Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ билерінің үлгілі билік-шешімдері

Қазақ билерінің үлгілі билік шешімдері қазақ әдет құқығының негізгі қайнар көздерінің қатарына жатады. Қазақ ішінде ықылым замандардан бері көптеген белгілі дуалы ауыз билердің елге өнеге, үлгі болған билік шешімдері сан ғасырлардан бері сақталып келеді. Қазақ ішіндегі үлгілі билік шешімдер ХІХ ғасырдың аяғына дейін қолданылып келді. Қазақтың билерінің үлгілі билік шешімдерін қазіргі кезеңдегі англо-саксондық құқықтық жүйеде қолданылатын соттық перецедентпен қатар қоюға болады. Қазақтардың билерінің үлгілі билік шешімдерінің адами құндылықтары адами ажары басым болды. Қазақтың белгілі ғалымы академик С.З. Зимановтың басшылығымен жүзеге асырылған «Қазақтың ата  заңдарының» 10 томдығының 4-томында белгілі билердің жиырмаға тарта үлгілі билік шешімдері келтірілген   болатын   солардың   аттарын  атап кететін болсақ, оларға мыналар жатады: тұсау ат сақтайды, ат ер сақтайды, ер ел сақтайды, төрт тентектің бірі құнды, тапқан қуанады, таныған алады, жарлық сізден болғанда, жабдық бізден, бір дауға екі билік айтқан, даудан арылмас, шын биліктің өлшемі жөн сезімі, ұлан түз сақтайды, ұрғашы ін сақтайды, судың түбін шым бекітер, даудың түбін қыз бекітер, құлаққа құлақ, тұяққа тұяқ, құныкерге төлер құн көп т.б.

Соның ішіндегі «судың түбін шым бекітер, даудың түбін қыз бекітер» атты билік шешімге тоқталамыз. Биліктің мәні араздасқан елді әрқашан да құдалық татулыққа жетелейдіге салды. Қыз алысып, қыз беру – бірлік белгісі. Біз кезінде Сырымға Бөлтірік айтқан және Кегенбай билердің, т.б. айтқан биліктерін беріп отырмыз. Бұл биліктер қазақтың Ата заңдарының үшінші томында бар. Содан үзінділер беріп отырмыз.

Бидің өмір сүрген заманында Арғын, Матай, Уақ, Қарауыл жасық, Саржомарт елдері шекаралас отырады. Осы елдердің бірінің жесір дауында өзі сияқты мінезі өр көкіректеу, ұртмінезді бай адаммен сөзге келіп қалып, қамшыласып, сабаласып жүріп, әлгінің көзін шығарып алады. Артынан ара да дау көбейіп, екі ауылдың арасы егес болып, ел арасы бүлініп, кісі өліміне дейінгі жанжалдарға барады. Ел арасын тынышталдырып бітімге келу мақсатында аяқ жетер жердегі билердің барлығына да жүгініске барады. Алайда билердің мал кесегіне өзі онсызда қисық мінезді адам келіспейді: “Кескен малының үстіне сондай мал қосып берейін, көзімді шығарған байдың көзін ойып беруге кесім шығарып бер”,

– дейді екен. Бұдан арғы арада да ел арасындағы егес тоқталмайды. Бұрын ешбір шешімін таппаған, асқынған даудың шешіміне жүгініске Кеген бай биге баруды ауыл ақсақалдарымен ел жақсылары ұсыныс жасап, келісімдерін береді.

Осы ұйғарымнан кейін жанына бірнеше адам алып, Кегенбай бидің ауылына келіп түскен екен.

Би ауылының күтуші азаматтары бұларды қонақасын беріп күтеді. Ертеңінде би келген қонақтардың бұйымтай шаруаларын сұрайды.

Қонақтар келген істің мән-жайын, егжейтегжейінайтады. Наразылықтарынтолықтыңдап ұғынысқан соң, Кегенбай би ойланыңқырап, сөзді одан әрі жалғастыра отырып, сөз арасында: “Қарсыластарыңыздың қыз баласы бар ма?” деп сұрапты. Жүгініске келушілер: “Бар”, – депті. Әңгіме тетігі шешімге тақар кезде: “Олай болса, құда болғайсың, құда болсаң, немерең ұл болар, егер немерең ұл болса, ашамайға мінуге жарағанда келерсің, билігіңді сонда айтармын”,деп келісімге келіпті.

Бидің айтқанындай, айы-күні толғанда келін ұл тапса керек. Кегенбай бидің сәуегейлігіне тәнті болған бір беткей бай немересі ашамайға отыруға жарағанда бидің ауылына қайта оралады.

