Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Конституциясы – қоғам мен мемлекеттің демократиялық дамуының негізі

2012 жылғы 30 тамыз еліміздің Ата заңының қабылданғандығына   17   жыл   толған   атаулы күн болды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданды.

1995 жылғы Конституцияның басты идеялық демеушісі 1993  жылғы Конституция  сияқты ҚР  Президенті  Н.Ə. Назарбаев  болды. Елбасы:

«Ел Конституциясы тек терең экономикалық өзгерістермен ғана емес, сондай-ақ саяси өзгерістермен байланысты үлкен жолдан өтуге мүмкіндік берді» [1], – деп атап өтті. Ата Заңда адамды жоғары құндылық ретінде орнықтыру, заңның жоғарылығы, мемлекеттік биліктің бірлігі мен бөлінуі, саяси жəне экономикалық қызметте бастамалардың тəуелсіздігі сияқты дəстүрлі қағидаттар қаланған.

Өткен жылдар Қазақстан мемлекеттік жүйесінің шынайы тұрақтылығын жəне халықаралық мəселелерді шешуде оның лайықты қатысуын негіздеді. Конституцияға қызығушылық, ең алдымен, кез келген мемлекеттің құқықтық актілерінің арасында оның айрықша орын алатындығымен, қоғамның өмір сүруінің жалпы танылған тұғырнамасы ретінде көрінетіндігімен жəне оның мүдделелерін ресми білдіретіндігімен анықталады. Сонымен қатар Конституция елдің негізгі заңы ретінде мемлекеттік билік тыныс-тіршілігінің діңгегі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі [2].

1995    жылғы    Қазақстан    Конституциясы заңнаманың бірыңғай ұлттық жүйесінің қалыптасуының басталғандығын  паш  етті. Оған кеңестік заңнама қағидаттарынан аулақтау жəне жаңа жеке ұстанымдарды қалыптастыру тəн. Қазіргі уақытта нақ осы Конституцияның егеменді Қазақстанның конституциялыққұқықтық кеңістігін қалыптастыру үшін іргетас болғандығын атап  өтуге  болады.  Құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асырудың конституциялық-құқықтық қағидаттарын қалыптастырып, адам мен азаматтың мүдделерін жоғары ұстап жəне оған сөз бен ұждан бостандығын бере отырып, Конституция сапалы жаңа кеңістікті қалыптастырды жəне елдің тұрақты саяси-құқықтық, əлеуметтік-экономикалық дамуы үшін негіз болды. Бұл тұрғыда ол əрдайым жоғары қызығушылық туғызды, өйткені ол азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің жəне мемлекеттік органдардың өзінің құқықтары мен мүдделерін тікелей қозғайды.

Қазір Қазақстан экономикалық өсу мен өзінің демократиядан айнымайтындығын сенімді көрсетіп келеді. Мемлекеттік тəуелсіздік алған сəттен бастап еліміздің жүріп өткен жолы салыстырмалы түрде ұзақ емес, алайда ол ақиқатында тұтас тарихи дəуірмен теңеседі.

Адамзат дамуының  көпжылдық  тарихында мойындалған адамның құқықтары мен бостандықтары Конституцияда толық көрініс тапты жəне де құр сөз болып қалмай, ол еліміздің заңдарында жүзеге асып, жалғасын табуда.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы халықаралық жұртшылық алдында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жоғары құндылық ретінде мойындады, өзіне халықаралық міндеттемелер алды. Қазақстан адамның құқықтары мен бостандықтары саласындағы бірқатар халықаралық құжаттарға қосылды жəне бекітті. Олардың    арасынан    азаматтық жəне  саяси құқықтар,   экономикалық,   əлеуметтік жəне мəдени құқықтарды атап өтуге болады. Екіпалаталы жүйеде тұрақты жұмыс істейтін қазақстандық парламентаризмнің іргетасы қаланды. Соның арқасында Ата Заңның талаптарына жауап беретін елдің жаңа құқықтық жүйесі жасалды.

Қазақстан  Республикасының  Парламенті өзі жұмыс істеген жылдары екі  мыңға  жуық заң қабылдады. Қазіргі уақытта бюджеттік, азаматтық жəне азаматтық іс жүргізу, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару, əкімшілік, кедендік жəне салықтық, сондай-ақ су, орман, жер, экологиялық жəне еңбек заңнамалары жүйеленіп, қолданысқа енгізілді. Соттар қызметтерін ұйымдастыру мен судьялар мəртебесі мəселелері, сондай-ақ соттар  қызметін қаржыландыру жəне материалдықтехникалық қамсыздандыру мəселелері реттелді, бұл шешімдер қабылдаған кезде соттардың дербестігі мен тəуелсіздігіне септігін тигізеді. Елдің атқарушы билігі нарықтық экономиканың ерекшелігін ескере отырып жасақталды. Басқарудың президенттік-парламенттік түрі бекітілді жəне ол өзін-өзі ақтады.

