Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Заңи көмек алудың түсінігі мен белгі-нышандары

Заңи көмек – сан алуан көмектің бір түрі. Жалпы көмек адамның, жекелеген қоғамдық топтардың, тіпті мемлекет тіршілігінің маңызды элементтеріне теріс ықпалы бар табиғи, техногендік, əлеуметтік жəне өзге де факторлардың пайда болуы мен əсер етуі жағдайларында араласу мүмкіншілігін білдіретінін атап кеткен жөн. Бірақ бұл əсер етуші факторларды жалғыз адамның өзінің не белгілі бір əлеуметтік топтың жоюға не алдын алуға шамасы жетпейді. Олар шешілуі арнайы тəжірибе мен білімді, еңбек бөлінісі мен кəсіби дайындықты пайдалану арқылы жүзеге асыруды қажет ететін өмір сүру мен денсаулық, адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау,  стихиялық сипаттағы үрдістермен, құбылыстармен, табиғи апаттармен жəне т.б. күресу мəселелеріне қатысты болып табылады. Мұндай жағдайларда адамдар мүмкін не болып жатқан қолайсыз, жағымсыз салдардан кəсіби түрде сақтауға көмектесетін арнайы мамандарға жолданады. Мұндай жолдану арқылы қажетті көмекке мұқтаж адам көмекке зəру болғанда, еңбектің бөлінуі мен арнайы білімі бар мамандардың болуына байланысты бір кəсіпті екінші бір кəсіптен айырып қарау керек екендігін сезінеді. Осыны ескере отырып, ол сəйкес маманға жолданады. Белгілі бір маманға көмек алу үшін жолдану жағымсыз əсерлердің тоқтатылуын, зиянды салдардың азаюы не жойылуы, жоғалғанды қалпына келтіру немесе барды құтқаруды мақсат етеді.

Сəйкес маманның көмек көрсетуі, біріншіден, заң жəне мораль нормалары белгілі бір қызметті алу жəне жүзеге асыруды байланыстыратын, кəсіби жəне моральды міндет тұрғысынан іске асырылады. Жекелеген жағдайларда көмек көрсету үшін заң келісім шарттың белгілі бір нысанын жасауды талап етеді. Мысалы, əртүрлі табиғи апаттар болған жағдайларда бір мемлекет екінші бір мемлекетке көмек көрсетуі бұл əрекетті жасауға тікелей, нақты келісім болған реттерде ғана жүргізіледі. Мұндай жағдай жедел араласуды талап ететін медициналық көмек көрсету кезінде де кездеседі. Емделушіден (егер оның физикалық жəй-күйі нашар болса, онда жақын туыстарынан) операция жасау үшін жазбаша түрде келісім алынады. Жəбірленушіге көмек көрсетуі үшін арнайы маман оның физикалық, материалдық жəне өзге де зиян алу мүмкіншілігін қарастырады. Құтқарушы,жекелеген жағдайларда, тиімді түрде көмек көрсету үшін өз мүлкімен, денсаулығымен, кейде өмірімен де тəуекелге барады. Сол себептен де көмек көрсету белгілі бір жəбірлермен тығыз байланысты болып келеді.

Аталғандардың негізінде, «көмек» түсінігінің белгілерін сипаттайтын белгі-нышандарды көрсетейік:

  • адамның, белгілі бір адамдар тобының, адамдар қауымының тіршілік етуінің бір немесе бірнеше элементтеріне зиянды əсер ететін, маңызды зиянды салдарының басталуын туындатуға ықпал ететін табиғи, техногендік, биологиялық, əлеуметтік жəне өзге де сипаттағы теріс факторлардың болуы;
  • жағдайды тануға, мəн-жайды анықтауға бағытталған, зиянды салдардың алдын алуға бағытталған тиісті маманның белсенді кəсіби қызметі;
  • көмек көрсетуге маңызы бар ақпараттарды жеткізуге бағытталған жəбірленушінің ынтымақтастығы;
  • көмек көрсетуге арналған келісімнің (шарттың) белгілі бір нысанының болуы;
  • көмек көрсетудегі физикалық, материалдық, моральдық жəне өзге де тəуекелдерге бару. Аталған белгі-нышандарға қарап, «көмектің» мынадай түсінігін қалыптастыруға болады.