Кегенбай би құндаулап жүрген адамнан: “Көзің жетілді ме?” – деп сұраған екен. Сонда құндаулаушы: “Жетілді”, – деп жауап беріпті. Кегенбай би “судың түбін шым бекітер, даудың түбін қыз бекітер”, – деген осы десе керек.

Сыпатай батыр мен қырғыздардың бір ру басы биі арасында дау туыпты. Екі ел арасында ұрыс-жанжал болады. Сондай бір қақтығыста Сыпатайдың жігіттері қырғыз биін қолға түсіреді. Биді Сыпатайдың алдына    алып келеді. Сыпатай қырғыз биін еліне апарғызып салғызады. Едәуір уақыттан кейін арада тағы да қақтығыс болады. Тағы бір қысыл-таяң шақта қырғыз биі Сыпатайдың жігіттерінің қолына қайта түсіп қалады. Ұрыс-жанжалдың басы осы би екен. Сыпатай қолға түскен бидің жазасын белгілеу үшін билерін, кеңесшілерін шақырып, мәслихат құрады. Бір битұрып: “Мұның көзін жою керек”, – дейді. Екінші бір би: “Бұл жақсылықты білмейді”, – дейді.Тағы бір би: “Мұның орнына баласын би қойып, өзінің көзін құрту дұрыс”, – дейді.

Қасындағы билері түгел сөйлеп болды-ау, дегенде Сыпатай Бөлтірікке бұрылып:

  • Сен не дейсің, Ыстым? – деп сұрайды.
  • Менің тілімді алсаңдар, биді өлтірме, жазалама, орнынан қозғама.
  • Енді не істейміз? – деп қалады сабырсыз билердің бірі.

Бөлтірік сөзін жалғастырады:

  • Бидің көзін жойғанмен, ұрыс-керістің көзі жойылмайды. Биліктен бидің өзін аластап, орнына баласын қойғанмен, олқының орны толмайды, баласы әкесіндей болмайды, «судың түбін шым бекітеді, даудың түбін қыз бекітеді». Қыз алып, қыз беріп, құда бол. Дауыңа дауа сол.
  • Қырғыз биі Бөлтіріктің сөзін естігенде, отырған жерінде қолын қусырып, басын иіп, билікке ризалығын білдіреді.
  • Сыпатай Бөлтіріктің билігіне тоқтайды. Содан былай қазақ -қырғыз арасында дау-дамай болмай, екі жақ құда-жекжат болып сыйласып кеткен екен.

Матай мен Жалайыр елдері Алтынемел үшін таласып, ұрыс болғанда, екі жақтан жеті адам төртеуі Жалайырдан, үшеуі Матай жағынан өледі.Ол кезде Жалайырды билеген Тезек төре екен. Төре Күреңбелде отырған. Өзі билеген елден бір кісі артық өліп, Матайлардың есесі кетіп бара жатқан соң, аманат қойып миятқа, Шу бойындағы қалың Дулатқа адам шаптырады. Ал Матайлар арғынға кісі шаптырады. Шу бойындағы қазақтарды билеген Әлі төренің ордасына Жалайыр жіберген шапқыншылар келіп жетеді. Төре жөн сұраған соң, олар мынаны айтады:

Ағайындар, ер құнды болды, нар пұлды болды. Алтынемел тауына таласып, Наймандар адамдарымызды қырып барады. Содан миятқа шақыра келдік, – дейді. Әлі  төре  істің жайына түсінген соң, ақылшы билерін жиып алады.

Шапыраштыдан Сұраншы батырды, Талғардан Туғандай биді, Ботабайдан Қарабай, Диқанбай билерді, Сәмбеттен Дәуітәлі биді шақырып алып, оларға тай сойып, қонақасы береді. Бұл уақытта Жалайырдың миятқа шақыра келгенін естіген жігіттер де дайындалып, төре ауылына жиналып қалады. Шақырылған адамдар түгел келген соң төре билерге мән-жайды айтып болып:

  • Ағайынның шақыруына бөрің барасың ба? – дейді.

Сонда жастар жағы:

  • Бәріміз барамыз, Матайларды қырамыз да жоямыз, – деп атқа мінбек болады. Осы жерде Бөлтірік сөз алады:
  • Ағайын арасы қанша қырқысса да, аяғы бітімге келеді. Сондықтан қырқыспай жауласпай тұрып, бітісу керек, – дейді. Сонда Әлі төре:
  • Олай болса, бітімге кім барады?

