Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы мазмұнындағы мемлекетіміздің қаржы саясаты

Қаржы –  бұл  қоғамдық  өнімді  бөлу  және қайта бөлу процесінде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Оның нәтижесінде ұдайы  өндіріске  қатысушылардың  сан   алуан қажеттіліктері қанағаттандырылады. Қаржының қажеттілігі объективті мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты негізі — табыстар мен ақшалай   қорларды   жасау   арқылы  мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің, қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау  жасау  болып  табылады. «Қаржы – мемлекеттің, кәсіпорынның барлық ақша қаражаттарының жиынтығы; осы қаражаттарды құрау мен қайта бөлу жүйесі» [1, 302]. Қаржылық құқық теориясында «қаржы» терминін анықтауға байланысты көптеген ғалымдардың пікірлері бар. Мысалы, көрнекті ғалым А.И.Худяков «қаржы» термині латынның «finis», яғни қандай да істің бітуі, ақыры немесе төлемнің, жалақының төлену мерзімі деген сөзінен туындаған деп көрсетеді. Орта ғасырлық латын тілінде fіnantіo, fіnancіa деген сөздер міндетті ақшалай төлем деген мағынада айтылған болатын. Он сегізінші ғасырда француздар fіnancе, яғни финанс деп мемлекеттің кіріс және шығысын, мемлекет мүліктерінің жиынтығын немесе мемлекеттік шаруашылықты айтатын болған. Қазіргі кезде қаржы терминінің мағынасы ақшалармен тығыз байланысқан. Сондықтан болар, көптеген жағдайларда азаматтар қаржыларды қолда бар немесе құжат жүзіндегі ақшалар деп түсінеді. Ал экономистер азаматтардың қаржылары; мемлекеттің қаржылары, заңды тұлғалардың қаржылары деп бөледі. Кейбіреулер тар  мағынада  қаржылар тек мемлекет пен заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын қамтиды деп түсіндіреді. Осы терминнің тағы бір сирек айтылатын  мағынасы «мемлекеттік ақшалар» түсінігімен сәйкес келеді.

А.И. Худяковтың айтуынша, қаржы термині қандай  да  болмасын  мағынада  түсіндірілсе де,  ең  дұрысы   мемлекет   қарамағындағы ақша қаражаттары деген тұжырым дұрыс болып табылады [2, 7]. Біз де ғалымның пікірін қолдаймыз. Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы барлық жағдайға ықпал етудің  кең  мүмкіндіктерін  пайдалана   алмаса, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметгікэкономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамсыз ете алмайды.

14 желтоқсан 2012 жылғы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: біздің мемлекетіміздің  макроэкономикалық   саясаты жаңғыртылуы тиіс деп тікелей атап көрсетті. Ол үшін бюджет саясаты, салық саясаты, ақша-кредит саясаты, мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты сияқты негізгі бағыттар белгіленген. Ақша кередит саясатына байланысты келесі бағдар қойылған: «Әлемдік экономикадағы қолайсыз ахуалды ескере отырып, біз инфляциядан әрбір қазақстандықтың кірістерін қорғауды қамтамасыз ететін және экономикалық   өсім үшін лайықты деңгейін ұстап тұратын боламыз. Бұл жай ғана макроэкономикалық мәселе емес, бұл – елдің әлеуметтік қауіпсіздігінің мәселесі.  Және де бұл – 2013 жылдың өзінен бастап Ұлттық Банк пен Үкімет жұмысының басты мәселесі.

Қазақстандық банктер өз кезегінде өзінің мақсатын орындауға және нақты экономика секторының кредиттік ресурстарға деген қажеттілігін қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте қаржылық жүйеге бақылауды әлсіретуге болмайды, банктерді проблемалық кредиттерден тазарту және қорландыру мәселелерімен тығыз айналысу қажет.

Бұл үшін Ұлттық Банк пен Үкіметке Президент Әкімшілігінің үйлестіруімен экономиканы қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған түбегейлі ақша-кредит саясатының жаңа жүйесін әзірлеу қажет болады» [3, 16].

Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөл атқарады. Оны жасап, жүзеге асыру  үрдісінде  қоғам  алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі. Елдің қаржы заңнамасының негізінде  қаржы  ресурстарын  жұмылдыру, бөлу және пайдалану жөніндегі мемлекеттің іс-шаралары  қаржы   саясаты   деп   аталады. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады. Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясаты қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді  шешу  үшін   қаржыны   пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты оның нақтылы нәтижесі болып табылады. Дамыған шет мемлекеттерде қаржы құрылымы барлық бөлімдегі қаржыларды топтап жинай отырып, қаржыландырудың ұлттық мүддесін қорғауға бағытталады. Олар ақша қорларын жасауға жағдай жасап, сол арқылы мемлекет өзінің саяси және экономикалық функциясын іске асырады.

«Мемлекет қаржы ресурстарынсыз өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды орындай алмайды,  мемлекеттің  қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды, осының барлығына мемлекет қаржылық механизм  арқылы  әсер  етеді.  Қаржыларға   бөлу және бақылау функциялары тән. Осы функциялар арқылы қаржылардың қоғам және мемлекет өміріндегі әлеуметтік-экономикалық рөлі жүзеге асырылады» [4,12].

