Қазақстан минералды-шикізат қорларының көлемі жəне əр алуандығы жөнінен əлемде жетекші орындардың бірін иеленеді. Барлау жұмыстарының негізінде қуатты мұнай-газ, уран, көмір өнеркəсібі, металға жатпайтын əртүрлі пайдалы қазбаларды, қара, түсті жəне асыл металл кендерін қазып алу мен оларды өңдеу өнеркəсіптері құрылды. Бұл сала қазірше Қазақстан экономикасының ең басыңқы негізгі бюджет қалыптастырушы секторы болып тұр. Қорғасын, мырыш, мыс, мұнай, хром, темір, марганец, қалайы, алтын, фосфориттер, бор мен калий тұздарының қоры жөнінен біздің еліміз əлемдегі алғашқы он елдің қатарына кіреді. Əсіресе, марганец пен хромның шикізат қоры бəсекеге аса қабілетті. Алайда табиғи қорлар шексіз емес. Біздің мамандарымыздың болжауынша, халықтың қазіргі өсуі жəне тұтынуы жағдайында 2050 жылға қарай пайдаланылатын минералды шикізат қорының көлемі бүгінге дейін қолданылғанының кем дегенде 25 пайызынан, ал ең жоғары болжам бойынша 50 пайызынан асады [4] .
Жер қойнауын тиімді пайдалану бүгін жəне келешекте елдің экономикалық жəне экологиялық жағдайына əсер етпей қоймайды. “Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы” ҚР 2010 ж. 24 маусымдағы заңы, осы саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді жəне Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғауға, жер қойнауын ұтымды əрі кешенді зерттеу мен пайдалануға бағытталған. Жер қойнауы деп – топырақ қабатынан төмен орналасқан не пайдалы қазбалары жер бетіне шығып жатқан, ал топырақ қабаты жоқ болса, жер бетінен жəне теңіздердің, көлдердің, өзендердің жəне басқа да су айдындарының түбінен төмен орналасқан, ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге болатын тереңдікке дейін созылып жатқан жер қыртысының бөлігін айтамыз [1].
Жер қойнауының учаскелерін бөлу заңмен реттеледі жəне оны уəкілетті орган жүзеге асырады. Өз кезегінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
- жер қойнауын пайдаланушыға Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сəйкес келісімшартта айқындалған көлемде жəне мерзімге жер пайдалану құқығына жер учаскесін береді, қажет болған жағдайда жер учаскесін алып қоюды жүргізеді;
- өз құзыреті шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер жəне су учаскелерінің қорғалуын, жер қойнауын пайдаланушының экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын, археологиялық ескерткіштер мен басқа да тарихи-мəдени мұра объектілерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- келісімшарт жасасу кезінде өңір халқының əлеуметтік-экономикалық жəне экологиялық мүдделерінің сақталумен байланысты мəселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздерге қатысады;
4) тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі, кадрлардағы жергілікті қамту мен аумақтарды əлеуметтік дамыту, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жəне оларды өндірушілердің тізілімі бөлігінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;
- жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшарттық құжаттар жобаларының сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады;
- жер қойнауын пайдаланумен байланысты, экологиялық, ғылыми, тарихи-мəдени жəне рекреациялық маңызы бар объектілердің сақталуына жəрдемдеседі;
- кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг пен бақылайды, т.б. қызметті өз құзырет шегінде жүзеге асырады [1].
Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай операцияларды жүргізуге беріліді:
- 1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу;
- 2) барлау;
- 3) өндіру;
- 4) бірлескен барлау мен өндіру;
- 5) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу жəне (немесе) пайдалану үшін.
Жер қойнауын пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иеліктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтемді немесе өтеусіз болуы мүмкін.
Жер қойнауын пайдаланушыға жеке меншік немесе жер пайдалану құқығында тиесілі жер учаскелерінде кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру тұрақты жəне өтеусіз жер қойнауын пайдалану құқығымен жүзеге асырылады. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың барлық қалған түрлері уақытша жəне өтемді жер қойнауын пайдалану негізінде жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге жəне келісімшарт талаптарына қатысты ақпарат беру заңға сəйкес жүргізіледі. Барлық мүдделі тұлғалардың құзыретті органда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында:
- жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурс өткізудің талаптарымен жəне оның нəтижелері туралы шешімнің мазмұнымен;
- жасалған келісімшарттар бойынша конкурс талаптарының орындалуымен танысуға құқығы бар.
