Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың объективтік жағы бойынша саралау мəселелері

Introduction (Кіріспе)

Қылмыстық құқықтың жалпы теориясынан қылмыс құрамының бір элементі объективтік жақ болып табылатыны барлығына мəлім.

Экологиялық қылмыстардың объективтік жағы табиғатты пайдалану жəне қоршаған табиғи ортаны қорғау ережелерін əрекет немесе əрекетсіздік арқылы бұзу жолымен сипатталады. Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың диспозициясы бланкеттік болғандықтан, оларды нақты анықтау қажет.

Жас   ғалымдардың   бірі   Б.Ш.  Исмаилова: «заңдар тек қылмыстық-құқықтық сипаттағы емес ережелерді бұзуды, қылмыс нысаны мен белгілерін сипаттайды. Олардың мазмұны осы ережелерді бұзудың түрі мен сипатын ашпайды», – деп көрсетеді [1].

Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстарды саралау кезінде ауыспалы белгілерге көңіл бөліп қылмыстық-құқықтық нормаларды талдап, басқа да нормативтік жəне нормативтік-практикалық сипаттағы қайнар көздерге көңіл бөлген дұрыс болады. Алайда олар ұғымдар мен терминдерге нақты дұрыс сипаттама беріп қылмыстық заң диспозициясын түсінуге мүмкіндік ашады.

Бланкеттік диспозицияларда заң шығарушы нақты қандай қоғамға қауіпті іс-əрекеттің түрін жəне мазмұнын ашатын нормативтік қайнар көз қолданатындығын анықтап көрсетеді. Мəселен, атақты ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор А.Н. Ағыбаев: Қазақстан Республикасы ҚК 277-бабында көзделген талаптардың бұзылуын анықтау үшін арнаулы нормативтік актілерге жүгіну керек, – деп көрсеткен [2].

 Main body. (Негізгі бөлімі).

ҚК-нің 277-бабының бланкетті екенін аңғарып, ол бойынша келесі актілерді сипаттама беруші ретінде тануға болады: «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi № 175 Заңы,  «Қазақстан  Республикасының Экологиялық кодексi» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Кодексi, «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту жəне пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 Заңы, «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 ж. 3 шілдедегі № 331-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы, т.б.

Барлық дерлік экологиялық  қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар материалдық қылмыс құрамын құрайды. Материалдық қылмыс құрамы деп бұл қылмыста  іс-əрекеттің,  зардаптың жəне іс-əрекет пен зардаптың арасындағы себептік байланыстың болуын  айтамыз.  Ондай құрамдарға экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар ішінен ҚР ҚК-нің 277, 278-бабының 2-3 бөліктері, 279, 280, 294-баптар жатады.

Ал қылмыстарды саралау кезінде қылмыстың аяқталу уақытын тек іс-əрекеттің болуымен ғана анықтасақ, ондай құрамдар формальды болып табылады.

Тек Қазақстан Республикасы ҚК-нің 278-279 баптарының 1-бөліктері адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулi зиян келтiру қаупiн төндiргеніне байланысты формальды саналады.

Алайда осы жағдай бойынша заң ғылымдарының докторы, академик В.Н. Кудрявцев былай деп жазған: «Қылмыстарды шартты түрде материалды жəне формальды деп бөлу маңызды болып келеді. Судья, прокурор, тергеуші нақты қай уақытта айыптау келтірілген зиянды (зардапты) қашан дəлелдеу жəне қашан дəлелдемеуін білуі керек. Осылай бөлінгендік осы сұраққа нақты жауап береді: айыптау тек келтірілген зардап нақты қылмыстық-құқықтық нормада көзделген уақытта ғана дəлелдену керек, яғни материалдық қылмыс құрамдарында ғана» [3].

Қылмыстық зардап ұғымын ашу өте қиындыққа соғуда, əсіресе қарастырып отырған мəселе бойынша ол өзекті болып отыр. Олардың мағынасы – олар нені білдіретіндігі жəне   зиянда, сонымен қатар нəтижесі қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге қол сұғу. Келтірілетін зиянның түрлері əртүрлі: материалдық, дене, əлеуметтік жəне экологиялық. Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар көбінесе екі нысанда болып келеді: экономикалық жəне экологиялық. Экономикалық зиян табиғат пайдаланушыларға келтірілсе, экологиялық зиян табиғатты ластау, оның жеке компоненттерін бұзумен сипатталады.

