Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұйымдасқан қылмыстылықтың қазіргі таңдағы көрінісі

Қазақстан Республикасы қоғамы үшiн ұйымдасқан қылмыстылық ұғымы салыстырмалы түрде жаңа пайда болған ұғым, бұрындары ол тек маман криминологтарға ғана белгiлi болған жəне ол туралы мəлiметтер қоғамнан жасырын түрде ұсталған. Қайта құру кезеңi ұйымдасқан қылмыстылықты күресуге мүмкiндiк бердi. Ол əлеуметтiк-құқықтық құбылыстың қоғамға ашық енуi қоғамдық сана үшiн байқалмай қалмады. Зерттеу көрсеткендей, ұйымдасқан қылмыстылық орын алып, өзiнiң қоғамдағы орнына ие екендiгiн мойындатпай қоймады, себебi ұйымдасқан қылмыстылықты заңдастыруға талпынған үрдiстер де жүрiп жатыр жəне ол қоғам мен мемлекеттiң  барлық  салаларын бақылауға алуға бағытталған. Ұйымдасқан қылмыстылықтың құқыққа қайшы қызметi мемлекеттiк билiк негiздерiн шайқалтып, қоғамдық  қауiпсiздiкке қол сұғу қаупін төндіріп отыр. Сондықтан ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы тұру бойынша ең қатаң шаралар қолдану қажет жəне ең қысқа мерзiмдерде, себебi қазiргi кезде ұйымдасқан қылмыстылық өршiп бара жатыр.

Бүгінгі таңдағы заңдарға сəйкес ұйымдасқан қылмыстылықтың екi нысаны бар: ұйымдасқан топ жəне қылмыстық қауымдастық (ұйым).

Егер ол бiр немесе бiрнеше қылмысты жасау үшiн алдын ала бiрiккен тұрақты тұлғалар тобымен жасалса, ҚР ҚК-нің 31-бабының 3-бөлiгiне сəйкес  қылмыс  ұйымдасқан  топпен   жасалған болып саналады. Сөйтiп, заңда қылмыстың ұйымдасқандығына қоса оның тұрақтылығы жəне мақсаты сияқты белгiлерi келтiрiлген.

Егер ол ауыр немесе аса ауыр қылмыстарды жасау үшiн құрылған, бiрiгiп ұйымдасқан топпен немесе сол мақсаттарда құрылған ұйымдасқан топтар бiрлестiгiмен жасалса, ҚР ҚК-нің 31-бабының 4-бөлiгiне сəйкес қылмыс қылмыстық қауымдастықпен (ұйыммен) жасалған болып табылады.

Қылмыстық  қауымдастық  (ұйым) ұйымдасқан топтан бiрiгiп ұйымдасу белгiсiмен жəне мақсаты бойынша (ауыр жəне аса ауыр қылмыстарды жасау үшiн құрылу) ажыратылады. Қылмыстық қауымдастықтың (ұйымның) əдетте ұйымдасу деңгейi жоғары жəне жекелеген қылмыстық бiрлестiктер немесе ұйымдасқан топтардан құралады [1].

Ұйымдасқан топқа жəне қылмыстық қауымдастыққа  (ұйымға)  Ресей   Федерациясы Қылмыстық кодексiнiң 35-бабының 3 жəне 4-бөлiктерiнде нақ осындай анықтама берiледi.

Дегенмен ТМД-ның барлық елдерiнiң қылмыстық заңнамасы ұйымдасқан қылмыстылықты анықтаудың бұл жолымен кеткен жоқ.

Мəселен, Украина  қылмыстық заңы ұйымдасқан қылмыстылыққа бiршама басқалай анықтама берген. Егер дайындауда немесе жасауда белгiлi бiр қылмысты немесе бiр жоспармен жəне топтың барлық қатысушыларына белгiлi сол жоспарды жүзеге асыру үшiн топ қатысушылары қызметтерiн бөлумен бiрiккен өзге қылмыстарды жасау үшiн алдын ала тұрақты ұйымға бiрiккен бiрнеше тұлғалар (үш жəне одан көп) қатысса, Украина ҚК-нің 28-бабының 3-бөлiгi бойынша қылмыс ұйымдасқан топпен жасалған болып саналады.

