Жәбірленуші туралы криминологиялық және психологиялық білімді дамыту ХХ ғасырдың 40 жылдары виктимологияның пайда болуына алып келді.
Виктимологиялық зерттеудің шетелде даму кезеңдерін талдай отырып, негізгі екі бағытты анықтауға болады: теориялық – қылмыстың ықтимал жәбірленушісінің жағдайы мен себептерін, оның криминогендік ортаны құру кезіндегі рөлінің қалыптасуы және тәжірибелік – қылмыс жәбірленушілеріне іс жүзінде құқықтық, материалдық және әлеуметтік сипаттағы көмек көрсету бағдарламасын құру.
«Виктимология» термині этимологиялық көзқарас бойынша «жәбірленуші туралы ілім» дегенді білдіреді, яғни виктимологияның зерттеу пәніне тек қана қылмыс жәбірленушілерін зерттеу ғана емес, сонымен қатар басқа құқық бұзушылықтардың және өзге әлеуметтік құбылыстардың және табиғи апаттардың жәбірленушілерін зерттеу кіреді (кең мағынадағы виктимология). Осылайша, виктимология мағынасына қарай ғылымның пәнаралық саласына айнала бастады.
Виктимология ХХ ғасырдың ортасында криминологиялық теорияның аясы шеңберінде қарастырылған. ХХ ғасырдың 40 жылдарының соңы және 70 жылдарының басына дейінгі кезеңде виктимологияның алдыңғы бағытының бірі болып, жәбірленушінің өзінің әрекеттері немесе сөздері арқылы оған қатысты қылмыс әрекеттерінің болу мүмкіндігін және жәбірленушінің«кінәлілігін» орнатумүмкіндігін зерттеу табылады.
Осы кезеңде, өзінің әрекеттерімен қылмыстың болуын арандататын «кінәлі» деп аталатын жәбірленуші басты назарда болады. Кісі өлтіруді зерттей отырып, Ф.Джасс мынаны ескереді: «... кейбір адамдар өлімге бейім болады, яғни өздерінің жүріс-тұрыстары арқылы өздеріне қарсы қылмыскермен агрессияны туғызады – «muderee»» [1, б. 19-20]. «Кінәлі жәбірленуші» мәселесіне Г. фон Гентигтің (1948), Г. Эленбергердің (1955), М. Вольфангтің (1958), М. Амирдың (1967), С. Шейфердің (1968) және т.б. жұмыстары арналған [2, б. 349].
Қылмыс жәбірленушісінің мінез-құлқы және оның нақты криминологиялық жағдайдағы рөлі (адам өлтіру кезінде), поляк виктимологы Бруно Холыстаның еңбектерінің зерттеу пәні болып табылды (1964, 1990).
Ғылымда ойлар шешім алгоритмінің пайда болуына ынталандырады (ойды тәжірибе жүзінде қолданудың нәтижесі), бұл, өз кезегінде ары қарата зерттеудің алғышартын құрып, жаңа ойлардың туындауына септігін тигізеді. Осының негізінде, виктимологияның жетілдірілуінің екі негізгі бағытының маңызы, олардың тәжірибелік мәні келтірілген зардаптың орнын толтырумен байланысты материалдық, экономикалық және жәбірленушіге медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетумен байланысты әлеуметтікпсихологиялық шараларды жүзеге асырудан көрінеді.
Шетел мемлекеттерінде қылмыс жәбірленушілеріне көмек көрсету бағдарламасын құрушылар,еңалдыменжәбірленушілергекелтірілген материалдық зардаптың орнын толтыруға тырысқан. Қылмыс жәбірленушілеріне әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бағдарламасы кейінірек құрылған. Осылайша, жәбірленушілерге келтірілген зардаптың орнын толтыруға байланысты ұйымдар Жаңа Зеландияда және Ұлыбританияда 1963-1964 жылдары құрылған болатын. АҚШ-та қылмыс жәбірленушілеріне зардап ақысын қоғамдық, одан кейін мемлекеттік қорлардан өтеудің алғашқы ұйымдары 1968-1969 жылдары бірнеше штаттарда пайда болған. 1977 жылы Германияда «Ақ сақина» қоғамдық ұйымы құрылып, жоғарыда аталған қызметтер жүзеге асырылған. Алғашқы қылмыс жәбірленушілеріне көмек көрсету және оңалту бойынша арнайы мамандандырылған бағдарламалар 1972-1973 жылдары, Ұлыбританияда, АҚШ және Австралияда құрылған. 1972 жылы Калифорнияда (АҚШ) зорлаудан зардап шеккен қылмыстың жәбірленушісі болған әйелдерге арналған психологиялық көмек көрсету орталығы құрылып, ары қарай мұндай кризистік орталықтар бүкіл әлемде ашылған. 1976 жылы АҚШ Қылмыс жәбірленушілеріне көмек көрсетудің ұлттық ұйымы (NOVA) құрылады, соңында ол аса беделді және заңнамалық бастама құқығына ие ұйым болды. Халық арасындағы виктимділіктің алдын алу ісіндегі маңызды рөлі, сонымен қатар азаматтарды құқықтық тәрбиелеу мақсатында, барлық (АҚШ) аясында Қылмыс жәбірленушілерінің құқықтары апталығы өткізіледі.
