Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату институтының мəні

Қылмыстық жауаптылық, əдетте, жаза арқылы жүзеге асырылады. Бірақ та кейбір жағдайларда қылмыспен күрес жаза қолданбайақ жүргізіле беруі мүмкін. Қылмыспен күрес практикасында қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату институттары мейлінше кең таралған. Аталған институттарды қолдану негіздері босату түріне байланысты əрқилы болғанымен, жасалған іс-əрекеттің құқықтық сипаты өзгеріссіз калады. Яғни ол іс-əрекет қылмыстық сипатта болады.

Қылмыстық жауаптылықтан босату қылмыстық-құқықтық мəжбүрлеуді біртіндеп жеңілдетумен азайту тенденциясын бейнелейді. Барлық жауаптылықтан босату түрлері əр жағдайда индивидуалды,тұлғаның  жеке қасиеттерін терең талдау нəтижесінде жəне осы тұлғаның қылмыстық жаза шарасын қолданбай түзелуі мүмкін деп танылған жағдайда ғана қолданылуы тиіс. Өзінің мазмұны бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату тек жазаны өтеуден босатуды ғана емес, сонымен бірге жазалау шараларын белгілеуден де босатуды білдіреді. Қылмыстық жауаптылықтан босату ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазадан босатудан басқа жағдайларда, тиісті органның құқығы болып табылады. Ал ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жауаптылықтан босату бұл органдар үшін міндетті болады. Қылмыскерге тек қылмыстық жазалау шараларын, оның ішінде ауыр, қатал жаза қолдану арқылы ғана қылмыскерлікті біржола жеңе  алмайтындығымызды  тарих  дəлелдеді. Ал қылмыскерліктің алдын алу, одан сақтандыру шараларының бұл күресте көмегі көп екендігі сөзсіз.

Қылмыскерлікпен күресте мемлекет  басқа да шараларды қолданады. Мұндай шаралардың бірі – жаза.

Қылмыстық заң нормаларын сақтауды мемлекет мəжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді, себебі бұл нормалардың  бұзылуы  заңның басқа салаларындағы нормалардың бұзылуына қарағанда мемлекет мүддесіне, қоғам мүддесіне немесе жеке азаматтар мүддесіне үлкен зиян келтіреді.

Жаза қолданудың мақсаты – адам мен азаматтың құқығын, бостандығын, заңды мүдделерін, бейбіт өмір мен адамзат қауіпсіздігін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тəртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты жəне Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заң қорғайтын мүдделерін қара ниет қастандықтан қорғау.

Республиканың Қылмыстық кодексі жаза түсінігіне мынадай анықтама береді: Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша дайындалатын мемлекеттік мəжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінəлі деп танылған адамға қолданылады жəне адамды құқықтары мен бостандықтарынан Қылмыстық кодекстің 38-бабында көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.

Бұл анықтамадан жаза белгілерінің жиынтығы шығады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган – сот қана үкім негізінде қолдана алады.

Үкім тек Қазақстан Республикасының атынан шығарылады. Мемлекеттік мəжбүрлеудің басқа шаралары лауазымды адамның атынан немесе қандай да бір мемлекеттік органның атынан қабылданады.

Заңды күшіне енген сот үкімі барлық мекемелер, кəсіпорындар мен ұйымдар үшін міндетті болып табылады, ол Қазақстанның барлық аумағында орындалуға тиісті.

Үкімде тағайындалған жаза қатаң дара сипатта болады, ол тек қылмыс жасаған адамға ғана қатысты жəне баска адамдарға (сотталғанның туған-туыстарына) таралмайды.

Жазаның орындалуы мемлекет күшімен жүзеге асырылады.Қоғамдық ықпал  жасау  шараларының  жазадан  айырмашылығы сол олардың артында мемлекеттік күш емес, қоғамдық пікір тұрады.

Қылмыс пен жаза – өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мəжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады. Мысалы, бас бостандығынан айырғанда, камауға алғанда сотталған адамның көптеген құқықтарына шек қойылады, ол бостандығынан айырылады, оның отбасымен, дос-туыстарымен байланысы үзіледі. Мүлкін  тəркілегенде, айыппұл алғанда ол материалдық шығын көреді. Белгілі бір қызметке тұру немесе қызметпен айналысу құқынан айыру сияқты жаза шарасы адамның қызмет, кесіп таңдау құқына шектеу салады. Жазаның жазалау сияқты элементінде қорқыту сипаты бар. Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалған қылмыстың сипатына жəне қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке  басына  жəне  басқа  мəн-жайларға  байланысты.