Егер оның мүшелерi немесе құрылымдық бөлiмдерi  алдын  ала  сөз  байласу   бойынша ауыр жəне аса ауыр қылмыстарды бұл ұйым мүшелерiмен тiкелей жасау, өзге тұлғалардың қылмыстық қызметiн үйлестiру мен басқару немесе қылмыстық қауымдастықтың өзiнiң жəне өзге қылмыстық топтардың қызмет етуiн қамтамасыз ету мақсатында бiрiккен бiрнеше  тұлғалардың (үш немесе одан көп) тұрақты иерархиялық бiрлестiгiмен жасалса, Украина ҚК-нің 28-бабының 4-бабы бойынша қылмыс қылмыстық қауымдастықпен жасалған болып есептеледi.

Д. Алешин пiкiрiне сəйкес украиналық заңғарушы  позициясы  бұл  жағында  тиiмдiрек болып табылады. Мұндай шешiм негiзiне тек қана заңнаманы талдау мен елдiң қылмыстық заңнамасының  теориялық   негiздерi,   Украина сот тəжiрибесiн жалпылау ғана емес, сонымен қатар шетелдердiң iстегi қылмыстық заңнамасын салыстырмалы талдау, ұйымдасқан қылмыстылықпен күресу саласындағы халықаралық нормативтiк-құқықтық актiлердi талдау жəне əлеуметтiк, психологиялық ғылымдар мəлiметтерi салынды [3].

Бұл жерде Д. Алешин 2000 жылдың 12-15 желтоқсанында итальяндық Палермо қаласында өткен трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы өткен  конференцияда  қол  қойылған БҰҰ Конвенциясына сүйенедi. Ұйымдасқан қылмыстылықтың сандық құрамы арнайы комитеттiң жұмысы барысында жан-жақты қарастырылған, нəтижесiнде ұйымдасқан топты үш немесе одан да көп тұлғалар құрай алады деген қорытынды жасалған.

ҚР қылмыстық заңнамасы бойынша ұйымдасқан қылмыстық топ екi тұлғадан тұра алады жəне оны жалпы қылмыстық iстер бойынша сот тəжiрибесi растайды.

Маман-криминалистермен берiлетiн ұйымдасқан  қылмыстылық   анықтамалары  iшiнде Б. Нұрғалиев жəне В. Татарян берген анықтама неғұрлым толық болып табылады. Олардың ойынша, ұйымдасқан қылмыстылықтың көрiнiсiне жататын қылмыстар ретiнде ҚР ҚКмен қарастырылған ұйымдасқан, жай топпен қылмыстық қауымдастықпен немесе ұйыммен жасалған барлық қасақана қылмыстарды жатқызуға болады, егер олар:

  • мемлекеттiк органдардың, кəсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының лауазымды тұлғаларының өкiлеттiктерiн пайдалана отырып, жасалса;
  • экономикалық немесе өзге қызметтi монополизациялаумен ұштасса;
  • оқ-қаруын, оқ-дəрiлердi жəне адамдарға зиян келтiруге арналған өзге заттарды пайдалану арқылы жасалса;
  • шетелдегi қылмыстық байланыстарды пайдаланумен ұштасса;
  • ұйымдасқанқылмыстыққауымдастықтың қылмыстық табыстарын заңдастыру жəне көбейтумен ұштасса;
  • ұйымдасқан қылмыстық қызмет фактiлерi бойынша анықтама немесе тергеу жүргiзетiн лауазымды тұлғаларға қарсылық көрсетiлсе [5].

ҚР ҚК-нің 235-бабына сай аталған қылмыс құрамының қоғамға  қауiптiлiгi  күшiне  орай бұл бап бойынша қылмыстық жауапкершiлiк ұйымдасқан топты, қылмыстық қауымдастықты құрған сəттен бастап аяқталған болып табылады. Сондықтан оның құрамында əртүрлi қылмыс жасаған тұлғалар əрекеттерi ҚК-ніңң сəйкес баптары бойынша жеке саралануы керек.

ҚР Жоғарғы Соты 21.06.2001 күнгi “Бандылық жəне өзге қатысушылықта жасалған қылмыстар үшiн жауапкершiлiк жөнiндегi заңдарды соттардың қолдануы туралы” нормативтiк қаулысында келесi түсiндiрме бередi: Егер ол қылмыстар оның ниетiмен қамтылса, “ҚК-нің 31-бабының 5-бөлiгiнiң талаптарына сай ұйымдасқан  қылмыстық  топты, қылмыстық қауымдастықты жəне банданы құрған, оған басшылық еткен тұлға əрекеттерi ұйымдасқан қылмыстық топпен, бандамен немесе қылмыстық қауымдастықпен жасалған қылмыстар үшiн жауапкершiлiкті көздейтiн 235-баптың сəйкесiнше  1-шi  немесе  2-шi бөлiгi немесе 237 баптың 1-шi бөлiгi бойынша саралануға жатады [4]. Егер ұйымдастырушы қоса орындаушы болып табылмаса, қылмыстық кодекстiң сəйкес бабы бойынша саралау 28-бапқа сiлтемемен сараланады.

