Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мемлекеттік қызметшілердің жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу шаралары

Сыбайлас жемқорлықтың феномені кең сипаттағы ұғым. Байлық пен тұрақты жағдайының арқасында сыбайлас жемқорлық келтіретін үлкен шығынын жасыруға мүмкіндігі бар көптеген индустриалды дамыған мемлекеттерде бұл үйреншікті құбылыс. Сыбайлас жемқорлық Орта Азия мен Шығыс Еуропаның елдері сияқты көптеген дамып келе жатқан елдерде кең тараған құбылыс. Сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірідің түрлі қабаттарына тарап, ел үшін үлкен қоғамдық қауіп төндіреді. Əсіресе экономиканың тұрақтылығына зиян келтіріп, нарықтық  қатынастардың  дамуына,ілгері реформаларды жүргізуіне, демократиялық институттардың дамуына кедергі болып, əлеуметтік тұрақсыздықты анықтайды жəне мемлекеттік басқару жүйесінде, мемлекетте, қоғамда қылмыстық үрдістерінің күшейуіне үлесін қосады. Сонда мемлекеттік басқару құрылымының сыбайластығы қоғамды руханиадамгершілік қасиеттерінен айырып, жалпы мемлекеттік саясатын құртады.

Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күрес қазіргі таңда құқықтық мемлекеттің өзекті міндеттерінің бірі болып табылады.

Тарихымыз дəлелдегендей, қоғам өміріндегі маңызды өзгерістер қылмыстың өсуімен ерекшеленеді. Қылмыстық – үнемі өзгеретін жəне дамитын құбылыс. Ол, сөзсіз, қоғамның экономикалық жəне саяси жүйесіндегі, əлеуметтік ортадағы  өзгерістерін айнадай көрсетеді.

Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. «Тəртіпке бас иген құл болмайды, тəртіпсіз ел болмайды» деп батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы ақиқатын айтса, тəртіпті ел болмай, жемқорлықтың тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсіпөркендеу болмайтыны бəрімізге де мəлім.

Өздеріңіз жақсы білесіздер, еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы бойынша стратегиялық  міндеттерге  қол  жеткізу үшін, əрине, біз экономика саласындағы сыбайластыққа жол бермеуіміз керек. «Жамандықтыжазаламағанадам–оныңдемберушісі» десек, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас, парақорлық фактілеріне принциптік төзімсіздікті қалыптастыру бағытында елімізде, сонымен қатар Алматы облысында да тиісті жұмыстар өз деңгейінде атқарылып жатыр десем артық айтпаспын.

Лауазымдық қылмыс – мемлекеттік билігіне, мемлекеттік қызметінің жəне жергілікті басқару органдарындағы қызметінің мүдделеріне қарсы лауазымды адамдармен жасаған қылмыстар. Бұл қылмыстар жасалу нəтижесінде тиісті құқықтық актілермен реттелген мемлекеттік органдардың, жергілікті басқару органдарының, мемлекеттік мекемелердің, ҚР əскери күштерінің, басқа да еліміздегі əскери құрылымдардың қызметінің, азаматтардың немесе ұйымдардың заңды мүдделері мен құқықтарының бұзылуына қоғамдық қауіп төнеді.

Лауазымдық  қылмыстардың  бір ерекшілігі– аталған органдар мен мекемелердің дұрыс қызмет көрсетуіне кедергі келтіріп, олардың қоғамдағы беделін түсіреді, сондай-ақ азаматтарда заңды мүдделері мен құқықтарының қорғалуынына сенімділігін азайтады.

Лауазымдық қылмыстардың жасалу нəтижесінде мемлекеттік билік органдарының жұмысы бұзылып, жеке жəне заңды тұлғаларға елеулі шығын келтіріледі.

Сыбайлас жемқорлық көбінесе басқа да аш көз қылмыстармен байланысып тұрады, əсіресе біреудің мүлігін ұрлау қылмысымен, сондықтан да ол қоғамға үлкен қауіп төндіреді.

