Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанда зайырлы мемлекетті қалыптастырудағы діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы Жаңа заңның орны мен ролі

Қазақстан Республикасы тəуелсіздік алған жылдардан бастап өзін зайырлы мемлекет ретінде орнықтыруды негізгі ұстаным ретінде алға мақсат ретінде қойып келеді. Бұл Қазақстан Республикасының 30 тамыз 1995 жылы республикалық референдумда қабылданған Конституциясының 1-бабында зайырлы мемлекет ретіндегі негізгі ұстанымы бекітілген болатын [1, 6б]. Зайырлы мемлекетті орнықтыруды одан əрі дамыту үшін бұл конституциялық идея өзінің даму механизмдерін арнайы заңдарда бекіте түсуі қажет. Діни бостандық туралы соңғы жаңа заң қабылданғанға дейін Қазақстан Рсепубликасында 15 қаңтар 1992 жылы қабылданған «Діни сенім бостандық жəне діни бірлестіктер» туралы заң өзінің қызметін атқарып келді. Əрине, бұл заң қабылданған кезеңде қоғам өмірінде əл-ахуал бөлек болатын. Қазіргі кезеңде елімізде белең алып отырған діни экстремизм мəселесі бізге жаңа заңды қабылдауды алға тартқан болатын. Сондықтан да, 11 қазан 2001 жылы «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» жаңа заң өмірге келді. Жаңа заңда мемлекет пен діннің арасындағы байланыс мəселесі арнайы жеке-дара реттелуге түсетін болып белгіленді. Нақты айтатын болсақ заңның 3-бабында мемлекет пен діннің арасындағы қатынас мынандай талаптарға сəйкес өрбиді:

«1. Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген.

  1. Діни бірлестіктер жəне Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында тең.
  2. Ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді.
  3. Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру мен тəрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген жəне зайырлы сипатта болады.
  1. Заңды діни қызметке кедергі келтіруге, жеке тұлғалардың дінге көзқарасы себептері бойынша азаматтық құқықтарының бұзылуына немесе олардың діни сезімдерін қорлауға, қандай да бір дiндi ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіруге жол берілмейді.
  2. Əркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, оларды таратуға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға жəне миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы.

7.Ешкімнің     де     өз     діни     нанымдары     себептері     бойынша     Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ.

Діни қызметшілер, миссионерлер, діни бірлестіктердің басшылары немесе қатысушылары (мүшелері) болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары саяси өмiрге Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен бірдей тек өз атынан ғана қатыса алады.

  1. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сəйкес мемлекет:
  • Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның дінге жəне ұстанатын дініне өз көзқарасын айқындауына, ата-аналардың немесе балалардың өзге де заңды өкілдерінің балаларды өз нанымдарына сəйкес тəрбиелеуіне, мұндай тəрбиелеу баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндірген, оның құқықтарына қысым жасаған жəне жауапкершілігін шектеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына, егемендігіне жəне аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған жағдайларды қоспағанда, араласпайды;
  • діни бірлестіктерге мемлекеттік органдардың функцияларын орындауды жүктемейді;
  • егер дiни бiрлестiктердiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, дiни бiрлестiктердiң қызметіне араласпайды;
  • дiн ұстанатын жəне оны ұстанбайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арасында, сондай-ақ əртүрлі діни бiрлестiктер арасында өзара төзушілік пен құрметтеу қатынастарын орнатуға жəрдемдеседі.
    1. Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сəйкес діни бірлестіктер:
  • мемлекеттiк органдардың функцияларын орындамайды жəне олардың қызметіне араласпайды;
  • саяси партиялардың қызметіне қатыспайды, оларға қаржылық қолдау көрсетпейді, саяси қызметпен айналыспайды;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.
    1. Дiни негіздегі партиялардың қызметіне, мақсаттары мен іс-əрекеті мемлекетте бір дiннің үстемдігін орнықтыруға, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа үндеумен жəне өзге де құқыққа қарсы іс-əрекеттермен байланысты діни өшпендiлiктi немесе алауыздықты қоздыруға бағытталған діни бiрлестіктер құруға жəне олардың қызметiне тыйым салынады.
    2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тəртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне, сол сияқты Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дiнге көзқарасын айқындауда, діни бірлестіктердің қызметіне, дiни жораларға жəне (немесе) дiндi оқып-үйренуге қатысуына немесе қатыспауына қандай да бiр мəжбүрлеуге жол берiлмейдi.
    3. Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға зорлық-зомбылық көрсетумен немесе олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен не ерлі- зайыптылардың некесін бұзумен (отбасының бұзылуымен) немесе туыстық қарым-қатынастарды тоқтатумен, имандылыққа нұқсан келтірумен, адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзумен, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болумен жəне Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылықпен ұштасатын діни бірлестіктер қызметіне жол берілмейді.
    4. Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, оның ішінде қайырымдылық қызмет арқылы жəне (немесе) олардың діни бірлестіктерден шығуына кедергі келтіретін, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың материалдық немесе өзге де тəуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мəжбүрлеп тартатын діни бірлестіктердің қызметіне жол берілмейді.
    5. Діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) жəне дін ұстанушыларын діни бірлестіктің, оның басшылары мен басқа да қатысушыларының (мүшелерінің) пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліктен шығаруға мəжбүрлеуге жол берілмейді.
    6. Дінді жəне діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуға, олардың үздіксіз жұмыс істеуінің бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге əкеп соғатын шешімдерді қабылдауға жəне іс-əрекеттер жасауға жол берілмейді.
  1. Діни бірлестіктің басшысы кəмелетке толмағандардың ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде кəмелетке толмағандарды діни бірлестіктің қызметіне тартуға жəне (немесе) қатыстыруға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті» [2, 3-5 бб]. Осы уақытқа дейін көбінесе мемлекет дін ісіне араласпайды деген қағиданы сөзбе-сөз түсініп, дін мəселесін көзден таса қылып келдік. Ал уақыт шындығы мемлекеттің дін ісіне белгілі дəрежеде араласуын талап ететіндігін көрсетіп отыр. Сондықтан да қабылданған соңғы заң осы мақсаттарды басшылыққа алады. Соңғы заңға сəйкес уəкілетті органның дін мəселесіндегі құзыреті кеңейе түсті. Уəкілетті орган дін ісінде мынандай мəселелерді шешеді:

