Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жасыл» экономикаға өтудің аймақтық саясатының теориялық жəне методологиялық негіздері

Қазақстан Республикасының құқықтық дамуында Елбасының 2012 жылы 4 желтоқсанда айтқан «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауымен байланысты жаңа кезең орын алуда» [1]. Тұжырымдамада еліміздің одан əрі ілгері дамуының негізгі бағыттары айқындалған, басты мақсат ретінде 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың жəне жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру көрсетілген. Осы стратегияда үш элементке басты назар аударылған: өндіріс, энергетика жəне инвестиция. Аталған стратегия энергоресурстар жəне өзге де ресурстарды ең аз пайдалану арқылы өндірістік экономикалық қызметтің көлемін сақтауды көздейді; пайдаланылатын барлық энергия жəне ресурстар көздерінің қоршаған ортаға қысым жасауын минимумға жеткізу жəне инвестицияларды табиғат қорғау қызметі мен экономикалық дамудың қозғаушы күшіне айналдыру үшін шаралар қолдануға бағытталған. Стратегияға сəйкес, Қазақстанның болашағы қоғам дамуының барлық тұстарының біртұтастығымен, теңгерімділігімен байланысты. Қазақстан – тұрақты экономикалық дамуды көздейтін, амандықты, денсаулық пен өзінің барлық азаматтары үшін қолайлы қоршаған ортаны көздейтін мемлекет.  ҚР  Президенті Н.Ə. Назарбаевтың пікірі бойынша, жердің табиғи ресурстарының шектеулілігі, түгесілуі жағдайында адамзат тарихындағы теңдесі жоқ тұтынудың өсуі əр бағыттағы,  келеңсіз  де, оң да үдерістерді үдете түседі. ҚР Президентінің негізгі идеяларының бірі болып 2013 жылы «жасыл  көпір»  халықаралық  ұйымын  құру,  сонымен қатар Алматының маңындағы төрт серіктес қалада Green4 жобасын іске асыруды бастау ұсынылып отыр [2].

Соңғы он жылда адамзат бірнеше дағдарысты бастан кешіп отыр: климаттық, биоəртүрлілік, су, отын, азық-түлік. Ал соңғы жылдары əлемде дүниежүзілік қаржы жəне жалпы экономикалық дағдарыс орын алды. Отын  бағасының көтерілуі салдарынан азық-түлік жəне шикізат тауарларының бағаларының өсуі жойылмаған құрылымдық тəуекелдерді көрсетеді. Өндіріс жəне ауыл шаруашылығы өндірісі дүниежүзілік көлемінің қалыптан тыс артуы жəне оған тиісті ресурстар мен пайдалы қазбаларға сұранысты мұнай, газ жəне өзге де қазып алынатын отын түрлеріне, сондай-ақ энергия бағасының өсуіне қарамастан əрі қарай сақтауды көздейді. Қазіргі экономиканың көпшілік  стратегиялары  заттай, қаржылық жəне адам  капиталының  жедел жиналуын ынталандырады. Алайда бұл табиғат капиталының аса сарқылуы есебінен жүзеге асырылады. Қоршаған ортаны бұза отырып, кез келген жаңа қоғам өзінің болашағын жояды. Болашақ ұрпақтың гүлденуі үшін экологиялық тұрақтылықты сақтау қажет. Экологиялық тұрақты болашақты қамтамасыз ету үшін қоршаған орта жағдайын мұқият бақылау, өндіріс шығарындыларын жою жəне нормалау, қалдықсыз жəне ресурс үнемдеуші технологияларды əзірлеу жəне енгізу қажет. Адамның табиғат заңдылықтарын білмей табиғи байлықтарды пайдалануы көп жағдайда ауыр, түзелмейтін зардаптарға алып келеді.

Жасыл экономика  тұрақты дамуды қамтамасыз етеді. Тұрақты даму өзара  кешенді үш компоненттің байланысын көрсетеді   – экономикалық,  əлеуметтік  жəне   экологиялық.