«Көмек» – бұл адамның, белгілі бір адамдар тобының, адамдар қауымының тіршілік ету элементтеріне зиян тигізетін, зиянды салдардың алдын алуға жəне оны төмендетуге бағытталған, тиісті маманның белсенді кəсіби қызметі.

Заң ғылымында «білікті заң көмегінің» жалпы түсінігі жоқ. Сонымен қатар ол заңдарда да көрініс таппаған. Мысалы, көптеген авторлар аталған түсінікті кең жəне тар мағынада қарастыруға ұсыныс жасап жүр. Н.Н. Миняйленко жалпылама заң көмегін өз құрамында құқықтық нормаларды біріктіретін салааралық институт ретінде қарастырады [1, с.16]

Отандық зерттеуші С.Т. Тыныбеков заң көмегін мемлекеттік жəне қоғамдық органдардың қызметі үшін негізді құрайтын, олардың азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін көрсетуде пайдаланатын əдістер мен құралдар ретінде қарастырады [2, с. 90]

Тар мағынада «заң көмегі» өз мақсаттары тұлғалардың ең жоғарғы деңгейде құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге жету болып табылатын, адвокатурамен, нотариатпен, жеке іздестіру қызметтерімен, заңды фирмалармен, қоғамдық ұйымдармен жəне т.б. жүзеге асырылатын, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мен қорғауға бағытталған шаралардың жүйесі.

«Заңды көмек алуға құқық» түсінігі ғылымда дау тудыратын мəселелердің бірі болып табылады. Құқықтың жалпы теориясында заңды көмек алуға құқық мəселесі тіптен қарастырылмайды, оны тек өзге де конституциялық құқықтардың кепілі ретінде көрсетеді.

Жалпы көмектің бір түрі ретінде заңи көмектің де белгі-нышандары дəл көмектің белгілері сияқты. Жеке тұлғаның тіршілік ету элементтеріне əсер ететін жағымсыз факторлардың болуы, атап айтқанда, оның жеке қауіпсіздігі, оның материалдық жəне физикалық қолайлығының қауіпсіздігі, қоғам мүшесі ретінде, мемлекеттің азаматы ретінде оның құқықтары мен бостандықтарының табиғи түрде жүзеге асырылуына қауіп төніп тұрған жағдайлар заңи көмектің пайда болуы мен іске асырылуына негіз болып табылады. Заңды тұлғалардың құқық жəне əрекет  қабілеттіліктеріне əр түрлі қауіп-қатер төнген жағдайларда заңи көмек қажет болып келеді. Заңи көмекке кейде мемлекеттің өзі де жүгінеді. Мемлекетте көптеген заң актілері бар болған күннің өзінде оның негізгі ережелерін əрбір азамат біле бермейді. Сол себептен де адам өзінің жеке қауіпсіздігіне əсер ететін құқықтық (процессуалдық немесе материалдық сипаттағы) мəселемен қақтығысқанда аса қажетті қорғануды елестететіндей жағдайға тап болып, тиісті маманның көмегіне жүгіну қажеттілігі туындайды. Мұндай жағдайда əкімшілік, қылмыстық, азаматтық, шаруашылық құқықтардың нормалары қолданылады, себебі құқық нормаларының бұзылуының белгілері анықталған жағдайда мемлекет органының мəжбүрлеу күші негізге алынады. Тəжірибеде мəлім құқықтық мəселелерді (даулар, кикілжіндер жəне т.б.) құқық саласында арнайы білімі бар адамдар, заңгерлер шешеді.

