Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жеке тұлғаға қол сұқпаушылықтың өнегелілік мазмұны

Адамның жеке басына тиіспеушілікті мемлекеттік бағдарламамен қамтамасыз ету масштабында қарауға келсек, Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында: «Ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртудың кезекті кезеңінің шеңберінде азаматтардың  конституциялық   құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүддесі үшін қолданылатын және біздің құқық қорғау жүйемізді қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне барабар   ден   қоюға   мүмкіндік   беретін  жаңа деңгейге шығаратын жаңа редакциядағы тиісті кодекстерді әзірлеу және қабылдау арқылы қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару және әкімшілік-деликтік заңнаманы реформалауға қажеттілік бар» деп көрсетілген [1].

Жеке  тұлғаның  мәртебесі  мемлекетте оның мүдделеріне қауіпсіздікте, әлеуметтік қамтамасыз етуде, мәдени, саяси, экономикалық өзін көрсетуде және т.б. қатысты заңды құқықтарының, бостандықтары мен міндеттерінің  жиынтығы  арқылы анықталады.

Жеке тұлғаның құқықтарының жартысы туылғанынан  беріледі,  олар  ажыратылмайды, абсолютті және мемлекет, оның органдары жағынан да, басқа да жеке адамдар жағынан да оларға қол сұғылмайды.

Осындай құқықтардың бірі – адамның жеке басына тиіспеушілік туралы мәселеге көптеген ғалымдар тоқталып кеткен. Бұл принципті құқықтық институт ретінде зерттеуші В.А. Патюлин оны жеке (дене және рухани) тиіспеушілік социалистік қоғамдық қарым-қатынастардың барлық құрылымымен қамтамасыз етілетін және фактілі түрде қалыптасушы тұлғаның өзінөзі еркін билеу  мүмкіндігі  деп  қарастырған. Ол жеке басына тиіспеушілік лауазымды адамдар мен азаматтардың қарым-қатынастарында, сонымен  қатар  азаматтар  өздерінің  арасында  тұлғаның  өмірін,  денсаулығын,   жеке-дара бостандығын және қауіпсіздігін, беделін, ар-намысын сақтау және қорғауды білдіреді деген [2,  13  б.].  Жеке  басына тиіспеушілік пен жеке басына тиіспеушілікке құқықтың мағынасы бірдей емес, әртүрлі. В.А.   Патюлин: «біріншісі – фактілік жағдай, екіншісі азаматтың өзінің тұлғасын кімнің болмасын заңсыз қол сұғушылығынан мемлекеттік қорғау құқығы», – дейді [2, 19 б.].

О.Е. Кутафиннің пікірінше,  фактілік жағдай ретінде қарастырылушы жеке басына тиіспеушілік құқыққа сай тәсілдермен қатар құқықсыз тәсілдермен де шектелуі мүмкін, ал әдеттегі  жағдайлардағы  адамның  жеке басына тиіспеушілікке құқықтың шектелуі әрқашан заңсыз әрекет болып саналады [3, 121 б.].

И.А. Петрухин адамның жеке басына тиіспеушілікке құқық деп адамның мемлекетпен кепілденген төмендегі көрсетілгендерге қол сұғушылықтыболдырмаушы, жоюшыжәнежазалаушыдан тұратын қауіпсіздігі мен бостандығы. Олар: 1) өмір сүру, денсаулық, дене және жыныс бостандығы (физикалық қол сұқпаушылық); 2) ар-намыс, қадір-қасиет, өнегелілік бостандық (өнегелілік қол сұқпаушылық); 3) психикалық процестердің ойдағыдай ағымы (психикалық қол сұқпаушылық); 4) өзін-өзі басқару, өзінің бос уақытын өз қалауынша өткізу, бақылауда және қарауда болмау, баратын жерін өзі белгілеу мүмкіндігінен көрінетін адамның жеке-дара бостандығы (жеке қауіпсіздік) [4, 195 б.].