Конституциялық құрылымына қауіп төндіруде  сыбайлас  жемқорлықтың  рөлі  ерекше. Мемлекеттік мекемелердегі лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлығымен кездескенде, қоғам сенімсіздік танытып, үкіметпен əрекеттесуден бас тартады. Сенімсіздік туындатып сыбайлас жемқорлық тұлғаның азаттылығына, қоғамдық мүдделерін жүзеге асыруға кедергі көрсетеді жəне басқа мемлекеттермен ынтымақтастыққа зиянын келтіреді.  Сыбайлас жемқорлық қоғамның экономикалық, саяси жəне мəдени дамуын анықтайтын құбылыс болып жатыр. Осындай құбылыспен күресу міндеті  құқыққоғау органдарына жүктелген.

Мемлекеттік қызметкерлерінің құзыреттілігі мен басқару құрылымының  тиімділігі  – қазіргі таңда мемлекеттің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі. Қазақстанда демократиялық, құқықтық мемлекетті құру жағдайында мемлекеттік қызметтің институтын құру мəселесі жүзеге асырылуда. Соған сəйкес мемлекеттің құқық қорғау жүйесі болып табылатын құқық қорғау органдарының құрылымы да жетілдіріледі.

Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу керек [1, 53].

2009  жылы  22  сəуірде  ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасындағы қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жəне құқық қорғау қызметін одан əрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» жарлығы қабылданды [2].

Жарлықта «Қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту, құқық қорғау қызметін одан əрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жəне азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, кез келген құқық бұзушылыққа мемлекеттің жауап əрекетінің болуын қамтамасыз етіп жəне кінəлілерді заңда белгіленген жауапқа тарту – құқық қорғау органдары қызметінің басым бағыттары» деп көрсетілген. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік ұйымдардың жəне мемлекеттің қатысу үлесі ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қимыл үшін дербес жауаптылық міндеті жүктелетіні баса айтылған.

Сыбайлас жемқорлық – ежелгі заманнан пайда болып, қазіргі заманда да əлемнің барлық елдерінде жалғасын тапқан күрделі əлеуметтік құбылыс.

Тарихи тəжірибеден байқауға болады, сыбайлас жемқорлық адамзат қоғамының барлық даму кезеңдерінде кездеседі. Сыбайлас жемқорлық əлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде ұлтпен шектелмейді, оның мөлшері мен көлемі пайда болу тегіне байланысты болады.

Сыбайлас жемқорлық (лат. «corruptio») – лауазымдық тұлғалардың, мемлекеттік шенеуніктердің, қоғамдық жəне саяси қайраткерлерінің сатылуы мен пəрелеулігін белгілейді. Сыбайлас жемқорлық (лат. «corrumpere») – біреулерді ақшалай немесе басқа материалдық құндылықтарымен пəрелеу.

«Сыбайлас жемқорлық» ұғымы римдік құқықта «сот тəжірибесінде құқыққа қайшылықты əрекеттер» деп танылған. Этимологиялық   жағынан   «corrumpere»   латын тіліндегі «correi» жəне «rumpere» екі сөздің бірігуінен пайда болды. Бірінші сөз «бір нəрсе бойынша міндетті қатынастардың бір тарапында» бірнеше субъектілерінің қатысуын белгілейді, ал екіншісі «бұзу, жою, құрту» етістік-синонимдері [3].

