Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан халқының заң шығару қызметіне қатысуының конституциялық-құқықтық негіздері

Қазақстанда заң шығару қызметін жүзеге асыруда Парламенттің негізгі буын ретінде анықталатынына, тиісіше заңдар шығаруда негізгі үлес Парламентке тиесілі болып табылатынына қарамастан, теориялық тұрғыда Қазақстан халқы басты заң шығарушы мəртебесін иеленеді.

Қазақстан халқы – басты, негізгі заң шығарушы субъект болып табылады. Ол халықтың мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып табылатындығы туралы конституциялық мəртебесінен туындайды. Конституцияға сəйкес Қазақстан халқы – мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы. Халық билікті тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ өзіне тəн билікті жүзеге асыруды белгілі бір субъектілерге береді /1/.

Республика заңнамасын саралау Қазақстан Республикасында заң шығарудың бірнеше жолының реттелгенін көрсетеді: Парламенттің заң шығармашылығы, өкілеттік беру жағдайында Президенттің заң шығармашылығы жəне республика халқының заң шығармашылығы. Заң шығарудың қай жолы болмасын ол халықтың араласуымен жүзеге асырылады. Халықтың заң шығару қызметін жүзеге асыруға қатысуы екі нысанда жүргізіледі: тікелей жəне жанама. Халықтың жанама түрде заң шығару қызметіне қатысуы ҚР Парламентінің жəне Президентінің заң шығаруында байқалады.

Қазақстан Республикасы Президенті де, Парламент депутаттары да халық өкілдері, халық қалаулылары. Олар бүкілхалықтық сайлау арқылы сайланады. Парламент депутаттары мен Президенттің халықпен сайлануы, олардың тиісті лауазымға ие болу үшін сайлау барысында халыққа уəде беріп, сеніміне кіріп, моральдық тұрғыда аманат алуы оларды «халық өкілдігі» институтымен байланыстырады.

Конституцияға сəйкес Республика Президенті жəне Республика Парламенті халық атынан билік жүргізуге құқылы. Парламент Конституцияның 3 бабында белгіленгендей өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде халық атынан билік жүргізеді. Президенттің халық атынан өкілдік етуінде мұндай шектеме жоқ, яғни Республика Президенті халық атынан шектеусіз өкілдік ететін бірден-бір тұлға болып табылады. Президенттің де, Парламенттің де халық атынан өкілдік етуінің – билік жүргізуінің бір нысаны – олардың заң шығару қызметін жүзеге асыруы.

Парламент – негізгі халық өкілдігі институты. Тиісінше, Парламент – халықтың егемен еркін танытатын, аса маңызды қоғамдық қатынастарды негізінен заң күшімен реттейтін, атқарушы өкімет пен жоғары лауазымды тұлғалар қызметіне бақылау жасайтын халық өкілдігінің ең жоғарғы органы /2/. ҚР Конституциясының 49 бабының 1 тарауына сəйкес ҚР Парламенті заң  шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган. Халықпен тікелей жəне жанама құрылатын ҚР Парламенті бүкіл халықтың атынан өкілдік етеді, барлық халықтың біртұтастығын білдіреді жəне азаматтардың билікті жүзеге асыруының негізгі нысаны болып табылады. Ол Республика халқының, яғни мемлекеттегі барлық азаматтардың мақсат-мүдделері мен еркін білдіруші ретінде қарастырылады.

ҚР Парламенті - бүкілхалықтық орган. Сондықтан да, оған барша халықтың, мемлекеттің атынан өкілдік ету мəртебесі берілген. Қазақстан Республикасы азаматтарымен құрылатын Парламенттің негізгі, басты мақсаты - міндеті заңдарда халық мүддесін бейнелеу, ерік-жігерін заңи рəсімдеу болып табылады. Парламенттің негізгі мақсаты оның қызметінің бағыттарын анықтайды. Тиісінше, Парламенттің қызметінің негізгі бағыты болып тұрғылықты халықтың ерік-жігерін, мүдделерін тану, зерттеу жəне оларды заңдарда бейнелеу, өз депутаттары арқылы халықтың мемлекетпен тікелей, тұрақты байланысын қамтамасыз ету табылады. Парламент заңдар жəне өзге актілер шығару арқылы халықтың еркін білдіріп отырады. Оның халық өкілдігі деп аталуының мəні де осында. Парламенттің мүшесі ретінде депутаттар үшін ең бастысы - бүкіл халықтың еркін білдіре отырып, азаматтардың мүдделерін қанағаттандыру туралы қамқорлық жасау /3/.

