Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасында ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартын бұзғандығы үшін жауапкершіліктің туындау негіздері мен ерекшеліктері

Қазақстан Республикасында кең дамып келе жатқан шарттардың бірі ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) халықаралық тәжірибеде кең қолданылатын өзіндік табиғи сипатқа ие.

Ақшалай талапты беріп қаржыландыру – азаматтық-құқықтық міндеттеменің жаңа түрі, оның құқықтық реттелуі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне алғашқы рет енгізілген.   Ақшалай   талапты   беріп    қаржыландыру шарты (факторинг), жалпы ереже бойынша, ақылы және өзара шарт болып табылады, нақты шарттың талаптарына қарай ол нақты, келісімді шарт болуы мүмкін.

Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шарты төмендегі қызмет түрлерін жүзеге асыра алады, олар өнім, жұмыс, қызмет көрсету үшін есептерді жеделдетуді және тәртіпке келтіруді қамтамасыз етеді, себебі сатушы немесе басқа орындаушы алдындағы олардың төлем міндеттерін, тікелей борышқордың өзінен сатушы, басқа төлемші тиісті қарыздарын өтеуді талап ету құқығын алып, кәсіби қаржы агенті банк, басқа қаржы ұйымы  өз  мойнына  алады. Факторинг шартының жарамдылығы үшін қажетті жағдай болып, шарт жасасу кезінде оны сөзсіз анықтауға мүмкіндік беретін қазіргі және болашақта берілетін талаптарды дұрыс идентификациялау табылады. (ҚР АК 731-бабының 1-тармағы). Клиент қаржы агентіне төлем мерзімі келген ақшалай талапты беруге құқылы, ол сөзсіз нақты анықталған жағдайларда орын алады, ақшаны алуға құқықты куәландыратын құжаттар (талап-тапсырма, вексель есептері, есептердің аккредетивті нысаны) бойынша ақшаны инкассалаудың анықталған мерзімнің қажеттілігі, чек арқылы шартты төлем  және оны инкассалау үшін анықталған мерзім, нақты өндірістік себептермен байланысты борышқордың объективті жағдайлар бойынша төлем мерзімін өткізіп алу және т.б.

Егер талапты берген, несие берушінің жауапкершілігі жөніндегі жалпы ережелер бойынша соңғысы ерекше мүмкіндік ретінде жаңа несие беруші алдында борышқор үшін кепілдікті өзіне алуға құқылы болса, ақшалай талапты беріп қаржыландыру бойынша тараптардың келісімі негізінде берілген ақшалай талап бойынша борышқордың өз міндеттемесін орындамағаны үшін клиенттің қаржы агенті алдындағы қосымша жауапкершіліктің кез келген формалары (келісімді, субсидиярлы, үлесті, тұрақсыздық айыбы және т.б.) бекітілуі мүмкін (ҚР АК 732-бабының 3-тармағы).

Егер факторинг шартында құрылыс фирмасының құрылысшылардың тұрғын үйге төлем төлеуді жүзеге асырмауына байланысты жауаптылық көзделмесе, онда АК ережелеріне сәйкес,олешқандайжауапкершіліккетартылмайды. Мұндай шарт тәжірибеде «айналымсыз» деп аталады. Сондай-ақ, егер факторинг  шартымен фирманың банкі алдында құрылысшылардың төлем төлеуден жалтарғаны үшін жауаптылығы бар жағдайлар көзделсе, онда фирмамен берілген талаптардың орындалмағаны үшін жауаптылық туындайды («айналымды» факторинг).

