Құқықтық мəдениет жалпы мəдениеттің ажырамас бөлігі ретінде, оның бастауының сипаты, дамуының көрінісі, халық менталитетінің жаршысы болып келеді. Ұзақ уақыт бойы əлеуметтік ғылымдарда адам ақылға, тарихтың кейбір заңдылықтарына бағына отырып əрекет етеді деп есептелді. Ал оның түйсіктік, эмоционалдық тараптарына назар аударылмады.
Үлкен топтарға, қоғамдық құрылымдарға, кластарға көп көңіл бөлінді. Бұл қоғамның атомдық бірлігі индивидке еш көңіл бөлінбеді десек те болғандай. Ішкі дүниені зерттейтін белгілі бір категориялар болды, мысалы: «ойлау жүйесі», «дүниені сезіну», «таптық сана», «ұлттық сана»,«əлеуметтік құқықтық сана». Марксистік ілім əлемге индивидуалдық көзқарасты мойындамады. Бұл тұжырымдамада ғылымда қалыптасқан детерминизация негізге алынады: əрбір адам өз əрекетімен, психологиялық қалыптармен, басқа да техника-экономикалықтан бастап əлеуметтік топтықтан аяқталатын сыртқы факторлармен детерминацияланған. Яки адамдық əрекеттің детерминациясы əлеуметтік орта, топ арқылы қалыптасады. Бұл процесс адамның психологиялық дамуын, генетикалық деңгейде берілетін санасын, есепке алмайтынын айта кету қажет.
Əлеуметтік факторлар адамның мəдениетін, оның ішінде құқықтық түрлілігін анықтайтын жалғыз фактор болып табылмайды. Адамдық мазмұнды санасыз түрде, психикалық деңгейде қалыптасатын сезім, идея, сенім, дəстүр, салт, сана əдеттері, əрекет автоматизаторларынсыз елестету мүмкін емес. Ұлттық параметрлермен шектелетін, адамның психологиялық саналық ерекшеліктері «менталитет» терминімен беріледі. Соңғысы тереңде жатқан, адамның əлеуметтік құбылыс, құқықтық құбылыстарға табиғи, шынайы, қатынас қабілеттері болып келеді. Сондықтан да адамдық өркениеттің əрі қарай дамуындағы өзгерістер адамның индивидуалдық сана деңгейіндегі өзгерістеріне байланысты болады.
Құқықтанудың ұлттық ерекшеліктерін «Данинос мысалы» қарапайым деңгейде түсіндіріп бере алады. Америкалық жаяу жүргінші кадиллактағы миллиордерді көрген кезде өзі де сол каддиллактың рөліне отыратын күнді армандайды. Ал француз жаяу жүргіншісі оны орнынан алып тастап, оның да «басқалар» сияқты жүретін күнін армандайды [1].
Құқықтық мемлекеттің құрылуын азаматтық қоғамның құрылуымен тығыз байланыстыра аламыз, ол кезде адам көбірек индивидуалданып, оның автономиясы кеңейеді. Дербес топтық құрылымдар еркін орнай бастайды. Сондықтан да ғылым адам санасы мен психикасында жүріп отыратын процестерді зерттеуге көп көңіл бөлуі қажет. Бұрын ғылымдарда объективті көзқарас субъективті көзқарастан басым тұрса, бүгінгі таңда олардың арақатынасы теңелуде. Сондықтан құқықтық мəдениетті объективті зерттеу үшін оның субъетивті бөліміне де көңіл аудару қажет. Өйткені ол кейде, оның иесінің еркінен тыс оның əрекетінің басты қозғаушысы болып табылады. Осы саналық құбылыстар менталитетті құрайды.
Құқықтық мəдениеттің этнотарихи негіздерін жоюдың алдын алатын тұлғаның сау рухани құқықтық санасын қалыптастырып, бекітіп, оның жақсы қасиеттерін дамыту қажет. Жеке адамның құқықтық мəдениетіне қоғамның құқықтық мəдениеті тікелей тəуелді. Өз кезегінде, құқықтық сана мен құқықтық мəдениет халық менталитетіне сүйенуі қажет.