Қаржы стратегиясы экономкалық әлеуметтік стратегия мен анықталған перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық процестер дамуының ұзақ  кезеңіне  бағытталған, ал оның шеңберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезеңдері ретінде жүзеге асырылып отырады. Қаржы стратегияның біршама тұрақтылығы кезінде қаржы тактикасының орамдылығымен ерекшеленуі тиіс, ол экономикалық жағдайлардың, әлеуметтік факторлардың және басқалардың ширақтылығымен алдын ала анықталынады. Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты. Стратегия тактикалық есептерді шешу үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Экономика мен әлеуметтік сала дамуының шешуші учаскелері мен басты проблемаларын анықтай отырып, тактика әдістерді өзгерту, қаржы байланыстарын ұйымдастырудың нысандары арқылы неғұрлым қысқа мерзім ішінде ысырап пен шығындарды ең аз жұмсап, қаржы стратегиясы белгіленген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Бір жағынан, қаржы саясаты экономикалық қатынастарды тұрғызады, саясат экономикаға байланысты. Екінші жағынан, экономикалық базис негізінде пайда болып әрі дами отырып, қаржы саясаты белгілі бір дербестікке ие болды, ал оның өзгеше заңдары мен даму логикасы бар. «Алдымен, экономика, сонан соң саясат» [3, 4] деген мемлекеттік саясат қағидатын алға тарта отырып, мемлекет басшысы жаңа стратегиялық құжатта ұлттық экономиканы дамытудың жаңа қағидаттарына көшуді ұсынды. Осылардың негізінде барлығын түгелімен қамтитын экономикалық прагматизм жатыр, яғни мұның мәнісі барлық басқару шешімдерін экономикалық орындылық тұрғысынан қабылдаған жөн дегенге саяды. Мемлекеттің қаржы заңнамасының негізінде қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдалану жөніндегі мемлекеттің және басқа экономикалық агенттердің іс-шаралары қаржылық саясат деп аталады. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының кұрамды бөлігі болып табылады.  Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржылық саясатына негізделеді.

Қаржылық саясатты жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар:

  • қолда бар нақты қаржылық ресурстарды негіздей отырып, бюджеттерді жасау;
  • бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;
  • қаржылық қатынастардың жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
  • қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;
  • қаржылық резервтерді жасау (бюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан және салалық қаржыларда қаржылық резервтердің асып түсуі);
  • мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында қаржылық ресурстарды оңтайлы бөлу.

Қаржылық саясат нақты шаруашылық өмірде қаржылық механизмі арқылы жүзеге асырылады. Қаржылық механизм – экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржылық қатынастарды  ұйымдастыру нысандарының, қаржылық ресурстарын қалыптастыратын пайдалану әдістерінің жиынтығы болып табылады. Қаржылық  механизмнің негізгі  элементтеріне:

  1. қаржылық бюджеттік жоспарлау және болжамдау;
  2. қаржылық ресурстарды тікелей басқару және жан-жақты бағдарлау;
  3. қаржылық ресурстардың құрылуына, бөлінуіне және пайдаланылуына бақылау жүргізу;
  4. қаржылар мен салықтардың, бюджеттің өндіріске және халықтың әл-ауқаты деңгейіне тигізетін ықпалын анықтау жатады.
  5. «Есеп комитетінің төрағасы Қ. Жаңбыршин Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының негізгі қағидаларын талқылау барысында аталған Жолдаудың біздің экономикаға аса маңызды екенін атап өтті. 2014 жылғы Жолдау 2050 жылға дейiнгі ұзақ мерзiмдi Стратегияны іске асыру бойынша нақты іс-шаралар бағдарламасы болып табылады. Белгiленген бағыттар  Қазақстан   экономикасының   одан әрi терең жаңғыртылуын, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн  және  даму  серпіндерін   арттыруды көрсетеді», – деді Есеп комитетінің төрағасы. Қ. Жаңбыршиннің пiкiрiнше, осы маңызды міндеттер арқылы еліміздің қаржылық бақылау органдарының рөлі мен маңыздылығы объективтi түрде артпақ. Есеп комитетінің басшысы: «Қазақстан әлемінің ең дамыған 30 елінің қатарына кiруi үшiн Есеп комитеті тәуелсіз сыртқы қаржылық бақылаудың конституциялық органы ретінде маңызды рөл атқаруы тиіс. Оның жауапкершiлігіне мемлекеттің ұлттық ресурстарды басқару қызметі кіреді. Атап айтқанда, бюджет-қаржы процесін, 2050 жылға дейінгі Стратегияны іске асыруға бөлінетін мемлекет қаражатының ұтымды пайдаланылуын бақылау мәселесіне ерекше назар аударылады. Осыған байланысты, мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінен мемлекеттік аудитке көшу Есеп комитетіне өз қызметін халықаралық озық стандарттарға сәйкес анағұрлым тиімді және сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деді. Мемлекет басшысының әлемнің ең озық тәжірибесінің негізінде мемлекеттік аудиттің кешенді жүйесін құру бойынша тапсырмаларын іске асыру мақсатында, елімізде қаржыэкономикалық саладағы ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға қатысты мемлекеттік  саясатты қалыптастырудың және іске асырудың бірыңғай тәсілдерін қамтамасыз ететін Мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасы қабылданды.
  6. Сонымен қатар қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Парламентінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарын ұйымдастыруға, олардың қызметі мен өкілеттігінің бірыңғай принциптерін айқындауға бағытталған «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заң жобасы талқылануда деп көрсетті» [5].

