Қазақстан мемлекеті халықтың, əрбір адамның жəне əрбір отбасының тіршілік сапасын көтеру барысында, əл-ауқатын жақсартуды көздейтін жəне оны белгілейтін демографиялық үдерістерге қатысты атқарушы жəне заң шығарушы биліктердің əрекет етуіне байланысты əлеуметтік мемлекетті құру жолында.
Қазіргі адамзат ауқымды əрі көлемді мəселелердің алдында тұр. Адамзаттың басынан көшіріп жатқан бұл кезең жаһандану кезеңі деп аталады. Бұл кезеңнің ерекшелігі ол қоғамның барлық салаларын қамтиды. Жаһандану үдерісі барлық халықтардың əлемдік нарыққа, саудаға, ынтымақтастыққа көшуімен пайда болды. Көптеген еңбектерде жаһанданудың пайда болуын экономикамен тығыз байланыстырады. Біздің ойымызша, ол тек экономика саласын қамтып қоймай, сонымен қатар саясатты, экологияны, əлеуметтік салаларды да қамтиды.
Елдің қазіргі жəне болашақтағы қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тығыз байланысты өзіне тəн белгілері бар:
- депопуляция жалпы мемлекеттік сипатта болады, себебі халық санының ұдайы өнімі көрсеткіштерінің түбегейлі өзгеруіне негізделген;
- депопуляция – ұзақ уақыттағы құбылыс жəне одан тез арада шығу үшін əлеуметтік-экономикалық жақсарту шаралары негізделмеген;
- депопуляция дамыған əлем елдеріне тəн халықтың тіршілік ету санының өсуімен емес, төмендеуіне негізделіп отыр;
- депопуляция елдегі демографиялық жағдайдың дағдарыстық екендігін көрсететін туылым көрсеткішінің төмен жəне өлім көрсеткіштерінің жоғары болуына негізделіп отыр.
Мемлекеттің демографиялық функциясы өз дамуында бірнеше кезеңді басынан өткізді:
- демографиялық функцияның мемлекеттің ішкі функциясының құрамдас бір бөлігі ретінде өмір сүруі жəне іске асуы. Бұл кезеңде мемлекеттің демографиялық функциясы туылымды, өлімді, көші-қонды, халықтың араласуын есептеуші, тіркеуші, бақылаушы рөлін ғана атқарады. Бұл кезең демографиялық функцияның бəсең, əлі күш ала қоймаған сырттан бақылау, араласпау, үнсіз таңбалау іс-əрекеттері арқылы іске асқан кезең еді;
- өз дамуының екінші кезеңінде бұл функция демографиялық үдерістерге тікелей араласып, оған мемлекеттің жалпы мəні мен саясатына сай іс-қимылдар жасауға тырысты. Айталық көші-қонды реттеуге, адам жасын ұлғайтуға жəне адам санын көбейтуге арналған шараларды іске асыруға тырысты;
- бұл кезеңнің ерекшелігі мемлекет демографиялық үдерістерді толығымен бақылауға алуға жəне басқаруға əрекет жасайды. Бұл кезеңде демографиялық хал-ахуал мемлекеттің демографиялық саясатының жəне оның демографиялық заңдарының іске асуының нəтижесі ретінде көрініс табады.
Заманның талабына сəйкес демографиялық проблемалар алдыңғы қатарға шығып, мемлекеттің басты проблемасына айнала бастады. Адами ресурстар (еңбек, көші-қоны), туылым көрсеткіштері мен өлім деңгейі қазіргі мемлекеттердің дамуына ықпал етуде. Мемлекеттің демографиялық үдерістерді реттеудегі рөлі күшейді. Ендігі ретте мемлекеттің əлеуметтік функциясының көлеңкесінде қалған демографиялық мəселелерді жеке мемлекеттің функциясы етіп қарастыратын кез келді. Біздің ойымызша, халық саны процесін басқару жəне тиімді демографиялық саясат жасау мемлекеттің міндеті.
Мемлекеттің бұл функциясы елдің демографиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Сонымен қатар мемлекет демографиялық сараптамалар жүргізу арқылы туылымды, өлімді, көші-қонды қатаң бақылауға алуы қажет, сонымен бірге аталған функция неке мен отбасы, ана мен баланың жағдайын көтермелеуге бағытталған қызметтерді қамтуы тиіс.