Бандамен  немесе   қылмыстыққауымдастықпен  жасалған қылмыстарға тiкелей қатысқан ұйымдастырушы немесе банда не ұйымдасқан   топ жетекшiлерiнiң əрекеттерi 235-баптың 3-шi бөлiгi немесе 237-баптың 2-шi бөлiгi бойынша қосымша саралануға жатпайды. Қылмыстық қауымдастық  немесе банда мүшелерi əрекеттерiн сəйкесiнше 235-баптың 3-шi бөлiгi немесе 237-баптың 2-шi бөлiгi бойынша, сонымен қатар жасауына немесе дайындалуына қатысқан қылмыстар Ерекше  бөлiмнiң сəйкес баптары бойынша сараланады.

Ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу өздiгiнен жауапкершiлiкке алып келмейтiн болғандықтан, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерiнiң əрекеттерi жасауына немесе дайындалуына қатысқан қылмыстар Ерекше бөлiмнiң сəйкес баптары бойынша сараланады”.

Сонымен, ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық құрамында қылмыс жасау 235-бап бойынша жəне нақты жасаған қылмысы үшiн жауапкершiлiк көздейтiн Ерекше бөлiмнiң бабы, қылмыстар жиынтығы бойынша саралауда белгiлену керек.

ҚК-нің 235-бабының 1, 2, 3 бөлiктермен қылмыс субъектiлерi ретiнде 16 жасқа толған есi дұрыс жеке тұлға болады. 235-баптың 4-бөлiгiнде арнайы субъект қарастырылған қызмет жағдайын пайдалану, ол қылмыс құрамын сараланған етедi. Сөйтiп, заң шығарушы ұйымдасқан қылмыс мүддесiнде қызметтiк жағдайын пайдаланатын тұлғалар үшiн қатаң жауапкершiлiк көздеген.

Криминологиялық тұрғыдан қарағанда ұйымдасқан қылмыстылықтың келесi нысандары орын алады:

  • белгiлi бiр аймақта əрекет ететiн ұйымдасқан топтар. Олар жалпы қылмыстық iстермен айналысады, олардың жетекшiлерi, беделге ие жəне бұрын сотталған да, сотталмаған да болуы мүмкiн.
  • белгiлi бiр аймақта орналасқан жəне жалпы қылмыстық  iстермен  қатар  экономика саласындағы қылмыстарды жасаумен айналысады жəне шенеунiктермен жемқор байланыстары бар. Ондай топтар мүшелерi қатарына iскерлермен,  яғни  кооперативтер, кiшi кəсiпорындар, бiрлескен кəсiпорындар, мемлекеттiк кəсiпорындар жəне өзге де ұйымдар басшыларымен қатар жалпы қылмыскерлер де кiредi. Ол топтар коммерциялық ұйымдардың жəне олардың басшыларының пайдақорлық жəне экономикалық мүдделерiне негiзделген аймақаралық байланыстарға ие болады. Топ жетекшiлерi билiк орындарында жауапты қызметке де ие болатын, бұрын сотталған не сотталмаған беделдi тұлғалар болады.
  • бас бостандығынан айыру  орындарында əрекет ететiн ұйымдасқан топтар. Ол топтар сотталғандар арасында ұры заңдарын енгiзу бойынша жұмыстар жүргiзедi, жазасын өтеп жатқандарға, түзеу мекемесiнiң персоналына қарсы қылмыстардың жасалуын ұйымдастырады жəне кейiннен оларды қорқыту, шабуылдау арқылы қылмыс жасау үшiн пайдаланады.
  • қылмыстарды аймақаралық байланыстарды қолдана отырып, жасау үшiн арналған ұйымдасқан топтар. Топтар əртүрлi мекен тұрғындарынан құралады.
  • “гастролер” деп те алатын ұйымдасқан топтар. Ол топтарға өзге аймақтарға шығумен ұштасқан қылмыстар жасаған тəн. Топтар жергiліктi қылмыстық топтар жəне заңдағы ұрылармен байланыста   болады.   Оларға келесi қылмыстық қызмет тəн: ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алушылық, кiсi өлтiру.
  • көлiкте əрекет ететiн ұйымдасқан топтар. Олар жалпы қылмыстық жəне экономика саласындағы қылмыстарды жасайды.
  • бандылық бағыттағы ұйымдасқан топтар. Олар қаруланған, көлiктерi, байланыс құралдары бар, аса қатыгездiкпен сипатталады. Ол бандылық құрылымдар аса қоғамдық қауiптiлiкке ие.
  • халықаралық байланыстары бар ұйымдасқан топтар. Ол топтар Қазақстанда орналаса отырып,  өзге  шетелдермен байланыста болады. Ол бiрлескен топтар үшiн сипатты белгiсі: отандық жəне шетелдiк көлiктердi ұрлау, есiрткi саудасы, қаруды саудалау, пəтер тонаулары жəне қарақшылықтар.

