Ұжымдық шарттың даму кезеңдерін бірнеше бастапқы жəне соңғы кезеңдеріне бөліп қарауға болады, яғни əртүрлі бірнеше нормативтікқұқықтық актілерін қабылдауына байланысты.
1-кезең ұжымдық шарттың даму кезеңі.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында ұжымдық шарттың заңи əлеуметтік-экономикалық мəнін ең бірінші болып зерттеген француз ғалымы Б. Рено, неміс ғалымы Лотман жүзеге асырды. ХХ ғасырдың аяғында орыс ғалымдары И.С. Войтинскийдің екі мақаласында жəне Л.С. Таля өз баяндамасында «азаматтық құқықтың институты ретінде тарифтік (ұжымдық) шарт» [1].
1900-1918 жылдары ұжымдық шарттың ең алғашқы арнайы құқықтық негіздері қалыптасты.Сол жылдары еңбек құқығы саласы болмағандықтан ұжымдық шартты азаматтық шарт негізінде қарады.Бірақ ғалымдар бұл шартты қай салаға жатқызуына қиналды. Кейбір ғалымдар топтық еңбек шарты деп қараса, ал кейбірі əлемдік шарт деп қарады.
Л.С. Таль арнайы шарттың құрылымын, яғни онда бұл шарттың өзге азаматтық шартпен байланысы жоқ екендігін көрсетті жəне қоғамдық қатынасты реттейтін қажетті заңнамаларының сипатын анықтады.
Л.С. Тальдің пікірінше ұжымдық шарт – топтық немесе оның қызметкерлерінің одағы жəне жеке жұмыс берушілердің одағы, яғни болашақта жасалатын қызметкер мен жұмыс берушілерінің арасында жасалатын шарттың мазмұны.
Л.С. Тальдің пікірінше, ұжымдық шарт келесі белгілерден тұрады:
а) бір тарабы ретінде ұжым;
б) ұжымдық шартында болашақтағы еңбек шарттарының келісімдері анықталады;
в) бұл жағдайлар еңбек шартындағы жағдайды анықтайды.
Ұжымдық шарттың мазмұны еңбек жағдайлары болып табылады.
Осы уақыттан бастап ұжымдық шарт құқықтық нормативтік сипатқа ие болды.
Сонымен қатар көптеген ғалымдардың ой-пікірі ұжымдық шарттың заңнамасында бекітілді.
1904 жылы желтоқсан айында Ресей елінде ең алғаш рет ұжымдық шарт мұнайгаз кəсіпорында жасалған. Осы ұжымдық шарттың тараптары ретінде Баку еліндегі мұнайгаз қызметкерлері жəне бір жағынан, қызметкерлер болды. Бұл кезең Ресей еліндегі ең алғашқы еңбектік ұжымдық шартты реттейтін қатынасы болып табылды.
1904-1917 жылдар аралығында жеке мекемелерде ұжымдық шарттарды бекіту кезеңдері басталды. Қазан төңкерілісіне дейін Ресей елінде жұмысшылардың жеңісіне қарамастан ұжымдық шартты жасау əлдеқайда төмен болды.
Осы төңкерістен кейін көптеген кəсіпорындарда еңбек қатынасын реттеуде ұжымдық шартты пайдалану нысаны пайда бола бастады.
1918 жылы екінші кезең басталды.Ұжымдық шарттың теориялық өңдеу негізі қоғамдағы қатынастарды құқықтық реттеуіне орын берді. Ұжымдық шарт туралы заңдар Германияда, Чехославакияда, Франция елдерінде көрініс табады. Жаңа экономикалық даму сатысында еңбек қатынасындағы ұжымдық келісімшартты қорғау нысанына ие болды. Шарт – көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтық икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы əртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дəлелденген. Шарттың негізгі міндеті – заң шеңберінде адамдардың əрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.