Зардапты анықтау экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстарды саралау кезінде үлкен қиындықтарға əкеледі.

Осыған қатысты «Соттардың кейбір экологиялық қылмыстар үшін жауаптылық жөніндегі  заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы №1 нормативтік қаулысының 19-20 тармақтары былай түсіндіреді: «Қоршаған ортаның елеулі өзгерулерін, қалпына келтіру ұзақ уақытты не елеулі материалдық шығындарды қажет ететін табиғи объектілердің жойылуын немесе олардың жағдайының нашарлауын, сондай-ақ табиғи ресурстарды пайдалануға кедергі келтіретін жағдайдың туындауын, шаруашылық жəне өзге де қызмет процесінде (ҚК-нің 277, 280,294-баптары) қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуымен байланысты өзге де жағдайларды ауыр салдар деп түсінген жөн. Экологиялық қылмыстардың жекелеген түрлерінің (ҚК-нің 277, 279) орын алатын қоғамға  қауіпті салдары ретінде адамның еңбек қабілетін жоғалтуға əкеп соққанына ауыр немесе орташа ауыр зиян келтіргеніне қарамастан, адамның денсаулығына жеңіл зиян келтіру деп түсіну қажет» [4].

Осы сот практикасының материалын талдасақ, онда егер табиғатқа елеулі зиян келтірілмесе немесе адамға елеулі денсаулығына зиян,  яғни  орташа  жəне   ауыр зиян болмаса қылмыстық жауаптылық тумайды деген тұжырым жасауға болады.

Осы мəселеге қатысты ғылыми көзқарас тұрғысынан заң ғылымдарының кандидаты, Ресей ІІМ Омбы Академиясының доценті И.В. Попов былай деп жазды: «Егер табиғи орта ластанса, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің жаппай қырылуы орын алмаса, адам денсаулығы мен өміріне ауыр зардап əкелмесе, онда қылмыстық іс қозғаудан бас тартылады жəне қылмыстық іс қысқартылуға жатады» [5].

Алайда осы ғылыми пікірді дұрыс тауып, практикалық мысалдарға жүгінсек дұрыс болады. Мəселен, жетпісінші жылдардың соңында Семей қаласының шетінде орналасқан əскери аэродромның жанармай қоймасынан жер астына сіңген авиа керосиннен қордаланған керосин көлі бүгінгі таңда Қазақстан экологтарын ғана емес, бүкіл əлемдік қауымдастықты алаңдатып отыр. 1997 жылғы зерттеу жұмысы жер астындағы жанар-жағармайдың көлемі алты мың тонна деген қорытынды жасады. Ұзақ жылдар бойы бұл апаттың алдын алу жұмысы қолға алынбаған. Тек 2002 жылы алматылық «Казгидек» фирмасы аталған проблеманы зерттеу мəселесін қолға алған. Бір жылдан кейін астаналық мамандар  аталған  проблеманы  залалсыздандыру жұмысына кірісіп, оны залалсыздандыруға Үкімет тарапынан 36 миллион теңге қаржы жұмсалған болатын. Алайда жер үстіне тек жүз тоннадай ғана жанармайды шығару мүмкіндігіне қол жеткізілді. Халықаралық сарапшылардың зерттеулеріне сүйенсек, кеңестік  дəуірдегі Семейдегі əскери аэропорттан төгілген авиация жанармайының жер асты суларын ластап, Ертіске жақындағаны жайлы баспасөзде аз жазылып жүрген жоқ. Керосин көлі əлі де жер астын кеулеп, мысықтабандап Ертіске жүз метрдей ғана қалған. Семей өңірі тұрғындары үшін ғана емес, көршілес Ресей үшін де аса қауіпті экологиялық апаттың зардабын қазір қала тұрғындары тартып отыр. Юность елді мекеніндегі Аякөз көшесінің тұрғындарының құдықтан су орнына керосин алып отырғандарына да бірнеше жылдың жүзі болды [6].

Осы факті бойынша Семей қалалық ІІБ тергеу бөлімі 1998 жылы қылмыстық іс қозғаған еді. Бірақ кейін қылмыстық ісін қысқартты, себебі қылмыстарды саралау барысында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 277-бабында көзделген зардаптар, яғни қоршаған ортаның едəуiр ластануына, адамның денсаулығына зиян келтiруге, өсімдіктер немесе жануарлар дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне жəне өзге де ауыр зардаптарға əкеп соқпағанына байланысты тоқтатылған еді.