Құқықтық сипаттағы мəселелерді шешуді қажет ететін тұлға заңгерді таңдағанда оның  тек арнайы заңи білімінің болуымен ғана шектеліп қана қоймауы керек. Заңи көмек көрсетумен айналысатын заңгерлерде қалыптасқан даулы немесе дау алдында туындайтын жағдайларды тануға мүмкіндік беретін, сонымен қатар оның салдарын жоюға немесе азайтуға бағытталған тиімді ұсыныстарды жасайтын ерекше амалдары мен тəсілдері болады. Тəжірибеде, құқық қорғаушы немесе сот органдарының қарастыру заты бола қоймаған көп даулы жағдайлар материалды жəне материалды емес шығындарды азайтуға мүмкіндік жасау үшін, екі жақ бір-бірімен келісімге келуге ұмтылыс жасайды. Кəсіби қызметтің нормалары, сонымен бірге кəсіп тəртібі де осыны талап етеді.

Көмек алу үшін заңгерлерге жүгінгенде көмекті қажет ететін адам қаншалықты көлемде қажетті ақпараттарды беруді, бере алатындығын жəне тиісті екендігін сезінуі керек. Іс бойынша қажетті ақпараттар берілмесе, бірде-бір заңгер туындаған заңи қайшылықтарды шеше алмайды, оны шешу жолы мен құралдарын ойластыра алмайды да. Көмек қажет адамның алдында тағы бір мəселе орын алады. Аса қажетті көмекті көрсеткенде көбінесе адамның жеке өмірі, коммерциялық қызметі, тіршілік етуінің өзге де маңызды тұстарына араласушылық болады, сол себептен де адам сол заңгердің басқа адамдарға жеке ақпараттарды таратпауына сенімді болуы керек. Мұндай сенімділік тиісті заңгердің білетін кəсіби құпияның бар екендігіне негізделеді. Кəсіби құпиядан басқа, заң көмегін алуға жүгінген тұлға көмек көрсететін тұлғаның мемлекеттік немесе өзге де органдарға, лауазымды тұлғаларға тəуелді емес екендігіне сенімді болуы керек. Көмек көрсететін тұлғаның тəуелсіз болуы шынайы көмек көрсетуге кепіл болып табылады. Заңи  көмек  алуға  жүгіну  белгілі бір тұлғаның құқығы жəне белгілі бір заңгер-маманның құқықтық міндеті болып табылады.

Сонымен, келесі белгілердің жиынтығы «заңи көмек» түсінігін қалыптастырады:

Біріншіден, нақты жеке немесе заңды тұлғалардың тіршілік етуінің элементтеріне, құқықтық мəртебесінің табиғи іске асырылуына қауіп төндіретін, қолайсыз факторлардың əсер етуінің бар болуы.

Екіншіден, көмекке жүгінген жеке немесе заңды тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының қалыпты іске асырылуына қауіп төндіретін қалыптасқан даулы жағдайды түсінуге бағытталған заңгердің белсенді кəсіби қызметі.

Үшіншіден, заңи көмек көрсетуге арнайы келісім жасау қажет.

Төртіншіден, заңи көмекке мұқтаж адамның (талапкер, жауапкер, жəбірленуші, сезікті, айыпталушы жəне т.б.) көмек көрсету үшін қажетті ақпараттарды жеткізуге, құжаттарды, заттай жəне өзге де дəлелдемелерді беруге бағытталған өзі таңдаған заңгермен қарым-қатынас жасауы; кəсіби құпия заңгер мен заңи көмекті қажет ететін тұлғаның арасындағы сенімнің міндетті элементі секілді.

Бесіншіден, заңи көмек көрсететін заңгер басқа жеке жəне заңды тұлғалардан тəуелсіз жəне өзінің жеке мүдделерін тəуекелге қоя отырып əрекет етеді.

Алтыншыдан, көмек көрсету барысында заңгер заңи көмек көрсету үшін ерекше (көп жағдайда заңдармен реттелетін) құралдарды, амалдар мен тəсілдерді қолданады.

Жетіншіден, заңгер жағымды нəтиженің болуына кепіл бере алмайды.