«Менталитет» ұғымы өз бастауын латынның mensақыл, ойлаудегенсөзіненшығады. Көптеген Еуропа тілдерінде бұл сөз XIX ғасырдың ортасындағы əдебиеттерде көп қолданылады. Шетелдік ғалымдардың түсінігінде, менталитет адам туралы көзқарастар, оның əлемдегі орны, сезім, симпатия, антипатиядан тұрады. Бұл көріністер мен сезімдер логикалық систематизацияға, талқылауға түседі. Олар көбіне санаға емес, түйсікке қатысты болып келеді. Егер сана адамның ойлауын қадағаласа, менталитет оның əрекетін қадағалайды.
«Үлкен энциклопедиялық сөздікте» менталитет «жеке адамға немесе қоғамдық топқа тəн сана қабілеттері, ойлау үлгісі, рухани қалыптары» деп берілген [2].
«Mentalite» – термині саясиланған Еуропа қоғамында ойлау ғылымы саласында түбегейлі өзгерістер орын алған кезде туындады. Осы кезде «сана» мен «ақыл» бір түсінік емес екендігі мойындалды. Сана тек ақылды емес, сонымен қатар адамның ойы мен эмоцияларының көзі болып келетін терең жəне жасырын бір құрамдас бөлікке ие екендігі анықталды. Бұл құрамдас бөлік «менталитет» деп аталды.
Бұл терминнің ғылымдық айналымға кірігуі оның идеологиялық құрылым, қоғамдық пікір, саясаттан тəуелсіз бола алатындығын көрсетті. Бұл түсініктің құрылымын білу үшін мазмұнын түсіну қажет. Сондай-ақ азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құрудағы рөлін білу қажет. Менталитетті зерттеу үшін, адам мəселесін зерттейтін барлық əдістердің бірігуін талап етеді. Мұнда ең тиімді əдіс құрылымдық функционалдық əдіс бола алады. Менталитеттің ойдан айырмашылығын қарастыра отырып, көптеген құрамдас бөліктердің жиынтығы, үйлесімі деп алу қажет.
Менталитет, бір жағынан, адамның барлық индивидуалдық қасиеттерін қайталай отырып, екінші жағынан, оның тұлғалық қайталанбастығын көрсетеді.
Менталитеттің бағдарламасынан қоғамнан индивидке берілетін үш негізгі бағдарламаны айрықша атап өтуге болады: түрдің дамып, сақталуы; өз ұрпағын дамытып, сақтау; өзінөзі сақтау жəне дамыту. Осы үш бағдарлама да адамдардың санасы мен тарихи практикасында бар.
Бірінші бағдарлама осы əлемдегінің барлығының өзара байланыстылығы, тұтастығына қатысты. Оны космоорталықтық мəдениет деп атауға болады.
Екінші бағдарлама өз ұрпағын, жекелеген топты, қоғамды сақтау жəне дамытуға қатысты болып келеді.Мұнда негіз ретінде ұжымдық үлгі – халық, топ, ұлт бейнесі алынады. Бұл социоорталықтық, ұжымдық менталитет. Мұндай менталитет қазақ халқына тəн болып келеді.
Үшінші бағдарлама басымдық ретінде индивидтің құқықтары мен еркіндігін көрсетеді. Ол өмірінің мақсатын соларды қорғау деп бекітеді. Бұл менталитет түрін антропоорталықтық немесе эгоорталықтық деп көрсетуге болады. Эгоцентрлік менталитет тұлғаның өзін-өзі қалыптастыруына, басқаларға билік етуге бағытталған. Бұл менталитеттің негізі əрбір адам өз бақытының шебері, ал бақыт иелікте деген тұжырымдамаға келеді. Бұл индивид айналысқан іспен айналысқан адамның барлығы оның бəсекелестері болып табылады.
Эгоорталықтандырылған менталитет индивидуализация процесін күшейтеді, ол ой, эмоция, əрекетке бағытталады. Алайда жалғыздық орнап, тыныштық кетеді. Өйткені өзгелерге өгейлік сезіле бастайды. Басқалардан бұлай бөліну «изоляцияға» алып келуі мүмкін. Қоғаммен қатынасты жоғалту еркіндікті күмəн ұясына айналдырады. Осы кезде адамдармен байланыстың жолын іздеп, еркіндікті де құрбан етуге дайын болады. Бұл менталитет еуропалық мемлекеттерге тəн.
Қазақстандық қоғамның демократиялық қоғамға өтуі, оның азаматтарына тұлға құқығы мен еркіндіктерін əкелуде. Азаматтық қоғамның мақсаты да осы. Осы тұста оның негізгі өмір сүру құқығы, ой, сөз, ар-ождан бостандығын қорғайтын қорғау механизмдерін жасақтау қажет болады.