Осыған бір мысалды, Ресей практикасынан келтіруге болады. Ресей заңнамасында көзделген осындай кемшілікті көріп, көптеген Ресей кəсіпорындары жыдар ластаушы əртүрлі заттарды шекті рұқсат етілген концентрациядан асатын мөлшерде жүйелі түрде тастап келеді. Мəселен, тексеру   кезінде   Новокузнецк   қаласының   су жүргізу жəне канаизациямен айналысатын «ЕвразЭК» АҚҚ тазарту құрылғыларын қолданбай Аба жəне Конобениха өзендеріне лас суларды шекті рұқсат етілген концентрациядан асатын мөлшерде жүйелі түрде лақтырғаны анықталған. Табиғатқа келтірілген зиян мөлшері 141 199 162 рубльді құраған еді. Қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды, себебі зиян табиғатқа едеуір мөлшерде келтірілген жоқ еді [7].

Шекті  рұқсат  етілген  концентрация ұғымы «Уытты жəне уыттылығы жоғары заттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2010  жылғы  19   қарашадағы

№1219 Қаулысында 7-тармағының 16 тармақшасында көзделген: шекті рұқсат етілетін концентрация (ШРК) – көлем бірлігіндегі зиянды химиялық заттың ең көп саны, ұзақ уақыт бойы күн сайын əсер ету барысында адам организміне зиянды əсер етпейді, ол қазіргі заманғы зерттеулер əдістерімен анықталады; қоршаған ортаның (жұмыс аймағының ауасы, атмосфералық ауаның, су объектілерінің жəне топырақтың) санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын бағалау кезінде генетикалық өлшемі болады [8].

Улы заттар  концентрациясының  шектері осы актімен анықталады, егер Қазақстан Республикасының ҚК-нің 277, 278-баптың 2-бөлігіне, 279-баптың 2-бөлігіне, 294-баптарына    «қоршаған  ортаны елеулі ластау»,«қоршаған ортаның ластануына, улануына жəне зақымдануына», «қоршаған ортаға ауыр задаптар» деген сөздерді шекті рұқсат етілетін концентрация мөлшерінен асқан жағдайда зардаптар болса деп қоссақ, онда қылмыстық жауаптылық табиғатты толық моральдық қорғауға мүмкіндік жасайды.

Сонымен қатар жаңа жобаланып жатқан Қазақстан  Республикасы  ҚК-нің   (жобасы) 330, 331-баптарында қоршаған ортаға елеулі жəне 329, 330, 331, 348баптарында ірі шығын келтіру ұғымын белгілеген [9]. Бірақ жобаның 9-бабында елеулі шығын мөлшері қоршаған ортаны қалпына келтіру үшін сомасы 100 айлық есептік көрсеткіш болу керек  деп  көрсетілсе, ал ірі шығын мөлшері 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көзделген екен [9]. Осы норманы талдай келе, елеулі  шығын   мөлшерін

500 айлық есептік көрсеткіш деп көрсеткен дұрысырақ   болады. Алайда   Қазақстан    Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан  Республикасының  2010  жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат   тұжырымдамасында   2.8.   тармағында: «Қылмыстық құқықты дамытудың маңызды бағыты, ең алдымен, аса қоғамдық қауіп тудырмайтын адамдарға (абайсызда қылмыс жасаған кəмелеттік жасқа толмаған адамдар, өзге де адамдарға – жазаны жеңілдететін мəн-жайлар) қатысты қылмыстық жазалаудан босатудың шарттарын кеңейту арқылы қылмыстық қуғынсүргінді қолдану аясын кезең-кезеңмен қысқарту мүмкіндігін айқындау болып табылады», – деп көзделген [10].

Ал мұндай төмен көлемдегі елеулі шығын мөлшерін  белгілеу  көптеген  Қазақстан Республикасының  азаматтарын   қылмыстық жауапқа тартып соттылық жүктеуге алып келеді. Осындай  ақшалай  шығынның  құнын анықтау жағдайын көптеген ғалымдар қолдайды. Мəселен,  М.И.  Ковалев  былай  деп  көрсетеді: «Шығын бар жерде не оның сомасын белгілеу керек немесе оның максималды жəне минималды шектерін анықтау керек» [11].