Аталған мəселе елімізде мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында бұрын соңды болмаған демографиялық қауіпсіздік ұғымын енгізуге мүмкіншілік жасайды.
Жалпылама анықтамаларға сəйкес демографиялық қауіпсіздік деп сыртқы факторлардың əсерінсіз халықтың ұдайы өсуімен мемлекеттік геосаясаттық мүдделерін адами ресурстармен қамтамасыз ету үшін жеткілікті болатын демографиялық үдерістердің жағдайын айтамыз. Демографиялық қауіпсіздік – ол жастық жыныстық, этникалық көрсеткіштеріне сəйкес мемлекеттің ұлттық мүдделеріне сай келетін мемлекеттің біртұтастығын, тəуелсіздігін, егемендігін сақтауды қамтамасыз ететін популяциялық қызмет етуі мен дамуы болып табылады.
Демографиялық қауіпсіздіктің ішкі жағы өмір сүруге ұмтылыс, қырылып өліп қалу, өзінөзі сақтау, жеткілікті түрде халықтың өсіпөнуі, демографиялық дамуы, демографиялық дағдарыс, депопуляция сияқты жəне т.б. анықтамалардан көрініс табады. Бұл жерде ең негізгі қауіптісі созылмалы жəне терең депопуляция нəтижесіндегі қырылып өлу шығар. Ал көші-қон үдерісі болса, популяцияның сақталуына емес, этносоциалды түрде өзгеруіне əкеліп соғады. Мұндай жағдайда белгілі бір уақыттан кейін елдің халқы этникалық жəне генетикалық тұрғыдан түбегейлі өзгере бастайды.
Демографиялық қауіпсіздіктің сыртқы жағы мемлекеттің аумағының халықпен қамтылуы, оның шекарасының қорғалуы, қауіпсіздік ыңғайымен қолдау, экономиканы жеке өзінің еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету жəне т.б. сияқты адами (көшіп-қону, еңбек) ресурстардың жиынтықтарын қалыптастырудан тұрады. Сондықтан да ұлттық қауіпсіздікті барлық оның бағыттары бойынша қамтамасыз ету үшін демографиялық фактор бар жағынан жеткілікті болуы қажет.
Сонымен, демографиялық қауіпсіздіктің мəні мен халықтың ұдайы өсуі бұзылатын жəне ұлттық қауіпсіздіктің жеткілікті деңгейі қамтамасыз етілмейтін демографиялық даму көрсеткіштерінің өзгеруінен көрініс табатын ішкі жəне сыртқы қауіпке қарсы тұрудан тұрады. Демографиялық үдерістердің мемлекет қауіпсіздігіне əсері өте күшті. ХХI ғасырда Қазақстанның мемлекеттілігін сақтап қалу үшін демографиялық фактор шешуші болып отыр.
Оның маңыздылығының үш бағыты бар:
- Қазақстанның мемлекеттік жəне ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- елдің аумақтық біртұтастығын жəне егемендігі мен тəуелсіздігін сақтау;
- Қазақстан Республикасының геосаясатын нығайту.
Демография саласындағы мемлекеттің функциясы келесідей қызметтердің атқарылуын қамтуы қажет:
- елде əрбір он жыл сайын халық санағы өтеді. Ол мемлекеттің барлық қызметтерін атқаруда негізгі мəселе болып табылады;
- мемлекет өзінің демографиялық мəселелерін реттеуде алдыңғы өткен тарихи демографиялық үдерістерді реттеудің нəтижелерін қазіргі таңдағы демографиялық үдерістерді мемлекеттік құқықтық реттеу əдістерін салыстыруы қажет, соның нəтижесінде қандай құқықтық олқылықтар мен қандай құқықтық жетістіктерге жеткендігін саралауы тиіс;
- халық санының өсіп-өнуі мемлекетіміздің заңнамаларының жетілдірілуі арқылы қамтамасыз етіледі. Мемлекет əлеуметтік, демографиялық үдерістерді реттейтін заңдарды жинақтауы қажет. Мысалы, демографиялық сараптама жүргізу туралы заңнамалар қабылдануы тиіс. Мемлекетіміз əлемдік стандарттарға сəйкес халықтың əлеуметтік қорғалуы туралы əртүрлі бағдарламаларды қабылдау қажет. Аталған бағдарламалар ұзақ уақытты қамтуы керек. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сəйкес адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау саласындағы халықаралық шарттарды да негізге алу қажет;
- мемлекет өзінің əлеуметтік-демографиялық үдерістерді реттеуде нақты функцияларын анықтауы қажет. Соның нəтижесінде нақты демографиялық үдерістерді жүзеге асыруда мемлекеттік билік органдарының құрылымдары мен қызметтерін жетілдіруі керек. Мемлекеттік билік органдарында еліміздің демографиялық мəселелерімен айналысатын білікті мамандар кадрларын жетілдіру керек.