Е.Г. Васильева адамның жеке басының ұғымына  тоқталмас  бұрын  «жеке бостандық»,«тұлғаның бостандығы», осылармен қоса «индивидуалды бостандық» түсініктерін ашып алу керек дейді. Біріншісі, оның тұжырымы бойынша, моральдық, өнегелілік және физикалық бостандықты  білдірсе,  екіншісі  –  аса  кеңірек – жалпы бостандықты, субъектінің қоғамның заңдарын сезіну негізінде өзінің ерігін білдіру мүмкіндігін қоса. «Индивидуалды бостандық» деп адамның өз қалауынша баратын орнын, қозғалубостандығын, бақылауменкүзетудіңболмауына құқығын анықтауы. Осылайша, адамның жеке басына тиіспеушілікке құқығы – мемлекетпен кепілденген оның психофизикалық бүтіндігі мен тұлғаның автономиясы мәжбүрлеуден еркін болып келетін адамның жағдайы [5, 24 б.].

Адамның жеке басына тиіспеушіліктің анықтамасын беру, қандай тұрғыдан (теоретикалық-құқықтық; салалық; мемлекетпен мүдделердің сақталу және қорғалу көзқарасы жағынан және т.б.) тұлғаның құқықтары мен мүдделерін қарастырамыз.

Біз қарастырып отырған категорияның принципке қойылуы, адамның жеке басына тиіспеушілік:

  • қылмыстық іс жүргізудің сипатты белгілерінің біреуін құрайды;
  • қылмыстық-процессуалдық заң шығарушының негізі болып қызмет етуші, жалпы сипаттағы заңи нормаларының жүйесін білдіреді;
  • адамның жеке басына тиіспеушіліктің бұзылуы қабылданған шешімдердің жойылуына негіз болып табылатынын білдіреді [6, 49 б.].

Осыданадамныңжекебасынатиіспеушілікті, біріншіден, өзіне жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының тұтас кешенін қамтушы, тұлғаның мәртебесінің құрамдасы, екіншіден, адамның жеке басына тиіспеушілік басқарушы, негізін қалаушы идея немесе басқаша  айтқанда– қылмыстық процестің принципі ретінде көре аламыз.

Адамныңжеке басынатиіспеушілікпринципі ҚР-ның Конституциясының 16-бабында, ҚР-ның қылмыстық істер жүргізу кодексінің 14-бабында бекітілген және қылмыстық-процессуалдық ғылым үшін негізгі, өзіндік маңызға ие.

Жеке тұлғаға қол сұқпаушылықтың өнегелілік сипаттамасына келетін болсақ, өнегелілік мазмұнын осы қағида бекітілген норманы талдау және осы қағиданың жүзеге асырылуының кепілдіктерінің нақтылығы қалыптастырады.

Біріншіден, бұл принцип қылмыстықпроцессуалдық мәжбүрлеу (ұстау) және бұлтартпау шарасы ретінде қамауды қолдану арқылы қылмыстық іс жүргізуде бостандықты шектеудің заңдылығын негіздейді. Екіншіден, ол 72 сағат ұстаудың мерзімін бекітеді. Үшіншіден, өндірістің арнайы санкцияланатын (сотпен) тәртібі:

а) қамауға алу немесе қамауда ұстау;

ә) қамауға алынбаған адамды сотпсихиатриялық және сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыру.

Төртіншіден, адамның жеке басына тиіспеушілік принципі қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асырушы органдардың міндеттерін бекітеді:

а) заңсыз ұсталған немесе қамауға алынған немесе медициналық мекемеге заңсыз орналастырылған не заңда немесе үкімде көзделгендегіден артық мерзімге күзетпен ұсталған адамды дереу босату;

ә) қылмыстық процеске қатысушы адамдардың ешқайсысына күш қолдануға, қатал немесе адамның қадір-қасиетін түсіретін әрекет жасауға жол бермеу;

б)   ешкімді   де   адамның    өміріне  немесе денсаулығына қауіп туғызатын іс жүргізу әрекеттеріне қатысуға тартуға жол бермеу;

в) заңсыз бас бостандығынан айыру, өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайда ұстау, оған қатал қарау салдарынан азаматқа келтірілген зиянның өтелуі [7].

Қазіргі тарихи дамудың ерекшелігі қоғамның өнегелілік өркендеу мәселесі, адамзат факторының белсенділік мәселесі, азаматтық жауапкершіліктің жоғарылауы тығыз түрде заңдылық пен құқықтық тәртіп жағдайына, қоғам өмірінің барлық саласында болып жатқан демократизация процесіне, ең соңында мемлекетті тек құқықтық болатын әділетті, гумандық қоғам құру мақсатына жетуге әсер етеді.