«Тұрақты даму» жаңа глобальды саясиэкономикалық тұжырымдаманы білдіреді. Біріккен  Ұлттар  Ұйымы тұрақты   дамудан «қазіргі уақыт қажеттілігін қанағаттандыру, бірақ болашақ ұрпақтың өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншіліктеріне қауіп-қатер туғызбайтын дамуды» түсіндіреді. Тұрақты даму идеологиясының Қазақстан Республикасы саяси жəне қоғамдық өмірінің барлық саласына белсенді енуі маңызды болып келеді. Мемлекеттің тұрақты дамуы – қазіргі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру жəне болашақ ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіншілігіне қауіп-қатер төндірмеу түрінде дамуы. Тұрақты даму халықтың кедейлік жағдайында орын алмайды, ал кедейлікті тұрақты жəне дұрыс қоршаған орта жағдайынсыз жою мүмкін емес.

Қазіргі даму жағдайында Қазақстан алдында оның бай табиғи ресурстары, экономикалық даму жəне тиімді географиялық орналасу жағдайында еліміздің мұнай жəне көмір энергетика саласына ықылас аударуын ескере отырып, ұзақ мерзімді перспективада тұрақты дамуға қол жеткізу мəселесі тұр жəне мұнда Қазақстан Республикасы ТМД мемлекеттері арасында парниктік газдарды қарқынды түрде шығаратынын ескерген жөн.

Соңғы екі он жылдықта қалыптасқан «жасыл экономика» тұжырымдамасы келесідей компоненттер арасында тиімді үйлесімділікті қамтамасыз етуші барлық мемлекеттер үшін қолайлы болып отыр – дамыған, дамушы жəне өтпелі экономикалық мемлекеттер. Көп мемлекеттер «жасыл экономиканың» түрлі құралдарын өздерінің ұлттық саясаттары мен стратегиялық дамуында  қолданып  отыр.  Қоршаған   ортаны қорғау жөніндегі БҰҰ даму бағдарламасы (ЮНЕП) 2008 жылы «жасыл экономика» жөнінде бастамашылықпен шықты, ол тиісінше қазіргі таңда ертеңгі күннің экономикасын қалыптастырудың тарихи мүмкіншілігін пайдалану мақсатын алға қойды.

Соңғы  уақытта  дүниежүзілік   экономикада инвестициялардың көпшілігі  отын  пайдалы қазбаларының түрлерін шығаруға, кіріктірмелі туынды қаржылық құралдары енгізілген қаржылық активтер мен жылжымайтын мүліктерге енгізілген. Сондай-ақ салыстырмалы түрде «жасыл экономиканың» келесідей негіздерін дамытуға аз қаражаттар жұмсалған:

  • жаңғыртылмалы энергетиканы пайдалану;
  • энерготиімділікті арттыру;
  • қоғамдық көлік жүйесін жаппай дамыту, тиімді жəне тұрақты ауылшаруашылығын құру, экожүйе жəне биоəртүрлілікті қорғау;
  • топырақ, су жəне орманды сақтау.

Сонымен қатар халықаралық тəжірибе көрсеткендей, «Жасыл экономика» қағидасын кешенді енгізу табиғат қорғау мəселелерін шешуге  ғана  тиімді   əсер   етпей,   сондай-ақ ол бірінші кезекте, кешенді тəсілдер мен шешімдерге ие болғандықтан жалпы əлеуметтікэкономикалық дамуға оң əсер етеді. Жасыл экономика қажеттілігі ертеден орын алған, егер дүниежүзілік қауымдастық қазіргі кезде осы жол бойынша жүргісі келсе, онда оған жету үшін қолданылатын нақты мақсаттар мен іс-шаралар туралы келісуі қажет.  Жасыл экономикаға   өту: «жер шарының экологиялық шегі аясындағы барлығы үшін жақсы сапалы өмірді қамтамасыз етуші əділ жəне сенімді» қазіргі таңдағы дүниежүзі қауымдастықтың дамуының басым бағыты болып табылады [3].

Аталған мəселелерді шешу үшін экономикалық дамыған мемлекеттер өздерінің жаңа жасыл технологияларын беруі тиіс, ал дамушы мемлекеттер оларды енгізу үшін қолайлы жағдайлар қолдануы тиіс.