Ғаламтор желісінде көрсетілген қылмыс жәбірленушілеріне көмек көрсету бойынша ұлттық ұйым сайты, бүгінгі таңда шұғыл жаңалықтардың, зерттеулердің және қылмыс жәбірленушілерімен жұмыс жасау әдістерінің жиынтығын көрсетеді, ол барлық мамандарға және жәбірленушілерге көмек көрсетуші барлық тұлғаларға қолжетімді болып табылады.
Қазіргі кезде АҚШ-та Қылмыс жәбірленушілеріне ғаламторлық көмек жүйесі федералды деңгейде, сонымен қатар штаттық және жеке қалалық деңгейде ауқымды түрде жетілдірілген. Мысалы, Қылмыс жәбірленушілерінің ұлттық адвокаттар алқасы мамандандырылған, қылмыс жәбірленушілеріне азаматтық сот өндірісінде көмек көрсетуге арналған ұйым болып табылады. Кез-келген қылмыс жәбірленушісі қылмыскерге немесе өзге кінәлі тарапқа қатысты азаматтық арыз бере алады. Сайттың мәлімет банкі жәбірленушімен өткізілген 1 1000 астам азаматтық арыздарды қамтиды және адвокаттар үшін, сонымен қатар қылмыс жәбірленушілерінің клиенттері үшін де қажетті ақпараттық қор болып табылады [3].
АҚШ және Канадада нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық жасалған балаларға және тұрмыстық жағдайында зорлыққа ұшыраған жәбірленушілерге көмек көрсететін қызмет жүйесі бар, онда нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлыққа ұшыраған балалармен сұхбат жүргізетін арнайы оқытылған мамандар жұмыс жасайды.
Еуропада мемлекеттік және жергілікті басқару органдарымен қаржыландырылатын қылмыс жәбірленушілеріне, олардың психологиялық тұрғыда оңалуы және екінші құрбандық жағдайдың қайталанбауы жағынан әлеуметтік көмек көрсету мәселесімен айналысатын бірнеше ұйымдарды, қайырымдылық қорларды айта кетуге болады, олар: Германияда «Ақ сақина» ұйымы; Ұлыбританияда 1974 жылы құрылған Жәбірленушілерге көмек көрсетудің ұлттық ұйымы; Нидерландыда 1984 жылдан бастап жұмыс жасайтын Қылмыс жәбірленушілеріне көмек көрсетудің ұлттық ұйымы, және т.б. бұл ұйымдардың барлығы жоғары билік органдарының қолдауына ие және олардың қызметі қажетті толық көлемде қаржыландырылады. Атй кететін бір жай, қаржы тек бюджеттік қордан ғана бөлінбейді, үлкен қаржылық көмекті қайырымдылық қорлар көрсетеді.
Жәбірленушінің заңнамалық (процессуалды) мәртебесін рәсімдеу, оған құқықтары мен мүмкіндіктерін ұсыну, өмірлік шындықтан қалып келді және АҚШ-та тек ХХ ғасырдың 80-90 жылдарында ғана, 1980 жылғы NOVA конференциясында, кейін қылмыс жәбірленушісінің заңнамасына негіз болып табылуы тиіс жеті қағида құрылған соң қалыптаса бастады. Олар:
- Жәбірленушілердің және куәгерлердің құқық бұзушының қорқытуынан және зардап келтіруінен қорғануға құқығы бар.
