Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызмет жəне оны іс жүзіне асырудың құқықтық негіздері

Ұлт көшбасшысы Н.Ə. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: “Сегодня всему миру и каждому государству важно найти ответы на мощные глобальные и внутренние вызовы. Выполнив задачи по десяти направлениям социально-экономической  модернизации,  мы  укрепим экономику, сделаем стабильным наше общество, повысим благосостояние нашего народа. Социальная модернизация – это центральный вопрос деятельности нового Парламента и Правительства...”, – деді [1]. Сондықтан еліміздің экономикалық даму үлгісіне инновациялық даму жатады. Өйткені Конституцияда бекітілгендей, “Республика қызметінің түбегейлі принциптері – бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму”.

Н.Ə. Назарбаев “Нұр Отан” партиясының ХІІ съезінде: “Біз 2010 жылдың бірінші қаңтарынан бастап “Қазақстан-2030” Стратегиясының аясында индустриялық-инновациялық жедел даму бес жылдығын бастаймыз. Біз əлемнің барлық мемлекеттерінде өткен ғасырдың  басында   болған  индустрияландыру емес, инновациялық индустрияландыру туралы айтып отырмыз. Біздің индустрияландыру əлемдік экономиканың қазіргі даму ғұрпына сəйкес болуы тиіс”, – деді. Сондықтан инновациялық даму, конституциялық-құқықтық құрылыстың бір элементі ретінде болғандықтан, инновацияны енгізу кезінде, ең алдымен, адам құқықтары мен бостандықтарының аясын анықтау, инновациялық қызмет еркіндігінің конституциялық негізін  түсіну  мен  оның басқа құқық салаларымен реттелу ерекшелігін толық мойындауға мүмкіндік жасалынады. Экономикалық даму халық игілігіне бағытталып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келмеуін көздейді. Өндірісті инновациялық дамыту процесіндегі басты қағидаға жататын білім сыйымдылығы болғандықтан, инновацияны өндіріске енгізіп пайдалану нəтижесінде жұмысшыларды соған байланысты қысқарту болмауы керек. Демек, жұмыссыздыққа инновациялық талапты енгізу кедергі болмауы көзделуге тиісті.

Мақсатымыз – Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметтің конституциялық-құқықтық негіздерін ғылыми тұрғыдан анықтау.  Біздің  ойымызша,   бұл   мақаланы осы бағыттағы алғашқы ғылыми теориялық ізденістердің қатарына жатқызуға болады.

Инновация, жаңа құқықтық ұғым жəне инновацияны зерттеудің теоретикалық негізінде жазылған  зерттеулердің   аздығына   байланысты шешілмеген мəселелердің көп екендігін көрсетеді. Соның бірі – инновация түсінігі, инновациялық үдерістің мазмұны, инновациялық қызметтің тиімділігінің арнайы бағалануы, оның мемлекеттік экономиканың дамуына  ықпалы, осы салаға байланысты ұлттық жəне аймақтық жағынан құқықтық реттелуі, инновацияны қаржыландыру, инновациялық бағдарламалар мен жобалар, инновациялық-индустриалдық дамудың конституциялық-құқықтық негіздері жөніндегі мəселелер қазіргі кезге дейін құқықтық зерттеу аясынан тыс қалғандығын байқауға болады.

Инновация дегеніміз – өндірістің жəне қоғамды басқарудағы түрлі салаларға енгізілетін, экономикалық тұрғыдан тиімді жəне əлеуметтік, құқықтық, экологиялық тұрғыдан маңызды, зияткерлік меншік объектісі болып есептелетін ғылыми жəне ғылыми-техникалық қызметтің жаңа немесе технологиялық жағынан жетілдірілген үдеріс  түріндегі  жаңа   өнім,   тауар,   қызмет. Оған арналған құқықтық нормалар өзінің нормативтік базасымен қамтамасыз етіліп, инновация аясындағы Қазақстан Конституциясына негізделген кешенді мемлекеттік басқару институты бар жеке заңнамалық салаға жатады. Ал инновациялық қызмет дегеніміз конституциялық кəсіпкерлік қызмет еркіндігінен бастау  алады жəне осы конституциялық құқықтың іске асуының экономикалық қатынастардағы кең таралған жəне жүйелілігімен қолдау тапқан əмбебап нысанға жатады. Сонымен қатар ол экономикалық қатынастардың даму бағыты мен деңгейі, нысаны ретінде осы саланы реттеуге арналған конституциялық принциптер мен нормалар талаптарының аясында іс жүзіне асырылады.

