Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Конституциялық құқықтық теңдіктің теориялық мәселелері

Қай кезде болмасын Мемлекетпен қоғамдық құрылымның әділеттілік иделы болып азаматтар арасындағы теңдік қағидасы саналады.

Бірақ аталған теңдікті қаматамасыз ету түрлі ситуациялар арқылы орын алатын. Ол азаматтық және объективті фактор болуы мүмкін еді. азаматтар арасындағы теңдікті қамтамасыз ету кез келген қоғамммен мемлекеттің негізгі өзекті мәселелерінің бірі.

Теңдік мәселелсінің түп тамыры философиялық, заңдылық және этикалық проблематикаға жата отырып, адамазатты оны даму тарихынан бері толғандыруда. Теңдік туралы теориялық мәселелер өмірдің өзгеруімен қатар өзгеріп келе жатыр. Бұл сұрақ бір саяси және экономикалық құрылымнан екіншісіне ауысу қалпындағы қоғамда ерекше маңызға ие.

Құқықтық теңдік  (формальді)  –  бұл  саяси режимдердің, экономикалық кризистің, діни ауытқушылықтардың, сыртқы және ішкі саясаттың бағытының өзгеруінен және басқа да қоғамның және мемлекеттің түбегейлі өзгерісіне ұшырауарқылыкүрделідеформацияғаұшыраған және құқық қатынастардың белгілі бір индикаторы болып табылатын құқықтық категория.

Құқықтық теңдік белгілі бір кешенді құқықтық көріністі білдіреді. Ол бар және әрекет етуші нормативтік құқықтық базамен, құқықтық жүйенің ерекшеліктерімен, сонмен қатар, халықтың  қалыптасқан  салтымен анықталатын қоғам мен мемлекеттің тиісті даму деңгейін сипаттайды.

Формальді теңдіктің негізгі маңыздылығы (заң алдындағы теңдік)оның көмегі арқылы құқықтың тең емес субъектілерінің құқықтық жағдайлары теңестірілуінде, ал ол өз кезегінде, әлеуметтік әділеттілік қағидасын жүзеге асырудың толық механизмін орнатуға мүмкіндік береді.

Тиісінше, құқытық теңдік бұл фактілі теңдік емес, ал мүмкіндік теңдігі: адамдардың және олардың әлеуметтік деңгейінің бірдей болмауында. Сонымен қатар, тұлғалардың әлеуметтік деңгейіне қарамастан бірдей деп танылуы және бостандық еркіне ие болуы, сол себепті де өз әрекеттері үшін, олардан туындайтын құқытық салдарына жауап беретіндігі үлкен маңызға ие [1].

Сол себепті де, формальді сипатқа құқытық теңдік өзінің тұрақтылығымен сай келеді. Формальді теңдікті кез келкелген тәсілмен «реальным (фактическим) теңдікпен» алмастыру ақыр аяғында теңдіктен мүлде бас тартуға алып келеді, өйткені, бұл қоғамдық қатынастарды реттеудің құқытық формасынан бас тартуды білдіреді [2].

Кеңес одағы тұсында (сонымен қатар құқықтық ғылымның дамуының тұсында) фактілі теңдікке жету қоғамның мақсатына жататын.

Марксизм-ленинизм  көзқарасы  бойынша формальды теңдік бұл «еңбек бойынша» жеке   тұтыну   заттарын   бөлу   үшін сақталған «тең   құқықтылық»,   ал   фактілі  теңдік бұл «қажеттіліктер бойынша» тұтынумен байланысты қанағаттандыру. Бұдан теңдікке қатысты тең ретінде қарастырылатын формальды теңдік фактілі  теңдікке   қарама-қайшы   келеді.  Ол өз кезегінде теңсіз адамдарға теңсіз қатынас арқылы көрініс табатын. Мұндай тұрғыда «формальды теңдік» категориясы соңғы кезекке ығыстырылатын [3].

Формальды теңдік бүгінгі таңда тек жекелеген институттардың ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғам мен жалпы құқықтық мемлекеттің дамуы мен қалыптасуында маңызды рөлге  ие.  Теңдік   құқықтық   мемлекеттілік пен азаматтық қоғамның элементтерінің қалыптасуына ықпал етеді. Себебі «азаматтық қоғам негізінің басты нысаны азаматтардың құқық пен бостандықтарды иелену негізі заңдық теңдіктің мойындалуы болып табылады» [4].

Формальды теңдік – заң алдындағы теңдік, яғни заң барлығына бірдей. Заң мен сот алдында жұрттың барлығы тең. Теңдікті заң алдында декларациялаудың қажеттілігі тек біздің ғана мемлекетіміздің тарихымен ғана емес өзге мемлекеттердің тарихымен дәлелденген. Барлық уақытта да өздерін заңнан жоғары санаған адамдар болды. Сол себепті де заң алдында теңдік ережесін негізгі заңның деңгейінде бекіту құқытық мемлекеттік өмір сүруі үшін қажетті шарт болып саналады.