Тараптар құпия деп таныған ақпаратты мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының Парламентіне жəне жергілікті өкілді органдарға беру құпиялылық режимін бұзу болып табылмайды [2].
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жобасы модельдік келісімшарттың, тікелей келіссөздер хаттамасының немесе жеңімпаздың конкурстық ұсынысының жəне белгіленген тəртіппен əзірленген жəне бекітілген жобалау құжаттарының негізінде жасалып, бекітілген жұмыс бағдарламасының негізінде əзірленеді.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жобасының ережелері келісімшарт талаптарына заңға сəйкес келуге тиіс.
Барлауға, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың жобасы талаптарына сəйкес жер қойнауын пайдаланушының бағалау жұмыстарының жобасын əзірлеу жөніндегі міндеттемелерін көздеуге тиіс.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жобасы оған қол қойылғанға дейін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уəкілетті органмен келісілуге тиіс. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жобасына, сонымен қатар құқықтық, экологиялық, экономикалық міндетті сараптамалар жасалуға тиіс.
Сараптама келісімшарт ережелерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкес келу тұрғысынан жүргізіледі. Сонымен қатар келісімшарт талаптарының соның негізінде конкурс жеңіп алынған конкурстық ұсынысқа немесе тікелей келіссөздер талаптарына сəйкестігін тексеру, жобаны іске асырудың экономикалық жағынан мақсатқа сай болуы мен əлеуметтік мəнін бағалау экономикалық сараптаманың нысанасы болып табылады [1].
Сараптамалық қорытындыларды тиiстi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк орган тиiстi сараптаманы жүргiзуге қажеттi құжаттардың толық пакетiн берген кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.
Экологиялық сараптама Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады. Сараптама нəтижелері сараптамалық қорытындымен ресімделеді, ол теріс немесе оң болуы мүмкін.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасуға үміткер тұлға мемлекеттік органның сараптамалық қорытындыда жазған ескертулерін жою мақсатында келісімшарт жобасын пысықтайды.
Аталған ескертулер жойылған жағдайда мемлекеттік орган қайталама сараптаманы жүргізеді. Мемлекеттік қайталама сараптама жобалау жəне өзге де құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін өзгерістер енгізілген жағдайларда да жүргізіледі.
Құқықтық жəне (немесе) экономикалық сараптаманың ескертулерімен келіспеген жағдайда жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасуға үміткер тұлға өзінің дəлелді қарсылықтарын құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына оларды келісім комиссиясында қарау үшін жіберуге құқылы.
Құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ұсынылған қарсылықтарды қарау үшін он күндік мерзімде келісім комиссиясын құрады. Келісім комиссиясының құрамына құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының, ескертулер ұсынған мемлекеттік органдардың жəне келісімшарт жасасуға үміткер тұлғаның өкілдері кіреді. Келісім комиссиясы отырыс нəтижелері бойынша хаттамада көрсетілетін ұсынымдарды əзірлейді. Келісім комиссиясының ұсынымдары ескеріле отырып, келісімшарт қайталама сараптамаға жіберіледі. Келісімшарт жасасуға үміткер тұлға келісімшарттың жəне жұмыс бағдарламасының жобаларын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уəкілетті органмен келіскенге жəне қажетті сараптамалардың нəтижелерін алғанға дейін, бірақ жобалау құжаттарын белгіленген тəртіппен бекітуден ерте болмайтындай етіп, келісімшарттың жəне жұмыс бағдарламасының жобаларын құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына келісуге жіберуге құқылы.
Келісімшарттың жəне жұмыс бағдарламасының жобаларын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уəкілетті органмен келіскеннен, барлық қажетті сараптамалар жүргізілгеннен жəне келісімшарт жасасуға үміткер тұлға сараптамалық қорытындыларда көрсетілгенбарлықескертулердіжойғаннанкейін келісімшарт жасасуға үміткер тұлға келісім-шарт жобасын жұмыс бағдарламасымен, барлық бекітілген жобалау құжаттарымен, келісулердің жəне сараптамалардың нəтижелерімен қоса түпкілікті келісу үшін құзыретті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жібереді.
Келісімшарт жасасуға үміткер тұлға құжаттарды ұсынған күннен бастап келiсiмшарттың түпкілікті мəтіні мен жұмыс бағдарламасын сəйкестендіруді құзыреттi орган екі айдан кешіктірмейтін мерзімде, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары он бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жүргiзедi.
Пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, сондайақ бірлескен барлау жəне өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған келісімшарттардың жобаларына экологиялық сараптама жүргізу үшін құзыретті орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті органға, ал облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы оның аумақтық бөлімшесіне мыналарды қамтитын құжаттар пакетін ұсынады: 1) тұлғаны конкурс жеңімпазы деп тану туралы немесе тұлғаның жер қойнауын пайдалану құқығын алуға тікелей келіссөздер жүргізуге құқылы екендігін көрсететін құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ілеспе хаты; 2) құзыретті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының осы тұлғамен келіссөздер жүргізу жəне операциялар жүргізуге келісімшарт жобасының талаптарын талқылау жөніндегі жұмыс тобы отырысының хаттамасы; 3) келісімшарт жобасы; 4) тұлғаның конкурста жеңіп шығуына негіз болған конкурстық ұсыныстың құзыретті орган немесе республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы куəландырған көшірмесі немесе тікелей келіссөздер хаттамасының көшірмесі; 5) келісімшарт түріне байланысты геологиялық немесе тау-кендік бөлу; 6) жұмыс бағдарламасының жобасы [2].
Пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, сондайақ бірлескен барлау жəне өндіруге арналған келісімшарт жобаларына экологиялық сараптама мыналарды қамтиды: 1) жоспарланатын басқару, шаруашылық, инвестициялық жəне өзге қызметті іске асырудың қоршаған ортаға жəне халықтың денсаулығына келтіруі мүмкін теріс салдарын анықтау жəне шектеу; 2) экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғаудың мүдделер теңгерімін сақтау, сондай-ақ табиғат пайдалану үдерісінде үшінші тұлғаларға зардаптың алдын алу; 3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жобасы талаптарының Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына, жер қойнауын жəне қоршаған ортаны қорғауға қатысты, жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату жəне консервациялау талаптары бөлігінде заңға, экологиялық сақтандыруға сəйкестігін тексеру [4].
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру кезінде алдын ала тапсырылатын құжаттардың негізгісі ол экологиялық сараптамаға өтініш. Яғни, қандай да болмасын шаруашылық қызметті бастамас бұрын оның қоршаған ортаға деген əсерін бағалау қажеттігін көрестеді.
Өз тарапынан мемлекет жер қойнауын пайдаланушы субъектілерге жер қойнауын қауіпсіз пайдалануға талап қояды. Яғни, сараптама жүргізу кезінде қалыптасқан экологиялық жағдайды, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу ауданына қойылатын талаптарды ескеріп жəне бірінші кезекте экологиялық мүдденің тұруына ықпал етуі қажет. Сол себептен азаматтардың экологиялық мүдделерін қорғау үшін қоршаған ортаны қорғауда қолайлы механизм табу қажет. Бұл үшін экологиялық сараптама институтының рөлі маңызды болып табылады.
Экологиялық сараптама институты іске қосылатын объектінің нақты экологиялық жағдайдағымүмкіншілігінжəне қоршаған ортаға деген жағымсыз əсер ету дəрежесін анықтап, жобаны жүзеге асыруға экологиялық көзқарас тұрғысында ғылыми қортындылармен сипаттамалар береді. Бұл орайда өңiрдегi экологиялық ахуалды, қоршаған ортаның жай-күйiн ескере отырып, ластаушы заттар эмиссиясының рұқсат етiлген көлемдерiн ғылыми негiздеу, табиғат пайдаланудың ерекше жағдайларын белгiлеу қамтамасыз етiледi. Қоршаған ортаның ластануын нормалау халықтың денсаулығына жəне қоршаған ортаның жай-күйiне зиянды əсер етудiң салдарларын барынша ескере отырып жүргiзiледi, сондай-ақ жоспарланатын қызметтiң əлеуметтiк-экономикалық салдарлары да ескерiледi. Яғни, экологиялық сараптама шаруашылық жəне өзге де қызметтің мүмкін болатын жағымыз əсерін ескертеді жəне бұл қызметтің экологиялық талаптарға сай келетінін анықтайды. Экологиялық сараптама жүзеге асырылатын объектінің экологиялық зиянды қызмет екендігін анықтайтындықтан табиғат қорғау қызметінің басты құрамы болып табылады. Себебі экологиялық сараптама қоршаған ортаның ластануынан сақтайтын алдын алу шарасы болып табылады.
