 1,45-3,62 трлн.доллардың ағымы болды.

Заңды тұлғалардың қылмыстары экономикалық факторларды тұрақсыздандырады. Бұл тұрақсыздық негізгі экономикалық көрсеткіштердің құлдырауы инфляцияның өсуі, өндірістің төмендеуі, экономиканың көлеңкелі  секторына капиталдың қонылуы секілді құбылыстарға әкеп соқтырады. Тұтынылатын тауарлардың бағасының жоғарылауы тек экономикалық факторлар мен халықаралық баға коньюктурасымен ғана байланысты емес сондай-ақ, нарықтағы арамза бәсеке, монополиялық сөз байласулар, нарықпен айла шарғы жасаумен де тығыз байланысты. Бұл жағдайлар мемлекеттің негізгі экономикалық тұрақтылығына кері әсерін тигізеді.

Заңды тұлғалардың қылмыстылығы жалпы қоғамдакриминогендікдеңгейдіңжоғарылауына әсер етеді. Әсіресе, сыбайлас жемқорлық (сыбайлас жемқорлықтың ерекше түрі – корпоративті сыбайлас жемқорлық) экологиялық қылмыс, терроризімді қаржыландыру және ұйымдасқан қылмыс  секілді  аса  қауіпті  әлеуметтік   құбылыстардың пайда болуы мен дамуына жағдай жасайды.

Соңғы жылдары елде қалыптасқан қоғамдық-саяси және экономикалық ахуал, мақсаты, шаралар жинағын қабылдау, құқық қорғау органдарының қызметін жандандыра түсті.

Сонымен қатар, қылмыс оның ішінде сыбайлас жемқорлық қысқару беталысына қарамастан, Қазақстанның ішкі қауіпсіздігіне теріс әсерін тигізеді. Сыбайлас жемқорлық, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне төнген қатердің негізгілерінің бірі сондай-ақ, экономикалық заңдардың еркін әрекет етуін шектеп шетел инвестицияларын тартудағы басты бөгеттің бірі болып отыр. Әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар, құқықтық заң нормамен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қауіпті жағдайды тудырады.

Кейбір заңды тұлғалардың қызметі, мемлекеттің, қоғамның және жеке адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қайшы келуі мүмкін. Басқа елдерде де Қазақстандағыдай әртүрлі саяси, қоғамдық, экстремистік, террористік, қылмыстық топтар, партиялар мен қозғалыстар комерциялық және комерциялық емес заңды тұлғаларды құрумен жамылып мемлекетке, қоғамға, азаматтық қоғам мен азаматтарға үлкен зиян келтіріп отыр.

Корпоративті қылмыстық жауапкершілікті енгізу қажеттілігіне байланысты шешімді жақтауда, келесідей жағдайлар келтірілген:

  1. Азаматтық және қылмыстық құқық әрекеттің ұқсас критериелерін анықтайды.
  2. Корпорация өзінің белгілі құқығынан сот шешімімен айырыла алады.
  3. Заңды тұлғаға байланысты жою, айыппұл секілді жаза түрлерін қолдану мүмкіншілігі.
  4. Заңды тұлға өз қызметкерлерімен сәйкес келмейтін ерік жігері (ол қылмыстық бола алады).
  5. Заңды тұлға жасалынған қылмыстар көлемінің кеңдігіне байланысты заңды тұлғаға байланысты тура карательді санкция салу қажеттілігі бұл жазаның тиімді әдісі болып табылады.
  6. Корпорация мүддесі үшін өз қызметі шегінде әрекет еткен жеке тұлғаны қылмыстық жауапқа тарту әділетсіз сондай-ақ, бұл жағдай көзделген мақсатқа жетуге көмектеспейді себебі, ұйымның жұмысындағы құрылымдық қателіктері, ұйымның бір қызметкерінің сот алдында жауап берген кезінде жойылмайды. Одан бөлек, соңғы жылдары Қазақстанда заңды тұлғаның мұндай құрылымы, басқа мақсатта жұмыс істейтін, қылмыскерлермен атын жамылу үшін құрылған ұйымдар көбейіп кетті.
  1. Заңды тұлғаның жауапкершілігі альтернативті модельдері: әкімшілік, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктер қылмыстық процесстегідей процессуалды кепіл бере алмайды.
  2. Халықаралық деңгейде мемлекеттер өзара қылмыстық істер бойынша қылмыскерлерді іздеуде құқықтық көмек көрсетеді. Ал заңды тұлға, яғни корпорацияның қылмыстық қызметі осындай сипатта болады. Қазіргі кезде, қылмыскерлер шетел компаниялары мен банктерін пайдалану арқылы қылмыстық әрекеттерін жүзеге асырып отыр.

Сондықтан, заңды тұлғаға қатысты қылмыстық жауапкершілікті енгізу қажеттілігінің өзектілігі соңғы жылдары артып келеді. Заңды тұлғаны қылмыстық жауапқа тарту, бұл қылмыс үшін жеке тұлғаны да қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды себебі, ол қылмысты ұйымдастырушы, қылмыстық әрекетке итермелеуші болып табылады. Сондай-ақ, жеке тұлғаның жауапқа тартылуы заңды тұлғаны да жауапкершіліктен босатпайды. Заңды тұлғаларды ұжымдық жауапқа тартуда, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын заңды тұлғаның қай категорияға жататынын анықтап алу қажет. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы немесе шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес, құрылған ұйымды заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б.

Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады сотта‚ төрелік сотта  (арбитражда)  талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады. Сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл.
  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 16 шілде 1997 жыл.
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 27 желтоқсан 1994 жыл; Ерекше бөлім
  4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. – Алматы: Жеті жарғы, 2000.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.