Сөзжасамның нəтижесінде пайда болған дербес термин «істердің мемлекеттік басқару үрдісін немесе сот үрдісінің дұрыс барысын өзгертуді мақсат ететін қызметінде біренеше тұлғалардың қатысуын» анықтайды. Рим заңгерлері құқықты жеке меншікті жəне жария құқыққа бөлетін. Жария құқық мемлекеттің мүдделерін, ал жеке құқық жеке тұлғаның мүдделерін айқындайды. Құқықтық қатынастарын реттеу əдісі  бойынша жария жəне жеке құқықты бөлетін. Кейбір салаларында  мемлекеттік  билік  азаматтарына мемлекеттік тəртіптің игілігі үшін белгілі кезеңге жəне белгілі шартта міндетті құлқыны талап етеді. Осында жария құқықтың барлық салалары жатады: қылмыстық,  қаржы,  т.б. Жеке немесе азаматтық құқықтың саласында мемлекеттік билік қатынастарды тұра реттеуден қалыс қалады. Бұл жағдайда құқықтың субъектілері болып табылатын көптеген жеке дербес бірліктеріне қатынастарды реттеуге мүмкіндік береді. Сондай субъект болып жеке тұлғалар (адамдар) болады жəне түрлі жасанды қосындылар (бірліктер немесе мекемелер) немесе заңды тұлғалар.  Бұл  құқық субъектілері өз еркінің иесі болып есептеледі жəне оларға бір-бірімен қатынасты реттеуге мүмкіндік беріледі. Мемлекет бұл қатынастырды күшпен анықтамайды, тек басқалар анықтайтын құқығын қорғайтын орган ретінде танылады.

Ғылыми, оқу, қоғамдық-публицистикалық əдебиетінде сыбайлас жемқорлық анықтамасының бірнеше түрі бар. Орыс тілінің түсіндірмелі сөздігі сыбайлас жемқорлықты лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатулығы, парамен пəрелеу деп анықтама береді [4, с. 292].

Бұл ұғым пара беру (сыйақы беру), непотизм (пайдалы, табысты лауазымдарға тамыртуыстық бойынша «өз адамдарын» немесе туыстарын қою) жəне жеке пайдасына көпшіліктің қаражатын заңсыз иемдену. Сыбайлас жемқорлық бойынша Еуропа кеңесінің тəртіптік тобы сыбайлас жемқорлықтың кең анықтамасын береді: «жеке қызметкер, мемлекеттік лауазымды тұлға, тəуелсіз агент мəртебесіне жүктелген міндеттерінің бұзылуына соғатын жəне де мемлекеттік  немесе  жеке  меншік  секторында белгілі міндеттерін атқаруға тапсырылған тұлғалардың пара алуы немесе басқа мінезқұлқы» [5].

Сыбайлас жемқорлықтың анықтамасына деген көптеген көзқарасы бұл құбылыстың күрделігін айқындайды жəне оны терең əрі жан-жақты зерттеуін талап етеді. Осы көлемді жұмысқа келесі екі аспкетіде тоқтаған жөн көрдік. Біріншіден, сыбайлас жемқорлықты тану теориялық деңгейін тереңдету, əсіресе қоғамның экономикалық, əлеуметтік, саяси өмірінің дамуына ықпал ететін факторлардың пайда болу себептерін зерттеу аспектісінде, т.б. Екіншіден, сыбайлас жемқорлықтың құқықтық анықтамасын беру жəне осы құбылыспен күресінің практикалық шаралар жүйесін қалыптастыру аспектісінде.

Сондықтан сыбайлас жемқорлық, біздің пікірімізше, əлеуметтік-экономикалық ұғым ретінде үшініші тараптың (қоғамның, мемлекеттің, мекеменің) мүддесіне зиян-шығынын келтіріп, жеке  пайда  алу  мақсатында  лауазым мүмкіндіктерін пайдалану бойынша лауазымды адамдар мен қоғамның жеке мүшелері арасындағы қатынастарды білдіреді.

Сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық салаларына: экономикаға, əлеуметтік саласына, саясатқа ықпалын тигізеді. Осы құбылыстан туындайтын жағымсыз салдары қоғамның ілгері дамуына кедергі болып, сондай-ақ еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне үлкен қауіп төндіреді.