ҚР Парламентінің заңдар шығаруы халықтың заң шығармашылығының (жанама түрде) күнделікті қолданылатын жолы. Бүгінде Парламент заң шығару қызметімен айналысатын бірден-бір орган емес, себебі Конституцияда белгіленген жағдайда заң шығару қызметі ҚР Президенті тарапынан да жүзеге асырылуы мүмкін. Конституцияның 53 бабының 4 тармағына сəйкес палаталардың бірлескен отырысында Парламент Президентке оның бастамасы бойынша əр палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы. Заң шығару өкілеттігін беру институты 1995 жылғы ҚР Конституциясында бірінші рет бекітілді. Осылайша, бұл Конституция Республика халқының жанама түрде заң шығару қызметін жүзеге асыру нысанының шегін толықтырды.

Конституцияның 3 бабына сəйкес Республика Президенті халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге құқылы. Тиісінше, ол өзінің өкілеттіктерін халық пен мемлекет атынан жүзеге асырады. Мемлекет атынан билік етуі Президенттің мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайтын, ел ішінде жəне халықаралық  қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға болып табылатындығымен байланысты. Президенттің халық атынан билік етуі оның біртұтас ұлттық округ бойынша жалпыға бірдей, тікелей жəне тең сайлау негізінде Қазақстан азаматтарымен сайлануымен түсіндіріледі. Бүкілхалықтық сайлауда сайланған ҚР Президенті Қазақстан халқына адал қызмет етуге ... ант етіп барып президенттік қызметіне кіріседі. Президенттің бүкілхалықтық сайлауда сайланып, халыққа ант беріп барып қызметіне кірісуі оның халық атынан өкілдік етуінің негізі болып табылады.

Қазақстан халқы еркін сайлау арқылы болашақ Президентті таңдап, басым  көпшіліктің қолдауына ие болған тұлғаға өзінің билігін жүзеге асыруды жүктейді. Конституцияда жəне конституциялық заңдарда бекітілген Президенттің өкілеттіктері оның халықпен жүктелген, халықтан алған билікті (халық билігін) жүзеге асыруына арналған құралдар болып табылады. Оның бірі – Президенттің заңдар шығаруы. Республика Президентінің бұл өкілеттікті жүзеге асыруы – оның халық атынан өкілдік етуінің «қосарланған» көрінісі болып табылады. Себебі, ол  «қосарлас» өкілеттік беру негізінде мүмкін болады. Президент өз өкілеттігін халықтан ала отырып, сол арқылы бүкілхалық атынан өкілдік ету құқығын иелене отырып ол бұл өкілеттікті халық өкілдігінің келесі бір институты – Парламенттен алады, яғни халықтың билігі (заң шығару) Парламенттен Президентке өтеді. Президенттің өкілеттік беру негізінде заң шығару қызметін жүзеге асыруы оның халық алдындағы жауапкершілігін еселей түседі. Өйткені, өкілеттік беру негізінде Президенттің заңдар шығаруы Президенттің тұлғасында халық атынан өкілдік етудің бір мезетте екі арнасының көрініс табуын байқатады.

Президенттің заңдар шығаруы институты халық өкілдерінен құралатын Парламенттің де жауаптылығын еселей түседі. Халықпен қаланып, халықтың сенімінің негізінде құрылған бұл орган халықтан алған билікті (заң шығаруды) өзге тұлғаға тапсырады. Тиісінше халық берген биліктің үшінші жақпен жүзеге асырылу нəтижесі үшін Парламент жанама түрде халық алдында, мемлекет алдында моральдық жауаптылықта болады.

Өкілеттік беру институты орын алған біраз шет елдерде заң шығару өкілеттігі біздің мемлекетіміздегідей Президентке емес Үкіметке беріледі. Президенттің халықпен тікелей сайлау арқылы құрылуы оның халықтың өкілі болып табылатындығын білдіреді. Олай болса, халықтан алған билікті (заң шығаруды) Үкіметтің емес, халықтың келесі бір өкілінің - Республика Президентінің жүзеге асыруы «халық өкілдігі» институтының мəніне сай келеді, халық өкілдігін қуаттай түседі.

Атап кеткеніміздей, Парламент жəне Президенттің заңдар шығаруы кезінде халық жанама түрде заң шығарушы субъект ретінде болады. Халық тікелей заң шығарушы ретіндегі рөлін республикалық референдум арқылы заң шығаруда жүзеге асырады. Референдум арқылы заң шығару əлем мемлекеттерінде өте сирек кездесетініне қарамастан, халықтың заңдар шығаруының бұл əдісі өте маңызды, мəнді мəселе, кез-келген мемлекеттің демократиялық сипатының шынайы көрінісі.