Жазалау жазаға тəн ерекшелік бола тұрса да Қылмыстық кодексте ол жаза мақсаты ретінде қаралмайды (ҚК-нің 38-бабының 2-бөлігі). Бұрынғы Қылмыстық кодекстерде жазалау жазаның мақсаты ретінде қарастырылмаған.

Дегенмен бірқатар ғалымдар жазалауды жаза мақсаты ретінде қарастырған. Атап айтқанда, Н.А. Беляев былай деп жазды: «Жазаның мақсаты жазалау, ол дегеніміз – жасаған кылмысы үшін айыпкерді күйзелту, бостандығынан айыру» [1].

А.И. Марцевтің  пікірінше, арнайы сақтандыру шараларының мəні – «қылмыстық жауапкершілікке   тартылған   адамның               жаңа қылмыс  (немесе  жаңа   қылмыстар)   жасауына жол бермеуде» жəне бұл мақсатқа жазалау, тəрбиелеу арқылы тікелей қол жеткізуге болады. Ал И.И. Карпецтің пікірінше, нақты адамға жаза тағайындағанда арнайы сақтандырудағы мақсатқа мына əдістермен қол жеткізуге болады: қылмыскерді қылмыс жасау мүмкіндігінен айыру; қылмыскердің көңіл-күйіне ықпал жасау;

Мемлекеттік мəжбүрлеудің ерекше шарасы болып табылатын жазада соттылық сияқты өзіне тəн сипат бар, ол кейін құқықтық жəне моральдық тұрғыдан өзінің теріс зардабын тигізеді. Мысалы, егер адам жаңадан қылмыс жасаса, оның бұрынғы қылмысы үшін соттылығы қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мəн-жай болып табылады.

Қылмыстық жазадан босату бұл кінəлі адамды жазаның құрамдас бөліктері болып табылатын белгілі бір құқықтарын шектеумен құқықтарынан айырудан босату.

Аталған институтты қолдануға сот тағайындаған жазаны орындаудың тиімсіздігі немесе жазаны атқаруға мүмкіндік болмауы негіз болады. Кейде қылмыстық жазадан босатуды қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың бір формасы ретінде түсініп оны қылмыстық жауаптылықтан босатудың құрамдас бөлігі ретінде құрастырып қате тұжырым  жасайды. Ал іс жүзінде, жазаны өтеуден босату, дербес қылмыстық-құқықтық институт болып табылады.

Бұлар өзара мазмұны, негіздері, заңдық салдарлары жəне қолданудың процессуалдық тəртібіне байланысты ерекшеленеді. Мысалы, қылмыстық жазадан босату тек онша ауыр емес жəне орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін ғана емес одан да кең шеңберде қолданылады. Ал қылмыстық жауаптылықтан босату тек үлкен қауіп тудырмайтын онша ауыр емес жəне орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамдар үшін ғана қолданылады. Жазаны өтеуден тек сот қана босата алады, ал қылмыстық жауаптылықтан босатуды тергеуші, прокурор, анықтау органы жүзеге асыра алады.

Сондай-ақ қылмысты адам жазаны өтеуден босатылғанымен қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды. Ал қылмыстық жауаптылық жаза қолданусыз жүзеге асырылуы мүмкін Қылмыс жасаған кінəлі адамды қылмыстық жауаптылықтан босату осы тұлғаны жазаны өтеуден де босату болып табылады.

Осылайша, «Əрбір кінəліге – əділетті жаза» қағидасы бұзылады. Бұл көзқарастан басқа тұрғыдан тереңірек қарап көрелік [3].