Экологиялық сараптаманың екі түрі бар. Жоғарыда аталған мемлекеттік экологиялық сараптама жер қойнауын пайдалану құқықығын алу үшін жасалатын экологиялық болжаудың бастысы жəне маңыздысы. Ал екіншісі қоғамдық экологиялық сараптама. Қоғамдық экологиялық сараптама деп тұрғындардың жекелеген топтарының, қоғамдық бірлестіктері мен ғылыми ұйымдардың бастамасымен қызметтің кез келген түрлерін экологиялық бағалау үшін құратын сараптау комиссияларының ерікті бастамасымен жүзеге асыратын қызметінің түрі. Қоғамдық экологиялық сараптама жекелеген қоғамдық топтармен жəне тұрғындармен өзара ықпалдасуды күшейту, сараптаманың жоспарланатын объектілері бойынша барынша объективті ақпарат алу мақсатында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес қоғамдық экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды жəне жеке тұлғалардың экологиялық сараптама саласындағы жұмыстарды жүзеге асыруға лицензиялары болуы тиіс [6].
Қоғамдық экологиялық сараптама мемлекеттік экологиялық сараптаманың сол объектілері бойынша жүргізілуіне қарамастан жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл дегеніміз өз кезегінде салынайын деп жатқан өндіріс аймақтарына, пайдалы қазбалардың кен орындарын ашылуы қоршаған ортаға тигізетін əсерін бағалай отырып, тұрғындардың немесе сол аумақтағы халықтың, жекеленген топтардың, ұйымдар мен бірлестіктердің бастамасымен жүргізілетін іс шара.
Аумағында шаруашылық қызметті жоспарланып отырған облыс əкімдері өкілеттік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың жүзеге асыратын қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізуді ұйымдастырудың жəне мемлекеттік тіркеудің тəртібін белгілейді.
Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысының ақпараттық жəне кепілдемелік сипаты бар.
Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру қоғамдық экологиялық бірлестіктердің жəне қорлардың өзіндік қаражаты есебінен немесе қоғамдық бастамамен жүзеге асырылады. Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізудің мемлекеттік тіркеудің тəртібі Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізу туралы өтінім түскен кезде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган 10 күн ішінде мемлекеттік тіркеу журналында осы өтінішті мемлекеттік тіркеуді жүргізеді жəне қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органға оның тіркелгені туралы хабарлайды. . Өтінімде қоғамдық экологиялық сараптамалық комиссия құрамы, экологиялық сараптамасы, оны жүргізудің мерзімдері белгіленген объектінің атауы туралы мəліметтер болуы тиіс. Қоғамдық экологиялық сараптаманы мемлекеттік тіркеу журналын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган жүргізеді жəне өзге де ережелерге қосымшаға сəйкес онда экологиялық сараптама объектісінің атауы, қоғамдық сараптамалық комиссияның атауы, қоғамдық экологиялықсараптамалық комиссияның құрамы (қоғамдық сарапшылардың біліктілік құрамы), сондай-ақ бұрын орындалған сараптамалық жұмыстар туралы (қосымша) мəліметтер болуы тиіс.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган өтінімді қарау аяқталған соң Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тəртіппен өтінім берушіге тіркеу нөмірімен жəне күнімен мемлекеттік тіркеу туралы қорытындыны береді [3].
2004 жылыхалықаралықтəжiрибенiпайдалана отырып, табиғат пайдаланушылар қызметiнiң жобалық шарттарының ықтимал өзгерiстерiн ескере отырып, рұқсаттардың қолданылу мерзiмiн оларды ұлғайту жағына қайта қарау арқылы рұқсат беру жүйесiн оңтайландыру көзделуде. Бұл кəсiпорындар санының тұрақты өсуiн ecкepe отырып, түсетін құжаттамаға талдау жасауға үстiрт көзқарас болмауы үшiн қажет. Мысалы ретінде, “Аумағында сарапталатын қызмет көзделіп отырған жергілікті атқарушы органдардың жүзеге асыратын қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізудің мемлекеттік тіркеу ережелерін бекіту туралы” ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2004 жылғы 29 мамырдағы №149 бұйрығын жатқызуға болады.
Бұдан басқа, Қазақстанда жаңа нарықтық жағдайларда табиғат пайдалануды реттеу процесiне жұртшылықты тартуға мүмкiндiк беретiн пəрмендi тетiк болуға тиiс қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргiзу заңдық тұрғыдан бекiтiлген. Бұл үшiн экологиялық сараптамаға байланысты Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет.