«1) дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыруға жəне iске асыруға қатысады;

  • Қазақстан Республикасының аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, діни білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеп, оған талдау жүргiзедi;
  • өз құзыретiне жататын мəселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасының діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар əзiрлейдi;
  • діни қызмет жəне дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл мəселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiредi;
  • дiнтану сараптамалары жəне діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтар тізімдеріне тексеру жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi;
  • жеке жəне заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының дiни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты өтініштерін қарайды;
  • шет мемлекеттердiң діни қызмет саласындағы уəкілетті органдарымен ынтымақтастықты ұйымдастырады жəне жүзеге асырады;
  • республика аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметіне, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауына келісім білдіреді;
  • осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады» [2, 5-6 бб]. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін елімізде діни бірлестіктерді миссонерлік ұйымдарды тіркеудің де талаптары қатаңдатылды. Аталған заңның 15-бабында мемлекеттік тіркеуден өту үшін мынандай талаптарды діни ұйымдар қанағаттандыру қажет:

«1. Дiни бiрлестiк оны мемлекеттік тіркеген сəттен бастап заңды тұлғаның құқық қабiлеттілігiне ие болады.

  1. Республикалық діни бiрлестiктердi жəне өңірлік діни бірлестіктерді мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Əдiлет министрлiгi жүзеге асырады.

Жергілікті діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді аумақтық əдiлет органдары жүзеге асырады.

  1. Діни бірлестікті құру туралы шешім қабылданған сəттен бастап екі ай мерзім ішінде тіркелу үшін тіркеуші органға өтініш беріледі. Өтінішке:
  • діни бірлестік басшысының қолы қойылған діни бірлестіктің жарғысы;
  • құрылтай жиналысының (съезінің, конференциясының) хаттамасы;
  • құрылатын діни бірлестіктің бастамашы азаматтарының тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша электрондық жəне қағаз жеткізгіштердегі тізімі;
  • дiни бiрлестiктiң орналасқан жерiн растайтын құжат;
  • діни ілімнің пайда болу тарихы мен негіздерін ашып көрсететін жəне осы ілімге сəйкес келетін діни қызмет туралы мəліметтер қамтылған діни баспа материалдары;
  • заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін алымдар төлемін растайтын құжат;
  • діни бірлестіктің басшысын сайлау туралы шешім не шетелдік діни орталық басшыны тағайындаған жағдайда, уəкілетті органмен келісілгенін растайтын құжат қоса беріледі.
  1. Өңірлік діни бірлестікті тіркеу кезінде тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша өңірлік діни бірлестіктерді құруға бастамашылық жасаған жергілікті діни бірлестіктердің əрқайсысының қатысушыларының тізімі, сондай-ақ олардың жергілікті діни бірлестіктері жарғыларының нотариат куəландырған көшірмелері қосымша табыс етіледі.
  2. Республикалық діни бірлестіктер мəртебесін растау үшін тіркелген күнінен бастап бір жыл өткенге дейін тіркеуді жүзеге асыратын органға олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) аумақтық əділет органдарында есептік тіркеуден өткенін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.
  1. Осы баптың 5-тармағының талаптарын орындамаған жағдайда, республикалық діни бірлестік Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен қайта ұйымдастырылуға немесе таратылуға жатады.
  2. Діни бірлестіктерді мемлекеттiк тіркеу жəне олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептiк тiркеу, діни бірлестіктерді қайта тiркеу, тiркеуден бас тарту осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тəртiппен жəне мерзiмде жүзеге асырылады.
  3. Мемлекеттік тіркеудің (қайта тіркеудің) мерзіміне дінтану сараптамасын жүргізу жəне діни бірлестікті құруға бастамашы азаматтар тізімінің осы Заңның талаптарына сəйкестігін тексеру үшін үзіліс жасалады.
  4. Тіркеуші орган мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) мерзіміне үзіліс жасау туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей уəкілетті органға дінтану сараптамасын жүргізу жəне діни бірлестіктер құруға бастамашы азаматтар тізімдерін тексеруді ұйымдастыру үшін қажетті құжаттардың көшірмелерін жібереді.
  5. Ұсынылған құжаттардың заңнамаға сəйкестігін тексерудің, жүргізілген дінтану сараптамасының, діни бірлестікті құруға бастамашы азаматтардың тізімін тексерудің нəтижелері бойынша діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу туралы немесе мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданады» [2, 10-11 бб].

Діни бостандық туралы елімізде қабылданған жаңа заң қазіргі кезеңде Қазақстанда орын алып отырған діни ахуалды терең байыптай отыра, қабылданған заң болып табылады. Бұл заңның негізгі мақсаты елімізде діни экстремизмді өршітпей шынайы, зайырлы мемлекеттілікті одан əрі дамыта түсуге ықпал ету.

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Жеті жарғы, 2007. – 136 б.
  2. Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының Заңы. – Алматы: Юрист, 2011. – 16 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.