Халық санының өсуі мен дамуын зерттеу қоғам өмірінің барлық салаларын мемлекеттік басқару үшін маңызы бар. Демографиялық үдерістердің өзгеруімен, мемлекеттің де маңызды экономикалық, саяси, əлеуметтік жақтары өзгереді.
Демографиялық үдерістерді біртекті қарастыру тек ғылыми қызығушылықты ғана қамтымай, ол сонымен қатар тиімді демографиялық саясат шараларының жүйесін жасау үшін де маңызды болып табылады. Мысалы, мемлекеттің қауіпсіздігі үшін келесі əлеуметтік-экономикалық жəне демографиялық үдерістердің өсу динамикасы маңызды болып келеді. Туылым жəне өлім деңгейі, жыныстықжастық құрылымы, еңбекке қабілетті жастағы халықтың білімі жəне кəсіптік-біліктілік деңгейі, еңбекке қабілетті жастағы халықтың салмағы мен оның еңбекпен қамтылу дəрежесі, аумақтық көші-қоны жəне халықтың орналасуы жəне т.б.
Елдің экономикасы қалай дамиды, əлеуметтік салада соған қарап қалыптасады.
Еліміз тəуелсіздік алғаннан бері мемлекетіміздің демографиялық даму проблемаларына үлкен назар аударыла бастады. ХХ ғасырдың аяғында мемлекеттік билік органдары мен басқару жүйесінде демографиялық жағдайға жəне оның дамуына бақылау жасау, демографиялық саясат шаралары кешенін өңдеу жəне жүзеге асыру жауаптылығы жүктеле бастады.
Қазіргі кездегі мемлекеттік билік күнненкүнге халық санының өсіп-өнуіне үлкен назар аударуда. Адам санын есептеу мемлекетке өзінің əлеуметтік функцияларын атқару үшін қажет. Ол өз кезегінде барлық еңбек ресурстарын анықтайды, сонымен қатар əлеуметтік даму саласында белгілі бір шешім қабылдау үшін жəне басқа мемлекеттің функцияларын орындау үшін негіз болып табылады.
Халықтың туылым мен өлім көрсеткіштерінің жақсы жаққа өзгеруіне, көші-қон мəселелерін шешуде мемлекет функциясының рөлі зор. Демографиялық үдерістер адамның еркінен пайда болмайды. Мемлекет пен құқықтың өзара əрекет етуі өте күрделі үдеріс. Демографиялық үдерістерді жүйелі жəне жанжақты талдау үшін мемлекеттік билік қажет. Мемлекеттің əлеуметтік жəне басқа да функцияларын атқаруда демография өте ауқымды фактор болып табылады. Қазіргі кезде мемлекет функциясы ішінде демография функциясы өте күрделі болып отыр. Себебі қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін жаңа, бұрын соңды болмаған функциялар қалыптасуда.