Бұл мақсатта, үкiметтiк емес ұйымдарды (YЕҰ) табиғат қорғау қызметiне неғұрлым белсендiрек тарту, олардың ғылыми жəне шығармашылық əлеуетiн, үкiметтiк емес ұйымдардың мүмкiндiктерi мен ресурстарын қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзуге, оның iшiнде заңнамалық актiлердi əзiрлегенде, экологиялық жобаларды қалыптастырғанда, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен экологиялық ахуалдың мониторингiн өткiзгенде кеңiрек пайдалану қажет. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 наурыздағы
№253 қаулысымен бекiтiлген Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдаудың 20032005 жылдарға арналған бағдарламасының қабылдануын ескере отырып, мемлекеттiк əлеуметтiк тапсырыс арқылы YEҰ-ны экологиялық жобаларды iске асыруға, қоғамдық экологиялық сараптама өткiзуге қатысуға тартуға нақты мүмкiндiк ашылды [2].
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 36-бабы 3,4-тармақтарына сəйкес қоршаған ортаға баға беру əсері жобаланатын объектінің болашақ қызметіне жатады. Жобаларды əзірлеуші жəне тапсырыс беруші қоршаған ортаға баға беру əсерін жүргізудегі нəтижесін ескеруге міндетті жəне қоршаған ортаға аз зиян келтіретін, осындай нұсқаларды қабылдауды қамтамасыз етеді [6].
Қоғамдық экологиялық сараптаманың қоршаған ортаға келтірілген зиянды болжау арқылы алдын алады жəне оны бағалай отырып зиянның зардабын жою жолдарын ұсынады. Сондайақ мемлекет пен тұрғындардың, ұйымдар мен бірлестіктердің арасындағы қарымқатынас жəне жалпы адамзатың ортақ үйінің жағдайына деген алаңдаушылық пен аялаушылықты көрсетеді. Қазақстанда көптеген қоғамдық экологиялық ұймдар мен бірлестіктер бар, бірақ осы ұйымдардың қызметі бір шама кенжелеп қалуда. Мұның себебі экологиялық сараптаманың ақпараттық, ұсынбалық болуында. Қоғамдық сараптаманың құқықтық мəртесебін қайта қарап толықтыру керек, яғни мемлекеттік сараптамаментеңестіруқажет. Қазақстаншикізатөндіруден алдынғы қатардағы елдерге жатады. Бүгінгі өндіріп алған қазба байлықтар қоршаған ортаға əсерін тигізбей қоймайды, экологиялық зардап пен зиянның мөлшерін өлшеу жəне бағалау даулы мəселе болып келеді. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық жəне өнеркəсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жер қойнауының ластануын болғызбауды, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға зиянды əсерін төмендетуді қамтамасыз ету жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады. Жер қойнауының пайдалы қазбаларын іздеу мен барлау жұмыстарын болжаудың стратегиясы мен тактикасын қайта қарау қажет. Тек уақыттан оза дамыған геология ғылымы ғана жаңа кеніштерді ашудың сенімді болжамды қорын негіздеп, сарқылып бара жатқан минералды шикізат қорларының орнын толтыруға, оларды қоршаған ортаны қорғау нормаларын сақтай отырып, тиімді пайдалануға мүмкіндік туғыза алады [4].
Қоғамға өзінің экологиялық құқықтары мен мүдделерін қорғауға барынша жағдай жасай отырып, қоршаған ортаға қауіпті қызметпен айналысатын субъектілерге нақты жəне демократиялық тетіктер арқылы əсер ету қажет. Сонымен қатар қоғамды экологияландыру мен қоғамның құқыққа деген, мəдениетке, қоршаған ортаға деген көзқарасы өзгерер еді.
Əдебиеттер
- “Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы” ҚР 2010 ж. 24 маусымдағы № 291-IV Заңы
- “Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелерін бекіту туралы” ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы №207-ө бұйрығы.
- Аумағында сарапталатын қызмет көзделіп отырған жергілікті атқарушы органдардың жүзеге асыратын қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізудің мемлекеттік тіркеу ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2004 жылғы 29 мамырдағы №149-ө бұйрығы.
- “Айқын” Республикалық қоғамдық-саяси газеті. Мақала “Табиғи қорлардың таусылатын күні болады” 04.12. http://www.aikyn.kz
- “Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобаларының сараптамасын жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы” ҚР Үкіметінің қаулысы № 118 2011 жылғы 10 ақпан.
- Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, 2007, 9 қаңтар. – А.: ЮРИСТ, – № 212.