Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Саяси – құқықтық ілімдер тарихындағы құқықтық мемлекеттік туралы идеялар

Адам баласы көне заманнан бері мемлекет пен жеке адамның қарым-қатынасындағы олардың мүдделерінің қисындасуының оптимальды нысанын іздеуде. Идеалды нұсқасын алсақ, жеке адам бірінші орында болуы тиіс, ал халықтың жағдайы мемлекет үшін, жоғарғы заң ретіндегі міндет болуы керек. Дегенмен, тəжірибеде бəрі бірдей, ондай жоғарғы идеалдар жете алмаған жəне көбінесе төмендеу мақсаттарға тоқтаған – мемлекеттің жəне ашық биліктегі жекелеген топтардың пайдасы үшін. Осыған орай, Аристотель екі түрдегі басқаруды бөліп айтқан, олардың біреуі басқарушының пайдасына, басқасы – қоғам мүшелерінің мүддесіне бағытталғанын көрсеткен.

Мемлекет – басқалардай əлеуметтік институт, оны əртүрлі мақсаттарда, əртүрлі пайдалануға болады. Ол кейбір саяси элиталарға, партияларға жəне топтарға қызмет ете алады, бірақ барлық қоғам  үшін  де əрекет  жасай  алады.  Бірінші  кезде,  ол «басшының» ролінде  көрінсе,  екіншісінде –«қызметші» ролінде бола алады. Мемлекет əртүрлі құбылыс сияқты, өмірлік əрекетке тек жақсылық əкелуге ғана қабілетті емес, оған қоса жамандық та əкеледі (бюрократизм, билікті асыра пайдалану, коррупция, террор т.с.с.). Қандай болмасын билік, əсіресе мемлекеттік, өзінің меншікті шекарасын білмейді, əр уақытта, билік кеңістігін шексіз кеңейткісі келеді, ондай жағдай, сол жолмен, жеке адамның мүддесіне зиян келтіреді. Сондықтан, В.Г. Белинский ондайдан сақтандырып былай   деген:«ни  одна  страсть  не  стоила  человечеству  стольких  страданий  и  крови,  как  властолюбие»   десе,«Каждый человек – по Расселу - изначально наделен двумя связанными, но не тождественными страстями – стремлением к власти и славе. Обе страсти ненасытны и бесконечны» [1].

Адамдар мынандай мəселелерді көбірек ойлауға көше бастады: мемлекеттің «қызметші» болудан, «басқарушы» болуға өткізбейтіндігін, қалай ұйымдастыру керек, қандай күшпен оның энергиясын, күшін, билікті жалпыға бірдей жақсылыққа бұруға болады деген сұрақтарға жауап іздеді. Бұл сұрақтарға əртүрлі жауап беретін, кең көлемдегі амплитуда, ой-пікірлер жеткілікті. Кейбір оқымыстылардың айтуы бойынша, принципиальды түрде ондай жағдайға еш нəрсені қарсы қоюға болмайды. Л.Н. Толстойдың жазғанына қарасақ, ол туралы былай дейді: «сколько не придумывали люди средств для того, чтобы лишить людей, стоящих у власти, возможности подчинять общие интересы своим или для того, чтобы передавать власть только людям непогрешным, до сих пор не найдено средств для достижения ни того, ни другого...» [2]. Басқа ғалымдар да содан бастап мемлекеттік билікті жалпы айтқанда тежеуге болмайтындығын айтады. Ондай идеялар этатистікке («этатизм» - француз сөзінен «мемлекет») жатады. Себебі, олар əр уақытта мемлекетті құқықтан жоғары қояды жəне құқық жағынан мемлекеттік билікті қатаң тəртіпке қоюды жоққа шығарады, оның нəтижесінде, тəжірибе көрсеткендей, саясат экономикамен рациональды қарым-қатынастың шекарасынан өтеді жəне басқа да, қоғам өмірін ұйымдастырушы жүйелермен, əлеуметтік аяны мемлекеттендіру жүргізіледі.

Үшінші көзқарастар бойынша мемлекеттік билікті көбірек тежеу идеясын қолдап, əрі қарай оны жойып, саяси сахнадан ығыстыруды көздейді. Өйткені, бұл биліктен  жеке  адамға қауіптілік барлығын уағыздайды. Мұндай көзқарастар, тек анархизмге тəн нəрсе. «анархизм» - грек тілінен «биліксіз» деген мағынаны береді – саяси ағым, мақсаты мемлекеттілікті жойып, орнына ерікті азматтардың ассоцияциясын құру.

