Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жердi пайдалану үшiн ақы төлеудiң құқықтық негіздері

Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында бекітілген: «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» [1].

Қазақстан Республикасының жер заңдары жер туралы заңнаманың нормаларының талаптарын орындамаумен немесе бұзумен байланысты тәртіптік әрекеттердің тізімін қарастырмайды. Онда тек жер заңдарының бұзылуына кінәлі жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіпте жауапты болады деп атап өтілген.

Мұндай ереже Қазақстан  Республикасының жаңа Жер кодексінде де бар. «Жер заңдарының міндеттері» деп аталатын 5-бапқа сәйкес жер қатынастарын реттеу  жерді  ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсарту мақсатында жүзеге асырылады [2].

С.М. Найманбаев мынадай көзқарас білдіреді: «Заңи тұрғыдан алғанда  салық  саясаты заң жүзінде бекітілген салық режимін, яғни салық төлеушілерге ықпалын тигізетін режимді көрсетеді.

Салық режиміне салық саясатының міндеттері мен қағидаларын қоссақ, салық саясатына мынадай анықтама беруге болады: Салық саясаты – мемлекеттік бюджет кірісін және  өндірістердің,  салалардың, аумақтардың,шаруашылық қызметтің түрлерін, шаруашылық субъектілерінің экономикалық өсіп, дамуын қамтамасыз ететін мемлекет белгілеген салық режимі. Салық саясатының құрамдас элементтері салық жүйесінен және экономика, саяси және әлеуметтік аяларындағы салықтық реттеу механизмінен тұрады. Сонымен, салық саясаты – мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін және қоғам өмірінің маңызды аяларының экономикалық өсуін қамтамасыз ететін мемлекет белгілеген салық режимі» [3, 83 б.].

Ә. Ереновтің айтуы бойынша, жерді ұтымды пайдалану – ауылшаруашылық өндірісінің басты құралы болып табылатын жердің өндірістік күшін ұлғайтатын басты бағыт  және негізгі жол. Жерді ұтымды  пайдалану  жер пайдалану процесіне орынды бастамаларды енгізуді білдіреді және барлық жер ресурстарын толық және жоғарғы өндірістік пайдаланудың кепілі болып табылады. Мұның барлығы жерді ұтымды пайдалануды құқықтық жағынан және экономикалық жағынан қамтамасыз етудің негізінде жатыр [4].

Жер салығы дегеніміз – жеке меншік құқығындағы, тұрақты жер пайдалану құқығындағы, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар төлейтін заңды түрде мемлекетпен біржақты өктем бекітілген, белгіленген мөлшерде анықталатын, қайтарымсыз және ақысыз сипаттағы бюджетке төленетін міндетті төлем болып табылады.

Т.Ф. Юткина салық саясаты жөніндегі өз пікірін былай деп тұжырымдаған: «Мемлекеттің салық саясаты салықтық жоспарлау, реттеу және бақылау саласында елдің жоғары басшылығы қабылдайтын басқару шешімдерінің жиынтығы ретінде айқындалады. Мемлекеттің салық саясаты пәнін салық салу жүйесін ұйымдастырудың жоғары мақсат, мүдделері – нысаналары, мақсатты ұстанымдары және оны (жүйені) басқару қағидалары құрайды. Салықтық құқықтық қатынастарды тиімді ұйымдастыру салық жүйесінің іштей ұйымдастырылуына және салықтық құқығына тәуелді болады» [5, 210 б. ].

Жердің, жер қойнауы мен орманның, судың пайдалануға берілуі мен қайтып алынуының белгілі бір  тәртібін  ұсына  отырып,  оларға есеп жүргізу, кәсіпорындар мен ұйымдардың, азаматтардың іс-әрекетін бақылауға алып, мемлекеттік басқару институты негізінен  бүкіл табиғатты пайдалану саласының тиімділігін қамтиды. Жер қорын мемлекеттік басқару  – жер құқығы институттарының бірі. Жер құқық қатынастарының ішінде өзіндік ерекше сипаты бар. Оның негізгі бағыты жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыру, олардың әлеуметтік және экономикалық қасиеттерін жүзеге асыру шараларын, соның ішінде құқықтық шаралар, тәртіптер мен ережелерді белгілеу, олардың орындалуын жүзеге асырумен бірге бақылау жұмысын атқару болып табылады [6,35].

Д.Л.  Байдельдиновтың пікірі бойынша, табиғат пайдалану құқығын екі түрлі объективтік және субъективтік мағынада түсінуге болады. Объективтік мағынадағы  табиғат пайдалану құқығы дегеніміз – табиғат пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері мен табиғи ресурстарды беру және алып қою тәртібін реттейтін құқықтық нормалардың  жиынтығы. Ал субъективтік мағынадағы табиғат пайдалану құқығы дегеніміз – экологиялық заңдармен нақты белгіленген табиғат пайдаланушыларды белгілі бір табиғи объектілерді иелену мен пайдалануға байланысты құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Табиғат пайдалану құқығының табиғи ресурстарға меншік құқығынан басты айырмашылығы – табиғи ресурстарға билік ету құқығының болмауы [7, 9 б.].