«Жасыл» экономика жоғары дəрежелі халықаралық форумдарда талқыланатын маңызды мəселе болып отыр. Экономикасы мұнай шығару жəне экспортқа негізделген мемлекеттер «жасыл даму» экономикалық моделінің өрлеуіне дəстүрлі түрде мүдделі емес деп есептеледі. Алайда Қазақстанда елдің нақты басшылыққа алатын түсінігі қалыптасқан, тиісінше «жасыл» экономиканы алға қарай дамыту – бұл тұрақты дамуды сақтаудың негізгі тəсілі жəне жолы деп көрсетілген. Сондай-ақ Қазақстанда өзге мемлекеттерде орын алмаған тарихи түрде қалыптасқан үлкен экологиялық мəселелер орын алған. Көп он жылдықтар ішінде Қазақстанда қоршаған  ортаға  экстремалды  техногендік ауыр салмақтардың табиғат пайдаланудың шикізаттық жүйесі қалыптасқан. Сол себепті экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы орын алмады жəне ол əлі де биосфераның тұрақсыздануына, қоғам өмір сүруін қамтамасыз етуші қоршаған ортаның сапасын сақтап  отыру қабілетінің жоғалтуына алып келетін табиғи жүйенің нашарлауымен сипатталады. Таяудағы 20-30 жылда Қазақстан климаттың жаһандық өзгеру зардаптарына, яғни су жетіспеушілігі, құрғақшылық, шөлейттену жəне т.б. салдарлармен соқтығысуы мүмкін. «Жасыл» экономиканы дамыту тиісінше осы тəуекелдер мен қауіпқатерлерді төмендетуге септігін тигізеді. Бірақ осының өзінде мемлекет, экономика дамуы тиіс. Сондықтан да «жасыл» экономиканы келер экологиялық өзгерістерді алдын алу мақсатында ғана емес дамыту қажет. Бұл – тек нақты əрекет ету жоспары, сірə, осы сынды мəселелерден құтқарудың жалғыз жолы. Өйткені «жасыл» экономиканың басты мақсаты болып халықтың тұрмыс сапасын жақсарту жəне əл-ауқаттылығын арттыру танылады.  Қазақстанның «жасыл» экономикаға өтуінің басты себебі «РИО+20» саммиті болды, тиісінше онда маңызды нəтиже ретінде барлық мемлекеттер үшін «жасыл» экономикаға өту ұсынылды. «Жасыл экономиканы» алға жылжыту жөніндегі Қазақстан бастамасы       болып экологиялық  проблемаларды жаһандық деңгейде шешуді ұсыну танылды. Осыған орай, Қазақстан жаһандық экологиялық проблеманы халықаралық шешу процесінде жəне біздің ортақ үйіміз – Жер планетасын сақтау процесінде маңызды орынды иеленді.

«Жасыл» дамуға өту келе жатқан энергияны қайта жандандыруға негізделген Үшінші индустриалды революцияға дайындыққа мүмкіндік береді.

«Бізге өзіміздің табиғи байлықтарымызға деген қарым-қатынасымызды қайта ойластыруымыз қажет. Адамзаттың түрткілену жəне дамуы үшін «жасыл экономикаға», яғни өндіріспен, тауар жəне қызметтерді бөлу жəне пайдаланумен байланысты экономикалық қызмет жүйесінде ұзақ мерзімді перспективада адамның əлауқатын арттыруға жеткізетін, соның ішінде, болашақ ұрпаққа экологиялық тəуекелдер мен экологиялық жетіспеушіліктер əсер етпейтін дамуға өту қажет [1].

Біз оларды дұрыс басқаруды үйренуіміз керек, оларды сатудан түскен кірістерді қазынаға жинауымыз қажет, ең бастысы еліміздің табиғи байлықтарын тұрақты экономикалық өсуге тиімді өзгертуіміз керек. Барлық дамыған елдер баламалы жəне «жасыл» энергетикалық технологияларға инвестицияны ұлғайтуда.

2050 жылға қарай алғанның өзінде оларды қолдану барлық тұтынылатын энергияның 50%на дейін өндіруге мүмкіндік береді. Көмірсутегі экономикасының дəуірі  бірте-бірте  аяқталып келе жатқаны анық. Адамзаттың өмір тіршілігі тек бір ғана мұнай мен газға емес, энергияның жаңғыртылатын көздеріне негізделетін жаңа дəуір келе жатыр. Қазақстан жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің басты элементтерінің бірі болып саналады. Мұнай мен газдың əлемдік деңгейдегі аса ірі қорларын иеленетін біздің еліміз өзінің энергетикалық саладағы сенімді стратегиялық əріптестік пен өзара пайдалы халықаралық ынтымақтастық саясатынан бір қадам да кейін шегінбейтін болады».