Төртінші топтағы ғалымдардың пікірінше, олар мемлекеттік билікті алып тастауға қарсы, себебі, онсыз мүмкін еместігін айта келіп, мемлекетті абсолютке айналдырып, оның əлеуметтік-құқықтық тексеруге көнбейді деген идеологтарға қарсылығын білдіреді. Мұндағы əңгіме, құқықтық мемлекет концепциясының өкілдеріне мемлекеттік билікті ұйымдастырудағы құралды құқық деп  атайды. Соған байланысты, құқықтық мемлекет идеясы, əртүрлі идеологтардың бірден – бір өзіндік жақындастыру формасы болады, яғни көне ғалымдар ұсынған «алтын орта» болды.

Құқықты қоғамдық өмірде бекіту идеясы, адам баласының тарихында алғашқы мемлекеттіліктің пайда болу кезеңінен басталады. Құқық өзінің пайда болғанынан бастап, тек қоғамдық қатынастарға ықпалдығымен ғана көрінбей, мемлекеттік биліктің жөнді қызмет жасауын қамтамасыз ететін құралы ретінде көрінді. Құқықтың көмегімен əлеуметтік қатынастарды тəртіпке келтіру үшін, мемлекет заң нормаларын шығаруға міндетті болды[3]. Сонымен, көне заманнан бастап, билік пен құқықтың байланыстылығын дəлелдейтін принциптер, формалар ізделе басталды. Жалпы алғанда, құқық жəне мемлекет туралы идеялар қалыптасып, құқық биліктің қолдауымен билік беруші күшке айналды. Мемлекетті көпшілік-биліктің ұйымдастырушысы ретінде түсіну, құқықтық мемлекеттің негізгі идеясы [4].

Құқықтық мемлекет туралы идеялар кешірек – буржуазиялық революция мен жаңа құрылымның бекітілген кезінде пайда болды. Көп жағдайда, ескі қайнар көздерге сүйене отырып Ш. Монтескье, Дж. Локк, Т. Гоббс, Ж.Ж. Руссо, А.Н. Радищев жəне басқалар, мемлекет пен құқық мəселелерінің қарым-қатынасын жарыққа шығарып, одан көптеген діни көзқарастарды босатты.

Құқықтық мемлекет теориясының философиялық негізін И. Кант салды, ол мемлекекетті: объединение множества людей, подчиненных правовым законам, и считал, что законодатель должен руководствоваться требованием: « чего народ не может решить относительно самого себя, того и законодатель не может решить относительно народа». И. Канттың бұл еңбегі, құқықтық мемлекет концепциясының əрі қарай дамуына үлкен көмегін тигізді. Оның идеяларының ықпалымен Германияда жоғарғы деңгейдегі бағыт қалыптасты. Оны жақтаушылардың қатарында: Р.Моль, В. Велькер, Р. Гнейст т.б. болды. Олардың еңбектерінің арқасында құқықтық мемлекеттің идеялары терминологиялық белгілілік алып, кең таралуға мүмкіндік алды.

Россияда бұл концепция көптеген ғалымдардың еңбектерінде əрі қарай дами түсті. Ондай ғалымдарға, либеральды мектептің ғалым-заңгерлері жатады: Б.Н. Чичерин, П.И. Новогородцев, М.М. Ковалевский, Б.А. Кистяковский. Бұл темаға арнайы еңбек жазғандарға: В.М. Гессен, С.А. Котляревский жатады. Бұл идеяның екінші тууы қазіргі өмірде, диктаторлық авторитарлық режимдердің күйреу кезінде Германияда, Италияда, Испанияда, Португалияда қолдау тапты.