Менталитет төмендегілерден тұратын күрделі құбылыс болып келеді: ойды жеткізетін құрал ретіндегі тіл, жас буынның жоғары буынға қатынасы, адамдар мен басқа ұлттар арасындағы қатынас, халықтың рухани қызметі; салт-дəстүр; діни көзқарастар; табиғат пен адамды қабылдаудың ерекшеліктері; материалдық өндіріске қатысты адамның өз күшін тануы.
Əрбір халық, əрбір ұлт мыңжылдықтар бойы қалыптастырған өз менталитетіне ие. Осы орайда, А. Сейдімбеков пен Д. Кішібековтің қазақ халқының менталитетінің ерекшеліктері қарастырылған монографиялары назарда ұсталуға тиіс [3].
Биологиялық ерекшеліктер де адамның менталитетіне байланысты. Б.С. Волков адамның биологиялық ерекшеліктері оның менталитетінің қалыптасуына əсер береді дейді. Бұл тұлғаның физикалық жəне рухани ерекшеліктерінің өзара əрекеттесуінен, өмірдің əлеуметтік шарттары мен тəрбиеге байланысты туындайды [4].
Н.А. Стручков былай дейді: тұлға əрекетінің физиологиялық негізі жүйке жүйесінің туылғаннан қалыптасқан қасиеттері болып табылады. Олай болса, тұлға қасиеттерінің мұраға берілетіндігі жайлы да сөз қозғауға болады [5].
Биологиялыққасиеттердіңадамныңəрекетіне əсер ететіндігі туралы сұрақ өте күрделі жəне оған қазіргі күнге дейін жауап табылған жоқ. Тарихи жəне логикалық планда бұл оны үш кезеңге бөліп, үш деңгейде қарастыруға болады.
Бірінші, үстіртін, олорганизмнің мұрагерлік қасиеттері мен адам əрекеті өзара байланысты ма, жоқ па деген сұраққа ғана жауап береді. Заңдық əдебиеттерде бұл сұраққа жауап оң болып табылады [6].
Екінші деңгей, адам организмі дамуына, психологиялық процестерге, əрекетіне əлеуметтік, биологиялық үлестердің қаншалықты екендігін анықтайды [7].
Үшіншісі, əлеуметтік, биологиялық, мұраға алған пайымдарды өзара салыстыру болып табылады. Олардың бір-бірімен нақты қарым-қатынастары да осы сатыда қарастырылады [8]. Адамның əлеуметтендірілген тұжырымдамасына қарамастан, қоғамдық ғылымдарда сананы, оның адамның əрекетіне əсерін зерттеуге ұмтылған əрекеттер орын алған. Менталдылық мəселесін зерттеген ғалымдардың бірі ғалым медиевист Арон Гуревич ойдың стереотиптері мен əдеттерін қарастыра отырып, «ойлаудың автоматизмдері» ұғымын қолданады [9].
«Менталитет индивидуалды жəне қоғамдық сананың деңгейі... тірі, өзгергіш, дегенмен сол қоғамға тəн, мəдени дəстүрлердің терең аймақтарына сүйенетін өмірлік қалып, əрекет үлгілері, эмоция, көңіл-күйдің константалары бар...» [10].
М. Рожанскийдің пікірінше, mentalite ұғымы XX ғасырдағы батыстың интеллектуалдық өмірінде ақылдың санаға теңестірілуі ретінде қалыптасты. Mentalite – cаналылық пен санасыздықтың, логика мен эмоцияның жалпы бір сипаттамасы, терең, сондықтан да түсіндіруге қиын ой, идеология, сенім, сезім жəне идеологияның қайнар көзі. Ол əлеуметтік өмірмен байланысы бар, тарихи тұрғыдан да, əлеуметтік тұрғыдан да өз тарихы бар болып келеді [11].
Игорь Клямкин қандай да бір тарихи кезеңнің «басымдық етуші тұлға типі» мен «бағытталған тұлға » терминін қолданады [12].
Автор осы терминдерді қолдана отырып, 1929-34 жылдары Кеңес Одағында қалыптасқан бұйрық əкімшілік басқару жүйесі «басымдық етушітұлғаға» жауап беретінболған. Мұндаавтор құқықтық менталитет практиканы көрсетіп қана қоймай, индивидтердің əлеуметтік əрекеттерін де детерминациялайтынын жеткізуде.