Мұны естіген соң әрбір ру өкілдері өздерінің билерін атай бастайды. Сиқымдар: “Шомай би барсын”, – дейді. Көпшілік оны ұнатпайды. “Бұл дау Шомай батырдай түйенің қом-шомын істеп жатқан жер емес қой”, – дейді. Сәмбеттер: “Дәутәлі би барсын”, – дейді. Бұл да өте семіз болғандықтан, көпшілік тағы қарсы болып: “Дәутәлі ыңыранып арбасымен сонау Алтынемелге жеткенше, ел тарап кетеді ғой”, – дейді. Жаныстар: “Қарабай би барсын”, – дейді. Қарабайдың билігінен батырлығы басым кісі екен, сол жағын еске алып көшпелік: “Қарабай баратын Алтынемелде қаптап жатқан жау жоқ”, дейді. Шапыраштылар “Сұраншы батыр барсын”, – дейді. Жұрт оған да көнбей: “Бұл дау Сұраншы батыр баратын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшы керек жер емес”, – дейді. Сары үйсіндер: “Сары би барсын”, –дейді. Халық оған да көнбей: “Бұл дау Сары би баратын Алтынемелде қыз-келіншектер айтысып жатыр дейсің бе?” – дейді. Дулаттар: Диқанбай, Туғанбай, Бәйімбет билер барсын деп, тағы да сөз көтереді Әлі бұларға да келіспейді. Аталған билердің бірін де жұрт ұнатпаған соң, көпшілік ішінен бір дана қарт шығып былай дейді:

Мұндай үлкен дауға ауыздыға сөз бермейтін өте шешен,  өте  жүйрік  адам керек. Әз ата Ысты әруағы деп өз ауыздарыңа алмайсыңдар. Бұл дауға Ысты Бөлтірік барсын. Одан шешен, одан тапқыр қайсың барсың? – деп біраз тоқтайды да: – Оған серік Көбекбай, оның қасына еріп Байғазы барсын дейді. Дана қарияның бұл ұсынысы қабылданып, Алтынемелге сол үшеуі аттанады.

Арада бес-алты күн өткен соң елшілер өздеріне арналып тігілген үйге келіп ат басын тірейді. Матайлар Қоянкөздің аржағына, Жалайырлар бер жағына тоқтайды. Қалың ағайындар үшін бірнеше ақ үйлер тігіледі. Матай жағынан Құнанбай, Құсбек төре, Тәнеке  би  сияқты Орта жүздің адамдары атқа мініп, судан өтіп, Бөлтіріктер түскен үйге келіп: “Ұлы жүздің баласы” , –деп сәлем беріседі.

Бөлтірік одан жөн сұрайды:

  • Арғыннан Құнанбайды, Тәнекені естуіміз бар, ал мынау сыпырма бөрік кигенің кім? – деп Құнанбайға еріп келген Құсбек төрені қағытады. Сонда Тәнеке би:
  • Әу, Бөлтеке, байқап сөйле! Бұл кісі Құсбек төреміз ғой! – дейді. Бөлтірік мүдірместен;
  • Алдияр, тіл-аузым тасқа, – деп азырақ кішілік еткен болады да, Құсбекті тағы қағытады:
  • Олай болса, төре  елшісіз  бе, жаушысыз ба? Біздің елдің төресі ағайын арасының, дауын бітіріп кел деп, бізді жіберді, өзі үйде жатыр. Мұндай даулы жерде төреге не бар? Қайдан білейін түріңізге қарап Қызылжардың былғары сататын ноғайы екен, мына өліп жатқан адамдардың терісін сатып алуға келген ғой деп ойлап қалып едім, – дейді.

Құсбек төре қып-қызыл боп ұялып, жақ аша алмай қалады. Құсбектің жеңілгенін аңғарған Құнанбай Бөлтірік алдында кішілік жасай бастайды:

  • Бөлтеке, сіз аға боласыз ғой, осы даудың билігін өзіңіз айтсаңыз қайтеді? – дейді. Құнанбайдың бұл сөзіне риза болған Бөлтірік сыпайы жауап береді.
  • Құнеке, “аға – бордан, іні – зордан” деген атаның салған жолы бар.