Экономикалық саласында сыбайлас жемқорлық бірқатар жағымсыз құбылыстар мен үрдістерінің дамуына ықпалын тигізеді:

  1. Нарықтық бəсекелестіктің мехнизмін бұзады, өйткені бəсекеге қабілетті болғандары емес, пара беру арқылы артықшылығына ие болғандары пайда табады. Еркін бəсекелестік идеясының сенімін жоққа шығарып, экономикада басқалардан қарағанда артықшылық идеясының пайда болуына соғады.
  2. Мемлекеттік бюджеттің қаражатын тиімді емес бөлінуіне, əсіресе мемлекеттік тапсырысты жəне несиені бөлуінде соғады.
  3. Сыбайлас жемқорлық қатынастарының субъектілерін байытып, табыстың əділетсіз бөлінуіне соғады.
  4. Сыбайлас жемқорлық «үстемақы шығындары» үшін тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуіне ықпалын тигізеді (нəтижесінде тұтынушы зардап шегеді).
  5. Сыбайлас жемқорлық – ұйымдасқан қылмыстық пен жасырынды экономикасының дамуына қолайлы жағдайын қамтамасыз ететін  құрал.  Мемлекеттік  бюджетке  салықтың аз түсуіне, капиталдың шет елге ауысуына соғады жəне мемлекеттің əлеуметтік, саяси, экономикалық міндеттерін тиімді орындау мүмкіндіктеріне кедергі келтіреді.

Əлеуметтік салада сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз салдары келесі:

  1. Сыбайлас жемқорлық қоғам мүшелерінде басқаларға, қоғамға қатысты «екі түрлі стандартты» мінез-құлықты қалыптастырады. Ол қоғамдағы басты өлшемі ақша  болатынына əкеледі, адамның маңыздылығы оның жеке жағдайының мөлшерімен анықтайды. Адам мінезінің əлеуметтік реттеуіштерін: дін құқығын, қоғамдық пікірін бұзып, құнын жоғалтады.

Сыбайлас жемқорлық қоғамның, мемлекеттің өмірін реттейтін негізгі құралы ретіндегі құқық маңызын жояды. Қоғамдық санасында қылмыстың, биліктің алдында азаматтардың қорғансыздығы туралы көзқарас қалыптасады.

Саяси салада сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз салдары төмендегідей анықталады:

Сыбайлас жемқорлық саясаттың жалпы ұлттық мақсаттарынан саяси-экономикалық үстемдігі бар топтар мен кландардың билігін қамтамасыз ету мақсатына ауысатынына ықпалын тигізеді.

Сыбайлас жемқорлық субъектері «бесінші тіреуге» айналып, ел қауіпсіздігінің мүдделерін сатқындығына көмектеседі.

Сыбайлас жемқорлық халықаралық деңгейдегі елдің беделін түсіреді, саяси-экономикалық оқшаулануына ықпалын тигізеді.

Сыбайласжемқорлыққоғамныңбиліккедеген сенімін түсіріп, демократия құндылықтарында түңілуіне əкеліп, қатаң мемлекеттік құрылымы диктатураға ауысуына əсерін тигізеді.

Қазақстан Республикасының 02.07.1998 ж. қабылданған  «Сыбайлас  жемқорлыққа   қарсы күрес туралы» заңында «мемлекеттік мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың  лауазымдық өкiлеттiгiн жəне соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке жəне заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы» деп танылады [6].

Сыбайлас жемқорлықтың кең ұғымы барлық заманда болған, үнемі күрес жүргізілетін түрлі мемлекет заңнамаларында, саяси партиялардың бағдарламалық құжаттарында сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі бағыттары берілетін (Орта Азия мен Қиыр Шығыста, Латын Америкада, Орта Еуропада т.б.) Италия, Ресей, Түркия мен Жапонда сыбайлас жемқорлық үйреншікті құбылыс болып кетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің шежіресі бірқатар арнайы ерекшеліктермен сипатталады. Біріншіден, сыбайлас жемқорлық ұғым мен құбылыс ретінде нормативтік құжаттарында жəне тəжірибеде танылмаған. Бұл ұғымның орнына «парақорлық», «лауазымдық жағдайын пайдалану» т.б. терминдері қолданатын.

Екіншіден, құбылыстың пайда болу себебі буржуазиялық қоғамға қатысты  жағдайлармен  байланысты  болған.  Мысалы,  29.03.1962 ж.