- Жәбірленушілердің және куәгерлердің қылмыстық іс бойынша мәлімет алуға құқықтары бар.
- Жәбірленушілердің және куәгерлердің сот процесіне қатысуға құқықтары бар.
- Жәбірленушілердің және куәгерлердің өздерінің құқықтарын қалпына келтіруге құқықтары бар.
- Жәбірленушілердің және куәгерлердің қылмыстық процесс шегінде азаматтық талап арызын беруге құқықтары бар.
- Жәбірленушілердің және куәгерлердің өздеріне қатысты қажетті арақатынасты талап етуге құқықтары бар.
- Жәбірленушілердің және куәгерлердің заң кеңесін алуға құқықтары бар.
ХХ ғасырдың 70 жылдарының соңынан, 80 жылдардың соңына дейін жәбірленушілердің құқықтарына қатысты 1500 астам жарғы шығарылған.
Қылмыс жәбірленушілерінің құқықтық жағдайы Висконсин штатында 1980 жылы жәбірленушінің құқықтары туралы Билльдың қабылдануынан рәсімделе бастады. Қазіргі таңда жәбірленуші, соңғы жиырма жылда қабылданған жәбірленушілер туралы заңнамалық актілеріне сәйкес, көптеген құқықтарға ие бола отырып, АҚШ-та қылмыс жәбірленушілері айыптаудың басты куәсі ретінде қаралады. Бұл актілерге қосылады:
«Жәбірленушілер және куәгерлерді қорғау туралы Заң», жәбірленушілердің құқықтарын қорғау аясындағы алғашқы федералды заң болып табылады; «Зорлық қылмыстармен күресу және қылмыстық жауапкершілікті күшейту туралы» Заң; Меганның Джейкобтың заңына «Кәмелетке толмағандарға қарсы және сексуалды қылмыстылықтар туралы» толықтырулары, жәбірленушілердің жаңа құқықтарын, сонымен қатар қылмыс жәбірленушіеріне бөлінетін ақша қаражатының жұмылдырылуын қарайды.
1990 жылдың соңында 49 ағылшын штаттарында «Жәбірленушілердің құқықтары және олар туралы заңнамалық жоспар» заң жиынтықтары құрылған, олардың негізгі мазмұны келесідей болып табылады: «Қылмыс жәбірленушісі (немесе оның өкілі) айыпталушымен қатар, барлық қылмыстық сот өндірісі туралы мәліметтер туралы ақпарат алуға тең құқылы, сотқа қатысуға және тыңдалуға, сонымен қатар оның құқықтары айыпталуышының құқықтарын реттейтін нормалармен реттеледі». 2004 жылы АҚШ Конгресімен «Жалпы сот әділеттілігі» Заңы қабылданды (Justice for All Act of 2004). Бұл заң бірқатар федералды заңдарға өзгерістер енгізген, АҚШ қылмыстық іс жүргізу процесінде қылмыс жәбірленушілерінің алатын орнын бекітті, оның құқықтарын анықтады, қылмыстық сот төрелігі жүйесінде, жәбірленушілердің құқықтарын жүзеге асыратын бірқатар жаңа заңды кепілдіктер орнатты [4, 108-114 бб.].
Германияда Қылмыстық процессуалды кодекстен басқа, жәбірленушілерге 1986 жылғы «Қылмыс жәбірленушілерін қорғау және көмек көрсету туралы» Заңы арналған.
Ұлыбританияда, жәбірленуші айыптаушы тарапынан куә болып табылады, қылмыс жәбірленушісінің құқықтарын орнатушы негізгі құжаттамасы болып «Қылмыс жәбірленушілерініңхартиясы(Victim’s Charter)», 1990 жылдың 22 ақпанында қабылданған. Содан бері барлық дамыған және демократиялық мемлекеттерде 22 ақпан Халықаралық қылмыс жәбірленушілерін қолдау күні аталады. 2004 жылғы «Үй жағдайында зорлау және қылмыстары және жәбірленушілері» туралы ағылшын Заңы қылмыс жәбірленушілерін қорғауға бағытталған бірқатар нормаларды қарастырған. Кейіннен, 2005 жылдың қараша айында, «Қылмыс жәбірленушілеріне қатысты тәжірибе Кодексі» жарық көрген, ол 2006 жылдың сәуір айында күшіне енді, ол жәбірленушілердің құқықтарын қылмыстық сот өндірісінде реттейді, яғни, тергеудің жүргізілуі туралы мәлімет алуға құқығы, зардаптың орнын толтыруға құқығы, қылмыс жәбірленушілеріне қатысты ұйымдарға шағымдануға және т.б. құқықтары.