Сонда Тәнеке:

  • Бөлтеке, “Аға тұрып, іні сөйлегеннен без”, – деген. Үш жүздің баласына билік айтқан Төле би атаңыз ғой, жол сіздікі дейді. Сонда Бөлтірік жүгіне қалып, қолындағы қамшысын тастай бере былай деген екен:
  • Мен айтсам, істің дәлелін, биліктің әділін айтам, бұл Алтынемел, әуелі, Құдайдікі. Бұл жер болғалы қаншама ел көшіп өтпеді, кім жайламаған бұл жерді. Алтының – алтын, ал Емелің – Қалмақша емес пе? Қазақ түгіл қалмақ та мекендеген бұл жерді. Хакас, он екі баулы ноғайлы да жерленген жер бұл. Ең ақыры қазақ қоныстанған. Ағайындар сонау тас молаға көз салыңдаршы? Ол, ең әуелі, ноғай қонған, ал кеткен соң үйсін Шомай қонған. Үйсін ішінде Жаныс, оның ішінде Қасқарау қонған. Сол тас мола
  • Алақай кемпірдің моласы. Алты найманның мұрнына жел түсіп, Алақай тәуіп кезінде соларды алты сиырдың сүтімен емдеп, алтауын да жазған екен. Айыққан соң орта жүздің тентек балалары тәуіптің батасын алмай, алты сиырын айдап кетіпті. Найман сол уақытта-ақ зорлық жасаған екен. Тас мола белгісі бар Алтынемел
  • Жалайырдікі. Жер туралы билігім сол! – дейді. Бөлтірік.

Құнанбай Бөлтіріктің билігіне дау алмай, “мақұл” дейді де.

  • Ал Бөлтеке, өлген жеті адамның құнын алыңыз? – дейді. Сонда Бөлтірік:
  • Өлген жеті адам – Найманнан үшеу, Жалыайрыдан – төртеу екен. Сондықтан Найман жағы бір адамға құн төлесін, – дейді де қасында отырған Көбекбайға қарайды. Сонда Көбекбай жүгініп отыра қалыпты:
  • Есебін тапқан ерге ердің құны  екі-ақ ауыз сөз ғой, қара халықтың бірлігі болса, ханның бере аты, қара тоны, кілемі болса, – деп билікке тиісті заттарды ескертіп келеді де, сөзін жалғастырады:
  • Найман жағы бір адамды артық өлтірген екен, бұл үшін Найман бір адамның құнын төлесін! “Судың түбін шым бекітеді, құнның түбін қыз бекітеді!” – деп тоқтайды. Құнанбай Көбекбайдың бұл астарлы сөзін ұғады.
  • Анау артық өлген бір адамның құны үшін Найман жағы Жалайырға қалыңсыз қыз беріп, тынсын! – деп отыр. Бұған қалай қарайсыңдар? дейді. Жұрт мақұл деседі. Содан екі елдің арасы жаулықтан енді құдалыққа айналып, ұрысқа дайындалғандар сойылдарын отқа жағып, күліпойнап тарқасыпты дейді.

Дауды бітіріп, елге келген соң, Бөлтірік Әлі төренің алдына келіп дауды қалай шешкендігін баяндайды және дауға бармаған билерге өзінің билігін сынатады.Сөзінен мін таппаған төре рақметін айтады.

Бірақ Сары би Бөлтіріктің Алақай тәуіп туралы айтқан сөзінен мін таппақ болып:

  • Уай, Бөлтірік, сиырың не, Ұлы жүзде жылқы жоқпа еді? – депті. Сонда Бөлтірік Сарыға қарап:
  • Сенің білместігің-ай осы. Мұрынға түскен желге сиырдың сүті ғана ем болады, ал жылқының сүті мұрынды жеп жатқан құртты қоздыра түседі, – деген екен.

Ата-бабаларымыздың халықты жөн-жоқсыз төгілген қаннан, қырғыннан сақтау үшін қылыш пен найзаны қару етпей, сөз өнерін, шешендікті қару ете білуі – үлкен адамгершіліктен туғанын осы сынды аңыз-хикаялардан анық байқаймыз.

Дулат елі Жалайырға құнды болып, Жалайырдың бітімшілері Ескелді биге келгенде Көбекбай оған:

Қойныңды ашсаң, құшағым бар,

Қолыңды ашсаң пышағым бар,

Ханның заңдығы бар,

Бидің билігі бар,

Судың түбін шым бекітеді,

Даудың түбін қыз бекітеді, – дейді. Сонда Ескелді би қолын жайып:

– Бітім болды, менің айтарым да сол, – деп, Көбекбаймен айқара құшақтасыпты. Екі ел қыз берісіп тату-тәтті құда болысыпты [1, 521-526 бб.]. Қазақ билерінің үлгілі билік шешімдері қай кезеңде  болмасын  қоғамды  тұрақтандыруға ел бірлігін бекітуге қызмет жасаған болатын.

 

 

 

Әдебиеттер

 

1   Қазақтың ата заңдары: Құжаттар, деректер және зерттеулер. 10 томдық. – Алматы: Жеті жарғы, 2005. – 4-том. – 552 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.