Қазақстан Республикасы Əділет министрінің 2004 жылғы 9 сəуірдегі №97 жəне Қазақстан Республикасы Индустрия жəне сауда министрінің 2004 жылғы 6 сəуірдегі №80 «Инновациялық (венчурлық) өндіріс жасау кезінде техника мен технологиялардың патенттік тазалығына сараптама жүргізу жөніндегі ережесіне сəйкес, инновациялық қызмет – нəтижелері экономикалық өсу мен бəсекелестікке қабілеттілік үшін пайдаланылатын өндірістің жəне қоғамды басқарудың түрлі салаларына жаңа идеяларды, жаңа білімдерді, технологияларды жəне өнім түрлерін енгізуге бағытталған қызмет» [2].

Түрлі қоғамдық қатынастар адам қызметінің кез келген саласында қалыптасатындығын айтып өткен жөн. Инновациялық қызмет те осыған тəн. Біздің көзқарасымыз бойынша, инновациялық қызмет туралы нормалардың жиынтығын құқықтың  кешенді саласы ретінде емес,заңнаманың кешенді саласы ретінде тануға болады. Өйткені заңнаманың саласына қарағанда, құқықтың саласы өзінің бірыңғайлығының жоғары дəрежесімен анықталады.

Құқықтың əр саласында  оның  өзіне ғана тəн пəні жəне құқықтық реттелуінің əдісі бар. Ал заңнаманың салалары мұндай бірлескен бастауларға ие емес. Инновациялық қызмет кəсіпкерлік қызмет аясында жүзеге асырылады жəне оның бір институты бар.

В.Н. Протасовтың жазуынша, «құқықтық институт құқық саласының пəніндегі белгілі орнының тұтастай реттелуін қамтамасыз ететін заң нормаларының алғашқы жалпылығын білдіреді» [3].

А.Б. Венгеровтің пікірінше, құқықтық институттар оларға тиесілі қоғамдық қатынастардың түрлерін кешенді, жан-жақты реттеуге, қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді [4].

В.А. Копылов институтты құқықтық саланың ішкі белгіленген аймағындағы бірыңғай қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың өзара байланысты жəне өзара келісілген тобы ретінде қарастырады [5].

В.А. Дозорцевтің айтуынша, «жаңа құқықтық институттардың пайда болуының констатациясына жоғары қауіппен келу керек. Оның басқа категориялармен байланысты орнатпайақ, жаңадан пайда болған  категорияны  ерекше түрдегі жеке категория ретінде жариялау жеңілірек болады. Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу тəсілдерінің жиынтығы шектеулі болса да, жеткілікті түрде кең жəне де оның мақсаты оны шексіз көбейтуді жалғастыру емес,  қазір  барды  мүмкіндігінше  максималды түрде қолдану. Қазір бар категорияларды қолдану, тіпті, оларды жаңа жағдайға бейімдеудің өзі құқықтық тұрақтылықтың кепілі» [6].

С.С. Алексеевтің əділ көрсетуінше, көптеген оқиғалар қатарында фактілік қарым-қатынас əсерінен қазіргі күнгі құқықтық дамуда «заңи мутация» жүріп жатыр, құқықтағы танымал сапалы жаңа құбылыстар: қазіргі  жүзеге  асқан (еңбек құқығы, отбасы құқығы, əлеуметтік қамтамасыз ету құқығының қалыптасуы) не қазіргі жағдайларға сай жүріп  жатқан  (жекеменшік құқық, экологиялық құқық, ақпараттық құқық, инновациялық құқық жəне т.б. заң жүйесінің кешенді бөлімдері сияқты кешенді де  заңды өзгеше құбылыстар). Біздің ойымызша, инновациялық құқық құқық саласы ретінде дамуы тиіс [7].

И.В. Амирханованың дұрыс көрсетуінше, аймақтардың өзара бірігуі əрқашан болды жəне болады, уақыт өтісімен осы үрдіс əрі қарай өседі, «құқық аймағының» классикалық емес анықтамасы «кешенді құбылысқа» трансформацияланбауы керек [8].