Өнегелілік ұзақ уақыт аралығында қалыптасқанжалпыадамиөзеркіменқабылдаған және іске асырған құндылықтарды, талаптарды, нормаларды, міндеттерді қалыптастырады. Өнегеліліктің негізгі категориясына моральдың, сүйіспеншіліктің, сыйласудың, борыш, еріктің түсініктері кіреді. Сонымен қатар өнегелілікке адамның ар-намысына қол сұқпайтын діни идеалдар  мен  салт-дәстүрлерді  де  кіргізуге болады. К. Маркс өнегелілік қатынастардың өмірін сақтау заң шығарушының құқығы ғана емес, оның міндеті де деп айтқан болатын [8, 163 б.]. Мемлекеттік қамтамасыз етуді талап етуші жеке нормалар мемлекеттің санкциясына ие. Мысалы, Конституцияда адамның құқықтары мен бостандықтарын, жеке меншігін, табиғатын, құқық бұзушыларға шыдамсыздығын, адамдық қадір-қасиетті қорғау т.с. сияқты қажетті өнегелілік принциптер бекітілуі тиіс. Өнегелілік нормалары мен принциптері ереже бойынша, құқыққа жағымды әсер етеді, оны нығайтып және әрдайым өңдеп отырады, сондай-ақ жаңа заңдардың қалыптасуына үлкен ықпалын тигізеді, олардың негізінде кодекстер, әртүрлі заңға сәйкес актілер, т.б. қалыптасады.

Осылайша, С.С. Алексеевтің пікірінше: тұлғаның демократиялық мәртебесінің қалыптасуына мәдениет, соның ішінде құқықтық мәдениет әсерін тигізді. Тұлғаның құқықтық сана-сезімі құқықтық білімнің жиынтығымен құқыққа оның қажеттілік, әділеттілік, тұлға үшін қолайлы тұрғысынан қарау емес, сонымен қатар құқықтық сапасымен, оның мәдениетімен негзделген [9, 63 б.].

Бүгінде Қазақстан үшін құқықтың мәдениетін көтеру, дамыту көңіл аударатын мәселе. Шынайы құқықтық мемлекеттің бекітілуі – өте күрделі және ұзаққа созылмалы процесс.

Қазіргі заң тұлғаның моралдық-өнегелілік (психофизикалық) қасиеттерін (функцияларын) қорғайды, оларға қысым жасалғанда (моральдық залал келтіруі) заңи жауапкершілік шараларын бекітеді (ҚР АК 951-б.). Бұлар: жәбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал  шегу,  қолайсыз  жағдайда  қалу   және т.б. Өнегелілік пен тән азабын шегу қосылып басқа да қажетті жағдайларда ақшалай нысанда төленетін моральдық залалды қалыптастырады. Өзінің тіршілік әрекетін үзбеу және лайықты өмір сүру үшін жәбірленуші жарымжан жағдайы мәжбүр ететін ақылы көмекке жүгінеді, осы жағдайға байланысты басқа да шығындарды төлейді. Азаматтық-құқықтың заңының терминологиясын басшылыққа алып, толық және беделді өмір сүруге құқығын қалпына келтіру үшін шығындарды төлейді. Мұндай шығындар нақты зиян келтіруі мүмкін.

Моральдық залалдың өтелуі материалдық емес игіліктердің және жеке мүліксіз құқықтарының қорғалуының құралы болып келеді. 2001 жылғы 21-шілдеде ҚР-ның Жоғарғы Сотының «Моральдық залалдың орнын толтыру жөніндегі заңдарды соттардың қолдануы туралы» №3 Нормативтік қаулысында «Бұзылуы, айырылуы немесе кемітілуі азаматқа моральдық зиян келтіруге әкеп соғатын мүліктік емес өзіндік құқықтар деп азаматқа тумысынан немесе заңға сәйкес тиесілі және оның жеке басымен тікелей байланысты құқықтар мен игліктерді түсіну қажет» деп түсіндіріледі [10, 7 б.].