«Халық байлығын ұрлауымен жəне парақорлықпен күресті нығайту туралы» атты Кеңес Одағының Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің     жабық   хатында   парақорлық  –«эксплуататорлық қоғам жағдайында туған əлеуметтік құбылыс» деп жазылған. Қазан айының төңкерісі парақорлықтың күретамыр себептерін жойды, ал «кеңестік əкімшілікбасқару құрылымы – құрылымның жаңа түрі». Сыбайлас жемқорлықтың себебі ретінде партиялық,   мемлекеттік,   ең   бастысы, тəрбиелеу саласындағы жəне кəсіподақ органдары жұмысының кемшіліктері аталған [7].

Үшіншіден, сыбайлас жемқорлықты көбейткен партияның жоғары шенеуніктеріне қатысты биліктің екіжүзділігі.

Төртіншіден, мемлекетті басқару аппаратының ішіндегі сыбайлас жемқорлықпен күресін тек осы аппараттың өкілдері жүргізген. Бұл екі салдарға əкелді: күрес жүргізушілері сыбайлас жемқорлықты тудырған себептерін өзгерте алмайтын, өйткені ол жүйенің маңызды шарттарына жататын; сыбайлас жемқорлық өкілдерімен күресі бəсекелестіктер күресіне ұласатын.

Соғыстан кейінгі мерзім ішінде, қайта құру кезеңінде жəне одан кейін сыбайлас жемқорлықтың өсуі мемлекеттің күреу себебінен туындаған. Өсумен бірге келесі үрдістерді анықтауға болған: орталықтандырылған бақылау азайып, идеологиялық ұстанымдар жоғалды, экономиканың даму деңгейі түсіп, КСРО күйреді жəне жаңа мемлекет – Қазақстан пайда болды. Сөйтіп, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың қазіргі  жағдайы  басқа  елдерде  болған ауыспалы кезеңдегі сыбайлас жемқорлықтың өсуіне байланысты. Сыбайлас жемқорлықтың өсуін анықтайтын маңызды əрі тарихи шежіресі бар келесі факторларды  белгілеуге болады:

  • қажетті құқықтық базамен, құқықтық мəдениетпен негізделмеген жаңа экономикалық жүйеге ауысуы;
  • кеңес дəуірінде дұрыс құқық жүйесінің жəне тиісті мəдени дəстүрлердің жоқтығы;
  • бақылаудың партиялық жүйесінің күйреуі.

Сыбайлас жемқорлық ұлтаралық мəселе болып табылады. Ол саяси құрылымына жəне саяси даму деңгейіне тəуелсіз болып,барлық елдерге қатысты, тек (масштаб) көлемімен ерекшеленеді.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігі билік түрлерінің өзара қатынасына байланысты болады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес экономикалық, құқықтық шаралар кешенін пайдалану арқылы жүзеге асады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізін тиісті заңнамалық база құрайды.

 

 

Əдебиеттер

 

  1. Беисов Е.Ж. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы пəрменді шаралар// «Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізудің саяси, құқықтық, əлеуметтік-экономикалық қырлары» атты республикалық ғылыми-тəжірибелік конф. матер. – Талдықорған, І. Жансүгіров атындағы ЖМУ, – 52-54 бб.
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жəне құқық қорғау қызметін одан əрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Жарлығы //«Параграф» ақпараттар жүйесі. – 2013.
  3. Римское право: Учебник / О. А. Омельченко. – 2-ое изд., испр. и доп. – М.: ТОН – Остожье, 2000. – 208 с.
  4. Коррупция в сфере государственного управления //Резолюция Восьмого Конгресса ООН по предупреждению преступности и обращению с правонарушителями. – Нью-Йорк, 1990. – С. 150-153.
  5. Основные международные документы по правам человека: Материалы и комментарии: посвященные 50-летию Всеобщей декларации прав человека. – Алматы: 1998. – 148 с.
  6. Закон Республики Казахстан «О борьбе с коррупцией» // Справочная система «Параграф». –
  7. Кабанов П.А. Коррупция и взяточничество в России: исторические, криминологические и уголовно-правовые аспекты. – Нижнекамск, 1995. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.