Жоғарыда аталған анықтамалар мен түрлі ой-пікірлерді қарастыра отырып, өз тарапымыздан инновацияға мынадай анықтама беруді жөн көрдік жəне бұл анықтама  толығырақ түрде жəне инновациялық қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңына өзгеріс енгізілуі қажет деп санаймыз. Біздің ойымызша,  инновация  –  өндірістің  жəне қоғамды        басқарудың  түрлі   салаларына  енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді жəне (немесе) əлеуметтік, экологиялық жəне экономикалық тұрғыдан маңызды, зияткерлік меншік объектісі болып табылатын ғылыми жəне ғылыми-техникалық қызметтің жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдіс  түріндегі  нəтиже.  Біздің бұлай анықтама беруіміз, біріншіден, инновацияның жаңа немесе жетілдірілген технология нəтижесі екендігін міндетті түрде анықтау. Инновация, жоғарыда атап өткеніміздей, жаңа технологияны енгізу немесе бұрыннан бар технологияны жетілдіру арқылы енгізу болып табылады. Екіншіден, инновация əлеуметтік, экологиялық, экономикалық тұрғыдан тиімді болуы қажет. Инновацияның экологиялық жағдайы туралы жоғарыда қарастырған болатынбыз. Ал экономикалық тиімділігі əсіресе қазіргі кезде экономикалық дағдарыс кезінде қатаң ескеретін талап.

Инновациялық қызметті құқықтық реттеу сұрақтары нормативтік актілердің қолданылу ережелеріне сəйкес реттеліп отырады.

Қазақстан Республикасындағы инновациялық қатынастардың дамуымен заң шығарушы база да қайта өңделді. Инновацияның дамуындағы маңызды реттеуші нормативтікқұқықтық актілердің жүзеге асуы болып табылады. Инновациялық қызметке қатысты заңнамалар белгілі бір жүйені құрайды. “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының заңына сəйкес, заң актілеріне конституциялық заңдар, конституциялық заң күші бар Президенттің жарлықтары, заңдар, кодекстер, заң күші бар Президент жарлықтары, ҚР Парламентінің жарлықтары, Сенат пен Мəжіліс қаулылары жатады [9]. Заңшығарушы шығарған заңнамаларымыз  кей  кезде  тез  қабылданып, ал кей кезде кенеттен өзгеріп, жалпы тұрақты емес сипатта болады. Инновациялық қызметті басқаратын нормативті-құқықтық құжаттарға: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі; Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі; Қазақстан Республикасының Салық Кодексі; Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму Стратегиясы; 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық Стратегиясы; «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы; Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» заңы; «Ұлттық инновациялық қоры» акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы №502 Қаулысы жəне т.б. болып табылады. Бұлардың барлығы құқықтың қайнар көзі. Құқықтың қайнар көзі заң əдебиеттерінде кең жəне арнайы мағынада қолданылатынын ескере отырып, кең мағынада құқықтық нормалардың пайда болуына əсерін тигізетін базистік фактор, арнайы мағынада құқықтық нормалардың өмір сүру нысандары, ресми көріністері [10, 192 б.].

Инновациялық қызметпен айналысатын субъектілер өздерінің бастамасымен жаңашылдықты қалыптастыру жөніндегі  осы  немесе өзге жобаларды жүзеге асырады. Сондай-ақ кəсіпкер ретінде субъект берілген өнімді жүзеге асырудан келетін кірісті алуға мүдделі болып табылады жəне де осымен байланысты оның əрекетінің бостандығы, əрине, заң шеңберінде кең болып келеді. Кəсіпкер нарықтың талаптарын басшылыққа ала отырып, сұранысты қанағаттандыратын жаңа енгізілімдерді құруға тырысады. Инновациялыққызмет– шаруашылық айналымды қамтамасыз етумен байланысты интеллектуалдық, инжинирингтік, кеңес беру, патенттік-лицензиялық, ақпараттық жəне басқа да ғылыми жəне ғылыми-техникалық қызметтің нəтижесі болып табылатын кəсіпкерлік қызметтің түрі.

Инновациялық қызмет анықтамасына заң шығарушы бірден келген жоқ. «Инновациялық қызмет туралы» заңның (бүгінде бұл заң күшін жойған)   1-бабында   инновациялық  қызмет  –нəтижелері экономикалық өсу мен бəсекелестік қабілеттілігі үшін пайдаланылатын, өндірістің жəне қоғамды басқарудың əртүрлі салаларына жаңа идеяларды, ғылыми білімдерді, технологиялар мен өнім түрлерін енгізуге бағытталған қызмет ретінде анықталды жəне инновациялық қызмет анықтамасы енгізу қызметі тиімді экономикалық нəтиже беретін қызмет ретінде түсіндірілді.