Сондықтан осындай Қазақстан Республикасы ҚК-нің (жобасы) 330, 331-баптарында қоршаған ортаға елеулі шығын мөлшерін 9-бапта 500 айлық есептік көрсеткіш деп көрсеткен қажет.

Шетелдік қылмыстық заңнама тəжірибесіне үңілсек, онда көптеген Еуропа елдерінде, əсіресе Голландия, Дания, Франция, Швеция, Швецария экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың    жауаптылық    сұрақтарын жеке бөлектеп мүлде қарастырмайды  [1,28]. Бұл жағдай ұзақ уақыт бойы қалыптасқан континенталдық жүйесінің дəстүрлерімен түсіндіріледі, себебі ол қылмыстар меншік иесінің  мүддесіне  бағытталған  еді.  Осы жағдай бойынша С.Е. Каленов былай деп жазды: «қылмыстық репрессиялық құралдармен ғана, заңды жауапкершілік түрлерін есепке алмай, экономикалық жəне ұйымдастырушылық əдістермен қылмыс себептеріне əсер етпесе, қоршаған ортаны қорғау саласында заңдылық пен құқықтық тəртіп мақсатына жету мүмкін болмайды, себебі еуропалық елдерде қазіргі қоршаған орта жағдайы қолайлы деп табылады» [12]. Мысалы, Швейцарияда қоршаған ортаны   қорғау   мүмкіндігі   əртүрлі бағыттағы «экологиялық» заңдардың қабылдануымен жəне құқық қорғау органдарын құқықтық тəртіпті қамтамасыз етуге тартумен сипатталады [13].

Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар үшін жауапкершілік сұрақтары меншікке қарсы қылмыстар жəне адам қауіпсіздігі туралы қылмыстар жөніндегі жалпы ережелермен реттеледі.

Голландияның қылмыстық заңнамасы экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстарға жақын құрамдармен жауаптылыққа тартады. Голландияның ҚК-нің 3 кітабы 1-тарауының 424-бабы («Адамдар мен меншіктің жалпы қауіпсіздігімен байланысты теріс қылықтар»): «кез келген халыққа ашық жерде, қауіп немесе меншікке шығын, қоғамға зиян келтірілуі мүмкін» [14].

Швейцарияның қылмыстық кодексі 224-225 баптарында жарылғыш жəне улы заттардың қолданылуын, егер адам өмірі мен денсаулығына жəне бөтеннің мүлкіне қауіп төндіргенде қауіпті деп тауып жазаларды кінəнің нысаны мен қылмыс мақсатына қарай жіктейді [15].

ТМД елдерінің қылмыстық заңнамасы көптеген жағдайда ұқсас болып келеді, бірақ өзіндік ерекшеліктері кездеседі. Мəселен, РФ ҚК-нің 246-бабында зардап ретінде радиациялық аяға, адам денсаулығына ауыр зиян келтіру, жануарлар дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне жəне өзге де ауыр зардаптарға əкеп соқса деген норма көзделген. Радиациялық аяның елеулі өзгеруі ретінде адамдардың сəулеленуі немесе қоршаған ортаны радиоактивті ластау түсіндіріледі [16]. Қалған экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың зардаптары бойынша ұқсас болып келеді.

Əзірбайжан ҚК-де экологиялық қылмыстар 10-тарауға «Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тəртіпке қарсы қылмыстар» тобына 28-бөлім болып «Экологиялық қылмыстар кіреді». Əзірбайжан ҚК-нің 247-бабында РФ ҚК-гі сияқты радиациялық аяға, адам денсаулығына ауыр зиян келтіру жəне жануарлар дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне жəне өзге де ауыр зардаптарға əкеп соқса деген норма көзделген [17].

Өзбекстан ҚК-де «Экология саласындағы қылмыстар»   атты   6-тарауға   14-бөлім  болып «Қоршаған ортаны қорғау жəне табиғатты пайдалану саласындағы қылмыстар» кіреді. Өзбекстан  ҚК-нің  193, 195-бапта    зардаптары бойынша қоршаған табиғи ортадағы өзгерістерге əкелсе, қоршаған ортаны ластаса деген сөздерді қолданады [18]. Осы баптарды талдай келе, Өзбекстан ҚК-де де нақты Қазақстан Республикасының ҚК-дегі сияқты ластаудың шектері белгіленбеген.