Бір əлеуметтік тұрақты топтың, яки белгілі халықтың даму тарихын зерттейтін болсаң, бір бірлікті байқайсың. Бұл орыс халқына да тəн болып келеді, бұған қатысты Н.А. Бердяев те өз пікірін білдіреді [13].
Дамудың кез келген сатысында халықтың менталитеті белгілі бір бірлікті сақтап тұрады. Менталитет дегеніміз – бір этносқа немесе тұрақты əлеуметтік топқа тəн ұжымдық əрекет, қызмет, түрлі жағдайларға эмоционалдық жауап.
Этнос та, қоғам да, индивид те менталитетті өз қалаулары бойынша өзгерте алмайды. Əлбетте, бұл менталитет қатып қалған, өзгеріссіз дегенді білдірмейді. Менталитет өзгереді, алайда ол субъект тарапынан емес, көптеген факторлардың əсерімен орын алады. Индивидтің өзіне тəн индивидуалды реттегіш мəнді саласы бар, алайда менталитет оны тайпаластарымен, класс бойынша ағайындарымен байланыстыратын нəрсе. Сондықтан да менталитет саналы түрде салынған күштен өзгере қоймайды. Қазақ менталитетінің көшпенді өмірден қалыптасқан ерекшеліктері рухани ұжымдастық, өзара түсіністік, өзара көмек, өзара құрмет, ұжымдық жауапкершілік болып табылады. Ал еуропалық мемлекеттер менталитеті болса, индивидуализмге негізделген. Сондықтан бұл екі менталитетті теңестіруге болмайды. Біздіңше, биосфералық,табиғи-климаттық, ландшафтық, геосаяси шарттар менталитеттің ерекшеліктерін қалыптастырады. Ал олар өз кезегінде белгілі бір халықтың шаруашылықтұрмыстық құрылымына, əдеттеріне, дəстүріне əсер етеді. Осылайша, ол оның дүниетанымының ерекшеліктерінде, оның «əлемінің айнасын»қабылдауында шешуші фактор болып келеді.
«Əлемнің айнасы» термині алғаш рет австриялық философ Людвиг Витгенштейн тарапынан «Логика-философиялық» трактатында айналымға енгізілді. Ғылымда бұл термин шынайы тұрмыс жайындағы интуитивті түсініктер жүйесі аталады. Психопсихологиялық кез келген бірліктің ұлт немесе этнос маманданға топтан жекелеген тұлғаларға дейін олардың«əлемінің айнасын» суреттеуге болады. Əр тарихи кезеңнің өзіне тəн «əлемінің айнасы» болады. Сонымен қатар бүкіл əлемнің де «əлемінің айнасын» елестетіп көруге болады, бірақ ол тым абстрактілі болмақ. Əрбір халықтың нормалар мен құндылықтар, жақсылық пен жамандық туралы түсініктері бар, бірақ əр халықта ол əртүрлі. Менталдылықты оның нақтылықтан алыстығы, қалыптаспағандығы, аяқ астылығы ерекшелейді. Ол аяқ асты əрекеттерде, аффекттерде көрініс табады. Ол əрекеттің нақты сызбасына емес, бейсана əрекетпен де сипатталады. Гуревич былай дейді: «Біз менталитет жайлы сөз қозғағанда саналы бір əрекет, қалыптасқан идеялар мен қағидалар жайлы емес,олардың мазмұны жайлы сөз қыламыз» [14].
Менталитет – барлық халыққа жəне оның индивидтеріне тəн қасиет. М.С. Орынбеков: «менталитет – қоғамда ұжымдық түрде қалыптасатын ойлау жəне əрекет құрылысы, ол қоғамның барлық мүшелерінде бар жəне индивидуалдық деңгейде көрініс табады», – дейді [15].
Менталитеттің ерекшелігі,субъект оның бар екендігін, оның тасушысы болып табылатындығын сезбейді. Менталитет – тек зерттеушілер үшін ғана емес, оның тасушылары үшін де жасырын, құпияға толы құбылыс. Ол адамның еркінен тыс, тəрбие, тіл, мəдениет, дəстүр, дін, əлеуметтік құрылым, өмірлік үлгі, яки қоршаған орта негізінде қалыптасады. Мұнда И.В. Кондаковтың «менталитетті»«əлемінің айнасы» ұғымымен алмастыруға болады, алайда соңғысын елестетіп көруге болады, ал алғашқысын бастан кешіріп, эмоциямен түсіну керек [16].