«Жасыл экономика» ұғымы – бұл елдің əл-ауқатын көтеретін, əлеуметтік əділдікті қамтамасыз ететін жəне қоршаған орта тəуелділігін  төмендететін  экономика.  «Жасыл экономика» ұғымы əртүрлі тұрғыда,  əр түрлі контексте анықталады жəне түсіндіріледі. Алғашынан-ақ «жасыл экономика» – елдің əл-ауқатын көтеретін, əлеуметтік əділдікті қамтамасыз ететін жəне қоршаған орта тəуелділігі мен оның жүдеуін төмендететін экономика.

«Жасыл» экономиканың құрылуы – қазіргі таңда  əлемдегі  актуалды  тақырып. «Жаһандық «жасыл» жаңа бағыт» мемлекеттің қысқа мерзімді мақсаттарының негізгі сапасы ретінде қалыптасқан жəне жаңа  жұмыс  орындарын құру мен сақтау, неғұрлым төмен қорғалған тұрғындар тобының мүдделерін сақтау кезінде əлемдік экономиканың қалыптасуын анықтап берді.

Табиғатты сақтау, тұрғындар өмірінің сапасын жақсарту, экономикалық прогреске қол жеткізу – бұл тамаша үш бірлікті мақсат. Нақты осы идеялар кең тарихи перспективадағы мемлекеттің жетістігі мен құндылықтарының көрсеткіші болып табылады.

«Жасыл экономикаға» өтуде көптеген мемлекеттерде салықтық ынталандыру қарастырылады жəне Қазақстанның мұндай стратегияға көшуін қарастыру кезінде «жасыл» ортаға» көптеген салымдар ағымын тарту үшін салықтық ынталандыруды қолдану қажет.

Жарияланған жаңа бағыттың күтілетін нəтижелері болып экономиканың «жасыл» негізде қалпына келтіруде табиғи ресурстарды əдеттен  тыс  қолданудың  аса  нашар  салдарын жою, экожүйе мен өзгерістердің жұтаңдануы, сондай-ақ кең сектордағы жоғары төлемді инновациялықжұмысорындарынқұруменбекіту танылады. Себебі мемлекеттің экономикалық тұрақтылығының белгісі мен бірден-бір маңызды макроэкономикалық көрсеткіші болып жұмыспен қамту танылады. Экология, экономика жəне əлеуметтік мəселелердің өзара тығыз байланысы жалпылама түсінік болып келе жатыр. Ресурстиімділік пен экологиялық таза өндірістің дамуына салымдардың бағытталуы, тұрақты энергия қауіпсіздігіне қол жеткізу, төмен деңгейдегі шығарындылармен жаңа өңдірістік инфрақұрылымның құрылуы жəне қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жұмыспен қамтудың жоғарғы потенциалын көрсетеді. Салымдар экономиканың қысқа мерзімді ластаушы, ескі саласына емес, өзекті мəселелердің шешімімен  айналысатын  экономиканың жаңа «жасыл» салаларына бағытталуы тиіс. Білім беру саласы тек белсенді «жасыл» фундаментальды жəне қолданбалы зерттеулерді жүргізумен ғана емес, сондай-ақ «жасыл» мамандықтардың мамандарын жаппай даярлау мен қайта даярлауды қамтамасыз етуі қажет. Орта квалификациялы адамдарға су құбырлары жүйесін жөндеуқалпына келтіру жұмыстары – тағы бір жұмыс орнының құрылуының негізі. Экологиялық туризмді дамыту перспективасы ауқымды. Кейінгі ұрпақтың құрылыс саласы жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді. Аз шығарынды көлік құралдары өңдірісінің көптігі жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.

