Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мемлекеттілік ұғымының қалыптасуы мен дамуы

 Өркениет жағдайында қоғамды сипаттайтын маңызды ерекшелік – тəуелсіздікке деген ұмтылыс: біртіндеп нығаятын (үзілістермен, кейін қарай бұрылыстармен, қиыр жолдармен) жеке адамның автономиясы, жеке меншікке негізделген экономиканың тəуедсіздігін, жеке адамның қоғамды басқаруға қатысуы (түрлі формалардағы халықтық билеу).

Адамдардың тіршілік етуінің алғы шарты қауымдастық. Адамдар қауымға бірге отырып жаңа материалдық игіліктер жасайды, сол игіліктерді бөлісу, айырбастау, пайдалану үшін, тіршілікті торқыратпау үшін жан ұя құрып жəне топтарға бірігіп əрекеттер жасады. Адамдар қауымдастығы өзінің белгілі бір даму кезеніңде өз қауымдастарының жеке бастарымен жан-ұя мүшелерінің мүддесін қорғап, тыныштығын қамтамасыз ету үшін саяси күшті қамтамасыз етті. Мұндай күш ретінде өмірге мемлекет келді. Мемлекет өзінің мүддесі мен функцияларын толығымен анықтаған кезде, цивилизация талаптарына сəйкес, демократия жағдайында дамиды.

Адамзат əлемінің пайда болу кезеңінен бастап бастау алатын қоғамдық өмірдің түп тамырының құқық идеясының қалыптасуы белгілі. Ежелгі ескерткіш жазбаларында орын алған алғашқы қауымдық құрылыстағы меншіктік жəне əлеуметтік теңсіздік кейін келе қоғамдық қатынастарды орнықтыру мақсатында нормативті-билікті қажеттілікті мойындаттырды. Бұл пікір алғашқы қауымдық биліктен мемлекеттік билікке, оның қалыптасуы заңды-заңи реформаларға, мемлекеттік басқару механизмнің құқықтық реттелуін қажет етті.

Мемлекет экономикалық жəне рухани факторларын негізінде елдегі ұйымдастықты қамтамасыз ететін біртұтас билік ету ұйымына айнала отырып, адамзатқа цивилизацияның негізгі жемістері – халықтың билікті, экономикалық тəуелсіздікті, жеке бастың бостандығын береді. Сондықтан, мемлекетте  оның  институттарының  толық  комплексі  жетілдіріліп,  оның  потенциалы цивилизация жəне мəдениет құбылысы ретінде анықталады. Бұл жағдайлар мемлекетті дамыған саяси құрылым ретінде қарастаруға мумкіндік береді.

Мемлекет институттарының бүкіл кешенін демократиялық қоғамда жетілдіру саяси биліктің үстемдік етуіне жол бермейді жəне оның теріс дамуын шектейді немесе мүлде жояды. Қоғамның тіршілік етуі негізі экономиканың жəне рухани факторлармен анықталады, яғни, оның табиғи дұрыс дамуы қамтамасыз етіледі. Мемлекеттің пайда болуы адамзат қоғамының өркениетінен енгенін, яғни, оның өз негізінде дамитын, өзін-өзі реттейтін жүйе қасиеттеріне ие болғанын көрсетеді. Мемлекет белгілі бір территория шеңберінде халықты көндіру басымдылығына ие, ол бүкіл қоғам атынан ішкі жəне сыртқы саясатты жүргізіп отыру құқығына ие, барлық жұртқа міндетті зандар мен ережелер шығарудың ерекше құқығынан ие, салық салып отыру құқығына ие.

Қазіргі кезең – аса ірі тарихи өзгерістер заманы. Қазақстан Республикасының халықтары тарихи дамуының жаңа серпінінде өркениетті демократиялық қоғамды бірден таңдап алды. Ел Призеденті Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында “Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономикасымен демократияны көптігін өзгеде жас тəуелсіз мемлекеттер осы тəрізді жолды басынан кешіпте үлгерген уақытта құру үстіндеміз”.[1]

Қазіргі жағдайда мемлекет туралы əлеуметтік тұжырым, əсіресе жаңа ғылыми жəне оқу пəні – аяси ғылым пайда болғаннан жəне қабылданғаннан соң ғылымда тұтастай үстемдік  орын  ала бастады. Мемлекетке анықтама берудің заңдылық – экономикалық көзқарасы шет ел ғылымында жиі ұшырасады. Онда заңды түрде ұйымдасуына жəне бірлескен орталықтандырылған экономикалық қызметінің қажеттілігіне баса назар аударылады. Шет ел ғылымында мемлеклеттің басқа да анықтамалары толып жатыр, олар оның əр қырына назар аударады. Соңғы кезде мемлекетке кибернетикалық тұрғыда сипаттама беру байқалады. Оны жақтаушылар мемлекетті тікелей жəне кері байланысты ақпаратқа таңылған жүйе ретінде қарастырады: “ақпараттар”, “мемлекеттік рецепторға” енгізілуге , содан соң одан беделді шешімдер шығаруға тиіс. Оларды халық əрқалай қабылдайды, ол жөнінде ақпараттар рецепторға қайта келіп түседі, содан соң үздіксіз жаңа цикл, т.т. басталады дейді. [2]