Менталитеттің саналы идеологиядан айырмашылығы кез келген адамға тəн. Жалпы адам нақты өмірлік ұстанымға ие болмауы мүмкін, алайда менталитетсіз адам болмайды. Сондықтан дəл осы менталитет оның барлық əрекеттеріне бастау болады деп айтуға болады.
Менталитет консервативті, ол көптеген жалпы реакцияларды, əрекеттерді, қалыптардың бастаушысы. Көптеген саяси қайраткерлер жеңісінің себебін сараптасақ, көпшілік санасын манипуляциялау, менталитетпен жұмыс жасай білу екендігіне көз жеткіземіз. Қандай да бір қайраткердің ұсынысы «түйсік түбіндегі ойларға» сəйкес келсе, реформалардың жеңіске жетуі сөзсіз болып келеді.
Бүгінгі таңда посткеңестік кеңістікте батыстық институттарды орнықтыруға кедергі болып отырған осы жетпіс жылда қалыптасқан коммунистік менталитет əсері болуы да мүмкін. Сондықтан да құқықтық мемлекет құру тек жаңа құқықтық база мен экономикалық негіздерге ғана емес, қоғамның менталитетін өзгертуге де байланысты болып отыр. Дəл осы менталитеттің керітартпа əсерінен бүгін де жүзеге асырылып отырған реформалар нəтижесіз болуда. Елбасымыз, Ұлт Көшбасшысы Н.Ə. Назарбаевтың пікірінше, «дамуға кері əсерін тигізіп отырған коммунистік рухта пісіп жетілген менталитетіміз болып отыр. Адамдарға субъективті де, объективті де факторлар əсер етеді, орын алып жатқан өзгерістерге олар өте жай үйренеді, өз мəселелерін шешуде мемлекетке əлі де болса иық артады. Мұндай көзқарас пен пікір оларды ерік-жігерінен айырып, қиындықтармен күресу күштерін жояды.
Жаңа үкіметтің өзі де оның рөлі адамдар үшін шешім шығару емес, керісінше, еркін азаматтар мен жеке сектор өздері жəне отбасылары үшін тиімді шараларды жүзеге асыра алатын жағдайды қалыптастыру екендігін жете түсінбеуде. Жалпы сананы жаңа құндылықтар жүйесіне жақсы бейімделген жастарға сүйене отырып асықпастан өзгерту керек.
Мемлекет адамдардың ойын бір мезетте өзгерте алмайды. Алайда ол бұл процесті жеделдетуге септі бола алады: объективті тенденцияларды түсіндіру, маңызды ақпаратты халыққа жеткізу, əлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыру. Адамдарда жаңа көзқарас қалыптасқанша көп уақыт кетеді» [17].
Бұдан аз бұрын мемлекеттік құқықтық қызмет мемлекеттің басу, күштеу концепциясына негізделген болатын. Көптеген мəселелер мақсатты, тіке əсер ету арқылы жасалды. Осыдан халық санасында құқық оны биліктен қормайды, керісінше билік құқықты халықты басу жəне қоғамға қажеті шамалы бағдарламаларды жүзеге асыруда құрал ретінде пайдаланады деген пікір қалыптасқан. Құқық индивидтерді биліктің бейберекет əрекетінен қорғайтын мəртебесінен айрылып қалды.
Біздің ойымызша, «құқықтық менталитет» жəне «құқықтық мəдениет» ұғымдары бөлек ұғымдар болып келеді. Құқықтық менталитет – тұрақтырақ, оңай өзгермейтін ұғым. Ол бір территорияда тұрып түрлі тарихқа ие болған құқықтық сана ерекшеліктерінің терең сипаттамасы болып келеді. Ал құқықтық мəдениет болса, кең, динамикалық, халықтың тек психологиялық ерекшеліктерін ғана емес, қоғамдық қатынастарды реттеудің нақты құқықтық құралдарын да қамтиды.
Құқықтық менталитет құқықты жасауда, оны жүзеге асыруда реттеуші рөл атқарады. Индивидтердің, ұлттық жəне басқа да əлеуметтік топтардың, мемлекеттің барлық тұрғындарының əрекетіне əсер етеді. «Құқықтық менталитет» термині өз мазмұны бойынша тек құқықтық мəдениет құндылықтарын ғана емес, халықтың құқыққа қатысты психологиялық, рухани жағдайын да сипаттайды. Осыдан менталитет табиғи жəне əлеуметтік шарттасқан компоненттер негіздерінде туындап, адамның қоршаған əлем жайындағы көрінісін аша түседі.