XIX ғасырдың өзінде-ақ, ағылшын заңгері А. Дайси, құқықтың ең жоғары тұру қағидасынан келесілер туындайтынын, яғни мемлекеттік билікті ұсынатын тұлғаларлға және мемлекетке қатысты заңдар, қарапайым адамдарға да қатысты екендігін атап айтқан. Егер де мемлекет не оның қызметкері заңды бұзатын болса, кез келген азамат тәрізді ол да дәл сондай жауаптылыққа тартылады [5].

Дегенмен заң қандай нормаларды бекітіп, ұсынады? Заң көптеген жағдайларда құқықтық қатынасқа түсетін әртүрлі субъектілерге қатысты  тең  келмейді,  ол  бір-бірінен  ерекше жауаптылық пен бостандықты, құқықты, жүріс-тұрыс ережесін бекітеді. Бірақ та бұл заң шығарушының субъективті позициясымен емес, объективті факторлардың бар болуымен байланысты. Олар: тұрғылықты жері, жұмыс орны, орындайтың қызметі, білімі, семьялық жағдайы, жынысы, жасы, т.б.

Тек тең шарттарында ғана құқық субъектілері тең дәрежеде болуы тиіс. Көп жағдайларда, кейбір «теңсіздікпен байланысты негіздер заң шығарушымен біле тұра қалыптастырылады. Мұнда басты «айыпты» болып, әділеттілік құқықтық қағидасы саналады» [6].

Сол себепті де теңдік қағидасы бұзылған болып саналмайды, Өйткені қандай да бір категориядағы тұлғалардың арасындағы өзгешеліктер, олар үшін түрлі құқықтық реттеуді қарастыруға жеткілікті болып саналды. Заңды теңсіздіктің екіжақтылық табиғатына сай екендігін ескеру қажет. Бұл фактілі теңсіздікті жеңудің механизмі болып табылады. Сонымен қатар бір уақытта мемлекет пен қоғамның маңызды функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық шектеулердің мезанизмін сипаттап көрсетеді.

Аталған ереже бір қарағанда жоғарыда келтірілген   ұсынысқа толық сай келмейді. Заңды теңсіздік нормативті құқықтық актілерде бекітілген құқықтық тәсілдермен анықталуы мүмкін. Ондай категориялардың ішінде келесілерді бөліп көрсетуге болады: белгілі бір жеңілдіктерді, әлеуметтік кепілдіктерді, компенсацияларды, қосымша құқықтарды ұсыну; әлеуметтік қакмсыздандыру, т.б.

Жоғарыда көрсетілгендермен байланысты, заңды теңсіздік – фактілі теңсіздікті жеңудің механизмі,          сонымен              қатар    мемлекет   пен қоғамның маңызды функцияларын орындауды қамтамасыз етуге және әлеуметтік әділеттілік қағидасын                 жүзеге             асыруға                      бағытталған құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтық жағдайын теңестірудің құқықтық тәсілдерін қолдану арқылы құқықтық шектеулерді анықтау. Бұл  жерде      заңды          теңсіздіктің    қажет екендігін де байқауға болады. Өйткені көптеген фактілердің   ықпалынан     күрделі       өзгеріске ұшыраған құқықтық көрініс бола тұра, халықтың қалыптасқан салты және қоғамдық өмір мен өмір сүріп жатқан саяси шарттармен анықталады.

Жоғарыда көрсетілген заңсыз теңдіктің орнатылу өзгерістері мемлекет пен қоғамның нақты бір тарихи даму кезеңдеріне байланысты. Сол себепті де олардың алдыңғы бекітілген міндеттері үнемі дамып, өзгеріп отыруға тиісті динамикалық тұрғыдағы категориялар.

Бұл  жерде  жекелеген  азаматтарға қандай да бір шектеулер не мүмкіндіктер беру арқылы заңды теңсіздікті орнату заң шеңберінен аспауы тиіс, ал оның маңызды шарты болып негізсіз дискриминацияға жол бермеу танылады.

Жоғарғы сот инстанциясының көзқарасы бойынша және біздің ойымызша, бүгінгі таңдағы қоғамның жағдайына сай келеді, дегенмен бұл нормаларды тәжірибелік тұрғыда жүзеге асыру (ал тәжірибе көрсеткендей, кейбір жағдайларда бұл орын алып отыр) жекелеген категориядағы тұлғаларды шектеуге алып келіп отыр. Сонымен қатар бұл бірінші кезекте тиісті деңгейде құқықтық сана мен құқықықтық мәдениеттің болмауын және құқықтық нигилизмнің кең тарағанымен байланысты.