Қазақстан  Республикасы  Президентінің 17 қаңтар 2014 жылғы  «Қазақстан  жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің экономикасын дамытуға байланысты нық тапсырмалар   беріліп   отыр.   Атап айтқанда,«Экономикада ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы өсімін 4 пайыздан кем қылмау жоспарлануда. Инвестиция көлемін қазіргі 18 пайыздан бүкіл ішкі жалпы өнім көлемінің 30 пайызына дейін ұлғайтукерек. Экономиканыңғылымиқамтымды моделін енгізу Қазақстанның экспорттық әлеуетіндегі шикізаттық емес өнімнің үлесін 70 пайызға дейін арттыру мақсатын көздейді.

Экономиканың жоғары технологиялық жаңа салаларын құру ғылымды қаржыландыруды ішкі жалпы өнімнің 3 пайыздан кем емес деңгейге дейін арттыруды талап етеді. Ішкі жалпы өнімнің энергия тұтыну ауқымын 2 есе азайту маңызды. Шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы орнына кемінде 50 пайызын өндіретін болады. Еңбек өнімділігін 5 есеге – қазіргі 24,5 мыңнан 126 мың долларға дейін арттыру керек» деп көретілген [6].

Қаржылық механизм мемлекет белгілеген қаржылық шараларды нақтылы, атаулы, нақты нәтижелерде – барлық деңгейлерде және қоғамдық-экономикалық сфераларда қоғамдық өнімнің, материалдық емес игіліктердің, қызметтердің және құндылықтардың барлық толып жатқан элементтері құнының құрамына кіретін қаржылық ресурстардың ұдайы жаңғыртылуында іске асырады.

Қаржылық механизмнің экономика мен әлеуметтік сфераға іс-әрекеті былайша жүзеге асырылады:

  • қаржылық механизмнің құрылымы мен оның әртүрлі бөліктерінің нақтылы міндеттерді шешуге және нақты нәтижеге жетуге нысаналығы арқылы;
  • мемлекетте және шаруашылық жүргізуші субъектілерде қалыптасатын және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталатын қаржылық ресурстардың мөлшері арқылы.

Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржылық қатынастардың сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржылық механизм мемлекет қаржысының механизмі, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық механизмі, салық механизмі болып бөлінеді. Өз кезегінде, бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарын қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм, бюджеттен тыс қорлар механизмі, мемлекетттік кредит механизмі болып бөлінеді.

Қаржылық механизмнің құрылымында мынадай функциялық буындарды бөліп көрсетуге болады:

  • қаржылық ресурстарды жұмылдыру;
  • қаржыландыру;
  • реттеу;
  • ынталандыру;

Қаржылық механизмнің қосалқы жүйесі оның неғұрлым маңызды қозғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары мен ынталандырмалары, ұйымдық құрылым мен қаржы жүйесінің құқықтық режимі, қаржыны ұйымдастыру.

Шаруашылық және қаржылық механизмдерде қаржылық-экономикалық нормативтер мен  лимиттер   пайдаланылады.   Нормативтер    –    шығындардың    немесе ресурстарды бөлудің есептік түрде негізделген мөлшерлік түрлері қаржылық жоспарлауда пайдаланылады. Олардың көмегімен жалпы мемлекеттік, ұжымдық және жеке мүдделердің бөлгіштік қатынастарындағы оңтайлы үйлестіру, экономикалық және әлеуметтік дамудың перспективалық және ағымдағы жоспарларының тапсырмаларын іске асыру үшін мемлекеттің, өңірдің, басқарудың салалық және ведомствалық органдарының, шаруашылық құрылымдарының ресурстарға қажеттіліктерінің теңгерімділігі қамтамасыз етіледі.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Орысша-қазақша терминологиялық анықтамалық сөздік (қаржы саласы) /Русско-казахский терминологический словарь-спарвочник (финансы). 5-кітап /Құраст. С. Құлманов. – Алматы: «Мемлекеттік тілді дамыту орталығы» ЖШС,– 336 б.
  2. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Общая часть. – Алматы, 2001. – 272 с.
  3. «Қазақстан – 2050»: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы: ЮРИСТ, 2013. – 44 б.
  4. Финансовое право: учебное пособие для студентов, обучающихся по специальностям «Финансы и кредит», «Бухгалтергий учет, анализ и аудит», «Мировая экономика», «Налоги и налогообложение» // П.В. Павлов. – 7-е изд., стер. – М.: Издательство «Омега-Л», 2013. – 302 с.: ил., табл. – (Высшее финансовое образование).
  5. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті //www.esep.kz

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.