Қазақстандағы конституциялық үдеріс жариялылықпен жəне оған азаматтардың кеңінен қатысуымен сипатталады. Осылайша, 2007 жылғы конституциялық реформаға біздің қоғамды одан əрі демократияландыру мəселесі бойынша 2004 жылы басталған жалпы халықтық пікірсайыс мұрындық болды. Консультативтіккеңесші органдар: демократия жəне азаматтық қоғам мəселелері жөніндегі комиссия, одан кейін жалпыұлттық сұқбат орнына айналған демократиялық бағдарламаларды əзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия үлкен жұмыс жүргізді. Осы жұмыстың  қорытындысы

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы болды. Осы заң Парламенттің өкілеттігін жəне сандық құрамын кеңейтуге; саяси партиялардың рөлін күшейтуге; жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға; сот жүйесін жетілдіруге; ұлтаралық татулықты қамтамасыз етуге жəне Қазақстан халықтары Ассамблеясының мəртебесін көтеруге; азаматтық қоғам институттарын дамытуға жəне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау институттарын дамытуға бағытталған. Сайлау, тергеу жəне мойындату мəселелеріне қатысты жекелеген нормалар конституциялық жəне басқа да заңдарды реттеу мəні ретінде анықталды [3].

Алайда конституциялық реформа тек Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізумен аяқталған жоқ, Парламент «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан  Республикасының   Парламенті   жəне оның  депутаттарының мəртебесі   туралы»,«Қазақстан Республикасының Үкіметі  туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Конституциялық реформа ұзақмерзімді даму болашағын қарастырады. Заңдық ұйғарымдардың тұрақтылығы – ол бұлжымайтын   сапа, онсыз заңнама реттеудің тұрақты  жүйесі   ретінде   өмір   сүре  алмайды. Тұрақтылық жылжымаушылықты, ал бірқалыптылық құқықтық реттеудің негізгі қағидаттарын білдіреді. Осыдан «конституциялық серпінділік» ақтаған тұрақтылық пен қисынды өзгерушіліктің сөзсіз өзара байланысы шығады.

Қазақстанның одан əрі конституциялық дамуының келешегі конституциялық қағидаттарды дəйекті сақтаумен жəне ұлттық мемлекеттілік міндеттерін шешуге қабілетті мемлекеттік-құқықтық институттарды жетілдірумен тығыз байланысты. 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасына сəйкес «маңызды міндет Конституция қағидаттары мен нормаларын, бірінші кезекте, мемлекеттік билік органдары мен оның лауазымды тұлғаларында толыққанды жүзеге асыру, Конституцияның тікелей қолданылуы, сондай-ақ ағымдық заңнама мен құқық қолдану арқылы оның əлеуетін жүзеге асыру болып табылады» [4].

Қазіргі жағдайларда Кедендік одақты одан əрі дамыту мəселесі барған сайын жанданушы рөлін атқарады. Осы еларалық ұлттылықтан жоғары ұйымды құру жағдайында конституциялық заңдылық мəселесі өзекті бола түседі. Конституциялық заңдылықты қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады.

Бүгінгі таңда қазақстандық конституционализмді жетілдіруде қордаланған мəселелер əлі де жеткілікті. Сондықтан конституциялық реформаларды жүзеге асыру бойынша қабылданған заңдар тұрақты мониторингке мұқтаж.

Ең алдымен, бұл сайлауларды, тұтқындауға соттық санкциялауды жүргізуге, жергілікті өзінөзі басқаруға жəне басқаларға қатысты.

Адам мен азаматтың құқықтық мəртебесіне арналған конституциялық қағидаттарды дамытуға қосымша серпін беретін құқықтық құралдар қажет. Осыған байланысты «Азаматтық қорғау туралы», «Ақпарат жəне ақпаратты қорғау туралы» заңдарды, сондай-ақ адам құқығы жөніндегі уəкілеттінің қызметін қамтамасыз ету, заңды жəне жеке тұлғалардың білікті заң көмегін алу жүйесін жетілдіруге қатысты заңдарды қабылдау міндеттері тұр.

Жоғарыда  мазмұндалғандар жəне басқа да астарлар конституциялық қағидаттарды қамтамасыз етіп, елдің одан əрі конституциялық дамуы үшін бағдар ретінде қызмет ететін болады. Ақиқат үшін осы мəселелердің қазір мемлекеттік  биліктің  барлық деңгейлерінде шешіліп жатқандығын, ал конституционализмді жүзеге асыру – бүгінгі Қазақстанның дамуында негізгі кезең екендігін мойындаған абзал.

 

 

 

Əдебиеттер

 

  1. «Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі – еркін демократиялық қоғамды жедел дамыту» – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі (Астана, 2007 жылғы 16 мамыр) //ИС Параграф.
  2. Байдельдинов Д.Л., Баймаханова Д.М. Н.А.Назарбаев – Конституция Казахстана – триумф демократии //Материалы международной научно-практической конференции, посвященной 10-летию столицы «Астана: триумф Казахстана и его лидера. – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – С.245.
  3. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы //ИС Параграф.
  4. «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы //ИС Параграф.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.