Ауғанстанда, Солтүстiк Кавказда əскери операцияларға, Қазақстан шекараларына жақын орналасқан аймақтардағы шиеленiстердiң болуына байланысты Қазақстанды Еуропаға адамдарды заңсыз өткiзу аймағына айналдыру талпынысы орын алуда.

Адамдарды заңсыз тасымалдау өзiнiң қатыгездiгiне қарамастан, саудалаушыларға жəне қылмыстық синдикаттарға үлкен пайда алып келетiн ауқымды бизнеске айналуда. Ондай тасымалдаулармен айналысатын қылмыстық топтар өте икемдi, жаңа мəн-жайларға тез икемделе алады, жақсы ұйымдасқан жəне бүркемеленген. Қазақстан ортаазиялық аймақтағы аумағы бойынша iрi мемлекет, бес мемлекетпен ортақ шекараға ие. Ол Азиядан есiрткiнi, алдымен, еуропалық елдерге, одан əрi қарай бүкiл əлемге таратудың транзиттiк коридорына айналған. Сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстанда алынатын есiрткi заттарының 80 пайызына жуығы шетелдік тегi бар. Барлығын алғанда, Қазақстан арқылы есiрткiнi тасымалдау масштабтары жыл сайын 100-150 тоннаға бағаланады.

Құқық қорғау жүйесін реформалауҚазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының негізгі    факторларының    бірі     Президент Н.Ə. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында келтірілген реформаның  мақсатыішкі істер органдарының, соның ішінде есірткімен күрес жəне оның алдын алу бойынша маманданған мекемелердің қызметін бағалау критерийлерінің түбегейлі өзгеруін талап етеді жəне олардың жұмыстарының нəтижесін қоғам өзі бағалайтындығы айтылған.

Халықаралық қылмыстық топтар тарапынан Қазақстанға қызығушылық, алдымен, оның ерекше геосаяси  орналасуына,  кеден жəне шекаралық бақылауды ұйымдастырудағы мəселелердiң  жетілмегендігі,  визалық   режим ерекшелiктерiне, миграциялық үрдiстер күшеюiне, құқыққорғау органдарының өзара əрекеттестiгiнiң қалыптасқан механизмiнiң болмауына байланысты орын алады.

Ұйымдасқан қылмыстылықтың криминалдық əсер ету салаларына келер болсақ, бүгiндерi ол қандай да болсын пайда алып келетiн əлеуметтiк қызметтiң барлық салаларына енiп кеттi. Қылмыстық қызметтi жүзеге асыру барысында ол мемлекет жəне қоғам мүдделерiне үлкен нұқсан келтiруде.

Ұйымдасқан қылмыстылықтың əсер ету саласында шаруашылық субъектiлері, олардың iшiнде, банктер, биржалар, мемлекеттiк сектор кəсiпорындары бар. Аудандарда, қалаларда, базарлардың барлық сатушылары, автокөлiк импортерлары, киоск, магазин, ресторан, кафелердiң барлығына жуық иелерi кіреді, олар белгiлi бiр ұйымдасқан топтарға салық төлеп отырады. Көптеген жерлерде кəсiпкерлер магазин немесе киоск ашу үшiн қылмыстық топтардан рұқсат алу керектiгi жөнiндегi жазылмаған тəртіп орнатылған.

ҚР Жоғарғы Соты 21.06.2001 күнгi “Бандылық жəне өзге қатысушылықта жасалған қылмыстар үшiн жауапкершiлiк жөнiндегi заңдарды соттардың қолдануы туралы” нормативтiк қаулысында келесi түсiндiрме бередi: “ҚК-нің 31-бабының 5-бөлiгiнiң талаптарына сай ұйымдасқан  қылмыстық  топты, қылмыстық қауымдастықты жəне  бандыны құрған жəне оған басшылық еткен тұлға əрекеттерi ұйымдасқан қылмыстық топпен, бандымен немесе қылмыстық қауымдастықпен жасалған қылмыстар үшiн жауапкершiлiкті көздейтiн  235-баптың  сəйкесiнше  1-шi немесе 2-шi бөлiгi не 237-баптың 1-шi бөлiгi бойынша саралануға жатады. Сонымен қатар егер ұйымдастырушы қоса орындаушы болып табылмаса, Қылмыстық кодекстiң сəйкес бабы бойынша саралау 28-бапқа сiлтемемен сараланады.