ҚР-ның Жоғарғы Сотының №3 Нормативтік қаулысына  және Азаматтық кодекстің 922-бабының 1-бөлігіне, 923-бабының 1-2-бөліктеріне,  951-бабының  3-бөлігіне сәйкес зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан, мемлекеттік қазына (республикалық немесе жергілікті бюджет қорынан) есебінен ақшалай түрде азаматқа төмендегі көрсетілгендердің салдарынан келтірілген моральдық зиянның орны толтырылады. Олар:

  • заңсыз қылмыстық жауаптылыққа тарту;
  • заң актілеріне сәйкес келмейтін актілерді мемлекеттік органдардың шығаруы;
  • бұлтартпау   шарасы   ретінде   қамауды, үйде қамап ұстауды, ешқайда кетпеу туралы қолхатты заңсыз қолдану;
  • қамау ретінде әкімшілік жаза қолдану; психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемелеріне заңсыз орналастыру [10; 39].

ҚР-ның ҚІЖК-нің 14, 15-баптарында азаматқа қылмыстық қудалауды жүргізуші органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянныңорнынтолтырутуралынормабекітілген. Осы кодекстің 44-бабының 2-бөлігінде, 47-бабында моральдық зиянның орнын толтыру туралы талап арыздар азаматтық сот өндірісі тәртібімен беріледі. 1999 жылғы 9-шілдедегі ҚР-ның  Жоғарғы  Сотының  Пленумының  №7 «Қылмыстық істі жүргізуші органдардың заңсыз әрекеттеріне келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша заңдарды қолдану практикасы туралы» қаулысында моральдық зиянның орнын толтыру тәртібі бекітілген. Осыған сәйкес қаулыда  моральдық  зиянның  салдарын жою бойынша талапты қанағаттандыруда қаулының резолютивтік бөлігінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 44-бабының 3-бөлігіне сәйкес қандай нақты әрекеттер және олар кіммен жасалуы қажет екені сол адам туралы заңсыз қылмыстық қудалауға байланысты таралған мәліметтерді жоққашығарумақсатындақандайәрекеттержәне олар кіммен жасалуы қажет екені көрсетілуі тиіс. Қажетті жағдайларда қаулыда радио, теледидар және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында таралуға немесе баспасөзде  басылуға  жататын тексті  көрсетіледі  [11].  ҚР-ның ҚІЖКнің (39-42-баптар) және ҚР-ның Азаматтық кодексінің (922, 923-б.) нормаларына сүйенсек, зиянақтаумүмкінболғанадамдарғақатыстығана өтеледі. Дегенмен, қылмыстық іс жүргізудегі адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің тұрғысынан қарағанда, біздің ойымызша, ақталуға жатпайтын адамдарға зиянды өтеу мәселесінің шешілуі де көңіл аударарлық болып табылады. Өйткені қылмысты жасауда заңсыз ұсталған сезіктілер де және заңды қамалғандар да адамның жеке басына тиіспеушілік құқығын иеленеді. Ал егер оларға ҚІЖК-нің нормаларын дұрыс қолданғанда өміріне және денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылық жіберілсе, арнамысына және беделіне кір келтірілсе,  жалпы айтқанда, өнегелілік нормаларының да бұзылуы орын алса, бұл жерде қылмыстық істер бойынша өндірісті жүргізуге өкілетті құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ҚР-ның Жоғарғы Сотының Пленумының жоғарыда аталған №7 қаулысының 5-бөлігіне және ҚІЖК-нің 13-бабының 2-бөлігіне және 14-бабының 8-бөлігіне сәйкес «ұсталғандар, сезіктілер, айыптаушылар, сотталушылар және сотталған адамдар да іс бойынша сот өндірісі барысында олар зорлық-зомбылық немесе басқа да қатыгездікке ұшыраса, қылмыстық іс жүргізуді жүргізуші органдардың әрекеттерімен немесе шешімдерімен олардың ар-намысына, беделіне кір келтірілсе, сонымен қатар іс бойынша қажетті емес, адам құпияда ұстау қажет деп тапқан жеке сипаттағы мәліметтер жиналса, жарияланса немесе таратылса, бостандығынан айырылған адам өміріне, денсаулығына қауіпті жағдайларда ұсталынса, бұл  жағдайларда оларға осыдан келтірілген зиянды өтеткізу құқықтары бар» екенін білулері қажет. Осыған орай, ҚІЖК-нің 42-бабының нормасы ҚР-ның Жоғарғы Сотының Пленумының қаулысымен сәйкес өзгертулер мен толықтыруларды қажет етеді. Осылайша, ҚІЖК-нің «Зиянды өтеттіру құқығын  тану»  деген  42-бабын   «Қылмыстық процесті жүргізуші орган адамды толық немесе ішінара ақтау туралы шешім қабылдай отырып немесе ақталмаған адамға қатысты да» деп толықтыруды жөн санаймыз.