Мемлекет туралы айтылғандарды зерделейтін болсақ – мемлекет белгілі бір ұйым, ол билік өкілеттігіне ие, оның мамандандырылған агенттіктер мен ведомствалардан тұратын аппараты болады деген пікірді білдіреді. Қорыта айтсақ, мемлекет – қоғамдағы бірден бір əмбебап ұйым, ол əкімшілік – аумақтық бөліністерге сəйкес елдің барлық халқын қамтиды. Мемлекетке қысқа, əрі жан-жақты анықтама беру мүмкін емес, ол - өте күрделі, көп қырлы құбылыс. Қазіргі мемлекет – қоғамдағы əмбебап саяси ұйым, əлеуметтік кереғарлыққа сүйенген жəне “ортақ істерді” орындау қажеттігінен туған ұйым. Оның ерекше жария билігі жəне қоғамды басқаратын мамандандырылған аппараты болады. Ол ең алдымен экономикалық, саяси жəне идеологиялық жағынан үстем əлеуметтік топтың мүдделерін білдіреді жəне белгілі бір дəрежеде қоғамның əралуан топтары арасында төрелік қызметті орындайды. Бұл ұйым, ең алдымен, халықты əкімшілік-аумақтық бөліністерге бөлу мен азаматтық институт негізінде құрылады.

Қоғамның тарихи дамуының əрбір маңызды кезеңінің өзіндік саяси-құқықтық мекемелері, оны теориялық тұрғыда түсіндірудің ұғымдары мен тəсілдері болған. Сондықтан тарихи кезеңдегі мемлекет пен құқық теоретиктерінің арасында мемлекеттік мекемелердің ерекшеліктерімен жəне сəйкес тарихи тип пен түрдің құқықтық принциптеріне байланысты əр түрлі саяси-құқықтық мəселелер өзекті болды. Мəселен, Ежелгі Грецияның құлиеленуші мемлекеттерінде басты көңіл мемлекет құрылымына, саяси қайраткерлікке араласуға мүмкіндік берілген жеке тұлғалар мəселелеріне, құл иеленушілердің үстемдігін бекітудің мемлекеттік-құқықтық тəсілдеріне аударылды.[3]

Сонымен, мемлекеттілік кезеңге дейінгі əлеуметтік билік тікелей түрде қоғамдық болған, оның құрылуы алғашқы қауымдылық демократияға,өзін өзі басқаруға негізделген-тін, оның ықпалы тек ру (қауым) тегіне ғана таралатын да сол рудың (қауымның) ырқын (ерік-жігерін) білдіретін, қандас туыстардың өзара қатыстылықтарына негізделетін,мұнда қауымның жиналысы биліктің  органы ретіде іс атқаратын,ру ағалары алғашында ешқандай жеңілдіктерге ие болған деп тұжырым жасауға болады.Ф.Энгельс алғашқы қауымдық құрылысты “алғашқы қауыдық каммунизм”, “адамзаттың алтын ғасыры” деп атаған.

Алғашқы қауымдық кезеңде қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу, рулар мен тайпалардың əлеуметтік –экономикалық бірлігін білдіріп жəне оны қамтамасыз етіп отырған адамдардың тіршілік етүу əрекеттерінің өзінде болатын. Мұның өзі еңбек құралдарының жетілдірілмеген қарапайымдылығымен, еңбек өнімділігінің мардымсыздығына байланысты еді. Осыдан барып бірлесіп тұру еңбек құралдары қоғамдық меншіктің болуын жəне өндірілген қоректік өнімдерді теңдей  етіп бөлу  қажеттілігін туындатады. Ал мұның өзі алғашқы қауымдық қоғам    нормаларыныңтабиғи болмысына əжептəуір ықпалын тигізді.

Қоғам даму нəтижесі ретінде пайда болған мемлекет пен мемлекеттік билік жəне оның өзіне тікелей қатысты басқа да мəселелер қай уақытта болмасын қалыс болып қалған емес. Қазіргі дамыған өркениетті қоғамдарда да осы мəселе əлі маңызын жойған жақ. Билікке байланысты халықтың бір тобының байып, екінші тобының əлеуметтік жағдайының төмен болуы жылдан жылға айқындала түсуде. Осыдан тарихтағы елдердің билік тəжірибиесіне қайта қайырылып соғудың қажеттігі байқалады. Мемлекетті нығайту – ондағы халықтардың əл-ауқатын жақсарту деген сөз.

Мемлекеттердегі билік тəжірибиесіне ынта қою заман талабы. Бұл тəжірибиелерді қарастырып ғана қоймай, мемлекеттанудың қазіргі танымдарымен əдіс-амалдарын зерттеу қажеттілігі пайда болды. Бізге қажеттілік мүмкіндіктерді дұрыс пайдалану үшін мемлекет үлгілері мен институтарының артықшылықтарын немесе кемшіліктерін біліп, жете зерделеу қажет.

 

 

Әдебиеттер

  1. “Қазақстан - 2030” ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы // “Ақиқат” журналы. №12. 1997. 4-25 б.
  2. Мазутова Н.М., Малько А.В. Теория Государства и права, Курс лекций, М.,
  3. Саяси-құқықтық ілімдер тарихы : оқулық / М. Мұхамедов, Б.Сатершинов, Б. Сырымбетұлы. – Алматы: Заң əдебиеті, 2007.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.