Референдум - бұл тікелей халық билігінің ең бір ықпалды жəне көрнекті нысанының бірі. Бұл мемлекеттік өмірдің белгілі бір мəселелерін халықтың тікелей шешуін, халықтың еркін анықтау мен заңи рəсімдеуді қамтамасыз етеді /4. С.185-186/. Ол - халықтың қандай да бір  мəселені тікелей ақырғы шешуі болып табылады.

Қазақстан  Республикасының  тəуелсіздігі  тарихында  референдум  туралы  екі  заң  қабылданды.

25.03.95 ж. “Республикалық референдум туралы” ҚР Президентінің конституциялық заң күші бар жарлығына сəйкес “Республикалық референдум - ҚР мемлекеттік өмірінің неғұрлым маңызды мəселелеріне арналған заңдар мен шешімдердің жобасы бойынша бүкілхалықтық дауыс беру” /5/.

1995 жылғы конституциялық заң референдум ұғымын толықтырды, яғни референдум - бұл аталғандай тек мемлекет өмірінің неғұрлым маңызды мəселелері бойынша заңдар мен шешімдердің жобалары бойынша жай ғана дауыс беру емес, ең негізгісі, Қазақстан Республикасы  Конституциясының, конституциялық заң дарының, заңдарының жəне мемлекет өмірінің өзге де неғұрлым маңызды мəселелеріне арналған шешімдердің жобалары бойынша бүкілхалықтық дауыс беру /6. 1 бап/.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-ші бабының 2 тармағында мемлекет өмірінің аса маңызды мəселелерін демократиялық əдістермен, оның ішінде республикалық референдум арқылы шешу Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі ретінде бекітілген. Келесі бір нормасында (3 бапта) референдум халықтың тікелей билікті жүзеге асыруының нысандарының бірі ретінде анықталды. “Республикалық референдум туралы” конституциялық заң конституциялық ережелерді дамыта əрі нақтылай отырып Республика азаматтарын (референдумға қатысу  құқығына ие кемінде 200 мың Республика азаматтарын) референдум тағайындауға бастамашылық білдіру құқығымен иелендірді. Республика азаматтарына тиісті бастама білдіру құқын бекітіп беру Қазақстанның демократиялануының маңызды бір сəті болып табылады. Референдум мəселесінің аталғандай шешілуі, бекітілуі халықтың қоғамда алатын орнының өскендігін, əрбір жеке адамдардың мемлекет ісіне шынайы қатысатындығын көрсетеді. Ал, мұндай мəртебеге ие болу əрине біздің мемлекетімізде демократияның дамуының, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бағалы қазына ретінде танылуының нəтижесінде мүмкін болды.

Атап кеткеніміздей, Республика азаматтары заң шығарудың бір жолы ретінде референдумның өткізілуіне, яғни қандай-да бір заң жобасы бойынша референдумның  тағайындалуына бастамашылық білдіре алады. Республика азаматтарының мұндай бастама əрекеттері жанама түрде Парламенттің де заң шығармашылығына бастама болуы мүмкін. Нақты айтсақ, Президент референдум тағайындау жөніндегі кез-келген бастама бойынша референдум өткізбей-ақ заңдарды қабылдау қажеттігін тануы мүмкін. Егер Президент халықтың бастамасымен енгізілген заңдар жобасын Парламенттің қарауына беруді шешсе, ол республикалық референдумға шығарылмайды. Мұндай жағдайда Республика азаматтары тиісті заңды Парламентте қабылдаудың бастамашысы ретінде болады. Яғни, бұл көріністен азаматтарды жанама түрде заң шығару бастамашылығы құқын жүзеге асыру мүмкіндігін байқауға болады.

Тəуелсіз Қазақстан тарихында республикалық референдум тек екі рет өткізілді. Алғашқысы Республика Президентінің өкілеттік мерзімін созуға қатысты болса, екіншісі Республика халқының заң шығармашылығын жүзеге асыруы болып табылды. Нақты айтсақ, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан халқы референдумда Республиканың ұйымдастырылуы мен қызметінің негіздерін, адамның қоғамда алатын рөлін айқындаған ережелерден тұратын негізгі заң – Конституцияны қабылдады. Халықтың тікелей заң шығармашылығының нəтижесі болған бұл Негізгі құжатта республика Халқының еркі түзіліп, мақсаты бейнеленді.