Бұл тұрғыда Г.Н. Комкованың дамыған мемлекеттерде адамдардың конституциялық құқықтық баға жетпес мүдделерді қорғау мақсатында заң алдында теңсіздікке жол беріледі және сондай тұрғыдағы теңсіздік ерекше тәртіпте жауаптылыққа президентті, билік органдарын   танытатын   депутаттарды,  соттар мен прокурорларды тартуға мүмкіндік береді деген пікірімен мүлдем келісуге болмайды [7].

Бұл жағдайда заңсыз теңсіздіктің келесідей мысалдарын келтіруге болады: әрекет етуші құқық жүйесінің шарттарындағы құқықтық қатынастардың түрлі субъектілерінің заң алдындағы теңсіздігі, бүгінгі таңдағы құқық жүйесінде оның маңызды қағидасы болып танылатын формальды теңдіктің жоқ екендігін мойындау. Формальды теңдіктің негізіне кез келген азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет жатады.

Жоғарыда келтірілгендерден келесідей сұрақ туындайды: өмір сүруші қоғамдық қатынастардың дамуына және оларды реттеу үшін құқықтық категория ретіндегі формальды теңдік керек пе?

Теңдіктің басты мақсаты болып әлеуметтік әділеттілік қағидасын жоғары дәрежеде жүзеге асыру танылады.

Тек нақты формальды теңдік қана қоғамның жай қатарындағы мүшесінің құқықтық статус эталонын қалыптастырады. Сонымен қатар қоғамдық қатынастардың түрлі субъектілерін салыстырудың жалғыз тәсілі  болып танылады. Бірақ та формальды теңдіктің мақсатына қоғамдық қатынас субъектілерінің құқықтық жағдайын теңестіру жатпайды, бұл заңның жұмысы заңмен реттелуге тиіс.

Сонымен, фактілі тұрғыда, формальды теңдік формальды, фактілі теңсіздікті жеңудің құқықтық тәсілі мен механизмі ретіндегі заңсыз теңсіздік пен орын алып жатқан қоғамдық қатынастардың объективті көрсеткіші ретіндегі, формальды теңсіздік арасындағы теориядағы кезең.

Сонымен, бұл аралық «кезең» қажет пе? Жалпы, теңсіздік шартында формальды «теңестіру процесі» қажет пе? Мақсаты фактілі теңдік болып саналатын формальды теңдікке жетудің жолы болып табыла ма?  Аталған  мақсатқа жету де мүлдем мүмкін емес. Социал демократизм идеологын ұстанушылардың пікірінше, бұл қолдануға жататын тәсіл. «Әлеуметтік теңсіздіктен құтылу үшін құқық тең болудың орнына теңсіз болуы қажет»[8].

Демек, қорыта келе, ең бастысы, қоғамның, мемлекеттің және құқықтың дамуымен тарихи перспективада қоғамдық қатынастардағы теңдіктің мазмұны мен рөлінің маңыздылығы жайындағы келтірілген сұрақтарға толық және нақты жауап беруге болады. Дегенмен бүгінгі таңдағы жағдайда, яғни теңдік мәні  жайлы құқық теориясында бірдей көз қарастың болмауынан, фактілі теңдіктің өзгеріске ұшыраған нысандары, формалары орын алады. Заңды теңсіздікті анықтап, айқындайтын нормативті түрде  бекітілген тәсілдер  саны аз, фактілі теңсіздіктің жабық насына кең жайылған. Барлық қоғамдық қатынастардың маңызды   элементі   ретіндегі   теңсіздікке деген көзқарастарын өзгертуге құқықтық мәдениеттің дамымауы, жоқтығы әсер етеді. Формальды теңдік мемлекетке де, қоғамға да, құқық жүйесіне де өте қажет.

Сонымен, құлиеленушілік қоғамда да, ортағасырлық мемлекеттерде де теңдік мемлекеттік деңгейдегі маңызға ие мәселе болған. Ол олардың даму бағытын анықтаушысы саналған. Сондықтан бұл сауал қоғамның дерті ретінде көрініс табады және одан әрі зерттеуді қажет етеді.

 

 

 

Әдебиеттер

  1.  Лейст О.Э., Мачин И.Ф. Гражданское общество и современное государство // Вестник МГУ. Сер. Право. – 1996. – N 4. – С. 32-33.
  2. Козюк М.Н. Правовое равенство в механизме правового регулирования: учеб. пособие. – Волгоград, – С. 14. 3 Болгова В.В. Принцип равенства в публичном и частном праве. – Самара, 2004. – С. 126-127.4 Лейст О.Э., Мачин И.Ф. Указ. изд. – С. 33. 5 Зубакин В.Ю. и др. Указ. соч. – С. 20.
  3. Колодий А.Ф. Социальная справедливость и ее проявление через отношения равенства и неравенства. Автореф. дисс. ... канд. филос. наук. М., 1992. – С.
  4. Комкова Г.Н. Конституционный принцип равенства прав и свобод человека в России. – Саратов, 2002. – С. 8 Маркс К., Энгельс Ф. Соч. – Т. 19. – С. 19.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.