Құқықтық сана құқықпен байланысты қалыптасқан жағдайды субъектінің қабылдауы болып келеді. Адамдардың құқық жайындағы білімдері, ол жайындағы түсініктері адамның индивидуалды практикасының нəтижесі емес, ол құқықтық əлеуметтену барысында тұлғаның əлеуметтік ортадан сіңіретін бөлшегі.
Құқықтық əлеуметтену барысында алынған білім, оны интуитивті сезіну, бағыттау, құндылықтар мен қалыптар құқықтық менталитетті, жалпы құқықтық құралды құрайды. Ол арқылы адам табиғи, əлеуметтік ортаны жəне өзін танып біле алады.
Құқықтық мəдениет пен құқықтық сана феноменін объективті зерттеу үшін тарихи шарттасқан əрекеттерді, құқықтық əрекет үлгілерін, құқықтық қалыптарды қарастыру керек, олар өз кезегінде, əлемді сезіну, көру, түсіну, яки құқықтық менталитетпен байланысты. Құқықтық менталитет мызғымастығы жəне консервативтілігімен белгілі. Құқықтық мəдениет өмірінде бұл екі жақты рөл ойнайды: прогрессивті жəне регрессивті. Бірінші жағдайда құқықтық менталитет нормативті реттеудің өзгертілмес қорғаушысы. Дəл осы консервативтілік алдыңғы ұлттық жəне əлемдік құқық дəстүрінде бар болған ең жақсы тұстарды сақтап, көбейтуге мүмкіндік береді. Біздің пікірімізше, қазақ халқы өзінің құқықтық менталитетінің консервативтілігінің арқасында халық ретінде сақталып қалды.
Құқықтық консервативтіліктің жағымсыз тұстарына келетін болсақ, ол заңдық құндылықтарды жаңа қоғамдық қалыптасқан жағдайларды үнемі есепке ала отырып жүзеге асырады деп айта алмаймыз. Осылайша, социалистік құқықтық мəдениеттің позитивті потенциалы өзіндегі «негативті» жеңіп шыға алмады. Сондықтан да социалистік құқықтық сананы түбірімен жойып, оны адамгершілік, демократиялық көзқараспен алмастыру қажет.
Қоғамның құқықтық мəдениетінің онтологиялық жəне аксиологиялық мəртебесі құқық рухында, құқық сезімінде, рухани дамыған құқықтың этникалық идентификациясында жатыр.
Əдебиеттер
- Смирнов В.П. Франция: страна, люди, традиции. – М.: Мысль. – 1988. – С.
- Большой энциклопедический словарь. Гл. Ред. А.М. Прохоров. Изд. 2-е. – М.: Научное издательство «Большая российская энциклопедия». – 1998. – С.
- Кiшiбеков Д. Қазақ менталитетi: кеше, бүгін, ертең. – Алматы: Ғылым, 1999; Сейдiмбеков А. Сонар. – Алматы: Жалын,
- Волков Б.С. Детерминистическая природа преступного поведения. – Казань, – С. 80, 85–86.
- Стручков Н.А. О механизме взаимного влияния обстоятельств, обуславливающих совершение преступлений // Советское государство и право. – 1966. – № – С. 115.
- 6 Криминология. – М., 1979. – С. 108.
- Сеченов И.М. Рефлексы головного мозга. – М., 1952. – С.
- Кудрявцев В.Н. Причинность в криминологии. – М., 1968. – С.
- Гуревич А. “Жизнь после жизни” или нечто о современности и средневековье // Знание – сила. – 1990. – № – С. 56.
- Гуревич А. Ментальность // Опыт словаря нового мышления. – М., 1989. – С.
- Рожанский М. Ментальность // Опыт словаря нового мышления. – М., 1989. – С.
- Проблемы комплексного изучения человека // Философские науки. – 1988. – №
- Бердяев Н.А. Истоки и смысл русского коммунизма. – М., 1990. – С.
- Гуревич А.Я. Исторический синтез и школа “анналов”. – М., 1993. – С.
- Орынбеков М.С. Казахстанская философия в канун ХХI века. – Алматы, 1998. – С.
- Кондаков И.В. Введение в историю русской культуры. – М.: АПЕКТ ПРЕСС, 1997. – С.
- Назарбаев Н.Ə. Қазақстан – 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі жəне əл-ауқатының артуы: Елбасының Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы: Бiлiм, 1998. – 19-20 бб.