Қазіргі дүниежүзі жаһандану кезеңін бастан кешіріп, экономикалық дағдарыстың тұғырында тұрған қоғам үшін, əлеуметтік үдерістерді оның ішінде демографиялық үдерістерді реттеуде мемлекетпен оның функциясының рөлін күшейту талап етіліп отыр. Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан əртүрлі демографиялық стратегияларды мемлекеттік саясаттың ең негізгісі деп біліп, оны жүзеге асыруға көшу керек. Нарықтық заманға көше бастағанда мемлекеттің ең негізгі экономикалық мақсаты еңбек өндірісін нығайту арқылы халықтың əл-ауқатын көтеру болған. Қазақстан Республикасы халқының тіршілігін жақсарту үшін экономиканы тұрақтандыру, бəсекелестікті дамыту, халықты жұмыспен қамтуды белгілейтін еңбек жəне ақша нарықтарын жасауды көздеген. Жалақының көтерілуін қамтамасыз ету кедейшілікпен күресу жəне əлеуметтік қорғанудың бірден-бір амалы ретінде көрсетілген. Бұл мəселелердің барлығы жүзеге асырылған жоқ.
Жаһандану кезеңіне мемлекеттің əлеуметтік функциясы, нарықтық экономиканың талаптарына сай келмейді. Халықты əлеуметтік қорғауда əртүрлі мекемелердің қызметін жақсарту қажет. Олардың басты мақсаты халықты жұмыспен қамту болу керек.
Бұл аталған мемлекеттің алдына қойған міндеттердің бір ғана бөлігі.
Халықтың демографиялық даму көрсеткішін білмей, елдің ұлттық құрамының қалай өзгергенін анықтау мүмкін емес.
Халық санының өсуі мен дамуын зерттеу қоғам өмірінің барлық салаларын мемлекеттік басқару үшін маңызы бар. Демографиялық үдерістердің өзгеруімен, мемлекеттің де маңызды экономикалық, саяси, əлеуметтік жақтары өзгереді.
Демографиялық үдерістерді құқықтық жəне саяси құралдар арқылы басқаруға болады. Мемлекеттің демографиялық үдерістерін елдегі туылым, өлім жəне көші-қон мəселелері құрайды.
Қазіргі Қазақстан жағдайында заңи тұрғыда аталған демографиялық үдерістерді нақты түрде реттеу қажет. Туылым, өлім, көші-қон мəселелері бүгінгі таңда көлемі жағынан да, дəрежесі жағынан да үлкен проблемалардың бірі болып табылады. Заманның ағымы осы мəселелерді құқықтық реттеуді талап етті. Соның нəтижесінде осы үдерістерді реттейтін бірқатар нормативтік-құқықтық актілер қабылданды.
Қазіргі жаһандану кезеңінде Қазақстан үшін бұрын соңды құқықтық реттеу аясынан тыс болған қатынастарды реттеуге бағытталған жаңа заңдарды қабылдау қажеттілігі байқалып отыр.
Мемлекетіміз демографиялық үдерістерді шешуге бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауда басқа шетел мемлекеттерінің тəжірибесін пайдаланса жақсы болар еді.
Демографиялық жағдайдың ушығуы жəне халық саны саласындағы мəселенің болуы, жақсы ғылыми негізделген демографиялық саясатты бекітетін, оның жүзеге асырылуын мақсат еткен құқықтық актінің қабылдануын талап етеді. Демографиялық саясаттың басты бағыттары мен мақсаттары бойынша, мұндай актіні жасау мен қабылдауда демографтардың,экономистердің, əлеуметтанушылардың, медицина қызметкерлерінің, психологтардың нақты ұсыныстары жоқ екендігі байқалды. Бұл мəселені шешуге, ең біріншіден, солар атсалысуы қажет. Ал заңгерлер олардың шешімдеріне құқықтық нысан беріп, оның тиімділігін арттыратын заңи кепілдіктерді жасау қажет.
Жалпы айтқанда, еліміздің демографиялық саясаты бар бірқатар демографиялық үдерістерді реттейтін заңнамаларымызда бар, енді қалып тұрғаны оны жүзеге асыру.
Жаһандану кезеңінде мемлекеттің ең басты функцияларының бірі өз азаматтарын əлеуметтік қорғау болып табылады. Демографиялық мəселе əлеуметтік мəселемен тығыз байланысты, сол себептен де мемлекет өз тарапынан əлеуметтік мəселелерді де шешу қажет. Оларға: халықтың өмір сүру ұзақтығы мен денсаулығы, халықтың жұмыспен қамтылуы, тіршілік деңгейі мен кедейшілік, білім беру жəне денсаулықты сақтау жəне т.б. жатады.