Сегізіншіден, заңгер мен заңи көмекті қажет ететін тұлғаның арасындағы сенімнің міндетті элементі ретінде кəсіби құпияның болуы [3, с. 78].

«Заңи көмек» пен «құқықтық көмек» түсініктерінің айырмашылығын атап кеткен жөн болар. Біздің ойымызша, құқықтық көмек заңи көмек ұғымына қарағанда кеңірек болып келеді. Құқықтық көмек түсінігіне тұлғалардың əр түрлі əрекеттері ғана кіріп қоймай, оған белгілі бір құқықтық процедуралардың орындалуы да енеді. Мысалы, «құқықтық көмек» терминіне құжаттарды беру мен жіберу, процессуалдық əрекеттерді орындау, оның ішінде сараптама жүргізу, тараптарды, куəларды, сарапшыларды жəне т.б. тыңдау кіреді.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сəйкес азаматтық, отбасылық жəне қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек халықаралық шартқа қол қойған  тараптармен көрсетіледі. Мысалы, бұған 22 қаңтар 1993 жылғы азаматтық, отбасылық жəне қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек жəне құқықтық қатынастар туралы Конвенцияны жатқызуға болады. Бұл Конвенцияға сəйкес Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттер-мүшелері бір-біріне процессуалдық жəне өзге де əрекеттерді орындау арқылы, Келісетін Тараптың сұранысымен заңдармен көрсетілгендей құқықтық көмек көрсетеді, атап айтқанда: құжаттарды жасау жəне жіберу, тінту мен алуды жүргізу, заттай дəлелдемелерді қайта жіберу жəне беру, сараптама жүргізу, тараптардан, айыпталушылардан, куəлардан, сарапшылардан жауап алу, қылмыстық қудалауды қозғау, қылмыс жасаған тұлғаларды іздестіру жəне ұстап беру, азаматтық істер бойынша сот шешімдерін, азаматтық талап бөлігі бойынша үкімдерді, атқарушылық жазуларды, сонымен қатар құжаттарды тапсыру арқылы тану жəне орындау жəне т.б. [4].

Атап өткендей «құқықтық көмек» «заңи көмекке» қарағанда ауқымды ұғым болып табылады. Мұны мемлекеттердің халықаралық құқықтық қатынастарды қамтамасыз ету барысында өзара əрекет етулерінен байқауға болады.

Заңи көмектің заңи қызмет көрсетуден айырмашылығы бар. Заңи қызмет көрсетуге қарағанда заңи көмек пайда табуды көздемейді, өзінің табиғаты бойынша компенсациялық (яғни бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге бағытталған) сипатқа ие болып табылады жəне мемлекет пен азаматтың қатысуымен құқықтық дау-дамайларды əлеуметтік реттеу механизмінің бөлігін құрайды. Мысалы   ретінде   адвокаттардың   ҚР   премьер-министріне   жолдаған   ойларын   келтіруге болады.

«Предназначение  адвокатуры  –  содействие  осуществлению  правосудия, защита законных  прав и свобод граждан, юридических лиц, представительство их законных интересов в судах и в отношениях с третьими лицами… Адвокатская помощь является разновидностью гуманитарной (общественной) деятельности, реализует важную социальную миссию и никак не может отождествляться с коммерцией и предпринимательством» [5].

Аталғандардың негізінде «заңи көмек» көптеген құрамдас белгілері мен элементтер жиынтығы негізінде ашуды талап ететін күрделі ұғым екенімен келісу қажет.

Заң көмектің элементтеріне субъектілер, заңи көмектің заты немесе объектісі, тұлғалардың сапасы не əрекеті, мақсаты мен міндеттері жатады.

Заңи көмек үш түрлі субъектілерден тұрады. Бұл заң саласында əрекет ететін субъектілер. Сонымен қатар бұл заңи көмек көрсететін субъектілер (заңи көмек көрсететін субъектілер). Соңғы субъектілер – заңи көмек көрсетілетін тұлғалар (заңи көмек алуға құқықтың субъектілері).