Қылмыстылық және қылмыс жәбірленушісі туралы ақпарат алу үшін шетелдік виктимологиялық зерттеулердің тәжірибесінде ұлттық сауалнаманың жобалары құрылып, жүзеге асырылған. Осылайша, мысалы, жылына бір рет өткізілетін АҚШ Ұлттық виктимологиялық сауалнама, қылмыстың орын алу жағдайларын нақтырақ зерттеуге мүмкіндік береді: қылмыс жасау орны, қылмыстан зардап шеккен тұлғалардың уақыты, саны және т.б. сауалнама мәліметтері қылмыс жәбірленушісі туралы нақтырақ ақпарат алуға мүмкіндік туғызады (жынысы, жасы, білімі, отбасылық жағдайы, денсаулығына келтірілген зардап деңгейі, денсаулығын қалпына келтіруге жұмсалған ақша қаражаты, зардаптың орнын толтыру мәселелесін шешу). Алғашқы осыған ұқсас қала тұрғындарына сауалнама салу бағдарламасы 1972 жылдан 1975 жылға дейін жүргізілген. Ұлттық виктимологиялық сауалнама кездейсоқ сұхбаткерлердің арасында жүргізіледі. Сұхбат беруші өзімен, соңғы 6 жылдың ішінде болған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы айтып береді.
NCVS арқылы алынған мәліметтер, бірқатар мөлшерде, Германияда ұсынылатын Бірыңғай қылмыстылық туралы есепті толықтырады, алайда оның да кейбір ақулары бар. Олай болса да, мұндай ұлттық виктимологиялық сауалнамалар тұрғындардың нақтырақ виктимділік деңгейін көрсетеді.
1982 жылдан бері Ұлыбританияда екі жылда бір рет тұрғындардан таңдаулы түрде сауал алынады – «Қылмыстылықтың Британдық зерттеуі», тұрғындардың объективті виктимділігінің сипатын анықтайды, сонымен қатар латенттік қылмыстылық деңгейін анықтайды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, шетелдегі виктимологияның дамуының келесі кезеңдерін атап өтуге болады:
І. ХХ ғ. 40-50 жж. – криминологияның жеке бағыты ретіндегі виктимологияның пайда болуы, криминологиялық және психологиялық мәннің даму нәтижесі.
ІІ. ХХ ғ. 60-70 жж. – теориялық зерттеулердің даму кезеңі және алғашқы жәбірленушілерге көмек көрсету және оларға келтірілген зардаптың орнын толтыру бойынша арнайыландырылған бағдарламаларды құру.
ІІІ. ХХ ғ. 80-ж. – бүгінгі күнге дейін – виктимологиялық зерттеудің тәжірибелік даму кезеңі, оған келесілер тән: қылмыс жәбірленушілерін қорғау туралы нормативтік актілерді қалыптастыру; жәбірленушілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау; қылмыс жәбірленушілерінің құқықтарын мемлекеттік қорғау және келтірілген зиянды өтеу; қылмыс жәбірленушілерінің құқықтарын қорғау бойынша қоғамдық ұйымдарды дамыту; қылмыс жәбірленушілерінің құқықтарын қорғау бойынша мемлекеттердің дүниежүзілік ынтымақтастығы.
Осылайша, шетел виктимологиясы өзінің құрылуы барысында, айыптаушы бағытынан ХХ ғ. 40-70 жж. өтті, жәбірленушінің «кінә» мәселесіне үлкен қызығушылық танытып, қылмыс жәбірленушінің құқықтарын қорғауға мән берілген қылмыстың әрекетінде оның рөлін анықтады.
Әдебиеттер
- Полубинский В.И. Правовые основы учения о жертве преступления. – Горький,
- Шнайдер Г. Криминология. – М.: Прогресс,
- Национальная организация помощи жертвам преступлений / NOVA. Электрон.дан. http://www.trynova.org
- Криминология: пер.с. анг. / под. ред. Дж.Ф. Шелли. – СПб., 2003. – 223 с.