Құқықтық мемлекеттің əлеуметтік негізін құраушы өзін-өзі реттейтін - азаматтық қоғам. Ол қоғамдық прогрестің иелері – бос азаматтарды біріктіреді. Мұндай мемлекеттің ортасында өзінің əртүрлі мүдделерімен адам тұрады. Құқықтық мемлекеттің негізі – Конститутциясы. Онда мемлекеттік жəне қоғамдық өмірдің құқықтық принциптері көрсетілген. Мемлекеттің ешқандай құқықтық актілері Конституцияға қайшы келмейді. Конституцияның артықшылығы – құқықтық мемлекеттің бөлінбейтін бөлігі. Сондықтан құқықтық мемлекет - Конститутциялық мемлекет. Қоғамдық санамен құқықтық мемлекет, мемлекеттің сондай типі (кейпі) ретінде қабылданады, оның билігі құқыққа негізделген, құқықпен тежеледі жəне құқық арқылы іс жүзіне асырылады. Бірақ ондай ойлау, дұрыс болса да, құқықтық мемлекеттің феноменін бірдей түсінуге жеткіліксіз, себебі ол өте қиын көп факторлы жүйе.

Құқықтық мемлекеттің идеялары бойынша, оның екі маңызды элементін (бөлігін) бөліп қарауға болады:

  • адамның бостандығы, оның құқығын көбірек толық қамтамасыз ету;
  • құқық пен мемлекеттік билікті тежеу;

Философиялық жағынан, бостандық, өзінің мүддесіне сай, объективті танымдық қажеттілікке сүйеніп, əрекет ете алатын адамның қабілеттілігі болуы мүмкін. Құқықтық мемлекетте адам үшін, оның заңды бостандық жағдайын жасап, өзіндік құқықтық ынталандыру механизмін құруы қажет, себебі, соның негізінде «не запрещенное законом дозволено» [5] деген принцип жатыр.

Адам шын мəнісінде, бостандықтағы автономды субъект ретінде,  өзінің күшімен, қабілеттілігімен, мүлкімен, ұятымен өмір сүруге тиіс. Қазіргі кезде адамның құқығы туралы мəселелер халықаралық, мемлекетаралық деңгейге көтерілді, бұл жағдай, оның мемлекет мəселелерінен артықшылығын дəлелдейді, олардың жалпы ұлттық сипатын куəландырады. Олар, ұлттық-құқықтық жүйелерде, құқықтық реттеуде бастаушы роль атқарады.

Адам құқығы жəне құқықтық мемлекет, жалпы пайда болу заңдылықтарымен жəне қызмет етуімен сипатталады, себебі, олар бір «байлауда» ғана өмір сүре алады жəне тиімді əрекет ете алады. Мұндай жағдайда, адам мен мемлекетті біріктіретін тетік құқық болуы міндетті  екенін куəландырады, ал олардың арасындағы қарым-қатынас – нағыз құқықтық [6].

Құқықтық тежеудің қажеттілігі сонда, жеке адамның биліктегі жетімсіздігі, мемлекеттік биліктің үлкен қателігіне айналып кетпеуі үшін қажет. Құқықпен тежелетін жеке адамға, басқарушы ықпал жасайтын мемлекеттік құрылымдар жағынан емес, тек негізсіз жəне құқыққа қарсы, азаматтардың мүдделеріне зиян келтірілуіне байланысты. Сондықтан, демократия жағдайында  құқық  мемлекетпен «орындарын ауыстырады» - мемлекетпен біріншінің үстемдігі бекітіледі жəне құқық мемлекеттен жоғары тұрады [7]. Сонымен құқықтық мемлекеттің мынандай анықтамасы ұсынылады: «Правовое государство  –  это  организация  политической  власти,  создающая  условия  для  наиболее   полного обеспечения прав и свобод человека и гражданина, а также для наиболее последовательного связывания с помощью права государственной власти в целях недопущения злоупотреблений».

Қазіргі кезде, теоретиктер мен тəжірибелі ғалымдардың арасында нақтылы мақсат тұр, ол құқықтық мемлекет туралы нақтылы концептуальды анықтама құрастыру, себебі, құқықтық мемлекетті тек заңдылық пен құқықтық тəртіпке жатқызу мүмкін емес деген пікірді С.А.Комаров ұсынады [8]. Ал В.Н. Кудрявцев жəне Лукашеваның пікірлері бойынша, құқықтық мемлекетті қалыптастыру, өмірге біртіндеп, бірнеше негізгі принциптерді жүргізгенде ғана қалыптасады. Ол принциптерге: барлық қоғамдық өмірдің аясында заңның үстемдігі, заңмен мемлекеттің өзі жəне оның органдарының байланыстылығы, жеке адамның бостандығының тұрақтылығы, оның құқығы мүдделері, ары мен ожданының сайлығы, олардың қорғалуы жəне кепілдігі; мемлекетпен жеке адамның арасында бір-біріне деген жауапкершілік; заңдардың жəне басқадай нормативті-заңды актілердің іс жүзіне асырылуын тексеретін тиімді нысандардың болуы.