Заңи көмек көрсететін субъектілер іске асырылуының нысаны мен тəртібіне байланысты болып табылады:

  • мемлекеттік билік органдары;
  • білікті заң көмегін көрсету жөнінде қызмет көрсететін заңды жəне жеке тұлғалар (заң фирмалары, жеке дара тəжірибеде жүрген заңгерлер);
  • білікті заң көмегін көрсетуді негізгі жəне түпкілікті қызмет түрінде жүзеге асыратын ұйымдар (адвокатура, нотариат);
  • халыққа тегін білікті заң көмегін көрсететін «заң клиникасын» құрған заң бағытындағы білім мекемелері.

Конституциялық құқықта заңи көмек алу құқығының субъектілері болып азамат, мемлекет, заңды тұлғалар табылады. Халық жəне əлеуметтік қауым бұл құқықтың субъектісі бола алмайды, себебі ол құқық жеке дара іске асырылады жəне ұжымдық құқықтың қатарына жатпайды, яғни тұлғаның жеке өзі іске асыра алмайтын, іске асырылуы тек белгілі бір ұжымының құрамында ғана жүргізіледі [6, с. 18].

Заңи көмектің затының ерекшеліктерін қарастырайық. Заңи көмектің заты туралы доктринаның дамуы келесідей көрініс тапты: алғашқыда заңи көмектің заты тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту үрдісінде туындайтын қатынастар танылды. Кейініректе қорғауға құқық кез келген заңды жауаптылықтың түріне тартылған тұлғаларға тарала бастады [7, с. 24].

О.Э. Лейст өз еңбегінде былай деп жазады: «обеспечение лицу, к которому применяется (или может быть применена) санкция, права на защиту - важнейший и общий принцип ответственности по советскому праву. Реализация этого принципа обеспечивается именно процессуальной формой самой ответственности» [8, с. 112].

Ғылыми ойдың келесі кезеңі заңи көмектің əрекет ету аясының тек қылмыстық жəне əкімшілік сот істерін жүргізуге таралуын көздеп қана қоймай, оны азаматтық сот ісін жүргізуге де таралуын көздеу болды. Мысалы, М.В. Баглай былай дейді: «Это право предполагает, что каждый, кто нуждается в квалифицированной юридической помощи, может получить ее, обратившись к адвокату. В Уголовном процессе адвокат выступает защитником подозреваемого, обвиняемого, подсудимого и осужденного, а в гражданском - представляет интересы истца, ответчика, третьего  лица. Юридическая помощь может оказываться также лицам, привлекаемым к административной ответственности» [9, с. 254].

Қазіргі кезде «заңи көмектің» заты болып құқықтық сипаттағы заңи қызмет көрсетіліп жатқан субъектіге көмек алу барысында туындайтын құқықтық қатынас табылады. Құқықтық сипаттағы қызметтерге мыналарды жатқызуға болады:

  • заңды жəне жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін қолданымдағы заңдарға негіздей отырып түсіндіру мəселелері бойынша ауызша жəне жазбаша түрде кеңес беру;
  • заңи маңызы бар əр түрлі құжаттарды, атап айтқанда, өтініштерді, арыздарды, ұсыныстарды əзірлеу жəне жасау;
  • конституциялық, азаматтық жəне əкімшілік сот ісін жүргізуде заңды жəне жеке тұлғалардың мүдделеріне өкілдік ету жəне қорғау;
  • арбитражды сот ісін жүргізуде жəне өзге де шаруашылық қызмет субъектілерінің дауларын шешу тəртібінде заңды жəне жеке тұлғалардың мүдделеріне өкілдік ету жəне қорғау;
  • қылмыстық сот ісі жүргізуде жəне əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды жəне жеке тұлғалардың мүдделеріне өкілдік ету жəне қорғау;
  • аралық сотта, халықаралық коммерциялық арбитражда жəне дауды шешетін өзге де органдарда заңды жəне жеке тұлғалардың мүдделеріне өкілдік ету жəне қорғау;
  • мемлекеттік билік органдарында, өзін-өзі басқару органдарында, қоғамдық ұйымдарда жəне өзге де ұйымдарда заңды жəне жеке тұлғалардың мүдделеріне өкілдік ету жəне қорғау;
  • мемлекеттік билік органдарына, өзін-өзі басқару органдарына сайлануға байланысты заңды жəне жеке тұлғалардың мүдделеріне өкілдік ету жəне қорғау;
  • мемлекеттік билік органдарында, сотта жəне шет елдердің құқық қорғаушы органдарында, шет мемлекеттің аумағында заңды жəне жеке тұлғалармен қатысты, халықаралық ұйымдарда жəне халықаралық сот органдарында, егер шет мемлекеттердің заңдарында, халықаралық ұйымдардың жəне халықаралық сот органдарының жарғылық құжаттарында немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе тұлғалардың мүдделеріне өкілдік ету жəне қорғау;
  • заңды жəне жеке тұлғаның кəсіпкерлік қызметін заңды қамтамасыз ету бойынша заңи маңызды процедураларды өткізу;
  • мəмілелердің барлық түрлерін заңға сəйкестендіруді қамтамасыз ету, оның ішінде меншік құқығының пайда болуы, өтуі жəне тоқтатылуымен байланысты, мүліктік жəне жеке мүліктік емес құқықтардың қорғалуымен байланысты мəмілелердің түрлерін қоса алғанда;
  • салықтық құқықтық қатынастарда өкіл ретінде қатысу.

Білікті заң көмегін алуға құқықты жүзеге асыру нысандары заңи көмектің түріне байланысты болып табылады:

  • заңды (адамның туылуына байланысты пайда болатын) жəне іс жүзіндегі (жеке əрекеттерді іске асыру арқылы) етіп бөлуге болатындай құқықты иелену;
  • құқықтық қатынасқа түспей-ақ жүзеге асыруға болатын құқықты пайдалану.

Заңды көмек алуға құқықтың негізгі қағидалары – заңдылық, əділеттілік, адамгершілік, жариялылығы, теңдік қағидасы, заңи көмектің біліктілік сипаты, əдептілік, жеткіліктілік болып табылады.

Сонымен, білікті заң көмегін алуға құқықты адвокаттың (қорғаушының) қатысуымен жүзеге асыру сот өндірісінің жарыссөз жəне тараптардың теңдігі негізінде жүзеге асырылуына, іс бойынша шындықты анықтауға, заңды, негізделген сот шешімін шығаруға ықпал етеді.

 

 

Әдебиеттер

  1. Миняйленко Н.Н. Право на юридическую помощь и механизм его обеспечения в современной России (теоретико-правовой аспект): автореф. дис... канд. юрид. наук. - СПб., 2000. – 30 с.
  1. Тыныбеков С.Т. Участие адвоката в обеспечении интересов личности: процессуальные проблемы // Вестник КазНУ. Серия юридическая. – 2002.- №4. – С. 89-92.
  2. Мельниченко Р.Г. Право на юридическую помощь: конституционные аспекты. – Волгоград,
  3. Конвенцию о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам от 22 января 1993 г. // Справочная правовая система «Параграф».
  1. Открытое письмо адвокатов премьер-министру РК. http://www.zakon.kz/our/news/news.asp?id-30200047
  2. Карманов А.Ф. Соглашение об оказании юридической помощи как форма реализации конституционного права на получение квалифицированной юридической помощи: автореф. дис. … канд.юрид.наук. – М., 2006. – 25 с.
  3. Стецовский Ю.И., Ларин А.М. Конституционный принцип обеспечения обвиняемому права на защиту. – М., 1988. – 234 с.
  4. Лейст О. Э. Санкции и ответственность по советскому праву. – М., 1981. – 435 с.
  5. Баглай М.В. Конституционное право Российской Федерации: учебник для юридических вузов и факультетов. – М., 1998. – 456 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.