Жаңа технологиялардың енгізілуі парниктік газдардың шығарындыларын төмендетуге мүмкіндік береді. Жаңартылатын жел, күнтермальдық жəне гидроэнергетиканың дамуы экологиялық қауіпсіз емес жəне өңдірістің төмен тиімділігін алмастыруға көмектеседі. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын модернизациялау барынша энергия мен судың қолданылуын төмендетеді жəне тұрғын үй қауіпсіздігі мен сапасын көтереді, оны күтіп ұстау шығындарын төмендетеді. Жайылым ресурстарын тұрақты басқару жерлердің шөлейттенуімен күресуге көмектеседі, фермерлердің кірістерін көтереді жəне тұрақты етеді. Суды пайдалануды басқару жүйесін  модернизациялау судың қалыптасқан көп мөлшерін жоғалтуды төмендетуге мүмкіндік береді жəне ауылдық, коммуналдық шаруашылықтың тиімділігін көтереді.

Бүгінде  Қазақстанда  экономиканы «жасылдандыруда»   нақты   қадамдар   жасалып жатыр: жел энергетикасы туралы, энергия үнемдеу туралы, өндірістік жəне қатты тұрмыстық қалдықтарды кəдеге жарату туралы заңдар қабылданған. «Жасыл» экономика қағидаларын секторлық жəне қоғамдық саясатқа қатысуын интеграциялау үшін ведомствоаралық Кеңес құрылды. «Жасыл экономикаға» өту кезінде көптеген елдерде салықтық ынталандыру қарастырылған жəне Қазақстанның мұндай стратегияға көшуін қарастыру кезінде «жасыл» ортаға» көптеген салымдар ағымын тарту үшін салықтық ынталандыруды қолдануды ойлау керек [5].

2050 Стратегиясына сəйкес оның жүзеге асырылуы аясында Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға өтуін  қамтамасыз ету жөніндегі ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарлама жобасын  даярлау  жəне  оның жүзеге асырылуының құқықтық сүйемелденуін қамтамасыз ету қажеттілігі туындады.

Аталған мақсаттың қойылуы актуалдығымен жəне аталған мəселенің барлық əлемдік қауымдастықтардың, оның ішінде Қазақстан үшін қазіргі қажеттілігіне негізделген.

Аталған жобаның міндеттері:

  • қазіргі заманғы жағдайлардағы жасыл экономикаға өту саясатын ескеріп табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық тиімділігін қамтамасыз етудегі теоретикалық-құқықтық мəселелерін талдау;
  • «Жасыл экономикаға өту аясындағы Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі Тұжырымдамасы» жобасын зерттеу;
  • табиғи ресурстарды экологиялық тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды реттеу жəне мемлекеттік-құқықтық тетікті модернизациялау жөніндегі басқару ұсыныстарының ғылыми негізділігін даярлау;
  • шаруашылық қызметі процесінде «жасыл» инновациялық технологияларды енгізетін жəне қолданатын табиғат пайдаланушыларды экономикалық ынталандырудың мемлекеттікқұқықтық тетігі мен нормативтік-құқықтық базасын əзірлеу жəне жетілдіру;
  • экологиялық талаптарды қаталдандыру бойынша ҚР-ның заңнамалары жəне жасыл əлемнің жаңа нормативтері мен стандарттарын орнатуда өзгерістер енгізу жобасын əзірлеу (ҚР экономикасының энергетикалық, азық-түліктік, ауылшаруашылық, су, жер жəне орман секторларында);
  • 2050 Стратегиясын тəжірибеде жүзеге асыру мақсатымен өндіріс жəне тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу мен кəдеге асыру деңгейін көтеруде, қоршаған ортаға зиянды заттар мен парникті газдарға эмиссияны төмендетуде мемлекеттікқұқықтық тетікті əзірлеу;
  • баламалы жəне «жасыл» энергетикалық технологияларға ішкі жəне сыртқы ұзақ мерзімді салымдарды тарту бойынша Үкіметтік мемлекеттік мақсаттық бағдарламаны зерттеу;
  • жаңартылатын жел, күн термальдық жəне таза гидроэнергетикалық технологияларды енгізудің құқықтық тетігін өңдеу;
  • барша халықты, қоғамды  «жасыл» экономикаға өту жағдайында қоршаған ортаны қорғау саласының қызметіне тарту мақсатымен экологиялық    ақпаратқа қол  жетімділікті қамтамасыз етудің құқықтық жағдайын туындату; 10)«Құқықтық жалпы оқыту мен жасыл əлем жағдайындағы құқықтық мəдениет» туралы мемлекеттік Үкіметтік мақсатты бағдарламаның жобасын зерттеу болып табылады.