А.И. Лукьянов, құқықтық мемлекеттің ерекшелігін бөліп алып, оның өзін-өзі заңмен, ең алдымен Конституциямен тежейтіндігін, ондағы өзі кіріспейтін принциптер мен аяларды белгілейтіндігін көрсетеді. Құқықтық мемлекеттің тұрақты Конституциясы жəне əртүрлі сапаларға бөлінген заңдар жүйесі бар, көрсетілген мақсаттарды орындауды қамтамасыз етуге қабілеті бар, жөнге келтірілген механизімі бар, сонымен бірге, тек заңға бағынатын жəне елдегі құқықтық тəртіпті қамтамасыз етуге құрылған арнайы органдардың жиынтығын құрайды.

Б.М. Лазаревтың пікірінше, құқықтық мемлекеттің белгілі сапалығы бар: біріншіден, өзінің қызметін іс жүзіне асыру үшін құқықты заңдарды кең түрде пайдаланады; екіншіден, мемлекет оның барлық лауазымды жəне органдары мемлекетпен байланысты, мемлекеттік билік заң негізінде іс жүзіне асырылады. Əрине, жоғарыдағы келтірілген құқықтық мемлекеттің сипаттамасы, оның ең маңызды жақтарын көрсетеді: барлық қоғамдағы жəне мемлекеттегі қатынастар жүйесі  міндетті түрде құқықтық бастаумен құрылуы қажет. Құқықтық мемлекетті құру үшін ең алдымен, терең сіңіп кеткен формальды – догматикалық, құқықтық қызметті толық емес қабылдау, яғни, нағыз құқықтың орнына нормативті шешімдер жіберіледі, олар өз жағынан, қоғамның принципиальды бағалылығымен, оның дамуының қажеттілігімен есептеспейді. Мұндай жағдай теорияда ғылыми ойларға, шығармашылыққа кедергі жасайтыны сөзсіз. Бүгінгі күні, заң ғылымы гуманизм идеяларына жəне жалпы адам баласының бағалы жақтарына сүйене отырып, жаңа демократиялық құқықтық ойларды, мəдениеттің бір бөлігі ретінде тауып, оның ортасында құқығы мен мүддесі бар адам тұруы қажет деп ойлаймыз. Қорыта келіп, мынандай анықтама беруге болады: «Правовое государство есть форма осуществления народовластия, политическая организация граждан, функционирующая на основе права, инструмент защиты и обеспечения прав, свобод и обязанностей каждой личности» [9].

Осы туралы В.В.Лазарев айтқандай, құқықтық мемлекеттің қалыптасуы, сайып келгенде құқықтық мемлекеттің құрылуын аяқтау, адамның бостандығы мен құқығын қамтамасыз етумен тікелей байланысты, мемлекеттің азамат алдындағы, азаматтың мемлекет алдындағы жауапкершілігінің сақталуы шарт.

 

Әдебиеттер

  1. Власть. Очерки современной философии Запада. - М.,1989 г. - С.163.
  2. Толстой Л.Н. Царство божие внутри нас //Пол. собр. соч. - М.,1957 г. Т.28 - С.132.
  3. Ворошилин З.А. Идеи правового государства в истории политической мысли // Полит. курс лекций. - М.,1993 г. -С.33-34.
  4. Нерсесянц В.С. Идеи и конструкции правовой государственности: история и современность // Соц. прав. гос-во концепция и пути реализации. -М., 1990 г.- С.7.
  5. Матузов Н.И. // Сов. государство и право. - 1989 №8.
  6. Теория государства и права (курс лекций). - М., - 2001, - С.253.
  7. Теория государства и права (курс лекций). - М., - 2001, - С.254.
  8. С.А.Комаров Общая теория государства и права, - М.,-1996. - С.133.
  9. С.А.Комаров Общая теория государства и права, - М.,- 1996. - С.135.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.