Материалдық қылмыс құрамдарында объективтік жақтың келесі міндетті белгісі болып іс-əрекет пен зардап арасындағы себептік байланыс  табылады. Себептік байланыс  – бұл қоғамға қауіпті іс-əрекет пен одан туындайтын зардаптың арасын объективті түрде жалғастыратын байланыс.

Қылмыстық жауаптылық тек осы себептік байланыс болғанда ғана мүмкін болады. Себептік байланыстың болуы нақты қоғамға қауіпті іс-əрекетпен зардаптардың пайда болуы көзделеді,  мұнда  үшінші  тұлғалардың  немесе табиғи, биологиялық, т.б. сыртқы факторлар байланысты болмауы тиіс.

Іс-əрекет пен зардап арасындағы себептік байланысты анықтау іс-əрекетті жасаудағы адамның кінəлілігін анықтау қажеттілігін алып тастайды. Мысалы, егер адамның іс-əрекеті нақты көзделген зардаптарға алып келсе, бірақ кінəсіз жасалса қылмыс болып есептелмейді.

Егер қоғамға қауіпті іс-əрекет пен зардап арасында уақыттық ұзақтық жоқ болса, онда себептік байланысты анықтау қиындыққа əкелмейді. Осындай себептік байланысты көбінесе, көлік, экологиялық қылмыстар бойынша анықтау қиындыққа соғады, себебі оған, бір жағынан, зардаптардың туындауына байланысты себептер мен жағдайлар əсер етсе, екінші жағынан уақыт ұзақтығы қиндыққа əкеледі. Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстар  бойынша себептік байланысты анықтау кезінде осы ұзақтықты қысқарту мақсатында біз осы шекті рұқсат етілген концентрация мөлшерін жоғарыда көзделген редакцияда енгізсек, құқық қолдану практикасы тиімді болар еді.

 

Conclusions. (Қорытынды).

Сондықтан айтылған тұжырымдарға сəйкес келесі ұсыныстарды енгізуді жөн көріп отырмыз:

  1. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 277-бабын жəне Қазақстан Республикасы ҚК-нің (жобасы) 329-бабының 1-бөлігін келесі редакцияда толықтыруды ұсынамыз: «Табиғи ресурстарды пайдалану, кəсiпорындарды, құрылыстарды жəне өзге де объектiлердi жобалау, орналастыру, салу жəне жаңғырту, пайдалануға беру жəне пайдалану, өнеркəсiп, энергетика, көлiк пен байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылық мақсатындағы жəне мелиорация объектiлерiн пайдалану, қалалар мен басқа да елдi мекендердi салу кезiнде, əскери жəне қорғаныс объектiлерiне, əскери жəне ғарыш қызметiне қойылатын талаптардың бұзылуы, егер бұл қоршаған ортаның шекті рұқсат етілген концентрациясынан (ШРК) асып ластануына, адамның денсаулығына зиян келтiруге əкеп соқса».
  1. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 278-бабының 2-бөлігі мен Қазақстан Республикасы ҚК-нің (жобасы) 330-бабының 2-бөлігін келесі редакцияда толықтыруды ұсынамыз:

«Қоршаған ортаның шекті рұқсат етілген концентрациясынан  (ШРК)  асып  ластануына, улануына немесе зақымдануына, адамның денсаулығына зиян келтiруге, өсімдіктер немесе жануарлар дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне əкеп соққан, сол сияқты төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дəл сол əрекеттер».

  1. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 279-бабының 2-бөлігі мен Қазақстан Республикасы ҚК-нің (жобасы) 331-бабының 1-бөлігін келесі редакцияда толықтыруды ұсынамыз:

«Қоршаған ортаның шекті рұқсат етілген концентрациясынан  (ШРК)  асып  ластануына, улануына немесе зақымдануына, адамның денсаулығына зиян келтiруге не өсімдіктер немесе жануарлар дүниесiнiң жаппай құрып  кетуiне əкеп соққан, сол сияқты төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дəл сол əрекет».