Жобаның  жүзеге асырылуының негізгі қорытындысы болып Қазақстан Республикасының    «жасыл»     экономикаға өтуі мен оның жүзеге асырылуын құқықтық сүйемелденуін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бағдарламаны зерттеу танылады.

Жобаның жүзеге асырылуының негізгі бағыттары:

  • экологиялық құқық теориясы саласындағы теоретикалық мəселелер кешенін зерттеу;
  • қолайлы қоршаған ортаға адам құқықтарының қорғалуы мен кепілдендірілуі, қамтамасыз етілуі саласында конституциялық заңнамаларды қолдану тəжірибесі мен ерекшеліктерін, теоретикалық алғышарттарын талдау;
  • мемлекеттік басқару          теориясы саласындағы теоретикалық мəселелерді талдау мен экологиялық, азық-түліктік, энергетикалық жəне өзге де тұлғаның, қоғамның жəне мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік институттардың рөлін анықтау;
  • кешенді институт ретінде қауіпсіздік теориясы мен ұлттық қауіпсіздік теориясын талдау;
  • экологиялық қауіпсіздік саласын ынталандыру мен мəжбүрлеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үрдісіндегі экономикалық құралдардың рөлін талдау;
  • діни терроризмге, экстремизмге жəне радикалдыққа қарсы əрекет ету мəселелері шешімдерін қылмыстық-құқықтық, криминалистикалық жəне қылмыстық-атқарушы аспектілерде талдау;
  • халықаралық-құқықтық ортамен динамикалық дамитын ұлттық мүддені қазіргі заман жағдайында ұлттық заңнамаларды синхрондау жолымен қамтамасыз етудің халықаралыққұқықтық аспектілерін талдау.

Жобаның жүзеге асырылу тетігінің элементттері:

  • эмпирикалық материалдарды жинау мен оның өңделуі, жинақталуы жəне жүйеленуі;
  • əрекет етуші заңнамалар мен оның қолданылу тəжірибесін, оның ішінде уəкілетті жəне мемлекеттік органдар, соттар, қоғамдық бірлестіктер мен халықаралық құрылымдар қызметінде қолданылуын оқу жəне талдау;
  • қолда бар арнайы отандық жəне шетелдік əдебиеттерді, есеп беру материалдарын  талдау жəне қоршаған орта министрлігі мен Ауыл шаруашылық министрлігінің, БҰҰ бағытының халықаралық комиссиялары мен ұйымдарының қызметінің тəжірибесін жинақтау;
  • ғылыми мақалалардың жариялануына дайындық;
  • Қорытынды ұжымдық монографияның жариялануына дайындық;
  • жасыл экономикаға өту аясындағы Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі Тұжырымдамасы жобасына дайындық;
  • баламалы жəне «жасыл» энергетикалық технологияларға ішкі жəне сыртқы ұзақ мерзімді салымдарды тарту бойынша үкіметтік мемлекеттік мақсаттық бағдарламаны даярлау;
  • тиісті салаларда салалық заңнамалардың жүзеге асырылуы, оның қолданылу тəжірибесі мен мемлекеттік саясаттың концептуалды бағдарламалық құжаттары бойынша нақты ұсыныстар кешенін даярлау;
  • халықаралық жəне республикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер мен əдістемелік семинарларды ұйымдастыру жəне өткізу;
  • уəкілетті мемлекеттік     органдармен, қоғамдық бірлестіктермен жəне халықаралық құрылымдармен өзара əрекеттестік болып табылады.

 

 

 

 

Əдебиеттер

 

  1. «Қазақстан–2050» Стратегиясы.
  2. http://www.bnews.kz/ru/news/post/115725/
  3. Коалиция по Зеленой Экономике: http://www.greeneconomycoalition.org
  4. Программа партнерства «Зеленый Мост» Седьмая Конференция министров"Окружающая среда для Европы". – Астана, Казахстан 21-23 сентября 2011 года
  5. kazpravda.kz/print/1348013533
  • Жыл: 2013
  • Қала: Алматы
  • Категория: Құқық

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.