Экономикалық салалардағы ұйымдасқан қылмыстылық ұлғаюда. Қорқыту немесе физикалық күш қолдану арқылы рэкетирлер кəсiпкерлердi əртүрлi сылтаумен ақша төлеуге мəжбүрлейдi.

Трансұлттық операциялар қылмыстық ұйымдарға тиiмдi нарыққа жол тауып, оларға кiру жолдарын табуға мүмкiндiк бередi, олар өздерi үшiн неғұрлым қауiпсiз болып табылатын аумақтан əрекет етедi. Қылмыстық қызметтен алынған табыстар əлемдiк қаржы жүйесiнiң каналдары бойынша жүредi, олар ол үшiн салықтарды айналып өтуге қолайлы аумақтарды таңдайды.

Қылмыстық қызметтi жүзеге асыру барысында ол мемлекет жəне қоғам мүдделерiне үлкен нұқсан келтiредi. Ұйымдасқан қылмыстылықтың криминалдық əсер ету салалары бүгiндерi ол қандай да болсын пайда алып келетiн əлеуметтiк қызметтiң барлық салаларына енiп кеткен.

Қылмыстық ұйымдардың ұлттық шекаралардан шығуы тек қана нарықтың құрылымы өзгеруiне ғана емес, сонымен қатар құқықорғау органдарының бақылауынан ауытқу себептерiне де байланысты. Əртүрлi елдердегi  қылмыстық сот əдiлдiгiнiң жəне құқық қорғау органдары жүйесiнiң əртүрлiлiгi əр қылмыстық элемент үшiн неғұрлым қауiпсiз болып табылатын аумақта орналасу мүмкіндігіне ие болады. Сондықтан қылмыстық ұйымдар өздерi үшiн  неғұрлым қауiпсiз аумақта орналасуға тырысады.

Қылмыстық топтар жəне қауымдастықтар өздерiнiң əсер ету аймақтарын кеңейтуде.

Қорыта келгенде, мемлекеттiк билiк бүгiнгi күнi сыбайлас жемқорлықпен шатысқан, мемлекеттiк шенеунiктер ұйымдасқан қылмыстылықпен бiрге əрекет ете отырып, оған белгiлi бiр қызметтер көрсететiндiктерiн айтуға болады.

Сондықтан жерлердегi билiк  органдарында  тəртіп  орнатылып, халық   пен партия, қоғам бақылауында болып, ұйымдасқан қылмыстылықтың жаңа тенденцияларын анықтау керек жəне құқық қорғау қызметiнiң басым бағыттарын анықтап, ұйымдасқан қылмыстылықтан халықты, əр азаматты жеке қорғау керек.

Жергiлiктi деңгейде ұйымдасқан қылмыстылықпен сəттi күресу үшiн аумақтық билiк органдары əртүрлi шаралар кешенiн қолданып, саяси, əлеуметтік, мəдени-тəрбие, құқықтық шараларды пайдаланып, қоғам өмiрiндегi жақсылық, əдiлеттiлiк, адамгершiлiк заңдарын бекiтiп, зорлық пен қатыгездiктi болдырмау бойынша іс-əрекеттерді жүзеге асыруы тиіс.

 

 

 

Əдебиет

 

  1. ҚР Конституциясы. – 30 тамыз
  2. Ерин В. Глобальный план ООН по борьбе с организованной преступностью// Международная жизнь. – М., 1995. – №
  3. Алешин Д. Организованные формы соучастия в преступлении по УК РК и УК Украины, Законность. № 11,
  4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының Қаулысы Соттарды бандылық жəне қатысуда жасалған өзге қылмыстар үшiн жауапкершiлiк туралы заңнаманы қолданудың кейбiр мəселелерi туралы 06.2001
  5. ҚР Қылмыстық кодексi 16 шiлде
  6. Ұйымдасқан топтармен жасалатын қылмыстарды тергеу (тергеушiлерге арналған Əдiстемелiк ұсыныстар) ҚР ҚПА. – Астана,

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.