Жер құқығы  нормаларын жүзеге  асыру механизміндегі басты мәселе – бұл жер құқығы қатынастарының мазмұны, жер құқығы қатынастары субъектілерінің өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруы. Осы мәселені шешкенде ғана құқық нормаларының тиімділігіне қол жеткізуге, жер туралы заңнаманың мақсаттары мен міндеттеріне жетуге болады.

Адамдардың арасындағы қатынастарда «ешқандай да әрекет саналы ойсыз, қалаулы мақсатсыз жасалмайды.Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу осындай реттеудің мақсаты мен міндеттері болмаған жағдайда  мүмкін емес, себебі құқықтық реттеуге қатысты белгілі бір мақсаттар міндеттерге жету заңшығарушы органдар мен халық үшін қалаулы нәтиже болып табылады. Мұндай нәтиже нормативтік құқықтық актілерді дайындау, қабылдау және орындау процесінде жүзеге асырылады.

Сондықтан да заңнаманың мақсаттары мен міндеттері кез келген заңнаманың негізгі институттары  болып табылады және олар заңнаманың негізгі нормалары болып, жекелеген институтты құрайтын заңнама қағидаларымен де тығыз байланыстылықта болады. Кейбір заңдар мен заң актілерінде мақсаттар, міндеттер және қағидалар әрқашан да көрсетіле бермейді [8,39 б.].

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 96-бабы «Меншік немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер учаскесін бағалау» деп аталады, ал бұл баптың мәтінінде былай делінген: «Меншік немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер учаскесі немесе жер пайдалану құқығы нарықтық құны бойынша бағаланады». Ал құқықтың объектісі болып нақты жер учаскесі табылатындықтан, бұл баптың редакциясын келесі мазмұнда берген жөн болар еді: «Меншік немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер учаскесінің құнын бағалау оның нарықтық құны бойынша жүргізіледі» [2].

Елімізде жер қатынастарының құқықтық реттелуін жетілдіру мақсатында бірқатар жер заңдарықабылданып, өзгертіліптолықтырылуда. Қазіргі   қолданыстағы   Жер кодексінің негізгі міндеттері тиімді пайдалану мен қорғау, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру, табиғи ортаны сақтау мен жақсарту, шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең дамыту үшін жағдай туғызу, азаматтар мен заңды тұлғалардың жерге құқығын қорғау, жылжымайтын мүлік нарығын жасау мен дамыту, жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.

Қазақстанда да басқа елдер сияқты, жер қатынастары қоғамдық және экономикалық қатынастардың негізі болып табылады, өйткені жер қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Жер, барлық қоршаған ортаның басты құрам бөлігі, барлық өндіріс түрлерін, байланыс құралдарын, тұрғын жай орнын орналастыру үшін жалпыға бірдей базис болып табылады.

Жер құқық қатынастары дегеніміз – Қазақстан Республикасының табиғи байлығы – жерге мемлекеттік меншік құқығының негізінде жер заңдарының нормаларымен реттелген және пайда болатын қатынастар немесе жер құқықтық нормалардың іс жүзіндегі көрінісі. Олар өздерінің мазмұнымен ерекшеленеді.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Юрист, 2013-56 б. 30.08.1995.
  2. Қазақстан Республикасының 20 маусым 2003 жылғы Жер кодексі. – Алматы: Юрист, – 204 б.
  3. Мухитдинов Н.Б., Найманбаев С.М., Дулатов Ы.Д. Мемлекеттің салықтық қызметінің құқықтық негіздері. – Алматы, 1998. – 245 б.
  4. Еренов А.Е. Материалы Всесоюзной научно-теоретической конференции //Правовое обеспечение рационального использования земель В Казахстане. – Алма-Ата: Наука, – C. 22-30.
  5. Юткина Т.Ф. Налоги и налогообложение. – М.: ИНФРА-М, – 576 с.
  6. Бектұрғанов Ә.Е. Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынастары. – Алматы: Жеті Жарғы, 1997. – 264 б.
  7. Байдельдинов Д.Л., Бекишева С.Д. Экологическое право РК: учебное пособие. – Алматы: Издательский центр ОФППИ «Интерлигал», 2004. – 312 с.
  8. Стамқұлов Ә.С., Стамқұлова Г.Ә. Жер құқығы: оқу құралы. – Алматы, 2004. – 360 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.