Тəуелсіз Қазақстан тарихында халықтың заң шығармашылығының бұл нысанының сирек өткізілуі оның факультативтік сипатына байланысты. Факультативтік референдум - бұл белгілі бір мəселе бойынша, нақты жағдайда заң шығаруға байланысты референдум өткізуге немесе өткізбей-ақ оны шешуге болатын референдум. Мұндай референдумды өткізу оны тағайындауға құзіретті тұлғаның қалауына байланысты. Факультативтік заң шығару референдумы Конституциямен заң шығару процесі үшін айрықша процедура ретінде қаралады. Демек, айрықша процедура тек айрықша жағдайда ғана қолданылады. Референдум арқылы халықтың заң шығарушылық еркі басқа еріктен өгеше. Заңдар қабылдау жөніндегі халықтың еркіне ешкім өз еркін байламауы керек. Тиісті ерік халықтың белгілі бір мəселені өзі жете түсінуі, ұғынуы нəтижесінде қалыптасуы шарт. Ал, тиісті заң жобасы бойынша халықтың дұрыс, оң көзқарасын қалыптастыруы үшін референдумға шығарылатын заң жобасы қарапайым халықтың ұғынуы үшін толығымен түсінікті болуы тиіс. Сонымен қоса, референдумға дейін бұл заң жобасы оны қабылдаған жағдайда орын алуы мүмкін нəтижелері көрсетіле отырып бұқаралық ақпарат құралдары арқылы анық нақты түсіндірілуі тиіс. Тек осы жағдайлардан кейін ғана заң жобасы халықтың дауыс беруіне, талқысына қойылған жөн.

Заң қабылдау жөніндегі референдум - бұл халықтың бір бөлігінің емес, заң жобасы бойынша бүкілхалықтың дауыс беруі. Референдумда заң қабылдау - бұл халықтың өкілдерінің емес, тікелей халықтың жеке өзінің ерік білдіруі. Халықтың шешімін мойындайтын, оны бағалы қазына ретінде танитын шынайы демократиялық мемлекетте халықтың еркі əрқашанда басым жəне жоғары болады. Сол себепті де, референдум жолымен қабылданған заңдардың бүкіл Республика аумағында міндетті күші бар жəне мұндай жолмен қабылданған заң басқа заңдарға қарағанда Президенттің немесе мемлекеттік өкімет органдарының қандай да бір қуаттауын қажет етпейді. Сондай-ақ референдум қабылдаған шешім мен Республика Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының жəне өзге де нормативтік құқықтық актілерінің арасында сəйкессіздіктер болса, онда бұл сəйкессіздіктер Конституцияны, конституциялық заңдарды, заңдар мен өзге де нормативтік актілерді референдум қабылдаған шешімге сəйкес келтіру арқылы жойылады /6, 35 бап 2 тарм./.

Референдумда халық тікелей заң шығарушы ретінде болады. Референдум тікелей халықтың заң қабылдауы арқылы тек Қазақстан Республикасының құқықтық базасының қатарын толықтырып қана қоймай, ол азаматтардың құқықтық санасының, құқықтық мəдениетінің өсуіне көмектеседі, мемлекеттік өкілді органдардың қызметінің жоғарылауына себепші болады. Сондай-ақ референдум арқылы азаматтардың мемлекет ісіне араласуы өсіп, өмірдің барлық салаларына ықпалы мен əсері күшейеді.

Атап кеткеніміздей, тəуелсіз Қазақстанның қысқа ғана тарихында екі рет референдум өткізілді. Оны өткізу барысында кемшіліктердің болғаны да мəлім. Кемшіліксіз ештеңе болмайды, дамымайды. “Көш жүре түзеледі” дегендей Қазақстан Республикасында өткізілген бұл референдум тікелей демократияның тиісті нысанының елімізде дамуының, қалыптасуының тек алғашқы сатысы ғана. Демократиялық мемлекет деп жарияланған Қазақстан Республикасында “кемшіліктері бар референдумда демократиялық потенциал негізін салған” /7/. Сондықтан да белгілі бір кемістіктерге қарамастан, заң шығармашылығының бұл жолы біздің қоғамымызда дамиды жəне жетіле береді.

Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы ретінде тікелей жəне өз  өкілдері арқылы ҚР Конституциясын, конституциялық заңдар мен заңдарды қабылдап, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып Республикамыздың заң шығармашылық қызметіне қатысады.

 

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж., Алматы, Юрист,
  2. Саяси түсіндірме сөздік Алматы, 2007ж.
  3. Ө.Байгелді. Ата за” - арайлы болашақ кепілі // Егемен Қазақстан. 08.96
  4. Коток В.Ф. Референдум в системе социалистической демократии. М., Наука, 1964 г.
  5. «Республикалық референдум туралы» ҚР Президентінің конституциялық заң күші бар жарлығы. 03.1995 //Халық Кеңесі. 31.03.1995
  6. «Республикалық референдум туралы» 02.11.1995 жылғы ҚР конституциялық заңы. Егемен Қазақстан, 11.1995
  7. М.Марченко. Референдум – это мы. // Комсомольская правда. 06.1989

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.