Жаза тым кешігіп орындалып жатса, ол өзінің ескертушілік əсерін жоғалтады. Қылмыскер жаза қолданусыз-ақ түзеліп кеткен жағдайда, жаза қайта тəрбиелеу құралы қызметін атқара алмайды. Мұндай жағдайда жаза əлде де жалпы ескертушілік сипатта болуы мүмкін, бірақ, негізінен, істелген іс-əрекет үшін кек қайтару секілді  көрінеді.  Қылмыстық   жауаптылық пен жазадан босату да ескертушілік рөл ойнай алады.  Яғни  мемлекет  өзінің  осы əрекетімен қылмыс жасаған адамның өзінің кейінгі оң мінезқұлқымен келтірілген зиянын жойып, өз кінəсін жуып-шаюға мүмкіндік бар екендігі туралы жариялайды. Қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату институты қылмыс істеген адамды үлгілі мінез-құлық сақтауға тырысуға ықпал етеді.

Аталған инситуттың өмір сүруі нəтижесінде «жазаны кұр қорқыту құралына айналып қалу қаупі туады» деп те күмəндануға болар еді. Бірақ мұндай құбылыс орын алмайды. Өйткені қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату автоматты түрде емес, тек заңда көрсетілген шарттарды сақталған жағдайда ғана жүзеге асады.

Тіпті жазаны өтеп біткен немесе жазаны қысқартқан немесе неғұрлым жеңіл жаза түрімен алмастырылудан кейін де тұлға тиімсіз теріс салдарға душар болып отырады.

Тұлғаны соттың белгілі бір жаза түріне соттауы тəртіп бойынша аталған тұлғаны соттылығы бар деп тануға негіз болады. Сонымен,  бұл тұлға айыптау үкімі күшіне енген сəттен бастап, тағайындалған жазаны өтеу кезеңінде жəне жазаны өтеп болған соң заңда көрсетілген белгілі бір уақыт кезеңінде соттылығы бар деп танылып жүреді. Кейбір жағдайларда соттылығы болуы тұлға үшін белгілі бір шектеулер туындатуы мүмкін. Мысалы, тұрғылықты жер таңдауда, жұмысқа орналасуда, т.б.

Жаңа қылмыс жасаған жағдайда соттылығының болуы, əдетте, ауырлататын мəнжайлар қатарына жатқызылады.

Сонымен, қылмыстық жаза қылмыскердің сазайын тарттыру мақсатын  көздемейді. Оның негізгі қолданылатын бағыты – құқық бұзушыны түзету, қайта тəрбиелеу жəне жаңа қылмыстардың жасалуының алдын алу бағыты. Егер осы гуманды мақсаттарға жету үшін өте катаң қылмыстық құқықтық ықпал ету, шаралар қолдану қажет болмаса, заң мұндай сотталған адамға мүмкіндігінше, тіпті, жазаны өтеуден толық босатуға дейін жеңілдік беруге тырысады. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың құқықтықсипатынанықтаупроцесін, қылмыстық жауаптылық пен оның мəн-мазмұны туралы бірегей көзқарастың жоқтығы қиындатады. Бұл мəселені шешудің негізгі екі бағыты бар.

Бірінші бағытты ұстанушылар мəселені қылмыстық жауаптылықты қылмыстық жазамен байланыстырып қарау арқылы, сəйкесінше қылмыстық жауаптылықтан  босатуды  жазаны  өтеуден  босатумен байланыстырып қарау арқылы шешеді. Екінші бағыт болса, өзінің негізіне қылмыстық жауаптылық ұғымы мен басқа да заңда қылмыс жасаған тұлға үшін көзделген тиімсіз теріс  салдарларды алады. Ал қылмыстық жауаптылықтан босату тек қылмыстық жазадан босатумен шектелмейді жəне басқа соттылық, т.б. сияқты тиімсіз салдарлардан босатуды да қамтиды.

 

 

 

Əдебиеттер

 

  1. «Об уголовной ответственности юридических лиц» правовая реформа в Казахстане. – –№1.
  2. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Лекциялар курсы. – Астана: Фолиант,
  3. Дулатбеков Н.О. Қылмыстық жаза тағайындау (теория жəне практика мəселелері). – Астана: Фолиант,
  4. Алимжан К. Толкование и применение правовых норм в судебной системе РК. Правовая реворма в Казахстане. –2004. – №
  5. Наказание: учебное и практическое пособие. //под.ред. к.ю.н., А.А. Нурымбетова.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.