Шартты (contractus) рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде, құқықтық қатынастың өзі ретінде, ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады. Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде жəне басқа да елдердің азаматтық кодекстеріне тəртіптелген. Азаматтық кодекстің 378-бабына сəйкес, екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар міндеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату келісімі-шарт деп танылады. Мұндай айқындама шарт-мəмілені меңзейді. Сондықтан да осы баптың 2-тармағы мəміле нормаларына мынадай сілтеме жасайды: “шартқа екі жақты жəне көп жақты мəмілелер туралы ережелер қолданылады”. Сонымен бірге “мəміле” ұғымы “шартқа” қарағанда кең, өйткені мəміле бір жақты болуы мүмкін. "Шарт" термині азаматтық заңнамада əртүрлі мағынада қолданылды: өзінен міндеттеме туындайтын зандық факті ретінде; сол шарттық міндеттеменің өзі ретінде; шарттық міндеттемені рəсімдеген құжат ретінде. Шарт – құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтауына негіз болатын зандық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады [АКнің 7-бабы].
Осы қатынастардың субъектілік құрамына жəне мазмұнына байланысты жұмыскерлердің еңбектік, қызметтік құқықтары мен міндеттері заңнамаларға негіз қабылданатын басқа да нормативтік-құқықтықактілерге, шарттарға, ішкі (ұйымдық) локальдық актілерге (жарғыларға, бұйрықтарға, шешімдерге, ішкі еңбек тəртібі туралы ережелерге) негіз анықталады.
Пəндік нышанына байланысты, "азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары жəне қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі (АК-нің 1-бабының 1-тармағы). Сонымен қатар азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болу негіздері АК-нің 7-бабына, ал оларды жүзеге асыру əдістері осы кодекстің 9-бабымен анықталады.
Əрбір мемлекет барынша сол мемлекет аумағында өмір сүретін азаматтардың лайықты тұрмыстық жағдайларымен қамтылуын қамтамасыз етуге міндетті, соның құрамында жұмыссыздықты барынша тежеу, жұмыскерлердің еңбек ету кабілеттілігін сақтау жəне жетілдіру, өндіріс ортасында жұмыскерлерді зиянды өндірістік факторлардан қорғау жəне осы міндеттер шегінде олардың еңбек етуіне колайлы жағдайлар жасау міндетті халықаралық құжаттармен анықталады.
Осы аталған міндеттерді мемлекет нəтижелі əлеуметтік саясатты жүзеге асыру негізінде орындауға мүмкіндік алады. Осы саясаттың жаңа элементі (нышаны) ретінде анықталатын жаңа тұжырым "əлеуметтік қорғау" өзінің даму тарихымен танымал.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында қоғамның ең бір əлсіз қорғалған мүшелерінің – балалардың жəне аға ұрпақтың өмірін лайықты қамтамасыз ету бағытында бірнеше жоспарлық міндеттердің көлемі анықталады. 2005 жылдан бастап əлеуметтік қамсыздандырудың идеологиясы барынша қарапайым үш деңгейлік жүйесін қалыптастыруға бағытталған əлеуметтік реформаларды тереңдетудің үш жылдық бағдарламасын іске асыру жұмыстары қолға алынды. Олар, біріншіден I мемлекеттік кепілдік беретін негізгі əлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету; екіншіден, міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесін анықтау арқылы қосымша сақтандыру шараларын арнайы заңнамалар қабылдау негізінде қоғамға ендіру; үшіншіден əлеуметтік қайтарымды төлемдерге айналатын азаматтардың ерікті Н төлемдерін арнайы қорда топтастыру арқылы, мемлекет тарапынан анықталатын, бақылауға жəне қадағалануға алынатын, кепілдік берілетін қаржылық институттардың шеңберін анықтау. Міндетті əлеуметтік сақтандыру саласында мемлекеттік басқару органдарының жүйесі қолданыстағы жалпылық жəне арнайы, салалық нормативтікқұқықтық актілермен анықталады. Негізгі салалық құзіретті орган ретінде Қазақстан Республикасының еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау Министрлігі халықты əлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесін басқаруды жүзеге асырады. Министрліктің құзыреті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы №1132 "Қазақстан Республикасының еңбек жəне əлеуметтік қорғау Министрлігінің кейбір сұрақтары туралы" Қаулысымен анықталады [5].