Ақталған немесе ішінара ақталған адамдарға зиянды өтеу тәртібін түсіндіру туралы хабарлама ақтау үкімінің көшірмесімен берілсе, жоғарыда аталған адамдарға зиянды өтеу тәртібі туралы қаулыда да және ҚІЖК-де де айтылмаған.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде өнегелілік пен құқық нормалары өзара байланысты және бірігіп әрекет етеді деп қорытынды жасауға болады. Өнегелілік талаптары адамның жеке басына тиіспеушілік қағидасы бекітілген нормасының мазмұнын қалыптастырады. Өз кезегінде өнегелілік нормаларының қылмыстық іс жүргізудің қағидалары бекітілген нормаларынан көрінуі қылмыстық іс жүргізудің өнегелілік негіздерін күшейтеді.

Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдануда тұлғаның жеке басына тиіспеушілік туралы біз мемлекет және құқық қолданудың басқа да субъектілерімен шек қойылмайтын және бұзылмайтын жеке адамның белгілі бір құқықтары мен бостандықтарының сақталуына  көңіл  аударып  айта  аламыз.

Қазіргі таңда айыптауға және қамауға алғанға дейін ұстаудың шекті мерзімінің; ұсталған кезден бастап қорғаушының көмегін алуға; қамаудың санкциялануы; ар-намысына, қадірқасиетіне қол сұқпау және зорлық-зомбылық көрсетпеу; тергеу әрекеттерін жүргізу барысында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны үшін жауапкершіліктің күшеюі; қылмыстық істерді алдын ала тергеуде қадағалау мен бақылауды құқықтық қамтамасыз ету, қылмыстық іс жүргізуде адамның жеке басына тиіспеушіліктің басқа да кепілдіктері заң жүзінде регламентациялануы бұған айқын мысал болып табылады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығы //Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 35, 331 құжат.
  2. Патюлин В.А. Неприкосновенность личности как правовой институт // Советское государство и право. – 1973. – № 11. – С.12-20.
  3. Кутафин О.Е. Неприкосновенность в конституционном праве Российской Федерации. – М.: Юристъ, 2004. – 407 с. Конституция Российской Федерации. Научно-практический комментарий / под ред. акад. Б.Н. Топорнина. – М.: Юристъ,– 716 с.
  4. Васильева Е.Г. Принцип неприкосновенности личности в уголовном процессе // Актуальные вопросы уголовного процесса современной России: межвузовский сборник научных трудов / отв. редактор З.Д. Еникеев. – Уфа: РИО БашГУ, 2003. – С. 24-30.
  5. Уголовный процесс: учебник для студентов юр. вузов и факультетов / под ред. Гуценко К.Ф. 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Зерцало, 2005. — 736 с.
  6. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 206 Кодексi // Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат
  7. Маркс К. Проект закона о разводе / К. Маркс, Ф. Энгельс. Соч. – 2-ое изд. – М.: Полит. издат, 1974.Т.1. – 699 с. Алексеев С.С. Теория государства и права. – М.: Юрист, 1995. – 254 с.
  8. Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2001 жылғы 21 маусым N 3. (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Бюллетені 2001 ж., N 6) // ҚР Жоғарғы Сотының Бюллетені. – 2001. – №6. – 7-11 б.;
  9. Қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңды қолдану тәжірибесі туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының Қаулысы 1999 жылғы 9 шілде // ҚР Жоғарғы Сотының Бюллетені. – 1999. – №7. – 3-7 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.