Факторинг шарты бойынша қаржы агентінің жауапкершілігі болашақта қаржыландыруды жүзеге асыру міндеттемесін алған, тек консенсуалды шарт бойынша болуы мүмкін. Клиент пен қаржы агентінің өзіне алған міндеттемесін бұзғаны  үшін,   сондай-ақ   жарамсыз  талапты берген кезде және тараптардың келісімі бойынша борышқордың берілген құқық бойынша міндетін орындау жөніндегі клиенттің жауапкершілігі көзделген жауапкершілік, оның мөлшері азаматтық-құқықтық міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылық жөніндегі жалпы ережелермен анықталады және егер тараптардың келісімімен жауапкершіліктің өзге тәртібі мен мөлшері анықталмаса, шығындарды өтеу, тұрақсыздық айыбы түрінде көрініс табуы мүмкін. Ешқандай шектеулер көзделмеген болашақтағы талапты беру мүмкіндігі мәселесі бойынша Азаматтық кодексте цессия жөніндегі жалпы нормаларға қарағанда, ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартының құқықтық реттелуі диспозитивтік норманы көздейді, оған сәйкес қаржы агентіне берілген талаптардың келесі берілуі тыйым салынады. Сондай-ақ аталған норманың диспозитивтілігіне сәйкес ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартымен қаржы агентінің оған берілген талаптарын келесідей беру көзделсе, ол жүзеге асуға мүмкіндік алады, сондай-ақ бұл қатынастарға АК-тің сәйкес тарауы қолданылады (ҚР АК 734бабы).

Шарт бойынша тараптардың  құқықтары мен міндеттерінің тәуелділігі орындалмау тәуекелдері, үшінші тұлғалардың әрекетінен шығындар мен тараптардың жауапкершілігінің туындауы шарт бойынша екі тараптың арасындағы қатынастармен қатар, олардың және берілетін ақшалай талап бойынша үшінші тұлға-борышқор арасында да қатынастардың талқылауы мен заңнамалық реттеу қажеттілігін көздейді. Сондай-ақ ақшалай талапты беріп қаржыландыру  шартын  құқықтық   реттеу шарт бойынша тараптардың арасындағы ішкі қатынастармен қатар берілетін ақшалай талап бойынша олардың және борышқордың арасындағы қатынастарды  да реттеуді көздейді.

Борышқор қаржы агентiне ол клиенттен немесе қаржы агентiнен ақшалай талаптың аталған қаржы агентiне берiлгендiгi туралы жазбаша хабарлама жіберілуі тиіс және қаржы агенті – жаңа несие беруші бұл жөніндегі борышқордың жазбаша хабарламасының болмағаны үшін барлық жағымсыз жағдайлардың барлық тәуекелдерін өзіне алады (ҚР АК 735-бабының 1-тармағы).

Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартының тараптары мен берілген талап бойынша борышқордың арасындағы қатынастардың құқықтық реттелу ерекшеліктерінің бірі болып берілетін талап бойынша клиент пен борышқор арасындағы келісіміндегі талапты беруге тыйым салудың жарамсыздығы туралы АК-ның арнайы нормасы болып табылады. Бұл ереже шарт еркіндігі мен шарт жағдайларын анықтау еркіндігі қағидасын ескермеу болып табылады.

Бұл ереже тек ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартымен көзделген жағдайда, тараптардың келісімі  бойынша  бұндай талапты беруге тыйым салынған ақшалай талапты беру мүмкіндігіне қатысты болады және қандай да бір кең талқылауды қажет етпейді. Шарттың жағдайларын анықтау бостандығы (еркіндік) қағидасының бұндай ескерілмеуі кәсіпкерлердің үшінші тұлғалармен жасасқан шарттар негізіндегі ақшалай талапты беріп қаржыландыруды тарту мүмкіндігін ұлғайту қажеттілігімен анықталады (ҚР АК-ның 733бабы).

Сондай-ақ АК-мен бекітілген, шарттың жағдайларын анықтау бостандығы (еркіндік) қағидасынан мұндай ауытқу тараптардың берілген ақшалай талап бойынша борышқордың мүдделерін бұзбау қажет және берілген талап бойынша клиент – алғашқы несие беруші – жалпы ережелер бойынша берілген ақшалай талап негізінде өз міндеттемесін қаржы агентіне орындау болып табылатын, егер клиент пен борышқор арасында бұл талапты беруге  шектеулер  немесе тыйымдар салу жөнінде келісім болғанда, берілген талапқа байланысты клиент борышқор алдында қандай да бір жауапкершіліктен және міндеттемелерден  босатылмайды. Клиент, сондай-ақ борышқорға отырған шарт бойынша талапты беруге тыйым салу жөніндегі шартты бұзылу негізінде тартқан барлық шығындарын өтеп, егер бұл жағдайда тұрақсыздық айыбы көзделсе, оны төлеуге де міндетті.

Сонымен, факторинг пен ақшалай  талапты беріп қаржыландыру шарттарының  біріңғай ортақ жағдайлары бар, ол олардың экономикалық бағыттылығы мен несиелендірудің бір түрі болып табылатындығында. Факторингтің де, ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартының астарында міндеттемедегі құқықтың айналым қабілеттілігі (талапты беру құқығының азаматтық айналымда қатысу) мен бағалануы қағидасы жатыр. Ортақ несиелендіруге бағыттылығы, сондай-ақ талап ету құқығының пән негізінде қолдану, факторинг пен ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарттарының кәсіпкерлік сипатқа ие деген тұжырымға әкеледі. Бұндай қызметтің кәсіпкерлік сипаты осы қызметті жүзеге асырумен байланысты туатын тәуекелмен байланысты.

«Факторинг» термині жалпы экономикалық бағыттылығы бар бүкіл қатынастар тобына қарай қолданылады. Кең экономикалық мағынада, факторингтік қызметі аясында туындайтын қатынастар өмірде түрлі азаматтыққұқықтық құрылғылар түрінде  көрініс  табады, оларға: факторинг шарты, ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты, сондай-ақ шарттардың өзге де түрлері жатады. Нақтырақ кең экономикалық мағынадағы «факторинг» пен «факторинг» шарты мағынасындағы түсініктерді айыру керек. Себебі факторингтің шарт ретіндегі мағынасы жалпы экономикалық  факторингтен тар болып келеді.  Жалпы,  қазақстандық заң шығарушымен ұсынылған ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартының құрылымы негізінде халықаралық тәжірибеде белгілі барлық дерлік факторингтік контрактілерді (кең экономикалық мағынадағы факторинг) жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 723-бабы 1-бөлімінің, 1-тармақшасында белгіленген факторинг шартының анықтамасына сәйкес, бұл шарттың пәні болып клиент қаржы агентіне беретін ақшалай талап болатындығы көрсетілген. Клиентте мұндай ақшалай талаптың пайда болу негізі міндеттеме болып табылады, ал осы міндеттемеге сәйкес клиентте несие беруші ретінде, борышқордан талап ету құқығы пайда болады, ал сәйкесінше борышқор бұл талапты қанағаттандыру міндетіне ие. Сөйте келе, клиент өзіндегі ақшалай талап ету құқығын қаржы агентіне берген кезде, міндеттемедегі тараптар ауысуы немесе заң шығарушымен айқындалған өзіндік сипатқа ие цессия пайда болады. ҚР АК-ның 339-бабының 4-тармағында, міндеттеменің жекеленген түрлері бойынша талапты беру ерекшеліктері заңнамалық актілермен бекітілуі мүмкін делінген. Осыған сәйкес ҚР АК-ның 729-бабының 3-бөлімінде, Азаматтық кодекспен бекітілген талапты беру жөніндегі жалпы ережелер, белгіленген тараумен өзгеше көзделмесе (факторингке арналған ҚР АК-ның 37-тарауы) ақшалай талапты беріп қаржыландыруға да қолдануға жатады.

Қорыта келе, ақшалай талап беріп қаржыландыру шартының өзіндік табиғи болмысын цессиямен қатар жүргізілетін негізігі шарттар екендігін нақтылап айтуға болады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы (14.12.2012 ж.)
  2. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы ерекше бөлім І-ІІ том/ Ғабиден Айнашұлы Жайлин, – Алматы: Заң әдебиеті,
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. – Алматы: ЖШС «Норма К»,
  4. Басин Ю.Г. Сделки: учеб. пособие для вузов / Ю.Г. Басин. – Алматы: «Әдiлет–Пресс»,1996.
  5. Мауленов К.С. Фьючерстные контракты/ «Предприниматель и право»: К.С.Мауленов. – Алматы: Баспа, – №42 (118).
  6. Орехов С., Афонин В. Факторинг: учеб. пособие для вузов. – М.: Изд-во, Юристь,
  7. Сулейменов М.К. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. – Алматы: Жеті Жарғы.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.