Қаулының қабылдануына Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қарашадағы №1449 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан əрі жетілдіру шаралары туралы" Жарлығы негіз болды. Осы Қаулыға негіз мемлекеттік халықты жұмыспен қамту жəне əлеуметтік қорғау орындарының құрамы, өкілеттіктері анықталды. Еңбек жəне əлеуметтік корғау Министрлігінің негізгі өкілеттіліктері, осы Қаулыға сəйкес, мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын салалық міндеттіліктерді келесі топтарға бөлеміз:
1) халықты жұмыспен қамту; 2) халықты əлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;
3) жұмыскерлердің еңбегін, денсаулығын, өмірін қорғау шараларын анықтау жəне қадағалау.
Осы бағыттарда, əсіресе 2005 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының қабылдануына байланысты атқарылатын іс-шаралардың құрамында ерекше атап өтуді қажет ететін мəселе – ол жұмыспен қамтылған халықты (жұмыскерлерді) міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесі негізінде 1 қосымша сақтандырудың экономикалық, құқықтық механизмдерін анықтау жəне сақтандыру негізінде туындайтын қатынастардың көлемін, мазмұнын арнайы нормативтік-құқықтық актілер қабылдау арқылы құқықтық жүйеге ендіру мəселесі ерекше назарға алынады. Міндетті əлеуметтік сақтандыру жаңа жүйе ретінде келесі құзыретті мемлекеттік органдардың басқаруымен жүзеге асырылады [6]. Біріншіден, сақтандыру жарналарын міндетті əлеуметтік сақтандыру қорына өз уақытында төленуін бақылау құзыреті Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігіне, нақты аумақтық салық органдарына жүктеледі. Екіншіден, қордың кірісін (активін, түсімдерін) айналымға, табыс көздеріне салуды, сақтауды жəне есепке алуды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Үшіншіден, сақтандыру жарналарын жинақтау жəне олардың мониторингін ұйымдастыру қызметі Мемлекеттік Əлеуметтік сақтандыру қорымен жүзеге асырылады. Төртіншіден, сақтандыру жағдаяттарының орын беруіне байланысты міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына төленетін төлемдерді нақты уақытында төленуін Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі, оның аумақтық органдары (РМК – Мемлекеттік зейнетақы жарналарын жинақтаушы Орталық) жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сəуірдегі "Міндетті əлеуметтік сақтандыру туралы" Заңының 6-бабына негіз, азаматтарды міндетті əлеуметтік сақтандыру шаралары мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі. Міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесін мемлекет тарапынан құкықтық негізде басқарудың, реттеудің түпкілікті мəселесі – ол сақтандыру негізінде туындайтын құқықтық катынастардың субъектілік кұрамын, мазмұнын, реттеу объектісін анықтау арқылы жəне міндетті əлеуметтік сақтандыру міндеттіліктері негізінде туындайтын құқықтық қатынастардың басқа да азаматтық сақтандыру, залал келтіруден туындайтын міндеттілік институтынан айырмашылығын анықтау қажет. Сақтандыру міндеттілігі негізінде туындайтын қатынастар, əрқашан да жұмыскердің залалға шалдығу мүмкіндігімен анықталады. Азаматтық құқықтық негізде, адамға залал келтіруден туындайтын міндеттілік үнемі бір мезетте, залал келтіруден туындайды.
Əдебиеттер
- Иоффе. О.С. Советское гражданское право курс лекций. – Л.: Изд-во ЛГУ, 1958. – с.
- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі//Егеменді Қазақстан. – 2007. – 22 мамыр (өзгерістермен толықтырулар).
- Нургалиева Е.Н. Трудовое право, – 2005. – 25 с.
- Басин Ю.Г. Избранные труды по гражданскому праву. – Алматы, 2003. – 42 с.
- ҚР 2002 жылы 4 желтоқсандағы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" заңы.
- 19 желтоқсан 2003 ж. 9 «О некоторых вопросах применения судами законодательства при разрешении трудовых споров» нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан