Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Трасология объектілерінің криминалистикалық маңызы

Трасология  –  механикалық  əсерге  түсетін іздерді зерттейді. Трасологиялық зерттеудің мəнін түйісетін (контактілі) объектілерге механикалық жағынан əсер етудің ерекшеліктерін жəне осының нəтижесінде пайда болатын іздерді зерттеу құрайды.

Трасологиялық зерттеудің негізгі объектісі болып табылатын із-бейнелеуші объектілер екі объектінің өзара қарым-қатынасқа түсу нəтижесінен пайда болады. Із қалған объект – із қабылдаушы, ал із қалдырған объект – із-қалдырушы деп аталады. Із пайда болған кезде қарым-қатынасқа түсетін беткі қабаттар түйісу қабаттары деп аталады [1, 46 б.].

Статикалық іздер дегеніміз – із қалдырушы объектінің əрбір бөлігінің (нүктесінің) із қабылдаушы объектіде дəлме-дəл бейнеленуі нəтижесінде пайда болатын іздер. Мұндай іздер қозғалыста болған объектінің тоқтауы кезінде пайда болады. Із пайда болған кезде объектілер салыстырмалы түрде (тыныштық) қимылсыз (статика) күйде болады. Мысалы: адамның тұрған кездегі аяқ киімінің ізі, қолдың папиллярлы өрнектері бар ізінің қалуы, есікте бұзу құралының басылып-жаншылған ізі.

Динамикалық іздер дегеніміз – із қалдырушы объект нүктелерінің із қабылдаушы объект бетінде сырғу-жылжу нəтижесінде пайда болған іздер. Объектінің дөңес жерлері ойыс іздерін, ал ойыс жерлері томпақ (жұмыр) іздерін қалдырады. Динамикалық іздерге кесілген, шабылған,  үйкелген  жəне  т.б.   іздер   жатады. Көлемді іздер дегеніміз – із қалдырушы объектінің із қабылдаушы жұмсақ объектіде шұңқыр түрінде қалуы, яғни қабылдаушы объектінің деформацияға түсу (өз қалпын өзгерту) нəтижесінде пайда болған іздер. Мұндай іздерде ұзындығы, енімен қатар үшінші өлшем – тереңдігі көрсетіледі. Сондықтан осы іздерді зерттеу арқылы мəліметтерді көлемдірек түрде алуға болады. Мысалы: лайлы жерде қалған көлік құралының протекторларының іздері  жəне  т.б.  Беткі  қабатты  іздер  дегеніміз– тығыздығы жағынан шамамен бірдей (немесе із қабылдаушы объектінің тығыздығы көбірек) объектілердің бір-бірімен қатынасқа түсу нəтижесінде пайда болған іздер. Бұл іздер көлемді емес, беткі қабатты болып табылады. Мысалы: қол саусақтарының шыны бетіндегі майлы іздері, протектордың асфальтта қалған іздері, бояу жағылған еден бетіндегі аяқ киімнің іздері [2, 17 б.].

Беткі қабатты іздердің өзі екі топқа бөлінеді: қабатсыздану (отслоение) жəне қабатталу (наслоение) іздері. Қабатталу іздері – із қалдырушы объекті бөліктерінің із қабылдаушы объекті бетінде қалып қою нəтижесінде  пайда  болады. Байланысқа түскен  объект  беткі  қабатта өз белгілерін қалған бөлшектері арқылы бейнелейді. Мысалы: қол саусақтарының майлы іздері, қанаған қолымен есік, терезе бетін ұстау нəтижесінде қанға боялған іздердің қалуы жəне т.б.Қабатсыздануіздері–ізқалдырушыобъектінің із қабылдаушы объектінің беткі қабатынан бөліктерін өзімен алып кету нəтижесінде пайда болатын іздер. Мысалы: бояуы кеппеген еден бетінде аяқ киімнің қалған іздері жəне т.б. Локальды іздер дегеніміз – объектілердің беткі қабатының байланысқа түсуі нəтижесінде пайда болған іздер. Мысалы: аяқ киім ізі (көлемді немесе беткі қабатты) мен жер  (топырақ) бетінің байланысқа түсуі кезінде өзгеріске ұшырауынан пайда болады, бірақ іздің жанжағындағы беткі қабат өзгеріске ұшырамайды. Перифериялық іздер – керісінше байланысқа (контактіге) түсетін объект жиектерінің сыртындағы өзгерістердің нəтижесінде пайда болған іздер. Мысалы: сыртқы беті шаң болған аяқ  киімнен  таза  еден  бетінде   қылмыскердің жүруі кезінде шаң аяқ киімнен сырғып түсіп, аяқ киім жиектерінің сыртындағы табан конфигурациясын қайталайтын із еден бетінде қалуы арқылы пайда болады. Көріну дəрежесіне байланысты іздер: көрінетін, əлсіз көрінетін (нашар) жəне көрінбейтін болып бөлінеді. Көрінетін іздер арнайы əдістерді қолданбай-ақ қарапайым көзге көрінеді. Əлсіз көрінетін іздер немесе көрінбейтін іздер – із қабылдайтын объектінің түсі тасаланып өзгеруі (қолайсыз жағдайлар) немесе түскен із көлемінің шағын көлемді (микро іздер, микро бөлшектер) болуы негізінде пайда болады [3, 168-174 бб.]. Нашар көрінетін немесе көрінбейтін іздерді арнайы жарықтандыру əдістерін қолданып немесе іздің түсуі мүмкін беткі қабатқа əртүрлі заттармен механикалық немесе химиялық зерттеу арқылы тауып айқындауға болады. Іздерді табу, бекіту жəне алу əдіс-тəсілдер іздердің қай категорияға (яғни көлемді немесе беткі қабатты ма, көрінетін немесе көрінбейтін бе) жататындығына байланысты таңдап алынады. Оқиға болған жерде ізді іздеп таппас бұрын оның жағдайымен танысу керек. Ол үшін оқиға болған жердегі жекеленген заттардың жағдайы мен орналасуын анықтап зерттеу қажет; қылмыскердің келуі мен кетуі мүмкін жолдарын анықтау керек; қандай заттарды қолмен ұстағанын, орнын ауыстырғанын жəне т.б. мəселелерді шешу қажет. Осы мақсатта көзімен көрушілер мен жəбірленушілердің жауаптарын оқиға болған жерді шолып қарауының нəтижесінде қолданылады [3, 170 б.].

Іздерді  табу,  бекіту   жəне   алудың   жалпы ережелері. Көптеген іздер, мысалы: аяқ киімнің көлемді немесе боялған іздері, бұзу құралдарының іздері, көлік құралдарының іздері жай қарау кезінде анықталады. Ал ұсақ іздерді табу үшін əртүрлі үлкейткіш шынылар (лупалар) қолданылады. Егер із түсі бойынша қабылдау объектісінің түсімен бірдей болып бірлесіп жатса, оны айқындап табу үшін жарықфильтрлері, ултракүлгін жарықтандырғыштар қолданылады. Табылған іздерді ең алдымен фотосуретке түсіреді. Ізді табылған объектімен  бірге,  содан соң іздің өзін жеке (детальды, масштабты) түсіріп алады. Түсірілімді масштабты фотосуретке түсіру ережесін қолдану арқылы жүзеге асырады. Бекіту əдісі ретінде ізді суретке салып алу əдісі қолданылады. Салынып алынған схемада маңызды белгілерді көрсетуге мүмкіндік береді.  Оқиға  болған  жерді  қарау  хаттамасына тіркелетін жоспарда іздердің орналасуы көрсетіледі [4, 93 б.].

Іздерді бекітудің бірден-бір негізгі əдісі тергеу əрекетінің хаттамасында сипаттау болып табылады.  Ең  алдымен  із  табылған  тұрғынүй, ғимарат,  ашық  жерлер,  заттар сипатталады, содан соң іздің бейнеленуіне, табылуына, сақталуына əсер ететін ізді тікелей қабылдаған объектілердің беткі қабатының қасиеті мен жағдайы көрсетіледі. Сонымен қатар хаттамада объектіде іздердің орналасу жағдайы (бірнеше іздер болса, өзара орналасу жағдайын), іздердің белгілері: пішіні, өлшемі, детальдары сипатталады. Əсіресе ерекше белгілеріне көңіл бөлінеді. Хаттамада ізді табу, бекіту жəне алу əдіс-тəсілдері мен құрал-жабдықтары көрсетіледі. Хаттаманың қорытынды бөлімінде қандай іздер алынғаны, олардың қалай буып-түйілгені жəне қайда жіберілгені сипатталынады [5]. Ізді объектімен бірге алу мүмкін болмаған жағдайларда (үлкен қолайсыз болуына, ерекше құнды болуына   байланысты) іздің көшірмесі, құймасы алынады. Ізі бар объектілер немесе із көшірмелері буып-түю орауыштары ізге тимейтіндей етіп орналастырылады. Əсіресе қол саусақтарының іздері бар тез сынып қалатын заттарды (бөтелке, стакан жəне т.б.) мұқият буып-түю қажет. Оралынған объектіге мөр қойылып, түсіндірме жазбалар жазылады. Онда: кім, қашан, қандай іс бойынша заттай дəлелдемелер алынғаны көрсетіледі. здерді криминалистикалық тұрғыдан зерттеудің негіздерін криминалистер халықтық із кесуші дағдыларын жаратылыстану жəне техникалық ғылымдарымен біріктіру арқылы құрған болатын.

Іздің жалпы ұғымына қылмыстарды тергеу саласында қазірге дейін өте кең түрдегі анықтамалар берілуде, мұнда із деп негізінен бақылау, тану, қарау, артынан еру, ізіне түсу жəне т.б. мақсаттарға негізделумен белгілі бір нысанды, қандай да бір құбылыстарды, оқиғаларды жəне т.б. анықтауға арналған кез келген заттар, өзгерістер түсініледі.

 

 

 

Əдебиеттер

 

  1. Белкин Р. С. Криминалистика: проблемы сегодняшнего дня. – Москва: Норма, 2001. – 240 с.
  2. Мозговых Г.А. Криминалистическая характеристика преступления. -Алматы: Дəнекер, 2002. – 146 с.
  3. Арсеньев В.Д. Особенности исследования следов металлизации, образованных на тканях колюще-режущими орудиями. //Сб. Применения физико-химических методов и ЭВМ в исследованиях объектов судебной экспертизы. – Москва,1988. – с. 168-175.
  4. Тапалова Р.Б. Методы электронной микроскопии в судебной экспертизе. – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 135 с.
  5. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі. – Алматы: Жеті жарғы, 2013. – 140 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.