  1. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 294бабы мен Қазақстан Республикасы ҚК-нің (жобасы) 348-бабының 3-бөлігін келесі редакцияда толықтыруды ұсынамыз: «Экологиялық ластануға ұшыраған жерлерде зарарсыздандыру немесе өзге де қалпына келтiру шараларын жүргiзу мiндетi жүктелген адамдардың осындай шараларды жүргiзуден жалтаруы немесе тиiсiнше жүргiзбеуi адам өлiмiне, адамдардың жаппай ауыруына не қоршаған орта үшiн шекті рұқсат етілген концентрациясынан (ШРК) асып өзге де ауыр зардаптарға əкеп соқса».
  2. Еуропа елдерінде, əсіресе Голландия, Дания, Франция, Швеция, Швецария экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстардың жауаптылық сұрақтарын жеке бөлектеп мүлде қарастырмайды. Бұл елдерде мүлде экологиялық қылмыстар деген тарау көзделмеген.
  3. ТМД елдерінде ұқсас құқықтық жүйе болғандықтан жəне 1996 жылдың 17 ақпанында Парламентаралық Ассамблеяда қабылданған Үлгілі Қылмыстық кодекстің негізінде олардың қылмыстық заңнамасы жасалғандықтан көп айырмашылықтар кездеспейді.
  4. РФ ҚК-нің алға басуы зардап ретінде радиациялық аяның өзгеруін қолдануы табылады, бірақ жоғарыда аталғандай шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып қоршаған ортаға зиян келтіру ұғымын енгізу тиімдірек болады.

 

  

Əдебиеттер

 

  1. Исмаилова Б.Ш. Уголовно-правовая и криминологическая характеристика преступлений против биологических ресурсов в Республике Казахстан /Дисс. на соискание степени к.ю.н. – Астана,– 144 с.
  2. Ағыбаев Е.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім: оқулық / өңделген, толықтырылған 4-басылым. 2011 жылдың 1 наурызына дейінгі өзгертулер мен толықтырулар ескерілген. – Алматы: Жеті жарғы, 2011. – 632 бет.
  3. Кудрявцев В.Н. Объективная сторона преступления. – М.: Госюриздат, – 148 с.
  4. «Соттардың кейбір экологиялық қылмыстар үшін жауаптылық жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы № 1 нормативтік қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 22 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістері жəне толықтыруымен бірге) //Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының жинағы. – Астана, 2009. – 401 б.
  5. Попов И.В. В поисках критерия уголовной наказуемости деяний, посягающих на природную среду. //Росийский следователь. – № –2010. –С. 13-16.
  6. Байқадиұлы С. Ертіске қауіп төніп тұр! //Zaman-Қазақстан. – 15 тамыз – 2 б.
  7. Постановление Федерального арбитражного суда Западно-Сибирского округа от 27 января 2009г. №Ф-04-129/200919422. С.27-91.
  8. «Уытты жəне уыттылығы жоғары заттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1219 Қаулысы //http://adilet.zan.kz.
  9. Досье ITS на проект Уголовного кодекса Республики Казахстан (новая редакция) (на 10 января2013 года). // ИС Параграф http://online.zakon.kz.
  10. «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген. //http://adilet.zan.kz.
  11. Ковалев М.И. Роль законодательной техники в конструировании норм уголовного законодательства. //Вопросы совершенствования уголовно-правовых норм на современном этапе Межвуз. сб. науч. тр. Свердловск: СЮИ, 1986. С.5.
  12. Каленов С.Е. Уголовно-правовая охрана водных биологических ресурсов: По материалам Дальневосточного федерального округа: Дис. ... канд. юрид. наук: 00.08. – М.: РГБ, 2003. – 223 с.
  13. Лапина М.А. Опыт деятельности зарубежных правоохранительных органов по обеспечению экологической безопасности //Экологическое право. – 2000. – № – С.34-36.
  14. Уголовный кодекс Голландии /Науч. ред. Б.В. Волженкин; пер. И.В. Мироновой. – СПб.: Юридический центр Пресс, 2001. – С.464.
  15. Уголовный кодекс Швейцарии /Научн. ред., предисл.и пер. с нем. А.В. Серебренниковой. – СПб.: Юридический центр Пресс, 2009. С.219.
  16. Уголовное право России. Особенная часть: учебник под редакцией профессора А.И. Рарога. –М.: Институт международного права и экономики им. А.С. Грибоедова. 1998. – 480 с.
  17. Уголовный кодекс Азербайджанской Республики. Утвержден Законом Азербайджанской Республики от 30 декабря 1999 г. № 787-IQ //online.zakon.kz.
  18. Уголовный кодекс Республики Узбекистан Утвержден Законом РУз от 09.1994 г. № 2012-XII Введен в действие с 01.04.1995 г. с изменениями в соответствии с Законом РУз от 11.09.2012 г. № ЗРУ333 // http://fmc.uz

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.