Болашақта экономикалық тиімді болатын жаңаны өңдеуге қатысты ғылыми қызметті инновациялық қызметке жатқызуға бола ма? Жоғарыда қарастырып кеткен анықтаманы ескерсек, бұл мүмкін емес, ал жаңа идеялардың, ғылыми білімдердің түсініктерін тереңірек қарастырсақ, егер де экономикалық тиімді нəтиже берсе, ғылыми қызметті инновациялық кəсіпкерлік қызмет ретінде түсінуге болады. Бұл жерде ойланатынымыз – экономикалық тиімділікті анықтау критерийлері.

Қазіргі кезде инновациялық қызметтің заңдық түсіндірмесі зияткерлік меншік объектісі ретінде қарастырылады. Ал өз кезегінде интеллектуалдық меншік адам дамуының жəне ілгерілеудің қажетті жəне негізгі элементі.

Интеллектуалдық меншік түсінігін халықаралық-құқықтық, қазақстандық ұлттық құқықтың қайнар көздерінен табуға болады. Бұл Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің нормаларынан бастау алады.

Өндірістік меншік объектілерінің барлығы енгізушілік қабілетіне ие болмайды, мысалы, дараландыру құралы инновация болуы мүмкін емес. Қолдану мүмкіндігі мен енгізудің экономикалық тиімділігі бір түсінік пе? Біздің ойымызша өндірістік қолдану, экономикалық тиімділік, əлеуметтік  жəне  экологиялық  маңыздылық сəйкес келмейді. Экономикалық  тиімділік дегеніміз –   «бағалау түсінігі».   Қазақстанда азаматтық құқықтағы бағалау əдісінің концепциялары А.Г. Диденкомен өңделуде [11, 37 б.]. Инновацияны анықтау дегеніміз оны тек экономикада қолдану фактісі ғана емес, енгізілетін интеллектуалдық меншік объектілерінің инновация  ретіндегі  тиімді  экономикалық, əлеуметтік,экологиялық маңыздылығын ескеруіміз қажет.

«Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заң (инновациялық қызмет – инновацияларды өндірістің жəне қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізу арқылы пайдалану) тар мағынада берілген түсінік.

Біріншіден, бұл нақты объектімен, интеллектуалдық меншік объектілерімен байланысты. Екіншіден, бұл объектілерді енгізуден экономикалық,  əлеуметтік,  экологиялық тұрғыдан маңызды болуы тиіс.

Үшіншіден, бұл енгізу қызметімен тар байланыстағы ұғым. Соңғысына байланысты инновациялық қызметке енгізуден басқа инновацияны өңдеу қызметінің де қажет екенін естен шығармауымыз қажет. С.З. Зимановтың пайымдауынша, заң ғылымында түсініктерді дамыту жəне нақтылау, ескі түсініктерді жаңа түсініктермен ауыстыру, себебі алғашқылары өзгерген нақты қатынастарды қамти алмайды жəне енгізе алмайды, бізге белгілі немесе жаңа түсініктерді анықтау арқылы бұл түсініктерді қалыптастырамыз, алып тастаймыз [12, 76 б.].

Й. Шумпетер кəсіпкерлікті экономикалық дамудың негізгі факторы ретінде қарастыра отырып, кəсіпкерлікті жаңаны енгізуге негізделген инновациялық қызмет ретінде қарастырады [13, 456 б.].

Ал келесі белгі ретінде қарастыратын тəуекел Б.Н. Мезриннің айтуынша, орташа мүмкін болатын қолайсыз əлеуметтік нəтиже. Сонымен қатар ғалым тəуекелдің дəрежесін де сипаттайды, яғни үлкен немесе кіші зиянның болу мүмкіндігі [14, 192 б.].

Ғалым О.А. Пастухин тəуекелді кенеттен болатын қауіп ретінде мүліктік игіліктердің бүліну немесе құру қаупі, бұны заң нақты құқықтық салдардың туындауы ретінде байланыстырады деп қарастырып кеткен.

В.А. Ойгензих тəуекел-субъективтік категория жəне ол кінəмен қатар өмір сүреді, сонымен бірге өмір сүруі мүмкін болатын субъектінің өзінің əрекеттерінің нəтижесіне психикалық қатынасы ретінде тұжырымдайды [15, 224 б.].

Инновациялық қызметтің бастамасы инновациялық жобамен байланысты екендігін ескерсек, кез келген инновациялық жобаларды жүзеге асыру  материалдық,  қаржылық қаражаттардың жұмсалуын қажет етеді. Бұл барлық жағдайда тəуекелмен байланысты, себебі біз алдын ала қай жоба коммерциялық болуы  мүмкін  немесе жаңа  өнімге  əр  кезде  тұтынушы  табыла ма жоқ па білмейміз. Яғни жоғарыда атап өткендей, инновациялық тəуекел орын алады. Инновациялық тəуекел – кəсіпкердің өндіріске жаңаөнімді, қызметтішығарунемесеескініөңдеу кезінде нарықта күтілген нəтижеге сұраныстың болмауынан салынған қаражаттарды жоғалту тəуекелі ретінде заңнамаға енгізуіміз қажет.

Кейбір авторлар инновациялық кəсіпкерлікте келесідей тəуекелдің түрлерін қарастырып өтеді: қате инновациялық жобаны таңдау тəуекелі; инновациялық жобаның қажетті қаржыландырылмау тəуекелі; инновациялық жобалардың нəтижесін өткізудегі маркетингтік тəуекел; инновация нəтижесіне байланысты шарттарды орындамау тəуекелі; болжанбаған шығындар тəуекелі; кірістің азаю тəуекелі; бəсекелестіктің күшею тəуекелі; инновациялық жобаға меншік құқығын қамтамасыз етумен байланысты тəуекел. Инновациялық тəуекел өндіру сатысында да, жүзеге асыру сатысында да болуы мүмкін. Алғашқысында өндіріс мақсатына жетпейді, жоспарланған жаңа жасалмауы немесе жасалған өнім жаңа болмауы мүмкін. Екінші жағдай бойынша инновациялық өнімге тұтынушылардан сұраныс болмауы мүмкін немесе болса да күтілген нəтиже бермеуі мүмкін.

Біздің ойымызша, кез келген ғылымитехникалық жетістіктің пайда болуы ғылыми зерттеудің жасалуынан басталады.  Жаңа өнімнің болашағы, əсіресе осы кезеңге байланысты.   Сондықтан   да   олардың    белгілі бір жаңа енгізілімдерді жүзеге асыруға бағытталмағандығы туралы айту, біздің ойымызша қате болып есептеледі. Өйткені көрсетілген жұмыстар жаңа енгізілімдерді жасауға   бағытталған   болғандықтан,    оларды инновациялық қызметтің бір түрі деп мақұлдаймыз.

 

 

Əдебиеттер

 

  1. Қазақстан Президенті Н.Ə. Назарбаев 2012 жылы 27 қаңтардағы «Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту
  2. Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 01.2012. BNEWS.KZ.
  3. Қазақстан Республикасының 04 шілде 1992 жылғы № 1543-XII заңы «Шағын кəсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» (күшін жойған) // Параграф анықтама жүйесі.
  4. Протасов В.Н. Теория права и государства. Проблемы теории права и государства: Вопросы и ответы. – М.: Новый юрист, – 240 с.
  5. Венгеров А.Б. Теория государства и права: учебник для юр. вузов. – М.: Новый юрист, – 624 с. 5 Капылов В.А. Информационное право: учебник. – М.: Юрист, 2002. – 512 с.
  6. 6 Дозорцев В.А. Законодательство и научно-технический прогресс. – М.: Юрид. лит., 1978. – 192 с. 7 Алексеев С.С. Право: азбука теория философия: Опыт комплексного исследования. – М.:  Юрист,– 512 с.
  7. Ойгензихт В.А. Проблема риска в гражданском праве (часть общая). – Душанбе: Ирфон,– 224 с.
  8. Қазақстан Республикасының 24 наурыз 1998 жылғы № 213-І «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңы//Параграф анықтама жүйесі.
  9. Кенжалиев З.Ж. Көшпелі қазақ қоғамындағы дəстүрлі құқықтық мəдениет (теориялық мəселелері, тарихи тағылымы). – Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
  10. Диденко А.Г. Оценочные понятия в гражданском законодательстве //Гражданское право: Сборник статей. Общая часть. – Алматы: ИПЦ КазГЮУ,
  11. Зиманов С.З. О понятиях в теории государство и права // В кн., Актуальные проблемы теории социалистического государство и права. – М.,
  12. Шумпетер И. Теория экономического развития //пер. с нем. В.С. Автономова, М.С. Любского, А.Н. Чепуренко, общ. ред. А.Г. Милейковского. – М.: Прогресс,
  13. Мерзин Б.Н. О юридической природе риска в советском гражданском праве // Гражданское право.Сб.учен. тр. – Свердловск, 1974.
  14. Медынский В.Г., Скамай Л.Г. Инновационное предпринимательство: учеб. пособие для вузов. –М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2002.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.